Жаратылыстанудың ғылым мен мәдениет системасындағы орны


Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жаратылыстанудың ғылым мен мәдениет системасындағы орны

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы.

Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан-жақты назар аударуында, зерттеуінде болды. Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой-пікірлерді, жаңылықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты, бір білімді екіншілерінен логикалық жолмен ойша қорытып шығарумен, сөйтіп оны жүйелі, негізді және анық-айқын білім жасаумен айналысты.

Жаңа методологиялық әдіс ХVIІ ғасырда жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде классикалық жаратылыстану дүниеге келді.

Ертедегі грек ойшылдары жасаған логика (дұрыс ойлаудың заңдары мен формалары жайлы ілім) танып білуге тиісті шындық дүниенің өзіне тікелей қатысты емес, ол дүние жайлы ойлауға қатысты болды, яғни ғылыми талдаудың объектісі тікелей дүние заттары мен құбылыстары болмай, олардың ойша бейнелері - абстракция, ұғым, пікір, сан, сапа, заң, т. б. болды. Сөйтіп, материалдық дүниеге қарағанда оның идеалдык, бейнесі әлдеқайда жүйелі логакалық және заңды түрде ретке келді. Білім, сөйтіп, материалдық дүниеден "жоғарырақ" тұрғандай болып, өзіндік айтарлықтай дербес болмысы бар теория саласын құрды. Антик ғылыми жасап берген сондай жүйелі теориялық білімнің бірінші мысалы ретінде Енклид геометриясын алуға болады.

Осындай жаңалықтардың арқасында антик заманының мәдениеті, ғылым-білімі, қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар космологиялық модельд жасап, физика, биология т. б. болашақ ғылымдар үшін құнды-құнды идеяларды тұжырымдады. Нағыз ғылыми білімнің бірінші үлгісі сынақтан өтті, оны ғылыми емес білімдерден айырып тұратын негізгі ерекшеліктері көрінді. Олар мыналар: 1) ғылыми білім жүйелі, сондай-ақ оны басқа білімдерден логикалық жолмен қорытып шығаруға болады; 2) ғылыми білімнің объектісі тікелей шындық дүние заттары мен құбылыстары емес, идеялық объектілер, яғни олардың ойдағы бейнелері; 3) ғылыми білімнің мазмұны оны танып білуші адамның (субъектінің) мақсат-мүддесіне тәуелсіз. объективтік ақиқат болуы тиіс; 4) ғылым қайталанушы құбылыстарды ғана зерттейді, жеке дара заттар мен құбылыстарды ғана емес, белгілі бір топқа, класқа жататын заттар мен құбылыстардың бәріне тән жалпы заңдылықтарды іздейді.

Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар;

б) шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы) ; мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.

Ғылыми танымның тек бұл эмпирикалық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгейін айыра білу қажет.

Мәдениет ұғымы

Мәдениет ұғымын білдіру үшін әлеубастапқы латын тіліндегі "cultura" деген терминді өзгертпей алып жүргені белгілі, өйткені ол халықаралық терминге айналып кеткен. Сондықтан біз де мәдениет ұғымының анықтамасын сол латын тілінен алынған "сultura" терминінің атау анықтамасынан бастаған орынды деп таптық.

Кейіннен "мәдениет" сөзінің мазмұны барған сайын кеңейе түсіп, ақыр соңында ол адамның ақыл-ойы мен дене еңбегі нәтижесінде жасалған нәрсенің бәрін білдіретін болды. Осы мағынада алғанда, мәдениет адам жасаған "екінші табиғат", адам жасаған дүние деуге де болады. Демек, адам бар жерде, адамның жасампаз еңбегі, адамдар арасындағы қарым-қатынастар бар жерде мәдениетте бар.

Сонымен, латын тіліндегі "сultura" сөзі әуелбаста "жер өңдеу", "топырақ өңдеу" деген мәнді білдірген екен, яғни табиғат күштерінің, өз әсерінен болып жатқан өзгерістерден гөрі адамның әсерінен, іс-әрекетінің нәтижесінде болатын табиғат заттарының өзгерістерінің ерекшелігін білдірген екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жаратылыстану туралы жалпы көзқарастар. Дәрістер
Алғашқы эволюциялық теория
Жаратылыстанудың даму кезеңдері
Дін және ғылым пәнінен дәрістер
Ғылымның танымдық философиялық мәні
Ғылыми концепциялар мәселесі
Ғылымдағы парадигма
Ғылыми дүниетану
Орта ғасырлық философия
Философия ұғымы, мақсаты және міндеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz