Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, және қаржыландыру



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс 2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау, және қаржыландыру.
Шағын бизнес – нарықтық экономиканың негізі. Шет елдерде оның дамуы үшін
50-ші жылдардан бастап орталық және аймақтқ мемлекеттік басқару
органдарының мамандандырылған жүйелері мен тікелей және жанама қаржылық
қолдау жүйелері құрыла бастады.
197 жылы маусым айында қабылданған Қазақстан Республикасының Шағын
кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заңының 3-ші бабында шағын
кәсіпкерліктің субъектілерінде айдай анық анықтама берілген, нақтылап
айтқанда, шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып жұмысшыларының орташа
жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің құны жылына орта
есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін заңды тұлға
мен заңды тұлғаларды құрамайтын жеке тұлғалар болып саналады.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы:
1. айырықша қажеттіліктерді (ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер қызметі,
сәлемдемелерді жеткізу қызметін құру және т.б.) қанағаттандыру
мүмкіндігі;
2. өзгерістерге тез икемделу қабілеттілігі;
3. жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдерін мақұлдау мүмкіндігі.
Баршаға белгілі, Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш
мақсаты бар: өнімдер мен қызметтерді өндіру көлемін ұлғайту; халықтың
жұмыспен қамтылуын күшейту; салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке
түсуін көбейту.
Алынған статистикалық есепті талдаудың көрсетуіне қарағанда 1997 жылғы
республикадағы шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтін адамдардың
саны оншалықты өспеген. 1996 жылдың соңында 21,2 единица болса, 1997
жылдың аяғында – 21,9 болған. Күшіндегі заң бойынша шағын кәсіпорындарды
дамыту оның барлық қызметтері салаларында ынталандырылуы тиіс.
Кәсіпорындардың және оларды жұмыс істейтін жұмыскерлер санының
тұарақтамауы, шағын бизнестің тиімсіз салалық және аймақтық
құрылымдарының құрылуы және оның қылмысқа баруы, ұсақ кәспікрлердің
өндірістен және инвестициядан қашуы сияқты шағын кәсіпкерлік аясында
соңғы кездері көрініс берген дағдарыстық процестер қазіргі Қазақстан
экономикасының маңызды секторының басқаруға келмейтіндігі, оның
ұйқы-тұйқы қалыптасқандығы туралы тұжырым жасауға негіз болады.  Мәселе,
оның жетілген инфрақұрылымының жоқтығы шағын кәсіпкерлікті қолдауға
бөлінген қыржылық қаражаттың шектеулілігінде ғана емес, сонымен бірге
шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік стратегиясының, тиісті салалық,
аймақтық және басқадай артықшылықтың айқындалмауы, кәсіпкерлік
құрылымдармен кері байланыстың болмауы, өтіп жатқан процесстерді бақылау
және оларды теңестірудің жоқтығында болып отыр. Шағын бизнес аймақтық
жергілікті масштабта, ұлттық экономиканың айырқша секторы түрінде әлдебір
секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын
болып әйгіленген.
Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер
оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсету мәжбүр
етеді. Оларға мыналар жатады:
-меншік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан,
менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының
табысқа жетудегі рөлі мен мәнін күшейтеді;
-кәсіпорын масштабының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскерлердің
арасындағы тікелей байланыс, бір жағынан, басқару тиімділігін арттырады,
екінші жағынана - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;
-кәсіпорын мүмкіндігі мен ресурстардың шектеулілігі, бір жағынан, оған
тауар түріне (жұмыс, қызмет) берілген бағаға және тауарлы рынок жағдайына
айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады, екінші жағынан – қызмет түрін
тез өзгертуге жағдай жасайды.
-тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы,
бір жағынан, сатуды кеңейтуді шектейді, екінші жағынан – тұрақты
сұранымды қалыптастырады және қызмет көрсетусапасын көтеруге
ынталандырады;
-қаржылық ресурстарға жол ашуды шектеу, бір жағынан, өндірісті кеңейту
мүмкіндігін шектейді, екінші жағынан, қаржылық ресурстардың бытыраңқы
рыноктарын (жеке жинақ, танысқандар мен туысқандардың қаражаттарын,
өсімқорлар мен капиталын) пайдалануға итермелейді.
Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен және тәуекелшілік деңгейі
көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:
- өте бимәләмділігімен, белгісіздігімен және стихиялылығымен сипатталатын
жергілікті, бір маңайдағы аумағының аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бұл –
ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс
жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;
- мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен,
қаржылы-несиелі институттармен, ұйымдасқан қылмыспен объективті түрде
әлжуаз позицяда тұрады, мұның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік
ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
- өзінің ішкі еезерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте
сезімтал келеді.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайлардың
өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы
толқыны салық салу жөніндегі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру
Кәсіпорындағы сервистік қызметті ұйымдастыру және дамыту болашағы
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Кәсіпкерлікті қызметті қаржыландыру
Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлаудың мәні
Кредиттік оқу жүйесі
Бизнес-жоспар кәсіпорын қаржысын стратегиялық жоспарлау мен басқарудың құралы ретінде
Пәндер