ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
ТӘУЕЛСІЗДІК ШЕЖІРЕСІ
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап
жеттік. Тәуелсіздікке қан төгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді
әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қостық. 20 жыл ішінде тәуелсіз
Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп
келеміз.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша.
Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді,
дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері
қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздіктің 20 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін
осы атаулы жылдарға тоқталмақпыз.
1990 жыл.
• 1990 жылы қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың
егемендігі туралы Декларация қабылдады.
1991 жыл.
• 1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік
партия таратылып, қоғамдық мүлік билікке берілді.
• 1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Ағымдағы жағдайды
бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы Қаулы
қабылданды.
• 1991 жылдың 29 тамызындағы Қазақ КСР Президентінің Семей ядролық
сынақ полигонын жабу туралы Жарлығы болды. Қазақ жерінде 40
жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте
қойылды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүние
жүзіне мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың
мәніне айналды.
• Таяуда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы біздің ел
Президентінің ұсынысын мақұлдап, 29 тамызды Халықаралық ядролық
қару-жараққа қарсы күрес күні деп жариялады.
• Қазақстанда 1991 жылдың тамыз-қазан айларында Президенттің
жарлығымен мынадай қайта құрулар болды: прокуратура, мемлекеттік
қауіпсіздік, ішкі істер, әділет және сот органдары бөлінді. Қазақ
КСР Мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Одаққа бағынышты
кәсіпорындардың Қазақ КСР үкіметінің қарамағына түбегейлі өтіп,
республикада алтын қоры мен Алмас қоры, т.б. құрылды.
• Әубәкіров Тоқтар Оңғарбайұлы – қазақтың тұңғыш ғарышкері 1991 жылы
2 қазанда Байқоңырдан Союз ТМ-13 кемесімен ғарышқа ұшты.
• 1991 жылы 16 қазанда – Қазақ КСР-інің Президентін сайлау туралы
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Заңы қабылданды.
• 1991 жылы Жоғарғы Кеңестің таңдауымен президенттің қызмет орны
бекітілді. Қазақстанның тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев сайланды.
• 1991 жылы 1 желтоқсанда - Қазақ КСР-інің Президентін сайлау
өтті. Сайлау нәтижесі бойынша дауыс беруге қатысқандардың 98,78
% дауысын жинаған Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып
сайланды.
• 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік
Социалистік Республикасының атауын өзгерту туралы Заң қабылданды.
Осы заңға сәйкес жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан
Республикасы деп аталды.
• 1991 жылы 16 желтоқсан күні -
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы
Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Қазақстанның бұл
қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің ішінде ең соңғы заңы болып
табылады.
Осы күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі
жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз
Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз
Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті
болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан
Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің ХV пленумы қабылдаған
шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді.
• 1991 жылы 12 желтоқсан күні - Қазақстандағы 1986 жылғы
желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа
тартылған азаматтарды ақтау туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығы қабылданды.
1986 жылғы желтоқсан көтерілісі.
1986 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан компартиясы ОК Пленумы өтті, ОК
Бірінші хатшысы Д.А.Қонаев қызметінен босап, орнына осыған дейін
Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Г.В.Колбин
қойылды.
Қазақстанды басқару тағы да бұрынғы әдіс бойынша шешілген еді.
Бірақ бұл жолы жергілікті халық оған көнген жоқ. Қарсылықты қазақ
жастары бастады.
Желтоқсанның 17 ертеңгісін партияның ОК орналасқан алаңға жастар
жиналды. Демонстрацияны үкімет қарулы күшпен таратты.
Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам
сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок
қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі
ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін
демократияландыруға серпін берді.Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан
көтерілісінің тарихи маңызын түсіруге зор үлес қосып келеді.
• 16 желтоқсан күні – 1986 жылдың Желтоқсан оқиғасын еске алу күні.
Алматы қаласының халқы бұл күні Республика алаңына шығып, 1986
жылы қаза болғандарды естеріне алады.
• 1991 жылы 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасының азаматтығы
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысы қабылданды
• 1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына
енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды.
Сөйтіп, ТМД-на мемлекеттік тәуелсіздік, тең құқылық және егемендік
қағидаттарымен кіру туралы шешім қабылданды.
• 1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік
егемендігін таныды.
• 1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына тұңғыш рет
Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған. Осы жерден жаппай
ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған,
ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының
сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік үшін, жалпы
халқымыз үшін елеулі оқиға болды. Бұл ескерткіштің авторы —
сәулетші Әбубәкір Әжіғалиев.
1992 жыл.
• 1992жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері
туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып,
мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі
істер әскері құрылды.
• Қорғаныс –тәуелсіз мемлекеттің ең маңызды нышандарының бірі. 1992
жылдың 7 мамырдағы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру
туралы № 745 Жарлығымен өзінің дербес құрылымы, басқару мен
қаржыландыру тәртібі бар республиканың Қарулы Күштер құрылысының
негізі салынды.
- Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Президент
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы болып табылады.
- 2003 ж.7 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің № 1085
Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-
теңіз күштері құрылды.
• 1992жылы 15 қаңтардаДіни сенім бостандығы және діни бірлестіктер
туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды
• 1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымына кірді.
- Қазақстан Республикасы ТМД елдерінің ішінде бірінше болып 56 мүше
елді біріктірген мемлекетаралық беделді ұйым Еуропа қауіпсіздігі және
ынтымақтастығы ұйымына 2010 жылы төрағалық ету мүмкіндігіне ие болды.
• 1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры Бөбек
дүниеге келді.
• 1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.
• 1992 жылдың 2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның
халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы
басталды. 1991-1994 жылдар аралығында әлемнің 111 елі ҚР таныса, 92
мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
• 1992 жылы 8 мамырда ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды.
• 1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения,
Қазақстан,Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
• 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО құрамына енді.
• 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев және мемлекет
басшылары Стратегиялық шабуыл қару-жарағы (СШҚ-1) туралы зымырандық-
ядролық қаруды таратпау және бірте-бірте бөлшектеп, шығарып тастау
туралы Лиссабон хаттамасына ядролық қарудан арылу міндеттемесін
алды.Өз аумағын ядролық қарусыз аймақ деп жариялады.
• Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен ұлттық сипатын жаңа
мемлекеттік рәміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы және Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы
заңдар күшіне енді. 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы заң қабылданды.
• 1992 жылы 17 қазанда Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасында
дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды.
• ЮНЕСКО-ның келісімі мен тәртібі бойынша 1992 жылдың қазан айында
тағайындалған ЮНИТИ (Бірлік) халықаралық сыйлығы Бөбек
қайырымдылық қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваға
тапсырылды.
• 1992 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы
арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Екі елде өз
елшіліктері ашылды.
• 1992 жылы Тама Есет батыр Көкіұлының кесенесі салынды. Бұл шараға 75
мың адам қатысты деген дерек бар. Бұл идеяның авторы, жалпы осы істің
басы-қасында болған — тілші ғалым Мұхтар Арын. Ескерткіш авторы —
Тоқтаған Жанысбеков.
1993 жыл.
• 1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш
Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131
баптан тұрды.
• 1993 жылы 25 ақпанда Президент Жарлығымен Т.О.Әубәкіров Қазақстан
Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Қазақстан Республикасы
Ұлттық аэроғарыш агенттігінің бас директоры болып тағайындалды
• 1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын,
біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы өз күшіне енді.
Қазақстан - әлемде аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет.
Шекарасының ұзындығы шамамен 14 мың шақырым. Мемлекеттілікті
құруға кіріскенде, ең алдымен мемлекеттік шекараны рәсімдеу
мәселесі
назарға ілікті.
- Бұл біріншіден, ҚХР-сымен ұзындығы 1700 шақырымға созылған
шекараға қатысты еді. 1994 жылы Қазақстан мен Қытай шекара сызығына
қатысты ірі келісімдерге қол қойылды,
Орта азиялық көршілеріміз Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен
екі жақты келіссөздердің барысында барлық мәселелер шешілді.
- Ресей мен Қазақстан арасындағы ұзындығы 7591 шақырым болатын
заңды түрде рәсімделген шекараға иеміз.
• 1993 жылдың наурызында Қызылордада Арал – ғасыр қасіреті атты
халықаралық конференция қатысушылары мемлекет басшылары атынан
Біріккен Ұлттар Ұйымына үндеу жолдады. Халықаралық Арал қорын құру
жөнінде келісімге келді. Азиядағы ірі мемлекеттерді Аралды қорғау
қозғалысына атсалысуға шақырған үндеу қабылданды. Аралды қорғау
Халықаралық қорының төрағасы болып, Н.Ә.Назарбаев сайланды.
• Одан кейін Елбасының бастамашылдығымен 1993 жылғы мамыр айында Жаппай
саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы Заң қабылданды. Осылайша
біздің мемлекет кезінде кертертпа жүйенің кесірінен еліміздің азаттығы
мен тәуелсіздігі жолында құрбан болған азаматтарды ақтап,
бәзбіреулердің өктем саясатымен жасалған тарихтың қателігін түзеді.
• 1993 жылғы 5 қарашада Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл
шаралар туралы Президент жарлығы шықты. 1993 жылы 15 қараша Ұлттық
валюта күні деп аталып, алғашқы Қазақстан Республикасының теңгесі
айналымға түсті. Оған атақты тұлғалар суреті басылып шықты. 2006 жылы
15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
• 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Болашақ
бағдарламасын тағайындады. Осы жылы Болашақ бағдарламасы бойынша
шетелге жастарды оқыту басталды.
1994 жыл.
• 1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық
қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
• Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік
сайлау өткізілді. Сол жылы парламент таратылды.
• 1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның
Бейбітшілікке арналған серіктестік бағдарламасының 19-шы қатысушы
мемлекеті болды.
• 1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына
көшіруге шешім қабылдады.
• 1994 жылы 5 желтоқсанда Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка
Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне
кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
• 1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге
келді. Талғат Мұсабаев Союз-ТМ6 ғарыш кемесімен көкке самғады.
1995 жыл.
• 1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды.
• 1995 жылы 12 қаңтарында Президент Жарлығымен қазақ ғарышкерлері
Т.О.Әубәкіровке, Т.А. Мұсабековқа, Ресей ғарышкері Ю.И. Меленченкоға
–Халық Қаһарманы атағы беріліп, жоғары ерекшелік белгісі –Алтын
Жұлдыз тапсырылды. Т.А. Мұсабековқа, Ю.И. Меленченкоға Қазақстанның
ғарышкер ұшқышы құрметті атағы берілді.
• 1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының
Ассамблеясы құрылды.
• 1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық
консультациялық-кеңесші орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты
нығайту болды.
• 1995 жылғы 24 наурызда Қазақстан халықтары Ассамблеясы (ҚХА) сессиясы
ашылды. Онда қаралған мәселелер: Президент Н.Ә.Назарбаевтың
өкілеттігін 2000 жылға дейін ұзарту мақсатында бүкілхалықтық
референдум өткізу туралы ұсыныс енгізу. Елбасының бұл қызметте
болуының бірінші конституциялық мерзімі 1996 жылдың желтоқсанында
аяқталатын еді.
• 1995 жылы 29 сәуірде өткізілген бүкілхалықтық референдумда
сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1
желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
• 1995 жылы 19 мамырда Алматыда банкнот фабрикасының бірінші кезегінің
ашылу рәсімі болды.
• 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан аумағынан ядролық қарудың соңғысы
шығарылды.
• 1995 жылы 3 шілдеде Президент Н.Ә.Назарбаевтың Алматы қаласында
Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы қаулысы шықты.
• 1995 жылы 30 тамызда Конституциялық өзгерістер процесі аяқталып,
қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы
қабылданды. Бұл негізгі Заңымызда республиканың экономикалық қүш-қуаты
мен мүмкіндіктері ғылыми тұрғыдан тиянақталып, халықтың әлеуметтік
топтарына тиісті мәселелерді шешу ескертілді.
1996 жыл.
• 1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы
арасында Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа,
сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын пайдалану тәртібі туралы
келісімге қол қойды.
• 1996 жыл – ұлы ақын-импровизатор Жамбыл Жабаевтың жылы.
• 1996 жылы 3 сәуірде Қазақстандағы қазақ ұлтының азаматтары құжатқа
тари хи халық дәстүрге сәйкес өз әкесінің аты-жөнін, ата-бабасының
атымен жаздыруға мүмкіндік алды.
• 1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу
(ЯСЖТ) шартына қосылды.
• 1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес
жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда Тәуелсіздік монументі ашылды.
Авторлары:архит. Ш.Уалиханов(топ жетекшісі, мүсіншілер: Н.Далбай,
Ә.Жұмабав, сәулетшілер Қ.Жарылғапов, Қ.Монтақаев т.б)
1997 жыл.
• 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ҚР Заңы
қабылданды.
• 1997 жылы 8 қарашада мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің
байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты өтті.
• 1997 жылы министрліктер мен ведомстволар 50-ден 25-ке азайды.
Әкімшілік ауданның 220-ның 30-ға жуығы таратылды. Әкімшілік облыстар
19-дан 14-ке кеміді. 1997 жылы 22 сәуірде Торғай, Талдықорған
облыстары таратылды. 1997 жылы 3 мамырда Көкшетау, Жезқазған, Семей
облыстары таратылды. Қазіргі кезеңде Қазақстанда 14 облыс бар.
• 1997 жылдың 20 қазанындағы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының
астанасы деп жариялау туралы № 3700 Жарлығына сәйкес, Ақмола қаласы
ресми түрде 1997 жылдың 10 желтоқсанынан астана болып саналады. 1998
жылдың 10 маусымы – астананың тұсаукесер күні ретінде белгіленеді.
•
• 1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030
стратегиялық жолдауы жарияланды. Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі
жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың ерешеліктері
айтылды. Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық
дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары
көрсетілген. 2030 жылы Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және
дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.
• 1997 жыл –халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына
арналған жыл болып, Қуғын сүргіндерді еске алу жылы деп аталды.
1998 жыл
• 1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының тілегі ескеріліп,
ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде
Ақмола атауын Астана қаласы деп өзгерту туралы Президент Жарлығы
шықты.
• 1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе
қорғанысы күштері құрылды.
• 1998 жылы 10 маусымда тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері
болып, астана күні тойланды. Бұл күнде Астана қаласы жаңа сәулетті,
соңғы сәнмен көркейіп, өсіп келе жатыр. Астана қаласы еліміздің басты
қаласына айналды.
• 1998 жылы 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаев бастаған ресми делегацияның Ватиканға сапары барысында
Қазақстан Республикасы мен Киелі Тақ арасындағы өзара байланыс туралы
келісімге қол қойылды. Қазақстан Республикасында римдік-католиктік
шіркеулердің 77 бірлестігі жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан мен
Орта Азия католиктеріне арналған Қарағандылық епархия құрылды.
Сонымен қатар, Республика аумағында 3 апостолдық әкімшілдік жұмыс
істейді.
• 1998 жыл – Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы.
• 1998 жылы 6 шілдеде ХХІ ғасырға бағытталған Қазақстан Республикасы мен
Ресей Федерациясы арасында мәңгілік достастық пен одақтастық туралы
Декларацияға қол қойылды.
1999 жыл.
• 1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы жылы.
• "НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды,
ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет
министрлігінде тіркелді. Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.
Партия мүшелерінің саны 607 557 адамды құрады. Қазақстанның
барлық облыстарында, Астана және Алматы қалаларында "НҰР ОТАН"
филиалдары бар. Партияның әлеуметтік негізін бюджеттік ұйымдардың
қызметкерлері, студенттер, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, шағын
және орта бизнес өкілдері құрайды.
Басты мақсаттары ретінде партия қоғамды одан әрі
демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформалардың
жүзеге асуына белсенді түрде жәрдемдесу; азаматтардың өмір сүру
деңгейін арттыру; әлеуметтік әділеттілікті бекіту және елдегі
тұрақтылықты сақтау; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту;
азаматтардың отансүйгіштік сезімі мен Қазақстан Республикасының жан-
жақты және үйлесімді дамуы үшін жауапкершілігін тәрбиелеу деп
жариялады.
Мәжілісте "НҰР ОТАН" парламенттік көпшілікке ие.
2007 жылы Мәжіліске сайлау қорытындылары бойынша партия
88.41% дауысқа ие болды. "НҰР ОТАН" партиясынан Парламенттің төменгі
палатасына партиялық тізім бойынша 98 депутат сайланды.
• 1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған
президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы
Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
• 1999 жылдың шілдесінде Астана қаласы ЮНЕСКО-ның Әлем қаласы
сыйлығымен марапатталды.
• Қазақстанда тәуелсіздік алғаннан кейін 1999 жылы бірінші санақ
өтті .
2000 жыл.
• 2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы деп аталды.
• Шежірелі Түркістанға 1500 жыл толды.
• Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи-мәдени игіліктерімен
таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік
мәдениет орталығы құрылды.
• 2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.
• 2000 жылы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының тәуелсіз сот
жүйесін күшейту жөнінінде Президент Жарлығы қабылданды.
• 2000 жылы 10 қазанда Астанада ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
төрағалық етуімен Кедендік одаққа қатысушы елдер – Беларусь,
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан Мемлекетаралық кеңесінің
кезекті мәжілісі болды. Еуразиялық экономикалық қауымдастық құрылды.
• 2000 жыл Елбасы Жарлығымен Мәдениетті қолдау жылы деп аталды.
Облыстық әкімшілік Ленин ескерткішінің орнына Кіші жүздің ханы,
даңқты қолбасшы Әбілқайыр ханға ескерткіш орнату жайлы шешім
қабылдады. Ескерткіш авторы — мүсінші, Мемлекеттік сыйлықтың
лауреаты, профессор Ескен Сіргебаев.
• 2000 жылы халықтан жиналған қаржыға Көтібар батыр Бәсенұлына кесене
орнатылды. Оның авторлары — сәулетші Несіпбек Қожағұлов және
суретші Әділғали Баяндин.
2001 жыл.
• 2001 жыл 21 ғасыр бастамасы.
2001 жыл – осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
• 2001-2010 жылдары –Тілдерді қолдану мен дамытудың ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz