Кәсіпкерлік қызметінің мәні, түрлері, олардың өзара қатынастары


Жоспар
- Кәсіпкерлік қызметінің мәні, түрлері, олардың өзара қатынастары
- 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламадағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудегі іс - шаралар
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың өз ісіне деген ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін арттыра түсуде.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрған бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш - жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің барлық түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық - өндірістік, сауда - көтерме сату, жаңартпашылық, консультациялық қызметтер және т. б коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
ҚР - да кәсіпкерлік қызмет субъективтері мыналар:
- Қазақстан азаматтары
- Шетел мемлекетінің азаматтары
- Кәсіпкерлік ұжым
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкердің жауапкершіліктері ұлттық заңдармен реттеледі.
Мысалы, ҚР заңдарымен реттелетіндер :
- Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және оған мүліктер сатып алу
- Барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы
- Меншік түріне және ұйымдастыру - құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы
- Кәсіпкедің мүліктерін заңсыз айыруды қорғау
- Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау
- Нарық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу
Кәсіпкер тауар өндіреді, сосын оларды сатады. Осыған орай кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әр формасының өзіндік ерекшеліктері, өзгешелігі, технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке - тұтынушылардың кейіннен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинақтау, өңдеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау т. б бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүдделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесі мол өнім өндіружәне оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Коммерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұнының мәнін айқындайтын тауар - ақша қатынастары, тауар айырбастау операциялары жатады. Өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату және қай жерде екенін таңдай білу қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісінің айрықшалығы - тауар болып табылады: ақшалар, валюта, құнды қағаздар, яғни бірдей ақшаларды сату тікелей және жанама формада жүргізіледі. Сондықтан Қаржылық кәсіпкерлік - ол коммерцияның бір түрі, онда Қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі, коммерциялық технология мәмлесімен ұқсас болады, айырмашылығы тек тауары - қаржы активі болып табылады.
Кәсіпкерлік қызмет ұлттық экономиканы дамытуда ықпал етеді.
.
Кәсіпкерлік қызметті дамыту мемлекеттік реттеудің қарапайым әрі тиімді режимімен ынталандырылатын болады. Мысалы, энергияны қажетсінетін салаларда Үкімет жаңартылатын энергия көздерін пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды енгізетін компанияларды ынталандыру мәселесін қарайды.
Мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктері арқылы кәсіпкерлік үшін мүмкіндіктер туғызу тұрғысында мемлекеттік шығыстардың тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жүргізілетін болады.
Бизнесті дамыту үшін барлық ықтимал әкімшілік кедергілерді азайтуға арналған нақты қадамдар қабылдау болжанып отыр. Жеке кәсіпкерлікті тексерулердің барлығы заңмен ғана реттелетін болады. Бұл нормалардың барлығы "Жеке кәсіпкерлік туралы" Заңда қарастырылған.
Шағын ксіпкерлікті дамыту қоры тарабынан шағын кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылық-кредит саясатында елеулі өзгерістер болжанып отыр. Ол өздерінде бар кәсіпкерлік әлеуетті және бастаманы іске асыруды қалайтын халықтың әр түрлі жіктері үшін нақты көмекші болуы тиіс. Қордың филиалдық-өкілдік желісін кеңейту, өңірлерде кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған, әсіресе ақпараттық-талдау, консалтингілік және оқу-әдістемелік қызметтерді ұсыну бөлігіндегі жұмыстарды күшейту қажет.
Шағын және орта бизнестің ірі кәсіпорындармен тиімді ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл жасауы үшін қажетті жағдай жасалатын болады.
Үкімет шағын кәсіпорындарды озық технологиялармен және басқару тәжірибесімен алмасу бойынша мемлекеттік көтермелеу, олардың халықаралық стандарттарды енгізуі мен халықаралық нарықтарды игеруі тетіктерін әзірлеуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты халықаралық қаржы институттарымен, бірінші кезекте Қазақстанда экономиканың жеке секторына кредит беру жөніндегі жобаларды іске асырушы Азия Даму Банкімен және Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен тығыз ынтымақтастыққа негізгі назар аударылатын болады.
Бұған қоса, өндіруші емес салаларға инвестицияларды тарту бойынша жұмыстар жандандырылатын болады. Әрі бұл экономикаға қаржы капиталынан басқа, жаңа технологиялар әкелетін, біздің бизнес-менеджменттің кәсіпқойлығының өсуіне ықпал ететін, іріктелген басым кластерлердің қосымша құндары тізбектерінің жетіспейтін тұстарын толықтыратын, нәтижесінде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін инвестиция болуы тиіс.
Осыған байланысты Үкіметтің алдағы кезеңге арналған бағдарламасында трансұлттық және ірі шетелдік компанияларды экономиканың шикізат емес секторына тарту жөніндегі тұтас іс-шаралар кешенін жүргізу көзделіп отыр.
Атап айтқанда, Қазақстанның шет елдегі елшіліктерінің жанынан сауда миссиялары құрылатын болады, олардың міндеттері шетелдік инвестицияларды Қазақстан экономикасының шикізат емес секторына тарту ғана емес, сонымен бірге қазақстандық кәсіпорындардың тауарлары мен инвестицияларын сыртқы рыноктарға экспорттауға жәрдемдесу болады.
Бұдан басқа, шағын және орта кәсіпорындардың қатарынан отандық инвесторлардың класын дамыту қажет. Бұл үшін инвестициялық заңнаманы, инвестицияларды мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру, сондай-ақ отандық компаниялар арасында инвестицияларды жүзеге асыру мәселелері жөніндегі белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу бойынша шаралар қабылданатын болады.
Жеке компаниялар, қарқынды дамып келе жатқан өндірістер мен салалардың, мысалы, ауыл шаруашылығы, мал шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі қатысушылары үшін қазіргі заманғы жабдықтар лизингін кеңейту мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда.
Үкімет жеке меншікті қорғау, инвесторлардың құқықтарын қорғау және қоғамдағы келісім-шарттық қатынастарды нығайту жөнінде бірқатар шараларды әзірлеуді және қолдануды жоспарлап отыр.
Даулар мен төрелік рәсімдерді тәуелсіз қарау жүйесін нығайту көзделіп отыр.
Өңірлерде әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялар (ӘКК) желісі құрылатын болады, олардың қызметі инвестицияларды тартуға және жаңа жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде жинақталған пайданың бір бөлігі өңірдегі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталатын болады.
Бұл корпорациялардың қызметі бүкіл елімізде де, одан тысқары жерлерде де жүзеге асырылатын жаңа жобаларды тартуға бағытталатын болады. Кез келген ӘКК-нің қызметі әкімшілік округтен үлкен аумаққа таралатын болады және өндірістік байланыстарға мейлінше жуық болады. Үкімет Қазақстанда 5 ӘКК құру орынды деп санайды.
Олардың қызметіне қатысты мемлекеттік реттеу мен ынталандыру шараларының кеңейтілген жүйесі қолданылатын болады. Әрбір ӘКК мөлшері бойынша елеулі игерілмеген жер учаскелерін қоса алғанда, елдің тиісті өңірінде мемлекеттік активтерді басқаратын холдингілік компанияны білдіреді.
Жергілікті атқарушы органдардың аудандық және қалалық әкімдіктердің жанынан құрылған кәсіпкерлік бөлімдері ұйымдастырушылық рөл атқаратын мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыру арқылы жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі рөлі күшеюі тиіс.
Құрылған Кәсіпкерлік практика жөніндегі республикалық оқу орталығының мәртебесін арттыру бойынша жұмыс жалғасады. Бұл үшін оған құрылған Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі орталықтардың желісі арқылы өңірлерде өкілдігі бар кәсіпкерлік проблемалар ғылыми-зерттеу орталығы мәртебесін беру болжанып отыр.
Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін мемлекеттік органдар жұмыстарының нәтижелері бойынша Кәсіпкерлік еркіндігі индексін сынау және рейтингілік бағалау жүйесін енгізу жүреді, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің заңсыз араласуынан қорғауды қамтамасыз етеді.
Азаматтық қоғамды дамыту шеңберінде бизнес пен биліктің әлеуметтік серіктестік қағидаттары сыбайлас жемқорлық әрекеттерге өркениетті қарсы күш болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz