Кәсіптік білім беру урдісі және қызды ұзатуға арналган көйлек өндеу технологиясы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

Кәсіптік оқыту және Дизайн
кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Кәсіптік білім беру урдісі және қызды ұзатуға арналган
көйлек өндеу технологиясы

Топ : ПО 29-1
Курс: 5
Дипломды жазған : Назарбекова Г
Диплом жетекшісі: Жаскиленова А.Е

Тараз, 2012

МАЗМҰНЫ

бет
Аннотация
Кіріспе
1 Кәсіптік оқытудың әдістемесі
8
1.1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны
8
1.2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары
10
1.3 Кәсіптік оқыту әдістері
14
2 Жобалау объектісін таңдау және негіздеу
20

2.1 Шығармашылық негіздерді талдау
20

2.2 Жобалау объектісіне қойылатын талаптар
26

2.3 Үлгілер модификацияларың құру
28

2.4 Материалдар таңдауын негіздеу
35

2.4.1 Материалдардың мінездемесі
35

2.4.2 Конфекциялық карта
36

3 Құрал-жабдықтарды және өңдеу әдістерін таңдау
38
3.1 Өңдеу әдістері
38
3.2 Құрал-жабдықтарды таңдау
40
Қорытынды
43
Қолдалынған әдебиеттер тізімі
44

АННОТАЦИЯ

Темой дипломной работы является: Кешке арналған қыздар көйлегің
көркем тастармен безендіру . Работа состоит из пояснительной записки и
графической части. В пояснительной записке рассматриваются вопросы методики
преподавания профессионального обучения, выбор и обоснование проектируемого
объекта, а также технология изготовления и режимов обработки изделия,
анализ творческих источников, соответствие изделия и материалов
предъявляемым требованиям, а также список использованной литературы.
Пояснительная записка выполнена в объеме страниц, содержит необходимые
рисунки, таблицы, схемы. Графическая часть представлена на 3 листах
ватмана, формат А-1.

АННОТАЦИЯ

Диплом жұмысының тақырыбы Кешке арналған қыздар көйлегің көркем
тастармен безендіру болып табылады. Жұмыс түсінік жазу мен графикалық
сызбалардан құрастырылған. Түсінік жазуында кәсіптік оқытудың әдістемесі,
жобалау объектісін таңдау және негіздеу және құрал-жабдықтарды мен өңдеу
әдістерін таңдау. Сонымен бірге түсінік жазбада шығармашылық негіздердің
талдауы, жобаланған бұйымның, материалдардың қойылатын талаптарға
сәйкестілігі, бұйымды дайындау технологиясы және өңдеу режимдері
қарастырылған. Қолданылған әдебиет тізімі келтірілген. Түсінік жазбаның
көлемі бетте, және оның ішінде керекті суреттер, кестелер, сызбалар
жасалған. Графикалық бөлім А1 форматты 3 ватманында орындалған.

Annotation

The Subject of the degree work is Кешке арналған қыздар көйлегің
көркем тастармен безендіру. Degree work consists of explanatory note and
graphic part. The Explanatory note consists of three sections, in which are
considered questions of the methods of the teaching the professional
education, choice and motivation of the designed object, as well as feature
to technologies of the fabrication and mode of the processing the designed
product, happens to the analysis of the creative sources, correspondence to
of the product and material presented to requirements, as well as list of
the used literature.
The Explanatory note is executed in volume of the pages, contains
the necessary drawings, tables, schemes. The Graphic part was submitted for
3 sheets poster, format A-1.

КІРІСПЕ

Президентіміз 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму
бағдарламасын жасады. Бұл бағдарлама Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтып,
өсіп-өркендеуімізге негіз болды. Парасаты мен пайымы, білігі мен білімі
мол, ел қамын жеген Елбасының жолдауы – болашаққа апарар үлкен арнаның
мөлдір бастауы. Еліміздің ең әуелгі жемісі – тәуелсіздікке қол жеткізу
екенін айта отырып, Тәуелсіздікті қолдан шығарып алсақ бізді ешкім
кешірмейді - дейді.
Казіргі кездегі Қазақстан мен ТМД елдерінің экономикалық
жағдайы, оның қаншалықты нарық жағдайына бейімделуіне білікті жұмысшы
мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру мәселесіне тікелей байланысты
болып отыр. Саяси - әлеуметтік және экономикалық реформаларды жүзеге
асыруда бәсекелестік басты орынға шықты. Қалыптасқан жағдайда халықты
әлеуметтік қорғау институттары нарықтық қатынастар саласында болып жатқан
өзгерістердің даму қарқынына ілесе алмай, еңбекке жарамды белгілі бір
әлеуметтік топ қарғаусыз қалады.
Бұл адамдар үшін басты қарғаныс қызметі, әрі кепілі – ол
елдегі кәсіптік білім беру жүйесін дұрыс жолға қою болып табылады. Білім
беру, оның ішінде кәсіби білім беру жүйесінің қызметін дұрыс
ұйымдастырғанда ғана қоғамның әрбір мүшесіне тиісті жалпы немесе кәсіптік
білім бере аламыз. Тек қана нарық талабына лайық сұранысқа ие жоғары
білікті дәрежеде дайындалған кәсіптік мектеп, колледж не жоғарғы оқу орнын
бітірген мамандар арқылы ғана ішкі еңбек ресурстарын толықтырып,
жұмыссыздықты жоюға жол ашуға болады.
Сөйтіп, қоғамда болып жатқан экономикалык өзгерістер
талабын бұрынғы білім беру жүйесі қанағаттандыра алмайды. Өндіргіш
күштердің даму қарғынына ілесу үшін білім беру жүйесі мына екі зандылыққа
сүйенуі керек: өндіргіш күштердің даму деңгейіне білім беру жүйесінің
сәйкестігі, өндіріс қатынастар жағдайына білім беру жүйесінің сәйкестігі.
Бұл сәйкестік алдынғы қатарда болса ғана нәтиже бермек.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор А. Новиковтың пікіріне сүйенсек,
жеке тұлғаға жалпы және кәсіби білім беру ісінің даму қарқыны өндірістің
даму деңгейінен асып түсуі керек - деген дамыта білім беру ісін басты
принцип етіп ұстауымыз керек. Осы жерде жалпы бастауыш және орта кәсіптік
білім беру жүйесінің білікті жұмысшылар мен мамандар даярлауда тиісті білім
мазмұнымен қамтамасыз етуде рөлі қандай деген сұрақ туындайды. Жалпы
Қазақстан мен ТМД елдерінде еңбек ресурстары сапасы туралы мәселе бастауыш
және орта кәсіптік білім мекемелері түсініктерінің дайындық деген мәселемен
ұштасып жатыр.
Атап айтқанда, мұнда тек белгілі бір теориялық білім,
кәсіби биік және практикалық дағдыны қалыптастыру ғана емес, әңгіме жеке
тұлғаның бойында тиісті кәсіби шеберлік пен жалпы адамзаттық құндылықтарды
еңбек барысында үйренумен қатар, сонымен бірге жана техника мен
технологияларды өндіріске тиімді ендіре білу, қажет болған жағдайда нарық
пен бәсекелестік талап етіп отырған кәсіп саласы мен мамандықты қысқа
мерзімде игере білу қабілеттілігі де басым болуы тиіс.
Кәсіптік білім орындарын бітіруші түлектердің дайындық
сапасына
қойылатын талаптарды мына екі топқа бөлуге болады: олардың білімі,
біліктілігі және дағдысын арттыру деңгейі. Казіргі педагогика ғылымы
теориялық мәліметтерді практикалық тұрғыда іске асыра білу қабілеттілігіне
баса назар аударуда. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелері жаңа
кәсіби қызмет түріне бейімдеуді қалыптастыруы қажет. Түлектердің ойында
дара тұлғаға лайық кәсіби шеберлік пен әлеуметтік мәні бар қасиеттерді
дамытуды басты назарда ұстау қажет.
Кәсіптік білім беру мен ішкі еңбек нарығы сұраныс арасында
алшақтық орын алып отыр. Казіргі заманға кезек күттірмейтын басты міндет-
кәсіптік білім беруді ізгілендіру мәселесі. Практикалық педагогиканың да
алдында тұрған қиын міндет – жеке тұлғаны кәсіби мораль негізінде
тәрбиелеу. Оны кәсіби біліктілікпен қатар жүретін қасиет, өлшем десек те
қателеспейміз. Бұл мәселені шешу жаңа типтегі кәсіби оқу тәрбие
мекемелерінің үлесіне тиюі керек, олар жоғары кәсіптік білім беретін
мектептер, және кәсіптік лицейлер мен колледждер.
Сонымен, казіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты
міндеті – осы оқу орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр.
Осы мәселелерді сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына
философиялық және әдістемелік теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі
туындайды. Осы жолдың бірі – кәсіптік білім мекемелері мен оқу орындарын
басқару жүйесі тек әкімшілік емес, оның білім мазмұнына толық жауап беретін
сол саладағы ғылыми-теориялық әзірлігі бар, түпкі мақсатты болжай білетін,
соған бар күш-жігерді ұтымда жұмылдыра алатын іскер басшы болу тиіс.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі Білім беруді
дамыту тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасы Президенттінің Қазақстан
халқына Жолдауының мақсаты мен міндеттерін және 12 жылдық Жалпы орта білім
беруге өткен кезенде Үзіліссіз білім беру жүйесінің әрбір деңгейіне
қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленетін келешек жаңа типті оқулық
әдебиеттердің ақпаратының мазмұны, құрамы мен құрылымы, көлемі мен формасы
бойынша заман талабы мен базалық ғылымдар жетістігіне және жалпы орта білім
берудің ұлтық стандартына сәйкес жаңаша құрылып, жазылуы тиіс.
Казіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және
жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты
шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты заман талабына
сай білімгерлер бір емес, бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал оған
дайындық жоғары оқу орында басталуы керек.

1 КӘСІПТІК ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны

Кәсіптік білім беру жүйесі – бұл кәсіби және жоғарғы білім
беру мекемелері, оның ғылыми және ғылыми-әдістемелік органдары және олардың
басқару жүйесі мен қоса жиынтығы. Кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымы
мына төмендегідей:
- Бастауыш кәсіптік білім;
- Орта кәсіптік білім;
- Жоғары кәсіптік білім;
- Жоғары білімнен кейінгі кәсіптік білім;
- Қосымша кәсіптік білім.
Бастауыш кәсіптік білім – кәсіптік мектептер мен лицейлерде
негізгі жалпы білім базасында орта білім берумен бірге белгілі бір кәсіп
саласы бойынша жұмысшы қызметкерлер даярлайды.
Орта кәсіптік білім – колледждер мен училищелерде отра білім
базасында кәсіби бағдар бойынша конкурстық негізінде беріледі. Жалпы орта
білімі, не бастауыш кәсіптік білім бар азаматтар өз кәсіп салалары бойынша
орта кәсіптік білімі қысқа мерзім ішінде, жеделдетілген бағдарламалар
арқылы алуына болады.
Жоғары кәсіптік білімді келесі оқу орындары жүзеге асырады –
университеттер, академиялар, институттар және оларға теңестірілген
консерваториялар, жоғары мектеп пен жоғары училищелер.
Казіргі кездегі кәсіби педагогиканың басты міндеті – осы оқу
орындарына арналған білім мазмұнын жаңарту болып отыр. Осы мәселелерді
сапалы әрі түпкілікті шешу үшін кәсіптік білім мазмұнына философиялық және
әдістемелік –теориялық ғылыми негіздеме әзірлеу қажеттігі туындайды. Оның
келесі жолдары бар:
- адамзаттың дамуы мен оның өмір сүру кеңістігінің қызметінің ажырамас
бір бөлігі кісібі ізгілікті философияның қалыптасуы мен байланыста
болуы қажет;
- жеке тұлғалардың адамгершіліктік қасиеттері оның кәсіби шеберлік
деңгейінің басты көрсеткіші, негізгі алғышарты болып табылуы тиіс;
- қазіргі кәсіптік оқу орындарындағы кәсіби білім берудің, оқытудың
түпкі мақсаты моральдық ұстанымы жоғары кәсіпкерлерді тәрбиелеу болып
отыр;
- үшінші мыңжылдыққа қадам басқан жаңа қоғамның мамандары мен
кәсіпкерлерін қалыптастыратын негізгі тұлға –педагог кадрларды
дайындауды, қайта әзірлеуді қажет етеді.
Кәсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұны Кәсіптік оқыту
әдістемесі пәнінің негізгі бір бөлімі болып саналады. Оның негізгі мақсаты
- өндірістік оқытудың теориялық негіздерін бере отырып, оны ұйыдастыру
әдістемесінің жалпы педагогикалық негізімен таныстыру. Теория сабағын өту
барысында мынадай аңықтамаларға түсінік беріп кеткен дұрыс:
- кәсіптік педагогика немесе адам баласына кәсіптік білім беру жолдары;
- кәсіптік мектептерде ұйымдастырылатын оқу-тәрбие үрдісі;
- оқу үрдісіндегі теориялық және өндірістік оқытудың түрлері.
Мұндағы жалпы білім беретін, жалпы техникалық және арнайы пәндердің
оқытылуы туралы мәліметтерді беру.
Сабақ барысында оқушылармен пікірталас арқылы оқу үрдісі, оқу
үрдісінің негізгі компоненттері, мұғалімнң басқару рөлі, оқушылардың оқу
іс-әрекетіндегі негізгі әдіс –тәсілдері, оқудың мақсаты, оның функциялары,
өндірістік оқытудың мазмұны және т.б. мәліметтерді қорытындылау дұрыс.
Сабақты қорытындылай келе оқушыларға өндірістік оқыту үрдісіне сипаттама
бере отырып, мынандай түсініктерді жаздыруға болады: кәсіп, мамандық,
біліктілік, дағды, іскерлік.

1.2 Кәсіптік оқытудың негізгі ұйымдастыру формалары

Оқытуды дұрыс жоспарлау үшін кәсіптік оқыту педогогі сабақ
туралы мәліметтерді: оның түрлерін және функциялық мақсаттарының бәрін
білуі керек.
Кәсіптік мектеп оқу үрдісінде оқушылардың танымдық іс-
әрекетін ұйымдастырудың 4 формасы бар: дара, топтық, фронталды және
ұжымдық.
Мұғалім сабақты пысықтау, бекіту және соған орай
оқушылармен практикалық жұмыстарды орындау барысында олардың белсенділігін
оятуы тиіс. Әсіресе, оқушылардың қабілетімен қатаң санасып отыруы керек.
Сондықтан, олармен жеке дара немесе топтық және ұжымдық әрі фронталдық
жұмыс түрлерін ұйымдастырады.
Оқыту процесі – мұғалімнің бір мезгілде барлық оқушыларды
бірынғай оқытуы болғанымен де, негізінен ол оқушының жеке дара жұмысының
түрі. Себебі, әрбір оқушы оны өзінің шама-шарқысы, дайындық жағдайына
байланысты өзінше қабылдап меңгереді.
Соған орай жеке-дара жұмыс әр оқушының өз бетімен жұмыс
істеуге, білімді саналықпен ұғынуға дағдыландырады, оларды қоршаған
ортадағы құбылыстарды оқып-білуге ықыласын тудырады, ойлау белсенділігін
арттырады.
Оқушылардың жеке-дара жұмыс түрлеріне жататындар:
1. Оқулықпен жұмыс істеу.
2. Практикалық жұмысы: ауызша, жазбаша жұмыстары (есеп шығару, шығарма
жазу, диалог құру т.б.)
3. Мұғалімнің тапсырмасы бойынша әртүрлі лабораториялық тәжірибелерді
орындау.
Жеке-дара жұмыс оқушыларды өз бетімен білім алуға
ынталандырады, тәртібін күшейтіп, оқуға ықыласын арттырады. Сабақта
оқушылардың оқу-таным әрекетін ұйымдастыруда жеке-дара жұмыс түрінен басқа
олардың жеке-дара жұмыс түрінен басқа олардың толық және ұжым болып жұмыс
істеунің маңызы ерекше.
Оқушылардың топтық танымдық жұмыстары сабақ барысында оқу
міндеттерін шешуде, өзара көмекке негізделген екі, төрт, алты т.с.с.
оқушылар тобының белгілі бір жұмыс көлемін атқаруын көздейді.
Оқушылардың бірыңғай, біркелкі оқу жұмыстары мұғалімнің
барлығына ортақ бірыңғай тапсырмасын шағын топтарға бөліп өзара әректеттесу
жағдайында орындауы жатқызылады.
Ал бөлшекке бөліп оқыту – бір мезгілде бірнеше тапсырманы
әртүрлі тәсілдермен оқушылардың бірнеше тобы арқылы орындалуы
қарастырылады.
Жұмыстың бұл түрі топ ішінде оқушылардың тапсырманың
мақсатын, мазмұның, оны орындау тәсілдерін бір-бірімен өзара ақылдасып
шешуі, оның нәтижесін талдауы, бағалауымен ерекшелінеді. Оқушылардың
осындай бірлесіп атқаратын оқу-танымдық жұмыстары олардың жеке-дара
жұмыстарына қарағанда әлдеқайда жемісті болып келеді. Әрі уақытты аз және
тиімді пайдалануға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар бір сыныптағы оқу
міндеттерін топ болып шешуде өзара әрекеттесуі немесе жарысы олардың ортақ
іске деген жауапкершілік сезімін тудырады.
Мұндай жұмыс барысында оқушылардың өз тобының нәтижесіне
өзара әсерленуінің (переживание) манызы ерекше.
Мұғалімнің топтық жұмысты нәтижелі ұйымдастыру шартына:
- оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге үйрету;
- жолдастарымен ақылдасуға үйрету;
- оқушылардың жекелеген топтарына оқу тапсырмалары жүйесінің нақты
болуы;
- тапсырмаларды оқушылардың жекелеген топтарына үлестіру іскерлігінің
болуы т.б. жатады.
Оқытуды осындай тәртіппен ұйымдастыру оқушылардың
тәрбиесіне, атап айтқанда өздігінен білім алу белсенділігін, олардың өзара
тату-тәтті ұжымдық қарым-қатынасын, жауапкершілігің әсерленушілдігін
(күйінішін, сүйінішін) т.б. әлеуметтік қасиеттерін қалыптастырады.
Оқушылардың ұжымдық жұмысы дегеніміз – ортақ мақсатты көздейтін
жұмыс. Алайда, бұл ортақ мақсатқа жету жолында оқу әрекетінде белгілі бір
өте күрделі еңбек бөлінісіне жол беріледі. Оған сынаптағы оқушылардың жеке-
дара және топтық жұмыстарының элементтері кіреді. Соңдықтан ұжымдық
жұмыстың ерекшелігі, өз бетімен істейтін дара жұмысқа бөгет болмайды,
керісінше әрбір оқушыға өзінің алдына қойылған міндеттерін жақсы ұғынуға
көмектеседі.
Фронталдық жұмыс ерекшелігі – бір сыныптағы барлық
оқушылардың бір бағытта бәріне ортақ бірыңғай тапсырманы мұғалім
басшылығымен біркелкі жағдайда орындауы.
Сабақтың мынадай функциялық мақсаттары бар: оқыту (білім
алу), тәрбиелік, дамытушылық.
Оқудың білім алу (білімділік) мақсаты – оқушылардың болашақ
кәсібінің мазмұнына тән білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.
Оқудың тәрбиелік мақсаты – болашақ жұмысшы маманының бойына
адамгершілік , эстетикалық патриоттық экологиялық еңбек сүйгіштікпен қатар
басқа да тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру.
Оқудың дамытушылық мақсатын қою арқасында оқушылардың
психикалық сапасын дамыту іске асырылады.
Сабаққа мұқият дайындалу, оның мазмұны мен ұйымдастыру
әдістемесін ойластыру жұмысын әрбір мұғалім өзімнің ең басты міндетім деп
сезінуі тиіс.
Егер сабақ көңілсіз өтсе, мұғалімдер сабақты босаң және
енжарлықпен өткізсе, онда, сөз жоқ , бұл мұғалімдердің сабаққа дайындалу
ісіне немқұрайлықпен қарауы, сабаққа деп бөлінген 45 минут уақытты толық
әрі жан-жақты пайдалануға деген оның ұмтылысының жоқ екендігін де деп
қарауға болады.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы – аса жауапты іс. Мұғалім өзі
оқытатын пәнді қанша жақсы білгенімен, егер ол сабақтар жүйесі жөнінде
тыңғылықты жұмыс істемесе және әр сабаққа жеке даярланып отырмаса, оның
сабақ оқытуында ірі кемшіліктері болмақ..
Әрбір мұғалімнің сабаққа дайындалуы жөніндегі талап,
педагогиялық процестің күрделілігінен туады. Соған сәйкес мұғалімнің
сабаққа әзірленуі барысында төмендегідей сұраққа жауап беруі керек:
1. Сабақтың мақсаты қандай?
2. Оқушылар қандай жаңа білімдер алуы қажет және олар практика жүзінде
нені үйренеді?
3. Сабақта айтылатын ойдың бастысы қайсысы?
4. Бұл ойлар қандай жүйемен баяндалмақ?
5. Олар қандай жолмен негізделмек?
6. Қандай қорытындылар керек?
7. Сабақта қандай әдістер және көрнекті құралдар пайдаланылмақ?
8. Оқушылардың білімін тексеру үшін оларға қандай бақылау сұрақтырын қою
керек?
9. Оқушылар алған білімдерін пысықтау және практикада қолдану мақсатында
қандай жаттығулар беру керек?
10. Үй тапсырмасына нені беруге болады және оны қалай тапсыру керек?
Тәжірибелі мұғалім тақырыпты зерттегенде, оқу материалын
оқып біледі, осы тақырып бойынша өткен оқу жылында жүргізген сабақтардың
тәжірибесін ескереді, жеке сабақтарда арналған тақырыптың мазмұнын
жоспарлайды және сабақта тек білімділік міндеттері ғана емес, сол сияқты
тәрбие міндеттерінің шешілуін де белгілейді.
Сабаққа осындай жүйемен даярлануда мұғалімдер оқушылардың
оқу еңбегін жақсы ұйымдастырады, әрбір жеке оқушыға зейін қойып,
сезімталдықпен қарайтын болады, соның арқасында оларға жоғары сапада білім
беріп, жеке басын нәтижелі тәрбиелеуге қол жеткізеді. Себебі, сабаққа
тұтас тақырып бойынша даярлану белгілі бір оқу материалын мектепте өту үшін
жақсылап жоспарлау ғана емес, сол сияқты оқушылардың ұжымдық және дара
жүргізетін оқу жұмысын, сабақ үстінде оқушылардан сабақ сұрауды және артта
қалушыларға көмек көрсетуді күні бұрын ескертуге мүмкіндік береді.

1.3 Кәсіптік оқыту әдістері

Кәсіптік оқыту әдістерін түсіндіруді жалпы оқыту әдістерімен
таныстырудан бастаған дұрыс. Әдіс – білім беру, тәрбиелеу және дамыту
барысында белгіленген мақсатқа жетуді қаптамасыз етуге, ғылымда зерттеуді
жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойған міндеттерді шешу үшін
ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Оқыту әдістері деп оқу – тәрбие мақсаттарына жетуге
бағытталған мұғалім мен оқушылардың өзара байланысты іс- әрекеттерінің
тәсілдері.
Кәсіби оқыту әдістері – бұл жүйелі және логикалы бірізділікпен
іс-әрекет жасайтын инженер-педагог пен кәсіптік мектеп оқушысының бірлескен
қимылы. Осы арқылы оқушылар кәсіптік білім негіздерін меңгеріп, білік пен
дағды, шығармашылық қабілеттіліктерін дамытып, кәсіби шеберлік қыр-сырын
үйреніп, оның негіздерін қалыптастырады. Дидактикалық міндеттерді шешуді
қамтамасыз етудегі түрле іс-әрекет қималдарды біртұтас қызмет жүйесі деп
түсінген жөн.
Іс-әрекет – бұл қарапайым ағымдағы мәселелерді шешуге
бағытталған қимыл элементі. Инженерлік психологияда іс-әрекеттің мына
түрлері бар: пәндік- практикалық, пәндік-ойлау, практикалық белгі, ойлау
белгілері.
Пәндік-практикалық іс-әрекет – пәннің түрі мен көлеміне, оның
кеңістікте орналасуына, өзгерісіне байланысты қол еңбегіне қатысты барлық
кәсіпте басты мәнге ие.
Пәндік-ойлау іс-әрекет – пән бейнесін, мазмұнын алдынғы
орынға қойып, оны үнемі есте ұстайды. Ойлау қызметін еркше орынға шығарады.
Практикалық белгі іс-әрекеті таңбалық жүйе мен практикалық
белгілер әрекетіне негізделген (түрлі есептерді шешу, кесте, сұлба бойынша
мәліметтер іздестіру, жинақтау, т.б.)
Ойлау белгілері іс-әрекеті белгілер мен таңбалар жүйесін ойда
сақтау қызметін алға қояды есте сақтап, логикалық және есептеу
операцияларын есте сақтау, ой жүгірту, т.б. Оқыту үрдісін қамтамасыз ету
оқыту әдістері мен оқу түрлері арқылы жүзеге асады.
Тәсілдер жүйесі пәннің әдістік мазмұнын құрайды. Бұлардың
жиынтығын оқыту әдістері деп жалпылама айтып жүрміз. Оқытудың мақсаты мен
мазмұнына байланысты әр сабақтан белгілі бір міндеттер белгілеп, соған
лайық қимыл-әрекет түрлерін қалыптастырамыз. Осыдан соң оқу мен оқыту
тәсілдерінің әрбір іс-әрекетін қамтамасыз ететін оқыту әдістерінің кешенді
жүйесі пайда болады.
Оқытудың теориялық және өндірістік әдістерінің арасында
белгілі бір дәрежеде айырмашылық бар. Егер оқытушы кәсіптік-техникалық
пәндер циклі бойынша жаңа теориялық ақпараттар мен мәліметтерді барлық
оқушыларға бір мезгілде жеткізсе, ал өндірістік оқыту жағдайында сабақ
топтарға, топшаларға қажет болған жағдайда жекелей де жүргізеледі.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетінің деңгейіне байланысты оқыту әдістері
мынадай екі топқа бөлінеді: еске түсіру, іздену.
Еске түсіру өнімді әдіс арқылы білімді дайын күйінде алады
немесе практикалық жұмыстарды үлгіге қарап отырып оқутышының не өндірістік
оқыту шеберінің басшылығымен игереді.
Іздену әдістері оқушыларды бірізділікпен, мақсатқа бағыттай
отырып оқу үрдісі кезінде түрлі деңгейдегі танымдық есептерді шығару арқылы
жаңа білім мен дағды негіздерін белсенділікпен меңгеру болып табылады.
Жалпы оқыту әдістерін жіктеуде, оның ең көп тараған түрі –
ақпарат көздері арқылы бөлінуі. Олардың мынандай түрлері бар:
Сөйлеу әрекеті арқылы - әңгімелеу, түсіндіру, лекция,
сұхбаттасу, оқулық мәтінімен жұмыс, дыбыс жазу таспаларын пайдалану, нұсқау
беру;
Көрнекілік – демонстрациялау (көрнекі көрсету), оқушының
өзіндік бақылауы;
Практикалық – жаттығу, өндірістік-техникалық есептерді шешу,
зертханалық-сарамалдық жұмыстар.
Кәсіптік оқытудың өзіне тән ерекше әдісі – нұсқау беру. Ол
оқыту кезінде еңбек қызметін атқару үшін нұсқаулар мен ұсыныстар береді,
еңбек қауіпсіздік техникасын сақтау, өндірістік гигиена талаптарын
орындауды үйретеді. Нұсқау жазбаша да, ауызша да беріледі.
Кіріспе нұсқау – оқушыларға белгілі бір жұмысты белсенді
және саналы түрде атқару үшін жүргізілетін алғашқы дайындық. Мұнда тәжірибе
жүргізу мен түсіндіру жұмыстары қатар жүргізіледі.
Кіріспе нұсқау, негізінен, өндірістік оқыту сабақты өткізу
барысында жүргізіліп, мына үлгідегі құрылымды қамтиды:
1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
2. Оқушылардың теориялық дайындығын тексеру.
3. Сабақта жоспарланған жұмыс мазмұнын түсіндіру, жаттығулар мен өз
бетінше жұмыстардың орындалу тәртібі.
4. Жасалынатын техникалық бұйымдардың сұлбасын, кестесін қарастыру.
5. Оқу - өндірістік жұмыстарға қажетті материалдық объекттілірді
демонстрациялау.
6. Оқушыларға оқу-өндірістік жұмыстарды орындауға қажетті құрал-
жабдықтармен, құрылғылар мен аспаптармен таныстыру.
7. Жұмысты тиімді орындау, сапасын бақылау тәсілдері мен әдістерін
түсіндіру және демонстрациялау.
8. Қателіктер мен ақаулардың алдың алу және болдырмау шараларын
қарастыру.
9. Оқу-өндірістік жұмыстарды атқару кезінде жұмыс орнын тиімді
ұйымдастыра білуді түсіндіру және көрсету.
10. Шеберханада жұмысты атқару кезінде, еңбек және қауіпсіздіқ ережелерін
ескеру.
11. Оқушыларға тапсырма беріп, жұмыс орындарына бөлу.
Оқыту құралдары – оқушылардың танымдық іс-әрекетін дамытуға, білім
негізін қалауға арналған түрлі ақпарат көздері, оқытушы мен оқушының
белгілі бір мақсатқа жету жолындағы бірлескен іс-әрекеті. Оқыту құралдарына
жататын материалды объектілер табиғи және адам қолымен жасалған заттар деп
екіге бөлінеді. Ал педагогикалық қарым-қатынас ауыз-екі сөйлеу арқылы не
басқа жолдармен де жасалуы мүмкін.
Сонымен оқыту құралдарына педагогтың сөйлеу мәнері мен көзқарастарын
(тұр, ым, көзқарас, бет құбылысы, т.б.), оқулық, оқу құрал-жабдықтарын,
аспаптар мен көрнекі құралдарды жатқызуға болады. Оқыту құралдарының
түрлері сан алуан, олар соңғы ғылым мен техника, ақпараттық технологияның
дамуына байланысты жетілдіріліп отырады. Кәзіргі кезде кәсіптік-техникалық
оқу орындарында оқыту құралдарының мынадай түрлері кенінен пайдаланылуда.

Баспа материалдары: оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар,
дидактиқалық материалдар, түрлі картотекалар, нұсқаулар, т.б.
Оқулықтың үйлестірушілік қызметі оның басқа оқу құралдарын өз
төңірегіне топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді. Басқаша
айтқанда, барлық басқа құралдар оқулықта көрініс тапқан бағдарламалық
мақсаттарға қол жеткізуге қызмет етеді. Сөйтіп, оқулықтың бұл қызметі
мұғалімнің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асыруына,оқушылардың
ақпараттар тасқынын бағдарлай білулеріне, алған білімдерін практикада
қолдана білу шеберліктерін қалыптастыруға арналған.

1 Кесте - Іс-әрекетінің тиімділігіне байланысты оқыту

әдістерінің жіктелеу.

2 ЖОБАЛАУ ОБЪЕКТІСІН ТАҢДАУ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕУ

2.1 Шығармашылық негіздерді талдау

Қоғам және жеке адамдардың дамуындағы еңбектің
шешуші ролін, оның әлеуметтік экономикалық мәнін түсіндіру,
оқыту арқылы оқушының еңбекке деген қабілетін дамыту.
Жұмысшының қандайда бір қоғам болса алатын орнын , оның
қоғамының қозғаудағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім үлгілерін модельдеу
Қазақ әдет құқығындағы неке және отбасы
Кәсіптік оқыту сабақтарында автоматты жобалау жүйесі элементтерін пайдалану
Қазақ дәстүріндегі неклесу түрлері
Компьютерлік ақпараттық технологиялар
Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолдану арқылы болашақ мамандардың даярлау
Күнделікті киімдерді қарапайым маталардан тіккен
Мектеп оқушыларына кәсіптік білім беруде инновациялық әдістерді қолдану
Балаларға арналған киім топтамасын үлгілеу
Технология сабағында кешкі сәндік көйлегін 10-сынып оқушыларына дайындаудың әдістері
Пәндер