ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыстың мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 . ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1. Педагогикалық кәсіптік орта білім беру үдерісінде оқушылардың
коммуникативті қарым-қатынастарының мәні мен оның
сипаттамалары . . . 8
1. 2. Педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие үдерісінде оқушылар арасындағы коммуникативті қарым-қатынасын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері . . . 25
1. 3. Педагогикалық колледждің оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын қалыптастыру
мүмкіндіктері . . . 46
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДІҢ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ . . . 50
2. 1. Оқу-тәрбие үдерісінде педагогикалық колледж оқушыларының коммуникативтік қарым-қатынасын қалыптастыру
мазмұны . . . 50
2. 2. Педагогикалық колледждегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативті қарым-қатынасын қалыптастыру
әдіс-тәсілдері . . . 69
2. 3. Тәжірибелік жұмыстардың мазмұны және оларды талдау, қорытындылау . . . 78
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 81
ҚОСЫМШАЛАР
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаев 2005 жылғы 18 ақпанда Қазақстан халқына Жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелуі анық» делінген [1] . XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу керек. Себебі рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашағымыздың тірегі бола алады. Сондықтан білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер ауқымды тәрбие керек.
Ұрпақ тәрбиесі - ел алдындағы маңызды зор міндет. Еліміздің, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени дамуында үлес қосатын, білімді де мәдениетті, парасатты, денсаулығы мықты азамат тәрбиелеп шығару - орта кәсіптік білім беружүйесіндегі ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы баға жетпес міндеті. Адам ұрпағымен мың жасайды - дегендей, ұрпақ тәрбиесі - қай кезде де халықтық мәселе болған. Тарихтан білетініміздей, дарындылар, қабілеттілер аса жоғары бағаланған. Сондықтан қазіргі педагогикалық колледж педагогтары алдында тұрған аса маңызды міндет - талабы таудай тұлғаны тәрбиелеп, орта кәсіптік біліктілігі бар маманды өсіріп шығару. Ал еш нәрсеге бейімділігі жоқ, қабілеті жоқ адамның болмайтыны педагогикада дәлелденгендіктен, оқушы дарынын дамытар жұмысты орта мектепттен кейінде жалғастыра беру керектігі айдан анық.
Яғни, міндет - ұлттық мәдениетті көтеру, ұлттық педагогиканы әдет-ғұрып, халық мұрасын пайдалану арқылы намысты, имандылық пен ізгілікті, жат іс-әрекеттерге сын көзбен қара, өз басын бере білетін, рухани байлықты қастерлейтін, өз ошағын, Отанын қадірлейтін азамат тәрбиелеу. Ол үшін ұлттық мектебімізді жаңа типпен, білім беруді жаңаша әдіс-тәсілмен жүргізу керек. [2]
Әлеуметтік-экономикалық реформалардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, қоғамдық өзгерістер қазіргі кездегі білім беретін педагогикалық колледждерде педагогтардың кәсіби педагогикалық қабілеті мен оқушылардың білімін, білігін жетілдіру проблемасын бірінші кезектегі мәселеге көтеріп отыр. Қазіргі қоғамымыздың қойып отырған талабына сәйкес жастардың өмірден өз орнын таңдай алатын, экономикалық тұрғыдан іскерлігі мен ойлау қабілеті дамыған, тығырықтан жол таба алатын, істің нәтижесін болжай алатын, іскер, тапқыр, адамгершілік қасиеті мол білгір шәкірттерді қалыптастыруға айрықша көңіл аударылып отыр.
Соған сәйкес, білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде педагогикалық колледждердің оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастырудың әдістерін, түрлерін іздестіру туралы Республикамыздың білім беру коцепциясында да аса маңызды тапсырмалар беріліп отыр. Онда білім беру жүйесінің басты міндеті - колледждің педагогикалық ұжымдары ертеңгі болашағымыздың тағдыры жас ұрпақтың оқу-тәрбие үдерісіне баса көңіл аударып, оқушыларға нақты білім беру, колледждерде оқушылардың қарым-қатынасын дұрыс ұйымдастыруына байланысты болмақ. А. М. Кенжанованың зерттеу жұмысында оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларының өзара қарым-қатынастарын педагогикалық тұрғыдан қарастырған.
Адамның әдепті, өнегелі болуы, алдымен, өзіне байланысты, содан кейін әлеуметтік ортаға қатысты. Бірақ бұл шындықта әрбір адам қоғамдық ортада өз орнын қалай табады, өзін қалай көрсетеді, беделін қайтіп көтереді деген мәселелердің беті ашылмай қалды. Жас кезде адам ортаға бейімделеді. Өз өңіріне, өз өрісіне кім қалай бейімделеді - бұл да үлкен мәселе. Ортаны өзіне үйіріп әкету - есейгендіктің белгісі. Яғни, адамның бойындағы жақсылық пен жамандық, адамгершілік құлық, тіпті қоғамдық өмірдегі жарамсыздық пен жұғымсыздық та қарым-қатынастан туындайды.
Қарым-қатынас туралы түсінік пен көзқарас әртүрлі. Өйткені әркімнің өмір сүру тәсілі мен ортасы әрқилы. Десек те көптің көңілінде жүрген үміт пен күдік аз емес. Көптің көңілінен, ұжымның күткенінен шығу - оңай жұмыс емес. Көптің алдында дұрыс сөз бастау, өзіңді ұстай білу, ойыңды тыңдаушының зейініне құя білу - қатып сенген дағды емес. Сол межеге үнемі ұмтылу керек, сол әдісті әрдайым қайрап отыру абзал. Адамның қарым-қатынас дағдылары оның білім алуы мен танымдық іс-әрекеттерінің сапалық деңгейіне де тәуелді болып келеді. Яғни, оқушылардың қарым-қатынасын жақсарту олардың білім деңгейіне, сол сияқты оқу-танымдық іс-әрекеттерін арттыруға байланысты.
Оқытушы оқушынының сабақ үлгерімі мен танымдық іс-әрекетін арттыру үшін мынадай жұмыс атқаруы қажет:
- баланы топтан тыс жерлерде дәріс сабағын өткізуді ұйымдастыру;
- тарихи жерлерде оқушылармен танымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру;
- оқытушы мен оқушы арасында топтан тыс жерлерде әңгімелесу, пікірталас жайында өзара коммуникативтік қарым-қатынасы қалыптасады;
Бұдан шығатын қорытынды, оқушыны түрлі бағытта қалыптасу қызметі іске асырылады және де сабаққа деген қызығушылығы арта түседі. Себебі, оқушы арасында жоғарыдағыдай қарым-қатынас болмаса, оқушының сабаққа деген ынтасы болмас еді.
Қарым-қатынасты әркім өзін көрсе, байқаса дейді, әркім өз сөзін естісе, тыңдаса дейді, әркім өзін бағаласа, сыйласа дейді. Ынта - әркімге тән, табиғи үміт. Сыйлы болу үшін, шамасы, қоғамдық қажеттілікке лайық сенім, сенімділікті мекендейтін күш-жігер, күш-жігерді жетелейтін білім мен мінез керек. Осы талаптардың негізін еңбек пен тәрбие, өзіндік ынталалық пен өзіндік тәрбие құрайды.
Осыларға сәйкес, қоғамымыздағы өскелең ұрпақтың қарым-қатынас деңгейін арттыру, дамыту қажеттіліктері мен педагогикалық колледж дегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынасын қалыптастыруды өзежесінде ұйымдастырылмауы арасында қарама-қайшылық анықталды. Осы қайшылық біздің магистрлік диссертация тақырыбымызды « Педагогикалық колледжерде оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың коммуникативті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру » деп таңдауымызға себепші болды.
Зерттеудің мақсаты. Педагогикалық коллледждің о қу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарының теориялық негізін анықтап, оны ұйымдастырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің нысаны. Педагогикалық колледждегі оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні. Педагогикалық колледждегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, педагогикалық колледждегі оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың теориялық және әдістемелік қағидалары орынды пайдаланылса және оқытушылар оқушылармен қарым-қатынас барысында олардың жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу-тәрбие үдерісін жүйелі түрде ұйымдастырса, онда оқушылардың оқу-тәрбие үдерісінде өзін-өзі тәрбиелеуге, олардың адамгершілік қасиеттерін, коммуникативтік қарым-қатынас қабілеттерін қалыптастыруға оң ықпал жасалынады.
Зерттеудің міндеттері:
- педагогикалық колледж оқушыларының коммуникативтік қарым-қатынастарының мәнін ашу және олардың сипаттамаларын анықтау;
- оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың мазмұнын ашу;
- оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың әдістерін көрсетіп, анықтау;
- оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастыру тәжірибелерін жүргізіп, оларды талдау, қорытындылау.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері Отандық, шетелдік философия, әлеуметтану, психология және педагогика ғылымы саласының ұлағатты маман ғалымдарының жеке адамды дамыту туралы ілімдері, қарым-қатынас және оқыту мәселелері, оқытушылар мен оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын оқу-тәрбие үдерісінде қалыптастырудағы психологиялық-педагогикалық тұжырымдары, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар зерттеу мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының Заңдары, Қазақстан республикасының «Жоғары білім туралы» Заңы, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, философтардың әлеуметтанушылардың педагогтар мен психологтердің еңбектері және басқа да құжаттар мен ресми материалдар, оқу-әдістемелік құралдар, озат педагогтардың тәжірибесі, автродың өзінің педагогикалық іс-тәжірибесі.
Зерттеудің әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; педагогикалық колледжде оқу-тәрбие үдерісін бақылау; озат тәжірибелерді меңгеру, сараптау; оқытушылармен, оқушылармен әңгіме жүргізу, пікірталас, сауалнамалар мен диагностикалық тестілер алу; әдістемелік жүйенің мақсатқа сәйкестігін және педагогикалық тиімділігін тәжірибе арқылы тексеру; тәжірибелік жұмыстардың мәліметтерін сандық жағынан сараптап қорытындылау; зерттеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық, этнопедагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге, оқу құралдарына теориялық талдау жасау; педколледжде оқытушылар мен оқушылар арасында сауалнама, әңгіме жүргізу; озық педагогикалық тәжірибелерді оқып-үйрену, бақылау, тестілеу.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезең: Әдіснамалық, ғылыми, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалынды. Зерттеудің тақырыбы белгіленіп, теориялық негізі анықталды. Педагогика, мектеп педагогикасы, этнопедагогика, психология және жас ерекшелік психологиясы материалдары, сондай-ақ ғылыми педагогикалық материалдар сұрыпталды. Жұмыстың ғылыми аппараты айқындалды.
Екінші кезең: Негізгі теориялық ойларды анықтау мақсатында оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарын Түркістан Гуманитарлық-Техникалық колледжінде оқушылармен сауалнама жүргізілді. Колледж оқушылары қай пән оқытушының қарым-қатынасы қандай, қай оқушымен қарым-қатынасы қалай, қандай оқушымен қарым-қатынастарын жақсарту мақсатында және қарым-қатынасты күнделікті іс-әрекетінде ұтымды пайдалану жолдары алға қойылды.
Үшінші кезең: Педагогикалық тұрғыдан талдау жасалынып, сұрыпталды. Зерттеу жұмысымыздың нәтижелілігі тексерілді, ғылыми болжамдар дәлелденді. Қорытынды тұжырымдар жасалынып, ұсыныстар берілді.
Зерттеу базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан Гуманитарлық-Техникалық колледжі.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- «коммуникативтік қарым-қатынас», «коммуникативтік қарым-қатынасты қалыптастыру» деген ұғымдарына ғылыми және педагогика теориясы тұрғысынан анықтамалар жетілдірілді;
- оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың негізгі педагогикалық шарттары айқындалды;
- оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың ғылыми-әдістемелік нұсқауы жасалынды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- «педагогикалық колледжде оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудағы» ұғымына анықтама берілді;
- оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың құрылымы мен мазмұны негізделді;
- оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың әдістемесі жасалды.
Диссертацияның құрылымы. Магистрлік диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің ғылыми аппараты: зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, міндеттері, нысаны, пәні, зерттеу болжамы, зерттеудің жетекші идеясы, зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні, зерттеулердің құрылымы көрсетілген. «Педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативті қарым-қатынасын қалыптастырудың теориялық негізі» атты бірінші бөлімінде зерттелініп отырылған мәселеге байланысты ғылыми жазылған еңбектерді, педагогикалық тұжырымдарды негізге ала отырып, оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастардың мәні анықталып және оның сипаттамасы, көрсеткіштері мен деңгейлері белгіленеді. Оқушылардың қарым-қатынастарын қалыптастыруда М. Е. Дуранов, Б. Д. Парыгин, А. А. Леонтьев, В. А. Кан-Каликты педагог-психологтарымыз үлестерін қосқаны туралы, педагогикалық қарым-қатынас қандай функциялары арқылы жүзеге асырылатындығы , педагогикалық қарым-қатынастың кезеңдері оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың мазмұны , қарым-қатынас стилі және «коммуникативтік» терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылытындығы айқындалады.
«Педагогикалық колледждерде оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативті қарым-қатынасын қалыптастыру технологиялары » атты екінші бөлімде оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың мазмұны, оны практика жүзінде қолдана алуы, оқу-тәрбие үдісінде оқушылардың коммуникативтік қарым-қатынастарын қалыптастырудың әдістері көрсетіліп, тәжірибелік жұмыстың барысында көрсетіліп, талданды.
Қорытындыда теориялық және практикалық жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
Қосымшада коммуникативтік қарым-қатынасқа байланысты жүргізілген тесттер, сауалнамалар, өтілген сабақ жоспары, практикалық жұмыстың кейбір материалдары берілді.
Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы, Түркістан Гуманитарлық-Техникалық колледжі.
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
1. 1. Педагогикалық колледждерде оқу тәрбие үдерісінде оқушылардың коммуникативті қарым-қатынасытарының мәні мен сипаттамалары .
Қазіргі кезде елімізде болып жатқан елеулі өзгерістер мен жалпы білім беру тұжырымдамасында жас ұрпақты тәрбиелеуші ұстаздар қауымына күрделі де жауапты міндеттер жүктеліп отыр. Республикамыздың «Білім беру» заңында «оқытудың тиімділігін арттыруға, жастарды дербес өмір сүріп, еңбек етуге даярлауда түбегейлі жақсартуға жаңа қоғамның саналы құрылысшыларын тәрбиелеуге батыл күш салу қажет» делінген. [3]
Бұл өмірде ешкім бәрін біліп тумайды, дана болып келмейді. Оның бәрі - талпыну, іздену, мақсатты еңбектің арқасында келетін жетістік.
Аса ойшылдардың айтқанындай: “Адамды адам еткен - еңбек”. Еңбек үстінде адамның көптеген психикалық ерекшеліктері дамып, өмір сүру барысында олар түрлі жолдармен жарыққа шығару. Мысалы, үлкендер өзіне тән ерекшеліктерін еңбектену барысында көрсетсе, мектепте оқитын балалар сабақ үстінде, ал мектеп жасына дейінгі балалар өз психологиясын ойын үстінде байқатады. Ойын - балалар үшін күрделі әрекет. Ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал ол білімді бала қайдан алады дейсіз ғой. Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс.
Кішкентай бала қасындағы түрлі-түсті ойыншықтармен өзімен-өзі ойнап отыра береді. Ойыншықтар неғұрлым түрлі-түсті болған сайын олар баланың зейінін өзіне тартып, бала соларға көбірек ұмтылыды. Ал оқушының жасы ұлғайған сайын ол жалғыз ойнамайды, қасындағы қатар құрбыларымен бірлесіп ойнайды. Өзара қарым-қатынас жасайды. Оқушының басқа оқушылармен бірігіп ойнауы оның психикасында жаңа қасиеттердің пайда болуымен байланысты. Балада қоғамдық сипаттар дами бастайды. Салалы адам өміріндегі әлеуметтік қасиеттің бір түрі - ол қоғамдық өмір. Адам жалғыз өмір сүре алмайды, ол үнемі қоғаммен бірге қарым-қатынаста болады. [4]
Қарым-қатынас дегеніміз не? Оны қалай түсінеміз? Қарым-қатынас-бұл адамға адам қажеттіліктерін қанағаттандыру. Адамдар өзара бірлесе отырып ортақ нәтижеге жету үшін күш біріктіре келісуін қарым-қатынас деп түсінеміз. Қарым-қатынас жасау арқылы сол адамның мәдениетін, ішкі жан-дүниесін, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, өскен ортасын, алған тәрбиесін саралауға болады. [5]
Әрине қарым-қатынас түрлері өте көп. Атап айтатын болсақ, ата-анамен баланың арасындағы қарым-қатынас, жолдастар арасындағы қарым-қатынас, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас т. б. Соның ішінде мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынастарын алатын болсақ ұлы ағартушы Ы. Алтынсарин “Мұғалім балалармен үнемі қарым-қатынаста болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлықпен сөйлеп, шұбаланқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан, әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек”-деген. [6]
«Коммуникация» немесе «коммуникативтік» терминдері қандай мағынаны білдіріп, қалай қолданылытындығы жөнінде айта кеткен жөн.
Болашақ оқытушылардың коммуникативтік дағдылар жүйесі туралы айтар болсақ, алдымен коммуникативтік деген ұғымға тоқталған жөн. Коммуникация дегеніміз адамдар арасындағы өзара және іскерлік бағыттағы қарым-қатынастарды білдіреді, яғни ол ақпараттарды баяндау, хабарлау, демек өзара ақпарат алмасу деген ойға саяды. Ендеше оқытушы мен оқушылардың қарым-қатынастарының негізгі мазмұнына оқытудың және оқу материалының мазмұнын бала ұғымына лайықты жоспарлау, оқушылардың оқу материалдарына қызығуын қалыптастыру жатқызылады. Бұл орайда болашақ мұғалім оқу үдерісінің мәнін терең түсінуі, тәрбиелік бағыттарын кең арнада саралап, талдауы, әдістемелік жағынан дидактикалық қиындықтарын жеңе білуі, кәсіптік дайындығының деңгейін көтеріп, ең бастысы, болашақ мұғалім өз жұмысына қойылатын талаптарды терең түсініп, психологиялық жағынан даярлауы. [7]
Адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынас деген ұйымды білдіру арқылы бұл сөздің мағынасы әлдеқайда кеңейеді. Сонымен қатар «коммуникация», «коммуникативтік» термині көптеген ғылым салаларында кеңінен қолданылып келеді. Бұл сөздің тілге, сөйлеуге қатысты алғашқы мағынасы «қарым-қатынас», тіл арқылы түсінісу, пікірлесу дегенге саятын болса, кейінгі кезеңдерде бұл ұғым одан әлдеқайда тереңдей түсті. Мәселен, тілдік коммуникация - тіл арқылы сөйлесу, ұғынысу дегенді білдірсе, қоғамдық коммуникация - қоғамдық байланыс, қоғамдағы қарым-қатынас дегенді аңғартады, саяси коммуникация - саяси өмірдегі байланыс саясатқа қатысты қарым-қатынас дегенді байқатса, ал педагогикалық коммуникация -оқытушы мен оқушылардың арасындағы қарым-қатынас түсіндіреді, яғни біздің ғылыми жұмысымыздың қарастырып отырған мәселесі.
«Коммуникативтік» терминіне қатысты зерттеу еңбектерінің қай-қайсысында да оның қарым-қатынас құралы, сөйлесуге байланысты қасиетті баса айтылады. Мұның өзі сөзінің, ең алдымен, тілдік қарым-қатынасқа, екіншіден, адамдардың өзара ұсынысуына, бірін-бірі түсінісуге негізделетінін дәлелдейді. Коммуникативтік арқылы адамдар бір-біріне ойын жеткізіп, белгілі бір нәрсені хабарлап қана қоймайды, сонымен қатар олар өзара түсініседі, пікір алмасады, бірінің ойын екіншісі ұғады. Екі адамның бірінің жанын бірі ұғуы бір топтың түсінісуіне ал топтың пікір алмасуы қоғамның жетілуіне әкеледі. Осыдан шығып, адамзат тілінің әрі қоғамдық, әрі әлеуметтік функциясы көрінеді, «коммуникативтік» терминнің әлеуметтік сипаты осыдан келіп шығады.
Сонымен «коммуникация» - қарым-қатынас, өзара байланыс деген ұғымды білдіреді. [8]
Ия, ұстаздық қызметте табысқа жету үшін бітіруші мамандар терең әрі кең білім алып, әдістемелік толық қаруланған және жоғары мәдени деңгейі болуы тиіс. Сонымен қатар қызметті шығармашылық сипатта болуды, әрі педагогтық қабілеттің елеулі мәні бар. Себебі мұғалімі оқушылардың оқуға ынтасын тәрбиелеу арқылы олардың қабілеттерінің дамуына кең жол ашады. Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып оқу үрдісін жүргізуі керек. [9]
Әрине оқушылардың арасындағы қарым-қатынас жасау барысында педагогтың қосатын үлесі аса қажет. Педагог (грекше тәрбиеші) - дәріс беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтың мұндай іс-әрекетінің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс-әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғарғы нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан-жақты білімді, табанды еңбекті талап етеді.
Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі бір пән мұғалімі ғана емес, ол оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.
Осы тұрғыдан қарағанда педагог тек «бала жетектеуші» ғана емес, педагогика-гуманистік сапа кешенін түзетін өнерде. Ал ондай сапаның болмауы кәсіби іс-әрекеттің тиімді орындалуын болдыра алмайды. Мұндай сапаларға педагогтің позитивті адамгершілік тұрпаты, жоғары теориялық және әлеуметтік ойлау қабілеті, өмірге оптимистік көзқарасы, адамдардың гуманистік потенциялына сенімі жатады. Мұндай мағынада педагог рухани азамат болуы тиіс. Ал бұл жаппай бола беруі мүмкін болмайды және көп нәрсеге міндеттейді.
Педагогикалық мәдениетті педагогтік әдептіліксіз көз алдымызға келтіру мүмкін емес. Педагогтік әдептілік - мұғалімнің, оқытушының, ұстаздың оқытушылармен қарым-қатынасына қойылатын талаптардың мәжесін сақтау, оқу және оқудан тыс уақыттарда олармен дұрыс қатынастың бабын табу білігі. [10]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz