Музыкалық білім - әлемдік және отандық классикалық музыка


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

классикалық музыка, халық музыкасы, балалар әндері және т. б. жатады.

Музыкалық білім беру мазмұнын сұрыптауда, оны құрастыруда қабылданған талаптар және оқу пәнінің оқу-музыкалық материалдармен толтырылуын анықтайтын өлшемдерді анықтайтын дидактикалық-принциптер (В. В. Краевский, В. С. Леднев, И. Я. Лернер, М. Н. Скаткин, Ю. К. Бабанский, Б. Т. Лихачев, И, Ф. Харламов және т. б. ) негізге алынады.

Музыкалық білім беру мазмұнының тұжырымдамасы аға ұрпақтың музыка өнері, тәлім-тәрбиесі саласында жинақтаған тәжірибесін жеткізуді оның басты әлеуметтік фукнциясы ретінде қарастыра келе, төрт құрылымдық элементтерін ашып көрсетеді:

  1. Музыкалық білім- әлемдік және отандық классикалық музыка, халық музыкасы, діни-рухани музыка, «жеңіл» музыка, балалар музыкасы және музыкалық іс-әрекет жөніндегі білімдер. Музыканы оқыту мазмұнына жалпы және жеке білімдер тән. Жалпы білімдер музыка өнерінің жалпы құбылыстарын бейнелесе, жеке білімдерге, мәселен, музыкалық тілдің нақты элементтері (метроритм, ырғақ, динамика, лад, регистр және т. б. ) немесе композиторлар, орындаушылар туралы мәліметтер, сондай-ақ музыкалық шығармалардың шығу тарихы, нота сауаттылығы жөніндегі білімдер жатады. Оларды меңгерту оқушылардың санасында музыка әлемінің шынайы бейнесін қалыптастырады, музыкалық танымдық және практикалық іс-әрекеттерді әдіснамалық тұрғыдан жүзеге асыра алуын қамтамасыз етеді. Музыка өнерін танып-білудің негізін музыкалық білімнің келесі екі негізі құрайды: музыка өнері жөніндегі біртұтас ұғымды қалыптастыруға мүмкіндік беретін білімдер; нақты музыкалық шығармаларды қабылдауға көмектесетін білімдер. Бірінші деңгейдегі білімдер музыка өнерінің әлеуметтік функцияларын, қоғамдық өмірдегі ролін, эстетикалық нормалар мен музыкалық мәдениеттілік өлшемдерін сипаттайды. Ал екінші деңгейдегі білімдер музыка тілінің мәнді ерекшеліктерін, музыканың кұрылымы мен даму заңдылықтарын, құралдарын түсіндіреді.
  2. Музыкалың іскерліктер- белгілі іс-әрекет амалдарын жүзеге асыру тәжірибесі, әлемдік және отандық классикалық музыка, халық музыкасы, балалар музыкасы жөніндегі музыкалық білімдерін, музыкалық іс-әрекет амалдарын пайдалана алу іскерлігі, яғни бұрыннан қалыптасқан музыкалық іс-әрекет амалдарын

жүзеге асыру тәжірибесінің меңгерілуі. Бұл музыкалық мәдениетті сақтау, жеткізу қабілетін қамтамасыз ететін тәжірибенің мазмұнын құрайды. Музыканы тыңдау іскерліктері және музыканы орындау дағдылары оқушылардың музыкалық мәдениеті қалыптасуының бастауы болып табылады.

  1. Музыкалық шығармашылықты және ізденімпаздың іс-әрекеттер тәжірибесі. Бұл тәжірибе - жаңа проблемаларды шешуге мүмкіндік беретін адамзаттың даму процесінде жинақтаған қазынасы. Ол өз кезегінде бұған дейін меңгерілген музыкалық білімдері мен іскерліктерін жаңа жағдайларда өз бетімен жүзеге асыруды, белгілі іс-әрекет амалдарының негізінде жаңа амалдарды қалыптастыруды талап етеді. Әлеуметтік тәжірибенің бұл түрі жас ұрпақтың музыкалық қабілеттерінің, музыкалық мәдениетінің дамуын әрі қарай қамтамасыз етеді. Бұндай тәжірибе адамның музыка әлеміне, музыканы қабылдау арқылы өзіне қарым-қатынасында көрініс табатын жеке тұлғалық сипатын танытады.
  2. Музыка әлеміне, музыкамен шұгылданатын адамдарға, өзінің музыкалық әрекеттеріне деген эмоционалды-құндылыкты қарым-қатынасы. Бұл - бұрыннан белгілі музыкалық тәжірибені меңгерудің өте-мөте жоғарғы деңгейі. Бұл - тек музыкалық білім, іскерліктер ғана емес, тұлғаның проблемалардың шешіміне деген өздік көзқарасы мен қарым-қатынасы. Бұндай жағдайда меңгерген музыкалық-әлеуметтік тәжірибесі оқушылардың меншікті музыкалық тәжірибесіне, музыкалық іс-әрекет ету амалдарына айналады.

Бүгінгі егемен Қазақстан мектептерінде музыкалық білім мен тәрбие беруде музыка пәні сабағында түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы оқушылардың әсемдік сезімін, эстетикалық талғампаздығын дамыту, өнер туындыларын түсіну, туған өлкенің сұлулығы мен байлығын қастерлеп, бағалау, өнер, мәдениет жетістіктеріне аялы көзқарастарын қалыптастыру міндеттері қойылып отыр. ҚР «Білім туралы» Заңы да жас ұрпақтың жоғары адамгершілік сапа-қасиеттерін, ұлттық патриотизм мен намысын, адамдарға деген ізгілікті қарым-қатынасын, мінез-құлқын, халықтың қайталанбас мәдениетіне сыйластықты көзқарасын қалыптастыруды көздейді, соның ішінде музыкалық білім беру мазмұнын қалыптастыруда өзгерістерді талап етеді. Осы талаптарды музыкалық білім беру мазмұнында негізге алу мақсатында, қазақстандық ғалым-педагогтер, музыка пәні

мұғалімдері бірнеше оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен әдістемелік құралдарын жасады.

Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің қызметі мен білім беру мазмұнын айқындайтын негізгі құжат ҚР «Білім туралы» Заңы (1995) болып табылады. Білім берудегі жаңа бағыт-бағдар -оны стандарттау. Бұл өз кезеңінде Қазақстан Республикасын; жалпы білім берудің бірыңғай деңгейін қалыптастыру және әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатына байланысты қолға алынған. «Стандарт» ұғымы ағылшын тілінде «Standart», яки мөлшер, үлгі, өлшем дегенді білдіреді.

Ал музыкалық білім стандарты дегеніміз - бітірушілердің жалпы музыкалық білім даярлығына қойылатын талаптардың міндетті және соған сәйкес келетін білім мазмұны, әдістері, формалары, оқу құралдары мен бақылаудың деңгейі.

Қазақстан Республикасының білім стандартында мыналар қарастырылады:

1. Мемлекеттің оқушыға қажетті көлемде міндетті түрде жалпы
білім көлемінде беретін білім мазмұнының әр бағыттары бойынша

сипаттамасы.

2. Белгіленген білім мазмұны бойынша оқушының ең аз
мөлшердегі даярлығына қойылатын талаптар.

3. Оқу жылдары бойынша ең көп мөлшерде оқу жүктемесінің

мүмкін болатын көлемі.

Білім стандарттары негізінде оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары сияқты нормативтік құжаттар дайындалады.

Бүгінгі күні жалпы білім беретін мектептердегі оқу процесі мемлекеттік базистік оқу жоспары негізінде жүзеге асырылады. Музыка пәні беретін оқу жоспарының тұрақты бөлігінде қарастырылғандай, 1 - 8 сыныптар аралығында аптасына 1 сағат оқу жүктемесі жүргізіледі. Ал оқу жоспарының жылжымалы бөлігіндегі жүктемелерге сәйкес, мектептің педагогикалық кеңесінің шешімімен музыкамен шұғылдануға қосымша сағаттар бөлінуі мүмкін.

Бүгінгі таңда оқу жоспарын жасау, оны әрі қарай жетілдіру келесі екі бағыт бойынша жүзеге асырылу үстінде:

- бұған дейін оқытылу көзделмеген, жаңа пәндердің енгізілуі. Олар ғылым, техника, өнер, қоғамдық өмірдегі жаңа мазмұнды көрсетеді;

- білім мазмұнының түрлі компоненттерш (міндетті және
элективті), дәстүрлі оқу пәндері циклдарын қандай мөлшерде және
көлемде оқытудың арасалмағын қарастыру бойынша ізденістер.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңында мектептерге жеке оқу жоспарын құруға мүмкіндік берілген. Бұл оқу жоспарлары мемлекеттік білім стандарттарына сәйкес келуі тиіс. Жеке оқу жоспарлары жаратылыстану - математикалық немесе гуманитарлық және т. б. бағыттағы белгілі бір мамандандыруға бағытталған міндетті оқу пәндерін оқытуда, сондай-ақ кейбір пәндерді тереңдетіп оқытуда басшылыққа алынады.

Оқу бағдарламалары - әрбір оқу пәні бойынша меңгертілуге тиісті негізгі білім, іскерлік, дағды көлемін сипаттайтын нормативтік құжат. Оқу бағдарламаларында меңгертілетін музыка пәнінің материалдарын жылдарға бөлу мерзімі, әр тақырыпқа қажетті сағат сандары жөнінде ұсыныстар беріледі.

Музыка пәні оқу бағдарламасы өзінің құрылымдық жағынан үш негізгі компоненттен түрады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның саксофонда орындаушылық өнері
Музыка сабағында музыкалық іс-әрекеттердің түрлері және олардың өзара байланысы
Музыкалық қызмет түрлері
Михаил Иванович Глинка творчествосы
Классикалық музыканың адамға әсері
Эстрадалық өнер жанрлары
Қазақстандағы мәдени-ағарту жұмыстарының тарихы
Қазақстан мектептеріндегі музыкалық білім (1920-1960жж.)
Әрекетті вокал
Тәуелсіз радиолардың мемлекеттік радиолардан айырмашылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz