Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық
диагностикасы
Түркістан 2011
№1 Практикалық (семинарлық)сабақтың тақырыбы: Мектептің оқу-тәрбие
үдерісіндегі педагогикалық диагностика.
1. Сабақ жоспары:
1. Қазіргі кездегі педагогикалық диагностика.
2. Педагогикалық диагностиканың ерекшеліктері, функциялары
2. Мақсаты: Тұлғаның жеке даму үдерісіне тоқталу, мектепке дейінгі,
кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасына психологиялық-педагогикалық
сипаттама жасау.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Ұстаз еңбегі психологиялық-педагогикалық тұрғыдан ғана емес, мұғалімнің
әдістемелік даярлығын да тұрақты жетілдіруді талап етеді. Іс-әрекет
нәтижесіне сәйкес қойылған мақсат мұғалімнің педагогикалық үдеріс жағдайы
жайындағы ақпараттарды игеру дәрежесіне тікелей тәуелді болады. Міне,
осыдан келіп педагогикалық үдерістің өту барысы мен кезеңдер нәтижелері әрі
қорытынды көрсеткіштері туралы ақпарат алу мақсатында мұғалімде мектептің
(сыныптың) педагогикалық үдерісін диагностикалау білімі мен дағдысы
қажеттігі туындайды.
Диагноз грек тілінен аударғанда танып білуді білдіреді (бұл ғылымға
ортақ термин)
Педагогикалық диагностика дегеніміз сипаттама үшін аса қажет білім мен іс-
әрекеттің
жиынтығы және педагогикалық үдеріс жағдайы себеп-салдарын анықтау,
мақсаттар арасындағы қарама-қайшылықты және педагог-оқушы жүйесі
мүмкіндіктерін айқындау.
Қорытындылау:
Педагогикалық диагностика іс-әрекет нысаны және мұғалімді басқару
ұстанымын қарастырып келеді. Қазіргі педагогика ғылымында мұғалімнің іс-
әрекет нысаны педагогикалық үдеріс деп мойындалған.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Пәннің мақсаты
2. Пәннің міндеті
3. Пәннің объектісі.
4. Педагогикалық диагностиканы қолдану кезеңдері.
5. Аудиториядағы тапсырманы орындау тәртібі:
- жаңа тақырыпты талқылау
- семинар сұрақтарын талқылау
- педагогикалық сөздікпен жұмыс
- Эссе жазу
- үй тапсырмасы
6. Студенттің аудиторияда орындайтын тапсырмалары:
- сұрақ-жауапқа қатысу
- семинар тапсырмаларын талқылау
- педагогикалық сөздікпен жұмыс
- эссе
7. Үй тапсырмасы: Мектептің оқу-тәрбие үдерісіндегі педагогикалық
диагностика маңызы тақырыбында эссе жазу және қорғау. Жаңа термин сөздердің
анықтамасын жазу және жаттау.
№2 Практикалық (семинарлық)сабақтың тақырыбы: Педагогикалық
құбылыстарды зерттеудің жалпы принциптері.
1. Сабақ жоспары:
1. Принциптердің негізгі мәні мен мазмұны.
2. Педагогикалық диагностиканың деңгейлері.
Практикалық сабақ мақсаты: Педагогикалық құбылыстарды диагностикалық
зерттеудің негізгі принциптерінің мәні мен мазмұнын анықтау. Педагогикалық
диагностиканың деңгейлері туралы мағлұмат.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер: Сабақ ұжымдық тренинг түрінде өтеді.
1-топ: топтың аты –Ізденіс.
Топтың ұраны: Іздеген жетер мұратқа.
2-топ:Топтың аты-Шапағат.
Топтың ұраны: Ұлыдан ұлағат, данадан-шапағат.
Топ мүшелері бір-біріне алдын-ала дайындалған тапсырмаларын береді.
1-ші тапсырма
Педагогикалық диагностиканың функциялары?
2-ші тапсырма
Стратегиялық-хабарлама функциясының мәні?
3-ші тапсырма
Коррекциялық диагностиканың мәні неде?
4-ші тапсырма
Болжау диагностикасы немен шұғылданады?
Жауаптары:
Педагогикалық диагностиканың көптеген функцияларының ішінде алдыңғы
қатарға шығатындары: стратегиялық-хабарлама, тактикалық түзетулер, болжау
функциялары.
Стратегиялық-хабарлама функциясы педагогикалық басшылықтың оқу-тәрбие
үдерісінде балалар туралы білімнің педагогикалық үдерістің жүргізілуінің
диагностикалық қамтылуын зерттейді. Стратегиялық диагностика әр баланың
психикалық жеке тұлға ретінде дамуы туралы хабарлама береді.
Коррекциялық диагностика педагогикалық үдерістің жүргізілуін,
хабарлармен толықтырылуын қамтамасыз етеді.
Болжау диагностикасы педагогикалық және оқушылар ұжымының дамуының
ерекшеліктерін анықтаумен шұғылданады.
Екі топтың берген жауаптарын зерделеу үшін сарапшыларға сөз беріледі.
Сабақта белсенді қатысқан топ білімгерлеріне жоғары ұпайлар беріледі.
Сабақтың қорытынды бөлімінде пән оқытушысы бүгінгі тақырып жөнінде өз
ойын білдіріп, сабақты аяқтады.
4. Бақылау сұрақтары.
1. Педагогикалық диагностиканың функциялары?
2. Стратегиялық-хабарлама функциясының мәні?
3. Коррекциялық диагностиканың мәні неде?
4. Болжау диагностикасы немен шұғылданады?

7. Үй тапсырмасы: Педагогикалық құбылыстарды зерттеудің жалпы
принциптері. Жаңа сөздермен жұмыс.
№3 Практикалық (семинарлық)сабақтың тақырыбы: Ғылыми және практикалық
психодиагностиканың міндеттері.
1. Сабақ жоспары:
1. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың міндеттері.
2. Ғылыми жұмыстарда диагностикалық деректерді дайындау әдістемесі және
ұсыну.

Сабақ диспут түрінде өтеді.
Қойылатын сұрақтар:
- ғылыми психодиагностиканың шешетін міндеттері;
- практикалық психодиагностиканың міндеттері;
- педагогикалық диагностиканы жүргізетін педагогқа қойылатын талаптар.
Ғылыми және практикалық психодиагностика бірнеше міндеттерді шешеді:
1. Адамдағы психологиялық қасиет пен мінез-құлық ерекшеліктерінің
қалыптасуын;
2. Берілген қасиеттің даму деңгейін анықтау;
3. Адамның психологиялық ерекшеліктерін диагностикалық тұрғыдан
сипаттау.
4. Әр түрлі адамдардағы зерттелетін қасиеттердің даму деңгейлерін
салыстыру.
Барлық аталып өтілген міндеттер психодиагностикада жеке-жеке немесе
бәрі бірігіп шешіледі. Ол жүргізілетін зерттеулердің мақсатына қарай
болады. Психолоиялық-педагогикалық диагностика кәсіптік қызметтің арнайы
дайындықты қажет ететін күрделі еңбегінің түрі. Психологиялық-педагогикалық
диагностиканы жүргізетін педагог бірнеше талаптарды орындауы керек;
1. Өзгелердің сеніміне кіру және жауаптарында шындықты талап ету.
2. Психологиялық-педагогикалық әдістемесін және оның дұрыс
қолданылу шарттарын түпкілікті меңгеру.
3. Психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістері сенімділік,
біржақтылық, нақтылық.
4. Таңдап алған әдістеме қарапайым болу керек.
5. Әдістеме түсінікті және ол тек зерттеушіге ғана емес,
зерттелушіге де күш түсірмеуі керек.
6. Әдістемеге қойылатын нұсқаулар қысқа әрі қарапайым, қосымша
түсініктерді қажет етпейтін болуы керек.
7. Психологиялық-педагогикалық диагностика жүргізіліп жатқанда
оған кедергі келтіретін бөгде адамдар немесе музыка үні, бөтен дауыстар
болмауы тиіс.

1. Ғылыми психодиагностиканың шешетін міндеттері;
2. Практикалық психодиагностиканың міндеттері;
3. Диагностиканың түрлі ерекшелігі.
5. Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

7. Үй тапсырмасы: Ғылыми және практикалық психодиагностиканың міндеттері
жөнінде баяндама жасау
№4 Практикалық (семинарлық)сабақтың тақырыбы: Оқушының жалпы және
әлеуметтік даму деңгейлерінің диагностикасы.
1. Практикалық сабақ жоспары:
1. Кіші мектеп жасындағы оқушының әлеуметтік дамуы.
2. Оқушының тәрбиелігі, оның мәні және сипаттамасы.
2. Практикалық сабақ мақсаты: Оқушының әлеуметтік дамуы туралы жалпы
түсінік. Оқушылардың тәрбиелігі, оның мәні және сипаттамасына тоқталу. .
3.Қысқаша теориялық мәліметтер:
Сабақ пікірталас түрінде өтеді.
Пікірталас тудыратын мәселелер:
- оқушылар бірлестігінде дамитын балалардың қасиеттері;
- мектепке баруға дайындық барысында көрінетін бала бойындағы
ерекшеліктер;
- психологтар сипаттайтын құбылыстардың жеке тұлғалық мәнісі;
Ұжымдағы балалардың бойында әлеуметтік әділеттілікті сақтау, келісімге
келу, азаматтық ізгілік, жауапкершілік, өз ықтиярымен іс атқаруға даярлығы
тәрізді сипаттар қаланады. Мектеп ұжымының әр мүшесі өзін әлеуметтік өмірді
жетілдіруге тиістімін деп сезінуі қажет. Ұжым мүшелері әрқайсының отбасы
туралы, оның мұқтаждары мен қатынастары, істері жайлы біліп, бір-біріне
моральдық көмек көрсетеді.
Баланың мектепке дайындығының педагогикалық-психологиялық
диагностикалық жүйесіне мыналар жатады:
1. Қоршаған ортадағы баланың жалпы көзқарасы.
2. Баланың мектептегі оқуға деген көзқарасы.
3. Ынта-жігері.
4. Есте сақтау қабілеті.
5. Ойлау жүйесі.
6. Сөйлеу тілі.
7. Көркем суретке деген қабілеті.
8. Еңбекке деген іскерлік дағдылар.
9. Табысқа жету әрекеттері.
10. Жеке тұлға қабілеттері.
11. Жеке тұлғалық қатынастар.
Топ білімгерлері сұрақтарға байланысты өз пікірлерін білдіреді.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Қоршаған ортадағы баланың жалпы көзқарасын анықтау.
2. Баланың мектептегі оқуға деген көзқарасның ерекшелігі.
3. Баланың қабылдау жүйесі.

7. Үй тапсырмасы: Оқушының жалпы және әлеуметтік даму деңгейлерінің
диагностикасын жасау. Педагогикалық сөздікпен жұмыс.
№5 практикалық сабақ тақырыбы. Мұғалімнің кәсіби-бағдарлау жұмысындағы
педагогикалық диагностика.
1. Практикалық сабақ жоспары:
1. Баланың психологиялық дамуы туралы түсінік.
2. Оқушының жеке психологиялық дамуында тұқым қуалаушылық пен табиғи
нышандардың ролі.
2. Практикалық сабақ мақсаты: Оқушының жеке психологиялық дамуында тұқым
қуалаушылық пен табиғи нышандардың ролі туралы мағлұмат. Оқушыларды
кәсіптік бағдарлау жағдайындағы педагогикалық диагностиканың ролі.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Сабақ түрі: Дөңгелек үстел басында
Тәрбие – орта сияқты адамға сырттан әсер ететін факторлардың бірі.
Тәрбие-жеке адамның қалыптасуында мақсатты және ұйымдасқан үрдіс. Баланың
жек басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін негізгі факторлардың (тұқым
қуалаушылық, орта,тәрбие)біршама ықпалын талдап, салыстыру нәтижесінде
тәрбиенің ең күшті де жан-жақты әсер ететін негізгі факторлары екендігін
көрсетеді.
Тәрбие баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап отырады:
-белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады;
-ортадағы жағдайлардың дамуына қажетті материалдарды іріктейді;
-жеке тұлғаның дамуына теріс зиянды әсер қалдыратын жағымсыз
ықпалдардан аластайды.
Тұқым қуалау мен ортаның ықпалын тәрбие айқындай түседі. Тәрбие –
қоғамға жан-жақты дамыған жеке тұлғаны беруге қабілетті негізгі күш.
Педагогикалық биогенетикалық бағыттағы ғалымдар тұқым қуалаудың биологиялық
фактор ықпалын негізгі шешуші фактор деп бағаласа, социогенетикалық
бағыттың жақтаушылары бірінші орынға ортаның ролін қояды.
Белгілі психолог С.Л:Рубинштейн: Тәрбие дамуды бағыттап отырады. Ол
жеке тұлғаны қалыптастыруда негізгі күш болып табылады,-деді.
Сабақты оқытушы қорытындылайды.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Адам тәрбиесіне әсер етуші факторлар.
2. Оларға сипаттама.
3. Тұқым қуалау мен ортаның ықпалын талдау.
4. Баланың психологиялық дамуы

7. Үй тапсырмасы: Мұғалімнің кәсіби-бағдарлау жұмысындағы педагогикалық
диагностика.(конспекті). Педагогикалық сөздікпен жұмыс.
№6 Практикалық сабақ тақырыбы. Педагогикадағы тұлға дамуына
байланысты проблемалар
1. Практикалық сабақ жоспары:
1. Іс-əрекет жəне тұлға дамуы.
2. Даму диагностикасы.
2. Практикалық сабақ мақсаты: Іс-əрекет жəне тұлға дамуы жайында
түсініктер қалыптастыру. Оқушыларды кәсіптік бағдарлау жағдайындағы
педагогикалық диагностиканың ролі.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер:
Дөңгелек үстел басында
Дамуға нəсілдіктің, қоршаған ортаның жəне тəрбиенің ықпалына қосымша əсер
ететін аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі – бұл тұлға іс-əрекеті. Іс-
əрекет ұғымы қандай да жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-
қозғалыстарының бəрін аңдатады.
Тарих тұңғиығынан іс-əрекет бабында небір дана бақылаулар бізге дейін
жеткен: балаңның немен жəне қалай шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам
болып жетілетінін айтып беремін; қаңғыбас болғанның ешқайсысы да,
дегеніне жете алмаған; қанша тер төксең – сонша емерсің, адам өз
бақытының ұстасы; ерте тұрғанның ырысы артық; еңбегіне қарай – сый-
сияпаты; өнерлінің қолы гүл т.б. Даму нəтижелері мен іс-əрекет
қарқындылығы арасында тікелей байланыс болатыны айдан анық. Бұдан даму
үдерісінің жəне бір жалпы заңдылығы ашылады: оқушы неғұрлым белгілі салада
көбірек іс-əрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары
келеді. Əлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол
жағдай əрбір адамның қабілеттеріне, жасына, іс-əрекеттің өзінің
қарқындылығы мен ұйымдасуына тəуелді келеді.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп
жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады.
Таңдалған іс-əрекет көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі
үшін оны қажетті деңгейде ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет.
Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс. Өкінішке орай, көп жағдайларда осы
күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде тəрбиеленушілер ең қажетті
болған жағдаяттарға – қоғамдық, еңбек, таным əрекеттеріне белсенді араласа
алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан ары өте
алмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын,
оқу, еңбек. Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем
өнерлік, техникалық, кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады.
Барлық жастағы оқушылардың іс-əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу
(ортақтасу).
Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне енжар (пассив) болуы
мүмкін. Тіпті, құрттай ғана сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып
көрінгенді қалайды. Ол жасына қарамай үлкендерге, қатарына қандай да
талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға
өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған орта жəне
тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі
де ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз,
көңілі құламай, орындалуы қалай болса, солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-
əрекет адамды жоғары нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-
əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған
ісіне жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар мүмкіндіктердің бəрін іске
жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет. Мұндай
қызмет адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады.
Сондықтан да, іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол
əрекетте көрінетін тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Белсенділік оқу барысында шəкіртке тезірек жəне табысты əлеуметтік
тəжірибе топтауға мүмкіндік береді. Оның қарым-қатынас, тілдесу
қабілеттерін дамытады, қоршаған болмысқа деген көзқарасын қалыптастырады.
Баланың ақыл-парасатты дамуын танымдық белсенділік қамтамасыз етеді. Бұл
үшін балаға танымдық мəселелерді шешуімен бірге игерілген білімдерді
практикада қолдану қажеттігі де тəн болуы тиіс. Себебі еңбектегі
белсенділік тұлғаны өзінің рухани жəне адамгершілік дүниесін тез арада жəне
тиімді қалыптастыруға ынталандырады, оны көп жəне нəтижелі еңбектенуге
бағыттайды.
Белсенділіктің барша көріністерінің негізінде бір ғана тұрақты дерек көзі-
қажеттік орын алған. Адам қажеттіктерінің көп түрлілігі оларды
қанағаттандыру үшін қолданылатын іс-əрекеттердің де сан қилылығын
туындатады. Өсіп келе жатқан адамға белсенділіктің пайдалы бағыттарын
көрсетіп, алдамшы қырларын мейлінше бəсеңсіту – педагогтар үшін тұрақты да
жəне өте күрделі де міндет. Күрделілігі – адамның жеделдете кемелденуі
дəуірінде іс-əрекет қажеттері мен сеп- түрткілері (мотивтері) өте
қозғалмалы жəне ауыспалы келеді. Сондықтан, əртүрлі жас сатыларында іс-
əрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жалпы мектептік тəрбиенің өзгерістер
ізімен үлгере орындалуы өте қиын, солай да бола, əрқандай тəрбиелік іс
мезетінен бір де кешікпей жүргізіліп, келеңсіз салдардың алдын алып отыруы
қажет.
Əрбір адамның өзіндік белсенділігі оның қабілеттері мен дарынының дамуы
жəне табыстарға жетуінің міндетті кепілі. Оқушы тəрбиесімен қандай да бір
ғажайып тəрбиеші шұғылданбасын, оқушының өз əрекет-ықыласы болмаса,
ешқандай нəтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинскийдің пікірінше, бала өзі оқуы
тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру,
оның оқу үдерісін басқару. Осыдан, дұрыс қойылған тəрбиеде оқушы
педагогикалық ықпалдың тек объекті ғана емес, ол сонымен бірге өз тəрбиесін
белсенді өз қолына алған-субъект.
Іс-əрекет сияқты тұлға белсенділігі де таңдамалы сипатқа ие. Тұлғаның
дамуы кез-келген əсерден болмайды, солардың ішінде адамның өз қажетіне сай
келген, оның тұлғасына жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке
көзқарастарына сəйкес ықпал болса ғана, бала дамуы қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де.
Қоғамдық белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан
адамдардың бəріне бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы
тəрбие əрдайым өз мақсатына жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан
өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті белсенділіктің қай түрін де
қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет мүмкіндігін
ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен
қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның
болмысындағы табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып
салу-əрбір тұлғаның даму үдерісін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың
өз ар-намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы дамуының маңызды
жағдаяттарының бірі – оның меншікті өз əрекет – қызметі. Мұғалім қаншама
жақсы бола берсін, өз үстінде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете
алмайды. Əрқандай іс-əрекет оқушы ықылысымен орындалып, шартты түрде
белсенді болуы қажет. Орындаған ісінен шəкірт лəззат жəне қанағат табуы
лəзім. Белсенді іс ешқашан шаршатпайды.
Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты жетістіктерді
дер уақытында зерттеп тұру қажеттігі күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда.
Бұл қажеттік тұлғаның қалыптасу үдерісін тиімді басқару үшін, ондағы жүріп
жатқан өзгерістердің тереңдігін, қарқыны мен ерекшеліктерін білу
керектігінен туындаған. К.Д.Ушинский : Егер педагогика адамды барша
тараптан тəрбиелегісі келсе, онда ол сол адамды ең алдымен жан-жақты білуі
шарт -деп өз уақытында диагностиканың нақты оқу тəрбие үдерісіндегі
маңызын баса көрсеткен.
Диагностика (грек сөзі: диа – ашық, айқын жəне гнозис - білу) –
зерттелуші объект немесе үдеріс жөніндегі ақпараттарды күні ілгері алудың
жалпы тəсілі. Педагогикалық даму саласындағы диагностиканың мəн-мағынасы,
медицинадағы сырқатты күні бұрын анықтаумен бірдей. Диагностика жолымен
тəрбие үдерісіндегі қандай да өзгерістердің белгілері мен себептері, оның
сипаты анықталып, ол тəрбиені болашақта дұрыс жолға келтірудің жоспарына
негіз береді. Дұрыс орындалмаған диагностика барлық еңбекті зая етіп,
алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергісін азайтпақ түгіл, оны асқындырып
жібереді. Сондықтан да, даму желісін диагностикалау жоғары мамандық пен
жауапкершілікті талап ететін өте маңызды практикалық іс.
Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау қиындық тудырмайды. Бұл үшін
бүкіл дүниежүзінде жалпы жəне айрықша сапалардың даму дəрежесін өлшестіруші
ерекше тестер (нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берілген тапсырманы
орындауына қарай оқушының қажетті деңгейге, тəн-дене дамуындағы нақты
өлшемдерге сəйкестігі анықталады. Алынған деректер жас мүмкіндіктермен
салыстырылады.
Рухани, əлеуметтік дамуды диагностикалау үлкен қиындық тудырады. Бұл
мақсатта қолданылатын əдістемелер əзірше күрделі, қорытынды дəлдігін
қамтамасыз ете бермейді. Диагноз анықтаудың сенімділігін көтеруге орай
комплексті тексерістер, антропометриялық, əлеуметтік жəне психологиялық
деректер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшін арнайы жабдықталған
клиникалар мен зертханалар, дайындықты мамандар қажет. Нақты педагогикалық
практикада мектеп психологтары мен мұғалімдері тұлғаның жекеленген қасиет-
сапаларын анықтауы мүмкін, бірақ мұндай зерттеулердің нəтижесіне негіздеп,
даму құрылымдарына жалпы баға беріп болмайды.
Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктерді диагностикалаудың қарапайым
əдістерін үйреніп алу кəсіби педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты.
Мектеп мұғалімдерін аса қызықтыратын жəйттер – оқушылардың ақыл-ой
əрекеттерін, мінез-құлық сеп-түрткілерін, қажетсіну деңгейін, көңіл-күй
шабытын, əлеуметтік бітістер дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күні ілгері
байқастыру.
Сабақты оқытушы қорытындылайды.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Диагностика нені зерттейді.
2. Оқушының тəн-дене дамуын диагностикалау.
3. Оқушылардың дамуындағы кейбір ерекшеліктер.
4. Педагогикалық практикада оқушының даму деңгейіне байланысты
жетістіктер

7. Үй тапсырмасы: Педагогикадағы тұлға дамуына байланысты проблемаларды
айқындау. (конспектілеу). Педагогикалық сөздікпен жұмыс.
№7 практикалық сабақ тақырыбы: Мектептің оқу- тәрбие үдерісіндегі оқу
сапасын диагностикалау ерекшеліктері
1. Практикалық сабақ жоспары:
1. Оқуды қадағалау түрлері.
2. Оқу формалары жəне əдістері.
2. Практикалық сабақ мақсаты: Оқуды қадағалау түрлері, оқу формалары
жəне əдістері туралы мағлұматтар.
3. Қысқаша теориялық мәліметтер
Ұжымдық талдау.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім,
ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады.
Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне
дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар
жүйесі.
Мəн – мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс түзуді
қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі
мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді
қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын
екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының
сипаты мен сапасын байқастырады. Қадағалау нəтижесінде мұғалім өз оқу
жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық үдеріс
мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа
сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі
бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді
қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн
бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді.
Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс
қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Оқу үдерісіндегі қадағалау əртүрлі, көп формалы бола келіп, сан қилы
əдістермен атқарылады. Педагогикалық тəжірбиеде қадағалаудың бірнеше түрін
атауға болады: алдын-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды жəне
өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау - əдетте, диагностикалық міндеттерге орай
жүргізіледі. Ондағы мақсат – оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген
білім, ептілік, дағдыларының деңгей, дəрежесін анықтау. Бұл жұмыс жыл
басында не тақырыпты өту алдынан өткізіледі. Алдын-ала қадағалау
нəтижесінің негізінде мұғалім оқу жұмыстарының тиімді түрлері мен
формаларын таңдастырады.
Ағымдағы (күнделікті) қадағалау – оқу барысында ұйымдастырылып, білім,
ептілік жəне дағдылардың қалыптасу дəрежесін, сонымен бірге игерілген
материалдың қаншалықты терең жəне берік бекігенін анықтау үшін қолданылады.
Бұл қадағалаудың тиімділігі – оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен
олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек
көрсетуге мүмкіндік береді. Күнделікті қадағалаудың дұрыс жолға қойылуы
оқушылардың əр сабаққа мұқият əрі тыңғылықты дайындалып жүру
жауапкершілігін арттырады.
Мерзімді қадағалау – белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын
алуға пайдаланылады. Ол не тоқсан не жыл жартысы аяғында жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау – тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң
өткізіледі.
Қорытынды қадағалау – оқу үдерінің соңғы нəтижелерін жинақтау үшін
қолданылады. Ол пəн бойынша бүкіл білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін
қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау – тақырып, курс, бөлім өтіліп,
бірқанша уақыт озған соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылады. Мерзім үш
айдан жарты жылға дейін не одан көп созылуы мүмкін. Мұндай қадағалау оқу
үдерісінің тиімділігін соңғы нəтиже бойынша пайымдау талаптарына сəйкес
келеді.
Қадағалау əрқилы формада жүргізілуі мүмкін. Формалық жағынан мұндай жұмыс
жеке-дара, топтық жəне сыныптық болып бөлінеді. Қадағалау барысында əрқилы
əдістер де қолданылуы мүмкін. Қадағалау əдістері дегеніміз – бұл
оқушылардың оқу танымдық іс - əрекеттері мен мұғалімдер жұмыстарының
нəтижелілігін айқындауға жəрдемші жол, тəсілдер.
Педагогикалық практикада ауызша, жазбаша, тəжірибелік, компьютерлі
(машынды) қадағалау жəне өзіндік қадағалаулар қолданылуда.
Ауызша қадағалау – оқушыларға ауызекі сұрақ қоюмен орындалады. Ол
шəкірттердің білім, ептілік жəне дағдылар деңгейін айқындауға, сонымен
бірге оқушының материалды баяндау қисынымен танысуға, меңгерген білімдерін
үдерістер мен төңіректе болып жатқан оқиғаларды түсіндіре алу ептіліктерін
байқауға, өз пікірін білдіру мен дəйектеу жəне қателікті көзқарастарға
қарсы тұрып, дəлел келтіре алу ұқыптарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жазбаша қадағалау – жазба бақылау тапсырмаларын (жаттығулар, бақылау
жұмыстары, шығармалар, істелген жұмыстар бойынша есеп беру ж. т. б.)
орындау формасында жүргізіледі. Мұндай қадағалау əдісі барлық оқушылар
білімін бір уақытта тексеруге мүмкіндік береді, алайда жазба жұмыстары
көзден өткізіліп, бағалау көп уақытты талап етеді.
Тəжірибелік қадағалау – оқу, тұрмыс жəне өндірістік ептілік, дағдылардың
қалыптасуын не қозғалыс, қимыл дағдыларының орнығуын анықтауда
пайдаланылады.
Ақпараттық технологиялардың дамуымен компьютерлі қадағалау ен жаюда.
Мұндай машынды қадағалау оқытушының да, оқушының да уақытын үнемдеуге көп
көмегін тигізеді. Компьютерлі қадағалау арқылы білім деңгейін өлшестіру мен
бағалауға бірыңғай талаптар белгілеу мүмкін. Бұл қадағалауда оқу
нəтижелерін статистикалық талдау мен өңдеу өте жеңіл. Білім бағалаудағы
мұғалім субьективизміне машын шек қояды.
Машынды қадағалау қолданумен өзіндік қадағалауды да оңтайлы ұйымдастыруға
болады, дегенмен өзіндік қадағалауды қарапайым жолмен де өткізу мүмкін.
Бірақ бұл үшін оқушыларды өз бетінше қателіктерін байқауға, танымдық
міндеттердің қате шешілу себептерін талдауға, оларды болдырмау, түзеу жəне
реттеуге үйрету қажет.
Əртүрлі қадағалау əдістерінің бірге қолданылуы аралас (тығыздалған)
қадағалау деп аталады. Əдетте, мұндай тексеру ауызша жəне жазба
сауалнамалар беру түрінде өтеді.
Оқу үдерісіндегі қадағалауларға төмендегідей педагогикалық талаптар
қойылады:
– қадағалаудың даралықты сипаты. Əр оқушы жұмысы, оның жеке оқу іс-
əрекеттері өз алдына қадағаланады. Бір шəкірттің оқуындағы нəтижелерді
ұжымдық жұмыстар қорытындыларымен не керісінше алмастыруға болмайды;
– жүйелілік қадағалаудың оқу процесі барша кезеңдерінде үздіксіз, ретімен
өтіп тұруы;
– қадағалау формаларының əртүрлігі. Осыдан қадағалаудың оқыту-үйрету,
дамыту жəне тəрбиелеу қызметтері қамтамасыз етіледі;
– қадағалаудың жан-жақтылығы. Қадағалау баланың теориялық білімдерін,
ақыл-ой парасаттылығын, тəжірибелік ептіліктер мен дағдыларын тексеруге
мүмкіндік береді;
– қадағалаудың шынайылығы. Қадағалауда субъектив жəне қателікті пікірлер
мен қорытындыларға жол берілмеуі тиіс;
– жекелестірілген бағыт-бағдар. Оқушылардың жеке-дара тұлғалық сапа-
қасиеттері ескерілуі тиіс;
– мұғалім тарапынан болған талаптардың бірыңғай болуы.
Соңғы кездері тестік қадағалау көптеп қолданылуда. Мұндай тексерудің
негізгі құралы – тест тапсырмалары. Өлшестіру, анықтау нысаны тұрғысынан
педагогикалық, психологиялық, əлеуметтік – психологиялық, мəдени –
эстетикалық таным тестері ажыралады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Қадағалау əдістері
2. Ауызша қадағалау
3. Жазбаша қадағалау
4. Тəжірибелік қадағалау

7. Үй тапсырмасы: Мектептің оқу- тәрбие үдерісіндегі оқу сапасын
диагностикалау ерекшеліктері. (конспектілеу).
№8 практикалық сабақ тақырыбы: Сынып ұжымдарының тәрбиелік
мүмкіндіктерінің диагностикасы.
1. Практикалық сабақ жоспары:
1. Тәрбие үдерісі мен тәрбие жүйесі тиімділігінің педагогикалық
мониторингі.
2. Оқушылардың бақылау қабілеттерін қабылдау.
2. Практикалық сабақ мақсаты: Сынып ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі
түсінігін ашып,түсіндіру. Сынып ұжымының тәрбиелік мүмкіндігін параметрлер
бойынша диагностикалау.
3. Қысқаша теориялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz