Кәсіптік және кәсіби білімдер


Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Кәсіптік білім
- Кәсіби білім
- Қосымша кәсіптік білім беру институты
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстанның болашағы қашанда әлеуметтік қайта өрлеудің қайнар көзі болып келді және оны дамытуға барынша қолдау жасалып отыр», - деп көрсетуінің өзі бүгінгі таңда жастарға ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім мен тәрбие беру мүмкіндігін жетілдіру сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігі мен бейімділігін, ептілігін арттыру әділетті қоғамның басты міндеті болып отырғанын көрсетеді. Білім берудің мақсатын, міндеттерін жүзеге асыруда мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілулері қажет. Оның өзі уақыт талабынан туындауда. Оқушылардың шығармашылығын әдетте мектептерде сабақтарда, шеберханаларда, от басында шынығады. Оқушыларға кәсіптік білім түрлерін тереңірек зерделей отырып оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын міндетті және мүмкіндік талаптарды жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады.
Кәсіптік білім
Кәсіптік даярлық , кадрларды кәсіптік даярлау - білім беру жүйесінің маңызды саласы; мамандар мен жұмысшыларға кәсіптік білім беру, оларды мамандыққа даярлау, қайта оқыту және олардың біліктілігін көтеру. Бастауыш кәсіптік білім беру ісі негізгі жалпы білім беру базасы негізінде кәсіптік мектептер мен кәсіптік лицейлерде жүзеге асырылады және ол еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша білікті жұмыскерлерді (жұмысшыларды, қызметшілерді) даярлауға бағытталған. Кәсіптік мектепте оқу мерзімі 2 - 3 жыл , кәсіптік лицейде - 3 жыл , ал ерекше маңызды кәсіптер және бірегей жабдықтарға күтім жасауға байланысты кәсіптер бойынша - 4 жыл . Сондай-ақ, тікелей өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарда, оқу орталықтарында, курстарда және жұмысшылар мен қызметшілерді даярлайтын басқа да оқу-өндірістік құрылымдарда да кадрлар кәсіпке даярланады. Орта кәсіптік білім оқушыларға колледждер мен училищелерде беріледі, мұнда кәсіптік білім беру ісі арнаулы орта білім берумен ұштастырыла жүргізіледі және ол орта кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға бағытталған. Колледжде оқу мерзімі - 3 - 4 жыл . Жалпы орта білімі бар, сондай-ақ, сабақтас мамандықтар бойынша бастауыш кәсіптік білімі бар азаматтар колледждерде қысқартылған, жеделдетілген бағдарламаларбойынша орта кәсіптік білім алады. Колледждерде тиісті лицензиясы болғанда ғана бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады.
Экономиканың нарыққа бағдарланып қайта құрылуына байланысты мамандардың біліктілік деңгейіне, олардың кәсіптік ілкімділігіне, ептілігі мен шеберлігіне, бастамашылдығына жоғары талаптар қойылып отыр. Осыған орай кәсіптік білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, дағдарысқа қарсы күрес барысында оған экономикада жүргізілетін құрылымдық өзгерістерді қамтамасыз ететін, нарықтық сауаттылықты енгізетін “қуатты фактор рөлі” жүктелуде. 1999 ж. колледждердің мемлекттік қазыналық кәсіпорындар қатарына жатқызылуына байланысты олар ақылы оқытуға көшті, олардың тек кейбіреулері ғана мемлекттік тапсырыс бойынша жұмыс істейді. Бұл тапсырысты тиісті мемлекттік органдар білікті жұмысшылар мен қызметшілерді даярлаудың мемлекттік бюджет есебінен іске асырылатын жоспары ретінде белгілейді. Қазіргі кезде колледждерде оқушыларға конкурстық негізде мемлекттік гранттар меннесиелер беру жолымен мамандар даярлаудың тетігі әзірленіп, тәжірибеге енгізілуде.
Кәсіби білім
Кәсіби білімнің алғашқы сатысы кәсіптік білім болып табылады. Ол негізгі жалпы білім базасында білікті мамандарды дайындауға бағытталған. Кәсіби білім және мамандар қатарына дайындау тек қана орта (толық) жалпы білім базасында өтеді. Білім бағдарламалары орта (толық) жалпы білім алатын оқушылары есептелген бағдарламадан айырмашылығы бар.
Ресейде 3911 білім мекемелері бар. Оның ішінде кәсіби білім бағдарламаларын ұсынатын мемлекеттік емес білім мекемелері де бар. Оқушы саны 1694000 адамды құрайды. Кәсіби білім қабылдауда түсі емтихандарын тапсыру қарастырылмаған.
Кәсіби білім екі түрге бөлінеді: Біріншіден, кәсіби білім берудің білім бөлімдерін ұсынады. Кәсіби училище деп аталатын бұл оқу бөлімдерінің оқу бағдарламалары кәсіби біліктілікті меңгеруге және негізінен кәсіби дайындық пәндерін қамтиды.
Осы білім бағдарламасын оқыту ұзақтығы - негізгі жалпы білім базасында 1-ден 2, 5 жылға дейін.
Бітірушілерге мемлекеттік қорытынды аттестациядан жақсы өткен соң кәсіби білім беру орындары мамандығы бойынша жұмыс істеуге құқық беретін диплом береді. Мұндай диплом бітірушіге жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастыруға мүмкіндік береді. Оқу ұзақтығы қысқарған түрде болуы мүмкін, мамандығына сәйкес келетін болған жағдайда. Бірақ бұл түрдегі кәсіби білім университет деңгейіндегі жоғары білім бағдарламасына түсуге құқық бермейді.
Кәсіби білімнің екінші типіне кәсіптік лицей деп аталатын кәсіби білім беру бөлімі жатады. Бұл оқу бөлімдерінде білімдік компоненттерін құрайды.
Диплом кәсіптік лицейді мемлекеттік қорытынды аттестацияны жақсы тапсырған жағдайда беріледі. Диплом университет дәрежесінде білім алуға құқық береді. Егерде мамандығына сәйкес болатын мамандық бойынша оқуға түссе, онда ол қысқартылған мерзімді оқу бағдарламасымен оқып шығады.
Кәсіптік лицейде оқыту ұзақтығы негізгі жалпв білім базасында 3 жылдан кем емес (жалпы білім беретін мектепте оқыту 9 жыл) .
Қосымша кәсіптік білім беру институты
Қазіргі заманда әлемдегі ақпараттық ағымның көлемі әрбір бес жылда екі еселеніп отырады, сондықтан өндірістің әр салаларының, оның ішінде аграрлық саласы мамандарының бұрынғы алған білімдерінен басқа, олардың біліктілігін көтеру және қайта даярлау немесе мамандық - беру бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болып есептеледі.
Осыған орай 2001 жылы университет базасы негізінде Қосымша кәсіптік білім беру институты құрылған болатын.
Оның негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы аграрлық нарығында мамандарын бәсекелестік қабілеттілігі жоғары болуы үшін олардың ғылым мен техника саласындағы жаңа жетістіктерді білуге ынталықтарын қанағаттандыру.
Негізгі мақсаты: «Өндіріске инновациялық технология мен жаңалықты енгізу негізінде білім және ауылшаруашылық сапасы қызметкерлерінің біліктілігімен дағдылығын көтеру».
Институт Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары мен қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бағдарламасын жүзеге асырумен қатар Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары мен колледждер профессор-оқытушылар құрамдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аграрлық саласының ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы, агрономия, механизациялау және машина жөндеу, ақпараттық жүйелер, экономика және менеджмент, заңгерлік, орман, жер және су қорлары, мемлекеттік тілді оқыту, мемлекеттік электрондық сатып алу және басқа мамандықтарға университеттің кең алқымды бағдарламасын ұсынады.
Қосымша кәсіптік білім беру институтының қызметкерлері үнемі жарнама-ақпараттық жұмыстармен шұғылданып, оларды республиканың аграрлық бағыттағы барлық жоғары оқу орындарына, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының әкімшіліктеріне ақпараттық хатпен бірге біліктілік бағдарламасының атауы, бағасы және шамамен белгіленген оқыту мерзімі көрсетілген праис-парағы мен түрлі-түсті иллюстрациямен безендірілген баспадан шыққан оқыту бағдарламасының буклетін әрдайым жіберіп тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz