КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

2-лекция КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ

НЫСАНДАРЫ

Жоспар:

2. 1. Кәсіпкерліктің ұйымдың-құқықтық нысандары және ерекшеліктері

2. 2. Кәсіпкерлік түрлері және олардың жіктелуі

2. 3. Дара кәсіпкерлік

2. 4. Шетел капиталының қатысуымен жүргізілетін кәсіпкерлік

2. 5. Өз кәсіпорнын құру шарттары мен қағидалары

2. 6. Франчайзинг және кәсіпкерлік

2. 1. Кәсіпкерліктің ұйымдың-құқықтық нысандары және ерекшеліктері

Нарықтық экономика жүйесінде әр түрлі меншікке негізделген кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары жұмыс істейді. Көз келген кәсіпорынның құқықтық негізі кәсіпкерлік болып табылады.

Кәсіпорынның ұйымдық-құцықтық нысаны келесілермен анықталады-.

  • жаргылық қордың қалыптасу тәртібімен;
  • кәсіпорын міндеттемелері бойынша жауапкершілік дәрежесімен;
  • меншік нысанымен.

Қазақстанда кәсіпорындардың барлық ұйымдық-құқықтық түрлерінің құқықтары мен мүмкіндіктері бірдей және заңдық тұрғыдан кепілдендірілген. Бірақ, кәсіпорындардың әрқайсысының өз артықшынықтары мен кемшіліктері бар.

Заңды тұлғалар коммерциялық және коммерциялық емес кәсіпорындар нысандарында құрылуы мүмкін (2-сурет) . Коммерциялық ұйымдарға шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік кәсіпорындар жатады.

Заңды тұлғаны құру үшін құрылтай құжаттарын: жарғы мен құрылтай келісімшартын әзірлеу қажет.

Жаргыда келесідей ақпарат көрсетіледі:

  • ұйымның ұйымдық-құқықтық нысаны;
  • фирмалық аталуы;
  • орналасқан жері; аты көрсетілген қатысушылар тізімі, орналасқан жерлері, мекенжайлары, банктік реквизиттері (егер құрылтайшысы заңды тұлға болса), немесе төлқұжат бойынша аты, берілген жері мен уақыты, құжаттың берілген мәліметтері (егер құрылтайшы жеке тұлға болса) ;
  • қызмет ету аясы мен мақсаты;
  • жарғылық капиталдың мөлшері туралы мәліметтер, құрамы мен қалыптасу тәртібі, басқару мен бақылау органдарының құзыреттілігі;
  • пайда мен зияндарды белу тәртібі;
  • қайта құру мен жою тәртібі және шарттары.
Заңды тұлғалар: Заңды тұлғалар
Заңды тұлғалар:
Заңды тұлғалар: Коммерциялық ұйымдар
Заңды тұлғалар:
Заңды тұлғалар:

Шаруашылық серіктестіктер

  1. толық серіктестік
  2. коммандитті (сенім) серіктестік
  3. жауапкершілігі шектеулі серіктестік
  4. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
Заңды тұлғалар:
Заңды тұлғалар: өндірістік кооператив
Заңды тұлғалар:
Заңды тұлғалар:

Акционерлік қоғам

Халықтық Акционерлік қоғам

Заңды тұлғалар:
Заңды тұлғалар: Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын
Заңды тұлғалар:
Басқада ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар (кәсіподақ ұйымдары, адвокаттар коллегиясы, сауда-өнеркәсіптік палаталар):

Басқада ұйымдастырушылық-құқықтық нысандар (кәсіподақ ұйымдары, адвокаттар коллегиясы, сауда-өнеркәсіптік палаталар)

2-сурет. Заңды тұлғалардың түрлері мен ұйымдық-құқықтық нысандары

Құрылтай келісімшартында мыналар көрсетілуі керек:

  • құрылтайшылар туралы мәліметтер;
  • ұйымды құру туралы шешім;
  • кәсіпорынның атауы;
  • ұйымның орналасуы;
  • құрылтайшылардың атауы, тұрғылықты мекен-жайы және куәландыратын құжат берілген мәліметтері (егер құрылтайшы жеке тұлға) ;
  • ұйымды құру тәртібі;
  • құрумен байланысты құрылтайшылардың міндеттемелері. Сонымен қатар басқа да қызметті жүзеге асыру бойынша құрылтайшылардың міндеттемелері, көрсетілген тұлғалардың құзыреттілігін анықтау, құрылын жатқан ұйымды тіркеу мен құру барысында оның мүдделерін қорғайтын басқа да тұлғалардың қүзыреттілігін анықтау;
  • жарғылық капитал мөлшері;
  • ұйымның жарғылық капиталына әрбір салымшының ақшалай үлесінің құрамы, мелшері мен салу мерзімдері туралы немесе мүліктік құқықтар нысанындағы салымдарды ақшалай бағалау туралы мәліметтер, шешімді қабылдау тәртібі;
  • ұйымның жарғылық капиталына қосымша салымдарды салу туралы, сонымен қатар ұйымның жарғылық капиталына салымдарды уақытылы салмау салдары;
  • қатысушылар арасында пайда мен зияндарды бөлу тәртібі мен шарттары;
  • ұйым қызметін басқару;
  • жарғыны бекіту;
  • заңды тұлға құрған құрылтайшылардың құрамынан оған қатысушылардың шығуы.

Жарғы мен құрылтай келісімшарты серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысында бекітіледі. Алуан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандардағы коммерциялық ұйымдардың жарғылық капиталының ерекше белгілері, құрылымы мен қалыптасу тәртібі 4 және 5-кестелерде көрсетілген.

Шаруашылық серіктестік - бұл өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін, басқа да шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алатың, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым.

Шаруашылық серіктестіктердің белгілері:

  • ұйым коммерциялық статусқа ие;
  • жалпы құқық қабілеттілігі (арнайы болуы да мүмкін) ;
  • жарғылық капитал құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген;
  • құрылтайшылар (қатысушылар) салымдары есебінен, сонымен қатар өз қызметі барысында өндірілген немесе иеленген салымдары есебінен құрылған мүлік иелері болып табылады.

Шаруашылық серіктестіктердің келесідей түрлері бар::

  1. Толық серіктестік
  2. Коммандитті (сенім) серіктестік
  3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
  4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
  • 2-кесте. Коммерциялық ұйымдардың ұйымдық-құқықтық нысандарына тән белгілер
:
Нысаны:

Нысаны

Қатысушылар статусы: Қатысушылар статусы
Қатысушылар (мүшелер) саны: Қатысушылар (мүшелер) саны
:

1

Нысаны: 2
Қатысушылар статусы:

3

:

1

Нысаны: Толық серіктестік (ТС)
Қатысушылар статусы: Тек жеке тұлғалар
Қатысушылар (мүшелер) саны: Екеуден кем емес
:

2

Нысаны: Коммандитті (сенім) серіктес- тік (КДС)
Қатысушылар статусы: Толық серіктестер (тек жеке тұлғалар) ; са- лымшылар (жеке және занды тұлғалар)
Қатысушылар (мүшелер) саны: Екеуден кем емес, және бір толық серіктестен және бір салымшыдан кем емес
:

3

Нысаны: Жауапкершілігі шектеулі серік- тестік (ЖШС)
Қатысушылар статусы: Жеке және заңды тұлғалар; ЖШС жалғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын басқа шаруашылық серіктестік бола алмайды
Қатысушылар (мүшелер) саны: 1 және одан жоғары
:
1:

1

2:

2

3:

3

:

4

1:

Қосымша жауапкерші ігі бар серіктестік (ҚЖС)

2: Жеке және занды тұлғалар; ЖШС жал- ғыз қатысушысы ретінде бір тұлғадан тұратын басқашаруа- шылық серіктестік бола алмайды
3: 1 және одан жоғары
:

5

1:

Акционерлік қоғам (АҚ)

2: Жеке және заңды тұлғалар
3: 1 және одан жоғары
:

6

1:

Өндірістік кооператив (ӨК)

2: Жеке тұлғалар
3: 2-ден кем емес және одан жоғары
:

7

1:

Мемлекеттік кәсіпорын

2: Мемлекеттік басқару органдары
3: Меншік иесімен анықталады

Толық серіктестік - бұл мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.

Толық серіктестік қатысушылары жарғылық капиталды құрайды, оның мөлшері 25 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) кем болмауы керек. Толық серіктестіктің ең жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады.

Толық серіктестікті басқаруды, осы серіктестіктің атқарушы органдары жүзеге асырады. Басқару органдарының түрлері, құрылу тәртібі және олардың құзыреттілігі құрылтай құжаттарымен анықталады. Толық серіктестікті жою барысында қолма-қол ақша барлық қарыздарын жабуға жетпеген жағдайда, оның қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады.

3-кесте. Жарғылық капиталдың құрылымымен қалыптасуы тәртібі

Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK)
Қалыптастыру тәртібі
ерекшеліктері
1
2
3
4
: 1
Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары: Толық серіктестік (ТС)
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK): 25 АЕК
Қалыптастыру тәртібі: Құрылтый құжаттарымен анықталады
ерекшеліктері: Құрылтайшылар тек жеке тұлғалар бола алады
: 2
Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары: Коммандитті (сенім) серіктестік (КДС)
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK): 50 АЕК
Қалыптастыру тәртібі: Құрылтый құжаттарымен анықталады
ерекшеліктері: Салымшылар үшін 50% артық емес
: 3
Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары: Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС)
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK): 100 АЕК
Қалыптастыру тәртібі: Тіркеу уақытында-жарғылық копиталдың ең аз мөлшері 25% дан кем емес, ал бір жыл ішінде-қалған бөлігі
ерекшеліктері: ЖШС-тің жалғыз ұатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды
: 4
Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары: Қосымша жауапкерші ігі бар серіктестік (ҚЖС)
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK): 100 АЕК
Қалыптастыру тәртібі: Тіркеу уақытында-жарғылық копиталдың ең аз мөлшері 25% дан кем емес, ал бір жыл ішінде-қалған бөлігі
ерекшеліктері: Қатысушылардың жауапкершілігі енгізілген капиталға еселенген мөлшерде Жарғымен анықталады
: 5
Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары: Акционерлік қоғам (АҚ)
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK): 5 АЕК
Қалыптастыру тәртібі: Тіркеу күнінен бастап 30 күн ішінде
ерекшеліктері: Дивидентер алынған пайдаға сәйкес акционерлер арасында үлестіріледі
: 6
Шаруашылық серіктестікьердің және акционерлік қоғамдардың нысандары: Мемлекеттік кәсіпорын (шаруашылық жүргізу құқығындағы)
Айлық есептік көрсеткіштердің ең аз мөлшері (AEK): 1 АЕК
Қалыптастыру тәртібі: Тіркеу көзінде 100% қалыптасуы керек
ерекшеліктері: Мемлекет негізгі меншік иесі болып табылады

Толық серіктестіктің қызметі тоқтаған жағдайда серіктестік өз қызметін тоқтатқанға дейін өз үлесін алған қатысушылардан басқасы, серіктестік қызметін тоқтатқан күннен кейінгі 2 жыл бойы, қатысушылар серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болады. Серіктестік қатысушыларының құрылтай келісімшартымен басқаша жауапкершіліктер қарастырылмаса, серіктестік мүлкіндегі үлесіне байланысты толық серіктестік қызметінен алынған табыстан пайда алуға құқығы бар.

Коммандитті (сенім) серіктестік - бұл серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен (толық серіктестермен) қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектедетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды (салым- шыларды) да енгізетін серіктестік.

Коммандитті (сенім) серіктестіктің жарғылық капиталы толық серіктестер мен салымшылардың (коммандистер) салымдарынан тұрады және 50 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталдағы коммандиттің үлесі 50%-дан аспауы тиіс.

Басқару жүйесі толық серіктестермен жүзеге асырылады. Коммандитті серіктестікті басқару мен жұмыс жүргізу тәртібі толық серіктестік туралы ережелер бойынша жүргізіледі. Салымшылардың басқаруға қатысуға, сондайақ оның атынан сенімхат болмаса әрекет жасауға құқығы жоқ. Толық серіктестер өзінің барлық мүлкімен бірлескен қосымша жауапкершілікте болады. Ал салымшылар серіктестіктің жарғылық капиталына салынған салымдары шегінде ғана жауапты.

Коммандитті (сенім) серіктестік салымшыларының құқықтары:

  • құрылтай құжаттарында қарастырылған тәртіпте жарғылық капитал мен мүлкіне үйлесімді түрде серіктестік пайдасының бір бөлігін алып отыру;
  • серіктестіктің жылдық есебі мен балансымен танысу. Сонымен қатар оларды жасаудың нақтылығын тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етуді талап ету;
  • заңнамалық актлермен және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен қарастырылған тәртіпте мүліктегі өз үлесін немесе оның бір бөлігін басқа салымшыға немесе үшінші тұлғаға беру;
  • қаржылық жыл біткен соң серіктестіктен шығу;
  • заңнамалық актілермен және құрылтай құжаттарымен қарастырылған басқа да құқықтары болуы мүмкін.

Коммандитті (сенім) серіктестік салымшыларының міндеттері:

  • серіктестіктің құрылтай * құжаттарының шарттарын ұстану;
  • серіктестіктің құрылтай құжаттарымен қарастырылған мөлшерде және тәсілде, тәртіпте салымдарды салу;
  • серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда серіктестікке өз қызметін жүзеге асыру барысында кемек көрсету, оның ішінде серіктестіқке қызмет көрсету;
  • заңнамалық актілермен немесе серіктестіктің құрылтай құжаттарында қарастырылған басқа да міндеттемелерді ұстануы мүмкін.

Коммандитті серіктестікке жаңа Толық серіктестер мен салымшыларды қабылдау тек барлық толық серіктестердің келісімімен ғана мүмкін болады. Жаңа толық серіктестерді немесе салымшыларды қабылдау барысында коммандитті серіктестіктің құрылтай құжаттарына келесідей өзгерістер енгізілуі мүмкін:

  • серіктестік мүлкіндегі қатысушылар үлестерінің жаңа мелшері;
  • серіктестікті басқару тәртібін өзгерту;
  • серіктестіктің жарғылық капиталына жаңа толық серіктестермен және салымшылардың өз салымдарын салудың мөлшері, тәртібі, мерзімдері мен тәсілі;
  • жаңа қатысушыны қабылдаумен байланысты басқа да қажетті өзгерістер.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - бұл бір немесе бірнеше тұлғалардан құрылған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады және өз мүлкі шегінде ғана барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Ал қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің мүлкі заңмен тыйым салынбаған, серіктестік көздерінен алынған құрылтайшылардың (қатысушылардың) табыстарынан алынған салымдары есебінен қалыптасады.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және 100 АЕК кем болмауы керек. Жарғылық капиталға салым ретінде ақша, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде жерді иелену құқығы және интеллектуалдық қызмет нәтижелері мен басқа да мүлікке деген құқықтар болуы мүмкін. Жеке мүліктік құқық және басқа да материалдық емес игіліктер түрінде салымдар салуға жол берілмейді.

Жаргылық капиталдың көбеюі келесідей жолдармен жүзеге асырылады:

  • серіктестіктің меншікті капиталы есебінен, оның ішінде резервтік капитал есебінен жарғылық капиталдың кебеюі;
  • нақты құны баланстық құннан асатын серіктестіктің таза активтерін (меншікті капиталды) қайта бағалау. Қайта бағалау тек тәуелсіз сарапшылармен жүргізілуі мүмкін;
  • қалған қатысушылар келісім берген жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылармен қосымша салымдарды енгізу;
  • серіктестіктің барлық қатысушыларымен жасалатын қосымша пропорционалды салымдар;
  • серіктестік құрамына жаңа қатысушыларды қабылдау.

Жарғылық капиталдың азаюы келесідей жолдармен

жүзеге асырылады: серіктестіктің барлық қатысушыларының салымдарының пропорционалды азаюы; жеке қатысушылар үлестерінің қарыздарын толығымен немесе жартылай етеу.

ЖШС жоғары органы ретінде қатысушылар мен құрылтайшылардың жалпы жиналысы болып табылады, алқалы орган ретінде басқарма болады.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік - бұл қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде, өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.

Қатысушылардың жауапкершілігінің шекті мөлшері серіктестік жарғысында көрсетіледі. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына сәйкес бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және «Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданылады.

Өндірістік кооператив - азаматтардың бірлескен кәсіп-керлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және мүшелерінің мүліктік жарналарын (пайларды) біріктіруіне негізделген ерікті бірлестік. Кооператив мүшелері екеуден кем болмауы керек. Кооператив мүшелері заңнамалық актілермен тыйым салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрімен айналысуға құқылы.

2. 2. Кәсіпкерлік түрлері және олардыц жіктелуі

Кәсіпкерлік қызмет алуан түрлі. Кез келген бизнес қандай да бір дәрежеде ұдайы өндірістік циклдің негізгі фазаларымен - өнімдер мен қызметтерді өндірумен, тауарларды айырбастау және бөлумен, оларды тұтынумен байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызметтің келесідей түрлерін беліп көрсетуге болады: өндірістік, коммерциялық және қаржылық кәсіпкерлік.

Сонымен қатар, соңғы онжылдықта әлемнің барлық экономикалық тұрғыдан дамыған елдерінде кәсіпкерліктің өз бетінше қалыптасқан түрі пайда болды, ол кеңес беруші (кон- салтинг) кәсіпкерлік.

Жоғарыда аталған кәсіпкерлік түрлерінің әрқайсысы өз кезегінде басқа түрлерге белінеді. Кәсіпкерліктің түрлерін келесі сызба түрінде сипаттауға болады (3-сурет ) . Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнім, тауарлар өндіру, жұмыс жасау мен қызмет көрсету жүзеге асырылады, белгілі бір рухани құндылықтар қалыптасады.

Коммерциялық сипаттағы кәсіпкерлік ең алдымен, онда негізгі рөлді тауарлы-ақшалай, тауарлы-айырбас операциялары атқаратындығымен сипатталады. Олар коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі МАЗМҰНЫн сипаттайды. Кәсіпкерлік қызметтің бұл түрінің маңыздылығын сатып алу-сату бойынша операциялар мен мәмілелер жүргізіледі. Мұнда қайтарымдылыққа тез қол жеткізуге болады. Бұрын аясы шектеулі болса, кейінгі көздері ынталы адамдардың арқасында қарқынды түрде әсіресе жеке дара кәсіпкерлік түрінде дами бастады.

Кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі ретінде оның қаржылық (қаржы-несиелік) түрі болып табылады. Оның қызмет ету саласы қүн айырбасы, айналымы. Қаржылық қызмет өндірістік, коммерциялық салаларға да әсер етеді, бірақ өз бетінше қызмет етуі мүмкін: банктік, сақтандыру және т. б.

КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ:
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Өндірістік

[ Коммерциялык

КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ:
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Инновациялық
Сауда
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Ғылыми-техникалық
Сауда-сатып алушы
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Тауарлар өндірісі
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Сауда- делдалдық
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Қызмет көрсету
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Тауарларды өндірістік түтыну
Тауарлық биржалар
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Қызметтерді өндірістік тұтыну
Ацпараттық технология
КӘСШКЕРЛІК ТҮРЛЕРІ: Ақпараттық

3-сурет. Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Соңғы жылдары Қазақстанда кеңес берушілік (консалтинг) кәсіпкерлік сияқты болашағы бар қызмет аясы кеңінен дамуда. Оның кептеген бағыттары бар (3-суретті қараңыз) және оның біздің елдегі даму деңгейін басқа дамыған елдермен сәйкестендіре отырып, таяу жылдарда консалтинг қарқынды дамитындығын байқауға болады.

Өз бетінше қызмет ете отырып, кәсіпкерлік қызмет түрлері өзара бір-бірімен байланысын және толықтырып отырады. Ескертетін жағдай, кәсіпкерлік қызметтің барлық түрлерін анықтайтын және күрделі болып табылатын өндірістік кәсіпкерлік басымдылыққа ие болады.

3-суреттен көрініп тұрғандай, ендірістік кәсіпкерлікке инноваңиялық, ғылыми-техникалық қызметті, нақты тауарлар ендіру мен қызмет керсету, оларды өндірістік тұтынуды, сонымен қатар осы жүйедегі ақпараттық қызметті де жатқызуға болады. Өндірістік қызметпен айналысуға бел буган кез келген кәсіпкер, ең алдымен, қандай нақты тауарларды өндіретіндігін, қандай қызмет түрлерін керсететіндігін шешіп алуы қажет. Ары қарай, осы кәсіпкер маркетингтік қызметке көңіл беледі. Тауарға деген қажеттілікті, сұранысты анықтау үшін ол өнімді нақты тұтынушылармен, сауда ұйымдарымен байланысқа түседі. Келіссөздердің соңғы ресми сатысы болып кәсіпкер мен тауардың болашақ тұтынушылары арасындағы келісімшарт болып табылады. Мұндай келісімшарт кәсіпкерлік тәуекелді темендетуге мүмкіндік береді.

2. 3. Дара кәсіпкерлік

2006 жылы дара кәсіпкерлер қызметінің тәртібін анықтайтын «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңы өз күшіне енді. Аталған заң бойынша «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы», «Шағын кәсіпкерліқті мемлекеттік қолдау туралы» және «Дара кәсіпкерлік туралы» зандар өз күштерін жойды деп танылды.

Өз қызметін жүзеге асыру барысында, дара кәсіпкерлерден және басқа да шаруашылық субъектілерден кез келген шаруашылық субъектілері үшін орындалуы міндетті болып табылатын еңбек және зейнетақы заңнамасының, міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнаманың, сыртқы экономикалық қызметті ұйымдастыру, валюталық бақылау, бухгалтерлік есепті ұйымдастыру туралы заңнамасының және басқа да заңнамалық актілердің ережелерін үстану талап етіледі. Дара кәсіпкерлерге қылмыстық заңнама, банкроттық туралы заңнама ережелері қолданылады.

Дара кәсіпкерлер өздерінің қызметін реттейтін және құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік құзырлы органдармен және жергілікті атқарушы органдармен жарияланатын нормативтік актілердің ережелерін ұстанулары қажет.

Қазақстан Республикасының Конституциясында « . . . әр- кімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануга құқыгы бар. Монополистік қызмет заңмен реттеледі әрі шектеледі. Шынайы емес бәсекеге тыйым салынады» деп ерекше атап көрсетілген.

Жеке кәсіпкерлік - бұл жеке кәсіпкерлік қызметке негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан, олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуга бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің ынталы қызметі. Жеке кәсіпкерліктің түрлері 4-суретте келтірілген.

Дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделген, олардың тәуекелімен және өз мүліктік жауап- кершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталган жеке түлғалардың ынталы қызметі.

Жеке кәсіпкерлік меншік құқығында өзіне тиесілі мүлік негізінде (немесе мүлікті пайдалануға және иеленуге мүмкіндік беретін құқық негізінде) бір жеке тұлғамен жүзеге асырылады. Жеке тұлга өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі- зайыптылардың жалпы мүлкін пайдаланған жағдайда, оған олардан келісімін алу қажет.

Бірлескен кәсіпкерлік бірнеше дара кәсіпкерлерге тиесілі жалпы мүлік құқығы (немесе мүлікті бірігіп пайдалануға және иеленуге рұқсат ететін құқық негізде) болуына байланысты жүзеге асырылады. Бірлескен кәсіпкерлік қызмет түрлері:

  • ерлі-зайыптылардың жалпы бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатынерлі-зайыптылардың кәсіпкерлік қызметі;
  • шаруа (фермерлік) қожалығының немесе жекешелендірілген тұрғын үйге деген жалпы бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатынотбасылық кәсіпкерлік;

> ҚР азаматтық заңнамасына сэйкес жалпы үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын ңарапайым жай серіктестік.

4-сурет. Жеке кәсіпкерліктің түрлері мең ңысаңдары

  • Осылайша, дара кәсіпкерлер тек шагын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне гана жатқызыла алады
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсiпкерлiк қызметінің ұйымдастыру нысандары құқықтық түрлері
Кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық нысандары
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Қазақстанда кәсіпкерліктің даму жағдайы
Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысандары
Қазақстандағы бизнестiң ұйымдық – құқықтық формалары
Кәсіпкерлік құқық ұғымы
Кәсіпкерлік қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы
Кәсіпкерліктің ұйымдық-экономикалық нысандары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz