Лизинг шартының мазмұны


Жоспар:
Кіріспе. … . . . 3
1. Лизинг шартының мазмұны. …… . . . 4
2. Лизинг тұжырымдамалары. . …. …4
3. Қазақстан Республикасы 2009 жылдағы лизингтік қызмет жүргізу. 7
4. Лизингтік қатынастарға қатысты тәуекелділіктерді басқару…. . …13
Қорытынды . . . 14
Пайдаланылған web сайттар: . . . 16
Кіріспе
Халықтың азық-түлік өнімдеріне деген қажеттіліктерін барынша жеткілікті түрде қанағаттандыру мақсатына орай ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін жоғарлатудың, ал өнеркәсіп саласын шикізатпен қамтамасыз ету мәселелерін жоғарғы қуатты, ысырапсыз және жарамды техникалары көмегінсіз шешу мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы саласындағы бұл мәселелер түйінін тек еңбек өнімділігін барынша өсіру арқылы, осыған орай агроөнеркәсіп кешенінің (АӨК) материалдық-техникалық базасын дамыту және оны қайта жарақтау, ауыл шаруашылығын кешенді түрде механикаландыру мен автоматтандыру және осы саласының индустрияландырылу деңгейін жоғарлату негізінде ғана тарқатуға болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтің 2010 жылғы дәстүрлі Жолдауындағы: «Еңбек өнімділігінің кешенді артуы аса маңызды міндет болып табылады. Қазақстанда, егер тұтастай экономика бойынша қарайтын болсақ, бір қызметкер жылына 17 мың доллардың өнімін өндіреді екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 90 мың доллардан асып түседі» және сонымен қатар « . . . ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен. Ауыл үшін өсу перспективасы міне осында. Сондықтан біздің міндетіміз - 2014 жылға қарай агроөнеркәсіптік кешенінде өнімділікті кем дегенде екі есеге арттыру» - деп айтқанын жүзеге асырудың басты бір жолы - ел экономикасының тұп-тірегі болып саналатын ауыл шаруашылығы саласындағы арнайы техникалардың пайдалану тиімділігін, өнімділігін одан әрі арттыру деп пайымдауға болады.
Әсіресе, қазіргі таңда, бүкіл дүниежүзілік қаржылық дағдарыстың жағымсыз ықпалы ауыл экономикасына әсерін тигізбей қоймағандығын біле тұра, осы жалпы экономикалық тығырықтан шығу жолында аграрлық сектордың ахуалын көтерудің бірден-бір жолы - осы саланың техникалық жабдықталу дәрежесін жоғарлатудың мәні өз өзектілігін жоғалтпайды. Осы арадағы қаржылық дағдарыс ең алдымен экономикадағы баға мен бәсекелестік тұрғысынан құралатын сұраныс пен ұсыныс араларындағы қарама-қайшылықтарды үдете келе, дәстүрлі өндірістік қатынастардың құрылымын өзгертіп отыр. Бұл өз тарапынан, көптеген шаруашылық субъектілері араларындағы қалыптасқан ақша айналымының тарылуына, сондай-ақ бұрын соңды қол жеткізіп келген табыс көздерінің қысқаруына, тіпті өз олжасынан айырылып қалуға да әкеп соқтырғызып отыр.
Осындай күрделі қаржылық тапшылық жағдайы шаруашылық субъектілері үшін олардың техникамен жабдықталу деңгейіне әсер ететіні белгілі. Шаруашылықтар тарапынан қаржылық тығырықтан шығудың бірден-бір жолы - жаңа техниканы біржолата сатып алғаннан гөрі, сол техника нысанын лизинг құралы арқылы алғаны тиімдірек болар еді
1. Лизинг шартының мазмұны
Негізінде, «лизинг» ұғымының шетелдік және отандық әдебиет беттерінде жарық көрген және кәсіпкерлік қызмет тәжірибесінде кездесетін сан алуан түрлері бар. Лизингке қатысты туындайтын қатынастардың күрделілігі - оған деген көптеген тұжырымдамалардың, сондай-ақ оның мәніне, шығу тегіне және де оның бірқатар анықтамаларына қатысты әртүрлі ой-пікірлердің пайда болуына әкеп соқтырады. Лизинг өз тарапынан қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық жайттары жағымен өзгешеленеді. Орта есеппен алғанда, қазіргі таңда, экономикалық және заңдық әдебиеттерінде лизингтік жүздеген анықтамалары кездесіп жатады. Осы ұғымның сараптамасы нәтижесі көрсеткендей төмендегі келтірілген белгілері бойынша «лизинг» ұғымының тар, аралық және кең ауқымды тұжырымдаулары бар екендігін айтуға болады, яғни: лизингтік келісім-шарттың экономикалық мазмұны мен құқықтық формасы; мәміле мерзімі; лизингтік мәміле объектілірінің өрісі; мәмілеге қатысушылардың саны мен құрамы.
Белгілі қазақстандық ғалым Ә. С. Смағұловтың: «Лизинг аграрлық экономиканы тығырықтан шығарудың бірден бір жолы деп санаймын, өйткені ауыл шаруашылығының субъектілері қазіргі кезде қаржылық тапшылық көріп отырған кезде, қымбаттап кеткен техниканы бірден өз бағасына сатып алу өте қиын. Сондықтан техниканы жаңартудың тиімді жолы - лизинг болып табылады». - дегені, осы тұрғыда лизингтің нақты ауыл шаруашылығы саласына да қатысты қосар үлесі зор екендігін дәлелдесе керек.
Лизингтің бір белгісі бойынша оның қысқы қайырымды анықтамасы басқа да кең ауқымды анықтамалары жақтарымен ұштасып жатады, және сондай-ақ олардың мүмкін делік көптеген анықтама түрлері осы аталынған алуан түрлі анықтамалардың негізін қалап отырады.
Лизингтік қатынастардың күрделілігі оның құқықтық табиғатына деген көзқарастардың алуан түрлі болуына әкеп соқтырып отыр.
2. Лизинг тұжырымдамалары
Айталық, Е. Кабатова лизингке қатысты шетелдік құқықтық теорияларды жан-жақты талдап, мына 5 негізгі тұжырымдамаларды келтіріп отыр:
1. Бұл бірінші тұжырымдама бойынша лизингтік келісім-шарты арнайы сипаты бар жалгерлік келісім-шарты ретінде қарастырылады;
2. Лизингтік келісім-шарты - осы келісім-шарты құрамы ішінде сатып алуға қатысты опционның орын алатындығына байланысты ерекше түрдегі ұзартып сатып алу немесе сату шарты ретінде қарастырылады;
3. Бұл тұжырымдама бойынша: лизинг ұғымы ішінде жауапкершілікті басқа да бір тұлғаларға жүктеу институтының нышандары бар екендігін айқындайды;
4. Бұл теория бойынша лизинг - мәмілеге қатысушылар араларындағы үшінші тұлғаның пайдасына жасалынған келісім-шарт түрі секілді қарастырылады;
5. Бұл тұжырымдама бойынша бірқатар авторлар өз еңбектерінде лизинг пен узуфрукт араларында туындайтын қатынастардың бір-біріне ұқсас екендігін пайымдайды 4 .
Негізінде, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease - уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизинг - бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде беруге міндетті болады және оған кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
Көп жағдайларда ресейлік әдебиет беттерінде лизингті - өндірістік сипаттағы машиналарды, жабдықтарды, транспорттық құрылғылар мен ғимараттардың жалгерлігі немесе ұзақ мерзімді жалгерлігі деп пайымдайды.
Атап айтқанда, лизинг - бұл ағылшын сөзі to lease - уақытша жалға беру немесе жалға алу деген мағынаны білдіреді. Лизинг - бұл жалға берушінің уақытша бос немесе тартылған қаржы қаражаттарын инвестициялау. Бұл кезде жалға беруші белгілі бір сатушыдан өз меншігіне келісім-шартта көрсетілген мүлікті сатып алуға міндетті болады және осы мүлікті жалданушыға уақытша пайдалануға, ақылы негізде беруге міндетті болады және оны кейін сатып алу құқығының бар болуын көрсетеді.
Лизинг - дегеніміз жалға беру келісім-шарты. Ол - жалға беруші тарапынан өз иелігіндегі жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, оргтехниканы, транспорттық құралдарды, өндірістік, сауда және қойма мәні бар құрылғыларды жалданушыға белгілі бір мерзімге, белгілі пайыздық ставкасы бойынша есептелінетін жалданушының ақша нарығындағы тартылған қаражаттарының құнын жабатын, банктің пайдасын есепке алғандағы және мүліктің амортизациялану деңгейін ескеретін, анықталған жалгерлік төлем негізінде беруді білдіреді.
Сонымен қатар, лизингті үшінші тұлға үшін мүлікті сатып алатын және оған ұзақ мерзімге беретін, мамандандырылған лизингтік компанияның делдалдық қызметі арқылы негізгі қорларға салымдарды қаржыландырудың арнайы нысаны ретінде де қарастыруға болады. Яғни, лизингтік компания нақты түрде жалданушыны несиелендіреді. Сондықтан да болар, лизингті кейде «несие» немесе «жалға беру» атты ұғымдармен ұқсатып та жатады. Ал Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» қабылданған Заңында: «Лизинг - инвестициялық қызметтің түрі ретінде» белгіленіп отыр. Бұл дегеніміз, лизингтің оң нәтижелерге деген қадам басуы болып табылады.
Лизингтік келісім-шарттың экономикалық мазмұны мен құқықтық формасы тұрғысынан «лизинг» ұғымының кең ауқымды түсінігінің мәні мынада: «лизинг» деп мүлікті уақытша пайдалануға беруге байланысты туындайтын мүліктік қатынастар жиынтығы болып саналуында.
Қоғамдағы және кәсіпорындардағы еңбек бөлінісінің деңгейіне және елдегі лизингтік қатынастардың даму сатысына байланысты жалпы экономика салаларындағы әртүрлі шаруашылық субъектілерінің арасындағы лизингтік қатынастарды ұйымдастыру нысандарын анықтау мүмкіндігі туады. Ол үшін отандық лизингтік нарықтық инфрақұрылымын қалыптастыру кезінде шетелдік тәжірибені ескеру және негізге алу қажет деп ойлаймыз. Экономикасы дамыған елдерде шаруашылық субъектілері арасындағы лизингтік қатынастардың дамуы, лизингтік операциялар санының көбеюі кәсіпкерлік қызметтің осы түрінің құрылымының күрделіленуімен, лизингтік қызметпен байланысты белгілі-бір жұмыстарды орындауға маманданған оның жеке секторларының дамуымен түсіндіріледі. Сондықтан да, әлемдік лизингтік нарықтың дамуының негізгі тенденцияларын ескере отырып, жалпы ауыл шаруашылығы салаласындағы лизингтік қатынастарды басқаруды ұйымдастырудың төрт негізгі нысаны бөліп қарастырылады:
I. Лизингтік қатынастарды басқарудың өндірістік нысаны;
II. Лизингтік қатынастарды банктік құрылымдар арқылы басқару нысаны;
III. Лизингтік қатынастарды арнайы құрылған дербес лизингтік компания-лар арқылы басқару нысаны;
ІV. Лизингтік қатынастарды холдингтер құру арқылы басқару нысаны.
Жұмыстың «Қазақстан республикасы ауыл шаруашылығындағы лизингтің дамуының қазіргі жағдайы» деп аталынатын екінші тарауында Қазақстанның, оның ішінде Қызылорда облысының ауыл шаруашылығында техникалық базасының әлеуетін бағалай отыра олардың лизинг құралы негізінде жаңарту мен жаңғырту серпініне талдаулар жүргізілген
Бүгінгі таңда елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа технологияларды игеру, республикамыздың өнеркәсіп және ғылыми-техникадағы әлеуетін дамыту басты стратегиялық міндеттердің бірі екендігі баршамызға мәлім. ҚР индустриалды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының мақсаты - шикізат бағытынан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту үшін қолайлы жағдай жасау.
Еліміздің стратегиялық даму жоспарда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін қазіргі кездегі экономиканың басты мақсаты елдің экономикалық дамуын көрсететін негізгі көрсеткіштердің бірі жалпы ішкі өнімінің тұрақты өсу қарқынына қол жеткізу болып отыр. Себебі, елдегі көптеген әлеуметтік, экономикалық мәселелердің шешілуі осы көрсеткіш деңгейіне тікелей байланысты екендігі белгілі. Ал, ол үшін ең алдымен отандық өндірісті дамыту қажет екендігі белгілі. Бұл жерде Қазақстанның барлық құрылғыларының шамамен 80-90% дейінгі мөлшерінің ескіргенін және жақын уақыт аралығында айырбастауды талап ететінін есепке алған жөн болады.
ҚР Үкіметінің ауыл шаруашылығы лизингін дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлуі Үкіметтің дайындаған т. б. нормативті актілерінен көрінеді. Солардың бірі ретінде ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі республикалық бюджет қаражаттары есебінен ауыл шаруашылығы техникалары лизингі бойынша сыйақы ставкаларын қайта қарау мақсатына сәйкес қаржылық жылға берілетін ұсыныстарын республикалық бюджет жобасын қалыптастыру бойынша Республикалық бюджеттік комиссияға қарауға ұсына алатынын атауға болады.
Соңғы жылдары ауыл шаруашылығында лизингтік портфелдің оң тенденциялары байқалады. Мысалы, Қазақстанның лизингтік нарығында ауыл шаруашылығына арналған машиналар, қондырғылар мен құрылғылар лизингі біршама қарқынмен дамуда. Жалпы лизингтік қоржынның салалық құрылымындағы ауыл шаруашылық жабдықтары мен техникалары лизингінің үлес салмағының аз болуы, олардың нарықтағы өтімділіктерінің төмен болуымен түсіндіруге болады. Яғни, лизингтік компанияның осындай мүліктермен лизингтік келісім-шарт бекіте отырып, егер лизингке алушы әртүрлі себептермен өз міндеттемелерін орындай алмаған жағдайларда, онда ол мүліктерді құрылғылардың қайталама нарығында баяу сата алатындығы туралы сенімділік деңгейі жоғары еместігін байқауға болады.
3 . Қазақстан Республикасы 2009 жылдағы лизингтік қызмет жүргізу
Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша 2009 жылдың басына елімізде лизингілік қызмет жүргізу құқығына лицензиясы бар 104 ұйым тіркелген. Алайда, нарықта оның 25% жұмыс істейді, басқалары лицензияны белгілі бір келісім-шартқа арнап немесе өз тапсырыскерлері үшін қосымша қызмет ретінде алады. Жалпы бүгінгі күні қазақстандық лизингтік компаниялардың клиенттерге ұсынатын шарттары өзара әр түрлі болып келеді (кесте 1) .
Кесте 1 - 2008 жылғы 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қаржыландыру шарттары
12 теңгеге дейін -
3 жылға дейін. Одан жоғары - 5 жылға дейін
Жылдың аяғына екі компания ауылшаруашылығы техникаларының лизингісіне мораторий жариялады. «АльянсЛизинг» АҚ уақытша лизингілік қызметін тоқтатты. Сөйтіп, 4-12, 5% проценттік мөлшерлемесімен және 8 жыл қаржыландыру мерзімімен «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландыру шарттары лизингілік қызмет нарығында қарызгерлер үшін ең қолайлы болып отыр
Пайдалы қаржыландыру шарттары компанияға өз нарығында айтарлықтай тауашаға ие болуына мүмкіндік берді. Осылай, «DAMU Research Croup» деректері бойынша «ҚазАгроҚаржы» АҚ үлесі 2008 жылдың аяғына қарай несие қоржынының мөлшері сияқты көрсеткіш бойынша 45, 4% құрады. Бұрынғыдай компанияның бірінші бәсекелесі нарықтағы 27, 4% үлесімен «Астана Финанс» АҚ болып табылады. Нарықтың басқа қатысушыларының үлесі бәрін жинақтағанда 27, 2% аспайды.
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіп кешені субъектілерін қолдау шеңберінде 2008 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ 44739, 6 млн. теңгеге шарт жасасты. Осы қаражаттан 21735, 9 млн. теңге 1 651 бірлік түрлі ауылшаруашылығы техникаларын, соның ішінде 167 бірлік егіс кешенін, 389 бірлік трактор, 718 бірлік астық жинайтын комбайн, 41 бірлік сепкіш пен 336 бірлік басқа техникалар сатып алуға қаржыландырылды.
Аймақтарға жеткізілген техникалардың елеулі саны жөнінде «ҚазАгроҚаржы» АҚ сатып алынған комбайндардың арқасында 4, 5 млн. га алқаптан астық жиналатыны айтады, бұл Қазақстан Республикасының жалпы егіс алқаптарының 29% құрайды. Ал біздің егіс кешендерімізбен 1, 2 млн. га алқапқа егін себіледі, бұл Қазақстан Республикасының жалпы егіс алқаптарының 8% құрайды. Сөйтіп, «ҚазАгроҚаржы» АҚ қарызгерлерінің барлық егістік жерлерінің көлемі 7, 6 млн. га құрады, бұл Қазақстан Республикасындағы жалпы егістік жер көлемінің 32% құрайды.
Сонымен қатар компания мемлекеттің саясатын іске асыра отырып, 2008 жылы жылыжай жүйесі мен тамшылата суару жүйесін, көкөніс қоймаларын, мұздатқыш қондырғыларын және көкеніс дақылдарын өсіру, сақтау және қайта өңдеуге арналған толық технологиялық желісін сатып алуды, сондай-ақ, ірі тауарлы-сүт фермаларын құруды қаржыландыру сияқты басым бағыттарға ерекше назар аударды.
Қазіргі танда еліміздегі барлық лизингтік компаниялар көбінесе, нақты өндірістік базасы бар, бірақ өндіріс көлемін ұлғайтуға, сол арқылы өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтер сапасын жақсартуға мүмкіндіктер беретін құрылғыларды, көлік құралдарын немесе арнайы техникаларды алуды қалайтын кәсіпорындардың жобаларына көбірек мән береді. Ал, жаңадан басталатын бизнес үшін лизингке құрылғылар алу өте күрделі мәселелердің бірі болып саналады. Бұндай жағдайды лизингтік компанияның тәуекелділігінің бірнеше есе жоғарылайтындығымен түсіндіруге болады.
Лизинг біздің елде іс жүзінде 2000 жылы «Қаржы лизингісі туралы» заңды қабылдауға байланысты дами бастаған. 2004 жылы лизингілік қызмет нарығына қолайлы жағдай жасалынды, яғни - лизингілік компаниялар қаржы лизингісі шарттары бойынша кейбір тауар түрлерінің импорты кезінде ҚҚС босатылған болатын, дәл сол кезде амортизация мерзімдері бойынша шектеулер де қысқартылған болатын. Осының бәрі лизинг нарығына серпінділік берді. Негізгі ойыншылар құрамы мен лизингілік мәмілелер құрылымы өзгере бастады. 2005 жылға дейін лизингілік нарық операторлары ретінде банктердің еншілес компаниялары мен мемлекеттік компаниялар алға шықты. Соңғы екі жыл ішінде нарықта сауда және қаржы-өнеркәсіптік топтардың құрамына енетін банктер, лизингілік компаниялар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қатысуымен құрылатын қаржы ұйымдары, сондай-ақ, шетелдік операторлар пайда болды. Бүгінгі таңда елімізде лизингілік қызмет жүргізу құқығына лицензиясы бар барлығы 104 ұйым тіркелген. Алайда, басқалары лицензияны белгілі бір келісім-шартқа арнап немесе өз тапсырыскерлері үшін қосымша қызмет ретінде алатын болса, нарықта оның 25% нақты жұмыс істейді.
Жаңа ойыншылардың пайда болуы нарықтың дамуына, салық жеңілдіктерін алу мүмкіндігіне, сонымен қатар жаңа сату арнасын (негізгі құралдар сатушылары үшін) дамыту қажеттілігіне негізделген.
Лизинг алушылардың да құрылымы өзгерді. Бастапқыда лизингілік қызмет тұтынушылары болып шағын бизнес компаниялары алға шыққан, бұл несиелер бойынша қамтамасыз етуді беру мүмкінсіздігінен туындаған болатын. Орта және ірі компаниялар банк несиелерін пайдалануды немесе ресурстарды қорлар нарығында тартуды артық көрді. 2006 жылы барлық лизингілік операциялардың 60% астамы шағын бизнес сегментінде жинақталған болатын. Солай бола тұрса да, соңғы жылдары орта және шағын бизнес тарапынан лизингке деген қызығушылық барған сайын арта түскені байқалады.
Алайда, 2007 жылдың қыркүйек айынан басталған қаржы дағдарысы көп елдердің экономикасына әсер етті, ал бұл болса, өз алдына лизингілік қарым-қатынастар құрылымының өзгеруіне әсерін тигізді. Сыртқы нарықтардағы шеттен алып пайдалану құнының елеулі көтерілуі екінші деңгейлі банктердің және басқа қаржы ұйымдарының қаржыландыру мөлшерлемелерінің көбеюіне әкеліп соқты. Егер бұрын екінші деңгейлі банк қарызгерлері жылдық 10-14% мөлшерлеме бойынша несие алса, енді қазір - 15-20% бойынша алады. Бұл олардың несиелерін ұлттық экономиканың түрлі салаларының көптеген алушылары үшін қымбатқа түсірді. Осының бәрі, біріншіден, елдегі құрылыстың даму қарқынында келеңсіз жағынан көрінді. Аталмыш саладан қаржылық инвестиялардың жылыстауы экономиканың ең тартымды секторларының бірі ретінде еліміздің агроөнеркәсіп кешеніне деген қызығушылығын арттыруға келтірді (сурет 3) .
«ҚазАгроҚаржы» АҚ құрылған кезеңнен бастап барлығы 4000 лизинг және қарыз шарттары жасасылды, ол бойынша инвестиция сомасы 130, 5 млрд. теңге құрады. 2008 жылы еліміздің 700 шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қаржылай көмек көрсетілді.
«Ауыл шаруашылығында лизингті жүйелі дамытудың басымдықтары» делінетін үшінші тарауда ауыл шаруашылығында лизингтік төлемдерді есептеу әдістеріне талдаулар жүргізу арқылы оны жетілдіру жолдары ұсынылды, лизингтік қарым-қатынастардағы тәуекелділіктерді есепке ала отырып осы саладағы басқару мәселелері мен Қазақстандағы басқару механизмдерін жетілдірудің нақты жолдары көрсетілген.
Лизингтік келісімді ұйымдастыру кезіндегі неғұрлым маңызды элементтерінің бірі лизингтік төлемдердің мөлшері мен құрамын экономикалық негіздеу болып табылады.
Лизинг үшін төлем - бұл лизинг объектісін пайдалану кезінде табыстарды бөлу бойынша лизингке беруші мен лизинг алушының арасындағы экономикалық қатынастар. Бұл жағдайда лизингтік төлемдер өңдіріс құралдарының (құрылғылар, мүліктер) құнын қайтаруды, капиталдар жинақтауды және кәсіпкерлік қызметті ынталандыруды қамтамасыз етуі қажет. Жалпы түрде лизингтік төлемдерді мүліктерге деген меншік құқығын көрсетудің экономикалық нысандарының бір түріне жатқызуға болады. Лизингке беруші мүліктерді лизингке бере отырып оның құнын белгілі-бір өсімақымен қайтарып алуды көздейді.
Лизингтік төлемдердің объективтілігі мүліктің құны және жағдайымен, амортизация мерзімі және нормасымен, қарыздық өсімақымен, салықтық жеңілдіктермен және т. б. шарттармен анықталады. Лизингтік төлемдердің мазмүны экономикалық элементтер және есеп айырысу тәсілдері бойынша төлемдер құрамымен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz