Азаматтық құқықтық қатынастар. Азаматтық құқықтың субъектілері


Азаматтық құқықтық қатынастар
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де муліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да өзбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуін, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың элементтері субъектілері, объектілері мен мазмұны, ал негізгі бастаулары Қазақстан Республикасының Конституциясы, Азаматтық Кодексі, оған сәйкес қабылданған өзге де заңдар және заңға тәуелді кесімдер болып табылады.
Азаматтық құқықтың субъектілері
Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың субъектілеріне: жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік-аумақтық, бөліністер жатады.
Жеке тұлға - Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Азаматтарда өз құқықтары мен іс-әрекетін жүзеге асыру үшін құқықтық және әрекет қабілеттілігі болуы тиіс. Азаматтың құқықтың қабілеттілігі - бұл Азаматтық құқық пен Азаматтық міндеттемелерге ие болу қабілеттілігі. Ол адам туылғанда пайда болып және адам өлгенде барып тоқтатылады.
Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыра алады. Тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп тапылады.
Азаматтық әрекет қабілеттілігі - азаматтың өз әрекеттерімен Азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін Азаматтық міндеттемелер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни 18 жастан пайда болады.
Жасы 18-ге толмағандардың әрекет қабілеттілігі екі топқа бөлінеді:
он төрт жасқа толмағандар;
он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер. Он төрт жасқа толмағандар үшін келісімдерді олардың атынан ата-аналары, бала асырап алған адамдар немесе қамқоршылар жасайды. Өздігінен бұл жасөспірімдер тек өздерінің жасына лайықты күнделікті тұрмыстағы жасалған кезінде орындалатын ұсақ келісімдерді жасауға хақылы. Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгілер келісімді ата-аналарының, бала асырап алған адамдардың немесе қамқоршылардың ризалығымен жасайды. Өздігінен олар табысын немесе стипендиясын билеуге, өздерінің шығармаларына, өнертапқыштық құқықтарын жүзеге асыруға, сондай-ақ күнделікті тұрмыстағы келісімді жасауға хақылы.
Жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдігі салдарынан өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе не істегенін білмейтін азаматты сот әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануы мүмкін, соған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді.
Спирт ішімдіктеріне немесе есірткі заттарға салыну салдарынан өзінің отбасын материалдық жағынан ауыр жағдайға ұшыратқан азаматтың әрекет қабілеттілігін сот заңда көрсетілген тәртіппен шектеуі мүмкін. Оған да қамқоршы белгіленеді. Бірақ, ол тұрмыстық ұсақ мәмілелерді өз бетінше жасауға құқылы.
Заңды тұлға құрмай-ақ мемлекеттік тіркеуге тұрған кезден бастап, азаматтар азаматтық қызметпен айналысуға және де осы кезден жеке азаматтықтің субъектілері болып табылады. Түрлері: бірлескен азаматтық. Өзіндік азаматтықші бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа, ал бірлескеп азаматтықті жеке кәсіпкерлер ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқықтарға байланысты жүзеге асырады.
Турлері:
ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
шаруа /фермерлік/ шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық азаматтық;
азаматтық қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Заңды тұлға құрмастан азаматтық қызметті жүзеге асырушы азаматтарды мемлекеттік тіркеу, өзі барып тіркелетін сипатта, оның тұрғылықты жері бойынша аумақтық салық органында (тіркеуші орган) есепке алынуы арқылы жүзеге асырылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, осындай қызметті істейтін болса, онда оны атқаруға лицен-зиясының болуы міндетті болып табылады.
Азаматтардың жеке кәсіпкерлігінің мәселелерін Қазақстан Республикасының 1997 ж. 19 мамырдағы "Жеке азаматтық туралы", 1998 ж. 31 наурыздағы "Шаруа (фермер) қожалығы туралы" Заңдары және т. б. құқықтық-нормативтік кесімдер реттейді.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді (коммерциялық ұйым), не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес) ұйым заңды тұлға бола алады.
Коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар шаруашылық серіктестік, өндірістік кооператив, мемлекеттік кәсіпорын нысандарында құрылуы мүмкін, ал мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор және діни бірлестіктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Заңды тұлғалар бірлестіктер құра алады /ассоциациялар, одақтар/.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол құрылған кезде пайда болып, оны тарату аяқталған кезде тоқтатылады. Заңды тұлға органдарының түрлері, тағайындалу тәртібі және олардың өкілеттілігі заңдар мен құрылтай құжаттарында белгіленеді. Сонымен қатар, оны басқа заңды тұлғалардан айыруға мүмкіндік беретін өз атауы болады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның да фирмалық атауы болуы тиіс. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері болып танылады. Бұл мәлімет оның құрылтай құжаттарында белгіленеді.
Заңды тұлғаны бір немесе бірнеше құрылтайшы құруы мүмкін, яғни төмендегілер құрылтайшылар бола алады:
мүлікті иеленушілер не олар уәкіллік бергеп органдар мен жақтар;
заң құжаттарында арнайы көзделген өзге де заңды тұлғалар.
Заңды тұлға өз қызметін, егер заң құжаттарында өзгеше айтылмаса, жарғы не құрылтай шарты мен жарғысы негізінде жүзеге асырады, ал заң құжаттарында коммерциялық емес деп көрсетілген заңды тұлға осы түрдегі ұйымдар туралы жалпы ереже негізінде жұмыс істей алады.
Құрылтай шарты құрылтайшылардын арасында жасалынады, ал жарғысын құрылтайшылар бекітеді. Егер коммерциялық ұйымның құрылтайшысы бір адам ғана болса, құрылтай шарты жасалынбайды.
Құрылтай шартына құрылтайшылардың келісуі бойынша басқа да ережелер енгізілуі мүмкін.
Заңды тұлға жарғысында: ұйымның түрі, атауы, тұрған жері; басшының өкілеттілігі, басқару және бақылау органдары, құрылу тәртібі мен олардың құзыреті, жұмыс режимі; ұйым мүлкінің құралу және табысты болу тәртібі; ұйымды қайта құру және оның қызметін тоқтату ережелері көрсетіледі. Жарғыда заңға қайшы келмейтін басқа да ережелер болуы мүмкін.
Тағы да бір маңызды мәселе, кіші азаматтықтің субъектісі болып табылатын заңды тұлға өз қызметін, ҚР Үкіметінің 1998 жылдың қыркүйетінің 28 жұлдызында № 928 қаулысымен бекітілген Жарғы үлгісінің негізінде жүргізе алады.
Заңды тұлғалар әділет органдарында мемлекеттік тіркеудеп өтуі тиіс. Тіркеу тәртібі Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 17 сәуіріндегі заң күші бар "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы" Жарлығымен реттеледі.
Мемлекеттік тіркеу құрылып жатқан заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарып заңға сәйкестігін тексеруді, оларға тіркеу нөмірін бере отырып, тіркеу куәлігін берілуін, заңды тұлғалар туралы мәліметттерді бірыңғай Мемлекеттік реестрге енгізуді қамтиды. Мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, өз қызметінің түрі мен сипатына, қатысушыларының құрамына қарамастан Қазакстан Республикасы аумағындағы барлық заңды тұлғалар жатады. Олардың филиалдары мен өкілдіктері, заңды тұлға құқығы берілмей-ақ есептік тіркеуге алынады.
Мемлекеттік тіркеу, қажетті құжаттар тіркеліп, арыз берген кезден бастап 15 күннен кешіктірілмей жүргізілуге тиіс.
Мемлекеттік қауіпсіздікті, құқық тәртібін қамтамасыз етуді, қоршаған ортаны, азаматтардың меншігін, өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің кейбір түрлерін өндіру мен сату істері мемлекеттік лицензиялар арқылы жүзеге асырылады.
Лицензия дегеніміз шаруашылық жүргізуші субъектінің белгілі бір қызмет түрімен айналысуға немесе белгілі бір іс-әрекет жасауға құзырлы мемлекеттік орган беретін рұқсат. Лицензиялар беру тәртібін, жоғарыда айтылған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтің тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар Жарлығымен реттеледі.
Лицензияланатын қызметпен айналысу құқығына лицензия қызметінің осы түріне қойылатын талаптарға біліктілік деңгейі сай келетін субъектілерге беріледі. Лицензия беруді заң актілері мен Үкімет белгілеген мемлекеттік органдар жүргізеді. Лицензиялайтын ортаның пайдасына төленетін алым мен патент акысын салық заңдары белгілейді.
Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдікшері болуы мүмкін, олар заңды тұлға құрмайды, тек заңды тұлға мүлкі беріледі және бекітілген ережелердің негізінде жұмыс істейді. Филиал мен өкілдіктердің басшыларып заңды тұлғаның уәкілдік берген органы тағайындайды және оның берген сенімхаты негізінде жұмыс істейді.
Заңды тұлғаны тарату, қайта қосу (қосу, болу немесе біріктіру арқылы) жолдарымен жабады. Егер заңды тұлға мемлекеттік болса, оған өкілеттік берген мемлекеттік органдар өз жарлығымен жояды. Сонымен қатар, заңды тұлғалар мүлікті меншіктенушінің талабымен, уәкілетті органның немесе соттың шешімімен банкроттық процедурасын қолдана отырып жабылуы мүмкін (АК 52 бабы) .
Банкроттық борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болған дәрменсіздігі. Жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның ақшалай міндет-емелер бойынша несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдармен еңбегіне ақы төлеу жөнінде есеп айырыса алмауы, сондай-ақ бюджетке жөне бюджеттен тыс міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмайтын қабілетсіздігі оның дәрменсіздігі деп түсініледі.
Заңды тұлғалардың (қазыналық кәсіпорындар мен мекемелерден басқа) банкроттығы туралы істерді Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы "Банкроттық туралы" Заңымен, ол ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, ауылшаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық рәсімдерінің ерекшеліктері заң актілерімең белгіленуі мүмкін. Бұл жағдай банктерге, сақтандыру компанияларына, зейнетақы қорларына да қолданылады.
Жеке кәсіпкерлердің, оның ішінде шаруа (фермер) қожалықтарының банкроттығы Азаматтық кодекстің 21-ші бабымен және арнаулы заңдармен реттеледі. Осыған орай, өзі азаматтық қызметті жүзегс асыруға байланысты немесе берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмайтын жеке кәсіпкер 3 ай ішінде банкрот деп танылуы мүмкіп.
Бапкроттың:
борышкердің сотқа өз еркімен жазған өтініші негізінде;
не борышкердің өз банкроттығы туралы соттан тыс тәртіп бойынша несие берушілердің келісімі негізінде ресми жариялануы жолымен белгіленеді.
Борышқордың сотқа арыз беруі ықтиярсыз банкроттық туралы істі қөзғауға несие берушінің талабы негіз болады. Осы жерде, несие берушілердің борышкерге қоятын талаптарының жиынтығыида 150 айлық есептеу көрсеткішінен кем емес болғанда ғана банкроттық туралы істерді сот қарайтынын айта кеткен жөн болар еді.
Несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету және олардың қатысуымен банкроттық рәсімдерді атқару жөнінде шешім қабылдау мақсатында несие берушілердің комитеті құрылады.
Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау. Іс борышкердің немесе несие берушінің жазбаша өтініші бойынша қөзғалады. Банкроттық туралы іске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
- борышкер;
- несие берушілер;
- еңбек ұжымының өкілі;
- прокурор;
- борышкер мүлкінің иесі және т. б.
Сот өтінішті алғаннан кейін 5 күннен кешіктірмей іс көзғауы қажет және оны соттың қарауына дайындау туралы шешім шығарады.
Істі сотта қарауға дайындау барысында, сот борышкерден несие берушілер мен борышкерлердің толық тізімін, борышкердің дебиторлық және кредиторлық берешегі толық ашып көрсетілген қаржы есептемесін сұратып алады.
Банкроттық туралы іс қөзғалғаннан бастап, борышкер мүлкінің иесі, құрылтайшылары, заңды тұлғаның барлық органдары борышкердің мүлкін билеу және т. б. құқықтарынан айрылады.
Сот 5 күн ішінде банкроттық туралы іс қөзғалғандығы жөніндегі хабарландыруды орталық әділет органының ресми шығарылатын басылымдарында жариялауға міндетті. Банкроттық туралы іс мына кезеңдерден тұрады:
істі соттың қарауына дайындау; борышкерді сырттай басқаруды енгізу; соттың істі нақты қарауы:
а) істі алдын ала дайындау аяқталған соң, бірақ іс қөзғалғалыстан бастап 45 күннен кешіктірмей, банкроттық туралы іс соттың қарауына тағайындалуы тиіс, ол туралы сот үйғарым шығарады;
6) соттың қарауы барысында сот оңалту рәсімі туралы өтінішті қарайды. Өтініш сот банкроттық туралы шешім шығарғанға дейін берілуі мүмкін. Оңалту рәсімі тек заңды тұлғалар - коммерциялық ұйымдар жөнінде ғана қолданылуы мүмкін. Оңалту рәсімінде санация қолданылуы мүмкін. Санация дегеніміз борышкерге
басқа адамдардың қаржылай көмегі.
Сот банкроттық туралы істі сот отырысында қарап, мынандай сот актілерінің бірін қабылдай алады:
- борышкерді банкрот деп тану;
- оны банкрот деп танудан бас тарту;
3) өтініш жасалған жағдайда оңалту рәсімін қолдану туралы ұйғарым;
4) іс жүргізуді тоқтату туралы үйғарым.
Дәрменсіз борышкерді тарату конкурс жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Конкурс жүргізу несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылады. Конкурстық іс жүргізу мерзімі 12 айдан аспауы керек. Конкурсты басқарушының өтініші бойынша бұл мерзім, ары кеткенде, 3 айға ұзартылуы мүмкін. Қарызды борышкердің мүлкінің есебінен (конкурстық масса) төлеу "Банкроттық туралы" Заңның 75-86 баптарына сәйкес жүргізіледі.
Несие берушілермен есеп айырысу аяқталған соң, банкрот атқаруға қойылған және заңды тұлғаны банкрот деп тану кезінде ескерілген міндеттемелері мен өзге талаптарды орындаудан босатылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz