Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен өндірістік шығындардың жіктелуі



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен
өндірістік шығындардың жіктелуі

Өңдірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін манызы
зор.Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
(типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс
болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып
отыратын шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина
жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Оның мынадай ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға
мамандандырылмайды; субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар
мен олардың бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-
қорытындылау жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда
алғанда біршама үлкен болады; өндірістін басқа да тұрпаттарына қарағаңда
өндірістік цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өңдірісте, әдетте шығындарды
есепке алу үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық
әдіс колданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі;жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы;мамандандырылған машинаның,
аспаптар , қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс
машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп
қолданылады,бірақол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі
сериялық өндіріс (өнім жағдайы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану
анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық
жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ
сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс - ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын
өндіріс тұрпаты. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болмағанымен
олардың шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,белгілі бір салаға
ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының
жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.Бұл арада
әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке
алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ
сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне
маршруттық парақтарына жазылады.
Кез-келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету
белгілі бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі
керек: жалпы өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік кұнын
есептеу (калькуляциялау), кызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген
өнімнің нақты шығысын толық, дер көзінде және шынайы көрсету, сондай-ақ
жалпы бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау
үшін ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім
типтерін қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал
кейбіреулері үшін сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік
шығындар көптеген белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
- шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,
цехтар,учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша,
ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау көзінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
- қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс
шығындары жекелеген түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім
топтарына енеді;
- шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша;
тікелей — өнімнін өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім
түрлерін өндірумен байланысты болып; жанама - өнімнің өзіндік құнына
таратылып бөлінетін,яғни бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып
бөлінеді;
- өндіріс шығындары өнімнің келеміне қатысты екіге бөлінеді:
айнымалы-шығарылған өнімнін көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы
мүмкін (негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия
мен отын,өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты - өнімнің
шығару көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс
ғимараттарын жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардын
амортизациясы);
- шығыстар түрі бойынша;экономикалық элементтер бойынша
шығындарға: материалдық шығындар; енбек ақы шығындары; еңбек ақыдан
аударылатын аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
- өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
- коммерциялық (сатумен байланысты);
- әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі
Өндіріс шығындарын жіктеу
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Үстеме шығындардың есебі
Басқару есебіндегі шығындардың жіктелуі
Кәсіпорын қызметінің нәтижелері
Өндірістік шығындар есебінің ұйымдастырылуы
Кәсіпорын экономикасы пәні бойынша әдістемелік нұсқау
Материалдық шығындар
Өндіріс шығындарының түрлері және оларды есепке алу әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Пәндер