Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принциптері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің мәні мен принциптері

Негізгі қорға қаржы жұмсау (өндірістің негізгі қоры ) босалқы қорларға, резервтерге, сондай - ақ пайда, дивиденд және басқада табыс табу мақсатымен құнды қағаздар шығаруға ұзақ мерзімді капитал бөлуды инвестиция деп атайды. Инвестицияны материалдық - заттық және ақшалай нысынына бөлуге болады. Материалдық - заттық инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және е. б. сонымен қатар, ол - ауыстыруға немесе техникалық парктерді кеңейтуге, материалдық заттарды басқа инвестициялық тауарларды арттыруға бағытталған, ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық - заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады.

Өндірістегі жалпы инвестицияны өнім инвестиция деп атайды. Ол - негізгі капиталдің (негізгі қор) артуын қолдауға бағытталады. Жалпы инвестиция біріктірушінің екеуінен қосылады. оның ішінде біреуі - амартизатция . ол - негізгі өндіріс құралдарының ұдайы тозу және оның құнын өндірілетін өнімге көшу процесі.

Екінші біріктіруші таза инвестиция - бұл катпиталдың қаржы жұмсау негізгі қорларды арттыру, өсіре беру, ғимараттар салу, өндіру және қондыру, қосымша жабдықтар, қолда бар өндіріс қуаттылығын жаңғырту мақсатында іске асырылады. Материалдық өндіріс салаларындағы инвестициямен қатар, олардың едәуір бөлігі әлеуметтік - мәдени салаларына, яғни ғылым, білім, денсаулық, дене шынықтыру, спорт, қоршаған табиғи ортаны қорғай, осы салалардағы жаңадан салынатын объектілерге, олардағы қолданып жұрген техника мен технологияларды одан әрі жетілдіруге жұмсалады.

Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - оның жалпы шаруашылық қызметінің ажыратылмайтын бөлегі болып табылады. Кәсіпорынның экономикасында инвестицияның маңызы орасан зор. Қазіргі өндіріс үшін ұзақ мерзімді факторлардың маңызының өсуі ерекше. Егер де кәсіпорын ойдағыдай жұмыс істейтін, өнімнің сапасын арттыратын, шығындарды азайтатын, өндіріс қуаттарын кеңейтетеін, өзінің шығарған өнімдерінің бәсекеге жарамдылығын арттыратын және нарықта өзінің жайғасымын нығайтатын болса, онда капитал салу қажет және оны салу пайдалы. Сондықтан да оған инвестициялық стратегияны мұқият әзірлеп, жоғарыдағы айтылған мақсаттарға жету үшін оны үнемі жетілдіріп отыруы қажет. Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы екі біріктіруден анықталады: көлемі және ресурстар сипаты, сол сияқты нарыққа және бәсекеге жарамдылығы. Бұл екеуінің біріктілігін талдау кәсіпорынның стратегиясын қисынға келтіруге мүмкіндік береді.

Сонымен, жалпы түрінде инвестиция ақша қаражаты ретінде, баніктік салықтар, акциялар және басқада құнды қағаздар, технология, машиналар, жабдықтар, лицензиялар, онің ішінде тауар белгілеріне, несиелер, кезкелген басқада мүліктер немесе мүліктер құқығы, зиялы құндарды кәсіпкерлік қызмет объектілеріне немесе басқада қызмет түрлеріне пайда (табыс) және әлеуметтік нәтижеге жету мақсатына пайдаланады.

Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы - бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің (қаржы) барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы - ол құруға, кеңейтуге, қайта құруға, негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капиталға осымен байланысты емес өзгерістерге жұмсалатын шығыстар деп түсіндіруге болады. Шынын айтқанда, тауар - материалдық босалқы қорлардың өзгерістері көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын шығыстар қозғалысын түсіндіреді. Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы жұмсау процесі ретінде табыс табуға немесе қандайда болмасын басқада нәтижеге жетуге тығыз байланысты.

Инвестиция - бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжалынған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің екі жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік, яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылыр формасында жүзеге асырылады. Инвестициялардың түрлері бойынша тәуекелдік (венчурлік), тікелей, портфельдік және аннуитеттік болып бөлінеді.

Кәсіпорынның қаржылық инвестициялар есебі және инвестицияларды басқару ерекшеліктері

Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы брысында қаржылық инвесциялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні ас қажетті болып отыр. Қазақстан республикасының қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарынат жатады, ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады :

1. валюталық нарық ;

2. құнды қағаздар нарығы ;

3. несие - капиталы нарығы (ақша нарығы ) ;

4. асыл металдар нарығы (алтын нарығы ) .

Қаржы нарығының айырықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойнша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Алқаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байлансты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқада шаруашылық субъектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциалды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, яғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады.

Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарые шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент - деп аталады және сонымен қатар олар бағалы қағаздарды иемденушілердің алдында белгілі бір жағдайда борышты болып табылады.

Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және кооперативтік болып үш түрге бөлінеді.

Мемлекеттік құнды қағаздар - бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады.

Кәсіпрындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі

Қазақстандағы мемлекеттік инвестициялар жүйесін оңтайландыру мақсатымен инвестицияларды басқарудың заң шығаратын негізімен органдары құрылды.

Инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесіне инвестициялық белсенділікті қамтамасыз ету кіреді. Бұл елдің экономикасына отандық пен шетелдік капиталды тарту үшін әсерлі ынталандыруды құруды жорамалдайды. Ынталандыру құрамына келесілер кіру қажет. шетел мен отандық инвесторлар үшін қолайлы климат жасау, жалпы ішкі өнімдегі (ЖІӨ) мемлекеттік капитал салымдарының үлесін ұлғайту, соның ішінде, пайдалы қазба кен орындарын пайдаға асырудан алынған табысты қайта бөлуесебінен; әрбір инвестициялық жобаны алеуметтік - экономикалық дамудың мақсаттары мен басымдықтарына сәйкестігін алдын - ала міндетті сарапшылдаудан кейні, жарыс (конкурстық( негізінде орталықтандырылған капитал салымдарын үлестіру; халықаралық ұйымдармен бірілескен мемлекеттік - коммерциялық қаржыландыру мен қайта қаржыландыру практикасын едәуір кеңейту.

Жоспарлау кезеңінде әлеуметтік - экономикалық дамудың орта мерзімді бағдарламасы мен оны макроэкономикалық деңгейде, сондай - ақ, әрбір секторға қатысты алғанда да жүзеге асырудың стратегиясын құру мәселксі шешеіледі. Бұл кезеңде инвестицияларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды таңдау мен алдын ала бағалауға басты назар аударылады. Бұл үшін салалақ минстрліктер жобаларды ұаржылыұ - экономикалық бағалаудың жалпы қабылданған әдістемесі негізінде ұсынылатын жобалардың сипсттамасы мен бағалануы болуы қажет, жуықтағы бірнеше жыға арналған инвестициялар бойынша ұсынстарды дайындауы керек.

Бағдарламалау кезеңіндегі басты мақсат - жоспарда бекітілген мақсаттарды қызметтің мемлекеттік бағдарламаларына өзгерту. мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына (МИБ) инвестициялар бойынша ұсыныстарды ұзарту бюджеттік процеске арналатын таңдаудың сол бәсекелестік қағидаларына негізделуі қажет.

Қаржы бөлу жөніндегі шешімдер мынадай факторларды ескеруі қажет .

- бюджет орындалатын, макроэкономикалық жағдай ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Менеджмент қызметі
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясының түсінігі
Инвестициялық саясат және инвестициялық қызметті басқару
Кәсіпорынның қаржысы. Қаржылық есеп принциптері
“Өндіріс экономикасы” пәнінен дәрістер
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс
Кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы кедергілер
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz