Классикалық неміс философиясы жайында


Классикалық неміс философиясы
XVIII ғасырдың аяғы - XIX ғасырдың бірінші жартысы неміс топырағында да философия кеңінен дамыған ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезенді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шырқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854) . Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқты, басқа да мәдениет өткілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер - объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі - классикалық неміс философиясы. XV1I-XVIII ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай кала халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ, өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған, Фихте де ректорлық қызмет атқарған. Сейтіп неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстемдік құрған феодалдық-абсолютгік құрылысты олар ең жоғары рухани күш - жаратушының, қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан куылды. Өйткені, ол бүркеме атпен "Өлім және өлместік туралы ойлар" деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, өмірінің қалған кезін деревняда қиындық пен жоқтықта өткізді. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: -сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің "Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы" (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаша газға ұқсас түмандардың қоюланып, катаюынан, ездігінен, ешқандай сыртқы күштің әсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бүл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. "Сын" кезеңінде ол "Таза ақылға сын" (1781), "Практикалық ақылға сын" (1788) деген еңбектерін жазды. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін "өзіндік зат" (вещь в себе) және "біздік зат" (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. Ол - сонымен қатар субъективтік идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант "Прологомендер" ("Кіріспе") деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық категориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т. б. Дінге тек сену қажет, ол философиядағы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытыңды жасады. Мәселен, Құдайды барлық тәжірибе арқылы дәлелдей алмаймыз, оған тек илану керек. И. Канттың ақылға сыятын бір пікірі - антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой - олар кай жағынан алғанда да шексіз. Немесе дүниенің пайда болған мерзімі жоқ, бүған карама-карсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе әрбір күрделі зат кдрапайым бөлшектерден түрады. Екіншісі, дүниеде карапайым зат мүлде жоқ. Тағы да бір пікір: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі - дүниеде бәрі де себепті, байланысты болады. Дүние - мәнді, дүние - мәнсіз, т. б. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген заңдылықты ашуына үлкен ықпал жасады. Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) - И. Канттың ерекше кезең болды. Ол кезенді Ф. Энгельс классикалық неміс философиясы деп атады. Ол кезеңді бастап берген И. Кант (1724-1804) болса, оны Л. Фейербах (1804-1872) философиясы аяқтады, ал шарқау шегі Г. Гегель (1770-1831) философиясы еді. Ол кезеңнің өкілдері болғандар: И. Фихте (1762-1841), Ф. Шеллинг (1775-1854) . Байқап отырғанымыздай, философтар да ғалымдар сияқгы, басқа да мәдениет өткілдері секілді тарихта, жоғарыда айтылғандай, топтанып, кезеңдес болып кездеседі. Ол тегін емес. Әрине, себепкер - объективтік жағдай. Философтар да тарихи қажеттіліктен дүниеге келді. Соның бір дәлелі - классикалық неміс философиясы. XVII-XVІІI ғасырлардағы ағылшын, француз жағдайларымен салыстырғанда, XIX ғасырдағы Германия әлі нағыз орта ғасырлық, феодалдық ел болатынды. Революциялық жағдай бұл кезде әлі туындамаған еді. Сондықтан неміс философтары жалпы философиялық мәселелермен айналысты. Олар дворяндар емес, жай қала халқынан (бюргер) шықты. Сондай-ақ, өз заманының білімді адамдары қатарында болды. Неміс философтарының бәрі де (Л. Фейербахтан басқалары) университеттерде профессорлық қызмет атқарды. И. Кант Кеннигсберг, Гегель Берлин университетінің ректорлары болды. Шеллинг король IV Фридрих-Вильгельмге құпия кеңесші, әрі оның досы болған, Фихте де ректорлық қызмет атқарған. Сөйтіп неміс философтары аристократиялық тапқа қызмет етті. Германияның пруссиялық-юнкерлік жолмен дамуына себепкер болды. Тарих, олардың пікірінше, абсолюттік рухтың өзін-өзі табуы болып табылады. Германияда үстем-дік қүрған феодалдық-абсолюттік құрылысты олар ең жоғары рухани күш - жаратушынын, қалауы деп түсінді. Мемлекет дегеніміз, Гегельдің пікірінше, Құдайдың, әлемді кезіп жүруі. Тек Л. Фейербах олардан оқшау тұрды. Ол 1828 жылы Эрланген университетіне оқытушылық жұмысқа орналасты. Бірақ екі жыл өтпей-ақ ол оқытушылық жұмыстан қуылды. Өйткені, ол бүркеме атпен "Өлім және өлместік туралы ойлар" деген кітабын жазып шығарды. Онда ол жеке өлместікті, о дүние болады дегенді материалистік тұрғыдан жоққа шығарды. Сол үшін ол зардап шегіп, өмірінің қалған кезін деревняда надындық пен жоқтықта өткізді. Иммануил Канттың өмірі екі кезеңге: - сынға дейінгі кезең (1770) мен сын кезеңі деп бөлінеді. Сынға дейінгі И. Кант дүние өзінен-өзі табиғи пайда болды деген пікірге тоқтады. Онда ол өзінің "Аспанның жаппай табиғи тарихы мен теориясы" (1755) деген кітабында метафизиканың тұйық шеңберін бірінші болып бұзып, планеталардың алғаша газға ұқсас тұмандардың қоюланып, қатаюынан, өздігінен, ешқандай сыртқы күш-тің өсерінсіз пайда болғанын шамалады. Бұл Н. Коперниктен кейінгі ғылымға қосылған үлкен үлес еді. "Сын" кезеңінде ол "Таза ақылға сын" (1781), "Практикалық ақылға сын" (1788) деген еңбектерін жазды. И. Кант дүниені өздігінен, біздің санамыздан тыс өмір сүретін "өзіндік зат" (вещь в себе) және "біздік зат" (вещь для нас) деп екіге бөлді. Ол дүниенің танымдылығын мойындамай, жоққа шығарды. Дүниені тануға болмайды деген агностиктік ұйғарымға келді. Ол - сонымен қатар субъективтік идеалист, дуалист. 1783 жылы И. Кант "Прологомендер" ("Кіріспе") деген еңбегін жазды. Онда ол өзінің философиядағы теориялық бастамаларын анықтады. Ол философиялық қатегориялар тәжірибеден тыс, оған дейін адам басында таза идея күйінде пайда болады деп жазды. Олардың 12 түрін атап көрсетті. Олар: бірлік, көптік, бүтіндік, нақтылық, терістеу, т. б. Дінге тек сену қажет, ол философиядағы ғылым мен теория мәселесі емес деген қорытынды жасады. Мәселен, Құдайды барлық тәжірибе арқылы дәлелдей алмаймыз, оған тек илану керек. И. Канттың ақылға сыятын бір пікірі - антиномия, былайша айтқанда, санада қарсыластық бар дегені. Айтқанын нақтылай келіп, ол әрбір ойдың кері түрі бар деді. Мәселен, дүние уақыт жағынан да, кеңістік жағынан да шекті. Екінші ой - олар қай жағынан алғанда да шексіз. Немесе дүниенің пайда болған мерзімі жоқ, бұған қарама-қарсы пікір: дүниенің пайда болған мерзімі бар. Немесе әрбір күрделі зат қарапайым бөлшектерден тұрады. Екіншісі, дүниеде қарапайым зат мүлде жоқ. Тағы да бір пікір: дүниені түсінуге себептілік жеткіліксіз. Екіншісі - дүниеде бәрі де себепті, байланысты болады. Дүние - мәнді, дүние - мәнсіз, т. б. И. Канттың осы антиномиясы Гегельдің қарама-қарсылықтардың бірлігі мен күресі деген зандылықты ашуына үлкен ықпал жасады. Иоганн Готлиб Фихте (1762-1814) - И. Канттың шәкірті. Оның басты еңбегі - "Әрқилы жаңалықты сынау тежірибесі". Ол - субъективтік идеалист. Фихтенің пікірінше, нақты өмір сүретін - тек біздің санамыз. Материалдық дүние, болмыс, табиғат тек біздің санамызда, біздің сезімімізде, елесімізде, ұғымымызда болады. Оның пікірінше, практикалык, істен сана бұрын басталады. Сана іштен туады. Фихтенің тағы бір пікірі - дөңгелектер туралы ілім. "Қандай да бір шындық болмасын, ол -"меннің" жемісі" дейді философ. Бірақ "меннің" екі түрі бар: жекелік "мен" және абсолютгік "мен". Бұл екеуі тығыз байланыста. Егер "менді" "мен емес" бейнелейтін болса, онда субъект теориялық болады да, ал егер керісінше болса, онда ол практикалық болады. Ал 1800 жылдан кейін ол "мен еместі" "мәнге" біржолата бағындырады. Сондықтан ол И. Кантты "мен еместі", былайша айтқанда, санадан тыс "өзіндік затты" мойындағаны үшін сынады. Идеалистік бағыттың өкілі Фридрих Шеллингке Фихтенің әсері зор болды. Бірақ ол Фихтеден бас тартты. Шеллинг объективтік идеалист болды. Оның пікірінше, әлем - объективтік идеяның, әлемдік рухтың нақты бейнесі. Оның еңбектерінің өзегі - саналылық пен санасыздықтың арақатынасы. Шеллингтің пікірінше, дүниені абсолюттен туындайтын санамен түсіндіру мүмкін емес, ол - иррационалды, алғашқы, санаға емес, ырыққа, оның бостандыққа ұмтылуына негізделген. Олай болса, дүниенің бастамасы - қараңғы стихия. Фихтеге қарама-қарсы ой айтып, Шеллинг "менді" дүниенің бірден-бір өзегі, абсолюттік субъект емес, табиғаттан, адамнан тыс рухани негіз, объективтік сана деп қорытады. Табиғат - әлемдік рухтың санасыз бейнесі, нәтижесі, ал адамзат - әлемдік рухтың саналы ерекеті. Ол "Жаңалық ашу философиясы" деген еңбегінде "табиғаттың барлық құбылыстары белгілі ретпен жасалады, оның әрбір жаңа сатысы бұрынғыдан сергек, саналы болып келеді" деп тұжырымдады. Георг Вильгельм Фридрих Гегель - классиктік неміс философиясының көрнекті өкілі. Объективтік идеалист. Гегель өзінің "Барлық ақылға сыятын нәрсе - шындық, барлық шындық ақылға сыяды" деген қағидасын И. Фихтеден алып дамытты. Басты еңбектері: "Логика ғылымы", "Философиялық ғылымдар энциклопедиясы", "Құқық философиясы", "Философия тарихы туралы лекциялар, "Тарих философиясы туралы лекциялар", т. б. Гегель философиясының жүйесі мынадай үш бөлімнен тұрады: а) логика; б) табиғат философиясы; в) рух философиясы (феноменология) . Гегель философиясының басты мәселесі - әлемдік рух, абсолюттік идеяның бүкіл дүниені жаратқаны айтылады. Бұл пікірді Гегель "Логика ғылымы" деген еңбегінде жан-жақты баяндаған. Мұнда ол абсолюттік идеяны, дүниежүзілік рухты табиғат, қоғам пайда болғанға дейін әлі ештеңе емес, таза идея күйінде қарап, оның диалектиканың үш жалпылық зандары санның сапаға көшуі, қарама-қарсылықтың бірлігі және күресі, терістеуді терістеу негізінде, өздігінен қозғалып, дамуын идеалистік тұрғыда табиғаттың пайда болуына дейін алып қарастырады. Бұл еңбектің бірінші бөлімі - "болмыс", екінші бөлімі - "мән", үшіншісі "ұғым" деп аталады. "Логика ғылымы" еңбегінде Гегель ең алғашқы болып диалектиканың осы үш жалпылық заңын, жоғарыда айтылғандай, идеалистік тұрғыда зерттеп көрсетеді. Бұл зандарда Гегель берген көптеген философиялық дұрыс анықтамалар да бар. Біз оның, мәселен, мөлшер - сандық сапа немесе сапалық сан деген, сондай-ақ, "қарама-қарсылыққа", "қайшылыққа", "санға", "сапаға", "терісте-уге", т. б. берген анықтамаларын қолданамыз. Бірақ, Гегель идеалистік түрғыдан таза идеяньщ абсолюттік идеяға, әлемдік санаға, демиургке айналуын қиял түрінде тұжырымдады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz