КӘСШКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ



Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
9.КӘСШКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
Жоспар:
9.1. Кәсіпкер жауапкершілігінің, мәні және түрлері
9.2. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
9.3. Кәсіпкерлердің міндеттемелерін қамтамасыз ету шарттары және тәсілдері
9.1. Кәсіпкер жауапкершілігінің, мәні және түрлері
Жалпы түрде кәсіпкерлердің жауапкершілігі деп мемлекеттің,
қызметкерлердің, клиенттердің, шаруашылық жүргізу субъектілерінің
құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына
келтіруге бағытталған белгілі бір іс-әрекеттерді жасау қажеттілігін,
міндетін түсінеді. Сәйкесінше, шаруашылық жүргізуші әріптестер, мемлекеттік
органдар кәсіпкерлердің құқықтарын бұзатын шешімдерді қабылдаған жағдайда,
келісімшарттық міндеттемелерді орындамаған жағдайда кәсіпкерлердің алдында
жауапты болады. Жауапкершілік келісімшарттарды дүрыс орындамау немесе
мүлдем орындамау жағдайында заңмен белгіленген міндеттер мен
міндеттемелерді орындамаудан пайда болады.
Кәсіпкерлер заңдық тұрғыдан жаупкершілікте болады. Ол кәсіпкерлердің
құқықтық нормалармен және келісімшарттық міндеттер мен міндеттемелердің
орындалмау салдарынан болатын, қолайсыз жағдайға душар болуына қарамай,
құқықтық нормалармен белгіленген міндеттерді орындау қабілеттілігі. Заңдық
нормаларды салалық ерекшеліктеріне қарай жатқызылуына байланысты
кәсіпкерлердің азаматтъщ-құқықтық, әкімшілік және қылмыстьщ жауапкершілігі
деп бөлуге болады. Сонымен қатар тәртіптік, материалдық, моральдық-
жауапкершілік деп те бөлінеді (31-сурет).
Кәсіпкерлер нарықтық экономиканың субъектілері, азаматтық қызметке
қатысушылар ретінде ең алдымен азаматтыц жауапкершілікте болады. Бұл
жағдайда ол қарастырылған міндеттер мен міндеттемелерді мүлдем орында-мау
немесе дүрыс орындамау азаматтық заңнамамен белгіленген заңдылықтың салдары
болып табылады (10-кесте). Азаматтық жауапкершілік мемлекетке немесе басқа
тұлғаға (кредиторға) қатысты құқық бұзушы үшін залалдың орнын толтыру,
мүлікті тұтқындау, зияндардың орнын толтыру, тұрақсыздық айыбын төлеу
түріндегі заңды бұзушыға, мүліктік (қаржылық) тұрғыдан іацмсн белгіленген
жауапкершілікті орындауға міндетті шаралар ретінде сипатталады.
Азаматтық жауапкершілік мүліктік болып табылады. Ол отемақылық сипатқа
ие, өйткені оның басты мақсаты зиян шекксн тараптың (кредитордың)
құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.

Азаматтық жауапкершілік мүліктік болып табылады және өтемақылық
сипатқа ие. Өйткені оны қолданудың басты мақсаты зиян шеккен тараптың
(кредитордың) құқықтарын қалпына келтіру болып табылады. Кәсіпкерлердің
азаматтық жауапкершілігі келісімшарттан тыс қатынастардан пайда болады. Ол
өз кезегінде құқықтың сәйкес нормаларымен белгіленеді. Сонымен қатар,
жасалған келісімшарттардың орындалмауы немесе дұрыс орындалмауы нәтижесінен
шығады. Кінэлі тараптың жауапкершілік деңгейіне (рөліне) байланысты
азаматтық жауапкершілік үлестік, бірлескен, қосымша және аралас болып
бөлінеді (10-кесте).
Бірлескен жауапкершілік немесе бірлескен талап ету егер міндеттемелік
зат бөлінбейтін жағдайда, бірлескен міндет пен талап ету келісімшартпен
немесе заңмен қарастырылған жағдайда пайда болады. Егер заңмен, басқа да
құқықтық актілермен немесе міндеттеме шарттарымен, басқаша жағдайлар
қарастырылмаса, кәсіпкерлік қызметпен байланысты, бірнеше борышкерлердің
міндеттемелері,- осындай міндеттемедегі бірнеше кредиторлардың талаптары
секілді бірлескен болып табылады. Борышкерлердің бірлескен міндеттемесі
кезінде кредитордың барлық борышкерлерден немесе әрқайсысынан жеке түрде
қарызды толығымен немесе белгілі бір бөлігін қайтаруды талап етуге құқығы
бар. Бірлескен борышкерлердің бірінен борышын толық алып қанағаттанбаған
кредитор міндеттеме толығымен орындалмайынша міндетті болып қала беретін
басқа бірлескен борышкерлерден, сол борышкердің өтей алмағанын қарызын
талап етуге құқығы бар. Борышкерлердің бірімен бірлескен міндеттеменің
толығымен орындалуы, қалған борышкерлерді міндеттемелерін орындаудан
босатады. Осы-лайша, өз үлестерін толық салмаған жауапкершілігі шектеулі
қоғам қатысушылары, әр қатысушының міндеттемелері бойынша белгіленген салым
мөлшерінде бірлескен жаупкершілікте болады.
Қосымша (субсидиарлы) жауапкершілік деп заңмен немесе келісімшартпен
қарастырылған жағдайларда кредиторлар алдында міндеттемелерді дүрыс
орындамағаны үшін, борышкермен қатар жауап беретін тулғалардың
(азаматтардың) қосымша жауапкершілігі танылады.
Қайта талап ету (регрессивті) жауапкершілік, заңдық тұрғыдан бір
тұлғаның жауапкершілігін екінші тұлға өтейді. Мысалы, жұмыс беруші, өз
жұмыскерінің әрекетінен болған зардапты, оны шегушіге өтегеннен кейін,
зардап мөлшерін жұмысшыдан өндіріп алуға құқығы бар, яғни қайта талап ету
әдісімен.
Аралас жауапкершілік деп екі тараптың да кінәсі бойынша
міндеттемелерді дүрыс орындамау немесе толық орындамау нәтижесінде пайда
болатын жауапкершілік танылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде кәсіпкерлік қызмет
аясындағы қылмысты істерге арналған -Экономикалық қызмет аясындағы
қылмыстар атты арнайы тарау бар.
Экономикалық қызмет аясындағы қылмыстар тарауы бойынша жиі
кездесетін қылмыстық істерге келесілер жатады:
1) заңды кәсіпкерлік қызметке қарсы тұру;
2) заңсыз кәсіпкерлік;
3) жалған кәсіпкерлік;
4) заңсыз жолмен алынған ақшалай қаражаттарды немесе басқа да мүлікті
заңдастыру;
5) монополиялық іс-әрекеттер мен бәсекені шектеу;
6) тауарлық белгіні заңсыз пайдалану;
7) акцизделуге жататын тауарларды маркілеу ережелері мен тәртібін бұзу,
акциздік алым маркаларын қолдан жасау мен пайдалану;
8) экономикалық контрабанда;
9) кедендік алымдар мен төлемдерді төлеуден бас тарту;
10) бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу;
11) кредиторлық борышты төлеуден бас тарту;
12) азаматтың салықты төлеуден бас тартуы;
13) ұйымдардың салықты төлеуден бас тартуы;
14) тұтынушыларды алдап-арбау;
15)мәмілені жасауға күштеу немесе одан бас тартуға күштеу.
Қылмыстық жауапкершілік келесідей түрлерде қарастырылған:
1) 25-25000 дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде немесе 2 аптадан
1 жылға дейінгі кезеңге сотталғанның жалақысының немесе басқа да табысының
мөлшері ретінде айыппұл;
2) белгілі бір қызметпен айналысуға немесе белгілі бір лауазымынан айыру
құқығы, негізгі жазаретінде 1-5 жылға дейінгі аралықта және қосымша жаза
ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта;
3) 60 сағаттан 240 сағатқа дейінгі аралыққа қоғамдық жұмыстарға тарту;
4) 2 айдан 2 жылға дейінгі тәртіп жұмыстарына жіберу;
5) 1-6 айға дейінгі аралыққа тұгқындау;
6) мүлікті тәркілеу арқылы немесе 6 айдан 15 жылга дейінгі аралыққа бас
бостандығынан айыру.

9.2. Кәсіпкерлердің әкімшілік жауапкершілігі
Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының
Кодексінде (ары қарай Кодекс) кәсіпкерлік қызмет, сауда мен қаржылар
аясындагы, сонымен қатар салық салу аясындағы әкімшілік құқық
бұзушылықтарға арналған арнайы тараулары бар (11-кесте).

11-кесте. Әкімшілік құқык бұзушылықтар
Аялары Құқық бұзушылық түрлері
Әкім
шілі
к
кұқы
қ
бұзу
шылы
қтар
1 2
кәсіпкерлік қызмет 1) сәйкесінше тіркеусіз немесе лицензиясыз,
аясында арнайы рұқсатсыз, біліктілігі туралы
аттестатсыз (куәліксіз) кәсіпкерлік немесе
басқа да қызметпен айналысу; 2) кәсіпкерлік
қызметтің тыйым салынған түрлерімен
айналысу; 3) бетен тауарлық белгіні, қызмет
көрсету белгісін, кәсіпорынның атауын
немесе тауардың шығу орнын заңсыз
пайдалану; 4) кәсіпкерлік қызмет туралы
ақ-паратты ұсынбау немесе уақытылы ұсынбау;
5) монополияға қарсы заңнаманы бұзу; 6)
жалған кәсіпкерлік; 7) заңды тұлғаны,
филиалды, өкілдікті сәйкесінше қайта
тіркеусіз кәсіпкерлік қызметпен айналысу.
сауда мен қаржылар 1) тауарлардың және басқа да
аясында заттардың заңсыз саудасын жүргізу;
2) құжатсыз тауарларды сату;
3) салықтық емес төлемдерді бюджетке толық
мөлшерде немесе уақытысында төлемеу;
4) лауазымды тұлғамен бухгалтерлік есеп
туралы заңды бұзуы;
5) заңды тұлғамен бухгалтерлік есеп
туралы заңды бұзуы;
6) міндетті аудитті өткізуден бас тарту
(шетелдік қатысуы бар барлық кәсіпорындарда
міндетті жыл сайынғы аудит өткізілуі
қажет);
7) төлемдерді өткізу бойынша
Қазақстан Республикасының заңна-малық
актілерімен бекітілген шектеулерді бұзу
(басқа тұлғаның пайдасына 4000 айлық
есептік көрсеткіштен жоғары сомаға
азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша
қолма-қол тәртіпте занды тұлғалармен
төлемдерді жүзеге асыру).
салық салу аясында 1) салық органында салық есебіне тұру
мерзімін бұзу;
2) салық есептілігін үхынбау, сонымен
қатар салық төлеушінің мониторингін
өткізу үшін құжаттарды ұсынбау;
3) салық салу, объектілерін көрсетпеу;
4)салық салу объектілерін, табыстары мен
шығыстарын есепке алу ережелерін бұзу;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҰЙЫМДЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНДАРЫ
Шаруашылық субъектілерінің ағымдық қаржы қызметін ұйымдастыруды тереңірек зерттеп теориялық және әдістемелік негіздері туралы мағлұмат алып,оны зерделеп, оларға талдау жүргізудегі дағдыларды қалыптастыру
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ТУРАЛЫ
Кәсіпкерлік ұйымдарды кайта igvpy мен сауыңтыру
САУДА КАПИТАЛЫ, САУДА ПАЙДАСЫ ЖӘНЕ АЙНАЛЫМ ШЫҒЫНДАРЫ ТЕОРИЯСЫ
КӘСШКЕРЛІК ҚҰПИЯ ЖӘНЕ ОНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі
БАСКАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
КӘСШКЕРЛІК МӘДЕНИЕТ ПЕН ЭТИКА
Шағын және орта бизнестің даму мәселелері
Пәндер