КИІЗ ҮЙ – Орталық және Орта Азияны қоныстанған мал өсірушілердің негізгі баспанасы


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КИІЗ ҮЙ

Киіз үй негізінен: Кереге, Уық, Шаңырақ,

Сықырлауықтан тұрады.

КЕРЕГЕ киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды. Керегенің әр ағашын желі, ал керегелік желінің ең ұзынын - ерісі, қысқалауын - балашық, ең қысқасын сағанақ деп атайды. Бір керегеде 14 ерісі, 9 балашық, 9 сағанақ болады. Керегенің көктеліп біткен әр бөлігін қанат деп атайды. Қанат саны үй көлеміне қарай көбейе береді (екі- үш қанаттан бастап отыз қанатқа дейін) . Қазіргі жасалып жүрген киіз үйдің кереге желісінің ерісі 2 м, балашығы 1 м 80 см (ең ұзыны), сағанағының ең кішісі 30 см. Кереге желісінің айқасып көктелген, уық байлайтын жері керегенің басы деп аталады. Киіз үйдің үлкен- кішілігі осы кереге басының санына байланйсты. Кереге жасалу технологиясына қарай желкөз, торкөз кереге болып бөлінеді. Желкөз кереге 11, 13, 15 көкті, 75, 80, 90 басты, төркөз кереге 17, 19, 21 көкті, 95, 110, 120 басты болып келеді. Керегенің бас санына қарай уық саны да азайып, көбейіп отырады. Желкөз керегенің козі үлкен, арасында бір желі көктелмей азат қалдырылады. Мұндай кереге жазылғыш келеді. Торкөз керегенің көзі тар, жұдырық симайтын болады. Кереге желісін көктегенде азат қалдырмайды. Мұндай кереге аса көп жазылмайды, тұтынуға төзімді.

УЫҚ - кереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан (сыр талынан) жасалады. Уықтын кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтыңиіні дейді. Уықтың жоғарғы түзү жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын

жағын тесіп, бау өткізеді, оны уық бау (балақ бау) деп атайды. Қазіргі үйлер уықтарының ұзындығы

2 м- 2м 20 см.

ШАҢЫРАҚ- киіз үйдің еңсесін құрап, тұтастырып тұратын күмбез. Шаңырақтың шеңбері - 3 - 5 м шамасында. Оны көбінесе тораңғыдан, сом қайыңнан иіп қиюластырады, қоспаларын жалтырауық металмен құрсаулайды. Шаңырақтың дөңгелек шеңберін тоғын дейді. Оған уық сұғатын төрт қырлы көз- қаламдықтар теседі. Шаңырақ тоғының үстінен түндікті көтеріп тұру үшін және киіз үйдің төбесіне жауын- шашын іркелмеуі үшін 45 градус шамасында айқастыра бекітілген ағаштарды күлдіреуіш деп атайды. Күлдіреуіш арқылы үйге жарық түседі, түтін шығады.

СЫҚЫРЛАУЫҚ (жарма есік) кереге шеңберін тұйықтап, киіз үйге кіріп- шығатын есік қызметін атқарады. Ол табалдырық пен маңдайшадан, қос босағадан және жарма беттен құралады. Қос босаға мен маңдайша ауқымды келетін ұласымды өрнектермен оймышталып, есік беті нәзік өрнекті, бедерлі сүйекпен немесе металмен қапталады.

Киіз үйдің сыртқы әбзелдері күн сәүлесін және тамшы өткізбеу, жылу сақтау қызметтерін атқарады.

Оларды пісірілген шаңқан киізден пішіп, ою өрнектермен безендіреді. Пішілген киізді таңдай өрнекті жіппен жиектеу, дөдегеге мақпал немесе шұғадан ою - өрнек бастыру киіз үйге салтанатты сипат береді.

ТУЫРЛЫҚ керегенің іргесінен уықтың ортасына дейінгі жерді, ҮЗІК кереге басынан шаңырақ шеңберіне ейінгі аралықты, ТҮНДІК шаңырақты, КИІЗ ЕСІК сықырлауықты жауып тұрады. Киіз есіктің сырты киіз, ортасы ши, астары жарғақ теріден жасалады. Шиыршықтап түріп қоюға ыңғайлы.

Киіз үйдің сүйегін бір - бірімен ұстастыу, сыртқы әбзелдерін бастырып тұру мақсатында бау - құрлар қолданылады. ТАҢҒЫШ - екі керегенің сағанағын (жігін) кіріктіріп таңатын өрнекті жіңішке құр. БАС АРҚАН - керегенің басын сыртынан бастыра орап таңатын қыл арқан. БЕЛДЕУ - туырлықтың керегеге тығыз жатуы және оны жел көтеріп кетпеуі үшін сыртынан бастырып буатын қыл арқан. ШАЛМА - уықтарды ығып кетпеуі үшін шалмалап байлайтын құр. Уық шалғыш, иық бау депте атайды. ЖЕЛБАУ - өрнекті, төгілме шашқты құр, шаңыраққа үш жерден байланып, керегеге асылады, киіз үйге сәндік - жихаздық сипат береді. Оның негізгі міндеті - дауыл кезінде шаңырақты салмамен басып тұру. БАСҚҰР - киіз үйдің ішін безендіру үшін әрі туырлықтың кереге басына үйкелмеуі үшін уық пен керегенің түйіскен жерін сыртынан бастырып таңатын өрнекті жалпақ құр. ТУЫРЛЫҚ БАУ - туырлықты ұстап тұратын әрі әсемдік үшін түр салынған жалпақ терме бау. ҮЗІК БАУ - үзіктің екі жиегінен екі немесе үш жерден тағылған, уықтың үстінен айқастыра тартып керегеге байлайтын жалпақ терме бау. БАҚАН - бір ұшын (жоғарғы) екі аша етіп жасаған ұзын сырық. Әдетте майыспайтын, мықты, түзу ағаштан жасайды. Ол киіз үйді тіккен кезде шаңырақты көтеріп тұруға арналған. Уық қаламын шаңырақ қаламдығына енгізіп, екінші төменгі ұшын керегенің басына қосып байлаған кезде қолданылады. Ертедеде бай - манаптардың керегесі биік, уығы ұзын үйлерінің шаңырағын қарулы жігіттер ат үстінде тұрып бақанмен көтерген. Кереге мен туырлық арасынан айналдыра тұтылатын ШИЛЕР туырлықты кереге көгінің жыртуынан қорғап, киіз үйдің сырт пішінін жұмырлай түседі. Алуан түрге боялған қой жүнін орау арқылы тоқылған шиді ШЫМ ШИ деп атайды. Ши кейде туырлықтың сыртынан да ұсталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уық - кереге мен шаңырақты жалғастырып, киіз үйдің төбесін құрайтын сырық ағаштар
Қолөнер
Қазақ киіз үйі
Үйсіндер.Қаңлылар.Ғұндар
Ұлы Жібек жолының халықаралық қарым-қатынасты дамытудағы тарихи маңызы
Қазақстандағы қыстаулар мен елді мекендер тарихнамасы
Судың жұғу қасиеті ағашқа зиян
Көшпенділік қоғамның генезисі мен эвалюциясы
Ежелгі адамдар, олардың дамуы, археология
Орта ғасырдағы қала мен дала
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz