Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары жайлы



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорын экономикасы және оның негізгі факторлары
Кәсіпорын - белгілі бір өнім өңдіретін немесе халыққа қызмет
көрсететін заңды тұлға.

Кәсіпорынның шаруашылық қызметтерінің нәтижелілігі - өнімді өткізу мен
көрсетілген қызметен түскен пайдадан ғана емес, сонымен қатар өндірістік
қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қорлары), басқа да
тұтыну қорларының жиынтығынан әлеуметтік саладағы), жиналған қаражаттардан
және тағы басқалардан көрінеді.
Кәсіпорын экономикасы - өндірістік және өндірістген тыс қатынастардың
жиынтығы: айналыс: қоры; дайын өнім, кәсіпорынның банктегі есеп-шоттары,
ақша қаражаты, бағалы қағаздары, меншіктің материалдық емес қорлары
(патенттер, лизенция т.б), өнімді өткізуден және әр түрлі көрсетілген
қызметтерден түскен табыстар мен пайда. Олардың құндық бағасы –
кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.
Соңғысының әр түрлі себептері бар, атап айтқанда:
• өндірісті қорлармен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу;

өндірілген өнімніңсаны мен сапасы;
өткізу көлемі;
• өткізуден түскен кіріс пен пайда.
Осы факторлар негізінде қол жеткізілетін тиімділіктің деңгейі мен
сипатын кәсіпорынды дамытуға ықпал ететін ішкі және сыртқы жағдайлар
айқындайдайды.
Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
1. Өндірісті қорлармен қамтамасыз ету,
2. Кәсіпорынның экономикалық, және техникалық дамуының қажетті
деңгейін қамтамасыз ету:
3. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялық
сапасын қалыптастыру факторлары: тиімді коммерциялық және жабдықтау
қызметтері.

Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
1. Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор
табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады. Табиғи байлықтар "орны толатын"
және "орны толмайтын" болып бөлінеді.
2. Жұмыс күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың
тәжірибелік және интеллектуалды құрамы.
. Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары
арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі.
4. Кәсіпкерлік - меншікке негізделген, несиеге алынған және басқа да
мүліктерді пайдалану арқылы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге
асырылатын бастамалық, шаруашылықтық және басқа да қызмет.
5. Капитал - тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.

6. Бағалы қағаз -бағалы қағаз операциялары және тағы да басқа сияқты
заңмен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерімен айналысуына құқылы.
7. Инновация - жаңа бұйымдар мен озық технологияларды жасауға,
өндіруге, дамытуға және сапалық жағынан жетілдіруге бағытталған күрделі
құбылыс.

Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері
Кәсіпкерлік субектісі:
1. Қазақстап Республикасының және басқа ди елдердіц азаматтары
(қызметтері заң талабына сай болса ғана).
2. Заңды түрдегі шетел азаматтары мен өкілет-тіпігі шектеулі тұлғалар.
3. Азаматтың бірлестіктер.
Кәсіпкерлік қызмет төмендегідей екі нысанда жүзеге асады:

1. Меншік иесінің өзінің тәуекел етуі және мүліктік жауапкершілігі
негізінде.
2. Кәсіпорынды метшік иесі атынан басқару. Меншіктің мұндай ережелері
өзара міндеттерді анықтай отырып, келісім арқылы реттеледі.
Меншік иесінің келісім жасалған сәттен бастап кәсіпкердің іс-әрекетіне
араласуға құқығы жоқ (алдын-ала келісімдер мен кәсіпорынның жарғысында және
заңда кезделінген жағдайларды қоспағанда).
Кәсіпкердің құқықтары;
- келісімнің бастамаларын жүзеге асырып қаржы-қаражат тарту;
- интеллектуалды меншіқ объектілерінің, азаматтар мен заңды
тұлғалардың мүлкі мен жекелеген мүліктік мүдделерін қорғау;

- өндірістік
бағдарламалар жасау;
- өз өнімдеріне тұтынушылар мен жеткізіп берушілерді таңдау;
- Қазақстан Республикасының заңдары мен келісімдеріне сәйкес баға
белгілеуді реттеу;
- сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру;
- кәсіпорындарды басқаруда әкімшілік-тәртіптік қызметтерді жолға қою;
- кәсіпорын иесінің атынан қызметкерлер жалдау және оларды жұмыстан
босату;
Кәсіпкер тұтынушының ақша төлеп алатын қажетті заттарын өндіруді өз
міндетіне алады; Бұл тұста тауар өндіру және қызмет көрсетуді кең мағынада
түсінуіміз қажет.
Қызмет түрін таңдауда алдын-ала маркетингтік зерттеу жүргізу керек және
қайдай тауардың немесе қызмет көрсетудің тұтыным мүмкіндігі мол оған деген
сұранымның тұрақтылығы, келешек даму тенденциясы тауарларды, сатуда ықтимал
баға бірліктері, өнім өндіру мен оны өткізу процесіндегі шығындар өткізу
көлемін болжау. Өндірістік кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде өнім пайда
болатынын жоғарыда айттық. Кәсіпкер екінші сатыда өндіріске қажетті қаржы-
қаражаттың шамасын белгілеуге, қорытынды мәмілелерді топтауға, өнім
өндіруді бастауға дейін әзірленген заттарды жеткізу мен банкротқа шыраудың
алдын алуға бағытталған жұмыстарды атқаруға тиіс.
Өнімді тиімді сату шаралары кәсіпкерліктің үшінші сатысын құрайды.
Бұл процесс делдалі агенттіктер, брокер немесе кәсіпорынның өз күшімен
жүзеге асырылады. Бұл кәсіпкерлік технологиясының айрықша жауапты кезеңі.
Коммерциялық кәсіпкерліктің мазмұны тауар-ақша қатынастары мен сауда-
айырбас операциядарынан тұрады. Шын мәнінде, бұл тауар мен қызмет көрсетуді
қайта сататын орын. Оның өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы -
мұнда өнім өндіруді өндірістік қорлармен қамтамасыз ету қажет болмайды.

Бизнес-жоспарда бұлардан басқа мыналар қарастырылады;
- тауарларды алдағу уақытта сату үшін көтере сатып алу;
- ұйымдардан қызмет көрсету туралы міндеттемелерді жинау және оларға
төлем жасау;
- тауарларды сақтайтын қоймалар мен тұрғын үйлер жалдау, өнімдерді
өткізетін сауда орындары;
- тауарларды өткізу нысандары;
- несие және басқа қарыз қаражаттарын алудың негіздері;
- мемлекеттік және қаржы мекемелеріне салық және басқа да міндетті
төлемдерді өтеу.
Қаржылық кәсіпкерлікке сату-сатып алудың ерекше тауарлары: ақшаны,
валютаны, құнды қағазды (акция, векеель, облигация, ваучер), яғни ақшаны
тікелей және қосымша нысанда сату жатады. Нарықтық қатынастарга өтуге
байланысты ақша нарығы, валюта және құнды қағаз нарықтары бой көтерді,
оларға қатысушылар:
• коммерциялық банктер;
• қор биржалары;
• кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
• кәсіпкерлер және жеке тұлғалар,
Кәсіпкер немесе бизнестің осы саласына қатыстылар өздерінің іс-
әрекеттерін құнды қағаз нарығы мен маркетингтік қызметті ұйымдастырудан
бастайды. Сөйтіп бір уақытта олар ақшаның, валюта мен құнды қағаздардың
көздерін табады. Кәсіпкерлік қызметтің тағы бір нысаны — меншіктік акцияға,
облигацияға, несие билеттерін және коммерциялық құнды қағаздарға (ақша
міндеттері, вексель) қатысты құнды қағаз эмиссиясын жүзеге асырады.
Егер кәсіпкердің құңды қағаздарды сатып алатын ақшысы жоқ болса, онда
ол несие алады немесе несие жөнінде банктермен келісуі жасасады (Дқ).
Қаржылық кәсіпкерліқ жүйесі нақты мәліметтермен толықтырылуды және жоғары
дәрежеде ұйымдастыру ісі техникаларыменн қастамасыз етуді қажет етеді.
Қаржы-несие жұмыстарын жүргізу кезінде кәсіпкір тұтынушыға ақшаңы, валюта
мен құнды қағаздарды қарызға береді, ал белгіді бір уақыттаң кейін берілген
соманы қарыз процентімен қоса, яғни жоғары көлемде қайтарып алады. Мұндай
мәміле кезінде кәсіпкер сатып алушылардың қаржылык мүмкіндіктері жөніңде
хабардар болуы немесе алдын ала кепілдік мәселесін шешіп алуы қажет.
Кеңес беру қызметіне:
* жалпы басқару;
* әкімшілік басқару;
* қаржылық қалдау;
* маркетинг;
* ақпаратты технология;
* арнайы қызметтер жатады.
Сонымен қатар халыққа ақылы немесе ақысыз түрде кеңестер беріліп,
қызметтер көрсетіледі.
Кәсіпкерлік қызметтің орны ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық
категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндіріетік қатынастарды
ұйымдастырудын негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар
дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана
отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады әр түрлі қызмет көрсетеді:
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі және қолданылып жүрген
заңдар мен заңдылықтарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық-құқықтық
нысандары бар:
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:
1. Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серік-тестіктің қызметтері
олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рахат Акционерлік Қоғамындағы маркетингті пайдалану
Кәсіпорынды басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
Кәсіпорын басқару жүйесіндегі маркетингтің ролі
Кәсіпорынның жұмыс күшімен қамтамасыз етілуі
Өндіріс факторлары жайлы
Қазақстандағы тұтыну бағаларының индексі
Инновация түсінігі және инновациялық саясат
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Қазақстан экономикасын диверсификациялау бағыттары
Кәсіпорын экономикасының ішкі жағдайлары
Пәндер