Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
Гуманитарлық факультет
ДИПЛОМ Ж¦МЫСЫ
Тақырыбы: “Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің психологиялық ерекшеліктерін анықтау”
Орындаған: Педагогика психология мамандығының күндізгі бөлімінің 4 курс студенті Досмагулова Б. С
“Педагогика-психология” Тексерген: психология
Кафедрасының меңгерушісі ғылымдарының кандидаты, доцент
Педагогика ғылымының доценті Орманова З.
Казиева А. Х.
Алматы 2008
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
І - тарау. Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің ерекшеліктері.
1. 1. Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің дамуы
және оны тәрбиелеу . . . 6.
1. 2. Кіші мектеп оқушыларының психологиялық даму
ерекшеліктері . . . 13
1. 3. Кіші мектеп оқушыларының оқу процесіндегі сөйлеу
әрекетін анықтау . . . 21
1. 4. Мектеп оқушыларының тілдерінің дамуының
жалпы ерекшеліктері . . . 28
ІІ - тарау. Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесін тәжірибе жүзінде анықтау.
2. 1. Зерттеу жұмысының мақсаты, міндеті, болжамы . . . 33
2. 2. Зерттеу әдістері . . . 34
1. Сөздердің мәнін тап
2. Сөздерді ата
3. Сурет бойынша әңгіме құрастыр
4. Ұғымдарды анықтау әдісі
5. Пассивті сөз қорын анықтау әдісі
6. Белсенді сөз қорын анықтау әісі
7. Сөз қорының ригидтілігін анықтау әдісі
8. Күрделі ассоциациялар
2. 3 Зерттеудің нәтижелерін сандық және сапалық өңдеу . . . 46
Қорытынды . . . 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 59
Қосымша . . . 62-65
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда жастарды өмірге тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт - бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы үлкен міндеттері жаңа мектепке жүктелген. Міне, сондықтан да қазіргі кезеңде кіші мектеп мұғалімдерінің алдында алты жастағы баланы тәрбиелеу мен оқыту жауапкершілігі ғана қойылып отырған жоқ, жеке тұлғасы қандай болатынына дұрыс бағыт - бағдар бере отырып, әрбір баламен жеке жұмыс істеуді талап етіп отыр. Ал кіші мектеп оқушыларын жүйелі түрде оқуға тарту - ол уақыт талабы болып отыр. [7] .
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп жасына дейінгі мекемелер мен мектеп мекемелерінің жұмыстары арасында сабақтастық мәселесі өткір қойылған. Бұл мәселенің негізгі басты проблемасы жүйелі оқуға дайындау түсінігінің мәнісі болып табылады, атап айтқанда, мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы баланың үйлесімді дамуын анықтайтын алғы шарттары қалай құрастырылуы тиіс деген сұрақ төңірегінде болады [18] .
Жұмыстың өзектілігі. Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Адам баласының сана сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Көптеген жазушылар сөйлеу немесе сөз жөнінде өз пікірлерін айтқан. И. М. Сеченов былай дейді: “Бес жастағы баланың ойы сөзбен немесе сыбырлап сөйлеумен немесе тіпті тілдің қозғалуы, еріннің жабырлауымен айтылады. Мұның өзі ересек адамдарда да (тек түрлі дәрежеде болуы мүмкін) жиі кездеседі. Мен тіпті өзімнен де білемін: ойымның ауыздың жабық, қозғалмайтын күйінде тілсіз сөйлеумен, яғни ауыз қуысында тілдің бұлшық еттерінің қозғалуымен қоса қабаттасуы өте жиі болады. Барлық жағдайда да басқалардың алдында бір ойға баса назар аударғым келсе, оны алдымен дереу сыбырлап айтып аламын”. [1] Ішкі сөйлеу өте қысқа, икемді болып келеді. ¤йткені, адам әр кез өз ойлауының мазмұнын жақсы билеп отырады. Менің ойымша әр адамда әрқалай болады. Кейбір адамдар бір ойлағанын ұзақ ойлап, сол туралы ішінен пікір айтуы қысқа болады, ал кейбіреулерінде керісінше ұзаққа созылуы мүмкін. Әр адам ойлағанын іштей сөйлеп жүреді. Бір адаммен келіспей қалса да іштей ол адамды жамандайды да, ұрысады да, қазір барып былай айтамын, ананы айтамын, мынаны айтамын деп отырады.
Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: “Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер екінші сигналдар - сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табылады да жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды” [1] Павловтың осы айтқан сөздерінен біз байқаймыз ол тілді сөйлеу органдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулермен салыстырады. Француз ғалымы Брока “адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде нерв орталығы бар. Ол адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын орталық. Сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс) бірлескен қызметін қажет етеді”, - дейді [1] . Ал неміс ғалымы Бернике басқа біреудің сөзін есту мидың сол жақ сыңарларындағы самай бөлігінің арт жағында орналасқан нерв орталығының қызметіне байланыстылығын айтады. Француз ғалымы Брока мен неміс ғалымы Берникенің айтқан сөздерін салыстыра отырып бір жағдайды байқауға болады. Екеуі де адамның дыбыстап сөйлей алуын, сөзді қабылдауын, басқа біреудің сөзін естуді нерв орталығының қызметімен байланыстырады. Екеуінің сөзінде осындай ұқсастық бар.
Жұмыстың мақсаты. Балада дер кезінде сөйлеуін, тіл байлығын дамыту. Баланың лексикалық қорын байытуда кітап оқудың маңызы зор. Сондықтан да баланың мектепке келген алғашқы күнінен бастап, олардың кітапқа деген құмарлығын арттырып, оларды өз бетінше мектепте ғана емес, үйде де кітап оқуға тәрбиелеу қажет.
Жұмыстың міндеті. 1. Баланың сөйлеуіндегі еркешеліктер. 2. Бала сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгеруі. 3. Тілдің атқаратын қызметі.
1. Бұл күнгі ересек адам тіл жүзінде қандай жетіліп, жүре - бара нәрсе мен дыбыс арасындағы байланысты қалдырған болса, бала да тап сол сияқты, бернелері, онымен қатар сөздері көбейген сайын еліктеуден шығып, ойын сөйлеммен айтуға жарайды. Бірақ баланың сөйлемі де қысқа, жеңіл, жабайы болады. Бала түгілі, қарапайым адамның да сөйлемі қысқа, жабайы, жеңіл келеді. Күрделі, қиын сөйлемдерді олай ұқпайды. ¤йткені сөз, сөйлеу дегеніміз, ұғыммен, біліммен қабат өсетін құрал болды ғой. [2]
2. Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнде-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
3. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі [1] .
Зерттеу жұмысының мәселесі. Адамның өмірде, еңбекте адамдар арасындағы қарым-қатынас жасап түсінісе білудің өзекті мәселелері болып саналатын жетекші қызметкер мен басшыларының қарамағындағы адамдармен тіл табысып жемісті еңбек етуі.
Зерттеу жұмысының объектісі. Алматы облысы, Қаратал ауданы, ‡штөбе қаласы, К. Д. Ушинский атындағы қазақ орта мектебінің 3 “А” сынып оқушылары.
Зерттеу жұмысының пәні. Ғылыми жұмыстардың зерттеуі.
Ғылыми болжам. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалады. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатын қабілетке ие болды. Балалардың сөйлеуінің дамуына көптеген зерттеу жұмыстары арналған. Бұл мәселені әлі де көптеген зерттеушілер тобы зерттеуде. Олардың ұмтылыстары баланың жастық және даралық қалыптасу нормаларын анықтауға, сөйлеу қабілетінің әртүрлі жақтарының және де балалардың тілдерінің әртүрлі типтерін қамтуын қарастырады. (2)
І - тарау. Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің еркешеліктері.
1. 1. Кіші мектеп оқушыларының сөйлеу процесінің дамуы және
оны тәрбиелеуі
Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау т. б. ) байқалғанымен, бұларда дыбыстық сипат болмайды. Жеке дыбыстардың көрінуі үш айдан былай қарай байқалады. Мұны баланың уілдеуінен (дауысты, дауыссыз дыбыстардың қосылуынан пайда болатын реакциялар) жақсы көруге болады. Уілдеудің өзі оның үлкендерден естіген сөздеріне, дыбыстарына орайлас жасалатын реакциялар. Мәселен, үш-төрт айлық бала “мә”, “ға”, “ге” секілді жеке буындарды, бес-алты айдан былай қарай “ма-ма”, “па-па” деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. Сегіз айлық бала сөздің интонациясын, дауыстың ырғағын аңғара алады. Бірақ жеке сөздердің айырмашылықтарын, олардың мәнін әлі толық ұға алмайды. Бір жарым жастан былай қарай бала жеке сөздерді айтуға үйренеді. Оның алғашқы сөздері “мама”, “папа”, “ата”, “әже”, “аға” деген сөздерден басталады. Алғашқыда шағын сөздерді ғана айта алады. ‡ш-төрт буыннан тұратын күрделі сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек дауыссыз және сонар дыбыстарды, соңынан дауыссыздардың қатаң, ұяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен (Ж. Ш) ысылдап шығатын дауыссыздар ұғыну қиынырақ болады, “л”, “р” дыбыстарын төрт-бес жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Екіден былай қарай баланың сөздік қоры қауырт өседі. Мәселен, жас жарымдағы балада 10-15 сөз болса, екіге келгенде 300, үш жаста мыңға жуық сөзі болады. ‡ш жастан былай қарай ана тілінің заңдылықтарын стихиялық түрде үйренуге кіріседі. Баланың алғашқы сөздері бір не екі сөзден құралады, ол бір сөзбен-ақ айтатын дегенін аңғартады. Мәселен, “әже су” дегені “әже маған су бер” деген мағынаны білдіреді. Кейде осындай сөздерін ым-ишараларымен жеткізеді. Сөз нақтылы сигналы ретінде көрініп, белгілі нәрсеге меңзеліп айтылады. Бала үлкендермен сөз арқылы байланысқысы келеді. Осындай сөздер оның практикалық әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың алғашқы кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, бұл сөздер айналасындағы заттармен, адамдармен қатынасында елеулі рөль атқарады. Кейіннен етістіктер, есімдіктер, тағы басқа сөз таптары да қолданады [1] .
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересек адамдардың сөзінің әсері өте күшті екендігі түсінікті. Бала оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастайды, ол басқа балалардың тіпті үлкендердің сөзінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни баланың тіл сезімі күшті болады.
Жанұяда баланың сөйлеу әректінің дұрыс қалыптасуына жеткілікті көңіл бөлінсе, мектепке келгенде оңай хат танып, сабақты жақсы үлгеріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөз қоры 4000-ға дейін жетіп отырады.
Балалардың сөйлей бастаған кездерінен бастап олардың дұрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлу қажет. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін тәрбиелеу (бұл - балалар психологиясының негізгі мәселелерінің бірі) ата-аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі.
Баланың сөйлеуі мектепке дейін тек қарым-қатынас рөлін атқарса, мектепте жүргенде білім жүйелерін меңгерудің негізгі құралы қызметін атқарады. Мектепке түсу бала тілінің жоспарлы түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін өз бетінше меңгерген ана тілін енді арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық тұрғыдан) оқып-үйрену бала тілінің дамуына бұрын соңды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Тілді меңгеру барысында баланың сөйлеу ерекшеліктері одан сайын жетіле, дами түседі [3] .
Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:
1) Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық жағынан дұрыс жаза және айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет. Сабақтың үстінде де, сабақтан тыс кездерде де оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеуінің дұрыстығын қадағалап отыру, жаңа сөздердің мағынасын түсіндіріп, сөздік дәптеріне жазғыздыру, әрбір сөйлемді тиянақты ой білдіретіндей етіп құра алуға үйрету - бастауыш мектеп мұғалімдерінің күнделікті оқу-тәрбие процесіндегі ең абыройлы міндетінің бірі.
2) Оқушының тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау т. б. ) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасап, профессор М. Е. Хватцевтің мұғалімдерге арнап жазған “Недостатки речи у школьников” (М. 1958) атты кітабында көрсетілген қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. ¤йткені осы кітапта төменгі сынып оқушыларының тіл кемістігін түзеу мәселесі өте жақсы баяндалған. Бұл кітаппен мұғалімдермен бірге әрбір ата-ана да танысатын болса, өте игілікті іс болар еді. Бала тілінің кемістігін түзетудің жолдары тіпті фольклорда да мол. Соның бірі - жаңылтпаштар. Мұны тілдің қайрағы деу өте орынды. Мәселен, “р”, “ң” дыбыстарын дұрыс айта алмайтын бірінші сынып оқушыларына “Ай, Тайқарбай, дегенім, қай Тайқарбай” деген сөйлемдегі “Тайқарбай” сөзін жылдам айтқызып үйретсе, (егер бала оны қате айтатын болса, бірнеше рет қайталаттырса), бұрынғысынан гөрі анық сөйлеуге машықтанатын болды, сайып келгенде, баланың сөздік қорын қорландыруға да себін тигізеді.
3) Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.
4) Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу - оқу, тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. ¤йткені сөйлеу мәдениеті мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу - сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі. ¤йткені, ана тілі К. Д. Ушинский айтқандай: “адамның кір жуып, кіндік кескен жерінің тауы мен тасы, орманы мен өзені, дауылы мен нажағайы одан сонымен қатар халықтың рухани өмірінің бүкіл тарихы да көрінеді”.
Адам тілінің өркендеген дәуірін бала басынан кешіреді. Бала шыр етіп жерге түскенде, дыбыспен бірге туады. Шыр ету жаңа хат дүниеге келгендей дүниенің шімірліккенін, жағымсыз сезім пайда болғанын көрсетеді. Алғашқы кезде бір жері ауырса, не қарны ашса, дауысын шығарып жылайтыны - еріксіз қозғалыс, соқыр сезімнен туған белгі ғой. Бала дыбысын шығара жүріп, дыбыс пен сыртқы заттар арасында байланыс жасап, берне туғызып алады. Мәселен, бір жері ауырғанда, жылайды екен: Жыласа, шешесі келіп бірдеме істейді екен, содан барып, жаны сая табады екен. Бұдан не байқалады? Бала жылау мен тыныштану арасында бір жақындық барын сезеді. Басқаша айтсақ, бернелері іліктеседі. Содан кейін, бала бесікте жатқысы келмей-ақ жылайтын болып алады. Бұл қай жылау десеңіз, ішкі тілегін білдірудің жылауы. Жүре-жүре бала ішкі тілегін сыртқа шығару үшін дыбысқа еліктейді. Сиырды “мө-ө”, қойды “мә”, мысықты “мияу”, итті “ау-ау” дейтін болады. Бара-бара олардың әлгіден басқа да аты барлығын естиді, бір емес, әлденеше “мө-лерді”, “ау-ауды” көреді, әлденеше рет “сиыр”, “ит” деген сөздерді естиді. Алғашқыда былдырап, тілі жөнді келмей, сөйте-сөйте машықтанып, әуелі бір буынды, екі буынды, содан кейін үш буынды сөздерді сөйлеп үйренеді. Төрт-бес буынды сөздерді бала көпке шейін айта алмаса керек. Балаға салғаннан қиын, көп сөз үйретпек болған ата-ана, салғаннан қиын әңгіме, көп сан, терең мәселе туралы оқытпақ болған мұғалім - наданның наданы ғой [2] .
Мектепке дейінгі жастағылардың, соңғы кезде тілінің дыбыстық (фонетикалық) жағынан дамуы негізінен аяқталады. Бала, іс жүзінде дыбыстың бір түрін меңгерген. Оның сөздік қоры да едәуір көп. Мектепке дейінгі жастағы бала, ана тілінің грамматикалық формаларын пайдаланып, сөздерді сөйлемге (жай және күрделі) құрастыра алады.
Оқуға үйренгенде, бірінші сыныптың оқушысы дыбыстарды буынға ұластыра алмай қатты қиналады. Мектепке оқуға келгенде балада сөздің мағыналық (семантикалық) жағы әлі де болса жетіле қоймаған. Сөздің мәнін түсінуі көп жағдайда дәл болмайды: кей кезде бұл мағына тарылып, кейде тым кеңейіп кетеді.
ІІІ сынып оқушысы ағаштан жасалған сырғауылға (ұзын жуан сырғауыл) қатысты “рычаг” деген сөзді бірінші рет естиді.
Бала естіген жаңа сөздің мәні ол үшін, күш салатын физикалық дене ұғым қалдырмай, құр жуан таяқ ретінде ұғынылған. Мұнда көрнекі елес сөздің мағынасын дерексіз түсінуге бөгет жасаған. Пружиналы табағы бар безбенді талай рет көрген басқа бала, алғаш металл стерженді, бірнеше кірлері бар таразыны көргенде оны таразы деуден бас тартқан, содан соң бала бұл құрал-сайманның құрылысымен танысқаннан соң, оның санасында “өлшем” деген сөздің мағынасы толысып, кеңейе түскен [3] .
‡лкендермен сөйлесуі, әсіресе мектепке оқуы, балалардың сөздік қорын сан жағынан молайтып қана қоймай, сонымен бірге оның сапасын байытып, сөздің мағынасын дәл анықтай түсуге көмектеседі.
Сөйлеген сөздің басты ойын қағып алып, қажетті сөз тауып, сөйлем құра білмеушілік, әсіресе І және ІІ сыныпта, оқушыларды оқығаннан өз сөзімен айтудың орнына дәлме-дәл айтуға итермелейді. Баланың сөздік қоры бұл кезде біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды.
Адамдардың бір-бірімен сөз арқылы қатынас жасауы адамның өзі сөйлеп қана қоймай біреудің сөзін өзі тыңдай білуден тұрады. Төменгі сынып оқушысының мұғалімнің сөзін қабылдауының да өз ерекшеліктері болады. Мысалы, І сыныптың оқушысы мұғалімнің бүкіл сыныпқа сөйлеп тұрған сөзінің оған да қатысты екенін әрдайым түсіне бермейді. Педагог кейде берілген тапсырманың оған да қатысы бар екенін бала түсінуі үшін жеке өзіне қадағалап айтуына тура келеді [3] .
Сөзді қабылдауда төменгі сынып оқушыларының, әсіресе І сынып оқушыларының тағы бір ерекшелігін айтып өткен жөн. Мұғалімнің нені қалай істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдап алмай, қолма-қол кірісетіні де жиі кездеседі. Не істеу керектігіне көздері жетпеген балалардың көпшілігі мұғалімнің сөзін естімейді де, ұқпайды да.
Балалар іштей оқыған тексті қабылдауды бірден меңгере алмайды. Мұнда ауызша сөйлескендегідей интонация және түсіндіргендегідей қимылдар болмайды. Бұл түсінуді қиындатады. Балалар жазу жазғанда өзінің ойын жеткізе алмай, осындай қиындықтарға ұшырасады.
Мектепке оқуға келген балалардың сөйлеген сөзінде, жас ерекшеліктеріне байланысты кемшіліктер ғана кездесіп қоймайды, сонымен қатар өзінің төңірегіндегі адамдардың әдейі, не болмаса сауатсыздықтан қисық айтылған сөздерін қағып алу сықылды теріс қылықтары да кездеседі. Балалар еліктеуге жақын тұрады: “иә” дегеннің орнына “айа”, “тиме” деудің орнына “тимегін” т. б.
Мұғалім бастауыш сыныптың өзінде-ақ, балаларды сөз бен сөйлемді өз мәніненде дұрыс қолданып, сөзді бұрмалауды жек көруге, дұрыс сөйлеуді сүюге баулуы қажет.
І сыныптағы балаларды алдымен ана тілінің сөздеріндегі барлық дыбыстарды ажырата біліп, оны дұрыс айтуға үйрету үшін, сөздің дыбыс анализіне жүйелі түрде жаттықтыру қажет. Бұл дұрыс жазуға үйретуге және ауызекі сөйлеуде маңызы бар фонематикалық естудің дамуына көмектеседі [3] .
Баланың тілінде кемшілік болса, онда тиісті педагогикалық әдіспен, мектепке келген күннен бастап оны бір қалыпқа келтірумен айналысу қажет. Мұндай балаларды дұрыс сөйлеуге үйренетініне сендірген жөн. Сыныптағы кейбір балалардың тілінде кездесетін кемшіліктерге басқа балалардың күлуіне жол бермеу керек.
Мектепте оқыған кезінде балаға фонематикалық, лексикалық (сөздік) және грамматикалық жағынан тиісті талап қойылса, онда олардың тілі тез жетіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz