Когнитивті психологияның даму мәселелері



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Ф.7.14-02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Жалпы психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні_______________________________ _______________________________

мамандығы__________________________ ______________________________

Жұмыс тақырыбы___________________________ _______________________

___________________________________ _______________________________

Жұмыс ___________
Орындаған
бағасы
бағасына қорғалды
студент____________
____________200__ж
тобы

_______________

(қолы, аты-жөні)
Комиссия:
Жетекші___________
_______________
(қолы, аты-жөні)
(қолы, аты-жөні)
_____________
(қолы, аты-жөні)

Норма бақылау:
_____________
(қолы, аты-жөні)

Шымкент 2009 ж

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 бөлім Когнитивті психологияның даму
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...5
1.1. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... 5
1.2. Когнитивті қабілеттің
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..15
2 бөлім. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму
мәселелері ... ... ...22
2.1. Когнитивті психология бағыттарының
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..22
2.2. Америкада когнитивті психологияның
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Падаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..38
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39

Кіріспе.
Зерттеудің өзектілігі. Адам қалыбы екі нәрсе: тәні мен жанынан
тұратыны белгілі. Жан адамның барлық денесінің падишасы. Адамның бар
ақиқатын сол жан – дүниесінде. Жан ақиқатын тануды жаратылыс болмысын
білмейінше мүмкін емес. Адамға бес қасиет беріліпті, оның тұрар жайы дене
болса, ілім білімді аулаушысы жаны болады. Сондықтан денедегі бес қасиет –
бес сезім жанның қақпаны. Бірі көзге көрінсе, екіншісі көзге көрінбейді.
Міне, сондықтан жан көзге көрініп тұрған денеде қажеті бар. Жанның да өзіне
лайық қасиеті бар. Сол қасиеттердің тұрақты жайы ми болса, сол мидағы өсі
қасиеттердің әрбіріне қатысты өзіне ғана тән атқаратын іс - әрекет
аамалдары бар. Адам жанындағы ақиқатты амалдарды тануы, оның жасалуы
құпиясына үңілу психологтардың басты міндеттердің бірі болып саналады.
Дині, ғылыми тұрғыдан оны түсіндіруге тырысты және бірі – екіншісіне
негіз болды. Осыған орай ғылым қаншалықты дамыса, сол арқылы дині
(исламның) зор хикметтері де сол дәрежеде тағы жақсы көрініс береді деп
көрсетіледі.

Адамның дүние ақиқатын толық білу жөніндегі толғаныстар қай кезеңде
болмасын маңызды мәселенің бірі болды. Егеменді Қазақстанның азаматын
қалыптастыруда біз Қазақстан Республикасының, Қазақстан – 2030 дейінгі
даму стратегиясынла белгіленгендей Білім берудің жаңа ұлттық моделін
әзірлеу және оны жүзеге асыра бастау мақсаттарының (3;-19), басшылыққа ала
отырып жүргізіледі.

Егеменді елімздің стратегиялық бағытын жүзеге асыруда Ел басы
Н.Ә.Назарбаев жыл сайынғы үндеуі және сөйлеген сөздерінде үздік әлемдік
тәжірибені дұрыс пайымдап, зерделеп оны елеміздің жағдайына бейімдеп,
ұтымды да, әрі тиімді пайдалануды айтып келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына
қатысты. Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында деген.
Қазақстан халқына жолдаған 2006 ж. 1 наурыздағы жолдауында: Біз
Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел
болуы қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңілген
дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемделген,
әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын
қалаймыз, деп көрсетеді.

Бұл міндеттерді жүзеге асыруда психология ғылымының қосар үлесі зор.
Кез – келген ғылымның дамуы үшін сол ғылымның әлемдік даму үрдісі
бағдарланып, сараланып орынды пайдалануы тиіз. Осы орайда дүниежүзілік
психологиялық тұжырымдарды қарастырған мәселелерін зерделене пайдалану
психологтардың басты міндеттердің бірі болып табылады. Адам жанын тануда
көптеген көзқарастардың болғаны белгілі. Сана, ойлау және т.б. психикалық
құбылыс туысынан беріледі немесе берілмейді деген сияқты ой- пікірлер
қосарланып келіп отырды. Адамдағы берілген қасиеттерді зерттеу көптеген
уақытпен көзқарастың туындауын қажет етті. Осы орайда психологияда көптеген
мектептер, бірнеше бағыттар пайда болды, сол психологиялық бағытарды тану,
олардың дамуын басты бағдарда ұстап отыру бүгінгі күн талабы. Дегенмен,
Кеңес үкіметінің тұсындағы капиталисттік елдердің тәжірбиелерін зерттеуге
деген шектеулілік, Егеменді елміздің нарықтық кезеңіндегі алғашқы
экономикалық жағдайлар мүмкіндік бермеуі қарастыруына кедергісін келтірді.
Осының салдарынан қазақ тілінде
психологиялық тұжырымдар туралы еңбектер мүлде жоқ десе болады. Дей
тұрғанмен Рессей психологтары бұл мәселеге шапшандық танытып психология
мәселесіне қатысты дүниежүзілік еңбектерді аудармалап еліміздің кітаптар
қорын байытуда. Бұл , орыс тілді оқырманның рухани байлаған жетілдіргенмен,
қазақ тілді оқырмандардың рухани сусындау көзіне айналмауда. Осы
олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, жоғары оқу орын студенттерінің
әлемдік психологиялық тұжырымдары мен хабардар болу мақсатында курстық
жұмысымның зерттеу тақырыбын: Когнитивті психологияның дамуы деп
аталуына тура келді.
Зерттеу объектісі: когнитивті психологияның дамуы.
Зерттеу пәні: Шет елдердегі когнитивті психологияның дамуы.
Зерттеу мақсаты: Шет елдердегі когнитивтік психологияның дамуы тарихын
анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
– шет елдердегі когнитивті психологияның даму тарихына шолу жасау;
– шет елдердегі когнитиві психологияның американдық бағытына
сипаттама;
Зерттеу болжамы: Егер, психология бағыттарының бірі – когниттивті
психология туралы қазақ тілінде материалдың болуы сол бағыт қарастырған
мәселе туралы толық мағлұматты болуға мүмкіндік береді. ОЛ психологиялық
білімнің тоығуына және дұрыс бағдарлықтың түзілуне ықпал етеді.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, Қазақстан
Заңдары, қаулы – қарар, жолдаулар, оқулықтар.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелеріне байланысты ғылыми - әдістемелік
психологиялық әдебиеттерді аударма және талдау жасау; шет елдердегі
когнитивті психологияның қарастырған мәселесін анықтау, даму жағдайын
белгілеу.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеде, екі бөлім және
әрқайсысында екі бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланған әдебиетерден тұрады.

1 бөлім Когнитивті психологияның даму мәселелері.
1.1. Шет елдердегі когнитивті психологияның даму тарихы

Когнитивті термині қазақ тіліне аударғанда таным дегенді білдіреді.

Когнитивті психология психологиялық сөздікте ішкі ойлағыштық
процестеріне басым бағыт беретін психологияның жалпы амалы десе, Рессей
психологі В.П. Зинченко – түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау сияқты
танымдық процес деп қарастырады. В.П. Зинченканың анықтамасы бойынша
психологияның қарастыратын танымдық процестер бөлігі когнитивті психология
ретінде аталадыма? Деген сұрақ еріксіз туындайды.
Американ психологі Р.Л. Селсонның Когнитивті психология кітабының
алғы сөзін жазған В.П. Зинченка мен А.И. Назарова Когнитивті психология
деген атауды қалдыру себебін де көрсетеді. Біріншіден белгіленіп алынған
ерекше топтағы танымдық процестердің дидактикалық тәсілдері теориялық
догмаға айналуына байланысты танымдық мазмұн және т.б. психикалық
актілердің көруге кедергі келтіреді.
Екіншіден, Американдық психологияда когнитивті термині Европалықтарға
қарағанда қосымша түсініктермен беріледі. Американдық когнитивті психология
бірнеше он жылдықтарда үстемдік құрған бихевиоризмге альтернатива ретінде
беріледі. Жануарларға эмпериялық бақалау мен эксперимент негізделіп
үстемдігі басым болған бихевиоризмге, психикалық өмірде мінез-құлық пен
рефлекстік трактовтіге когнитивті термині қарсы вакцина ретінде болады.
Бихевиоризмен келіспейтіндіктері білдірген ғалым У. Найссер 1967 жылы
Когнитивная психология атты кітабын шығарды. Бұл когнитивті психологияға
жаңа бағыттағы психологиялық оймен беріледі.
Когнитивтік психологияның қарастыратын мәселелеріне тоқталып көрейік.
Когнитвті психологияның бір шама бөлігі – білімнің адам санасында
қалай жасалатынын қарастырады. Ең өзекті мәселесі – білім репрезентациясы.
Көптеген психологгтар білім репрезентациясын – ішкі репрезентация немесе
кодтар деп белгілейді. Олар білімнің қалай құралатынын, сақталынатынын,
берілетінін, оны қалай пайдаланады деген сұрақтарға жауап іздейді. Ойлау
деген не? Қабылдау мен еске сақтаудың табиғаты қалай? Осы қабілеттердің
барлығы қалай дамиды. Осы көрсетілген сұрақтарда білім репрезенетациясының
мәні: идеялардың, объектілердің адам санасында қалай сақталыну мен
жүйеленуімен бейнеленеді.
Бірнеше ғасырлар бойы когнитивті психология шұғылданған негізгі
тақырыбы білімнің құрылымы және пайда болуы немесе өңделуі болды.
Білімнің жасалуы жөнінде екі түрлі тұрғынның болғанын сонау ерте кезден
– ақ бастау және білім репрезентациясы үш кезеңде де №1 кестеде
қарастырылады.
Кесте №1

Когнитивті психологиядағы білім репрезентациясы

Ежелгі кезеңдегі білім репрезентациясы:
Көне египеттердің иероглифтік жазбаларынан мынаны байқауға болады. Грек
философы Аристотель білім – жүректе десе, ал Платон білім – мида деп
есептеген.
Көне ойшылдардың ес пен ойлаудың қайда орналасқанын анықтауға тырысты.
Египттіктердің иероглифтік жазбаларына қарағанда грек философы Аристотель
білім адам жүрегінде деп қарастырса, ал Платон ойлауды ми тудырады деп
қарастырады.
Біздің қазіргі кездегі белгілеп жүрген құрылым және процестерді грек
философтары ойлау репрезентация сауалын мәселе құрамында талқыланады.
Құрылым және процес жөніндегі талас ХVІІ ғ. басым болды және жылдар өткен
сайын бірінен екіншісіне ауысып отырды. Қазіргі кездегі психологтар
біреуінің немесе екіншісінің ролін көрсеткісі келмегенде ақырында олардың
психологиялық ойлауы бірінің және екіншісінің бірлескен жұмысын қамтуымен
шектеледі. Ол екеуінің айырмашылығы және өзара әрекеттестігін түсіну үшін
сіз көз алдыңызға құрылымды – араның ұясына, ал процесті – сол ұяның
ішінде болып жатқан құбылысы деп түсінуің керек. Ұя құрылымын немесе
архитектурасын ара қалыптастырады. (ойда көлемі, формасы, орналасуы және
сиымдылығы) ал процестер немесе іс - әрекеттер болды. Жинақтау, сақтау және
өңдеу құрылымына сай үнемі өзгеріп отырады. Когнитивті психологиядағы үлкен
жандану ол процеске қатысты жаңа құрылымды ашумен байланысты, сондай – ақ
сол құрылым мен процестер біздің түсінігіміздегі адамның саналы танымды
табиғатына үлесін қосады деп ұғады.
Осы терминдердің маңыздылығы біздің қарастырып отырған тарихи
шолуымызда ауытқуымауды және оны толық анқытап алуға итермелейді. Құрылым –
бұл когнитивті жүйені құрастыру немесе ұйымдастыруда пайдаланатын
метафаралық деңгейлік мәніндегі термин, яғни ойдағы элементтердің ұйымдасуы
сияқты шартты түсінік. Мысалы еске сақтаудың қысқа ұзақ мерзімді түсініктің
теориялық тұжырымдамасында мәліметтің екі түрлі қоймасы бар деген
метафарасы сияқты. Сондай–ақ бұдан басқада мидағы бөлік, ағаш,
кітапхана, өңдеу деңгейі, абстракция және схема сияқты сипаттайтын
метафоралар мен де пайдаланылады.
Процесс термині – ойдағы құбылыстарды талдау, өзгерту немесе қайта
жасау сияқты операциялар мен функциялар жиынтығына жатады. Процесс
құрылымға қарағанда белсенді болып келеді. Біз процестен ойлау, есті
кодтау, түсінікті қалыптастыру және т.б. қарастыру кезінде кезігеміз.
Мәліметті қайта өңдеу кезінде құрылым мен процесс бірлесе жұмыс істейді
және әрқайсысының бір – біріне деген әсері болады. Кейбір құрылымдар
мәліметті өңдеуге қатысты пайда болады, ал процестер құрылымның басталуында
пайда болады. Себебі құрылымда процесте бірлесе жұмыс істейді. Сондықтан
когнитивті психологиялық талдау олардың физикасын бөле жара қарастырмайды,
ал ақтық талдауда процесс пен құрылым тұтас когнивті жүйенін бірлігінде
болады.
Платонның пікірінше, ойлау әртүрлі сезімдік ынталануға негізделеді.
Әрбір сезім бегілі бір ерекше функцияны орындайды. Мысалы: жарық энергиясын
немесе дыбыс және т.б. мәлім болуы. Платонның білім құрылуы жөніндегі
көзқарасымен келіспегендердің бірі – Аристотель болды. Аристотельдің
пікірінше, адам парасаты объектіні қабылдауға әсер етеді. Объектіні жіті
түсіну ол ойлау қабілетіне негізделеді. Сондай - ақ, Аристотель дәстүрлі
психологияға әсер ететін 2 түрлі идеяны әкеледі.
1. ассоцианизм принципі;
2. логика (қисын заңы).
Аристотелдің идеясын Платон идеясымен салыстырғанда біздің
түсінігіміздегі процесті түсінігіндей болып көрінеді де, ал Платонның
түсінігі құрылым сияқты болып көрінеді.
Орта ғасырлық кезеңіндегі репрезентациясы:
Қайта өркендеу дәуірінің (Ренессанс) философтары мен теологтарының
пікірінше, білім адамының бас миында болады деп есептелінеді және олар
осыған қатысты олардың құрылымын мен орналасу жайында өздерінің схемасын
ұсынады. Оны мыны №1 суреттен көруге болады. Бұл суретте адам білімді
-тәндік сезім органдары арқылы,яғни кәзіргіші экстрорецепторлық
қабылдаулар арқылы алатындығының көрінісін береді (мысалы – дәм, көру,
есіту, иіс, тері); сонымен қоса құдайдың көздері арқылы алады деп
есептейді.
18 ғасырда Британ эмпериктері Беркли, Юм, Джеймес Милль, Джон Стюарт
Милльдердің ұйғарымы бойынша ішкі репрезентацияның үш түрлі типі бар:
1) тікелей сипаты қабылданған сенсорлық құбылыстың барлығын қабылдау;
2) салғын перцептердің көшірмесі – яғни, есте сақталғанның барлығы;.
3) осы салғын көшірмелердің қайта жасалануы – яғни ассоциативті ойлауын
көрсетеді.
Юм 1748 ж. ішкі репрезентацияның мүмкіндігі жөнінде: Монстрларды
тудыру және оларды біріктіруге болмайтын форма мен құбылыстарды қиялында
біріктіру табиғи және таныс заттарды танудан қиын емес деп атайды. Осы
түсініктен байқайтындығымыз ішкі репрезентация белгілі бір ережеге сай
қалыптасады немесе қалыптасу мен қайта жасақталу уақыт пен күшті қажет
етеді дегенін байқаймыз. Міне, мұның барлығы қазіргі когнитивті
психологияның қарастырып жатқан мәселелері.
ХІХ ғасырда психология философиядан бөлініп өздігінше пән болып
қалыптасуға талпынады, мұнда олар эмперикалық мәліметке негізделуді
қарастырады. Осы орайда Фехнер, Брентано, Вунд, Мюллер, Кюльпе, Эббингауз,
Гальтон, Титченер және Джеймс үлкен роль ойнайды. ХІХ ғасырдың екінші
жартысында білім туралы түсінік екіге жарылады:
Бірінші топ өкілдеріне – неміс психологіі В.Вунд пен американдық
психолог Э.Титчер жатады.
Екінші топ өкілдеріне – Ф. Брентано басшылығындағы өкілдер жатады.
Брентано ішкі репрезентацияны психологтарға үлкен құндылық бола
қоймайтын статистикалық элемент ретінде қарастырады. Оның айтуынша
психологияның шынайы пәні – когнитивті әрекеттер: салыстыру; пікір;
сезінуді зерттеу деп есептейді.
Ал олардың қарсыластары Аристотель мен Платон қарастырған көптеген
сұрақтарда талқылайды. Дегенмен бұл екеуінде де бұрынғы философиялық
ойлаумен емес, енді нақты экспериментальдық тексерулермен шұғылданады.
Дәл осы кезеңде Америкада Вильям Джеймс Германияда дамып жатқан жаңа
психологияны сынға алады. Сөйтіп, 1889 Америкада алғащ рет психологиялық
лаборатория ашылады. Сөйтіп өзінің психологиядан ең көрнекті еңбегі
Психология принципі және адам ақыл- парасатының барынша негізделген
моделін жасайды. Джеймстің пікірінше, психология пәні- сыртқы заттар
туралы түсінік болу керек,- деп есептейді.
Джеймс когнитивті психология мен тікелей байланысты болуы еске қатысты
тұрғысы, яғни құрылым мен процестің ең маңызды роль ойнайтындығымен
түсіндіреді. Джеймстің замандастары Дондерс пен Кеттел қабылдауға қатысты
эксперимент жасайды, олар ойлау операциясын орындауға кететін уақытты
анықтауға талпынады. Олардың мақалаларында жасалынған эксперименттерінің
сипаты когнитивті психологияның мәселелеріне қатысты болды, қарастырған
зерттеулері, процедуралары және интерпретациялау нәтижелері жарты ғасыр
өткен соң осы пәннің пайда болуына негіз болады.
ХХ ғасыр басындағы білім репрезентациясы -ХХ ғасыр басында бихевиоризм
мен гештальт психологияның пайда болуына байланысты білімді
репрезентациялау туралы түсінік өзгеріске ұшырайды.
Бихеовиоризм ішкі репрезентация туралы көзқарасы психологиялық формула
стимул - реакция (S – R) беріледі, ал гештальт ішкі репрезентацияны
репрезентация мен шынайлық арасында өзара бір мәндегі лайықтылық
контекісінде құрайды. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында американдық
экспериментальды психологиясында бихеовиоризмнің үстемдігі жүреді және осы
кезеңдерде едәуір жаңалықтар жасалып, жаңа әдістер дүниеге келеді, олардың
көбі қазіргі когнитивті психологияға әсер етеді. ХІХ ғасырдың аяғында
когнитивті психология модадан қалады, сөйтіп оның орнын бихеоворизм
алмастыра бастауымен айқындалады.
Ішкі ойлау операциялары мен құрылымдары – қабылдау, еске сақтау, және
ойлау зерттеулерін әдейі қарамай ол елу жылдай жабылып қалады. Ал
бихеовористер барлық ішкі жағдайды болжамның ұйымдасуымен белгіленетін
құбылмалы аралыққа жатқызады. Мұндай позицияны ұстанғандар Вудвортс, Халл
және Толмэн болды және ол сол ғасырдың алғашқы жартысында кең қолданыста
болды.
Психолгияның когнитивті революциялық толқында Эдвард Толмэн (1932) –
үйретумен шұғылданды және лабиринтегі егеуқұйрықтықты неге үйренгендігін
- тек бағдарламалыққа жатқызады және ол S – R байланысының бірізділігі
емес, - деп көрсетеді.
Бірнеше жасалған эксперименттік серияларынан, егеуқұйрықты тағамына
айналмалы жолмен жетуге үйретеді және оны тағыда тағамға тікелей
бағдарланып бара жатқан жолында оның тағамын алып қойып отырады Міне,
бұдан тіке және айналмалы жол арқылыда тамағын табуға үйретілгенін көруге
болады. Толмэнның анықтауы бойынша жануарлар өздерінің айналасындағылардың
картинасына біртіндеп төселдендіреді және сосын мақсатын табуға оны
пайдаландырады. Бұл картинаны кейін когнетивті карта деп атайды.
Толмэннің егеуқұйрықтарға жүргізген экспериментінен байқалатыны оның
мақсатын табуда (яғни тамағын) когнитивті картаның болушылығынан айналадағы
қоршаған дүние туралы мәліметті туралы ұғымның барлығы байқалады. Толмэннің
бұл эксперименттерін тікелей қазіргі когнитивті психологияға әсер етті деп
есептеуге болмайды. Дегенмен, оның жануарлардағы когнитивті картасы
білімінің когнитивті құрылымы туралы түсінігіне байланысты қызығушылығынан
туған әрекет еді.
ХХ ғасырдың 50 – ші жылдарынан бастап ғалымдар өздерінің назарларын
қайтадан еске сақтау, зейін, образды тану, образ, семантикалық ұйымдасу,
тілдік процестер, ойлау және басқа да когнитивтік тақырыптарға аудара
бастады.
Сонау көне ежелгі тұжырымнан жаңа зерттеулерге дейін білім
репрезентациясы сенсорлық кіріс сигналдарға сүйенеді деп келді. Бұл тақырып
бізге грек философтары мен ренессанс (қайта өркендеу) дәуірінің ғалымдары
арқылы қазіргі когнитивті психологияға дейін жетті.
Ішкі репрезетация әлемі өзінің тәндік қасиеттеріне пара – пар ма? Ішкі
репрезентация шынайлығы сыртқы шынайлық дегенде білдірмейді. Яғни олар
изоморфты (ұқсас емес). Толмэннің жануарларға жасаған лаораториялық
жұмысынан байқайтынымыз сезім органдары арқылы алынған мәлімет абстрактілі
репрезентация түрінде сақталынады деп түсінуге әкелді.
Когнитивті карта мен ішкі репрезентацияға барынша талдағыштық тұрғыдан
келген Норман мен Румельхарт (1975) болды. Олар эксперименттерінің бірінде
жатахана тұрғындарына өздерінің тұратын жатақханасын жоғары жақтан
қарағандап тұрған кескінінде салуды ұсынады. Студенттер сол өздері тұрып
жатқан жатақханасының архитектуралық бөлшектерін – бөлмелердің орналасуы,
бейімделген бөлмелер және жасалған жағдайларын кескін ұқсастыру керек еді.
Мұнда қарапайым қателер жіберіледі. Мысалы, студенттің көбі ғимарат
балконын ғимараттың сыртынан көрсетудің орынына, оны керісінше ішкі жағына
көрсетеді. Ғимаратқа қатысты суреттерін өздеріне қайта көрсеткенде
жіберілген кемшіліктеріне өздері таң қалады. Мұнан біз адамның мәлімет
жөніндегі ішкі репрезентациясын білумізіге болады.
Норман мен Румельхар өз қорытындыларында былай дейді: естегі мәліметті
репрезентациялау шынайы өмірді нақты еске түсіре алмайды, шындығында бұл
ғимарат және жалпы әлем туралы мәліметті үлестіру, ой қорытындылау және
реконструкция қайта құру ғана. Бұл келітірілген мысалдардан психология
негізгі принциптерімен танысамыз. Біздің әлем туралы түсінігіміз нақты
мәнімен ұқсас келе бермейді. Мәлімет репрезентациясы біздің сенсорлық
аппаратымыз арқылы алынған стимулмен байланысты және онда барынша өзгеріске
ұшырайды. Бұл өзгерістер немесе модификациялар біздің өткен тәжірибемізден
(яғни универсальды және тума байланысты) байланысты болуы мүмкін. Олай
болса, келіп түсетін мәліметтер абстракцияланады және сосын барып адам
есінде сақталынады. Мұндай көзқарас кейбір сенсорлық құбылыстар өзінің ішкі
репрезентациясымен тікелей сәйкестенеді дегенді жоққа шығармайды,
сенсорлық стимулдар сақтау кезінде абстрактілі модификацияға ұшырауы
болжанады.
Адамның ақыл-парасатында білімнің жалпылануы когнитивті психологияның
ең негізгі мәселелері болып есептелінеді. Когнитивті психологиялық айрықша
мәндеруіне, ғылымның да техникаға да кибернетикалық революцияға формальды
және математикалық логика дамуымен байланысты болды. Дж. С. Милль және Дж.
Бульдардың пікірінше логика жүйесі ойлау заңын сипаттайды дейді.
Н. Винердің Кибернетика деген еңбегінің 1948 жылы жарыққа шығуы
ғылыми және техникалық революция болды. А. И. Берг пен Б.В. Бирюковтардың
пікірінше кибернетика табиғаттың түрлі объектілеріне - техникалық,
биологиялық, әлеуметтік формалистік тұғыны жүзеге асырады.
Мұндай тұрғыдан келу, мәліметті қайта өңдеу мен басқаруға қатысты оның
сол жағын белгілеп көрсету... Көптеген себептеріне байланысты
кибернетиканы, философияны және т.б. ауыстыра алмайды – дейді.
Мәліметті қайта өңдеу мәселесі психология ғылыми түсінігіндегі негізгі
кейінгі елу жыл ішіндегі феноменге айналғанмен, когнитивті психология адам
табиғатында оның жасалуын зерттеу ертерек басталып, оның басымдығын
көрседеті. Үш жүз жыл барысында психология философиядан бөлінгені мен
психология жаратылыстану пәні, анығырақ айтқанда физика мен химияға
қалыбында құрылуы әрекетін тоқтатқан жоқ. Оған орынды негіздері де болды
(203; 229). Қысқа мерзім ішінде толық қанды материалдық денелердің қозғалыс
заңы ен кіші жазықтықтағы шардан күн жүйесі планетасына дейін зеттелінді.
Атомдық түсініктің жандануына байланысты судың, ауаның және т.б заттардың
химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік болды. Темірдің магниттік қасиеті
немесе найзағайдың жарқылы сияқты мистикалық құбылыс деп саналып келген
түсініктерді түсіндіретін дұрыс түзілген математикалық теориялар пайда
болды.Өз қаржысына психологиялық лаборатория Вундтың жасаған кезінде, Г.Ф.
Гельмгольцтың бұрынғы ассистенті Г. Герц сол кезде эксперимент арқылы
электромагниттік толқындардың болуын дәлелдеп берді. Электро – динамикалық
симметриялық форманың теңдеуге мән беру арқылы ол электрлі магниттік және
жарықтық құбылыстардың толық өзара байланысын көрсетеді және бұл радио
байланысында, телевидениеде және радиолокацияда үлкен ролге ие болады.
Міне, осының барлығын қосып алғанда биологиялық және қоғамдық ғылымдардың
жаңадан жасалуында революцияның бастамасы болды (47, 79).
Космыстық тәртіптің таралуына қатысты шексіз мүмкіндіктерге сенім
туады, сөйтіп адамның жанының қозғалысын қайта қарастыру мүмкіндігі
туындайды.
Психология Механикалық түсінікте (И. Гербарт, Р. Лотце),
Интеллектуалды физикада (Дж. Милль) немесе Ментальді химия ( Дж.С.
Милль) болуы керек делінеді. Бірақ ол біріншісінде, екіншісінде,
үшіншісінде болмай қазіргі когнитивті психология дәрежесіне дейін
көтерілді. 60 жылдар аралығында батыстық тәжірбиелік психологиясына
қызығушылық өрісі мен теориялық ориентацияда өте далдам алмасушылық пайда
болды. Бұл өзгерістің болуы тікелей қазіргі когнитивті психологияның
жасалуына байланысты туынданды. Когнитивті термині тек жоғарғы танымдық
процеске ғана қатысты болмай, сонымен бірге қабылдау мен моторикаға қатысты
болды. Көрнекті психолингвист Флорес дАркэнің сөзімен айтатын болсақ
жатып қалған товар өнімділігіне мүмкіндік беретін модалық этикеткалар
сапасында болы.
У. Найссердің пікірінше ішкі психикалық процестерін талдау жасайтын
есептеуі машинаның жарыққа келуінен соң бұрын - соңды күдікпен қарайтын
немесе қарсылықта өздігінен тоқтады. Когнитивті психология осылардың
арқасында жарты ғасыр қабаттасқан бихевиоризмен байланысын қайта түзеді,
еді ол қатаң түрде необихевиоризмдік гепотетикалы – дедуктивті тұрғылы
әдістемесін қатаң сақтап және оған машиналы моделиривание мүмкіндігін қоса
отырып жүргізді. Сөйтіп, когнитивті психологияның зерттейтің мәселелер
жеңбері аудымдай түседі және ол толық танымдық процесстерді айрықша және
толық талдау бағытында болады. Бір ерекшелігі, осы зерттелінгендердің өз
ішінде кездейсоқ кемшіліктер болды. Қарастырылғандардың барлығында алғашқы
кезде – білімнің пайда болуы мәселесі қалыс қалып отырды. Мұның барлығы
бихевиоризмге қатысты немесе барлық нәрсеге аллергия деп қарастыруға
болмайды. Бұған бірден – бір ұтымды түсінік – ол компьютерге және оның
құрылымдағы берілген функциональді архитектурасы мен бағдарламалық
қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты десек болады. Мұндай құрылым белгілі
бір реттілікте дискретті символдармен операция жүргізіледі. Оған активті
процессордан пассивті есті ажырату ғана тән. Барлық процестер мәліметі
оперативті өңдеуге шоғырланған, сол жалғыз процессорда өткізгіштік қабілет
шектеулілігінде жүреді. Пасивті ес керісінше, барынша кең және шартты
кодталған жазылымдарды ұстайды және бағдарламалық өңдеу жүргізіледі. Дәл
осындай адамның когнитивті өрісінің ұйымдасуынан табуға табысты.
Улрик Найссердің 1967 жылы шыққан когнитивті психология атты
монографиясында біздің танымдық процестеріміз – қабылдау, зейін, ес және
ойлаудың конструктивті сипаты фундаментальді факт болып табылады.
когнитивті психологияның мақсаты қабылдайтын, еске түсіретін, ойлайтын,
әлемнің жасалынуын түсіну. Таным - сенсорлық мәліметтер
трансформациялайтын, редукциялайтын, үдететін, сақтайтын, алатын және
пайдаланатын барлық процестердің жалпыланған атауы - деп көрсетеді. Бұлар
осы процестердің релевантті ситуациялылықтың жоқтығында да өрістейді.
Түйсік, қабылдау, қиялдау, еске сақтау, еске салу, тапсырманы шешу және
ойлау сияқты терминдер гипотетикалық кезеңге немесе таным процессінің
аспектілеріне жатады.
У. Найссер когнитивті психология жетекші метофорасын анықтауға өте
сақтықпен қарастырады. Компьютерная метофора өзінің эвристикалық
бағдарламасына сай орын береді. У. Найссердің пікірінше, когнитивті
психологияның түпкі мақсаты білімнің адам мінез – құлқын детерминациялануын
(төмендеуін) демонстрациялану ролін көрсету. Дегенмен, У. Найссердің
монографиясы мұны ашып көрсетпей кетеді және тұлғаның когнитивті теориясы
және әлеуметтік психологияға да бірде бір сілтеме жасалмайды. Оның есесіне
сенсорлық мәліметті егжей – тегжейлі талданады.
Сенсорлы мәліметке айналу жолындағы бірінші кезеңде еске сақтаудың
перифериялық түрлері иконикалық көру үшін және эхоникалық есіту үшін
болады. Сосын мәлімет вербальді қысқа мерзімді еске барып, онда жасырын
процесстер көмегімен сақталынады немесе ашық айтылудан кейін ғана ұзақ
мерзімді еске сақтау мүмкіндігіне ие болады. Жоғарғы және төменгі таныстық
процесстердің конструктивті сипатына ерекше көңіл аударады. У. Найссер
олардан екі фазаны айырады. Біріншісі – зейін алды (предвнимания) фазасы –
бұл мәліметті даралы және параллельді қайта өңдеумен байланысты. Екіншісі –
фокальды зейін фазасы – Жете ұғыну, зейінділік, егжей – тегжейлілік және
бірізділігімен ерекшелінетін өңдеудегі конструктивті актіліқ сипатқа ие.
Мұнда мәліметті вербальды кодалауға есте сақтаудың алғы шартын жасауда және
келесі реконструкцияны жасауда қызмет көрсетеді.
У. Найссердің когнитивті психология еңбегінде ес феноменіне, оның
ішінде көру образына едәуір орын беріледі. Мұнда ол схематикалық модельдің
үнемі дамып отыруына қосымша мәліметтің әрқайсысы фиксациясымен қосылуынан
болады, - деп көрсетеді.
У. Найссер көру есін схематикалық көру объекті деп атайды. Мәліметті
еске түсірудегі еске сақтау мен стимульды мәліметті қабылдау ролі арасында
ұқсастық бар. Екуінде де мәлімет санаға бірден келіп түспейді...
У. Найссердің когнитивті психология еңбегі дәстүрлі психология жаңа
техникалық жетістіктермен кең синтездің әсер етеді. Компьютерлік және
метафора бағдарламасы базасында структурализм мен Ф. Бартлетт,
гештальтпсихология мен Н. Хомская лингвистикасы одағы болды.
Когнитивті психологияның перспективасын бір ғұлама былай деп бағалапты:
Ғылымнаң дамып келе жатқан бұл бағыты біздің философияға әсер ететінін
айтады және ол әсер дарвинизм іспетті болмақ. Бұл энтузиазмді американ
және ағылшын психологиятары бөлісті. Тек Дж.Гибсон ғана бұл пікірге ашық
қарсы шығады. Бір таң қаларлығы осы көзқарастың қатты әсер еткендігіне
байланысты У. Найссер өзінің келесі Таным және шындық деп аталатын
еңбегін жазады.
Когнитивті психологияның ойлау репрезентациясы кезеңдеріне қатысты
мәліметтер арқылы байқайтынымыз, барлық кезең сол кезеңдегі ғылыми
жетістікке қатысты адам санасында білімнің қалай жасалатынын зерттелгенін
көрдік. Когнитивтік психология даму кезеңінде үлкен және ұзақ даму
жолдарынан өтті.

1.2. Когнитивті қабілеттің дамуы

Когнитивті психология адамның дүниені тануы, мәліметтерді талдауымен
қоса, тұлғаның түрлі туындап отырған ситуациялар мен мәселелерді қалай
парасатты шешетіндігін, яғни адамның когнитивті қабілетінің дамуы қалай
жүретіндігінде қарастырады.
Брунердің когнитивті тұжырымдамасында (1966), біздің әлемді тануымыз
сезімдік және қозғалыстық сипатта болады: ешбір ой біздің сезім және
әрекеттік белсенділігімізсіз болмайды деп көрсетеді. Сондықтан шындықты
сенсоматорлық бейнелеу балалық шақта шешуші роль атқарады.Дүниені
бейнелеудің келесі тәсілі – иконикалық бейнелеу. Мұнда қабылданған нақты
объектілер ес-жадында образ түрінде, ойлы образ түрінде жүреді. Жеткіншек
жаста дүниедегі образдарды иконикалық бейнелеуі енді заттық формадан енді
түсініктерді символикалық бейнелеумен толығады. Мұнда, дүниені қабылдау
образдары тілді пайдаланумен шектеледі. Брунердың айтуынша, тіл –
когнитивті процесті дамытудың ең негізгі құралы.
Швейцар психологі Жан Пиаже (1896-1980) адам шындық дәрежені қалай
таниды деген мақсат қоя отырып, баланың ойлауының даму заңдылығын
зерттейді. сөйтіп, мынадай қорытындыға келеді: когнитивті даму ол
біртіндеп болатын процесс және ол бірізділікте болады және ол бірнеше
кезеңнен тұрады. Баланың интеллектілік дамуы баланың не білетіндігі мен сол
білуге деген талпысы арасындағы үнемі болатын тепе-теңдік ізденіс
нәтижесінде болады. Мұны барлық балалар басынан өткереді. Дегенмен кейбір
осы кезеңдердің барлығын басынан өткізгенімен, оларда белгілі бір кезеңде
бір немесе бірнеше қажетті фактілерді жетіспеуіне байланысты дамуында
тежелу немесе блокодалық болады. Алға жылжу жүйке жүйесінің жетілуі, түрлі
заттармен айналысу тәжірибесінен және тіл тәрбие сияқты әлеуметтік
факторлардың бірлескен әсерімен белгіленеді.
Тұлғаның когнитивті теорясы танушы, түсінуші, талдаушы, сияқты
адамның түсінуінен барып шығады. Адам мәліметтер әлемінде өмір сүреді, ол
оны түсінеді, бағалайды, пайдаланады.
Адам әрекетінде үш түрлі компонент бар:әрекеттің өзі;ой ;сезімі және
мұның барлығы белгілі-бір әрекетті орындау барысында болады.
Сырттай қарағанда бірдей болып көрінетін әрекеттің өзі ондағы ой мен
сезім түрліше болуына байланысты әр түрлі болады. Ондағы ой мен сезім
түрліше болуына байланысты.
Субъективті ситуацияны интерпретациялау сол ситуацияның объективті
мәніне қарағанда, бұл факторға шынайы шешім қабылдау деген сөз. Өзі қатысып
отырған әрекетте, адамның ситуацияны әртүрлі көруіне байланысты талдама
берушілік (интерпретациялық) әр қилы болады. Нақты ситуациялық схеманы
өзіндік интерпретациялау өзіндік ішкі өзгермеліктерімен байланысты:
- адамның өзінің болашақ мінезінің болу себебін болжауының
жетіспеушілігінен;
- нақты ситуациялық жағдайға тап болғанда адамның сол кездегі уақыттың
аздығы немесе білімінің жетіспеушілігі немесе т.б. себептер мәселені жан-
жақты талдауға мүмкіндік бермейтіндігінен;
- шешім қабылдау қажет болған жағдайда оған таңдау мүмкіндігі беріле
бермейтіндігі;
-белгілі бір әрекет атқаруда эмоциональдық жағдайдың басымдылығынан
дұрыс шешімнің қабылданбауы.
Міне ,мұның барлығы әрекетті қажет етеді.
Әрекет - ол мәлімет көзі, өзі туралы немесе өзге туралы пікірді
өзгертуге немесе қалыптастыруға сол әрекет мүмкіндік береді. Олай болса,
адамның реакциясынан кейін өзінің белгілі-бір мінезінің субъективті
талдауды жүзеге асырады, оның жетістік деңгейі тиісті түзету немесе болашақ
туралы белгілі бір қорытынды жасауына байланысты болады.
Психолог Зимбардо, антиәлеуметтік мінез формаларын зерттей отырып
жағымды әрекеттің көп бөлігі ситуациялық және тұлға аралық факторды талдау
көмегімен түсіндіріледі. Ең жақсы деген адамның өзі күрделі жағдай мен
ситуацияларды қателесіп жатады. Ситуациялар адамның жоспарын, ниетін, қарым-
қатынасының орындалуында кедергілерге кезігеді немесе жүзеге асыру
потенциалының артуына күш береді. Ситуациялық құбылыстарда тап бола отырып
немесе оны арнайы құра отырып, адам мінезін күрт өзгертуге болады және
керісінше, көп күш жұмсай отырып, адамға сырттай әсер етудің нәтижесінде де
өзгертуге болады деген қорытындыға келеді.
Психолог Эллис, адамның дұрыс емес мінез-құлқы ең алдымен белсенді
ситуацияларды тудыратын ақыл жетпейтін (ирроционалды) ойға байланысты деп
есептейді. Бұл жағдайда адаммен бірлесіп сол жағдайға тап болдырған
ситуациялық жағдайды талдау керек. Терапевтің негізгі міндетіне пациентінің
ойлау процесін зерттеу және ойлау мазмұнын оның санасына иррациональдық
моменттерді жеткізу кіреді. Адамның болған оқиғаны объективті қабылдауға
үйрету жаңа әрекет шешімін іздеуге алып келеді. Міне, осылай мінезді
бейімделмеген формасы біртіндеп жаңа, барынша тиімді формамен алмасады,
яғни адамдағы ой модификациясы (түр өзгертушілік) мінездің өзгеруіне алып
келеді.
Американ психологі А. Бек, адамның қалай ойлайтындығын олардың қалай
сезінетіні мен қалай әрекет ететінін айқындайды. Эмоциональдық жағдай
паталогиясы мен адекватты емес мінез бейімделмеген когнитивті процес
нәтижесінде болады. Сондықтанда, когнитивті терапияның мақсаты
дисфункциональды сенім модификациясы мен мәліметті қайта өңдеудегі қате
тәсілмен шектеледі. Қабылдау және ойлауды өзгерту аударуға әсерленушілік
модификациясы мен мінез-құлық реакциясына алып келеді. Бек автоматты ойда
белгілеп және феноменін сипаттады, ол ағымды мәліметті қайта өңдеумен
байланысты, олар еріксіз, жылдам, бейсаналы және тікелей эмоциональды және
мінез реакциясына алып келеді. Бек, эмоциональдық бұзылуда (қамыққа,
тынышсыз аффект, жоғары қозушылық) автоматты ойлау белгілі-бір өзіне тән
ерекшеліктерді айырады: қайғыру- жоғалту ойлауына лайықты қойылады,
қаһарлану – қандайда бір стандарттың бұзылуы туралы ойлау; қамығу - өзі,
дүние, адамдар, болашақ туралы негативті мазмұнды ойлау; үрей – сыртқы
қорқынышты ойлау және онымен өзінің күресе алмайтынын белгілейді.
Автоматты ойға бейімделмегендік сыртқы ситуация бағалаудың қателігі
базистік алғышарт негізінде жатқан дисфункциональдықпен түсіндіріледі.
Базистік алғы шарт ол адамның өзі және айналадағы қоршаған дүние туралы
терең түсінігін көрсетеді, онда оның барлық өмірлік тәжірибесі бар, әсіресе
балалық шақтағы көңіл-күйі мен отбасының әсерін онда негізгі рольде болады.
Психикалық бұзылушылығы бар адамдарда белгілі-бір базистік алғы шарттардың
дисфункциональдығы, оның сол ағымдық ситуацияны қабылдау мен бағалаудың
теріс болуына итермелейді және соған сәйкес жағымсыз эмоция мен
адаптацияланбаған әрекетті басынан өткізеді.
Психотерапевтің пациенттің сол идеяны болжам ретінде көз алдына
келтіріп, пациентпен бірге сол болжамның валидтілігін тексеруге және
альтернативті ізденушілікті жүзеге асыруға көмектеседі; егерде алғашқы
жағдайда идея империялылығы дәлелденбесе, онда пациенттің автоматты ойлауын
айқындап, базистік алғы шарт дисфункциональтығын танып және оның бағытын
түзету керек
Тұлғаны когнитивті тұрғыдан қарастырғандардың бірі-Д. Келли. №2
кестеде қарастырылады.
Когнитивті бағыт интелектуальдық немесе ойлау процестерінде адамның
мінезіне әсерін болатынын көрсетеді. Джорж Келли – осы бағытты бірден-бір
негізін қалаушы. Келлидің пікірінше, кез – келген адам – жеке басының
қайғысын өзінше зерттеуші, оның түсінуге талпынушы, өз ісіне талдама
беруші, болжаушы және бақылаушы және мұның барлығын ол өзінің бұрынғы
тәжірибесі мен болашақ туралы болжам негізіне сай жасайды деп
көрсетеді. Объективті шындық болғаныменде оны адамдар әр түрлі
сезінеді, кез – келген оқығанын әр түрлі қырынан қарауға болады
және адамдарға қайғының ішкі дүниенсін талдама жасауда немесе
тәжірибелік оқиғаның сыртқы дүниесін тануға үлкен мүмкіндіктер
жиынтығы беріліп отыр. Кез – келген адам шындық туралы өз
болжамдарын ұсынады, ал оны өмірлік жағдайларға байланысты болжап,
бақылайды, болашақты болжауға және күтілетін нәтижесіне сай жоспар
жасауға тырысады. Адамның болашақта бағдарлығы көпшілігінде өткен
немесе қәзіргі кезде болып жатқан оқиғаға емес, болашаққа қарай
бағдарланады.
Адамның өмір туралы көз қарасы ауыспалы. Өйткені бүгінгі көз
қарасын кешегісімен немесе ертеңгісімен, бүнгісімен салыстыруға болмайды.
Адам айналадағы қоршаған орта туралы түсінікті пассивті түрде
қабылдап қана коймайды, оны белсенді қалыптастыру қабілетіне ие. Келли
пікірінше, адам өз әлемін конструкт деп аталатын нақты жүйе немесе
модель арқасында қабылдайды тұлғалық конструкт адамның өзінің
тәжірибесін саналы түрде меңгеріп алу немесе талдама жасау, түсіндіру
немесе сәуегейлену (болжама жасау) пайдаланатын идеясы немесе ойы
ол белгілі бір шындықты аспектілері ұқсас және контраст терминінде
адамның ойлануымен тұрақты тәсіл ретінде беріледі. Сол когнетивті
процесс объектінің, оқиғаның ұқсастығын бақылау және олардың
арасындағы айырмашылықты тұлғаның конструктылығын қалыптастыруға алып
келеді. Конструкіні қалыптастыру үшін үш элемент қажет: оның екеуінің
бір біріне ұқсас болуы, ал үшіншісі алдыңғы екеуінен айырмашылығы
болуы тиіс. Сондықтан барлық тұлғалық кдонструкттар биполярлы және
дихотомиялы. Адам ойлауы өмірлік тәжірибені екі түрлі термин ақ
және қара да ұғынады, олар сұр түрінде көрмейді. Барлық
конструктінің екі бір біріне қарама – қайшы полюстері бар : ұқсас
полюс – екі ұқсас заты бейнелейді, ал контраст полюсі – сол заттардың
үшінші элементке қарама қайшылығын көрсетеді. Тұлғалық конструктті
мысал ретінде мынадай болуы мүмкін: Ақылды – ақымақ, жақсы –
жаман, әйел – еркек, достық – қастық және т.б.
Конструкт теорияны еске түсіреді, онда ол белгілі бір құбылыс
диапазонын, ол дипозонның өзінің пайдаланушылық аясы барлық оқиғаларды
қамтиды, онда конструкт релевантты және қолданбалы. Келли өткізгішті
және өткізгішті емес деп айырады.
Өткізгішті конструкт – ол өз диопозонына әле талқыланбаған элементі
пайдалануы, ол жаңа құбылысты түсіндіруге ашықтық береді.
Өткізгіштік емес конструкт – құбылыстың алғашқы негізін құрайды, жаңа
тәжірбиебе талдама жасалуына жабық болып келеді.
Келли конструктіні жіктейді және оны мынадай етіп белгілейді:
1) Көндікпейтін жіктеудегі конструкт.
2) Констелляторлы конструкт.
3) Болжамалаушы конструкт.

Көндікпейтін (упредителны)жіктелуіндегі конструкт –бұл, бір жіктеуге
енсе, ойлауы қайта қарауды немесе басқа талдама жасауды өзі үшін және
өзге үшін де жоққа шығарады, өйткені ол құбылысты жаңа тұрғыдан көріп
бағалауға мүмкіндік бермеуші ролінде болады.
Констелляторлы конструкт – бұл, құбылыс бір конструктінің белгілі
бір категориясына жататын болса, оның басқа сипаттары жазылып қалады.
Мысалы. Егер адам сатушы болса, онда оның ұлты жоқ, әділетсіз, алдамшы
деген сияқты пікірлердің сол кәсіптегілерге жазылып, тек соларға тән
болып қалуы. Егер адам сол категориялар тобына жататын болса, онда оны
осында сипаттында қабылдайды.
Болжамалаушы конструк – бұл, жаңа тәжірбиеге ашық, алтернативті
көзқарасты қабылдаушы, иілгіш, өзгермелі.
Көндікпейтін, констеляторлы, болжамаушы ойлаушы-конструкт құбылысы,
затты, адамды түсіндіру үшін қажет.
Тұлғалық конструкт дегеніміз :
-жан – жақты конструкт- бұл өзіне кең спектрлі құбылысты ендіруші;
-жеке конструкт – құбылыс пен мүмкіндіктердің қысаң диапозонын қамтиды;
-негізг конструкт – адамның негізгі іс - әрекетін реттеуші;
-перифериялық констркт – негізгі құрылымды болар болмас өзгеріссіз,
өзгертетін.
Кесте 2
ТҰЛҒАНЫҢ КОГНИТИВТІК ҚАБІЛЕТ СИПАТЫ

Біздің әрқайсымыз шындықты әлем картинасын жасауда қарама –
қайшылықты емес қажеттілікте өз моделі немесе конструкт тәсілі арқылы
қабылдаймыз. Егер конструкт болған оқиғаны дәл болжаса, адам онда оны
сақтап қалады. Ал егер керісінше егер болжам анықталып
бекітілмесе, ол жасалынған конструкт қайта қарастыруды немесе мүлдем
алып тастау қажет етеді.
Конструкт валидтілігі – болжам тиімділігі сияқты көзқараспен, оның
деңгейінің өзгермелігімен тексеріледі. Әрбір адам керемет конструкт
жүйені меңгереді, ол оны өзінің өмірлік тәжірбиесінде талдама
жасаудада пайдаланады. Адамдардың бір – бірінен айырмашылығы сол оқиғаны
талдама жасауына байланысты. Екі адам егіз болғанмен немесе көзқарасы
бірдей адам болғанның өзінде оқиғаны әр түрлі талдама жасайды. Әрбір
адам шындықты өзінің керемет тұлғалық конструкт тұрғысынан түсінеді.
Адамдар арасындағы айырмашылықтың болуы, ол оқиғаны әр түрлі көзқараста
талдама жасауында. Адам шындықты түсіндірде оған әсер ететін оқиғаны
сезіп қоюға үйренуімен түсіндіреді, яғни адам сол мезгілдегіні болшақты
болжай білу есебінде өзінің керемет тұлғалық конструкт жүйесі арқасында
қарастырады. Сонымен адам мінезі болашақ оқиғаны болжауымен белгіленеді.
Келли есептеуі бойынша, әрбір адамның конструктілі жүйесі бірегей
және адамдар көзқарасына байланысты айырмашылықты болады. Өйткені әрбір
адамның өзінің конструкт жүйеісінің көлемінде әрекеттеледі. Адам өзінің
тұлғалық конструктісін иерархиялықта ұйымдастырады, өйткені бірге
тірекспейтін және лайықсыздық минимумға дейін алып барады.
Адам бір-бірінен өзінің әлімі туралы түсінігінде пайдаланатын
конструкт санымен типі мен ғана айырмайды, сонымен бірге өзінің
конструктісін қалай ұйымдастыратынында ерекшеленеді. Конструкт пирамидті
құрылымда ұйымдасқан, олардың кейбіреулері - бағындырушы ал, кейбірі
бағынушы позицияда жүйесінің бөлігінде болады. Адам түрлі иерархиялық
тұлғалық конструкт жасайды, бір адам жүйесіндегі бағынушы және бағындырушы
конструкт болады. Келидің пікірінше, егер адам өзінің конструктісін
ұйымдастыруды білетін болса, онда біз оның мінезін дұрыс міней аламыз.
Тұлғаны тану дегенім – адам ретінде өзінің жеке тәжірбиесін түсіндіру, яғни
білу дегенді білдіреді. Тұлға дегенде өзінің негізгі конструктісін
ұйымдастыру жүйесінде түсіндіріледі және оқиғаны алдын ала болжаушы және
қайғыру әлімінде талдама жасауды пайдаланады.
Адамдарда бірнеші конструкт бар. Соның көмегімен өзінің өміріндегі
оқиғаларды талдама жасайды және оқиғаны болжау үшін әрбір күні қандай
конструкт және қандай полюсті таңдауы керек. Егер адам алдына
конструктіні таңдау тұрса, онда ол конструктілі құрылымды анықтайды және
таңдауда барынша мүмкін болатын немесе оның әлемді түсінуін
кеңейтетінді таңдайды. Конструктілі жүйе бағытты анықтауға, бағытты
кеңейтуге қарай жасалады. Анықтауда – мүмкін болатын алтернатива таңдауды
қамтиды және ол бұрынғы тәжірбиеге сүйенеді, конструкт таныс тәсілді
пайдаланды. Кеңейтуде – оқиғаны түсінуі кеңейтуді, конструкт қолданбалы
диапазонын кеңейту конструктілі бұрын белгілі оқиғалы болған үшін
пайдалану сияқты алтернативалардың таңдауды қарастырады.
Адам жаңа немесе белгілі емес ситуацияларды жүзеге асыруда мынандай
әрекеттері болады:
Бағдарлылық – таңдау – орындау, яғни, бірнеше мүмкін конструктіні
жүйелі ойлап алу және солардың ішінен ситуацияны талдама жасауға ең
жақсысы таңдалынады.
Таңдау – қандай алтернативті конструктінің барынша жүйелі анықтау
немесе кеңейтуге алып келетіндігіне байланысты бағалану негізінде
жасалынады және таңдалған конструкт адамның мінезін белгілейді. Осыдан
барып, егер адам өзінің конструктісін өзгертетін болса, онда адам өзінің
мінезін және өз өмірін өзгертеді.
Тұлғаның конструкт жүйесі дегеніміз – бұл, мәңгі өзгермелі өмірдегі
болжам жиынтығы, ол үнемі тәжірбиеде тексеріліп тұрылады. Пайдасы бар
конструктілер сақталынады, ал қалғандары қайта қарастырылады немесе
шығарылып тасталады. Егер екі адам өмір туралы көзқарасты бөлісер болса
жеке тәжірбиесін талдағаны және ол бір біріне жақын болса онда олар
өздерін бірдей ұстайды.
Адамның ұқсас болуы өмірде кездескен оқиғаларды бірдейлігінде емес,
сол оқиғалардың бірдей психологиялық мәнге ие болуна байланысты. Бір
мәдениет өкілдерінің мінезінде, конструктісінде ұқсастық болады.
Мәдениеттің әртүрлігі түрлі конструктіні көрсетеді. Әлеуметтік дара
әрекеттестік болуы ең алдымен бір адамның екінші бір адамды шындықты
сезінуін түсінуге деген талпынысын қарастырады; біреумен өзара
әрекеттестігі жемісті болуы үшін, адам өзге адамның конструктивті жүйесін
талдама жасауы қажет. Онда ол өзін сол адамның орнына қоя отырып, сол
кездегі және енді болатын мінезін дұрыс түсінеді, болжай алады. Оптималды
қарым – қатынас өмірге деген өзара түсіністікті шамалайды. Адам дүниені
талдама жасауының бірдей болуы, егер олар ұқсас конструкт жүйесін ұқсас
пайдаланса және әлеуметтік қарым – қатынас мәні біреулерімен сол адамның
әлемді қалай қабылдайтындығын түсінуін талап ету болса болады. Адам
дүниені бірдей қабылдамайтындығына байланысты мұндай адамдар ақырында дос
болды.
Келли эмоциялық жағдайдың туындауын конструкт түсінігі арқылы
түсіндіреді. Мысалы, адамның жолында кездескен оқиғаларға конструкт сай
болмаса, онда ол адамда, белгісіздік, көмексіздік құрылым сияқты күйлер
кешеді. Конструктінің стержінді жүйесі оның стерженді сай (кәсіби роль,
ата – ана ролі жақын дос роліне) ендіреді және оны дұрыс орындалу
барысында өзін кінәләу сезімі, адамда ұялу пайда болады және бұл
мінездің өзіне қарама – қарсы екенін сезінеді. Егер оның конструктілік
жүйесі белгілі бір оқиғаға байланысты өзгеріске түсетінін сезінсе, онда
қуаттау немесе қайта қарау керектігін алға тартуы. Өз конструктісін
өзгерту қиын және кей жағдайларда мүмкін де емес. Сондықтан ол олардың
көзқарасы мен конструктісіне сай болуы үшін, әлемді, басқа адамды
өзгертуге талпынады.
Кез келген тұлғаның психологиялық бұзылуы -мақсаттың жетістігіне
жетудегі тұлғалық конструктісінің, жарамсыздығынан барып туындайды. Я
Мұнда адам болатын оқиғаны болжай алмайды, осыдан барып дүниені тану
және оны меңгеруге байланысты қиындықты басынан өткізеді. Келлидің
пікірінше, депрессия өзінің перцевтивті алаңын минимумға дейін
апарғанда жағдайда, оның мардымсыз шешім қабылдауының өзі қиынға соғады.
Келли психотерапияның мақсаты - адамдардың конструктілік жүйесін
өзгертуге, олардың болжам жасау тиімділік арттыруға, пациетке жаңа
болжам жасауын дамытуға және оны апробациялауға, жаңа конструктінің
адамдарға қолайлы болып, ол өз болжамын тексеріп көріп, сол
конструктілік жүйені қалыптастыру мен қайта құруға және тиімді болжам
жасауға көмектесу керек деп есептейді. Соның нәтижесінде барып қана ол
өзін басқа, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Когнитивті психология рөлі
Конгинивті психологияның бастауы
Психодиагностиканың даму тарихы
Жан, тән және мән туралы психологиялық түсінік
Психодиагностика
Әлеуметтік психологияның мақсаты мен міндеттері жайлы
Түркі халықтарының адамгершілік туралы ой-пікірлері мен когнитивтік көрінісі
Психологиялық әдістердің түрлері
Ұжым психологиясы мәселесі
Когнитивті лингвистика ғылымының теориялық мәселелері
Пәндер