Кәсіпкерлік құқықтың тар және кең мағынадағы түсінігі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлік құқықтың тар және кең мағынадағы түсінігі

Жоспар

1.Кәсіпкерлік құқық түсінігі.
2.Кәсіпкерлік құқық пәні мен әдісі.
3.Қазақстандағы кәсіпкерлік қызметтің қағидалары.
4.Кәсіпкерлік құқық жүйесі.
5.Кәсіпкерлік құқықтың функциялары.
6.Кәсіпкерлік құқықтың қайнар көздері.

1. Құқық өзіне тән бірнеше құқық салалары негізінде біртұтас жүйені
құрайды. Ал сол құқық салаларын бірін бірінен тиісті құқықтын реттеу
пәні мен әдісі арқылы ажыратамыз. Бұл құқықтын пәні мен әдісі олардын
айырмашылығын айқындаумен қатар ол құқық салаларынын ерекшелігін не жан-
жақты көрсетіп береді. Яғни қандай да бір құқық саласы болсын, ол өзінін
құқықтық реттеу пәні мен әдісі арқылы айқындалады.
Кәсіпкерлік құқық – кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты
коммерциялық емес, кәсіпкерлік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды
реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы деп танылады.
Кәсіпкерлік құқықтың тұжырымдамасы ХХ ғ. басында пайда болған еді. Сол
кездегі тұжырымдама совет одағының заңгер-ғылымдарының ойын талқылаған
болатын. Мысалы, А.Гойбарх айтқандай, азаматтық құқық - әрқашанда құқықтың
бөлігі, ол халық құқығын ұстанған. Егерде жеке құқық пен жұрттын құқығы
арасындағы шекра жоғалып, яғни үзіліп кетсе, онда азаматтық құқық жоғалып
кететін еді, сондықтан оның орнына шаруашылық құқық ие болатын еді.
П.И. Стучканың түсінігі бойынша, азаматтық құқық - өндіріс пен айырбас
арасындағы қатынас деп түсінеді.Әрі ол ХХ ғ. 20 жылдағы Екісекторлық құқық
теориясын шығарған болатын ; онда әлеуметтік ұйымдарға әкімшілік –
шаруашылық құқығын, жеке тұлғаларға азаматтық құқығын ескерілген. Бірақ
көпшілік өркениет – ғылымдарының тұжырымынша, ол теория қате болып саналды.

ХХ ғ–ң 30 ж. басында бірыңғай шаруашылық құқық пен азаматтық құқық
тұжырымдамасы ғылыми тәртіп негізінде қарастырылды.Шаруашылық қ-қықтың
пайда болуы совет экономикасының аралас мінезімен байланысты. Шаруашылық
құқық арасындағы мәселелерді зерттеген құқықтанушылар жаңа экономикалық
жағдайларда туған көпшілік және жеке құқық арасындағы ымыраны талдауды
көздейді.
ХХ ғ –ң 50 жылдарында шаруашылық құқық тұжырымдамасы туралы пікір –
сайыста қайта қарады. Шаруашылық құқықтануда әр түрлі саладағы әлеуметтік
құқықтарын реттеуді қарастырады.Әр түрлі отырыстарда совет құқықтанушылары
шаруашылық кодексті қабылдау ұсынысты қарастырды.
ХХ ғ-ң 90 жылдарында Ресейде жоспарлы экономикадан нарықтық
экономикаға, басқа экономикадан тағы басқаға қөшу жүйесі басталды.
Сондықтан бұрын тұжырымдамаға өзгеріс еңгізу керек болды.
Бүгінгі уақытта әрбір саланың құқықтарыңың нормасы бар, ол мемлекеттің
саяси- экономикасымен тығыз байланысты. Соның ішінде саясатты анықтайтын
норма Ресей құқығының екі саласымен байланысты, ол - әкімшілік және
азаматтық.
Әкімшілік құқық , қызмет ету мен қатынасты басқаруды реттейді.Сондықтан
мұндай қатынас тігінен тұрғызылады. Ал азаматтық құқық мүліктік
қатынасты реттейді, сондықтан оларды көлденен тұрғызады. Осы салалардың
әрқайсысы шаруашылық құқықты реттейді.
Кәсіпкерлік құқық пәніне құқықтық қатынастың екі тобын қарастырамыз :
Біріншісі – кәсіпкерлік ұйымдастырушылық сала мен байланысты, бұнда
азаматтардың кәсіпкерлік сала мен айналысу құқығы қарастырылған.
Екінші топқа – кәсіпкерлік саланың өзіне байланысты қатынас жатады.
Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты – тауарды сату арқылы, мүлікті пайдалану
арқылы, қызмет көрсету арқылы көп пайда табу.Мұнда негізгі рөлді атқаратын
кәсіпкерлік құқықты азаматтық құқықты реттеу. Кәсіпкер мен тауар өндіруші
арасындағы өзара қатынас нарықтық экономикада тауар – ақша қатынасымен
реттеледі.
Азаматтық құқықтың бір бөлігін көпшілік – құқықтық әдісімен реттейді.
Оған орай құнды қағаздар эмиссиясын реттеу құқығы орын алады, тауарларды
сатып алу, жұмыс, қызмет көрсету, осының бәрі мемлекеттік келісім-шарт
арқылы жасалады. Бүгінгі таңда құқық ғалымдарын таныстыру, кәсіпкерлік
саланы реттеуде екі негізгі тұжырымдаманы қарастырады.
Манистикалық тұжырымдаманы ұстанушылар профессор Б.С. Мартемьянов,
И.В.Дойников, академиг В.В. Ловтевтің көз қарасынша, яғни кәсіпкерлік және
шаруашылық құқық- өз бетінше құқықтық саланың бірыңғайлық пәні деген.Осы
салалар өз күшіне мынадай норманы ығыстырады, яғни кәсіпкерлік қатынас
коммерциялық емес қатынаспен және эконмиканы мемлекеттік реттеу қатынасын
бір- бірімен тығыз байланыстырады.Заманға сай жағдайларда мемлекет пен
нарық арасындағы байланысты кәсіпкерлік саланың әдісімен реттеу мүмкін
емес.Профессор Е.А. Суханов кәсіпкерлік саланы реттеудің Дуалистік
тұжырымдамасын шығарды. Дуализм сөзі, жеке құқықтық қатынас пен тауар
өңдірушілер арасындағы азаматтық құқықты реттеу. Есептеу кезінде қолданбалы
мақсаттарды белгілеу әрқашан рұқсат.
ХХ ғ басында атақты орыс өркениетшісі Р.Ф. Шершеневич "тауар құқығы”
пәнінен сабақ бергенде, оны өзіндік сала құқығы деп санады, ол тауар
құқығына мынандай жауап берді: ол жеке құқықтың нормасы,яғни коммерциялық
айналымды реттеу, бірлікті кәсіпкерлердің қарым-қатынасын реттеу деп
таңыды. Осыған байланысты ол көпшілік және жеке тауар құқығын бөліп
қарастырды.
Көпшілік тауарлық құқық – ол мемлекеттік және тұлғалар арасындағы
тауарлық қатынасты реттейді. Жеке кәсіпкерлердің, банктердің,
қозғалыстардың құқықтық жағдайларын анықтайды.
Жеке тауарлық құқық – тауар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты
реттейді. Қазіргі кәсіпкерлік құқықты көпшілік тауарлық құқық ретінде
қараймыз. Кең мағынада, сауда кәсіпкерлік саланың бір түрі болып
анықталады. Егер біз шетел ғалымдарына құлақ салсақ, кәсіпкерлік құқыққа
қызығушылық таңытатын кәсіптік экономикалық жатады. Бұндай кәсіпкерлік
құқықтың кең мағынасы басқа құқықөтық саланың пәнін шектей қоймайды.
Сондықтан кәсіпкерлік құқыққа басқада дәстүрлі салаларды да жатқызуға
болады; олар : экологиялық, жергілікті және еңбек құқығы. Оларға санитарлық
–эпидемиялық зерттеулер керек етілмейді. Кәсіпкерлік құқықтың пәні болып,
қолданбалы мінез танылады, оны білім алу мақсатында пайдаланады. Олар бөлек
бөлімшелерден тұрады. Олар : қаржылық құқық, бәсекелік құқық және т.б.
Кәсіпкерлік құқық кең мағынада әр түрлі құқықтық нормаларды қосады, ол
бизнеспен тығыз байланысты. Бизнес, ол өз ішінде бір сала болып табылады.
Ол бір компаниядан екінші компанияға әр сала түрін қарастырады.Оған
көрсітілген қызмет қаржылық қорытынды шығару.
Кәсіпкерлік құқық ойдағыдай ғылыми – методологиялық жүйелер
қолданылады. Азаматтық құқыққа қарағанда РФ – ғы кәсіпкерлік құқық
бірыңғай, шоғырландырылған құқықтық акт болып танылады. Кәсіпкерлік
құқықтың ғылыми тұжырымдамасы ақталуына қарай келеселерімен бөлінеді.
1. Нарықтық шаруашылық жүйесі.
2. Осы жүйені объективті түрде реттеу.
Кәсіпкерлік құқық ғылымын кіріспенің методологиялық және ғылыми –
теориялық жүйесін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Біздің көз қарасымыз
бойынша кәсіпкерлік құқықты келесі себебтер бойынша бөліп қарастырамыз.
Кәсіпкерлік адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономистісі,
Гарворд профессоры Иозиф Шумпетер (1883-1950жж) мән берді. Оның айтқан
мынадай сөзі эпиграф болып саналады Кәсіпкер болу – басқаның істегенін
істемеу.
Екінші жағынан алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы
француз экономисі Жан Батист Сей (1767-1832жж) былай деген Кәсіпкер -
адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам.
Кәсіпкерлік терминін алғашқы рет ағылшын экономисі – Ричард Контильон
(1650-1758жж) енгізді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс
алу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызады.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама
түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғым
болғанмен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды.
Бизнес – табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік
қызметпен тығыз байланысты. Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер –
ол өнертапқыш. Сондықтанда бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас
тұрғысынан ешуақытта кәсіпкер бола алмайды. Нарық жағдайында кәсіпкерлік
қызмет көп нышанда болады. Оларды мына түрге бөлуге болады:
1. Масштабы бойынша: шағын, орта, ірі кәсіпкерлік.
2. Кәсіпкерліктің субъектілері бойынша: кәсіпкерліктің субъектілері
экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары – жеке тұлғалар, келісімшарт
міндеттемелерімен, ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы,
яғни ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғам,
холдингтер және осыған тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлер бола алады.
Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде
өзгерістер болып жатқанда, оның өткен тарихи кезеңдерін түсіну мен
зерттеудің маңыздылығының артатындығы белгілі. Еліміз тәуелсіздігін алған
уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер, жаңарулар болды. Өткен
ғасырдың соңғы онжылдығынан бері ел экономикасын қазіргі заман талаптарына
сәйкес дамыту шаралары жүргізілуде. Осыған орай, нарықтық шаруашылықтың
ұлттық жобасын құрудың белсенді ізденістері басталды. Бүгінгі таңда
кәсіпкерлікке кең ауқымды мемлекеттік қолдау көрсету, оның аясын кеңейту
мәселелері жолға қойылып отыр. 2007 ж. Президент Н. Назарбаевтың Қазақстан
халқына арналған Жолдауының он үшінші бағыты − шағын және орта
кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі дәйекті іс-қимылға арналды . Бұл міндетті
жүзеге асыруда әлемнің дамыған елдерінің тәжірбиесіне сүйенумен қатар,
отандық кәсіпкерліктің даму тарихына да назар аударудың мәні
зор.Қазақстанға ресейлік отарлау процесімен қатар енген капиталистік
қатынастардың ерекшеліктерін анықтау, бүгінгі нарықтық қатынастардың
заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан, Қазақстанда
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы, оның аймақтық ерекшелігін тиянақты
түрде зерттеу - заман талабынан туындап отырған қажеттілік.
Қазақстанның оңтүстігі ерте дәуірлерден бері геосаяси, әлеуметтік-
экономикалық, этно-демографиялық және мәдени жағынан маңызды аймақ болып
табылады. Бұл өлкенің осындай артықшылықтарын қазіргі уақытта тиімді
пайдалануды қамтамасыз ету үшін, оның экономикалық тарихына, әсіресе, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында қалыптаса бастаған жергілікті кәсіпкерлікті
дамыту нәтижелеріне объективті баға беру қажет.
Кейінгі жылдары отандық тарихнамада кәсіпкерлік мәселесі бойынша
зерттеулер жүргізу жандана бастады. Тарих ғылымыдағы бұл өзгеріс,
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихына қатысты жаңаша
тұжырымдамалар мен деректер қорын қалыптастыруымен құнды. Дегенмен,
зерттеушілер тарапынан Қазақстанның оңтүстік аймағындағы кәсіпкерліктің
қалыптасу және даму тарихы кешенді түрде қарастырылмады. Белгілі бір
саланың дамуының шынайы көрінісін жасау, оның барлық жақтары қамтылып, олар
өзара салыстырылған жағдайда ғана іске асатындығы белгілі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқықтың қалыптасу тарихы мен дамуы, құқық жүйесіндегі орны
Меншiк пен кәсiпкерлiктiң конституциялық негiздерi
Құқық және заң ұғымы
Мемлекет пен құқықтың арақатынасы
Азаматтық-құқықтық жауапкершілік түрлері және нысандарының сұрақтары
ҚҰҚЫҚ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. Құқық түсінігінің маңызы және оны талдап түсіндіру
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Сөз бостандық құқы
Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар
Азаматтық құқық қатынастардың объектілері
Пәндер