Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері



Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері
2.Көлік құралдары салығының ставкалары
3.Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Көлік құралдары салығы Қазақстан Республикасындағы салықтардың бірі
болып саналады.
Жеке және заңды тұлғалар меншігіндегі көлік құралдарынан салық
төлейді.
Бүгінгі таңда, көлік салық ретінде кең түрде қолданылып келеді.
Ертеректе көлік салығы аттың күшімен есептелініп келді. Бұл есеп түрі
мемлекетке тиімсіз болып келді, себебі көлік құралдарынан түскен салық
сомалары аз ған болды. Қазіргі кезде көлік салығын есептеуде бірнеше
тәсілдер қолданылады. Жеңіл автокөліктерді двигатель көлеміне қарай
есептейді. Сол кезде соңғы жетістіктегі және қуатты көліктердің салық
сомасы жоғары болады. Жүк машиналары жүк көтергіштігіне қарай, жолаушы
таситын көліктер орындық санына қарай көлік салығы есептелінеді.
Қазақстан Республикасында көлік салығына көптеген өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Көлік құралдары салығы негізінен мақсатты салық болып келеді, яғни
түскен салық сомалары жолды жөндеуге жұмсалады және бюджетке түсуіне орай
жергілікті салық болып саналады.

1.Көлік салығын төлеушілер және салық салу объектілері

Көлік салығын төлеушілер:
- меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар;
- меншік, шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық
салу объектілері бар заңды тұлғалар;
- заңды тұлғалардың құрылымдық бөлімшелері;
- лизинг алушы қаржы лизингі шарты бойынша берілген салық салу
объектілері бойынша.
Көлік құралдары салыгы бойынша жеңілдіктер.
Көлік салығын есептеу барысында қарастырылған салық жеңілдіктеріне
тоқталып өтейік:
1. 1995 жылы 24 сәуірдегі Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлыгына
сәйкес:
1) Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті тізбесін
белгілейтін ауыл шаруашылығы өнімін мамандандырылған ауылшаруашылық
техникасымен өндірушілер;
2) жүк көтерімі 40 тоннадан асатын карьерлік автоаударғыштар;
3) бір автокөлік құралы бойынша:
- Ұлы Отан соғысына қатысушалар мен соларға теңестірілген тұлғалар;
- меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар
мүгедектер;
- Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Ерлері, Халық
қаһарманы атағын алғандар,ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен және Отан
орденімен наградталғандар, Ардақты ана атағына ие болған, Алтын алқа
және көп балалы аналар;
4) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен оның бөлімшелері;
5) Қазақстан Республикасы мүгедектерінің ерікті қоғамы, Қазақ
зағиптар қоғамы, Қазақ саныраулар қоғамы, Ақыл-есі мен дене бітімінің
кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу мен олардың
еңбек ету қабілетін қалпына келтіруорталығы, ААФЖЕҚ Орталық комитеті,
Ауғанстан соғысы ардагерлерінің Қазақ Републикалық ұйымы
(кәсіпорындарынсыз);
6) Қызметкерлерінің жалпы санының кемінде 50 пайызы мүгедектерден
тұратын өндірістік ұйымдар мен кәсіпорындар – есепті кезеңде алынған
табыстың кемінде 50 пайызын мүгедектерді әлеуметтік қорғауға нақтылы
пайдаланған жағдайда ғана босатылған еді.
2. Бүгінгі таңда көлік құралдары салыгын төлеуден босатылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін көлік құралдарына
қажеттілік нормативтері шегінде бірыңғай жер салығын төлеушілер;
2) меншікті ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде пайдаланылатын
мамандандырылған ауыл шаруашылық техникасы бойынша бірыңғай жер салығын
төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер. Аталған
мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасының тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілейді;
3) мемлекеттік мекемелер;
4) салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілетін адамдар;
- меншігінде мотоколяскалары мен автомобильдері бар мүгедектер;
- Кеңес Одағының Батырлары;
- Социалистік Еңбек Ерлері;
- Халық қаһарманы атағын алғандар;
- III дәрежелі Даңқ орденімен және Отан орденімен наградталған
адамдар;
- Ардақты ана атағын алғандар;
- Алтын алқа және Күміс алқа алқаларымен наградталған көп балалы
аналар;
6) ауыл шаруашылық құралымынан шығу нәтижесінде пай ретінде алынған,
пайдаланған мерзімі жеті жылдан асқан жүк автомобильдері бойынша жеке
тұлғалар.
Көлік қүралдары салыгы бойынша салық салу объектілері болып уәкілетті
органда мемлекеттік тіркеуге жататын және есепте тұрган көлік құралдары
саналады.
Мына төменде аталғандар көлік құралдары салығы бойынша салық салу
объектілеріне жатпайды:
і) жүк көтергіштігі 40 тонна және одан асатын карьерлік автосамосвалдар;
2) мамандандырылған медициналық көлік құралдары.

2.Көлік құралдары салығының ставкалары

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан бері көлік құралдары
салығының ставкалары бірнеше мәрте өзгерді:
1. 1995 жылы 24 сәуірдегі Салықтар және бюджетке төленетін басқа да
міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес көлік құралдары салығының ставкалары 1-кестеде көрсетілген:
1. 1995 жылы 24 сәуірлегі Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес көлік кұралдары салығынын ставкалары

Салық салынатын обьект Салық мөлшері
(куаттың әрбір
киловатынан ең
төменгі айлық
жалакыдан пайыз
есебімен)
Женіл автокөліктер, 8,0
автобустар
Мотоциклдер мен 1,0
мотороллер
Катерлер.кемелер, 4,0
буксирлер, баржалар мен
мотошаналар
Яхталар, ұшатын 8,0
аппараттар
Жүк автокөліктері және 4,0
басқа өздігінен жүретін
машиналар мен
пневматикалық
механизмдер, шынжыр
табанды машиналар мен
механизмдерден басқалары

Ең төменгі айлық жалақы — айлық жалақының заңмен белгіленген ең
төменгі мөлшері.
Бүгінгі таңдағы өзгертулер мен толықтырулардан кейінгі көлік құралдары
салығының ставкалары 2-кестеде көрсетілген:

Салық салу объектісі Салық ставкасы (айлық
есептік көрсеткіш)
І. Двигатель көлемі мынадай жеңіл автокөліктер
(текше см.):
1100-ге дейін қоса алғанда 4,0
1100-ден жоғары 1500-ді қоса 6,0
1500-ден жоғары 2000-ды қоса 7,0
2000-нан жоғары 2500-ді қоса 12,0
2500-ден жоғары 3000-ды қоса 17,0
3000-нан жоғары 4000-ды қоса 22,0
4000-нан жоғары 117,0
2. Жүк көтергіштігі мынадай жүк таситын арнаулы
автокөліктер (тіркемелерді есептемегенде):
1 тоннаға дейін қоса алғанда 6,0
1 тоннадан жоғары – 1,5 тоннаны қоса 9,0
1,5 тоннадан жоғары – 5 тоннаны қоса 12,0
5 тоннадан жоғары 15,0
3. Шынжыр табанды машиналар мен механизмдерді 3,0
қоспағанда, өздігінен жүретін машиналар мен
пневматикалық жүрістегі механизмдер
4. Автобустар:
12 отыратын орынға дейін қоса алғанда 9,0
12-ден жоғары – 25 отыратын орынды қоса 14,0
25 отыратын орыннан жоғары 20,0
5. Двигателінің қуаты 55 кВт-тан артық емес 1,0
мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, көлемі
шағын кемелер Двигательдің қуаты 55
Двигательдің қуаты 55 кВт-тан жоғары мотоциклдер 10,0
6. Катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар
(двигательдің қуаты мынадай ат күшіне тең):
160-қа дейін қоса алғанда 6,0
160-тан жоғары 500-ді қоса 18,0
500-ден жоғары 1000-ды қоса 32,0
1000-нан жоғары 55,0
7. Ұшу аппараттары әрбір Киловатт қуатта айлық
есептік көрсеткіштің
4,0 пайызы

Жеңіл автокөліктердің жеті айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша
салық салынатын двигателінің көлемі 1500-ден жоғары — 2000 текше
сантиметрді қоса, он айлық есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық
салынатын 2000-нан жоғар - 2500 текше сантиметрді қоса, он жеті айлық
есептік көрсеткіш ставкасы бойынша салық салынатын 2500-ден жоғары 3000
текше сантиметрді қоса және жиырма екі айлық есептік көрсеткіш ставкасы
бойынша салық салынатын двигателінің көлемі 3000-нан жоғары - 4000 текше
сантиметрді қоса алған көлемде болган кезде салық сомасы двигательдің
аталған көлемінен асқан әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғайтылады (Қазақстан
Республикасының 1999 жылы 16 шілдедегі заңына сәйкес 12 теңге болған еді).
Салық төлеушілер үшін салық төлеудің белгіленген мерзімі аяқталғанға
дейін пайдаланылу мерзімі алты жылдан асқан жеңіл автокөлік құралдары
бойынша мынадай түзету коэффициентгері қолданылады:
1. ТМД елдерінде шығарылған автокөлік құралдары үшін:
• 6 жылдан - 15 жылға дейін қоса алғанда - 0,3;
• 15 жылдан жоғары - 25 жылды қоса - 0,2;
• 25 жылдан жоғары — 0,1;
2. Двигатель көлемі мынадай басқа автокөлік құралдары үшін:
• 3 000 текше ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықты есептеу тәртібі және төлеу мерзімі
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні
Аймақтық бюджеттi қалыптастырудағы меншiкке салынатын салықтың экономикалық мазмұны
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі
Құрылыстарға салынатын жер салығы
Заңды тұлғаларға салынатын мүлік салығының экономикалық мазмұны
Көлік құралы салығы жайлы
МЕНШІККЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Корпоративтік табысқа салынатын салық
Мүлік салығының есептеу механизмі және төлеу тәртібі
Пәндер