Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқушылар мен студенттердің білім, білік және дағдыларын бақылаудың объективті әдістері
Жоспар:
Кіріспе
1. Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқушылар мен студенттердің білім,
білік және дағдыларын бақылаудың объективті әдістері.
2. Педагогикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті
диагностикалау әдісі.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Білім – объективтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі.
Білім арқылы табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтік жақтарын
зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім қалыптасудың және дүниетанымы
дамуының үлкен тірегі. Міне, осының нәтижесінде білім әр адамның
көзқарасына, сеніміне айналады.
Кәсіптік білім беру - кейде кәсіптік ақпарат деп те айтылады.
Кәсіптік білім беру – бұл әртүрлі мамандықтар және сол мамандықтардың
адамға қоятын талаптары жөнінде оқушыларды білім мен қаруландыру. Кәсіптік
білім берудің негізгі принципі оны өмірмен байланыстыру, басқаша айтқанда,
халық шарушылығы, оның салалары, мамандықтар туралы оқушылардың түсінігін
еңбек тәрбиесі, политехникалық білім беру, негізінде қалыптастыру. Кәсіптік
білім беру барысында жастардың қызығушылығын, бейімділігін, қабілетін,
психофизиологиялық қасиеттрін еске алу қажет.
Мамандықты саналы таңдауда екі факторды еске алу керек:
1) Оқушылардың білім деңгейі.
2) Оқушылардың жеке қасиеттері.
Орта мектеп бітірген жастардың кейбіреулері жұмысшы мамандығын
таңдап ала алмағандығының себебін мектептегі
теориялық білім мен мамандықты талап ететін практикалық білімнің
алшақтығынан, яғни үйлесімсіздігінен деп түсіндіреді. Шынында,
қазіргі кездегі қою завоттары, байытатын фабрикалар, технологиялық
процестер армияның қару- жарақтары (ракета, радиолокация, станция
т.б.) жастардың техникалық, математикалық білімді талап етеді. Міне,
осы жағдайды еске алып, мектепте оқушыларға тұрақты және терең білім
беруді дұрыс ойластырған жөн.
Оқушылардың жеке қасиеттері мамандық талаптарына сәйкес келуі
тиіс. Сондықтан кәсіптік білім беру – бұл кәсіптік өз тағдырын шешуде
оқушылардың бойындағы жеке қасиеттерін, қабілтін, мүмкіншілігін
дамыту. Осы тұрғыдан алғанда оқушылардың ынтасының бейімділігінің
жалпы және арнайы қабілеттерінің динамиксына көңіл аударуы қажет.
Білімнің мазмұны - оқыту процесі компоненттерінің бірі. Бұл
ғылыми білімнің, біліктіліктің дағдының жүйесі. Осы жүйенің негізінде
оқушылардың ақыл - ойы, қабілеті дамиды, ғылыми – материялистік көз
қарасы қалыптасады.
Осы талаптардың негізінде мынадай принциптерді қолдану білім
мазмұнының деңгейін көтеруге өте қажет:
1 Оқушыларды білім мен қаруландырудың табиғатты қорғауға,
еңбекке және өмірге жауапкершілік қатынасты тәрбиелеудің қажеттілігі.
2. Білім мазмұны негізінде ұлтық мәдени тарихи байлықты жалпы
азаматтық мәдени мұрасымен ұштастыру.
3. Білім мазмұнында әлеметтік экономикалық жолдарын ескерудің
маңыздылығы.
4. Пән аралық және пәншілік байланыстарды ғылыми әдістемелік
негізінде жүзеге асыру.
5. Қазіргі үдемелі ғылыми –техникалық жағдайда ақпаратты
технологияны пайдалану, білім мазмұнын жаңарту.
6. Ұлттық тілді, халықаралық қатынас тілдерін оқып үйренудің
тұрмыс, мәдениет және ғылым салаларындағы маңыздылығы.
7. Жалпы білім мазмұнның политехникалық және
кәсіптік білім мазмұнымен ұласуы теориялық, практикалық білімнің
негізі.
Білім мазмұнын анықтау мына мәселерді қамтамасыз
етуі тиіс:
- табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білімді
қалыптастыру;
- диалектикалық – материалистік көзқарасты тәрбиелеу;
- адамды жан – жақты дамыту міндеттерін жинақты шешу;
- жастарды өмірге, еңбекке, мамандық таңдауға даярлау.
Жалпы орта білім мазмұнын қалыптастырудың көзі адамның өз
тағдырын өзі шешудегі негізгі өрісі (ортасы) – адам, қоғам,
табиғат, неосфера болуы қажет.
Білім мазмұны біздің елімізде, шетелдерде әлі де жеткілікті
зерттелмеген мәселелердің бірі. Бұл мәселе әрбір тарихи кезеңдерде
болып отыратын мектеп реформасының негізіне жатады. Әрбір реформада
заман талаптарына сәйкес білім мазмұны өзгеріске ұшырайды, біркелкі
жүйеге келтіріледі.
Осы бағытта Республика көлемінде білім мазмұнын
жаңартуға байланысты істеліп жатқан жұмыстар көптеп саналады.
Солардың бірі Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері
білім мазмұнының тұжырымдамасы.
Бұл тұжырымдамада білім мазмұнын қалыптастырудың ғылыми
негіздері, білім мазмұнын анықтайтын негізгі принциптер, білім
мазмұнының құрамы және құрылымы бірыңғай жүйеге келтірілген.
Білім мазмұнын жаңарту, білім беру жүйесін дамыту өмір
талабының объективті заңдылығы. Әр халықтың тарихи мәдени және
әлеуметтік – экономикалық ерекшелігі диалектикалық бірлікте
қарастырылып, мектептегі білім мазмұнын жаңартудың негізгі көзі болуы
тиіс.
Дағды – бұл қайта – қайта орындалатын практикалық әрекетке
машықтандыру. Мысалы, тез оқу дағдысы - жүйелі түрде жаттығу
нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, біліктіліктің және дағдының
өзара байланысы, бірлігі оқушылардың таным қабілетінің дамуына
мүмкіндік туғызады.
Кәсіптік білім беру оқу орындарында оқушылар мен студенттердің білім, білік
және дағдыларын бақылаудың объективті әдістері.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу
бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі.
Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген
жағдайда оқу -тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін,
мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі
анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім,
білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.
Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен
дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Кәсіптік білім беретін орта және
жоғарғы оқу орындарында білім беруді бақылауда ұйымдастыру, қазіргі
қолданылып жүрген заңдылықтарға негізделген.
Жалпы жеке адам әрекет жасау үшін тәжірибені игеруі қажет, яғни
қоғамдық қатынастар жүйесіне енуі керек. Осы жағдайда ғана объективті
білім, білік және дағдылық қасиеттер тәжірибеге айналып, субъективті
құралын құрайды. Күнделікті тәжірибенің шектеулілігі жеке адамды адамзаттың
қоғамдық – тарихи іс - әрекетіне ендіру арқылы кеңейтіледі. Осы іс -
әрекетте жеке адам өткен ұрпақтардың объективтендірілген тәжірибесін игеріп
қана қоймайды, сонымен қатар өзінің дамуына ықпал ете отырып, оны байыту
тиіс.Сондықтан, кәсіби оқытуда білім, білік және дағдылық қасиеттерді жеке
тұлға бойына сіңіріп, оны қадағалау, дамыту мәселесі басты орынға ие.
Кәсіптік мектеп оқушыларының білім, білік және дағдылық
қабілеттерін бақылаудың заңдылық базалары.
Қазақстан Республикасы оқу орындарындағы білім сапасын тексеру
Мемлекеттік бақылаудың орталық және жергілікті атқарушы органдары
жүргізеді.
Жалпы бақылаудың мына төмендегі жүйелеріне тоқталмақпыз:
1. Білім берудің деңгейі мен түрі, оқу мерзіміне қарай білім сапасын
тексерудің тестілеу, есеп шығару, өндірістік, курстық жұмыстар, біліктілік
тапсырмалары, практика бойынша есеп, іскерлік ойын мен дөңгелек үстел т.б.
