Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қоғамдағы өндірістің, әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-әрекетінің барлық саласындағы үдерістердің серпінді өзгерісі, біріншіден білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды талап етеді.
Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде орта білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-әрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы орта арнаулы оқу орындары мамандарының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, орта арнаулы оқу орындарының педагогикалық үдерісінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану және осының негізінде ақпараттық-логикалық модельдеуді оқыту үдерісінде пайдалану өзекті мәселе болып табылады. Бүгінгі ақпараттық қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр.
Сондықтан оқушыларға білім беруде ақпараттық-логикалық модельдеуді физиканы оқытуда қолдану арқылы тәжрибелік іс-әрекеттер барысында пайда болатын мәселелерді қалыпты түрде сипаттау, яғни ақпараттық-логикалық модельдеу әдістері туралы біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді. Сонымен бірге негізгі алгоритмдік құрылымдарды, бағдарламалау технологияларын білу, есептерді математикалық модельдер бойынша шешу, ЭЕМ-мен, оның құрылғыларымен, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу, құрылған алгоритм бойынша бағдарламалау тілдерінің көмегімен ЭЕМ-ге арнап бағдарлама құру және бұл білімдер мен іскерліктерді зерттеу нысанының, құбылыстың ақпараттық-логикалық моделін құру үшін қолдану негізгі мәселе болып саналады.
Осы аталған талаптардың қажетті көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың ақпараттық-логикалық модельдеу бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Ақпараттық-логикалық модельдеу ұғымы «ақпараттық мәдениеттілік» ұғымына компьютерлік сауаттылықтың құрауышы ретінде енді және ол жаңа ұғымдарды енгізу арқылы пайда болады, яғни барлық жаңа ұғымдар ЭЕМ көмегімен физикалық есептерді шешу үшін ақпараттық-логикалық модельдеу әдістерін қолдану мәселелеріне арналады.
Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді жетілдіруге педагогика саласы ғалымдарының [А. А. Кузнецов, И. Н. Антипов, И. В. Роберт, И. Е. Вострокнутов, В. В. Лукин, И. А. Трубина, И. А. Румянцева, Ю. А. Первин, М. П. Лапчик, В. М. Монахов, А. Г. Кушниренко, А. Г. Гейн және т. б. ] еңбектері арналған.
Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда білім беру жүйесін ақпараттандыру мен информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде - білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық мәселелері [Г. К. Нұрғалиева], қашықтан оқыту жағдайында оқушылардың ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру [Д. М. Джусубалиева], білім беру жүйесін ақпараттандырудың жалпы мәселелері [Б. Баймұханов, С. Е. Шакликова, С. С. Үсенов, Р. А. Ильясова, Г. Б. Ахметова], жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру [С. Қариев, А. И. Тажигулова], білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық әдістемелік жүйені құрастырудың әдіснамалық және технологиялық мәселелері [Ш. Х. Құрманалина] жан-жақты қарастырылған. Бұл аталған ғалымдардың еңбектерінің нәтижелері білім беру стандарттары мен оқытудың бағдарламалық-әдістемелік кешендерін жасауда негізгі қолданысқа ие болды.
Студенттерді ақпараттық технология құралдарын қолдануға әдістемелік тұрғыдан дайындау, информатика пәнін оқыту және соған сәйкес информатик-мамандарды дайындау мәселелері [Е. Ы. Бидайбеков, Ш. Шекербекова, Г. А. Абдулкаримова, Е. А. Вьюшкова, А. Ибашова және т. б. ], информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесінің түрлі аспектілері бойынша қарастырылды. Атап айтқанда: «Информатика» мамандығының оқушыларын программалауға іргелі және оза оқытудың әдістемелік жүйесін дамытып, теориялық негізін жасау [Ж. К. Нұрбекова], логикалық программалауға оқытудың әдістемесі [Н. А. Талпақов], математикалық модельдеу және есептеу эксперименті [Л. Б. Рахымжанова], Интернет-технологияларды пайдаланып оқыту [С. Н. Конева] және т. б. тақырыптар қарастырылған.
Көптеген ғалымдар компьютерлік оқыту мәселесіне ерекше мән беріп келеді. Мысалы, Ж. А. Қараев оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, А. Ә. Шәріпбаев компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, С. М. Кеңесбаев болашақ мамандардың жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, М. Ф. Баймұхамедов компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың модельдері, Р. С. Шуақбаева компьютердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жоғары сынып оқушыларына көпжақтарға берілген есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі, Л. А. Баймаханова бастауыш мектепте педагогикалық құралдарды пайдалану әдістемесі, А. Қ. Бекболғанова ақпараттық-қатынастық технологияны қолдану негізінде колледжде математиканы оқытудың қолданбалылығын арттыру жолдары, І. Ж. Есенғабылов орта мектептің 5-6 сыныптарында компьютерлік технологияны қолданып математиканы оқытудың тиімділігін арттыру мәселелері, А. О. Алдабергенова ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі, Г. Б. Таутаева интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесі мәселелерін қарастырған. Дегенмен бұл аталған жұмыстарда әртүрлі пән саласы бойынша білімдерді бір қалыпты оқыту әдістемесінің мәселелері жеткілікті зерделенбеген. Ал ол өз кезегінде осы бағыт бойынша ғылыми жаңаша зерттеудің қажеттігін туғызып отыр. Себебі оқушылардың бұл әдістерді жетік меңгеруі олардың болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде қазіргі заманда ақпараттық технологияларды неғұрлым ұтымды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
Сондықтан бүгінгі ақпараттық технологиялардың даму деңгейі мен оларды физиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасындағы қайшылықтарға байланысты білім берудің неғұрлым тиімді технологияларын іздестіру көкейкесті мәселе болып саналады. Сондай-ақ, оқу-ағарту саласының жетік компьютерлен-дірілгендігі және оларға арналған компьютерлік оқыту бағдарламаларының көптеп енуі, ал екінші жағынан мектепте физиканы оқытуда ақпараттық-логикалық модельдеуді қолдану мәселесі теориялық жағынан негізделіп, әдістемесінің жасалмағандығынан туындаған қайшылықтар бар. Осы қайшылықтар зерттеу тақырыбын “Колледжде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеудің әдістемесі (физиканы оқыту мысалында) ” деп таңдауымызға негіз болды және оның көкейкестілігін дәлелдейді.
Зерттеудің нысаны. Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні. Колледжде физиканы оқытуда компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты. Физиканы оқыту үдерісінде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеуді ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу және оны колледжде оқытуда іске асырудың әдістемесін жасау.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Егер колледжде физика курсын оқытуда компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу теориялық-әдістемелік тұрғыда негізделсе және оның әдістемесі даярланса, онда оқушылардың компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға негізделген ақпараттық-логикалық модельдеуді жетік меңгеру үдерісінің тиімділігі және физиканы оқытудың сапасы артады, өйткені бұл оқу орындарында білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік сұранысына сәйкес келіп, оқушылардың оқуға деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыра түседі.
Зерттеудің міндеттері.
- Білімді ақпараттандыру саласы бойынша ақпараттық технологияларға негізделген білім беру стандарттарына, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына ғылыми талдау жүргізу негізінде физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-логикалық модельдердің мән-мағынасы мен атқаратын қызметін анықтау.
- Ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім берудің ғылыми-әдістемелік аспектілерін айқындау.
- Оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік білім берудің дидактикалық негіздерін анықтау арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-логикалық моделдеу негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдерін айқындау.
- Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде қолданудың мазмұнын анықтау мен әдістемесін даярлау және тәжірибе-эксперименттік жұмыстар арқылы оның тиімділігін дәйектеу.
Зерттеудің жетекші идеясы. Білім беруді ақпараттандыру және колледждің оқу үдерісіне электрондық оқу жүйесін енгізу физиканы оқытуда ақпараттық-логикалық модельдеуді қолдануға жаңа жағдай жасап, үлкен мүмкіншіліктер туғызуда. Бұл арнаулы орта білім беру жүйесіндегі оқытудың тиімділігін арттырып, білім дәрежесі жоғары, сапалы мамандар даярлауға жағдай жасайды.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық-педагогикалық, ғылыми-әдістемелік негіздері, жеке тұлғаның қалыптасуының жалпы философиялық ұстанымдары, біртұтастық туралы диалектикалық теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, политехникалық және кәсіптік білім беру, педагогика, психология мен жеке тұлғаны дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері құрайды.
Диссертациялық зерттеудің теориялық, әдістемелік және ғылыми тәжірибе қағидаларын жасауда орта білім беру үдерісін зерттеудегі жүйелілік, тұлғалық және іс-әрекет тұрғысынан қараудың жалпы ғылыми ұстанымдары, іс-әрекеттің философиялық, психологиялық, педагогикалық теориясы; проблемалық оқытудың психологиялық-педагогикалық және әдістемелік негіздері туралы теориялары мен идеялары қолданылды.
Зерттеу көздері: зерттеу проблемасы бойынша философтардың, педагогтардың, психологтардың және т. б. ғалымдардың еңбектері; ҚР үкіметінің ресми материалдары; Білім және ғылым министрлігінің орта мектептің білім беру мәселелеріне қатысты көрсеткіш (норматив) құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. ) ; Қазақстан Республикасы міндетті білім беру бағдарламалары; Білім беру саласын ақпараттандыру тұжырымдамасы мен бағдарламасы; педагогтардың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ақпараттық-компьютерлік технологиялар саласындағы ғылыми еңбектері.
Автордың орта оқу орнында оқытушылық қызметтеріндегі көп жылдық педагогикалық және зерттеушілік іс-әрекет тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмпирикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық озық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтану (сауалнама) ; білім беру жүйесі пайым нысаны (субъектілерінің) тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық есеп-қисабын (статистикалық) өңдеу әдістері қолданылды.
Зерттеу кезеңдері: зерттеу үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2005-2006 жж. ) педагогикалық зерттеулер әдіснамасы мен теориясының жалпы және арнайы мәселелері бойынша отандық және шетелдік әдебиеттерді мақсатты түрде зерттеу мен талдау; физиканы оқыту тәжірибесін талдау жұмысы ұйымдастырылды. Орта білім берудің мемлекеттік өлшеуіштері (стандарттары), білім беру саласындағы бағдарламалар және бірқатар оқу орындарын негізге ала отырып оқу жоспарлары зерделенді. Зерттеудің басты қағидалары анықталды, ғылыми тәжірибе жұмысының әдістемесі жасалды. Орта оқу орнында оқушыларға физика пәнін оқытудың әдістемесін қалыптастырудың қазіргі заманға лайықты мәселелерін зерттеу деңгейі анықталды, анықтау эксперименті жүргізіліп, оның нәтижелері өңделді.
Екінші кезеңде (2006-2007 жж. ) оқушыларға физика саласында білім берудің көп сатылы құрылымдық ерекшеліктері негізделді. Ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде білім берудің мәні мен мазмұны және құрылымы тұжырымдалды. Оның әдістемесі айқындалды сондай-ақ физиканы оқытудың мазмұны жетілдірілді және оқыту эксперименті жүзеге асырылды.
Үшінші кезеңде (2007-2009 жж. ) физика курсын ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқытудың дидактикалық жасақтамасын және әдістемесін негіздеп, жетілдіру жұмыстары жалғастырылды. Оқушыларға ақпараттық технологиялар арқылы ақпараттық-логикалық модельдеу білімдерін берудің дидактикалық ұстанымдары анықталып, оқу үдерісінде қолданылды. Оқушыларға компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқытудың әдістемесі даярланды. Ол тәжірибелік-экспериментте тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, мәліметтер есеп-қисаптық өңдеуден өткізіліп, әдістемелік ұсыныстар берілді. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге келтірілді. Диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
- Білімді ақпараттандыру саласында ақпараттық технологияларға негізделген білім беру, оқыту әдістері мен оқу бағдарламаларына талдау жүргізу негізінде физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-логикалық модельдеудің мән-мағынасы мен атқаратын қызметі анықталды.
- Оқыту үдерісінде ақпараттық-логикалық модельдеудің дидактикалық негіздері арқылы оқушылардың танымдық әрекеттерін компьютерлік оқыту бағдарламалары негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері айқындалды.
- Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде қолданудың мазмұны анықталып, әдістемесі даярланды және оның тиімділігі тәжрибелік-эксперимент жұмыстары арқылы тексерілді.
Зерттеу жұмысының теориялық маңыздылығы. Орта оқу орындарында ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім беруді теориялық тұрғыдан негіздеуден, оқыту үдерісінде компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында білім берудің дидактикалық негіздерін анықтаудан, ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқыту технологиясын даярлаудан, орта оқу орындарында ақпараттық-компьютерлік білім беру мазмұнын анықтаудан және физиканы оқытуда ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде жасалған компьютерлік оқыту бағдарламаларының құрылымын айқындаудан тұрады. Бұлар - білім беруді ақпараттандырудың теориясы мен әдістемесіне қосылған қомақты үлес болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеудің нәтижелері бойынша колледжде физиканы оқытуға арналған ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде жасалған компьютерлік оқыту бағдарламалары кейбір колледждердің тәжірибесіне және Ұлттық ақпараттандыру орталығы дайындаған электрондық оқулықтардың мазмұнына енгізілді. Мұндай компьютерлік оқыту бағдарламаларын жасаудың тәсілдерін және бағдарламаның өзін орта мектептің физика мұғалімдері өздерінің іс-тәжрибелерінде қолдана алады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарының әдіскерлері мен физика оқулығының авторлары өз жұмыстарын жетілдіру үшін қолдануына болады. Диссертацияда айтылған пікірлерді білімді ақпараттандыру жағдайында колледждер мен орта мектептің басқа пәндерінің оқытушылары да өздерінің іс-тәжірибелерінде қолдана алады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын ақпараттық-логикалық модельдеудің мән-мағынасы мен атқаратын қызметі.
2. Ақпараттық-логикалық модельдеуді физика курсын оқыту үдерісінде қолданудың мазмұны мен әдістемесі.
3. Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде жасалған компьютерлік оқыту бағдарламалары арқылы ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу мәліметтерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылаумен; олардың тиімділігін тәжірибе-әдістемелік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерiсіне кешенді ендірілуімен дәлелденеді.
Зерттеу базасы. Ғылыми-тәжірибелік жұмысы Ұлттық ақпараттандыру орталығында, Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжі, Мырзакент колледжі, Жетісай медициналық колледжі, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясында жүргізілді.
Тәжірибелік-зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру ғылыми-тәжірибе барысында жүзеге асырыла отырып, халықаралық, республикалық ғылыми-практикалық, ғылыми-теориялық конференцияларда (Алматы -2009, Жетісай -2007, -2009, Түркістан -2010; ), республикалық педагогикалық оқуларда, Сырдария университетінің жыл сайынғы өтетін конференцияларында, ғылыми-әдістемелік іс-шараларда (семинарларында), мерзімді ғылыми-педагогикалық басылымдарда және жинақтарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық колледжнің және Мырзакент колледжі, Жетісай медициналық колледжі, №6 Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназиясының оқу үдерісіне ендірілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі мен маңыздылығы айтылды. Зерттеу жұмысының нысаны мен пәні, оның мақсаты, болжамы мен міндеттері анықталып, әдіснамалық және теориялық негіздері, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар, зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі баяндалған.
«Орта оқу орындарында компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім берудің теориялық негіздері» деп аталатын бірінші бөлімде орта оқу орнында оқытудың ақпараттық-компьютерлік технологияларын қолдануды айқындау негізінде білім беру үдерісінде ақпараттық-логикалық модельдеудің оқытудағы мән-мағынасы мен атқаратын қызметі анықталған. Ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы білім берудің ғылми-әдістемелік көзқарастары негізделіп, оқыту үдерісінде ақпараттық-компьютерлік білім берудің дидактикалық негіздері мен оқушылардың танымдық әрекеттерін ақпараттық-логикалық модельдеу негізінде ұйымдастыру мен басқарудың тәсілдері айқындалған.
«Физика курсын компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқытудың әдістемесі» деп аталатын екінші бөлімде ақпараттық-логикалық модельдеу арқылы оқытудың технологиясы түсіндіріліп, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдану жағдайында орта оқу орнында ақпараттық-компьютерлік білім беру мазмұны мен білім берудегі ақпараттық-логикалық модельдеудің құрылымы анықталған. Сонымен қатар, бұл бөлімде ғылыми-тәжрибелік зерттеу жұмыстарын жүргізу және олардың нәтижелері баяндалған.
Қорытындыда диссертациялық зерттеудің негізгі қорытындылары мен ұсыныстары тұжырымдалған, проблеманы әрі қарай жалғастырып зерттеудің болашағы анықталған.
Қосымшада зерттеу барысында қолданылған материалдар мен құжаттар келтірілген.
Негізгі бөлім
Білім беруді ақпараттандыру үдерісінде, компьютерді оқу жүйесінде пайдалануы арқылы халыққа білім беру жүйесін реформалаудың негізгі буынының бірі болып саналады. Қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай оқытудың әдісі мен қалпын, білім берудің мазмұнын түбірімен өзгертуде компьютердің мүмкіндігін пайдаланбай жүзеге асыру мүмкін емес деп есептейміз.
Компьютерлік оқыту бағдарламаларын оқу үдерісіне пайдалануда оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға тура келеді:
Бірінші ұстаным - өзара тығыз байланыстағы материалдарды блоктарға бөлу (қадамдарға) . Ал бағдарлама авторларынан оқу материалдарын тиянақты талдауды, мәтін бөліктері арасындағы өзара байланыстың ерекшеліктері мен мазмұнын анықтауды талап етеді.
Екінші ұстаным - алгоритмдерді (бағдарланған мәтіндерді) оқып үйрену кезінде оқушылардың белсенділігін арттыру, яғни оқушылардың терең де, жан-жақты талдаулар машығын қалыптастыруға бағытталады.
Үшінші ұстаным - оқушының әрбір жауабына мұқият баға беру және ол жауаптың бағасын тез хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға көшу.
Төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын арттыру, яғни оқу қарқынын дараландырып отыруды қамтамасыз ету.
Бесінші ұстаным - бағдарланған мәтіндердің сезім мүшелері арқылы қабылдау (эмпирикалық) сенімділігін тексеру, яғни әрбір оқушының мүмкіндігіне қарай тапсырманың қиындық дәрежесін реттеуді қарастыру.
Оқыту үдерісінде білім беру жүйесінің жаңа бағыттарының бірі - болашақ маманның ақпаратты игеру мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Біз орта кәсіптік оқу орындарының оқу-тәрбие үдерісін жетілдіру ісі мен оқыту сапасын жақсартуда оқу-әдістемелік жұмыстың маңыздылығын ескере отырып, ақпараттық-логикалық модельдеуді қолданудағы оқу-әдістемелік жұмыс жүйесін жасап ұсындық (Сурет 1) .
Модельдеу қоршаған ортаны, табиғат пен қоғамда болып жатқан ақпараттық процестерді тану әдісі ретінде ерекше мәнге ие болады. Сондықтан да ақпараттық-логикалық модельдеуге ерекше назар аударуға тура келеді. Себебі ол оқушылар меңгеруге тиісті білім қорын таным тәсілі мен мазмұны тұрғысында қарастырылады. Бұл ақпараттық-логикалық модельдеу (АЛМ) мәселесі, қоршаған шындықты танып-білудің әдістері ретінде оқып-үйренуді қажет етеді.
А. Маслов өз еңбегінде «Ақпаратты ұсыну формалары, ақпаратты сақтау, өңдеу және тасымалдауды ұйымдастыру», «Өндірісті басқару үшін ақпаратты пайдалану», «ЭЕМ құрылғылары және оны қолдану», бөлімдерімен қатар «Информатиканың философиялық және саяси көзқарасы» деген бөлімді ендірген. Соңғы бөлім оқушыларға қоршаған әлемді тану туралы, ойлау үлгілерін тану әдістерінің даму тарихы туралы, логикалық ойлау элементтері және оны қалыптастыру, математикалық модельдеу, модельдер және білімді ұсыну үлгілері туралы түсініктерді алу мүмкіндігін беретін тармақтардан тұрады.
Модельдеуді - оқытудың басты бір әдісі ретінде физика ілімінің мамандары үлкен назарда ұстап отыр. Атап айтқанда, Л. И. Резник физиканы оқып-үйренуде графикалық модельдерді қолданудың әдістемесін зерттеді. С. Е. Каменецкий модель-аналогиялардың ролі мен мүмкіндіктерін көрсетті. Л. Р. Калапуша және И. И. Логвинов белгілерді қолданатын модельдерді қолдану ерекшеліктерін ашты. Д. И. Пеннер ядро құрылысын оқып-үйрену барысында және физикалық оптикадағы модельдеудің ролін зерттеді. Ал физикалық есептерді шешуде, құбылыстарды зерттеудегі ақпараттық-логикалық модельдер әзірше, жете зерттелмегендігі байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz