Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 131 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

ӘӨЖ 378. 147. 016. 02:004(574) Қолжазба құқығында

НИЯЗОВА ГҮЛЖАН ЖОЛАУШЫҚЫЗЫ

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану -

кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі

13. 00. 02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі

/информатика, білім беру жүйесін ақпараттандыру/

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшілері:

Т. О. Балықбаев, педагогика

ғылымдарының докторы

К. М. Беркімбаев педагогика

ғылымдарының докторы, доцент

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2008

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .1 КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .1. 1 Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . .1. 2 Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселелері . . .1. 3 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзырлылықты қалыптастыру мазмұны . . .2 КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .2. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың жолдары . . .2. 2 Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың құралдары . . .2. 3 Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . .2. 4 Тәжірибелік-әдістемелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері . . .ҚОРЫТЫНДЫ . . .ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .ҚОСЫМША А . . .ҚОСЫМША Ә . . .ҚОСЫМША Б . . .ҚОСЫМША В . . .ҚОСЫМША Г . . .ҚОСЫМША Д . . .:

КІРІСПЕ . . .

1 КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1 Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері . . .

1. 2 Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселелері . . .

1. 3 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіби құзырлылықты қалыптастыру мазмұны . . .

2 КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .

2. 1 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың жолдары . . .

2. 2 Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың құралдары . . .

2. 3 Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдіс-тәсілдері . . .

2. 4 Тәжірибелік-әдістемелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

ҚОСЫМША А . . .

ҚОСЫМША Ә . . .

ҚОСЫМША Б . . .

ҚОСЫМША В . . .

ҚОСЫМША Г . . .

ҚОСЫМША Д . . .

41111294463637994111125127135138139141142143:

4

11

11

29

44

63

63

79

94

111

125

127

135

138

139

141

142

143

Белгілеулер мен қысқартулар

АДҚК

- автоматтандырылған дидактикалық құралдардың

кешені

АДҚК: АКТ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Ақпаратты коммуникациялық технология
АДҚК: ЖОО
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Жоғары оқу орны
АДҚК: КИ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: -Кентау институты
АДҚК: Қаз ҰПУ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
АДҚК: ҚР
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Қазақстан Республикасы
АДҚК: ТМД
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
АДҚК: ОАТ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Оқытудың ақпараттық технологиялары
АДҚК: ОЖ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Операциялық жүйелер
АДҚК: ОҚМУ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
АДҚК: ХҚТУ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: -Халықаралық қазақ-түрік университеті
АДҚК: ЭЕМ
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Электронды есептеу машина
АДҚК: ЭО
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Электрондық оқулық
АДҚК: IBM
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені:

- International Business Machines (іскерлік қызметтер

үшін халықаралық машиналар )

АДҚК: IT
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Интернет технологиялар
АДҚК: MS DOS
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Microsoft фирмасының дискілі операциялық жүйесі
АДҚК: HTML
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - Hiper Text Marpup Language (гипермәтінді белгілеу тілі)
АДҚК: WWW
- автоматтандырылған дидактикалық құралдардыңкешені: - World Wide Web (дүниежүзілік тармақталған өрнек)

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев дәстүрлі 2007 жылғы 28-шы ақпандағы Қазақстан халқына жолдауында республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің болашақ мамандарын дайындау үдерісінде кәсіптік білім берудің көкейкесті мәселелерін атап көрсетті. Осы бағытта қазіргі кезде қол жеткен нәтижелер келешекте - Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елідің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру мамандары үшін жолдаудағы он сегізінші бағыттың маңызы ерекше онда “Ақпараттық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағдарланған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр”, - деп атап көрсетті [1] .

Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты - білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабылеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Жоғары оқу орнын бітірушілердің сапасына қойылатын талаптардың өсуі білім беру үдерісіне өзгерістер енгізуге әкелетін ғылыми-техникалық дамудың негізі болып табылады. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.

Бүгінгі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар өндірісте, кәсіпорындарда, құжат өңдеу іс-әрекеттерінде кеңінен қолданылуда, оның қамтитын іс-әрекет саласы зор қарқынмен өріс алуда. Өңделетін ақпараттың көлемі мен күрделілігінің тұрақты өсуіне орай қоғамда оны бейнелеудің жаңа түрлері талап етілуде.

Болашақ мамандарды, соның ішінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану ақпараттық қоғамның қазіргі дамуында жоғары оқу орындарына қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Ақпараттық қоғам еңбек мазмұнының өзгеруіне сәйкес жылдам бейімделетін, жаңа білімдерді, біліктіліктерді және дағдыларды қысқа мерзімде игеру қабілетіне ие болатын мамандарды қажет етеді.

Қазіргі кезде студенттерді оқыту үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану жүйесін қалыптастырудың жолдары жетілдірілуде.

Оқу үдерісін мүмкіндігінше сапалы жетілдіру білім беруді ақпараттандыру мен оқыту үдерісінде арнайы әдіс-тәсілдерді тиімді ұйымдастыруға байланысты. Осындай өзекті мәселелерде Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың құралдары болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар деп ақпараттармен жұмыс істеуге арналған, яғни ақпараттық үдерістерді басқаруға арналған қазіргі заманғы құрылғылар мен жүйелер түсіндіріледі.

Демек, соңғы кездегі ғылыми және практикалық зерттеулерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адамзат танымының әдіснамалық бағыттағы ең негізгі нысаны болып отыр.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ғылымда және практикада, түрлі білім беру және өндіріс салаларында өз орынын тауып, жоғары оқу орындарының да оқу үдерістерінде кеңінен қолданыс табуда.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану студенттердің ғылыми-танымының қалыптасуына, олардың ойлау мүмкіндіктерінің дамуына, мамандыққа даярлығын жетілдіруге үлкен септігін тигізеді. Оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың негізінде студенттер қазіргі заманғы формальдау, модельдеу сияқты ғылыми таным әдістерін меңгереді. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар студент ойлауының формальды-логикалық және жүйелік формаларының дамуына, ғылыми-танымның жаңа әдістерін меңгерулеріне мүмкіндік жасайды. Сондықтан да, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері қазіргі кезде барлық дерлік саладағы информатика оқулықтарында қарастырылады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды адам іс-әрекетінің барлық саласына ендіру білім беруге қойылатын жаңаша талаптарды айқындай түсті. Білім беру жүйесін ақпараттандыру туралы мәселелерді зерттеуге арналған ғылыми әдебиеттерді (И. Г. Захаров, A. A. Кузнецов, В. М. Монахов, В. И. Пугач, И. В. Роберт, Е. Ы. Бидайбеков, Т. О. Балықбаев, С. Кариев, Г. Т. Жангисина, М. Мәлібекова, Қ. С. Әбдиев, С. А. Исаев, К. М. Беркімбаев және т. б. ) талдау танымдық операцияларды басқару үдерісіне, жоғары оқу орындары пәндерінің оқыту мазмұны, әдістері, орталары, оқыту формалары, функциялары, психологиялық-педагогикалық сипатының жаңа құрылымдарға ие болатындығын көрсетеді [2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9; 10; 11; 12; 13; 14] .

Ақпараттық қоғам жағдайындағы білім беру жүйесінің басты талаптары мен жоғарыда аталған ғалымдардың зерттеу еңбектерінің нәтижелерін ескере отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі бағыттарының бірі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бүгінгі күннің басты талабы, ал оның негізгі техникалық және педагогикалық мүмкіндіктерін дамыту маңызды болып саналады, сонымен қатар, одан әрі зерттеуді қажет етеді.

Талдау жасалынған зерттеу жұмыстары елімізде оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі бойынша ғылыми ізденістер негізін салуға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған еңбектерде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру мәселелері қарастырылмаған. Келтірілген ғылыми еңбектерден ұсынылып отырған диссертацияның ерекшелігі: зерттеу жұмысында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру жолдары зерттеліп, мәні мен құрылымы айқындалған.

Жалпы алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білім беру саласында, әсіресе болашақ мамандарды құзырлылық парадигма деңгейінде дайындау және олардың бәсекелестік қабілеттерін дамытуда қолдану маңызды қажеттіліктердің бірі болып саналады. Осы қажеттіліктерге байланысты мынадай іс-әрекеттер орындалуы тиіс: 1) педагогикалық үдерісте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді пайдалана алатын кәсіби құзырлы педагог дайындау; 2) оқу орындарының ақпараттық-коммуникациялық технологиялар базаларын үнемі жаңартып отыру; 3) оқу-әдістемелік жұмыстарды білім берудің жаңа құндылық деңгейінде дамыту негізінде жүргізу. Осы айтылғандардың барлығы қарастырылып отырған мәселенің көкейкестілігін білдіреді.

Кәсіптік білім мамандығы студенттерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып оқыту мәселесі көп аспектілігіне орай төмендегі негізгі қайшылықтарды атап өткен жөн:

- білім беруді ақпараттандыру шартында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру қажеттілігі мен оны әдіснамалық қамтамасыз етудің жеткіліксіз деңгейі;

- жоғары білім беру саласында студенттерді оқытудың қалыптасқан жүйесі мен олардың кәсіптік дайындығына қойылатын талаптардың өсуі, сондай-ақ, осы талаптарды орындауда ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерінің орынды пайдаланылмауы;

- студенттердің бәсекеге қабілеттілігін психологиялық және педагогикалық тұрғыда қамтамасыз ету қажеттілігі мен олардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану біліктілігінің деңгейін әлі де болса жетілдіру қажеттілігі.

Осы қайшылықтар диссертациялық зерттеуде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үдерісінің ұйымдастыру-технологиялық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандырылуы тиіс екендігін білдіреді және біздің зерттеу проблемамызды айқындап, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану - кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі деген тақырыпты таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу нысаны - Жоғары оқу орнында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану үдерісі.

Зерттеу пәні - Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып Кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құзырлығы негізінде қалыптастыру әдістері.

Зерттеу мақсаты - Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру үдерісін ғылыми-теориялық негіздеу және әдістемелік қамсыздандыру.

Зерттеудің ғылыми болжамы - егер, кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыруда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері айқындалып, әдістемелік жүйесі жетілдірілсе, онда студенттердің білімі, біліктілігі, дағдысы, кәсіби құзырлылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде жетіле түседі, өйткені бұл қазіргі ақпараттық қоғам талабы.

Зерттеудің міндеттері:

- кәсіптік білім мамандығы студенттерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздерін анықтау;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылықтарын қалыптастырудың мазмұны мен құралдарын айқындау;

- кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесін жасау;

- тәжірибелік-әдістемелік зерттеу жұмыстарының нәтижелерін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу.

Жетекші идея: Студенттерді оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану олардың кәсіби өмірдегі белсенділігінің жоғары болып кәсіби біліктіліктері мен кәсіби құзырлылығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-техникалық негіздері, тұлға дамуының жалпы философиялық принциптері, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, оқыту әдістемесі мен теориясы, кәсіпқойлық психологиясы мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.

Диссертациялық зерттеудің теориялық, ғылыми-әдістемелік қағидаларын жасауда кәсіби оқыту үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми принциптері, сонымен бірге кәсіпқойлық, оның бәсекеге қабілетті және кәсіби толысқан маман болып қалыптасуындағы рөлі туралы; іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық және профессиографиялық теориясы туралы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.

Зерттеу көздері. зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, психологтардың, педагогтардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің жоғары мектептің білім беру мәселелеріне қатысты нормативті құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-телекоммуникация саласындағы ғылыми еңбектері.

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтанулық (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстар жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.

Зерттеудің кезеңдері:

І кезеңде (2003-2004 жылдар) зерттеу проблемасы бойынша студенттердің ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша білім, біліктерінің параметрлері анықталды, теориялық зерттеулер жүргізілді, психологиялық-педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалды.

ІІ кезеңде (2005-2006 жылдар) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастыру жолдары айқындалды, ғылыми нұсқаулар берілді.

ІІІ кезеңде (2006-2008 жылдар) эксперимент нәтижелері қорытындыланып, оларды өңдеу жұмыстары жүргізілді, диссертацияның даярлығы аяқталды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- Кәсіптік білім мамандығы студенттерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері анықталды;

- оқу үдерісінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға студенттің дайындығын қалыптастыру және кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығының құрамдас бөлігі ретінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бойынша құзырлылығын қалыптастыру мазмұны мен құралдары көрсетілді;

- ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың әдістемелік жүйесі ұсынылды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орнының студенттеріне арналған “Компьютерлік модельдеу негіздері”, “Информатикадан тест сұрақтар жинағы”, “Мәтіндік процессорды пайдалану”, “Windows операциялық жүйесі” атты оқу-әдістемелік құралдары даярланған. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарында, информатика пәні мұғалімдері мен информатика мамандарының кәсіби білімін жетілдіретін институттарда пайдаланылады.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

- кәсіптік білім мамандығы студенттерін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері;

- кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланып қалыптастырудың әдістемелік жүйесі;

- студенттердің кәсіби құзырлылығын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде қалыптастыру нақты шарттар арқылы ( мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік ) жүзеге асырылады: мазмұндық - тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; ұйымдастырушылық - оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді, амал-жолдарды пайдаланумен айқындалады; әдістемелік - тәжірибелік тұрғыда негізделген жұмыстармен анықталады.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.

Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде жүргізілді.

Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және ендіру тәжірибелік-эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми семинарында, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің “Информатика және қолданбалы математика” кафедрасының ғылыми семинарында, «Физиканы, математиканы және информатиканы инновациялық оқыту: өзекті мәселелері және болашағы» мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда (Шымкент, 2004), “Білім беру мен ғылымдағы математикалық модельдеу және ақпараттық технологиялар” атты ІІІ халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда (Алматы, 2005), “Жоғары оқу орынында білім берудің жаңа технологиялары: теориясы мен практикасы” атты І ғылыми-практикалық халықаралық дистанциялық конференцияда (Түркістан, 2006), “Білім беру саласындағы және жаратылыстану ғылымдары бойынша мамандар дайындаудағы инновациялық технологиялар” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Тараз, 2007), “Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Семей, 2007), “Білім беру жүйесін инновациялық дамытудағы кадрлық ресурстар” атты І Бүкіл Ресейлік педагогикалық конгресте (Москва, 2007), “Орта Азия және Қазақстан халықтары рухани құндылықтарының жаһандануы мен өркениеті” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2007), “Шоқан тағылымы-13” атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Көкшетау, 2008) баяндалды; басылым көрген мақалаларда, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламаларда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде оқу үдерісінің практикасына ендірілді.

Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 КӘСІПТІК БІЛІМ МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Жоғары оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың психологиялық-педагогикалық негіздері

Ұлттық білім беру моделін қалыптастыру тенденциясы мен Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктірумен сипатталатын білім беру саласы “Қазақстан - 2030” стратегиялық бағдарламасында мазмұндалған негізгі басымдықтардың бірі болып табылады. Бүгінгі күні елімізде ақпараттық қоғамға өту үдерісін іске асырудың негізгі компоненттерінің бірі, яғни ақпаратты алу, өңдеу, тарату мен тасымалдау әрекеттерін жүзеге асыратын бірден-бір себеп, ол ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың күннен-күнге арта түсуі [15] .

Ақпараттық қоғам құру, онымен байланысты ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың біздің өмірімізге етене енуі, білім беру жүйесін ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етіп, ақпараттық қоғам талабына сай білімді ұрпақ тәрбиелеу, яғни өз қызметінде ғылыми-техниканың соңғы жетістіктерін оңтайлы пайдалана білетін кәсіби құзырлы педагог маман дайындауды қажет етеді.

“Құзыр”, “құзырлылық” және “құзырлы” түсініктері бұрынырақта тұрмыста, әдебиеттерде кеңінен пайдаланылды, сөздіктерде түсіндірмелері берілді. Мысалы, “Шетел сөздерінің қысқаша сөздігінде” (М., 1952ж. ) “құзырлы (лат. competens, competentis қабілетті) - анықталған аймақта жетекші, білуші; өз білімі деңгейінде бір нәрсені шешу немесе талқылау статусы бар” деп анықтама берілген.

Құзырлылық құзырлары мәселесі бойынша жұмыстарды талдау (Н. Хомский, Р. Уайт, Дж. Равен, Н. В. Кузьмина, А. К. Маркова, В. Н. Куницина, Г. Э. Белицкая, Л. И. Берестова, В. И. Байденко, А. В. Хуторской, Н. А. Гришанова, және т. б. ) шартты түрде СВЕ-тәсілдің (CBE-competence-based education) білім беруде қалыптасуының үш сатысын бөлуге мүмкіндік береді [16; 17; 18; 19; 20; 21; 22; 23; 24; 25; 26] .

Бірінші саты - 1960-1970жж. - ғылыми аппаратқа “құзыр” категориясының енгізілуімен, құзыр/құзырлылық түсінігінің шеңберін кеңейтуге алғышарттар құрылуымен сипатталады. Трансформациялық грамматика және тілдерді оқыту теориясы саласында тілдік құзырлардың түрлерін зерттеу, “қарым-қатынас құзырлылығы” (Д. Хаймс) түсінігін енгізу осы кезден басталды [27] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
Болашақ мұғалімдердің коммуникативтік құзырлығын кәсіби даярлау үдерісінде қалыптастыру
Студенттердің кәсіптік бейімделудің психологиялық ерекшеліктері
Ақпараттық технологиялар арқылы болашақ мамандардың құзыреттілігін қалыптастырудың педагогикалық психологиялық негіздері
Кредиттік оқыту технологиясы сипаттама
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Оқытудың жаңа технологиялары және Визуал Бейсиктің қолданылуы
Ақпараттық технологиялар туралы жалпы түсініктер
Педагогикалық бiлiм беретiн жоғары оқу орындары студенттерiнiң ақпараттық – коммуникациялық құзырлығын қалыптастыру бағыттары
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz