КІШІ КӘСІПОРЫНДАРҒА ЛИЗИНГ БЕРУ ЖОЛДАРЫ


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

КІШІ КӘСІПОРЫНДАРҒА ЛИЗИНГ БЕРУ ЖОЛДАРЫ

Бүгінгі таңда банк қызметтерін жетілдіру, банк жүйесінің даму жолдарын анықтау еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік өмірінің басты назарында. Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастар жолына түсуі оның жалпы әлемдік тенденция спекторында дамуын анықтайды.

Бәрімізге белгілі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда - экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады. Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал - жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Себебі көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал - жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді. Осы жағдайларда негігі құрал - жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырдың және инвестицияның ерекше формасы лизинг болып табылады.

Бүгінгі таңда Қазақстандық өндірушілердің өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлер бойынша өте артта қалуда, өндірісте 70 - 90% тозған құрылғылар пайдалануда.

Қазіргі кезде біздің еліміздің өнірушілері қиын жағдайларды бастан кешіруде. өндірілген өнімлдердің бәсекелестік қабілеттілігінің төмен болуына байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қажылық жағдайыларының тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін мүмкіншіліктері жоқ. Міне, осынадй жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық нарықты көшейтудің сенімді құралдардың бірі болып табылады.

Лизинг жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективті қаржылық құрал. Көптеген қазақстандық кәсіпкерлер үшін нәлемдік нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер осы лизинг арқылы шешілуі мүмкін. Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге келісім - шарт бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде анықталады.

Біздің елімізде 2000 жылы шілде айында қабылданған «Қаржылық лизинг туралы» Заңға сәйкес лизингтік келісімге қатысушы тұлғаларға наықтамалар берілген. Яғни, лизингтік келісімге қатысушылар ретінде лизинг беруші, лизингке алушы және лизингке берілетін мүлікті сатушы ретінде көрінетін жеке кәсіпкерлік қызметпен айналысы\атын жеке және заңды тұлғалар болып табылады.

Лизингке беруші - бұл өзіндік және сырттан тартылған қаражаттар есебінен лизингке берілетін мүлікті өз меншігіне сатып алатын және оны лизингтік келісім шарт негізінде лизинкке алушыға беретін лизинктік келісімнің қатысушысы.

Лизингке алушы - лизингтік келісім шарт негізінде кәсіпкерлік мақсат үшін лизингке берілетін мүлікті қабылдайтын лизингтік келісімге қатысушы тұлға.

Лизингке беруші лизингке алушыға негізгі капитал элементтерін келісім шартта көрсетілген мерзімге және белгілі бір төлемақы мен бере отырып, шын мәнінде несиелік келісімге тән мерзімділік, қайтарымдылық, төлемділік қағидаларын іске асырады. Бірақ, басқа жағынан алып қарағанда лизингке беруші де лизингке алушы да ақшалай емес, яғни өндірістік формадағы капиталмен жұмыс істейді. Бұл жағдай лизингті инвестиция түсінігімен жақындастырады және лизингтің хзалықшаруашылықтық мәнін жоғарлатады.

Лизинг объектісі болып нарықта еркін айналуға тиым салынған негізгі құралдардың жіктелуінен жататын кезкелген жылжымалы және жылжымайтын мүліктер болып табылады. Қазақстанда бүгінгі күні шетелдегідей лизингтік келісім шартты жүзеге асыру кезінде лизинг берушілер болып өздерінің еншілес компанялары арқылы екінші деңгейлі банктер мен тәуелсіз лизингтік компаиялар табылады.

«Қаржылық лизинг туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын кез келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім шарттың негізі болып саналады.

Кез келген лизингтік келісімнің негізі қаржылық, нақты айтқанда несиелік опреция болып табылады. Мүлік иесі (лизинг беруші) оны пайдаланушыға қаржылық қызмет көрсетеді. Осы тұрғыдан алып қарағанда лизингтік экономикалық мәні - ол мүлікті уақытша пайдалануға беру формасындағы лизинг берушінің лизинг алушыға берген несиесі. Сонымен, лизинг сыртқы тұрғысынан коммерциялық несиемен өте ұқсас, бірақ екеуінің арасында өзгешеліктер бар. Бұл өзгешілік ең алдымен меншік қатынастарынан көрінеді. Коммерциялық несие кезінде тауарға деген меншік құқығы бірден беріледі. Тауарға төлем жүргізу уақыты кейінге шегіндірледі. Қаржылық лизингтік келісім кезінде мүлікті пайдалану құқығы оны иелену құқығынан алшақтандырлады, яғни уақытша пайдалануға берілген меншік құқығы лизинкке берушіде сақталынады, ал оны пайдалану құқығы лизингке алушыға өтеді. Пайдалану құқығын иелену үшін лизинг алушы лизинг берушіге алдын ала келісілген лизингтік төлемдер төлейді. Лизингтік келісім шар мерзімі аяқталғаннан кейін уақытша пайдалануға берілген объект лизинг берушінің меншігінде қалады.

Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі. Келісім шарт мерзімі аяқталғаннан кеін келісім объектісі лизинг берушіге заттай формада қайтарылады.

Лизинг объектісін саушылар үшін оның артықшылықтарын мыналардан көреміз:

  • Лизингтің көмегімен сату каналын ұлғайту мүмкіндіктері;
  • Лизинг - тұтынушы мен сатып алушы үшін бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыз ететін тәсілдердің бірі;
  • Дайын өнімдер запасын азайту жолы және капиталдың айналымдылығын жылдамдату мүмкіндігі;
  • Лизинг арқылы өндіріске инвестор ретінде ақаша қаражаттарын салу арқылы лизингтік бизнеске қатысушылар үшін де лизингтік операциялардың артықшылықтары бар;
  • Лизинг берушілердің тәуекелділіктері төмен;
  • Өндіріс салаларына мемелкеттік қолдау болған жағдайда отандық бюджет қаражаттарын тарту;
  • Көрсеткен қызметтері үшін белгілі мөлшерде пайда ала алады.

Лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдерді есептеу әдістеріне және оның графиктеріне өте көп көңіл бөледі. Лизингтік келісім шартын бекіту кезінде оған қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдердің жалпы сомасын, кейбір төлемдерді есептеу формаларымен әдістерін, оларды төлеу кезеңділігі және тәсіледрін анықтайды. Лизингтік төлемдер - лизингке берушінің мүліктерді сатып алуға кеткен қаржылық шығындарын қайтаратын және белгілі бір сомада пайда алуға мүмкіндік беретін механизм болып табылады. Осыған байланысты лизингтік төлемдердің жалпы сомасынан төмендегілер кіреді: келісім шарттың барлық мерзімінде лизингтік мүліктің толық немесе соған жақын құнын қайтаратын сома; лизингке берушіге комиссиондық сыйақы; лизингке берушінің көрсеткен қызметтері үшін төленетін сомма (лизингтік мүлікті сақтандыру және т. б. ) ; лизингтік келісім шартта көрсетілген т. б. шығындар, мысалы мандарды оқыту, лизингтік мүлікке техникалық қызмет көрсету, оған күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу және т. б.

Қазақстандағы лизингтің құрылыу тәртібін үш кезеңге бөлуге болады: кәсіпкерлік пен жеке меншік институтарының құрылуы, жекелеген салаларда лизингтің іс жүзінде қолданылуы және Республика парламентімен қабылданған нормативтік құқықтық актілер. Осылайша Қазақстанда бірнеше лизингтік компаниялар («ҚазАроФинанс»), 10 жуық лизингтік компаниялар (Алянс лизинг, халық лизинг, АТФ Лизинг, БТА лизинг, темір лизинг және т. б. ) жұмыс істейді және лизингтік қызмет нарығын демонопализациялайтын жаңа компаниялар құруға қызығушылық байқалып отыр. ТМД лизинг конференциясының әріптесі мен құрушысының бірі болған «Казахстанский Лизинг» Ассоциясы құрылды және жұмыс істейді. Осы қаржылық институттардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай лизинг мемлекет эконмикасын дамыту үшін қаржылық құрал болып келеді, себебі жалға алу, сатып алу - сату мен несиеге қарағанда артықшылықтары бар. Бұған лизинг схемасы арқылы техника мен жабдықтарды сатып алу артықшылықтарының салыстырмалы кестесі дәлел бола алады. Мысал ретінде 3 жыл мерзімді және келісім шарттың минималды сомасын (Алянс Лизингте) 1 дол. Алайық.

3 кесте - Лизинг схемасы арқылы жабдықтар мен техниканы алудың салыстырмалы артықшылықтар кестесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту бағыттары
Қазақстана шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
Инвестициялық қолдау мен оның салаларын дамыту
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ ПРОЦЕДУРАЛАРЫ
Шағын бизнес шағын кредит беру бағдарламасы
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу
Несие. Несиенің мәнін
Коммерциялық банктердің активтерінің теориялық негіздері
Факторинг шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz