Колледж студентерінің тәрбие жүйесін гуманитарландырудағы терминальды құндылықтар жүйесінің рухани мазмұны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Колледж студентерінің тәрбие жүйесін гуманитарландырудағы терминальды
құндылықтар жүйесінің рухани мазмұны

Қазақстан Республикасында арнайы орта білім беруді гуманитарландыру
тұжырымдамасында студенттердің тәрбие жұмысының отандық патриотизмді,
олардың экологиялық жауапкершілік сезімін, адамгершілік тәрбиесінің
ізгіліктік мазмұнын қалыптастыру, ұлттық рухани құндылықтарды бүкіл
адамзаттық құндылықтар контекстінде қарастыру мәселелеріне мемлекеттік
дәрежеде қарауға басты назар аударылған. Сонымен бірге, гуманистік көзқарас
қалыптастыру мақсаттары, мазмұны және әдістері нақты социумда тарихи
қалыптасқан дәстүрлер мен әлеуметтену стилін ескерген жағдайда ғана, атап
айтқанда, жоғары оқу орны студенттерінің рухани мәдениетін үйлесімді
қалыптастырғанда ғана мәнді болатыны көрсетілген [1]. Жоғары білім мазмұны
мен мәдени өмірдің талаптарына жауап беру мақсатында студенттер белгілі бір
оқу мазмұнын таңдауға құқылы.
Өйткені арнайы орта оқу орындарында (колледж) студенттердің гуманистік
көзқарасын қалыптастыру арнайы ұйымдастырылған педагогикалық процестерге
және шарттарға тәуелді болады. Педагогикалық процесті ұйымдастырудың
тиімділігі оқыту процесінің екі жақтылығының қызметтік қатынасына
байланысты тұлғаны қалыптастыру әрекеттерін басқару стиліне байланысты.
Гуманистік көзқарастың мақсат-міндеттерінің бұрмаланбауы және олардың
сезімдік деңгейде шешілмеуі педагогикалық өзара әрекеттесудің дұрыс
қойылуына тікелей қатысты. Көпсалалы колледж студенттерінің мамандық
таңдаудағы бағыттылығы көптеген факторларға байланысты болады. Көпсалалы
колледжде әлі де мамандық таңдау бағыттылығы айқындалмаған, әрі түрлі
әрбие ортасынан шыққан жас өспірімдер оқиды, оларда әлі де болса
жеткіншектік максимализм басым. М.Х.Дулати атындағы ТАРМУ-нің көпсалалы
колледжінде 31 мамандық бойынша білім беріледі. Студенттер әртүрлі ортадан
шыққан, олардың әлеуметтік жағдайлары әртүрлі. Оқу орнында тұлға болып
қалыптасудағы ұстанымдары нақты емес, оларға үнемі бағыт-бағдар беріп отыру
қажет.
Сондықтан, бүгінгі күні педагогика ғылымында гуманистік метақағида –
жеке тұлғаның дамуына бағытталған гуманистік көзқарасты қалыптастырудың
теориялық және практикалық мазмұнын анықтауда тәрбие процесінің тұтастық
принципі мен әрбір халықтың ұлттық-рухани құндылықтар мазмұнына бағдарлануы
күн тәртібіне қойылып отыр [2].
Осындай дараланбаған педагогикалық өзара әрекеттесуде әркімге қатаң
түрде бөлініп берілген рөльдер бар, бұл басқа гуманистік метақағида –
полисубъективті (диалогтік) әдіске қарама-қайшы келеді. Бұл қағидаға сәйкес
тек субъект-субъект қатынастары, оқуда тең құқылы бірігіп әрекеттесу
жағдайларында ғана жеке тұлғаның үйлесімді дамуы мүмкін. Бұл әдіс қағидасы
бойынша педагогтің суперпозициясы мен студенттің субордина-циялық позициясы
жеке тұлғалық тұрғыдан тең құқықты, өзара бірігіп әрекеттесуші адамдардың
позицияларына айналу керек. Мұндай өзгеру педа-гогикалық процеске
қатысушылардың рөльдері мен қызметтерінің өзгеруіне тікелей байланысты.
Педагог мұнда тәрбиелемейді, оқытпайды, ол тұлғаның өз бетімен дамуға деген
талпынысын өзектендіреді, қолдайды, оның белсенділігін зерттейді, өз
бетімен әрекет етуіне жағдайлар жасайды, яғни өз мүмкіндігін қабілетіне
сәйкес бағалау еркіндігін қалыптастырады.
Педагогикалық процесті диалогизациялау – бұл жұп педагогикаға қайта
оралу емес, өйткені мұндай педагогика бірігіп әрекеттесу формаларының толық
жүйесін қолдануды талап етеді. Оларды енгізерде белгілі бір тәртіп,
динамика сақталу керек: оқу мәселелерін шешуде педагогтің білімгерге
барынша жәрдем беруінен бастап, олардың біртіндеп өз белсенділіктерінің
өсуіне дейін, одан оқуда өзін-өзі тәртіпке келтіре алатын жағдайға жетіп,
олардың (педагог пен білімгер) арасында серіктестік қатынастар пайда
болғанша. Педагог пен студент позицияларының өзгеруімен байланысты бірігіп
әрекеттесу формаларын қайта құру өзін-өзі дамыту жолына дербес бет алған
оқыту субъектісінің өзін-өзі өзгертуіне мүмкіндік береді, атап айтқанда оқу-
тәрбие процесін ұйымдастырудың демократиялық стилін қолдайды [3].
Демократиялық басқару стилі жеке адам бойында сенім қатынасына негізделген
гуманистік көзқарасты қалыптастыруға себепкер болатыны белгілі. Сондықтан
жоғары оқу орнында студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыруда оқу-
тәрбие процесін ұйымдастырудың және басқарудың альтернативті формалары мен
стильдерін қолданған жөн деп есептейміз.
Жоғарыда талқыланған ғылыми-теориялық ұстанымдар мен тұжы-рымдар
негізінде жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастырудың құрылымдық
мазмұнының ерекшелігін айқындадық.
көрсетілгендей гуманистік көзқарасының барлық метақағидалары – жеке
тұлғаның гуманистік тәрбиесі мен ізгіліктік тәрбиесін қалыптастыруда жалпы
мәнге ие болады, педагогикалық жүйені гуманитарландыру жағдайында және
білім беруді ұйымдастырудың кез-келген жағдайларында қолданылатын
ережелердің бір ортаға шоғырланып, өзара байланысып жеткізілуіне себепкер
бола алады. Гуманистік көзқарас қалыптастыру мазмұны күрделі құрылымды
түзетіндіктен осы аталған барлық қағидалар өзара бір-біріне бағынады,
осылайша олар иерархиялық жүйені құрайды және олардың әрқайсысы
басқаларымен байланысып тұрады да, басқалары орындалғанда ғана жүзеге
асады.
Сонымен бірге, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы арқылы гуманистік
көзқарас қалыптастыру процесі оның даралану дәрежесі және шығармашылық
бағыттылығына байланысты. Бұл заңдылық тәрбиенің даралық-шығармашылық әдісі
деген метақағидасына негіз болады. Бұл тұлғаға өзінің қаншалықты өсіп
дамығанын сезініп, қойған мақсатына жеткенде қуануына мүмкіндік береді.
Даралық-шығармашылық әдістің негізгі мақсаты жеке тұлғаның өз қабілеттерін
көрсете білуі үшін, оның шығармашылық мүмкіндіктерін анықтап
(диагностикасын жасау), дамыту үшін жағдайлар жасау болып табылады. Дәл
осындай әдіс гуманистік көзқарасты қалыптастырудың жеке тұлғалық деңгейін
де қамтамасыз етеді.
Гуманистік тәрбие гуманистік көзқарастың жалпы адамзаттық
құндылықтарының әлеуметтік ұйымдастырылған интериоризация процесі ретінде
қарастырылады. Гуманистік тәрбие айтарлықтай дәрежеде кәсіби-этикалық өзара
жауапкершілік метақағидасының жүзеге асырылуымен де байланысты болғандықтан
жеке тұлғаның көзқарасы мен рухани дүниетанымына ықпал етеді. Мұның
негізінде жатқан заңдылыққа сәйкес педагогикалық процесс қатысушыларының
адамдардың тағдырына, қоғамның болашағына деген жауапкершілікті өз
мойындарына алуға дайындығы олардың гуманистік өмір салтын ұстанып,
педагогикалық этика нормаларын сақтайтындарын көрсетеді. Бұл қағида жеке
тұлға педаго-гикалық процесте қалыптасқан жағдайлар ағысына көніп кете
бермей, керісінше бұл жағдайларды өзі жасап, өз стратегиясын алға тартып,
саналы және жоспарлы түрде өзін-өзі кемелдендіре алатындай іште орныққан
белсенділікті талап етеді.
Қазақстан Республикасында білім беру жүйесін реформалауда жаңа
педагогикалық парадигмалардың ішінде гуманистік парадигма тұлғалық-бағдарлы
дамыту тұжырымдамасын қолдайтын бірден бір бағыт болып табылады. Бұл бағыт
бойынша студенттердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру шараларының
күтетін нәтижесі тәрбие әрекеттерінің жалпыадамзаттық және табиғатпен
үйлесімділігін қамтамасыз ету. Аталған шараны жүзеге асыру тетігі ретінде
тәрбие мазмұнының құндылық негіздерін, яғни этникалық және рухани-мәдени
құндылықтарды ұлттық ерекшеліктер негізінде анықтап жүзеге асырған дұрыс.
Сонда ғана тәрбиенің өмірмен байланыстылық, сабақтастық, мазмұндық және
жүйелілік принциптері жүзеге асады, күтілген нәтижеге қол жеткізіледі деп
есептейміз.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Білімгерлердің гуманистік көзқарасын қалыптастыру мазмұнын жаңғыртудың теориялық-әдіснамалық негізі (көпсалалы колледждің оқу-тәрбие үдерісі жағдайында
Ұйымдарда өзара қарым - қатынас арқылы жағымды имидж қалыптастыру
Салыстырмалы педагогика пәнінен дәрістер
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Р. Рокичтің құндылық бағдарлар әдістемесі
ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
қазіргі жастар тәрбиесінің гуманистік сипаты және ж.баласағұнның рухани құндылықтар жүйесімен үндестігі
Пәндер