КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ



Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
13.КӘСІПКЕРЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ
Жоспар:
13.1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттіліг13.2. 13.2.
Кәсіпкерлік инфрақұрылымы
13.3. Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымының институттары. Шағын бизнес
орталықтарының құрылуы мен қалыптасуы
13.4. Шағын кәсіпкерлікті ақпараттык, қамтамасыз ету
13.1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мәні және қажеттілігі
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік тұрғыдан
қолдауға ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл тұрғыдан алғанда мемлекет
тарапынан қабылданатын іс-шаралардың негізгі мақсаты кәсіпкерліктің дамуы
үшін құқықтық және экономикалық жағдайларды қалыптастыру, кәсіпорындардың
тұрақты дамуы мен қызмет жасауына қолайлы әріптестік қатынастарды орнату,
бәсекелік ортаны қорғау, қабылданатын экономикалық шешімдердің
кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау тұрғысынан жүргізілуін қадағалау т.б.
Мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары, нысандары, масштабтары
республикадағы кәсіпкерліктің даму аясында пайда болатын экономикалық және
элеуметтік мәселелердің сипаты мен өзектілігімен анықталады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы оны қолдау мен дамытудың
мемлекеттік бағдарламаларында қарастырылған. Алғаш рет бұл мәселелер 1990
жылы қабылдан-ған Қазақстан Республикасының Қазақ КСР-дағы шаруашылық
қызметтің еркіндігі мен кәсіпкерліктің дамуы туралы Заңында көрініс тапты.
1992 жылы кәсіпкерлік қызмет нәтижесінде пайда болатын мәселелерді шешу
мақсатында Кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы Заң қабылданды. 1992-
2010 жж., 1992-1994 жж., 1994-1996жж., 1996-1998 жж., 1999-2000 жж., 2001-
2003 жж., 2004-2006 жж., 2007-2009 жж. және т.б. жылдарға арналған
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту
бағдарламалары мен
іс-шаралар жүйесі жүзеге асырылды.
Мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қалыптастыру мен дамытудағы
іс-шаралар негізінде келесідей жағымды өзгерістерді атауға болады:
- несиелер алу үшін жеңілдік беретін жағдайлар жасау;
- екінші деңгейдегі барлық банктермен шағын кәсіпкерлік
субъектілерін несиелендірудің минималды мөлшерін орнату (банктің
негізгі қарызынан 10% төмен емес деңгейде);
- өндірістік объектілер мен алаңдарды, кеңсе орындарын сатып
алуда оның қүнын белгілі бір уақыт аралығында бөліп төлеу, сонымен
қатар оларды жалға беру немесе сенімді басқаруға беру бойынша
заңнамалық жеңілдіктер беру;
- қызмет түрлерін анықтау, атап айтқанда импорт-ты
алмастыратын халық тұтынатын тауарларды өндіретін кәсіпорындарды құру
мен жұмыс істеп түрғандарын дамыту және агроөнеркәсіптік кешен
өнімдерін тереңдетіп өңдеу бой-ынша өндірістік жүйені дамыту;
- хеке кәсіпкерлер мен жеке кәсіпорындарды құру және тіркеу,
Сонымен қатар екінші деңгейлі банктерде олардың шотын ашу
процедураларын жеңілдету;
- бақылаушы және инспекциялық мемлекеттік орган-дар санын және
олармен көрсетілетін ақылы қызметтер санын қысқарту.
Қазақстан-2030 Стратегиясы, Қазақстан Республика-сының 2010-2014
жылдарға арналған үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік
бағдарламасында, Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасында Қазақстанның
экономикасын дамытудағы кәсіпкерлік аяны ары қарай күшейтудің негізгі
бағыттары анықталған. Бұл тұрғыда басты мақсат - индустриялық-инновациялық
және технологиялық даму негізінде ұлттық экономиканы әртараптандыруды
жүзеге асыруға жетекші рөл берілген. Сондықтан да Қазақстанның ұлттық
экономикасының құрылымдық аясын жақсарту, салааралық және аймақтық деңгейде
кәсіпкерлік атқаратын қызмет аясын кеңейту мақсаттары белгіленген.
Кәсіпкерлікті дамыту басымдықтары жүргізілетін құрылымдық,
өнеркәсіптік және сыртқы экономикалық саясаттарға сай болуы керек және олар
аймақтық саясаттың негізгі бағыттарымен байланыстырыла отырып жүргізіледі.
Жүргізілетін үрдістердің тұрақты болуын ескере отырып, кәсіпкерлікті дамыту
үшін оның қызмет етуінің ең тиімді салаларын дамыту көзделген. Оларға
мыналар жатады:
- жергілікті өндірістік және өзіндік нарықтық жүйесі бар
салалар;
- өнімнің көп ассортиментін шығару мен өзгермелі сұранысқа
бағытталған салалар;
- монополиялық үстемдігі жоқ салалар, яғни енім номен-клатурасы
тұрақсыз болатын және технологиялары жетілмеген, даму сатысындағы
салалар.
Кәсіпкерліктің дамуына, кәсіпорындардың қуатты, экономикалық
құрылымдардың өндірістік желілеріне интеграциялық кірігуі септігін
тигізеді. Бұл жағдайда мәселені шешуде, ерекше рөлді қаржы-өндірістік
топтар атқара алады. Мұндай интеграцияның ұйымдастырушылық нысандары алуан
түрлі: лизинг, франчайзинг, белгілі бір қаржылық кепілдер бойынша қосалқы
бөлшектерді тасымалдауға деген ұзақмерзімді контрактілер; сенімгерлік
операциялар; несиелік міндеггемелер (қарыздар) мен төлемдерді және т.б.
қосқандағы өзара та-лаптарды есепке алудың вексельді және басқа да
нысандары. Өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың мұндай нұсқа-сының
артықшылығы болып кәсіпкерлік үшін кепілдендірілген өткізу нарықтарын,
әсіресе қаржы ендірістік топтардың экспорттық нарыққа қарқынды түрде
шыққандағы болып табы-лады.
Қаржы-өндірістік топтар бір құрылымда экономикалық қызметтің бірнеше
деңгейлерінің бірқатар объектілері мен субъектілерін біріктіреді. Ол үдайы
өндірісті, қаржылық, өндірістік және тауарлық капиталдардың айналымын,
олардың жинақталуын, шоғырлануы мен жалпы ел экономикасы мен өнеркәсіптік
сектордың басым бағыттарын түрлаулы түрде ин-вестициялауды жүзеге асыруға
мүмкіндік береді.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың жоғарыда аталған нысандарын
пайдалана отырып, кәсіпорындардың қызметіне мемлекеттің әсер етуі (тікелей
және жанама) мен мемлекеттік әсер етудің (ұйымдастырушылық-құрылымдық,
қаржысалықтық және мүліктік) функционалдық бағыттарына қарай топтастырылған
біртұтас жүйені ұсынуға болады.
Кәсіпорындарды қолдаудың тікелей нысандары келесі критерийлер бойынша
бөлінуі керек: шағын кәсіпкерліктің дамуы үшін жалпы жағдайларды қамтамасыз
ететін инфрақұрылым элементтері мен басқа да шаруашылық субъектілердің
қатысуының тікелей болуы. Мысалы, шағын кәсіпорындарға тікелей салықтық
жеңілдік беру Олардың болашақтағы инвестициялық жобаларын жеңілдікпен
қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттың бөлінуі, шағын кәсіпорындарға тегін
пайдалануға немесе жеңілдікпен жалға алуға мемлекеттік алаңцарды ұсыну және
т. б.
Кәсіпорындарды мемлекеттік қолдаудың қосымша нысандарын жанама түрде -
ірі және орташа өнеркәсіптік компанияларды, банктерді, сақтандыру
фирмаларын, қоғамдық (сауда-өнеркәсіптік палаталар, кәсіподақтар және т.б.)
және халықаралық ұйымдарды ынталандыру арқылы жүргізу қажет. Сонымен қатар
кәсіпкерлікті дамытудың жалпы жағдайларын (оқу орталықтары, бизнес-
инкубаторлар, технопарктер, лизингтік, консалтингтік және аудиторлық
фирмалар және т.б) қамтамасыз ететін шағын кәсіпкерлік инфрақұрылым
элементтерін іске қосу арқылы да жүзеге асырылады. Сонымен қатар,
кәсіпкерліктің дамуының жоғары деңгейін сыйақылау ретінде, аймақтар мен
жергілікті өкілдік органдарына субвен-циялар мен дотацияларды бөлу
ретіндегі мемлекеттік қолдау нысандарын да жатқызуға болады.
Ірі кәсіпорындарғатапсырыстар беру, ал олардың өз кезегінде шағын
кәсіпкерлік нысанға тапсырыстың белгілі бір мөлшерін орналастыруы жанама
көмектің мысалы болып табылады.
Аталған топтастыру, кәсіпкерлікті қолдаудың жалпы мемлекеттік және
аймақтық бағдарламаларының міндеттерін шешу тетіктерін таңдау кезінде
қолданылуы мүмкін.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың нысандарын бірік-тіретін жоғарыда
аталған топтарды құрамдастыру, кәсіпорындардың қызметін жоспарлауға билік
органдарының әсер етуінің көптеген нысандарын тәжірибелік түрғыдан
синтездеу мен терең түрде талдауды қажет ететін міндеттерді шешуге
мүмкіндік береді.

13.2. Кәсіпкерлік инфраңүрылымы
Экономикалық қатынастарды ұтымды түрде дамытудың қажетті шарттарының
бірі нарыққа бейімделген инфрақұрылымды қалыптастыру болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметті инфрақұрылымдық қамтамасыз ету түсінігінің
құраушылары:
- өндірістік инфрақұрылым;
- элеуметтік инфрақұрылым;
- институционалдық инфрақұрылым;
- ақпараттық инфрақұрылым;
- экологиялық инфрақұрылым

Инфрақұрылымды дұрыс басқаруға кәсіпорын немесе ұйым жұмысының жалпы
табысы, жалпы өнеркәсіптік шығындардағы инфрақұрылымға деген шығындардың
үлес салмағы, инженерлік жүйелер мен құрал-жабдықтың жағдайы, оларға қызмет
көрсетуге жұмсалған шығындар, инфрақұрылымды жақсарту үшін арнаулы қордың
болуына байланысты болады. Кәсіпкерлік, жүйе құраушы рөлді атқара отырып,
барлық экономикалық құрылымға, салааралық, салалық және аймақтық кешендерге
өз әсерін тигізеді.
Кәсіпкерлік инфрақұрылым экономикалық жүйеде ерекше рөл атқарады.
Өйткені ол тарихи және логикалық тұрғыдан еңбек үрдісінің функцияларын
негізгі және қосалқы деп бөлу барысында пайда болып, ал ары қарай
инфрақұрылымдық салалардың пайда болуына тікелей әсер етеді.
Кәсіпкерлік қызметті жүйелеу нәтижесінде, әр түрлі әдістемелік тәсілдерді
пайдалана отырып, оларды бірегей құрылымдық сызбаға жинақтауға болады (37-
сурет). Бұл жағдай кәсіпкерлік қызметтің теориялық, әдістемелік негіздерін
ескере отырып, оны қалыптастыру мен дамытуға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлік инфрақұрылымды зерделеу оның инфрақұрылымын қамтамасыз
етуде ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеріп, қажетті іс-шараларды
жүргізуге, құрал-жабдықтарды жасап шығаруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде
ол аймақтың, қаланың, ауданның, элеуметтік-экономикалық даму-ына үлкен әсер
етеді (38-сурет).

Кәсіпкерлік қызметті қолдаудың тиімді шешімдерінің бірі мемлекеттің,
аймақтың және жергілікті жердің өзін-өзі билеу органдарының кәсіпкерлік
инфрақұрылымын құруға және дамытуға белсене араласуы болып табылады. Өз
кезегінде бұл үрдіс жергілікті, аймақтық және ұлттық экономиканың
тиімділігін арттыруға әсер етеді (39-сурет).

Кәсіпкерліктің тиімді қызмет етуі тек оның ғана емес, сонымен қатар ол
қарым-қатынас жасайтын басқа да ұйымдардың өзара үйлесімді дамуына
байланысты. Олардың өзара байланы-сы нарықтық инфрақұрылым арналары мен
элементтері арқылы қамтамасыз етіледі. Демек, әлеуметтік және экономикалық
қатынастардың үйлесуіне бағытталған қоғамдағы сапалық өзгерістер біршама
дәрежеде нарықтық инфрақұрылымның даму-ына байланысты болады. Сондықтан
барлық инфрақұрылымдық кешен мен оның құраушыларының қалыптасуының ішкі бай-
ланыстарын, дамуына әсер ететін факторларын жүйелі түрде зерттеуді қажет
етеді.
Кәсіпкерлік инфрақұрылымы оны қалыптастыратын жиынтық элементтерімен
біріге отырып, нарықта бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында
шаруашылық жүргізу субъектілердің қызметі мен сыртқы ортаның әсер етуінің
алуантүрлілігін ескере отырып, бизнестің өсіп бара жатқан транзакциялық
шығындарын азайтудың пәрменді механизм пайдалану қажет.

Осы тұрғыдан алғанда, шағын және орта кәсіпкерліктің қалыптасуына әсер
ететін жүйелік құраушы факторлар оның қызметінің сыртқы және ішкі ортасының
жиынтығымен анықталады (40-сурет).

Шағын және орта кәсіпкерлік аясындағы мемлекеттік сая-сатты жасау мен
жүзеге асыру тізбегін нақты түрде пайдаланған кәсіпкерлікті қолдау мен
дамытудың толыққанды, көпдеңгейлі инфрақұрылымының қалыптасуы мен дамуын
қамтамасыз етеді.

13.3. Кәсіпкерлік қызмет инфрақұрылымынын, институттары. Шағын бизнес
орталыңтарының құрылуы мен қалыптасуы
Кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы жеке кәсіпкерлік қызметті құрудың,
қызмет етуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және оның инфрақұрылымы туралы
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнеске қолғабыс ету инфрақұрылымы
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заңдар
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен қорғау
Шағын бизнестiң түсiнiгi және түрлерi
Кәсіпкерлік ұйымдардың тұрақсыздығы
Нарықтық экономика және кәсіпкерлік негіздері
Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ
Пәндер