Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептін әлемнің тілдік бейнесінде түрлі лексикографиялық дереккөздер негізінде айқындау


КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлемнің тілдік бейнесі - әлемнің мәдени бейнесі негізінде қалыптасатын болмысты, шындықты көрсетеді. Тіл -мәдениеттің құрамдас бөлігі болғандығымен қатар мәдениет те тілдің бір бөлшегі болып саналады. Тіл әлемнің ұлттық бейнесінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей алмайды, тек кана бейнелейді.
Әр түрлі тілдерде бір ұғымды білдіретін сөздің семантикалық қалпы да әркелкі болуы, әрі оның шындық бейнені толығымен көрсете алмауы ықтимал. Әлемді әр түрлі тілдерге тән тілдік құралдар арқылы, қабылдау және оларды концептуалды туыс тілдердің өзінде де әр қилы болып келеді. Себебі түрлі тілдерде әлем бейнесі, оның тілдегі бейнесі өзіндік ұлттың табиғатымен ерекшеленеді.
Белгілі бір мәдениеттің өкілдері үшін релевантты болып келетін тілден тыс шындықтың белгілері көп жағдайда тілде тікелей көрініс табады. Осыған байланысты, лингвомәдениеттану саласы тілді мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі ретінде қарастырады. Тіл мен мәдениеттанудың өзара байланысы туралы мәселенің шешімін табу - түрлі лингвомәдени дәстүр өкілдерінің шындықты қабылдаудағы әмбебап және өзіндік ерекшеліктерін іздеу барысымен тығыз байланысты. Сондыктан зерттеуге негіз болып отырған жүрек концептін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінін материалдары негізінде салыстыра-салғастыра талдау әр ұлттық менталитетінің этникалық ерекшеліктерін айқындауга мол мүмкіндік туғызады.
Диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлемнің тілдік бейнесінде эмоция мен сезімнің символы, әрі эмоция мен сезімнің бірлігі- жүрек болып табылады.
Жүрек концепті әлемнің тілдік бейнесін құрайтын «тірек» компонент. Себебі әлемдегі адамзат танымына сүйенсек жүрек - адам денесінің орталығы. Адам денесінін осы мүшесі оның өмір сүруінің негізгі күші, егер жүрек өзінің соғуын тоқтатса - онда адам да өзінің тіршілігін, яғни өмір сүруін тоқтатады. Сонымен қатар әлем тілдерінің барлығында жүрек концепті адамның рухани өмірінің орталығы болып саналатын сезімді білдірудегі басты ұғым ретінде қызмет аткарады. Жүрек адам бойындағы тек сезімді, эмоцияны ғана емес, адам танымындағы әртүрлі іс-әрекеттерді: күлу, куану, ренжу, қорқу, сезу, сезіну, жылау, ойлану, өз еркімен шешім қабылдау, махаббаттың оянуын, ар-намыстың сезімдерін т. с. с реттеп отырады. Жүрек адам өміріндегі физикалық және рухани дүниетанымының негізгі көзі болып табылады.
Діңи тұрғыдан алганда жүрек - иманның тұрағы, Алла Тағалаға сенім мекені. Ислам діңінде жүрек адамның өзегі, дәні болып саналады. Адам жүрекпен жетіледі, бойындағы бар игі касиет жүректен шығады. Жүрек қандай болса, адам да соның ыңғайына қарай қалыптасады. Жүрек адамның ішкі жан дүниесін бойлаумен қатар, тылсымды түсініп, ғайыпты сезінеді, шабыт алып қанағаттанады. Әлеммен тілдесетін жүрек шекара дегенді білмейді. Шығыс философтарының пікірінше, жүрек әрі дене мүшесі, әрі адамның рухани өзегі, сондықтанда жүрек адамның ең жоғарғы және ең төменгі болмысын біріктіреді. Жүрек адам денесінің барлық мүшелерімен тығыз байланыстағы басты рөлді атқарады және «мемлекет әміршісі» ретінде оларға билік жүргізетін мүше. Демек, тіл қызметінің мәдениет жасаудағы шынайы үрдісін танып-білу арқылы әлемнің тілдік бейнесі мен оның негізгі конструкциясын жіті қарастыру - зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Зерттеудің мақсаты. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептінің әлемнің тілдік бейнесінде түрлі лексикографиялық дереккөздер негізінде айқындау мақсатында төмендегідей зерттеу міндеттері қойылды:
• когнитивтік тіл білімі негізінде лингвомәдени мәселелерді шешуде теориялық ұстанымдарды айқындау;
• тіл табиғатын тану негізінде концепт категориясының қолданыс аясын, әрі құндылықтарын дәйектеп, әлем дүниетанымында маңызды орын алатын жүрек концептін қазақ, орыс, ағылшын тілдері негізінде салғастырмалы тұрғыда қарастыру;
• қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептімен келетін тілдік бірліктердің корпусын анықтау;
• әлемнің тіддік бейнесіндегі жүрек концептінін қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі әмбебаптык колданысы мен ұлттық ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу нысаны. Әлемнің тілдік бейнесін құрайтын концептілер жүйесі, этномәдени сипатқа ие тілдік бірліктер мен бейнелі сөздер.
Зерттеу пәні. Қазақ, орыс, ағылпіын тілдеріндегі жүрек концептінің қолданыс қызметі.
Жұмыстың әдістанымдык негізі. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептін жан-жакты зерттеу барысында әлемдік тіл білімінде, оның ішінде қазақ тіл білімінде: К, - Жұбанов, I. Кенесбаев, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Т. Қоныров, М. Копыленко, Ж. Манкеева, Э. Сулейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, Р. Авакова, Е. Жанпейісов, Ә. Нұрмағамбетов, Э. Оразалиева, А. Салқынбай және т. б., шетел тіл білімінде: Ю. Апресян, А. Потебня, Ф. де. Соссюр, Э. Сепир, В. Уорф, В. фон Гумбольдт, Н. Арутюнова, С. Аскольдов, А. Вежбицкая, В. Воробьев, С. Воркачев, А. Геляева, Г. Елизарова, О. Ивицкая, В. Карасик, В. Клоков, В. Колесов, Е. Кубрякова, А. Кунин, М. Мамардашвили, А, Пятигорский, 3. Тарланов, С. Тер-Минасова және т. б. ғалымдардың негізгі теориялық тұжырымдары мен пікірлеріне сүйендік.
Зерттеудің материалдары мен дереккѳздері. I. Кеңесбаевтың авторлығымен жарық көрген «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (1-Х), Ө. Тұрманжановтың «Қазак мақал-мәтелдері» жинағы, «Словарь русского языка», под. ред. А. П. Евгеньевой, «Фразеологический словарь русского языка» под. ред. Л. А. Воинова, В. П. Жукова, А. И. Молоткова, А. И. Федрова, «Этимологический словарь русского языка» под. ред. М. Фасмера, «Пословицы и поговорки русскогс народа» из сборника В. И Даля, «Англо-русский фразеологический словарь) :
A. B. Кунин. «Comprehensive English-Russian phrasevlogical dictionary», «Oxford advanced learner's dictionary» S. Wehmeier, «Beginning dictionary Macmillan» D. Halsey, сондай-ақ ауыз әдебиеті туындылары мен кѳркем әдеби шығармалардан жүрек концептіне байланысты жинақталган қазақ тілінен - 500, орыс тілінен - 250, ағылшын тілінен - 200 жуық тілдік бірліктер мен бейнелі оралымдар пайдаланылды.
Жұмыстың зерттеу әдістері. Зерттеу әдістері жұмыстың алдына қойған мақсаттары мен міндеттеріне байланысты айқындалды. Зерттеу барысында лексика-семантикалық, салғастырмалы-типологиялық, салыстыру, салғастыру және концептуалдық әдіс негізге алынды.
Зерттеудің ғылыми жаналығы. 1) Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептін салыстырмалы-салғастырмалы тұрғыдан зерттеу негізінде тілдің әлемдік бейнесі танылды; 2) Халықтың лингомәдениеттанулық деректері негізінде жүрек концептінің әлемдік танымдағы табиғаты, концепт категориясы, ойлау жүйесі, олардын тілдегі бейнесі, лексикографиялық деректері сараланды; 3) Жиналған тілдік бірліктер мен бейнелі оралымдар лексика-семантикалық топтарға жіктелініп тілдік тұрғыдан талданылуы қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі қолданыс ұқсастықтары мен ұлттық ерекшеліктері зерттеу тақырыбының жаңалығы болып табылады.
Зерттеудіц теориялық маңызы. Тіл білімінің когнитология және концеитология ғылымдарының нәтижесінде танылып, ашылып отырған жүрек концептінің мағынасын түрлі аспектіде қарастыру - жаңаша көзқарастың дәлелі.
Соның нәтижесінде соңғы жылдары ғылымдар тоғысуында пайда болған этнолингвистика, лингвистикалық мәдениеттану, лингвистикалық, елтану, когнитивтік лингвистика арқылы ұлттық мәдени ерекшеліктерді анықтап, қазіргі тіл білімінде осы бағыттағы зерттеулердің кешенді жүргізілуі - тіл білімінің теориялық маңызы болып саналады.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарында тіл білімінің лексикология, семасиология, фразеология, этнолингвистика, лингвистикалық мәдениеттану, контрастивті лингвистика салалары бойынша жүргізілетін дәрістерде, арнаулы курстарда, сондай-ақ практикалық сабақтарда кеңінен пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
Әлемнің тілдік бейнесі кез келген ұлт өкілдерінін шындық болмысты танып білу айнасы. Тілдік бірліктің тарихи негіздері халықтық болмысымен тікелей байланысты түрлі "мәдени кодтарды" жеткізуші, ұлттық сана-сезімді өз бойына сақтаушы тілдік таңба болып табылады. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептінен туындаған тілдік бірліктердің қызметі әлемнің тілдік бейнесіндегі әмбебаптын этникалық дүниетанымына негізделген.
Түрлі тілдік құрылымдарга жататын қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концепті - ұлттық дүниетанымның ықшам да, терең мағыналы құндылықтарын айқындайтын тілдік бірліктерде көрініс тапқан. Талданылып отырған қазақ, орыс және ағылшын тілдері үшін әлемнің тілдік бейнесіндегі жүрек әмбебаптық құбылыс ретінде "корқыныш", "кайғы, мұң", "куаныш", "сезім", "махаббат, сүйіспеншшік", "көңіл-күй", "жақсылық" және т. б. лексика-семантикалық топтарға жіктелген.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі жүрек концептінің семантикасындағы ұқсастықтармен қатар, әр ұлттың ойлау менталитетіне орай ерекшеліктер де жоқ емес. Орыс және ағылшын тілдері үшін жүрек - сезім мен эмоцияның тірегі болса, қазақ тіл әлемінде жүрек адами құндылықтардың (есте сақтау, ойлау, ар, ұят т. б) ошағы болып табылады. Қазақ ұлттық болмысында жүрек арқылы адамзаттың негізгі іс-әрекеті мен қызметі көрініс табады.
Ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде сақталған, әлем тілдерінің фондық лексикасының негізін құрайтын, әлемнің тілдік бейнесінен мағлұматтар беретін, бейнелі ойлаудьщ жемісі болып табылатын жүрек концепті кез келген тілдің лексикалық қорын байытады, әрі жүрек концепті негізінде алынып отырған қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі көптегең фраземалар, мақал-мәтелдер жасалынып, тілдің көркемдік құралдарын дамытады.
Жұмыстың құрылымы. Диссертациялық жұмыс екі бөлімнен, корытындыдан, 1 кестеден, 7 суреттен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖҮРЕК КОНЦЕПТІНІҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЙНЕСІ
1. 1 Әлемдік танымдағы тіл табиғаты
Тіл жалпы адамзаттың баға жетпес құндылығы деп танылатын көзқарас өркениетті
қоғамның негізгі қағидаларының біріне айнапды. Өйткені тіл дүниетанымның құралы, ойлаудын ұғым, түсінік, пайымдау тәрізді түрлерінің объективтенуі болып табылады. Сонымен бірге тіл қоғамдық сананың түрдерін қалыптастырумен қатар өз кезегінде оған әсер етеді. Ал әрбір тарихи кезең, қоғамдық құбылыстар тілде өз таңбасын қалыптастырып отырады. Тіл қоғамдағы тарихи, әлеуметтік, мәдени, рухани өзгерістердің айнасы іспетті. Зерттеу нысаны ретінде алынып отырылған жүрек концептін тілдік жүйенің құрылымдык бірліктерінен тұратын лингвистиканың ғана емес, жалпы әлемнің тілдік бейнесін жасайтын танымдық негізде бейнелеу - тіл ғылымындағы бүгінгі тандағы негізгі бағыттардын бірі.
Кез келген халықтың тілі - сол халықтың шынайы этникалық болмысының аинасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағына теориялық-танымдык үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр. Бұл үрдіс тіл мен адам санасын тұтастықта қарастырып, тілдік білімді адам миының жемісі, күрделі ассоциативті-вербальды құрылым, болмысты рух пен ой бірлестігінде танытушы жүйе ретінде кешенді сипаттауға негізделеді. Адамзат өзін қоршаған шындықты, әлемдегі сан алуан құбылыстар мен олардың сапа-қасиетін сезім мүшелері арқылы сіңіріп, санамен түйсініп қана қоймайды, оған жауап қайтарады, ақпаратты өзінше жаңғыртып, жаңа сапада қайта жасауға саналы-санасыз күйде талпыныс жасайды, өндейді, қорытады, елеп-екшейді, баға береді, тәжірибеде қолданады, бұлардың тұтас көрінісі ретінде әлемнің тілдік бейнесі жасалады.
Бұл бағыттағы когнитивтік лингвистиканың бастау көзі Аристотельдің, Платонның, кейін В. фон Гумбольдт және оның шәкірттерінің тіл философиясы концепцияларында жатыр. Когнитивтік үрдістің негізгі айырым белгісі тіл туралы жаңаша зерттеулерінде, тіпті зерттеу әдістеріне жаңа тәсілдер енгізуінде емес, таза танымдық бағдарының жаңалығында, тілге танымдык тұрғыдан келуінде,
Алғашқы когнитивтік зерттеулер этнолингвистикалық және лингвистикалық типологияны шендестіру денгейінде сипат алды. Сөйтіп, тілдік әмбебап құбылыстарды терең түсінуге талпынысты шетелде Н. Хомский, М. Джонсон, Дж. Лакофф, Р. Лангакер және Ресейде - Ю. Апресян, Е. Кубрякова, Ю. Караулов және т. б. еңбектерінен бастау алады.
Қазақ тіл біліміндегі когнитивтік бағыттын қалыптасуында этнолингвистикалық зерттеулердід мәні зор. Этнолннгвистикалық зерттеулердің алғашқы нышаны ретінде тіліміздің байлығы мен мәдениетіміздің рухани қазынасы ретінде осы салада зерттеу жұмыстарын жүргізген Ә. Қайдардан [1] бастап Қ. Аронов [2], Ғабитханұлы [3], С Жанпейісова [4], Е. Жанпеиісов [5], Р. Иманалиева [6], М. Копыленко [7], К. Күркебаев [8], Г. Кусимова [9], Ж. Манкеева [10], М. Мұсабаева [11], А. Мұқатаева [12], Р. Панзарбеков [13], Н. Оңғарбаева [14], С. Сәтенова [15],
Ш. Сейтова [16], А. Сейілхан [17], Ү. Серікбаева [18], Г. Смағұлова [19], Ә. Хазимова [20], Б. Уызбаева [21] және т. б. ғалымдардьщ зерттеулері тек этнолингвистика үшін емес, когнитивтік зерттеулер үшінде құнды.
Зерттеуге негіз болатын теориялық білімдер мен тұжырымдарды айқындау мақсатында қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі концепт теориясы мен когнитивтік тіл білімітн қалыптасу және зерттелу тарихы, олардың ерекшеліктері мен негізгі ұғымдарға талдау жасалынып, жүрек концептінің үш тілдегі когнитивтік аспектісі анықталады. Қазіргі тіл біліміндегі лингвокогнитивтік бағыттар, этнолингвистикалық, лингвомәдениет қырлары жан-жақты қарастырылды.
Ал соңғы уақытта таза когнитивтік бағыттағы ізденістер мен зерттеулер нәтижелі дамуда десек те болады. Оған дәлел Ж. А. Манкееваның «Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың танымдық негіздері», Н. Н. Аитованың «Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикасы», С. Жапақовтын «Эпикалық фразеологизмдердің когнитивтік негіздері», А. Б. Әмірбекованың «Концептілік құрылымдардың мәтіндегі вербалдану ерекшелігі (М. Мақатаев поэзиясы бойынша) », Қ. Жаманбаеваның «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана», М. Т. Күштаеваның «Тары» концептінін семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны, А. Исламның «Ұлттық мәдени контексіндегі дүниенің тілдік суреті», Э. Оразалиеваның «Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы», М. Б. Тілеубердиевтіқ «Қазақ ономастикасының негіздері» сынды осы бағытта зерттелініп жүрген еңбектердің маңызы зор деуімізге әбден болады.
Ғалым Е. Жанпейісов «Этнокультурная лексика казахского языка»
еңбегінде М. Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік
әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеу қазақ халқының мәдениетін тіл
деректері арқылы танытуда қосқан үлесі екендігін айтады». Ғалым Р. Сыздық
«Сөздер сөйлейді» еңбегінде бүгінгі күні тілімізде ұмыт болған сөздер мен сөз
тіркестерінің мағынасын ашып көрсеткен.
«Лингвомәдениеттану - этномәдени жәңе этнопсихологиялық факторлар мен тілдегі ұлттық мәдени мағына компоненттерін тіл арқылы мәдениеттану бағытында зерделеп, тілдің дәл қазіргі қолданыс қызметін көрсететін ұлттық ерекшелігін ешбір идеологиясыз, заманға сай келбетін таныту. Бұл ретте тіл -ұлт-мәдениет дейтін үштік лингвомәдениеттану пәнінін зерттеу нысаны болмақ» [19, 147 б. ], - деп ғалым Г. Смағұлова ұлттық тіл мен ұлт мәдениетінің тоғысуындағы өзара байланысты анықтап, мәдениет ұғымын мағыналас фразеологизмдердің бойына тіл аспектісінде қарастырады.
Лингвомәдениеттанудың өркениетте, қоғамдық ғылымдармен қатар дамуын тілдік тұрғыдан сөз ету - пәннің зерттеу нысаның нақтылай түседі. Осыған байланысты кѳне тіл деректері лексикамызда сөзжасам саласының қызметін арттыруда халқымыздың мәдени ѳмірімен байланысты екенін тілші А. Салқынбайдың пікірі толықтыра түспек: «Тілдік деректерді лингвомәдени аспектіде зерттеу - ең әуелі тілдер арасындағы жалпы адами гуманитарлық мәдени, өркениеттілік кырларды айқындау болып табылады. Табиғаттағы,
әлемдегі құбылыстар, қоғамдағы сана мен салт, бәрі де тілде өз көрінісін табатындықтан, атау мен оның жасалу сипаты лингвомәдени аспектіде қарастырылады» [22, 41 б. ], - дейді. Тіл мен мәдениеттің өзара қарым-қатынасы туралы сөз қозғағанда алдымен «мәдениет» ұғымының өзіне тоқталған жөн. Осы ұғымды анықтау мақсатында тіл білімі саласында кѳптеген қадамдар жасалынды.
Мәселен, Г. В. Елизарова «мәдениет» ұғымын аксиомалық ұғым деп есептейді, себебі аксиомалық ұғым интуициялық жағынан айқын болып көрінеді. Дегенмен мұндай кешендік ұғымға анықтама беру ѳте қиын мәселе. Мәдениет ұғымына берілген тұрмыстық анықтамалар да жиі кездеседі, мысалы, «Мәдениет - бұл біздің осында қалай өмір сүріп жатқандығымыз» [23, 451 б. ], мұндай анықтамалар мәдениет ұғымын белгілі бір аспектіге қатысты алып қарамай, оның бүкіл көпқырлығын қамтуға талпынады. Мәдениетке анықтама берудің алғашқы кадамы «мәдениет дегеніміз - бұл барлық қоғамда болатын гомогенді құбылыс» деген көзқарасқа негізделеді. Қоғамдар арасындағы айырмашылық мәні мен мазмұныңа қарай болатын айырмашылық ретінде қарастырылмай, бір ғана құбылыс, яғни мәдениеттің даму деңгейіне байланысты анықталып отырады. Оның өлшемі ретінде тағы, мәдениетсіз өмірден өркениет сатысына көтерілу үрдісі алынды. Өркениеттің белгілері артқан сайын қоғам да дами береді, оның үстіне кез келген қоғам мәдени қатынасы жоғары деңгейде болған жағдайда ғана дамыған елдер қатарына жатқызылатын болды. Э. Талордың еңбектерінен осы ұғымға анықтама берудің ең айқын үлгілерін табуға негіз бар. Оның мәдениет ұғымына берілген анықтамасы бойынша, мәдениет құрамына білім беру, дің, ѳнер, мораль, заң, салт-дәстүр және қоғам мүшесі ретінде әрбір адамның өз талғамына сай меңгеретін тағы да баска әдет-қылықтарын енгізе отырып, оны кешенді бүтіндік етіп сипаттайды. Алайда осындай көзкарас тұрғысынан қарағанда өркениет пен мәдениет - бір-бірімен салғастыруға болмайтын өлшем деген оймен келісу мүлдем қиын болады. Бір құбылысты екінші құбылыс арқылы ешқашан өлшеуге болмайды, себебі бұл екі құбылыс әр түрлі жазықтықты алып жатыр [23, 10 6. ] .
XIX ғасырдың соңында, Ф. Боастың антропологиялық еңбектерінен өрбіп, мәдениет термині түрлі қоғамдарға байланысты қолданыла бастады. Мәдениет құбылысына деген осындай көзқарастар модификациясының әр алуан болуы тілдің қандай мағынаға ие болатындығы туралы мәселеге байланысты туындайтындығы белгілі. Осы сәттен бастап мәдениет пен тіл бір-бірінен жігі ажырамас қарым-қатынаста қарастырылатын болды.
А. Вежбицкаяның тұжырымдауынша, Клифорд Герцтің мәдениет ұғымына қатысты ұсынған анықтамасы аса жемісті айтылған. Клифорд Герц: «Мәдениет дегеніміз - бұл белгілерге толы мағыналардың тарихи жолмен берілетін үлгісі. Бұл әрдайым жалғасын тауып отыратын жүйе, оның көмегімен адамдар бір-бірімен араласады, сөйлеседі және оның негізінде адамдардың өмір мен өмір қағидалары жайлы білімдері қалыптасып, дами түседі» [24, 289 б. ] .
Э. Сепир қоғамның қалай өмір сүретіндігі мен қалай ойлайтындығы мәдениет болып саналады деп анықтады [25, 193 б. ] . Ал Г. П. Нещименко жалпыланған дефиницияны жоғары бағалады. Осы аталған жалпыланған дефиницияға сәйкес «мәдениет» термині арқылы шынайы өмірдің рухани меңгерілуі айқындалады. Осы термин арқылы мәдени құндылықтары адамның рухани қызметінің объектіленуінің нәтижесі ретінде түсіндіріледі [26, 31 б. ] .
Көптеген зерттеушілер өз еңбектеріне арнаған ғылым, мәдениет салаларының құрамына енетін компоненттерді, оның зерттелу мақсаты мен арнайы бағыттары, мазмұны мен құрылымы әр түрлі жолмен талқыланды.
Мәдениет ұғымын, әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ең алдымен, табиғаттан,
биологиялық және физиологиялық күштерден ерекше, жеке тұлғамен ғана
шектелмейтін, қарым-қатынас құралдары арқылы бір-бірімен араласатын
адамдардың тобына тікелей қатысты сала ретінде қарастырған тиімді.
Мәдениет ұғымын анықтау барысында жасалатын когнитивті қадамның нәтижесінде мәдениетті жеке тұлғамен меңгеріле отырып, ойлау реалийлары, құрылым мен үрдіс терминдерін қолдану сипатында қарастыруға болады. Семиотикалық бағыт, біріншіден, оны әлемге тарататын, ал содан соң қарым-қатынас түрінде қолданылатын таңбалар жүйесі деген ойға сүйенеді.
Дегенмен жоғарыда келтірілген анықтамалардың бір де бірі мәдениет
ұғымының табиғатын толық аша алмайды, себебі олар мәдениеттің көптеген
қырларының тек бір қырын ғана ашуға қабілетті, олар мәдениетке тек «қадам» жасау арқылы шектеліп, оны тұтастай қарастыра алмайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz