КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ЖАЙЛЫ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ
Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор
В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше "төлем қабілеттілігі - бұл
кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі". Бұл
жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге
ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу
міндеті. Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді
несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді
қарыздармен сәйкес келуі мүмкін. Және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді
қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін
есептеу біздің ойымызша дұрыс, себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
міндеттемелер шотының Бас жоспары "несиелер" 60 бөлімшесінің 601-603
синтетикалық ІІІоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі. Жоғарыда
айтылғандарды қорытындылай келе. кәсіпорынның төлем қаб-леттілігі дел, оның
дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдср жүргізуге
дайындыгын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп
айырысу, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек.
Қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек
дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін құралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы-
материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша
қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде Қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық
ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер
кәсігюрынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан
артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ. егер
кәсіпорын барлық ағымдагы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл
сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын
алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге
үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар
бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның төлем
құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті
арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе
үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.
Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының
жетіспеуі себептерін анықтау керек.
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын., қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез
өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы
пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар
және басқа пассивтер кіреді.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның төлемге
қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның
болмауы, банкке қайтарылатын иесиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына
қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы төлемге
қаблетсіздікті көрсетеді.
Төлем кабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау
кезінде анығырақ көрінеді.
Есепті кезең ішіндегі ағымдағы төлем қабілеттілігі төлемдік күнтізбе
комегімен есептслуі мүмкін, оның негізінде ағымдағы жедел төлем
қабілеттілігінің коэффициенті анықталады, кредиторлармен, банкпен, қаржылық
және басқа органдармен өз уақытында есеп айырысуды қамтамасыз ететін
шаралар жасалады. Төлемдік күнтізбе аналитикалық есептің мәліметтері, банк
көшірмесі, төлемнің мерзімдік картотекасы негізінде жасалады. Мұндай
есептер күнделікті немесе 3-5 күнде бір рет және басқа уақыт аралықтарында
жүзеге асырылуы мүмкін. Есептеудің мерзімділігі кәсіпорын төлем
қабілеттілігіне байланысты. Еғер тұрақты болса, есептесу сирек, ал егер
тұрақсыз болса жиі жүргізуге болады. Ағымдағы оперативтік анықтау үшін
кәсіпорынның төлем құралдары және уақыты келген оның қарыздары (мерзімді
міндеттемелері) туралы келесі ақпаратты қарастырайық.
Осы ақпараггың негізінде төлем құралдары мен жедел міндеттемелерді
анықтайық.
Келтірілген ақпарат осы мерзімде кәсіпорын өз
қарыздарының 86,3%-ын ғана төлей алатынын көрсетеді (3655:4233),
қарыздарының 13,7%-ы төленбей қалады, бұл айыппұл санкцияларын
төлеуге және кәсіпорынның шығындалуына әкелетін мерзімі өткендер
қатарына жатқызылады.
Ағымдағы төлем қабілеттігін талдау кезінде сандық көрсеткіштерден
басқа, сапалық сипаттамаларын білу керек.
Қаржылық икемділік кәсіпорынның алдын ала болжамаған жағдайларға
байланысты ақша қаражатынын түсуі кезінде кездейсоқ үзілістерге қарсы тұру
қабілеттілігімен сипатталады. Бұл өзгермелі жағдайға төтеп беру үшін әр
түрлі көздерден қарыз алу, акционерлік капиталды көбейту, активтерді сату,
қайта орналастыру, кәсіпорын қызметінің деңгейі мен сипаттын өзгерту
дегенді білдіреді.
Ақша қаражатын қарызға алу қабілетгілігі әр түрлі себептерге
байланысты және тез өзгеруге бейім. Ол кәсіпорын табыстылығымен,
тұрақтылығымен, салыстырмалы өлшемімен, салалардағы жағдаймен, капиталдың
құрамы және құрылымымен анықталады.
Көбіне ол несие нарығының өзгеру бағыттары мен жағдайы сняқты сыртқы
факторларға тәуелді. Несие алу қабілеттілігі ақша қаражаты керек жағдайда
және кәсіпорынға қысқа мерзімді несиелерді ұзарту үшін қажет кезде маңызды.
Алдын ала келісіммен қаржыландыру немесе ашық несие линиялары (кәсіпорын
белгілі бір мерзім ішінде және белгілі бір жағдайларда ала алатын несие) -
потенциалды қаржыландыруға қарағанда, керек кезде алудың сенімді көздері.
Кәсіпорынның қаржылық икемділігін бағалау кезінде оның вексельдері,
облигацияның және артықшылықты акцияның рейтингі, активті сатудың
шектілігі, шығынның кездейсоқтық дәрежесі, ереуіл, сұраныстың төмендеуі
және жабдықтау көздерінің жойылуы сияқты, өзгермелі жағдайларға тез
бейімдеушілік қабілеттілігі есепке алынады.
Ағымдағы (қысқа мерзімді) төлем қабілеті өте тар түсінік, себебі оны
болашақта қолдану мүмкін емес.
Кәсіпорынның перспективті (ұзақ мерзімді — бір жылдан аса) төлем
қабілетін бағалау үшін өтімділіктің динамикалық, статистикалық
көрсеткіштері пайдаланылады. Динамикалық көрсеткіштердің бірі өнімді
(жұмыс, қызмет) өткізуден түскен табыстың орташа ағымдағы міндеттемелерге
қатынасы болып табылады. Есептеу үшін алымында есепті кезеңдегі есеп шоты
бойынша дебет айналымын, ал бөлімінде — осы кезеңдегі ағымдағы
міндеттемелерінің орташа қалдықтарын алуға болады. Бұл есепте алымы баланс
жасау мерзіміндегі емес белгілі бір кезең үшін ақша қаражатының ағымын
көрсетеді.
Нарықтық экономика теориясы мен практикасында перспективті төлем
қабілеттілігін талдауды нақтыландыру және тереңдету үшін қолданылатын баска
да керсеткіштер белгілі. Олардың ішіндегі маңыздысы табыс пен табыс табу
қабілеттілігі, себебі осы факторлар кәсіпорынның қаржылық саулығы үшін
анықтаушылар болып табылады. Табыс табу қабілеттілігі деп болашақта
кәсіпорынның негізгі қызметінін тұрақты табыс алу қабілеттілігі
түсіндіріледі. Осы қабілеттілікті бағалау үшін ақша қаражатының
жеткіліктігі мен оның капиталға айналдыру коэффициенттері талданады.
Ақшақаражатының жеткгліктілік коэффициенті (Кжа) кәсіпорынның күрделі
шығындары, айналым қаражатының өсуі немесе дивиденттерді телеуді жабу үшін
табыс табу қабілеттілігін көрсетеді.
Циклділіктің және басқа кездейсоқтың әсерін жою үшін, бөлшектің алымы
мен бөлімінде бес жыл ішіндегі мәліметтер алынады.
Есептеу келесі формула бойынша жүргізіледі:
Өнім откізуден түскен табыс
Күрделі шыгындар + Дивиденд толсу + Айналым
каражатының өсуі
1-ге тең ақша қаражатының жеткіліктілік коэффициенті кәсіпорынның
сыртқы қаржыландыруға жүгінбей қызмет істей алатынын көрсетеді. Егер бұл
коэффициент 1-ден төмен болса, онда кәсіпорын өз қызметінің нәтижесі
есебінен дивиденд төлеуге және өндірістің қазіргі деңгейін қолдауға
қабілетті емес.
Кжа кәсіпорынның қаржылық қажегтілігіне инфляцияның әсерін, сонымен
қатар талдауды тереңдету бағыттарын көрсететінін ескеру керек.
Ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті (Кжа) кәсіпорын
активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда қолданылады және келесі формула
бойынша есептеледі:
өгкізуден түсксн табыс-толснген дивидецдтер
аялгашқы құны бойынша негізгі құралдар + инвеститциялар+басқа
активтер+меншікті айналым капиталы
Ақша қаражатын капиталға айналдыру деңгейі 8-10% шегінде жеткілікті
болып саналады.
Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын
активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты
сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен
пайдаланылады.
Үш көрсеткіш жиі қолданылады:
1) абсолюта өтімділік коэффициенті;
2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті;
3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (жеделдік коэффициенті) ақша
қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа
мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.
Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы
қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.
Осы көрсеткіштің дүрыс шектеуі келесі түрде болады:

Бұл - ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек
екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бұл
коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды.
Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін (немесе оның басқа атапуы:
қауіпті өтім коэффиценті, өтімділіктің дәл коэффициенті) ақша каражатының
құрамына алдыңғы көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да
активтер қосылады. Ол кәсіпорынның дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу
жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы
міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен
қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметгер
үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.
Айналым қаражатының өтімді бөлігінің (яғни тауарлы
материалдық қорларды есептемегенде) ағымдағы міндеттемелерге
қатынасын ашын көрсететін бір көрсеткіштің есебі айналым
құралдарының жеке категорияларының өтімділігі бірдей еместігінен
шығып отыр.
Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша
өрнектеледі:

В.Ф. Палий "бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы
0,7-0,8 аралығында жатыр" ден есептейді.
Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем
қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымының орташа ұзақтығына
тең кезеңге сипаттайды.
Басқа да көзқарас бар. Шамамен бұл коэффициент 0,5-тен кем
болмауы тиіс, себебі жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің
әр теңгесіне ақша қаражатының және дебиторлық борыштың 50 тиыннан кем
келмеуі тиіс.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы өтеу коэффиценті) барлық
ағымдағы активтердің жедел және қысқа мерзімді міндеттемелердің көлеміне
қатынасын көрсетеді. Ол ағымдағы активтер мен міндеттемелердің қандай
есесін өтейтінін белгілеуге мүмкіндік. береді және дебиторлармен өз
уақытында есеп айырысу және дайын өнімді тиімді өткізу жағдайларында ғана
емес, сонымен бірге материалды айналым құралдарының басқа элементтері қажет
болған кезде сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлемдік
мүмкіндіктерін көрсетеді.
Жалпы өтеу коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа
мерзімді міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді
және сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес,
кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық негіздер және қарыз алушының несие алуы туралы түсінік
Баланс өтімділігін талдау
Кәсіпорынның дағдарысқа қарсы басқару
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілеттігін талдау
«Жамбыл аймақтық электр желілері» АҚ
Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері
Кәсіпорынның айналым активтерін басқару және оларды оңтайландыру
Пәндер