Кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығын құқықтық реттеу



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
11- лекция.Кәсіпкерлік субъектілерінің банкроттығын құқықтық реттеу
1.Банкроттық ұғымы.
2.Банкроттық рәсiмдердi қолданудың негiздерi.
3. Кредиторлар комитетінің құзыреті
4. Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау негіздері
5. Оңалту рәсiмiн қолдану салдары.
1. Банкрот - дәрменсiздiгiн сот белгiлеген борышкер;
Банкроттық - борышкердiң сот шешiмiмен танылған оны таратуға негiз
болатын дәрменсiздiгi;
Нарықтық шаруашылықтың ажырамас бөлігі болып банкроттық институты
саналады. Ол кәсіпкерлік құрылымдардың тиімді қызметінің қуатты ынтасы
ретінде, несие берушілердің экономикалық мүдделеріне кепілдік бере отырып,
сондай-ақ мемлекетті нарықтың жалпы реттеушісі ретінде қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің
экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер
орын алуда.Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның
банкроттығы ұғымының пайда болуына екелді. Тұрақсыз экономикалық даму,
жоғарғы инфляция, салық саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық,
кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жеткіліксіздігі жағдайында
банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттықтық жағдай және оны жою
үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде
құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және
қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап
айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті,
өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған
байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың
көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының
ұзақмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру
мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы
басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің
бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың
сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы
нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты
төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар
сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық
механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің
негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын
жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық
құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Ежелгі уақыттарда борышқорларға қатал шаралар қолданылып, тіптен
кредиторлар борышқорларды өлтіруге дейін барған. Ол кезеңдерде егер
борышқор несие берушілердің талаптарын мүлкімен қанағаттандыра алмаса, ол
өзінің өмірімен жауапты болған. Ал кейін уақыт өзгере келе бұл шаралар
тоқтатылды.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: ”Қазақстан
Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары.
Қазіргі кезеңде қандайда бір азаматтық міндеттерді орындамағаны үшін
күш қолдануға тиым салынады. Міне осыған сәйкес борышқор мен несие беруші
арасындағы міндеттемеге сәйкес борышты төлеу үшін борышқордың мүлкі
жеткіліксіз болған жағдайда реттеуші белгілі-бір механизм қажет болды. Міне
осындай механизм банкроттық процедурасы болып табылады.
Кез-келген компанияның өмірінде, олардың банкроттық жағдайына келуі
кездесіп тұрады. Көптеген компаниялар осындай жағдайлардан кейін өз жұмысын
тоқтатқан, ал кейбіреулері мұндай қиындықтарды жеңе отырып өз жұмыстарын
жалғастыру үстінде.
Белгілі-бір құқық субъектілерінің банкроттығын реттеуші заңдар және
нормалар банкроттық процедурасын жүргізу кезінде ерекше орынды алады.
Мінеки сондықтан олардың тәжірибедегі жетілмеуі өте күрделі құқық
бұзушылыққа алып келеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауында заңдарды
Жетілдіру Қазақстан Республикасының дамуының бір әдісі ретінде атап өтеді.
Жалпы мемлекет алдында нарық қатынастарын реттеуші норматив-тік-
құқықтық базасын жасаудағы басты мақсат пайда болды. Атап өтетін нәрсе оның
ішінде кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттық процедурасы қамтылып
өтті.
Әлемдік тәжірибеде банкроттық туралы заңдар бастапқыда екі түрлі
бағытта дамыды. Олардың бірі банкрот-борышкердің таратылуымен жалғасқан,
банкроттықты несие берушілерге қарыздарды қайтару тәсілі ретінде санаған
британдық модель қағидаларына негізделген. Екінші бастаманың негізі
американдық модельде жатқан болатын. Заңдардың мұндағы негізгі мақсаты
компанияны қалпына келтіру, оның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру болып
табылды. Дегенмен қазіргі жағдайда дамыған нарықтық елдер заңдарында
жақындасу сызығы, келтірілген бастамалар бірлесуі байқалып отыр.
Экономикалық жүйесі дамыған кез-келген өркениетті елде нарықтық
қатынастарды құқықтық реттеу механизмдерінің негізгі элементтерінің бірі
болып дәрменсіздік (банкроттық) туралы заңдар есептеледі.
Банкроттық процесті регламенттеген бұрынғы номативтік-құқықтық база
(негізінен кең ауқымды шетелдік тәжірибеге сүйенген), қазіргі экономикалық
жағдайда жұмысқа қабілетті болмай шықты және ірі кәсіпорындардың
банкроттықтан қорықпай, төлемсіздік дағдарысын ары қарай жалғастыру
мүмкіндігін алуына әкеп соқтырды. Осыған қарамастан, жыл сайын сотта
қаралған дәрменсіздік туралы істер саны өсуде, бұл, әрине, Қазақстандағы
банкроттық институтының қалыпты экономикалық қатынастарды дамытуда
шаруашылық айналымы қатысушыларының арасында жетекші орындардың бірін алып
отырғандығын дәлелдеп отыр.
Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына
негiзделедi және Банкроттық туралы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге
де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
ҚР 1997 жылғы 21 қаңтардағы N 67 Банкроттық туралы Заңы
дәрменсiз борышкердi оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн өткiзудiң, заңды тұлғаны
банкрот деп танудың және оны таратудың, сондай-ақ соттан тыс тарату
рәсiмiнiң шарттары мен тәртiбiн белгiлейдi.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын және Үкіметтің 2007-
2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті әзірлеген “Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңның 2008 жылғы 5 шілдеде
қабылданғаны белгілі.
Заңды қабылдаудың мақсаты төлемге қабілетсіз ұйымдарды оңалту
рәсімдеріне тарту арқылы оларды қаржылық-экономикалық тұрғыда жақсарту,
банкроттық саласындағы бірыңғай уәкілетті органды анықтау, конкурстық,
оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшілерінің әкімшілік
жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ “Банкроттық туралы” қолданыстағы заң
нормаларын жетілдіру болды. Осы заң негізінде Азаматтық және Қылмыстық
кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Салық, Кеден және
Бюджет кодекстеріне, “Банкроттық туралы”, “Астық туралы”, “Жеке кәсіпкерлік
туралы” және “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңдарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2009 жылғы 28 тамыздағы N 858
Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға
дейiнгi
кезеңге арналған Құқықтық саясат тұжырымдамасына сәйкес Қазақстанның
азаматтық құқығы өз дамуының бiрнеше кезеңiнен өттi. Республиканың ауқымды
кодификацияланған актiсi болып табылатын қазiргi Азаматтық кодекс осы
заманғы азаматтық құқық идеяларын қамтиды, соның ішінде Банкроттық
рәсiмдердi қолданудың негiздерi.
жалған банкроттық - кредиторлардың талаптарын толық көлемде
қанағаттандыратын мүмкіндігі бола тұрып, кредиторларға тиесілі төлемдерді
кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу немесе борыштарға шегерім алу, сол
сияқты борыштарды төлемеу үшін кредиторларды жаңылыстыру мақсатында
борышкер-органның немесе оның мүлкі иесінің сотқа немесе уәкілетті органға
өзін банкрот деп тану туралы көрінеу жалған өтініш жасауы;
әдейі банкроттық - борышкердің мүлкі иесінің немесе борышкер-заңды
тұлға органдарының жеке өз мүдделерін немесе өзге тұлғалардың мүдделерін
көздей отырып жасаған борышкерді дәрменсіздікке қасақана душар етуі;
Борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), заңды тұлға-
борышкердiң құрылтайшысы (қатысушысы) жәненемесе лауазымды адамдары
борышкердi әдейi төлем қабiлетсiздiгiне (әдейi банкроттыққа) жеткiзгенi
үшiн дәрменсiз борышкер кредиторлар алдында өзiне тиесiлi мүлiкпен
субсидиялық жауапқа тартылады.
Банкрот болған заңды тұлғаның лауазымды адамы борышкердi төлем
қабiлетсiздiгiне әдейi жеткiзгенi үшiн оның мүлкiнiң меншiк иесiне
шығындарды өтейдi.
Егер банкроттықты тану туралы өтiнiштi борышкер сотқа кредиторлардың
талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға мүмкiндiгi болған кезде берсе
(жалған банкроттық), кредиторлар борышкерден осы арқылы келтiрiлген
шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы.
Конкурстық басқарушы әдейі немесе жалған банкроттық жасау белгілерін
тапқан жағдайда, ол лауазымды адамдарды Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау органдарына
жүгінуге міндетті.
2. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде
сот белгiлейдi Банкроттық кредиторлардың немесе осы Заңмен уәкiлдiк
берiлген өзге адамдардың сотқа берген өтiнiшi негiзiнде мәжбүр етiп
белгiленедi.
Заңда белгiленген жағдайларда борышкер өзiн банкрот деп тану
туралы сотқа өтiнiш беруге мiндеттi.
Егер:
кредитордың салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi
төлемдер жөнiндегi борышкердiң филиалдары мен өкiлдiктерiнiң берешегiн қоса
алғанда, салықтық берешегi бойынша талабы тиiстi қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық есептiк
көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиiстi қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген жүз елу айлық
есептiк көрсеткiштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық
туралы iстердi сот қарайды.
Сот тәртiбiмен борышкердi банкрот деп жариялауға оның
дәрменсiздiгi негiз болып табылады.
Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi
жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан
мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс.
Банкроттық рәсiмдердi қолданудың негiздерi:
Кредиторлардың борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа арыз берiп
өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады.
Егер борышкер мiндеттемесiн орындау мерзiмi жеткен кезден бастап
үш ай iшiнде орындамаса, ол төлеуге қабiлетсiз деп есептеледi.
Азаматтық-құқықтық мiндеттемелер бойынша кредитор (кредиторлар)
өтiнiштерiнiң негiзiнде банкроттық туралы iс қозғалуы мүмкiн.
Кредитордың өтініші сотқа Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген жалпы ережелер бойынша беріледі.
Кредитордың өтiнiшiнде мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) өтiнiш берiлiп отырған соттың атауы;
2) борышкердiң атауы және оның тұрғылықты жері;
3) өтiнiш берген кредитордың атауы және оның тұрғылықты жері;
4) борышкердiң кредитор алдындағы оның талабынан туындаған
мiндеттемесi, бұл мiндеттеменiң орындалу мерзiмi;
5) осы кредитордың борышкерге қойған талаптарының мәнi мен сомасы;
6) мiндеттеме бойынша берешек сомасы және орындамағаны үшiн айып-ақы
(айыппұл, өсiм) және борышкерден өндiрiп алуға жататын зияндар осы сомаға
есептелген сыйақы (мүдде);
7) кредитор талаптарының белгіленген құқықтық негіздері (сот шешімі,
бұл талаптарды борышкердің мойындауы, ал олар жоқ болған кезде - кредитор
талаптарының негізділігін және олардың сомасын растайтын дәлелдемелер);
8) борышкерде бар мүлiк туралы кредиторға белгiлi мәлiметтер;
9) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi;
10) борышкерге талаптар қою айғағы;
11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де
мәлiметтер.
Кредитор борышкерге  және уәкілетті органға өтiнiштiң және оған қоса
тiркелетiн құжаттардың көшiрмесiн жiберуге мiндеттi.
Кредитордың өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
Кредитордың борышкердiң банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) мемлекеттiк баждың белгiленген тәртiп пен мөлшерде төленгенiн;
2) кредитор өтiнiшi көшiрмесiнiң және оған қоса тiркелген құжаттардың
борышкерге жiберiлгенiн;
3) борышкердiң кредитор алдындағы мiндеттемелерi, сондай-ақ осы
мiндеттемелер бойынша берешектiң бар-жоғы мен сомасын;
4) кредитор талаптарының орындылығын (орындау құжаттары, соттың шешiмi
немесе кредитордың талаптарын борышкердiң жазбаша түрде мойындауы);
5) кредитордың өтiнiшi негiзделген өзге де мән-жайларды растайтын
құжаттар қоса тiркеледi.
Бiр немесе бiрнеше кредитордың талаптарын бiрiктiру.Кредитордың әртүрлi
мiндеттемелер бойынша борышкерге қойған бiрнеше талапты бiр өтiнiшке
бiрiктiруге құқығы бар. Кредиторлардың борышкерге қойған өз талаптарын
бiрiктiруге және сотқа бiр өтiнiшпен жүгiнуге құқығы бар. Мұндай өтiнiшке
өз талаптарын бiрiктiрген кредиторлар қол қояды.
Прокурордың мәлiмдемесi
1. Прокурор:
1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың
мүдделерiн көздеп;
3) жоқ борышкердiң кредиторлардың мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот
деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың
мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың
өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.
3. Кредиторлардың комитетiн құру
Кредитор - еңбекке ақы төлеу, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына
әлеуметтiк аударымдарды төлеу, авторлық сыйақы төлеу, салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелерді қоса алғанда,
борышкерге азаматтық-құқықтық және өзінің өзге де міндеттемелерінен
туындайтын мүліктік талаптары бар адам;
Банкроттық рәсiмдерiнде, оңалту рәсiмiнде және соттан тыс тарату
рәсiмiнде кредиторлардың мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен
шешiмдер қабылдау мақсатында кредиторлар комитетi құрылады.
Кредиторлар комитетінің құрамына кредиторлардың еңбекке ақы төлеу,
Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк аударымдар жөніндегі
өкілі, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
кредиторлар және борышкерге қоятын талап сомасы неғұрлым көп, мүлік
кепілімен қамтамасыз етілген міндеттемелер бойынша кредитор енеді.
Кредиторлар комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ санынан тұрады.

Кредитор кредиторлар комитетiнiң мүшесi ретiнде банкроттық рәсiмдерiне,
оңалту рәсiмiне не соттан тыс тарату рәсiмiне қатысудан бас тартуға құқылы.

Құрылған және бекiтiлген кредиторлар комитетiнiң құрамына конкурстық
кредиторлар арасынан жаңа мүшелер енгiзiлуi мүмкiн.
Кредиторлар комитетiнiң отырыстары
Кредиторлар комитетiнiң бiрiншi отырысы кредиторлар комитетiнiң құрамы
бекiтiлген күннен бастап он бес  күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс.
Кредиторлар комитетi бiрiншi отырысында:
1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс
құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға;
2) конкурстық басқарушының кредиторлар комитетінің алдында түгендеу
жөнінде есеп беру мерзімін белгілеуге;
3) сыйақының сомасын және оны конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртiбiн
белгiлеуге мiндеттi.
3. Кредиторлар комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн
тәртiппен және мерзiмде шақырылады.
Кредиторлар комитетiнiң өкiлеттiгi
Кредиторлар комитетi:
оңалту рәсiмiн жүргiзу, ұзарту немесе тоқтату туралы сот алдында өтiнiш
жасауға;
сотқа оңалтуды басқарушының кандидатурасын ұсынуға, соттан тыс тарату
рәсiмiн жүргiзу кезiнде конкурстық басқарушының кандидатурасын
тағайындауға;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге
асыру үшiн кредиторлар комитетi мүшелерiнiң арасынан кредиторлардың өкiлiн
сайлауға;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушыдан борышкердiң қаржы жағдайы және
банкроттық рәсiмiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге
асыру барысы туралы ақпарат берудi талап етуге;
оңалтуды немесе конкурстық басқарушылардың іс-әрекеттеріне уәкілетті
органға немесе сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын міндеттерінен
шеттету туралы өтінішпен уәкілетті органға жүгіну жөнінде шешім қабылдауға;

борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң
сомасын бекiтуге;
конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық массаны iске асыру жоспарын
бекiтуге;
банкроттық рәсімін, оңалту рәсімін, соттан тыс тарату рәсімін өткізу
үшін аудиторлық тексеріс пен түгендеу нәтижелерін назарға алуға, шығыстар
баптары мен сметасын бекітуге;
орынды жағдайда конкурстық басқарушыға, егер бұл кредиторлардың
мүдделеріне нұқсан келтірмесе, банкрот деп танылған кәсіпорынның өндірістік
қызметін тоқтатпау жөнінде ұсыныс жасауға;
осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
Кредиторлар комитетiнiң шешiм қабылдауы
1. Кредиторлар комитетінің отырысына комитет мүшелерінің немесе олардың
сенімді адамдарының кемінде 23-і қатысса, ол құқылы болады.
2. Кредиторлар комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi.
3. Кредиторлар комитетiнiң шешiмi "бiр комитет мүшесi - бiр дауыс"
деген принцип бойынша жалпы дауыс санының жай көпшiлiк даусымен
қабылданады.
4. Борышкердiң басқа барлық кредиторлардың кредиторлар комитетiнiң
отырысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқығы бар.
4.Банкроттық туралы істерді сот тәртібімен қарау
Банкроттық туралы iс қозғау тәртiбi
1. Банкроттық туралы iс бойынша сотта борышкердiң, кредиторлардың
(кредиторлардың) өтiнiшi негізінде
а Егер:
- кредитордың салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер
жөніндегі салықтық берешегі бойынша талабы тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық есептік
көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса;
- өзге кредиторлардың борышкерге қоятын талабы тиісті қаржы жылына
арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жүз елу айлық
есептік көрсеткіштен кем болмайтын соманы құрайтын болса, онда банкроттық
туралы істерді сот қарайды.
б Прокурордың мәлiмдемесi
Прокурор:
1) өзi әдейі банкроттық белгiлерiн анықтағанда;
2) кредитор Қазақстан Республикасының, мемлекеттiк органдардың
мүдделерiн көздеп;
3) жоқ борышкердiң кредиторлардың мүдделерiн көздеп борышкердi банкрот
деп тану туралы мәлiмдеме жасауға құқылы.
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе құқықтық қатынастардың
мәнiнен туындамаса, прокурордың мәлiмдемесi сотқа осы Заңда кредитордың
өтiнiшiне қатысты көзделген талаптарды сақтай отырып берiледi.
Борышкердi банкрот деп тану туралы кредитордың өтiнiшiн сотқа беру
құқығына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге қатысты
салық және өзге де уәкілетті мемлекеттік орган, сондай-ақ заңды және жеке
тұлғалар - азаматтық-құқықтық мiндеттемелер жөнiндегi кредиторлар ие
болады.
Банкроттық туралы iс бойынша сот борышкердi банкрот ден тану туралы
өтiнiштi iске қабылдау туралы ұйғарым шығарған кезден бастап iс қозғалды
деп есептеледi.
Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы берген өтiнiшi соттың тиiстi
шешiмiнсiз қайтарылып алынбайды.
Кредиторлар (кредитор), прокурор өз өтiнiшiн борышкердi банкрот деп
тану туралы шешiм қабылданғанға дейiн қайтарып алуы мүмкiн.
Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар
Банкроттық туралы iске қатысушы адамдар мыналар бола алады:
1) борышкер;
2) кредиторлар;
3) кредиторлардың еңбекке ақы төлеу жөніндегі өкілі;
4) прокурор;
5) борышкер мүлкiнiң иесi немесе ол уәкiлдiк берген орган;
6) уәкiлеттi орган;
Борышкердiң өтiнiшi
1. Борышкер өзiн банкрот деп тану туралы:
1) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарымен уәкiлдiк берiлген органның;
2) борышкер мүлкi иесiнiң немесе ол уәкiлдiк берген органның шешiмдерi
негiзiнде сотқа жүгiнуге құқылы.
Борышкер мүлкiнiң иесi, ол уәкiлдiк берген орган, заңды тұлғаның
құрылтайшылары немесе құзыреттi органы, оны тарату туралы шешiм қабылдаған,
ал мүлiк кредиторлардың талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыруға
жеткiлiксiз болған жағдайда, борышкер өзiн банкрот деп тану туралы сотқа
немесе уәкiлеттi органға жүгiнуге мiндеттi.
Борышкер өтiнiшiнiң нысаны мен мазмұны
1. Борышкердiң өтiнiшi сотқа жазбаша түрде берiледi. Оған борышкердiң -
заңды тұлғаның басшысы немесе құрылтай құжаттарына сәйкес оның орнындағы
адам қол қояды.
2. Борышкердiң өтiнiшiнде мыналар болуға тиiс:
1) өтiнiш берiлетiн соттың атауы;
2) азаматтық-құқықтық міндеттемелер бойынша кредиторлардың, олардың
тұрғылықты жері және борышкерге қойған талаптарының сомасы көрсетілген
тізбесі;
3) моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы талаптарды қоспағанда, өмiр
мен денсаулыққа келтiрiлген зиян үшiн борышкердiң өзi жауап беретiн
азаматтардың талап етуi бойынша берешегiнiң сомасы;
4) борышкердiң қызметкерлерiне төленуге тиiстi еңбекақы мен өтемақылар
бойынша берешек сомасы; Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына әлеуметтiк
аударымдарды төлеу бойынша берешек сомасы; авторлық шарттар бойынша төлеуге
есептелген сыйлықақы сомасы;
5) салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша
берешек сомасы;
6) кредиторлардың талабын қанағаттандыру мүмкiн еместiгiне негiздеме;
7) борышкерге талап-арыздарды соттардың iске қабылдап алғаны туралы,
сондай-ақ даусыз (акцептiсiз) есептен шығаруға қойылған талаптар туралы
мәлiметтер;
8) борышкерде бар мүлiк, оның iшiнде жалдаудағы және лизингтегi кепiлге
берiлген мүлiк туралы, банктiк шоттарда жатқан ақша туралы мәлiметтер;
шоттардың нөмiрлерi және банктердің тұрғылықты жері, дебиторлардың
тұрғылықты жері және олардың берешегінің сомасы көрсетілген тізбесі туралы
мәлiметтер;
9) борышкердiң өтiнiштi берген күннен бастап бiр жыл iшiнде орындалуы
керек болатын мiндеттемелерi туралы мәлiметтер;
10) банкроттық туралы iске қатысу үшiн еңбек ұжымының өкiлi
(қызметкерлердiң өкiлi) туралы мәлiметтер;
10-1) борышкер қызметінің табиғи монополия саласына қатысы туралы
немесе осы борышкер тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға; ие
болған нарық субъектісі болып табылатыны туралы ақпарат;
11) қоса тiркелетiн құжаттар тiзбесi.
Егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, борышкердiң өтiнiшiнде
өзге де мәлiметтердiң, сондай-ақ өтiнiш берушiде бар өтiнiштер көрсетiлуi
мүмкiн.
Борышкер уәкілетті органға өтініштің және оған қоса берілетін
құжаттардың көшірмесін жіберуге міндетті.
  Борышкердiң өтiнiшiне қоса тiркелетiн құжаттар
1. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы өтiнiшiне:
1) белгiленген мөлшер мен тәртiп бойынша мемлекеттiк бажды
төлегендiгiн;
3) берешек болуын, сондай-ақ кредиторлардың талаптарын борышкердiң
қанағаттандыра алмайтындығын;
4) борышкердiң өтiнiшi негiзделетiн өзге жағдайларды растайтын құжаттар
қоса тiркеледi.
2. Борышкердiң өтiнiшiне сондай-ақ:
1) борышкердiң оны банкрот деп тану туралы сотқа өтiнiш жасауына негiз
болып табылатын меншiк иесiнiң немесе құрылтайшыларының (қатысушыларының),
заңды тұлға органдарының шешiмi;
2) дебиторлық және кредиторлық берешектердiң, топтар бойынша негiзгi
және айналым құралдары құрамының толық ашып көрсетiлетiн соңғы есептi кезең
iшiндегi қаржы есептемесi;
3) банкроттық туралы iске қатысу үшiн жасырын дауыспен олардың өкiлi
сайланған, борышкердiң еңбек ұжымы (қызметкерлерi) жиналысының
(конференциясының) хаттамасы;
4) борышкердiң құрылтай құжаттары;
5) егер борышкер табиғи монополия субъектісі болып табылған жағдайда,
өзін банкрот деп тану туралы борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша
хабарламасын алған кезден бастап, табиғи монополиялар саласындағы қызметті
бақылауды және реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның оларға он күн
ішінде беретін қорытындысы;
6) егер борышкер тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға
ие нарық субъектісі болып табылған жағдайда, өзін банкрот деп тану туралы
борышкердің сотқа жүгінуі жөніндегі жазбаша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындардың банкроттығы
Банкроттық рәсімдерді қолдану негіздері
Кәсіпкерлердің банкроттығы
Банкроттық және оның құқықтық аспектілері
Жеке кәсіпкердің қызметі мынадай жағдайларда
Коммерциялық ұйымның банкроттық рәсімдеріне түсінік
Жалған банкроттық
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
Экономикадағы банкроттықтың дамуы және рөлі
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Пәндер