Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру (Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)
ӘОЖ: 330.341.1:334. 012 (574) Қолжазба
құқығында
ЕРИМБЕТҚЫЗЫ АИДА
Кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін жетілдіру
(Қазақстан Республикасы мәліметтері негізінде)
6М050600 – Экономика мамандығы бойынша
экономика және бизнес магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация
РЕФЕРАТы
Қызылорда, 2012ж
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде орындалған.
Ғылыми жетекші:
экономика ғылымдарының кандидаты
А.М.Шілманова
Ресми оппонент:
экономика ғылымдарының кандидаты
А.Т.Райымбекова
Диссертацияны қорғау 2012 ж ____ маусымда ____ сағатта Қорқыт Ата атындағы
Қызылорда мемлекеттік университетінде өтеді. 120014. Қызылорда қ., Әйтеке
би к-сі, 29А.
( бас оқу ғимараты, № 308 дәрісхана)
Магистрлік диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің кітапханасында танысуға болады. (120014. Қызылорда қ.,
Байсеитова к-сі, 100.)
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Инновациялық экономика құру - ел келешегінің
дамуындағы ең басты бағыттардың және міндетті шарттардың бірі. Соңғы
жылдары инновациялық саясатты қалыптастыруға деген ұмтылыс маңызды мәселеге
айналды. Бизнес, ғылым мен білім және мемлекетаралық қарым-қатынас
механизмі бар ұлттық инновациялық тиімді жүйе құрған жерлерде ғана жалпы
ішкі өнімнің ғылыми ауқымының аз ғана уақытта айтарлықтай өсіміне қол
жеткізуге болады. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ғылыми-технологиялық
дамудың стратегиялық маңызды бағыттарындағы зерттеу жұмыстары күрт
қысқарды, кәсіпорындардың инновациялық қарқыны төмендеді. Президент
Жарлығымен 2003-2005 жылдар аралығына Қазақстанда индустриялық-инновациялық
даму стратегиясы қабылданғаннан кейін ғана жағдай жөнделе басталды. Үкімет
ұлттық инновациялық жүйенің 2015 жылға дейін дамуы мен қалыптасуы жөніндегі
бағдарламасын мақұлдады.
Индустриялық-инновациялық стратегияны енгізудің тиімді тәсілдерінің
бірі – бұл бір аумақта орналасқан және түпкі өнім өндіру шеңберінде өзара
технологиялық байланысқа ие болған кәсіпорындардың интеграциялануы мен
кооперациялануы осы салаға материалдық, қаржылық және санатерлік ресурстар
құйылуының қуатты факторлары болып табылады. Экономиканы дамытудың мұндай
инновациялық тәсілі кластер принципін пайдалану негізінде жүзеге асырылады
және оның мақсаты интеграцияға кіруші кәсіпорындардың бәсекеге
қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Инновациялық факторларды өндіріске енгізу арқылы жалпы ішкі өнім
көлемін тез қарқынмен дамыту мүмкіндігі пайда болады және бұл факторлар ел
экономикасының дамуын экстенсивті бағыттан, интенсивті бағытқа бет бұруға
жағдай жасайды.
Экономиканы дамытуды теңгерiлiмдiк негiзде, аймақтың жалпы түсiмдегi
жартылай шикiзат құрамын кезең-кезеңге бөлiп, жоғары технологиялық өнiмге,
оның iшiнде экспорттық өнiмдерге ауыстыру және өңірлік ғылыми-техникалық
мүмкiндiктердi тиiмдi пайдалану арқылы экономиканы өсiру Қазақстан–2030
стратегиясының ең өзектi басымдылықтарының бiрi болып табылады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы аясындағы шикізат экспортын жандандыру және өңдеу өнеркәсібіне
кең ауқымды инвестиция тарту индустриалық-инновациялық даму Стратегиясының
маңызды міндеті болып табылады.
Өңір экономикасының сипаттамалық ерекшелiгi оның технологиялық даму
және инновациялық әлеуеттер салалары деңгейлерiнiң өзара едәуір алшақтығы
болып отыр. Индустриялық-инновациялық даму Бағдарламасы ғылым мен
техниканың үздік жетiстiктерiн пайдалану негізінде экономика салаларын
әртараптандыру арқылы және дамудың шикiзаттық бағытынан шегiну арқылы
облыстың ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуына бiрегей аймақтық
саясат жүргiзуге және қалыптастыруға бағытталған.
Өңірлік Бағдарламаның негiзгi мақсаты өнеркәсiп орындарының
импорталмастыратын және бәсекеге лайық өнiмдерiн өндiру тиiмдiлiгiн көтеру
мен тұрақтандыру және облыстың индустриялық-инновациялық әрi қарай дамуы
үшiн жағдай жасау болып табылады.
Инвестициялық-инновациялық жобалардың жүзеге асырылуы өнеркәсіп
өндірісінің жалпы көлеміндегі өңдеу өнеркәсібі көлемінің үлесінің артуына
әсер етеді.
Индустриялық-инновациялық қызметті басқару мақсаты- жаңа иеяларды
қолдау, бастама көтеру, оларды бақылау, инновациялық өнімді нарыққа
шығаруға жағдай жасау болып табылады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. Инновациялық жүйе ұғымы мен
тұжырымдамасы соңғы он жылдықта технологиялық прогресстің экономикалық
мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстарда жиі қолданылуда. Көбінесе
Экономикалық әріптестік және Даму Ұйымының, сондай-ақ басқа халықаралық
ұйымдардың мәселелеріне арналған талдаулар мен зерттеулер жүргізілген.
Шет елдік зерттеушілер Й.Шумпетер, В. Леонтьев, Г.Хоскинг және тағы
басқалар өндірістік сферадағы кәсіпкерліктің инновациялық сипатын
бейнелейтін экономикалық қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытқан.
Ресей ғалымдары И.В.Липсиц, В.Д.Камаев, А.К.Корнев, А.Бутаков
еңбектерінде инновациялық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде өндіріс
тиімділігін арттырудың ғылыми және тәжірибелік мәселелері кең көлемде
зерттелген.
Зерттеліп отырған мәселеге отандық ғалымдар: А.Қ.Қошанов, М.Б.
Кенжегузин. А.Е. Есентугелов, О.С. Сабден және т.б. өз үлестерін қосты.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты –-
инновациялық қызметтің аясында мемлекеттік саясаттың ролін анықтау,
кәсіпкерліктің қалыптасуы мен даму үрдісін ғылыми, әдістемелік және
тәжірибелік тұржыдан негіздеп зерттеу және индустриялық-инновациялық
бағдарламалармен, басымдылықтарын, нарықтық тетіктерін, стратегиясын
саралап ұсыныстар беру.
Көзделген мақсатқа орай, диссертациялық жұмыста келесі міндеттер
қойылған: - Индустриялық-инновациялық қызметтің экономикалық
мазмұнын теориялық тұрғыдан зерделеу;
- Қазақстан Республикасы экономикасының 2015 жылға дейінгі кезеңінде
тұрақты дамуынның негізі ретінде индустриялық-инновациялық
қызметтің бағыттарын анықтау;
- индустриялық-инновациялық бағыттағы қызметтердің қалыптасуы мен
ерекшеліктерін, бұл қызметті қаржыландыру тетіктерінің жаңару және
даму мәселелерін қарастыру;
- инновацияларды басқаруға қатысты мәселелерді нақтылау,
инновациялық қызмет жүйесіне қойылатын талаптарды үйлестіру;
- инновациялық қызметті басқару үшін қазіргі заманғы ақпараттық
технологияларды қолдану қажеттілігін негіздеу;
- инновациялық жобаларды дайындауда кәсіпкерлік қызметті белсенді
жүргізу мүмкіндіктерін айқындау.
Зерттеу нысаны. Индустриялық-инновациялық қызметті басқару
стратегиясы, Қызылорда облысының 2011-2014 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық даму бағдарламасы.
Зерттеу пәні. Индустриялық-инновациялық қызметті белсенді жүргізуді
қалыптастырудың негізгі бағыттарын анықтау, облыс экономикасының әлеуметтік-
экономикалық дамуыдағы шағын кәсіпкерліктің ролін кешенін зерттеу.
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жүргізілген зерттеулер
нәтижесінде диссертацияның ғылыми жаңалығын айқындайтын келесі ғылыми
әдістемелік және тәжірибелік нәтижелер алынды:
- инновациялық қызметтің теориялық мазмұны мен ғылыми негіздері,
қазіргі экономикалық жағдайдағы факторлары мен алғы шарттары
айқындалды;
- индустриялық-инновациялық бағдарламаларды басқару және олардың
экономиканы дамытудағы ерекшеліктері анықталды;
- Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму жағдайына
талдау жасалып, өзекті мәселелерді шешудің нақты бағыттары
қарастырылды;
- өңірлік индустриялық-инновациялық дамуды жетілдірудегі шағын
кәсіпкерліктің ролі айқындалды;
- инновациялық қызметті жетілдірудегі негізгі бағыттар мен
басымдылықтары, іске асыру жолдары ұсынылды;
- индустриялық-инновациялық қызметтің ерекшеліктері қаржыландыру
көздері мен бағыттары қарастырылды.
Қорғауға ұсынылған негізгі қағидалар.
- индустриялық-инновациялық қызметтің экономикалық мазмұны теориялық
әдістемелік аспектілері;
- инновациялық қызметті қалыптастыру ерекшеліктері мен инновациялық
өнімдердің құрылымы, стратегиялық бағыттары;
- өңірлік индустриялық-инновациялық дамудағы шағын кәсіпкерліктің
ролін негіздеу;
- индустриялық-инновациялық қызметті жетілдіру шаралары мен
бағыттары;
- бәсекеге қабілетті шағын кәсіпкерлік дамытудың экономикалық
тиімділігі.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы. Жұмыстағы негізгі
теориялықәдістемелік қағидалар мен қорытындыларды индустриялық-инновациялық
қызметтің негізінде инновациялық өнімді нарыққа шығаруға жағдай жасау
мақсатында аймақтық бағдарламаларда дайындау кезінде қолдануға ұсынылады.
Сонымен бірге, жұмыстың негізгі теориялық тұжырымдары жоғарғы оқу
орындарының экономикалық мамандықтары бойынша Өндірістік менеджмент,
Кәсіпорындар экономикасы, Инвестицияларды қаржыландыру мен несиелеу
курстарын оқыту барысында қосымша материалдар ретінде қолдануға болады.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми-зерттеу жоспарларымен байланысы.
Диссертациялық жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік
университетінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағдарламасына сәйкес
орындалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу ( апробациясы). Диссертациялық
жұмыстың негізгі концептуалдық жағдайлары аймақтық ғылыми басылымдарда
жарияланған: 20 жыл: экономикалық өрлеу және тәуелсіздік туы облыстық
ғылыми тәжірибелік конференция. Қызылорда, 2012ж. Барлығы 2 мақала, жалпы
көлемі 0,4 б.т. авторлық мәтінмен жарық көрді.Зерттеу жұмысындағы
қорытындылар мен ұсыныстар нақты іс тәжірибелерде, атап айтқанда Қызылорда
облысы Шағын кәсіпкерлік басқармасында қолданылды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс
92бетте мазмұндалған, кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1 Инновациялық қызметті зерттеудің теориялық негіздері
Инновациялық қызметтің дамуы ең алдымен, ғылыми – техникалық
ақпараттанумен өзара байланысты, сондықтан кез – келген мекемеде , оқу
орындарында ақпараттық – технологиялық орталықтар жұмыс істеуі керек.
Инновациялық қызмет негізінде ғылыми – техникалық прогресс жатыр. Ғылым мен
техника адам өмірінің дамуымен қатар жүреді. Елімізде осы мәселені
өркендету мен дамыту барысында көптеген заңдық–құқықтық актілерге қол
қойылды, алайда бұл қабылданған құжаттар оны жүзеге асыру және орындау
талаптарымен үндеспей жатыр, осы олқылықтың орнын толтыру шарт . Ол үшін
жаңа кредиттік технология осы саясатты әрі қарай дамыту мақсатында жүзеге
асырылуы тиіс .
Қазіргі таңда кез-келген бір кәсіпорынның немесе фирманың инновацияға
деген көзқарасы өте маңызды болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономика
жағдайындағы бәсекелестік көптеген жағдайда инновациялық қызметтерді талап
етеді. Жалпы инновациялық қызмет ролінің маңыздылығын талдау мақсатында
инвестицияның берген анықтамасы мен оның механизмін зерттеу болып табылады.
Мұның ішінде келесі талдау бағыттары қарастырылады:
- мәселелердің негізделген құрылымдық идеясын талдау;
- ұйымның рационалды құрылымын талдау;
- ұйым басшысының инновациялық жоба басшылығын, олардың командаларының
кәсіби шеберлігін талдау;
- ұйымның ақпараттық қамтамасыз сапасын талдау;
- ғылыми тұрғыда келу және қазіргі менеджмент әдістерін жобалауда
қолданылатын сәйкестікті талдау;
- ұйымның бәсекелестік мүмкіндігін қолдануды талдау;
- инновация және жаңалық портфелі құрылымын талдау (сатып алынатын
жаңалық, ұйымға ендіруге арналған жаңалық, жинақтауға арналған жаңалық,
жеке жасалған жаңалық, сатуға арналған жаңалық);
- жоба экспертизасының сапасын талдау;
- ұйымның инновациялық қызмет тиімділігінің есеп көрсеткішінің сапсаын
талдау;
- инновациялық қызметтің ынталандыру жүйесін талдау;
Ұйымның инновациялық қызмет тиімділігін, рөлін талдауды келесі
принциптерді сақтай отырып іс-жүзіне асыру керек:
- диалектика (жүйелікпен келу, динамикалықпен келу). Қажеттілік және
кездейсоқтық ашу принципі, бірлік және қарама-қарсылықты күрес принципі,
өту принципі, жоқты жоққа шығару принципі;
- талдау мен жинақтау бірлігі;
- ранжирлеу;
- баламалы нұсқаулардың сәйкестігін қамтамасыз ету;
- оперативтілік;
- сандық анықтамалылығы және т.б.
Талдау әдістері: салыстыру, балансты, индексті, факторлық және т.б.
Инновация бұл – экономикалық категория. Категория бойынша инновация
жаңа енгізудің жалпы және маңызды қасиеттерін, себептерін, қатынасын
көрсетеді.Категорияның маңызы оның функцияларында көрінеді. Экономикалық
категорияның функциясы оның ішкі құбылысын нақты түрде енгізеді.
Инновацияның функциялары оның экономикалық жүйедегі көрінісін және де
шаруашылық үрдісіндегі рөлін көрсетеді .
Инновация жаңа өнім немесе операцияға (технология, үрдіс) салынған
капиталдың пайда болған нарық көрсеткіші болып табылады. Сатуға дайын
инновацияны іске қосарда, ақша-инновация айырбасы жүзеге асырылады.
Осындай айырбастың нәтижесінде кәсіпкермен алынған ақша мүліктері,
біріншіден, инновацияны құру және сату шығынын жабады; екіншіден,
инновацияны жүзеге асырудың нәтижесінде пайда түседі; үшіншіден, жаңа
инновацияларды құруға үлкен бір ынта (стимул) береді; төртіншіден, жаңа
инновациялық үрдістің қаржыландыру қайнар көзі болып табылады.Осыларды
қарастыра отырып, инновацияның үш функциясын көрсетуге болады:
- өндірістік;
- инвестициялық;
- ынталандырушы;
Өндірістік функция мынаны білдіреді: яғни, инновация кең өрістің маңызды
қайнар көзі болып табылатынын көрсетеді.
Нарықта сатылған инновациялардан түсетін ақшалай түсім қаржылық
ресурстардың қайнар көзі және де инновациялық үрдістің эффектілік
мөлшеріндегі қызметін жасайтын қызметкерлік пайданы құрайды.Қызметкерлік
пайда сауда-өндірістік, инвестициялық, инновациялық және қаржылық істердің
көлемін кеңейтуге бағытталуы мүмкін. Пайданың қолдану бағыттары Шаруашылық
субьект ақша ағымының жоспарында көрсетіледі.Осылайша, инновациядан пайда
көру және оны қаржылық ресурстардың қайнар көзі ретінде қолдану өндірістік
функцияның инновациясын құрайды.
Инновацияны өткізу нәтижесінде түскен пайда әрбір бағытта қолдануы
мүмкін, соның ішінде капиталдың қызметінде.Капитал пайда көру үшін алынатын
ақша болып табылады. Бұл капитал бүкіл инвестициялардың қаржыландыруы
немесе белгілі бір инновацияның жаңа түрлері үшін қолданылатын инновация
пайдасы инновацияның иевестициялық функциясын құрайды.
Инновацияны енгізу нәтижесінде кәсіпкердің алатын пайдасы кез-келген
коммерциялық шаруашылық субьект мақсатының функциясына тікелей сәйкес
келеді. Бұл құбылыс кәсіпкердің жаңа инновацияларға стимул ретінде қызмет
атқарады; әрқашанда оған сұранысты үйренуге, маркетингтік істерді жүргізуді
ынталандыруға , қаржылық басқарудың жаңа қасиеттерін қолдануға
(реинжиниринг, брэнд-стратегия, бенчмаркинг және т.б.) қызуғышылық
тудырады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі – бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы,
не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа әдістерін қолдану мақсатындағы
ғылыми-техникалық және зияткерлік әлеуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке
сұранысты, сонымен қатар жалпы пайдалы жаңалықтарға қоғамның мұқтажын
қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Инновацияның екі тұрпаты ажыратылады:
- өнімділік;
- үрдістік.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінле
анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не
тіршілікте қолданылып жүрген технологияның жаңа түрінде пайдалануын
ұштастырады.
Процестік инновация – бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тәсілін және
технологияны едәуір жетілдіру, жабдықтарды және өндірісті ұйымдастыруды
өзгерту.Жаңалық дәрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық
және шетелдік тәжірибеде ұқсастығы жоқ және жаңа нәрсенің салыстырмалы
жаңалығы болып ұсақталады. Негізінде өнімнің жаңа түрлері, технологиясы
және қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаңалықтарға ие болады және
үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара
байланысты процестердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын
көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның
дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық
өнімнің негізінде анықталады.
Кәсіпкерліктің инновациялық қызметін әзірлеуде, енгізуде, жаңалықтарды
пайдалануда қосылатындары:
- жаңалық идеяны әзірлеу, зертханалық ғылыми жұмыстар, өнімнің
жаңа зертханалық үлшілерін, техниканың жаңа түрлерін, жаңа
конструкцияны және бұйымдарды дайындауда ғылыми-зерттеу және конструкциялық
жұмыстарды жүргізу;
- өнімнің жаңа түрлерін дайындау үшін шикізаттар мен материал-
дардың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық процесті әзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан
өткізу және жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-
басқарушылық шешімдерді әзірлеу және енгізу;
- қажетті ақпараттық ресурстарды және инновацияны ақпаратпен
қамтамасыз етуді зерттеу және әзірлеу;
- қажетті ғылыми – зерттеу және конструкторлық жұмыстарды
жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру және
қызметкерлерді арнайы әдіспен іріктеу;
- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті
құжаттарды алу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру және маркетингтік
зерттеулерді жүргізу .
Аймақтағы шағын кәсіпорындарының инновациялық қызметінің
қалыптасуы мен даму деңгейіне талдау
Еліміздің деңгейін орта және арғы кезеңдерде жаңа белеске шығарудың
Елбасы белгілеп берген келесі басым бағыты - бұл дамудың индустриялық-
инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырудағы түпкі мақсат –
мемлекеттімізді шикізаттық кіріптарлықтан арылту. Бұдан туындайтын негізгі
міндеттер: экономикадағы құрылымдық өзгерістерді байсалды жүргізу, өнім
сапасын халықаралық стандарттар деңгейіне көтеру, оларды өндіруді, әсіресе
ұқсатуды әлемдік жаңа технологиялық әдістерге негіздеу. Қазақстанда соңғы
бес жылда ғылымды қаржыландыру көлемi IЖӨ-нiң 0,2 %-iн құрап отыр, бұл
жеткiлiксiз болып табылады. Қазақстанның стратегиялық мүдделерiн көздей
отырып, 2010 жылға ғылымды қаржыландыруды IЖӨ-нiң 2 % және 2015 жылы 2,5-3
% деңгейiне дейiн жеткiзуге кезең-кезеңмен өтудi жүзеге асыру жұмыстары
қарастырылған.
Бiрқатар ғылыми тақырыптарды қаржыландырудың жеткiлiксiз болуы мен
тоқтатылуы жас ғылыми кадрлардың ғылым саласынан кетуiне, ғылымның
материалдық-техникалық базасының моральдық және табиғи тозуына әкелдi.
Ғылымды реформалаудың мемлекеттiк саясатын басымдықпен жүргiзу қажет.
Ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттiк саясаттың басты бағыттары:
- әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі стратегиялық басымдықтарының
бiрi ретiнде ғылымды айқындау;
- жоғары технологиялар өнiмiнiң экспортына бағдарланған ғылымды көп
қажетсiнетiн әрi ресурстарды үнемдейтiн және экологиялық таза
өндiрiстi құруға бағытталған зерттеулердi дамыту;
- ғылыми жетiстiктердi нақты iске асыруға ықпал ететiн тетiктер мен
ынталандыру жүйесiн құру;
- жаңа жетiстiктердi экономиканың қабылдауын жан-жақты ынталандыру
(сұранысты ынталандыру) және оларды отандық ғылыми-техникалық
әлеуеттiң пайдалануы үшiн жағдайлар жасау (ұсыныстарды
ынталандыру);
- ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн материалдық базаны нығайту;
- кадр әлеуетiн сақтау мен дамыту, ғылыми-технологиялық дамудың басым
бағыттары бойынша жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды даярлау мен
аттестаттау;
- ғылыми зерттеулердiң тиiмдiлiгi мен сапасын жоғарылату үшiн ғылыми
ұйымдарды аттестаттау және тiркеу жүйесiн дамыту;
- ғылымның мемлекеттiк емес секторын қалыптастыру мен дамыту, оны
қолдаудың мемлекеттiк тетiктерiн жасау;
- талантты жас ғалымдарды қолдау;
- мамандарды әлемнiң ең үздiк ғылыми орталықтарында тағылымдамадан
өткiзу;
- грант негiзiнде ғылыми зерттеулердi қаржыландыру тетiктерiн жасау
мен жетiлдiру;
- қазақстандық ғылымның халықаралық ғылыми-технологиялық қауымдастыққа
интеграциялануын қамтамасыз ету .
Ұсынылған шараларды iске асыру индустриялық-инновациялық қызметті ғылыми
қамтамасыз етудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
Кесте1 - Жиынтық ішкі өнімге шаққандағы ғылыми-зерттеу жұмыстары мен
өңдеулердің үлесі, %
КӨРСЕТКІШТЕР 2007ж. 2008ж. 2009ж. 2010ж.
Жиынтық ішкі өнім, млрд тенге 5213,9 6874,2 9524,8 11542,5
Мемлекеттік бюджеттің іргелі
ғылыми зерттеулерге жұмсаған 3,9 3,8 4,3 4,5
шығындары, млрд. теңге
ЖІӨ-ге шаққандағы іргелі ғылыми0,074 0,055 0,045 0,039
зерттеулерге жұмсалған шығындар
үлесі, %
Ғылыми-техникалық жұмыстардың 18,5 21,0 22,1 22,6
көлемі, млрд. теңге
Орындалған ғылыми-техникалық 0,35 0,30 0,23 0,19
жұмыстардың ЖІӨ-ге шаққандағы
үлесі, %
Ескерту - Казахстан сегодня. Информационно-аналитический сборник. Алматы,
2010ж. Қазақстан Республикасының стастикалық мәліметтері
2010 жылы мемлекетімізде ғылыми зерттеу және өңдеу жұмыстары 310 ғылыми
ұйымдарда жүргізіліп, орындалған ғылыми-техникалық жұмыстардың көлемі 22,6
млрд. теңгені құрады.Жалпы технологиялық инновацияларға жұмсалған барлық
қаражаттардың құрамы бойынша, оның ішінде инновациялық жобаларды
инвестициялауға жұмсалған мекемелердің қаржылары – 95,8%, республикалық
бюджеттен – 0,1%, шет елдік қаржылар – 0,9% және басқалары – 1,6%-дан
тұрды.
Мемлекеттің негізгі инновациялық қызметі келесі шараларды қамтуы тиіс:
-инновациялық шаралардың экономикалық, құқықтық және ұйымдастырушылық
негіздерін қалау;
-өндіріс тиімділігі мен ішкі нарықтағы тауар өндірушілердің өнімдерінің
бәсекеге қабілеттілігін технологиялық жаңалықтар енгізу негізінде арттыру;
-кәсіпкерлердің инновациялық белсенділігін көтеру және инновациялық іс-
әрекеттерді асыруға бөлінген мемлекеттік қаржыларды тиімді қолдану;
-отандық инновациялық өнімді халық аралық нарықта өткізуде қолдау және
Республикадағы өнімнің осы түрі бойынша экспорттық әлеуетті арттыру.
Жаңа инновациялық саясат іске асқаннан кейін келесі нәтижелерді күтуге
болады:
-өндірістік жүйедегі ресурстарды қолданудың тиімділігін арттыра отырып,
бәсекелік артықшылықтың ерекше түрімен ұлттық экономиканы жетілдіруде
құрылымдық өзгерістер енгізу;
-халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейінің жақсаруы.
1Сурет - Инновациялық өнімдердің құрылымы
Мұндағы 1 - Жаңадан енгізілген немесе маңызды технологиялық
өзгерістерге ұшыраған өнімдер – 15,6%; 2 - Жетілдірілген өнімдер –
72,2%; 3 – Басқа да өнімдер – 13,2%.
Қазақстанда ғылымды несиелеу, яғни ғылымның ЖІӨ-гі үлесі 0,3%-дан аспай
отыр, ал ЮНЕСКО дамушы мемлекеттерге ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын
шығындар ЖІӨ-нің 1%-нан кем болмауын ұсынады. Қазақстанның стратегиялық
мүдделеріне қарай 2010 жылы ғылымды қаржыландыру ЖІӨ-нің 2%, ал 2015 жылы
2,5-3% жеткізу қажет. Еуропалық одақ өзінің барлық мүшелеріне ғылымға
салынатын қаржы үлесі ЖІӨ-нің 2,5%-дық үлесін нұсқап отыр.
Ғылыми-техникалық өнімдер нарығын зерттеу нәтижелері бойынша өнеркәсіп,
құрылыс, көлік, байланыс және ауыл шаруашылық салаларындағы 2146
сұрастырылған мекемелердің тек 16,5 % ғана болашақта инновациялық процесс
негізінде жаңа өнім түрлерін шығаруды жоспарлап отыр екен . Егер отандық
өндірушілер тарапынан инновациялық селқостық жалғаса беретін болса, онда
өнімнің шығындары, сапа, қызмет көрсету параметрлері бойынша ішкі және
сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіншіліктері шектеледі.
Өйткені нарықтағы жаңа өнімнің сапасы мен бағасы, технико-технологиялық
параметрлері бәсекеге қабілеттіліктің басты анықтауышы.
Инновациялық саясаттың іске асуының белсенділігі негізі қаржы
мәселесіне, оларға деген экономикалық қажеттілікті анықтайтын нарықтық
сұранымға, бәсекелік ортаның дамуына, ғылыми-техникалық әлеуеттің дамуы,
тұрғындардың менталитеті, олардың білімі мен мәдени деңгейі және сыртқы
экономикалық байланыстарға тәуелді. Бұлардың әрқайсысы инновациялық
процесстерге тікелей немесе жанама түрде әсер етіп отырады.
Индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыруда шағын және орта
бизнестің ролі зор. Сондықтанда қазіргі таңдағы шағын және орта бизнестің
даму деңгейіне тоқталатын болсақ (2 кесте).
Кесте2 - Қазақстан Республикасы бойынша тіркелген шағын және орта
кәсіпкерліктер саны
Көрсеткіштер 2009 ж 2010 ж 2011 ж Ауытқу+,-
1110 1109
Барлығы 643376 707821 663373 -44448 19997
Қызмет түрлеріне 173715 173559 174295 736 580
қарай,ауылшаруашылығы, аңшылық
және орман шаруашылығы
Балық өсіру мен аулау 754 757 798 41 44
өнеркәсіп 16621 18084 16129 -1955 -492
Тау-кен шаруашылығы 500 584 618 34 118
өңдеу шаруашылығы 15662 16975 14901 -2074 -761
Су, газ және электр энергиясын 459 525 610 85 151
өңдеу және тасымалдау
құрылыс 16432 16407 17346 939 914
Сауда, жеке қолдануға арналған 240142 275902 251468 -24434 11326
құралдар мен үй-тұрмыс
жабдықтары және автомобиль
жөндеу шаруашылығы
Қонақ үй қызметін ұсыну 17997 18999 17542 -1457 -455
Көлік және байланыс қызметі 57503 62222 51652 -10570 -5851
Қаржы саласындағы қосымша көмек46828 53118 53980 862 7152
көрсету қызметі
Тұтынушыларға қызмет көрсету, 64123 78253 71929 -6324 7806
аренда және жылжымайтын мүлік
операциялары
Дербес, әлеуметтік және 6518 7105 5247 -1858 -1271
коммуналдық қызмет көрсету
Ескерту- ҚР статистика агенттігінің материалдары
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып, тіркелген шағын кәсіпорындар саны
жыл өткен сайын көбейгендігі байқалады. Егер де кәсіпорындарды қызмет
түрлеріне қарай талдайтын болсақ, онда ауылшаруашылығы, аңшылық және орман
шаруашылығы бойынша кәсіпорындар саны 2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда
44448 кәсіпорынға, ал 2011 жылы2009жылға қарағанда 19997 кәсіпорынға өскен.
Сол сияқты балық өсіру және аулау бойынша да кәсіпорындар саны біршама
өскені байқалады. Атап айтатын болсақ, 2011 жылы 2010жылға қарағанда 736
кәсіпорынға көбейсе, 2011жылы 2009жылмен салыстырғанда 580 кәсіпорынға
жоғарылағанын көреміз. Сонымен қатар барлық салалар бойынша алға жылжулар
байқалады. Құрылыс және өңдеу өнеркәсібі бойынша кәсіпорындар саны
жоғарылап отыр.Келесі кестеде тіркелген шағын кәсіпорындардың өнім өндіру
көлемі көрсетілген( 3 кесте)
Кесте 3 - Қазақстан Республикасының тіркелген шағын кәсіпорындардың өнім,
(тауар, қызмет көрсету) көлемі, млн теңге
Көрсеткіштер 2009ж 2010ж 2011ж
Барлығы 4872,9 5366,9 8465,3
Қызмет түрлеріне қарай,ауылшаруашылығы, 486,7 588,3 648,2
аңшылық және орман шаруашылығы
Балық өсіру мен аулау 26,3 66,5 69,1
өнеркәсіп 913,5 1025,5 1346,5
Тау-кен шаруашылығы 238,8 405,1 456,3
өңдеу шаруашылығы 595,9 511,4 612,5
Су, газ және электр энергиясын өңдеу және78,7 108,9 152,3
тасымалдау
құрылыс 488,0 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz