Кәсіпкер мен коммерсанттың этикеті


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

4. лекция.

Кәсіпкер мен коммерсанттың этикеті

Жоспар:

1. Істік адамның этикеті

2. Визитка және оның коммерциялық қызметтегі пайдалылығы

3. Істік протокол және оның келіссөз жүргізудегі маңызы

4. 1. Істік адамның этикеті

Кезкелген коммерсант істік адамның тиісті, этикетіне, тәжірибелі аса мамандық тәртіптілігін игеріп алуы керек.

Істік адамның этикеті ол:

Таныстыру және танысып алу ережесі;

Істік келіссөзді жүргізу ережесі;

Істік хат жаза білу және телефонмен сөйлесу ережесі;

Істік киіміне, өзін ұстай білу, сыртқы түріне талап;

Айтылатын сөздерге талап;

Істік протоколды біліп алу және тағы басқалары.

Таныстыру және танысып алу ережесі. Өзіңіздің сөйлесіп тұрған кісіңізбен бірінші амандасуыңыз керек, ол кісімен сөйлесер алдында ол кісінің атын және әкесінің атын айтып сөйлескен дұрыстау болады

( Американдық манерамен тек қана атын айтып сөйлескен және қысқартылған вариантпен дұрыс деп табылмайды, себебі ол оларға еліктеушілікті куәлендіреді) . Біздің елімізде қабылданған дәстүр бойынша адамдарды аты және әкесінің атын атап сыпайы сөйлескен дұрыс. Аты бойынша олар қарсы болмаса тек жасөспірімдермен сөйлесуге ғана болады.

Тек фамилиясын ғана айтып сөлесуге болады, бірақ міндетті түрде «мырза» немесе «жолдас» деген сөзді қосып сөйлесу керек ( жасанды түрде « жолдас» деген сөзді кемітіп, «мырза» деген сөзді жоғарылатуға тырыспаңыз - ол айтып отырған адамның мәдениеттілігінің нашарлығы туралы куәландырады.

Істік жағдайда сөйлескенде тек «сіз» деп сөйлесу керек. Таныс емес адамдармен кездескен кезде өзіңізді өзіңіз таныстырыңыз немесе сізді тікелей. кездестіріп отырған адам арқылы. Еркек өзін әйелге әр уақытта, бірінші болып таныстырады, ал жасы кіші адамдар әр уақытта жасы үлкен кісілерге өзін бірінші болып таныстырады, үлкен кісінің, жас кісіге бірінші болып өзін таныстырғаны дұрыс емес.

Істік сөзді жүргізудің ережесі . Қысқаша және сол сөз көлемінде айтып отырыңыз ( қазақстандықта сөйлесуді жақсы көреді және көпшілік жағдайда өзінің ойын түсініксіз айтады - ол істік адамдарды түршіктіреді) ;

- «мен» деген сөзді абайлап сөйлеңіз;

- тек нақты сөзге сүйеніңіз, ал өсекке көңіл аудармаңыз;

- кішігірім болмаған сөздерге уақытыңызды құртпаңыз;

- ғибараттылықтан аулақ болыңыз;

- Қиын сұрақтарды реттеу жолын іздеңіз, ал оның шиеленісуінен аулақ болыңыз;

- Дені дұрыс емес партнерлермен кездескен кезде анжалды жағдайлардан аулақ болыңыз.

Істік хат жазу және телефонмен сөйлесу ережесі. Істік хат қысқаша және түсінікті болу керек. Қандайда бір болмасын хатты « құрметті», ал егерде кәсіпкерлік дос болған жағдайда « қымбатты» деп бастаған жөн. Одан кейін атын және әкесінің атын немесе фамилиясы ( жолдас, әріптес, фамилиясының алдында мырза) болуы керек. Жалпы белгілі «тілеуің болсын» «құрметті болыңыз», «мейірімді болыңыз», « алдын ала құрметтеймін», «силаулықпен», « көріскенше сау болыңыз», «ендігі кездескенше» дегендерді ұмытып кетпеңіз ( силасудың ақырғы формасы) .

Конверттегі істік хаттарды 2- реттен артық ( ішіне қарап) буктеп салуға болмайды. Өте маңызды хаттарды бүктемей үлкен конверттерге салып жөнелткен дұрыс. Келіп түскен хатқа 5 күнен кешікпей жауап беру керек. Келіп түскен хатқа уақытында жауап бере алмасаңыз кешірім сұраңыз және нақтылы жауап береалмағаныңыз туралы жазып түсіндіріңіз ( хат ұқыпты жайғастырылған болуы керек) .

Жұмыс орнында телефон бойынша сөйлесу қысқаша, әдепті, тек жұмысқа ғана байланысты болуы керек, артық сөз болмау керек.

Телефон бойынша өзіңізді таныстырған кезде тек фамилияны атап қоймай сонымен қатар атыңызды және әкеңіздің атында түсінікті атап айту керек. «Тілеуің болсын» немесе «мейрімді болыңыз» сөзді пайдалана отырып өзіңізге керекті адамды шақырыңыз.

Білу керек, сіздің коммерцилық фирмаңыз туралы бірінші ой сезім сіз телефон соққан жақ қалай сіздің соққан телефоныңызға жауап беруінен ақ түсінуге болады.

Телефон бойынша сөйлескен дауыс фирма туралы ой сезімді жасау немесе бұзуы мүкін, ол жерде міндетті түрде «қайырлы таң» немесе «қайырлы күн» деп қосып айту керек.

Есіңізде болсын: егерде телефондағы сөз кенеттен үзіліп қалса, телефон соққан адам қайталап телефон соғады. Басқа адамдар қатысып отырған кезде өзіңіздің жеке сөздеріңізді жүргізбеңіз.

4. 2. Визитка және оның коммерциялық қызметтегі пайдалылғы .

Тәжірибеде бүгінгі күндері кең түрде визитка беру іске асырылып жатыр. Ол адамның басқа кісімен сөлескендегі кейбір түсінбеушіліктерден аулақ етеді. Кімге де болсын визитканы бере отырып сіз келешекте визитка берген адамыңызбен және жеке істік контакттыда болуға тырысуыңызды көрсетесіз. Визитка ақ немесе ептеп түрлі түсті қағазда типографиялық әдіспен фамилиясы аты әкесінің аты, жұмыстағы қызмет орны, фирманың мекен жайы, телефон номері көрсетіліп. басылып жасалынады.

Коммерсанттың сыртқы әлпетіне, манеріне, істік киіміне қойылатын талап . Әр уақытта коммерсант таза киінген болу керек: жаман байланған галстук немесе тазаланбаған аяқкиім - өзіне деген талаптылығының немесе айналадағыларға парықсыздықпен қарауын, алаңғасарлығын және жинақсыздығын куәландіреді.

Ашық түсті немесе өте ала бажақ киімді киюдің керегі жоқ ( АҚШ та тек жұмасына бір рет - ол жұма күні көйлек, джинсыны киюге рұқсат етілген, ол күні костюм кимеуге болады. )

Еркектерге қарапайым бір түсті және классикалық фасондағы костюмдерді, бір түсті көйлектерді, дұрыстап таңдалынып алынған галстуктерды пайдалану ұсынылады.

Әйелдерге ешқандай бижутерияларды (значектарды, моншақтарды жұзіктерді және т. бас. ) пайдаланбай классикалық костюмдерді, блузкилерді кигендері жөн; аса моделді киімдерді, еркек стилінде киінбеуге тырысу керек; шашы және аяқ киімі толық түрде таза сәнді болуы керек.

Ресми қабылдаулардағы киімкешек және жүріп тұрудың тәртіптілігін сақтау. Ресми қабылдаулардағы киімдер белгілі түрдегі киімдерді талап етеді, ол туралы шақыру қағаздарда көрсетіледі: еркектерге - костюм, фрак; әйелдерге - кешкі туалет.

Өзінің жүруін байқап отыру керек: нық қатты, тұра, ары бері қисалаңдамай, қисаймай, артықшылықпен басты көтеріп жүру керек.

Креслода « қалай болса солай», отырғышта қисалаңдамай отыру керек.

Қолыңыздың қимылын дұрыс байқап отырыңыз - дене және қол қимылы ұстамды және мақсатты түрде пайдаланылуы керек. Өзіңіз сөйлесіп отырған кісіге қолыңызбен тиіспеңіз - ол оған ұнамай қалуы мүмкін.

Өзіңізге ұстамды болыңыз- қандай да бір болмасын ізден шығу айналадағыларды түршіктіреді және сізге қарсы жұмыс болып шығады.

Артықша пысық, ақылсыз, бірақ өте жұмсақ, жуас, парықсыз болмаңыз.

Сіз айналадағыларға көрсетіп отырған сезіміңізді өзіңізді сүйгендік емес, өзіңізді түзету үшін байқап отырыңыз.

Есіңізде болсын, білімділік, қисымдылық, әсерлі сөздің түсі кез келген істік контактының міндетті шарты болып есептелінеді. Сөзді дұрыс айтуыңызды, оның айтылу екпінділігін байқап отырыңыз.

«Былай айту», « солай», «түсінесізбе» деген паразит сөздерден аулақ болу керек.

Менсінбеушілік және үзілді кесілді үндерден аулақ болыңыз.

4. 3. Істік протокол және оның келіссөз жүргізу кезіндегі маңызы . Бұл істік кездесулерді тәртіпке келтіру. Ол келіссөздерді іске асырған кезде ерекше маңызды.

Келіссөз кезінде ендігі кездесу туралы уақытты белгілеу 2-3 күннен бұрын қабылданады, бұл жерде алдын ала талқылауға шығарылатын сұрақтарды және де кездесудің баратын уақытын анықтап алу керек.

Келіссөздің басталу уақытын екі жағы да мүлтіксіз сақтау керек

( барлық батыс елдерінде дәлдік жақсы үндік белгісі болып саналады) . Баратын жерге 15 минуттан артық кешігу өрескелдік сыйламаушылық болып саналады, сондықтан алдын ала ескерту әдісін табу керк. Кездесуге, айтылған уақыттан бұрын келу дұрыс емес, оның себебі белгіленген уақыттан ерте келуіңізбен сіз келіссөзге шақырған адамға қолайсыз жағдай жасайсыз.

Істік келіссөздер арнайы бөлінген және ондай мақсатқа дайындалған арнайы ғимаратта немесе бөлмеде өткізіледі. Әрбір қатысушының алдына қатысушының аты, фамилиясы, кандай фирманың атынан келгендігін білдіретін, карточка қойған жөн.

Орын (отырғыш) жетпей қалушылық болмау керек. Келіссөзге қатысушыларға керек болған жағдайда арнайы бөлінген жұмыскерлермен немесе шақырылған мамандармен қызмет көрсетіледі.

Қатысушылар столдың үстінен қағазды және жазуға қажетті кеңселік бұйымдарды тауып алулары керек, столдың үстінде суытылған ішімдіктердің болғаны жөн. Қатынасушыларға шай, печенимен кофе беріліп отырылса ол жақсы болады. Істік кездесу шығындарын ұйымдастырушы толық өзіне алады

Көпшілікте келіссөздер протокольдық шара мысалы, коктейль, фуршет, кешкі тамақ және басқа түрлі қабылдау, ланч, швед столы, бакал шампан формасында жүргізіледі. Ал ланч деген- ол тәңертеңгі тамақ 12-13 сағат аралығы уақытында, (жалпы мерізімі 1-1, 5 сағат) ; шай - 16 дан 18 сағатқа дейін тек әйелдер үшін (1-1, 5 сағат) ; коктейль - 17 ден 18 сағатқа дейін түрегеп тұрып жүргізіледі ( 2- сағатқа дейін) ; түскі тамақ - қабылдаудың көптеп құрметті түрі - кешке 20-21 сағатқа дейін жүргізіледі ( жалпы уақытмерізімі 2-3 сағат) ; швед столы өзіне өзі қызмет көрсету принципі бойынша тамақ беру болып саналады, түскі тамаққа қарағанда аздап ресмилі болып есептелінеді; кешкі тамақ әдетте 21 сағаттан кейін басталады және 3 сағатқа дейін созылады; бакал шампан деген күндізгі 12-13 сағатқа белгіленеді және бір сағатқа дейін созылады.

Қабылдауға дайындық қабылдау түрін таңдау, шақырылған кісілердің тізімін жасау, шақыру қағаздарын таратуға жіберу, қонақтарды столға бөлу жоспары жасалынады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық қызметтің этикасы және психологиясы
Пәннің студенттерге арналған жұмыс оқу бағдарламасы «менеджмент» пәні бойынша
Кәсіпорынның мәні мен мазмұны
Кәсіпкерлік - іскерлік белсенділік өнері
Кәсіпкерлік қызметтің дамуының экономикалық мазмұны
Шағын және орта бизнестің дамуының экономикалық мазмұны
БИЗНЕСТIҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗI
Іскерлік кездесу
ФИРМАНЫҢ АЛЬТЕРНАТИВТІ ТЕОРИЯЛАРЫ
Кәсіпкерлік қызметке салынатын салықтардың салық кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz