Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық және институционалды қамтамасыз етілуі



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық және институционалды қамтамасыз
етілуі

Заң шығарушылық қызметі Қазақстанда кәсіпкерлік белсенділікпен
тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілік негізінде өз жұмыстарын
ұыймдастыруға бағытталған. Мысалы: өндірістік, сауда-саттық коммерциялық,
делдалдық қызмет, қызмет көрсету және т.б. Жоғары параграфта
көрсетілгендей, Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет жалпылама сипатқа ие. Бұл
бір адамның ғана жанұясы үшін емес, қоғамдық мақсатта басқа да адамдар үшін
жүргізіледі. Демек, оған белгіленген заңмен және ұйымдармен басқару
құрылымдардың шаруашылық құқық формасынын ережелеріне сай болуы керек.
Себебі адам және қоғамға, шаруашылық субъектісіне заңда қарастырылған ресми
құқылы статусына қайшы келмейтін қоғамдағы нақты жұмысымен айқындалатын
танымал кәсіпкер.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі, өмірде бірқатар
ұйымдастыру занға сәйкес формаларын тудырды, бұлар жобалау-директивті
экономикаға жат. Нарық экономикасы дамыған елдерде және біздің
Республикамыздағы кәсіпкерліктің ұйымдастыру-құқылы формаларын саралауда,
біздің бизнестік ұйымдастыру формаларының шетелдіктерге жақындауын байқауға
болады. Сонымен қатар елеулі айырмашылықтар да бар, ол біздің еліміздің
нарықтық қатынасқа өту кезеңінің өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіріледі.
Біздің елімізде кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық - құқықтық формалары
жекеменшіктің пайда болуын, формаларының әсерімен қоса басқа да факторлар
масштабтылық, қызметтің көрінісі, басқару сипаттамасы, жауапкершілік
дәрежесі арқылы да қойылады. Бұрынғы кеңес экономикасы жағдайында кез
келген кәсіпорын мүліктік оңашаланған шаруашылық бірлік ретінде
қарастырылып келген және мұндай бірліктер арасындағы
қарым-қатынастар бірлескен орталықтандырылған мемлекеттік регламентпен
анықталды және олардың қарым- қатынастарының құқықтық тәртіпті белгіледің
қажеттілігі болмаған. Нарықтық экономикада типіне өтуде бірінші қатарға
кәсіпкерлік проблемасы, кәсіпкерлік құрылымдардың ішкі және сыртқы
реттелуінің жағдайы, олардың әрекеті мен ұйыдастыру тәртібі қойылды.
Сондықтан кәсіпкерлік бойынша Қазақстандық заң шығарушылық бірқатар
кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-
құқықтық формаларының барын көрсетеді. Сипаты бойынша шетелдердің бизнес
дамуының ұйымдастырушылық формасына қарағанда, жекелегенде, АҚШ-да
бизнестің негізгі төрт түрі: жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация және
S-корпорация бар.
Республикадағы жекеменшік және кәсіпкерлік қызмет туралы занды қабылдау
кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық ұғымға, әрқайсысының атына бірдей
мазмұнын анықтай отырып, нақтылық пен айқындық енгізеді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-
құкықтық формаларының мына түрлері: дербес серіктестік, біріккен кәсіпорын,
шаруашылық серіктестік (толық, коммандитті, шектеулі серіктестік),
корпорация кең етек алуда. Арнайы әдебиетте кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-
құқықтық формасының әр қайсысының құрамы толығымен көрсетілгендіктен, біз
тек ел экономикасында серпінді үрдістерге байланысты өзгерістерге
тоқталамыз.
Кәсіпкерліктің әрбір аталған ұйымдастырушылық-құқықтық формалары
экономикадағы жаңа интегративті құрылымның пайда болуына базис құрайтын
шаруашылық жүйе болып табылады.
Даму барысында келісім-шарт негізінде өз еркімен іскерлікті кеңейтіп
және нығайту үшін сыртқы және ішкі нарықта сәтті әрекет жасау үшін
кәсіпкерлік құрылымдар өз еркімен бірігеді. Тәжірибе көрсеткендей,
іскерлікті ұйымдастыру формасының ешқайсысы өзінің күшті және әлсіз
жақтарына қарай әмбебап болып табылмайды. Олардың әр қайсысының күнделік
деңгейінен алғанда қаржыны өсіру қабілеттілігі, жауапкершілігі, бақылау
қызметінің ұзақтығы, салық салу артықшылықтары мен кемшіліктері болады.
Мысалы: жеке кәсіпкерлік қарапайымдылық пен бизнесті бақылау артықшылығы
былай білінеді: ол әрекетінің және корпорацияның шектеусіз өмірінің
нәтижесіне шектеулі жауапкершілік ұсынады. Кемшіліктерге тоқталатын болсақ,
жеке кәсіпкерліктің негізгі кемшілігі капиталды өсірудің төмен қабілеті
болып табылады. Серіктестіктің негізгі кемшілігі ретінде барлық
серіктердің кәсіпорынның міндеттері мен қарыздарының біріккен
жауапкершілігі және серіктестіктің әрбір қатысушысының салық салу кірісінің
құрамына кіріс пен шығыс енеді. Корпорация негізгі кемшілік ретінде "екі
есе салық салу" болып табылады. Оның мәні мынада: корпорация алғашқыда
түскен пайдадан салык төлейді. Дегенмен екінші ретте пайданың жартысы
дивиденд төлеуге кеткенде салық салуға ұшырайды. Кәсіпкерліктің
ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын іс жүзінде қолдануда және өзіне тән
кемшіліктерді жоюда, біздің елімізде бизнесті ұйымдастырудың нарық
экономикасы дамыған елдерде бүгінде сәтті қызмет ететін алып
ұйымдастырушылық-шаруашылық құрылымдардың пайда болуына жол ашатын аралас
формалар құрылады.
Қазақстан Республикасында бүгінде кәсіпкерліктің дамуында екі негізгі
бағыт анықталған. Бірінші бағыт - ел экономикасын тұрақтылық пен
басқарушылыққа ие болуға мүмкіндік беретін ірі ұйымдастырушылық-шаруашылық
құрылымдардың пайда болуымен және ғылыми-техникалық жаңалықтарды іске асыру
бойынша ірі масштабты мақсаттарды шешумен байланысты. Екінші бағыт кіші
бизнестің дамуымен байланысты, бәсекелес ортасына және өнеркәсіпке өзіндік
икемділік береді.
Бірінші бағыт шеңберінде барынша күшті ұйымдастырушылық -
шаруашылық құрылымдар пайда болады, мемлекеттік, аралас және жекеменшік
корпорациялар және қаржылық өнеркәсіптік топтар. Ең алғаш рет ірі
кәсіпкерлік құрылымдар мемлекетгік жекеменшіктің акционерлеу негізінде
объекттерді жекешелендірудің үшінші кезеңінде пайда бола бастады.
Қазақстанда Корпорация шаруашылықтың ұйымдастырушылық-құқықтық форма
түрінде де акционерлік өнеркәсіп үшін де өте ыңғайлы. Сондықтан ол салықтық
жеңілдіктер алуға және акция иелерін жауапкершілік деңгейін шектеуге
мүмкіндік берді. Мысалы: АКШ екі есе салық салу проблемасын шешу үшін
айрықша үстемділікке ие, шағын фирмалар құрады, бұларды S-корпорация деп
атайды. S-корпорация бұл елде 1958 жылы кіші бизнеске қатысты саеформасын
жүзеге асырғанда заңдастырылған. S-корпорация кіші бизнесті белсенді ету
үшін салық талабын төмендету ретінде пайдаланылады, кейіннен бұлардан
корпорация типті ірі өнеркәсіптер пайда болады.
Корпорацияның өсуінің негізгі жолдары - бұл бөлінбеген пайданың
өндірістік жаңа түріне, бір фирманың екінші фирма акцияларының бақылау
пакетіне ие болу арқылы бірігуінің ішкі жолы. Корпорацияның кең таралуы
концерн, холдингтік компаниялар, консорциумдар және басқа да нарықтық
экономика типті ұйымдастырушылық-шаруашылық бірлестіктердің пайда болуына
ықпалдасады. Ірі және өте ірі компаниялардың қуатгы және тармақтал-қаржылық
мекемелермен, мысалы, коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялар,
инвестициялық қорлар және көлік, сауда, ақпаратты құрылымдармен араласуы,
қаржылы-өндірістік топтардың пайда болуына әкеледі. Мұндай қаржылы-
өндірістік топтардың өте үлкен өндірістік және қаржылық мүмкіндіктері бар,
бұларды ел ішінде де, одан тыс та сәтті іске асыруға болады. Мұндай топтар
ірі масштабты ғылыми зерттеулер, күрделі техникалық және технологиялық
кешендерді пайдалану, өнеркәсіптік кооперациялардың әсерінен пайда болып,
нықталады. Мұны шетелдік бәсекелестік пен ел ішіндегі іскерлік
конъюнктураның күрт тербелуіне тиімді қарсы тұру үшін қолданады. Мемлекет
өзінің заң шығару және шаруашылық қызметін іске асырумен, белгіленген
үрдіске, сипатталуын, жағдайын, істегі заң шаруалықты жетілдіре түсіп және
қалыптасу тәсілдерін басқаруы тиіс. Қаржылық-өнеркәсіптік топтар мен
олардың қызмет ету, ел экономикасының прогресі және сонымен қатар оның ары
қарай дамуының бірқалыпты даму жағдайы болып табылады. Сондай-ақ, кіші
бизнес дамуына көңіл бөліну азаймауға тиіс. Бәрімізге белгілі, күшті
қаржылық-өнеркәсіптік топтарға қарағанда кіші кәсіпкерліктің нарықтың
конъюнктура өзгерісіне жылдам бейімделу нарықтық экономиканы қажетті
икемділікке ие қылады. Сонымен, кіші іскерлік нарыққа икемделумен қоса
халық шаруашылығында өзіне нарық ортасын белсенді түрде қалыптастырады.
Міне, осы икемділігінің техника мен технологияның жылдам өзгеріп тұру
жағдайында, нарыктың тербелуінде, өнеркәсіпті жаңарту мен жылдам өзгеріп
тұратын нарықтық конъюнктураға бейімделуге артық мүмкіншіліктер береді.
Нарықты тауар мен қызметтерді жылдам толықтырып тұру қажетгілігі кіші
бизнесті айрықша маңызды етеді. Кіші бизнестің міне, осы қасиеттері бүгінгі
жағдайда тұтынушы сұранысын, ғылыми-техникалық прогрестің, шығарылып жатқан
тауар мен қызметтің ассортиментің өсіруде өзінің жедел жекеленуімен айрыкша
маңызға ие.
Ол, ең алдымен, электроника, кибернетика, информатика салаларында және
де бірқатар ғылыми-техникалық прогрестің біршама маңызды бағыттары бойынша
іске асыруда едәуір маңызы зор, Жаңа техниканы мамандандыру мен пайдалануда
кіші кәсіпкерлік ірі корпорациялардың монопольді ұстанымдарына кедергі
келтіретін мықты бәсекелес ретінде шыға алады. Ол жаңа жұмыс орнын құрап
отырып, халықты қамту проблемасын шешуге көмектеседі.
Барлық осы үстемділіктер мемлекетте кіші бизнеске жан-жақты қолдау
көрсету керек екендігін және бүгінгі күн талабына сай еліміздің
экономикасындағы өзгерістерді ескере отырып, заңды-нормативті акт пен
оларды үнемі жетілдіріп тұруын көздейді.
Бұл заңдарда кәсіпкерлікті ұйымдастыруда ұйымдастырушылық-құқықтық
формалары, сонымен қатар мемлекеттік, жекеменшік, ұжымдық, кооперативті
және т.б. өнеркәсіптер ретінде белгіленген. Бұл мекеме құқықтық формасы
бойынша егер кәсіпорын жұмысшыларының саны төмен немесе шаруашылық айналымы
шағын болса, соның ішінде жеке өнеркәсіп "кіші" мекеме деп аталады. Кіші
кәсіпорындар жекеменшік кәсіпорын және серіктестік ретінде ғана емес,
акционерлік қоғам ретінде құрылуға тиіс. Сондай-ақ, кіші өнеркәсіптің
ұйымдастырушылық-құқықтық формасын барынша тиімді тандау осы кіші бизнес
ұйымдастырушыларымен іске асырылуы тиіс. Бұл шаруашылықтың жекеменшік типті
заңдарында бекітілген шеңберінде жаңа субъектілер қалыптастыру үшін
нақтыланған құқықтық формалардың шектеулерін жояды және солардың негізінде
ірі корпорациялардың пайда болуына тиімді мүмкіндіктер ашады.
Қазақстан Республикасында кіші кәсіпорындар ретінде жұмысшылар санының
едәуір аз саны барлар есептеледі. Қазақстан Республикасының №499 1997
жылдың 8 сәуірдегі Қаулысына сәйкес кіші кәсіпкерлікке жұмысшылар саны
төмендегідей болғандар жатады:
-өнеркәсіп, құрылыс және ауыл шаруашылығында - 50 адамға дейін;
-сауда және тұрмыстық кызметте - 30 адамға дейін;
-көлік пен байланыста - 25 адамға дейін;
-ғылым мен инновациялық кызметте - 20 адамға дейін.
Басқа елдерде, мысалы, АҚШ пен Германияда кіші бизнеске 500 адамға
дейін қамтылған кәсіпорындарды, Жапонияда - 300 адамға дейін, ал Ресей
Федерациясында -200 адамға дейін жатқызады.
Мемлекеттің салық органдары кіші бизнестің белгіленген критерийлерін
ұстанады және осы шектелген шарттардан асып кеткен жағдайда олар
субъекттерді салық заңының белгілеген жеңілдіктерінен айырады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Ұсақ бизнес
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПОТЕНЦИАЛЫН БАҒАЛАУ
Жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың құқықтық мәселелері
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Аймақтық саясат құрылымы
ҚР-дағы инженерлік инфрақұрылымдарды жетілдіру
Кәсіпкерлік және оның Қазақстанда даму ерекшеліктері
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Пәндер