Кәсіпкерлік қызмет. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерлік қызмет

Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір
өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы
нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті орта қалыптастырады,
халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі
даму мүмкіндігін кеңейтеді.
Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа
идеялардың қайнар көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне
айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгінде шағын және орта бизнес тек қана
кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен бірге шағын
және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын да айтқан жөн.
Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер
орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар
әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық
экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады.
Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда
бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы
ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиесілі болып келеді.
Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай
жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең
бастысы – бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады. Сондай-ақ, шағын
кәсіпкерлік халықты жұмысқа орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие,
өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді.
Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет айрықша мүдделі. Өйткені, осы арқылы
қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен
қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады.
Іс жүзіндегі шағын кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы
және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды
жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады.
Инновациялық және жоғары технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің
иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін
біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды
талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану арқылы
жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер
кооперация арқылы ел экономикасына инвестиция тартуды еселей түсудің де
мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіпорындар жұмысын шағын кәсіпорындармен
субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы
оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін
нығайтуға да болғандай.
Қазіргі таңда Қазақстандағы шағын кәсіпкерлік саласында 1,5 миллионнан
астам адам еңбек етеді. Осыншама адамның отбасында, әулетінде қаншама жан
бар. Кәсіпкерліктің дамуына жүргізілген талдаулар бұл саланың елдегі
тұрақтылыққа оң ықпал жасап отырғанын айғақтайды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеті көбінесе жергілікті
жерлердегі атқарушы органдардың іс-қимылына тәуелді болып келетіні де
жасырын емес. Сол себептен де шағын бизнестің өркенін кең жаю үшін
мемлекеттік қолдау қажеттігі білініп отыр. Бұл үшін арнаулы шараларды қолға
алу қажет.
Біздің елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы Негізгі Заңда –
Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс тапқан. Әркім
кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқықты, өз мүлкін кез келген заңды
кәсіпкерлік қызметке пайдалана алады. Мемлекет кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғауды, қолдауды қамтамасыз етеді.
Қазақстандағы шағын және орта бизнесті қолдау тұрғысындағы
проблемалардың маңыздылығын ескерген мемлекетіміз бірқатар доктриналық
сипаттағы құжаттарды әзірлеп, жүзеге асыруға ұйытқы болды.
“Қазақстан-2030” Стратегиясының логикалық жалғасы іспетті “Индустриялық
даму” басымдығын әйгілеген “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық даму Стратегиясы” өмірге келді. Осы құжатта мемлекет
қызметінің осы сала бойынша негізгі және концептуалдық бағыттары кеңінен
қарастырылған.
Алдағы 8 жылда Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті
мемлекеттік қолдаудың нақты және тиімді үлгісі жасалды. Стратегияны әзірлеу
барысында шетелдік тәжірибелер кеңінен зерттелді.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры тарабынан шағын кәсіпкерлікті қолдаудың
қаржылық-кредит саясатында елеулі өзгерістер болжанып отыр. Ол өздерінде
бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруды қалайтын халықтың әр
түрлі жіктері үшін нақты көмекші болуы тиіс. Қордың филиалдық-өкілдік
желісін кеңейту, өңірлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, әсіресе
ақпараттық-талдау, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну
бөлігіндегі жұмыстарды күшейту қажет.
Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтасуы және
өзара іс-қимыл жасауы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.
Үкімет шағын кәсіпорындарды озық технологиялармен және басқару
тәжірибесімен алмасу бойынша мемлекеттік көтермелеу, олардың халықаралық
стандарттарды енгізуі мен халықаралық нарықтарды игеруі тетіктерін
әзірлеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты халықаралық қаржы
институттарымен, бірінші кезекте Қазақстанда экономиканың жеке секторына
кредит беру жөніндегі жобаларды іске асырушы Азия Даму Банкімен және Еуропа
Қайта құру және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту жайлы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы
Шағын кәсіпкерлік кәсіпорындардың қаржысы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау және дамыту туралы ақпарат
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының институттары
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Франчайзингтың теориялық аспектілері
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың инфрақұрылымдарын дамыту
Пәндер