сияқты түрлері бар. Оқу жоспарына кіретін бақылау жұмыстары пәнді оқыту
сағаттарының сеніміне кіреді.
2. Кәсіптік дайындық деңгейі әрбір жарты жылда бір рет тексеріліп
отырады, ал жыл соңында оқу мерзімі бір жылдық топтарға кезендік
аттестация жүргізіледі. Аттестация кезінд білім алушылар кәсіп саласы
бойынша емтихан тапсырып тиісті(разряд, класс, санат ) біліктілікке ие
болады.
3. Кезеңдік аттестация жыл соңында, оқушылардың кәсіп саласына
байланысты, өз бетінше орындаған өнеркәсіптік тапсырмалары, тиісті
біліктілік деңгейіне сәйкестігі негізінде оқу- өндірістік шеберханаларында,
зертханларда, полигондарда, оқу орнының шаруашылықтарында, олар болмаған
жағдайда өндірістегі жұмыс орындарында жүргізіледі.Кезеңдік аттестацияны
өткізуге арнайы аттестациялық комиссия құрылып, оқу орны арнайы бұйрық
шығарып, оған директор басшылық жасайды.
Комиссия құрамына өндірістік оқыту шеберлері, өнеркәсіп өкілдері,
техникалық қадағалау органдары қызметкерлері , оқытушылар кіруі
мүмкін. Курс толық өтілген соң бітіруші біліктілік емтихандарын тапсырады.
4.Бітірушінің біліктілік емтихандары білім алушылардың
мамандығы бойынша олардың дайындығын анықтау (класс, разряд, санат)
мақсатында жүргізіледі. Біліктілік емтихандары алу барысында оқушылардан
алған білім, білік және дағдылары олардың кәсіптік сипаттама талаптарын
ескере жасалған өндірістік тапсырмалар беру арқылы алынады.
5. Білім алушыларға біліктілік емтихандарының түрін таңдауына
құқық беріледі. Ол жазбаша біліктілік жұмыстары, дипломдық жобалар немесе
шығармашылық (өнертапқыштық), практикалық жұмыстар болуы мүмкін.
6. Біліктілік сынақ жұмыстары өндірістік практиканың соңғы
кезеңінде өткізіледі. Өндірістік жұмыстарды бағалау кезінде емтихан
комиссиясының мүшелері бұйым сапасына, жұмыстың талапқа сай орындалуына,
оның мерзіміне және оқушылардың жұмысты атқару икемділігі мен дағдысына,
еңбек қауіпсіздігі шараларымен гигиеналық нормаларына сақтауына мән
береді.
7. Білім берудің мемлекеттік стендарттарының орындалуы мен
білім саласын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық атқару органдарының
білім саласы бойынша белгіленген ережелерімен тәртіптері бойынша
жүргізіледі. Олар емтихан өткізу туралы, курстан курсқа көшіру туралы,
кезеңдік аттестациямен оқу орнын бітіру туралы нұсқауларда анықталған.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжрибеде
қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан – жақтылық,
жүйелік, жеке -даралық , дифференциалдық және тәрбиелік.
Әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы, баға өлшемі мен ережесі
нормасына қатысты) – бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу
әрекетінің басқа буындарымен байланыстыра қаралып, оқыту прооцесінің барлық
кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту
нәтижесін қорытындылау, тақырыптық бақылау, сабақтар бойынша балл қою
т.с.с.
Жеке – дара қатынас - әрбір оқушының ерекшелігін бағалау (оның
қабілеті, бейімділігі, денсаулығы, оқу әрекеті т.б.) қарастырылады.
Жан – жақтылықта – бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін
қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін, интеллектуалдық жіне практикалық
білік пен дағдысын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген
бөлімдерін, сонымен бірге оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп, соған
сәйкес бақылаудың әртүрлі әдістерімен мұғалімнің педагогикалық әдеп
сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау, ең алдымен бақылаудың
сенімділігін және оқыту процесінде өздерінің алдында тұрған міндеттердің
орындалуын қамтамассыз етеді, бақылауда әртүрлі қателіктер мен
сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау
педагогика ғылымымен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде
жүзеге асады.
Олар мыналар:
- ауызша баяндау (әңгіме, жеке-дара топтық, фронталдық сұрақ)
- жазбаша бақылау(диктант, шығарма, таблица, схема, суреттер құрастыру)
- практикалық бақылау(лабораториялық жұмыстарынан, еңбек операцияларын
орындау, тәжірибе жүргізу)
- машиналы бағдарламалап бақылау(профокарталар, бақылау карталарын,
дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану)
- өзін-өзі бақылау,бағалау(қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз
жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронталдық ,топтық және дербес
формалары қалыптасқан. Оның тиімділігі – мұғалімнің оны дұрыс
ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға
сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындау
барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда
болады.Бір-біріне сұрақтар қойып жауаптарын толықтырады, орындалған
жұмыстарды өзәра тексеріп іске асырады.Демек, бірігу іс-әрекетінде
әлкеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі оқушылар тобы сабақ барысында
мұғалімнен тапсырмалар алып орындайды.Кейде, кейбір оқушылар тұрлі
себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру т.б.) қосымша
көмекті қажет етулері мүмкін. Сондықтан олардың жұмысын ерекшк еске алған
жоқ
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін,
іскерлігін және дағдысын терең, жан-жақты анықтауға мүмкіндік
береді.Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында
жақсы нәтиже береді. Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық
бірізділігі, олар өз пікірлерін қалай пайымдайды, қалай дәлелдейді, міне,
осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет.Өзін-
өзі бақылау, олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі
және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамассыз етеді. Өзін-
өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенім артады, орындаған
жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.
Баға білімді есепке алу ғана емес, ол тәрбиелік құрал.
Сондықтан, оқушы білімін бағалауда немқұрайлыққа салынуға болмайды.
Оқыту- диамикалық процесс. Оның сапасын үнемі жетілдіріп
отыру--өмір талабы. Білім беру саласында оқу- таным әрекетінің сапасын,
дәрежесін есепке алу, тексеру және бағалаудың білім, білік дағдының
нәтижесін артыруда қызметі ерекше. Сөйтіп оның технологиясын әр кезде
өмір талабына сай жетілдіріп отыру оқыту міндеттерінің өзекті
мәселелерінің бірі.
Күні бүгінге дейін оқыту саласында қолданылып жүрген білім,
білік және дағдыны тексеру мен бағылаудың 5 балдық жүйесі , оның
сапасын, дәрежесін анықтап, белгілеуде, барлық жағдайда объективтік
тұрғыда қамтамассыз етпейді.Соның нәтижесінде қазіргі кезде жоғары оқу
орындарында оқыту процесіндегі рейтинг-тестік жүйе оқу таным әрекетінің
сапасын анықтайтын бақылаудың жаңа түрі өмірге келді.
Рейтинг –ағылшын тілінде totart - бағалау немесе
жетістік өлшемі деген ұғымды білдіреді.
Рейтинг жүйесінің мақсаты:
- оқу-таным әрекетінің сапасын, нәтижесін арттыру;
- оқу-таным әрекетінің сапасын тексеру, бағалаудың тиімділігінің
жетілдіру және әділдігін орнықтыру;
- оқу- таным әрекетіндегі білім, білік, дағды сапасын, дәрежесін
бақылауда жүйелікті қамтамассыз ету;
- оқу-таным әрекетіндегі студенттердің жауапкершілігін,
белсенділігін арттыру;
- тексеруде уақытты үнемдеу.
Бұл жүйенің ерекшелігі оқытушының педагогикалық әрекеті
мен студенттердің оқу әрекетінің сапасын жақсартуға мүмкіндік туғызады,
оқу процесінің барлық кезендерінде олардың білім, білік, дағды
нәтижелерін тексеру, бақылау және бағалаудың тиімділігін арттырады.
Тест- оқытудың белгілі бір бөлігін меңгеру дәрежесін өлшеуге
бағытталған тапсырмалар жиынтығы. Олар уақытты көп жоғалтпас үшін
көлемінің шағын болуы, тестік тапсырманы өз бетінше қалай болса, солай
түсінік беруге жібермеуді, жауапта дәлсіздік немесе көп сипаттылықты
болдырмауды, оның әрі қысқа әрі жинақы болуын, тестік тапсырманы орындау
мен сандық бағалау арақатынасының мүмкіндігінің жариялылығын, тапсырма
мен жауаптағы дәлдік пен айқындықты қамтамассыз етуді т.б. талап етеді.
Бақылауда рейтинг – тестік жүйесін қолдану ерекшелігі, оқу
материалдары логикалық тұрғыдан аяқталған бөлік, немесе тарау болып
саналатын модульдерге( блоктарда) біріктіріледі. Модулдердің саны оқу
пәндерінің мазмұнының көлеміне байланысты белгіленеді. Модульдердің
құрылымы оқу материялының белгілі бір бөліктерінен ( порция) тұрады.
Әрбір модуль нақтылы міндеттерден және өз бетінше терендетіп оқу
тақырыптары мен тапсырмаларынан құрылады.
Рейтинг – тестік бақылау түрлеріне:
а) күнделікті немесе ағымдық ( текущий );
ә) аралық ( рубежный);
б) қорытынды( итоговый) бақылау жатады.
Күнделікті немесе ағымдағы бақылау әрбір модульдер бойынша
жүргізіледі. Ол курстың белгілі бір тараулары немесе боліктері, болмаса
күрделі тақырыптары аяқталған кезенде ұйымдастырылады.
Аралық бқылау әрбір модульдер аяқталған кезенде
жүргізіледі. Осы аралықта колоквиум, реферат қорғау, өзіндік жұмыстарын
қолдануға болады. Себебі,
- тест бағалау нәтижесін толық көрсетеді;
- уақытты үнемі пайдалануға мүмкіндік туғызады;
- бақылау бір мезгілде барлық оқушыларды қамтуға қол жеткізеді;
- тест жұмысын атқару барысында барлық оқушылар бірдей тең жағдайда
болады.
Кейбір батыс мемлекеттерінде оқытушымен оқушы арасында келісім
– шарт жасасқанда мына сұрақтар жиі қолданылады: Сіз бақылау арқылы не
бақылаусыз оқығыңыз келе ме?, Баға қажет пе, жоқ курсты бағалаусыз
бітіргіңіз келеме? деген сияқты. Егер білім алушы бақылаусыз не
бағалаусыз оқығысы келсе, онда оқу ақысы 3-4 есеге кемиді, неге?
Түсіндір.
Педагогикалық тестілеу кәсіби білімнің сапасын объективті диагностикалау
әдісі.
Кәсіптік оқыту саласын диагностикалау жұмысы мына екі қызметті
атқарады:
- оқу - өндірістік процесі кезінде ағымдағы педагогикалық бақылауды
қамтамассыз етеді;
- кәсіптік оқытудың нәтижесін бақылауға септігін тигізеді.
Басқаша айтқанда кәсіби оқыту саласын диагностикалау мына екі
міндетті шешеді.
1. Кәсіптік оқыту процесін бақылауды жүзеге асырады.
2. Кәсіптік оқытудың нәтижесін бақылауды жүзеге асырады.
Кәсіптік оқытудың сапасын диагностикалауда ( әсіресе, кәсіптік
мектеп жағдайында) мына төмендегі сапа қамтиды:
- теориялық оқытудың сапасын диагностикалау;
- өндірістік оқытудың сапасын диагностикалау.
Теориялық оқытудың сапасын диагностикалау мына
көрсеткіштер көмегімен жүзеге асады.
1. Білім тұтастығы арқылы.
2. Білім жүйелігі арқылы.
3. Білім беріктігі арқылы.
4. Білім жалпылығы арқылы.
5. Білім әрекеттері арқылы.
Өндірістік оқыту саласын диагностикалау мына көрсеткіштер
негізінде жүргізіледі:
1. Оқу - өндірістік жұмыстарды игеру тәсілдері мен
амалдарын, еңбек процесі мен оның нәтижесімен қоса меңгеру.
2. Оқу - өндірістік жұмыстарды орындау сапасы (өқу -
өндірістік жұмыстарды сапалы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz