КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
1-ТАРАУ

КОЛЛЕДЖДЕГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ

Арнаулы орта білім беру жүйесінде дене тәрбиесі оқушыға жалпы білім беру
мен тәрбиенің негізгі бір бағыты болып келеді. Дене тәрбиесі - оқушынық
денсаулығын қалыптастырумен қоса отаншылдық және рухани тәрбиенің көзі
болып табылады. Болашақ жұмысшы-мамандарды еңбекке баулуда өзіндік рөл
атқарады.
Дене тәрбиесі пәні басқа пәндермен салыстырғанда мазмұны жағынан өзіндік
ерекшелігі бар. Сондықтан бұл пәннің міндеті мен мақсаты мынадай талаптарды
алға қояды:
дене жағынан жан-жақты даму, еңбекке деген қабілеттілігін арттыру және
денсаулығын нығайту;
президенттік тест жаттығуларының нормативтерін орындауға дайындау;
оқушылардың мамандығына қарай қалыптасуына арналған арнаулы жаттығуларды
орындауға бейімдеу;
жеке бастың салауатты өмір сүру қағидасын және тіршілікке, дені сау азамат
болуға қалыптастыру;
адам баласының бойындағы қайраттылықты, төзімділікті, икемділік және т.б.
қасиетті қалыптастыру;
дене сабағында қалыптасқан адам қасиеттерін өмірде, күнделікті тіршілікте
пайдалана білу;
дене тәрбиесі жаттығуының бір түрімен, яғни, спортпен және туризммен
шұғылдана білу.
Дене тәрбиесі пәнінің бағдарламасында, әсіресе, теориялың бөлімінде дене
шынықтыру жаттығуларын орындауда кең көлемде білімін жетілдіру, дене
тәрбиесінің қоғамдағы орнын анықтау, оқу орындарында дене шынықтыру мен
шұғылданудың мақсатын білу, жалпы дамыту жаттығуларын орындаудың
әдістәсілін меңгеру, дене шынықтыру мен шұғылданудың денсаулық көзі екенін
түсінуі және дене шынықтыру жаттығуларын күнделікті тіршілікте, өндіріс
орындарында қолдана білуін қарастырған.
Арнаулы оқу орындарында дене тәрбиесі пәнінің құрылымы мынадай міндетті
оқу бөлімінен тұрады: гимнастика, жеңіл атлетика, спорттық ойындар, ұлт
ойындары, қозғалмалы ойындар, жүзу, жекпе-жек және шаңғы дайындығы (қысы
жоқ өңірлерде дала жарысы (кросс) өткізіледі) және спорттық туризмнен
тұрады.
Дене тәрбиесі сабағы жұмысына 4 сағаттан оқу орнын бітіргенше оқиды.
Дене тәрбиесін оқытудың негізгі түрі - сабақ. Сабақ оқу жоспарында -
қаралған сабақ кестесі арқылы жүргізіледі. Сонымен бірге, сабақ ету
барысында оқушыға мұғалімнің нұсқауымен өз бетінше шұғылдануына мүмкіншілік
беріледі. Дене жағынан жеткілікті дамымаған оқушыларға арнаулы қосымша
жаттығулармен шұғылдануды ұйымдастырады.
Оқушылар сабақ үстінде бағдарламада берілген материалдарды меңгеріп,
бақылау көрсеткіштерінен сынақтар тапсырады. Бұл сынақтарды оқушылар дене
жағынан дамуын бақылау үшін қыркүйектің аяғында және оқу жылының соңында
мамыр айында президенттік тест жаттығуларынан бақылау нормативтерін
тапсырады.
Жалпы оқу жылының барысында бағдарламада көрсетілген жекеленген жаттығу
түрлерінен сынақ тапсырып отырады. Бұл сынақ тапсыратын жаттығулар барлық
курста оқытылады, өзгермейді, тек көрсеткіш нормативтері курс жоғарылаған
сайын, яғни, жас ерекшеліктеріне байланысты жоғарылай береді. Бұл
көрсеткіштерді оқушылар оқу жылының барысында бірінші және екінші жарты
жылдықта тапсырады.
Арнаулы оқу орнын бітірушілер дене тәрбиесі пәнінен емтихан тапсырады. Ол
үшін теориялық және практикалың білім алу керек. Сондықтан, емтихан
тапсыруға оқудың бірінші курсынан бастап дайындалу керек. Бұл емтиханның
бағасы оқу орнын бітіргендегі дипломға қойылады.
Демек, емтиханды жоғары дәрежеде тапсыру үшін дене шынықтырумен тек
қана сабақта ғана дайындалу аздық етеді. Сондықтан, сабақтан тыс уақытта
спорт секцияларында, ең болмағанда жалпы дамыту жаттығуларымен міндетті
түрде күнде шұғылданып отыру керек. Бұл жан-жақты даму жүйесін
қалыптастырады. Өз бетінше спортпен шұғылдануға тәрбиелейді. Демек, бұл -
дене жағынан жан-жақты дамудың көзі болып саналады.
Оқушы өз бетінше шұғылдану барысында көптеген қиын жаттығуларды
орындаудың айла-тәсілін меңгеруге икемделеді. Әсіресе, гимнастика, спорттық
туризм, жүзу, жекпе-жек, т.б. сияқты жаттығулардың орындалуын меңгеру үшін
тек дене тәрбиесі сабағында ғана шұғылдану жеткіліксіз.
Сондай-ақ, жалпы дамыту жаттығуларын орындауды меңгеру үшін
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларының маңызы өте зор.
Жалпы, таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын жүйелі түрде күнделікті
үзбей орындау - тек қана денсаулықты сақтаудың көзі емес, дене жағынан жан-
жаңты дамудың негізін қалайды.
Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларымен шұғылдану үшін кемінде 15 минут
уақыт бөлінеді. Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларымен шұғылданған кезде ең
әуелі, орыннан тұрған бетте керіліп-созылудан бастаған дұрыс. Далаға
шыққанда жоғарғы темппен жүріп отырып, біртіндеп жүгіруге ауысуға болады.
Жүгіру уақыты 10-15 минутқа созылады. Содан кейін жалпы дамыту жаттығулары
орындалады. Орында тұрып бірнеше дүркін ұзындыққа секіруге болады. Резеңке
(жгут) пайдаланылады. Белгілі бір салмақты - тасты бастан асыра лақтыруға
болады. Ең негізгі күш-қуат беретін жаттығулар орындалады. Орында тұрып
секіру және мүмкіндік болғанша көбірек отырып-түру, етбеттеп жатып қолды
бүгіп-жазу, т.б. жаттығуларды орындауға болады.
Денсаулык сактау мақсатында оқу орындарында деле шынықтыру-сауықтыру
іс-шаралары үзілмей үнемі жүргізіледі. Жыл бойында оқу орнының
спортакиадасы және жекелеген спорт түрінен біріншілік өткізіліп тұрады.
Әрине, бұл жаттығулардың барлығы президенттік тестте берілген жаттығулардың
аймағында өткізіледі. Сондай-ақ, осы оқу орнының материалдық базасының
негізінде дамыған спорт түрлерінен жарыстар үнемі жалғасып отырады. Оқу
орнының спортакиадасына мүмкіндік болғанша барлық оқушылар тартылады. Ал
денсаулығы жағынан кемістігі бар оқушылар жарыс өткізу үшін төрешілік
етеді.
Дене шынықтыру-сауықтыру шаралары оқу орындарында, одан ары қарай
облыстық республика көлемінде жыл сайын өткізіліп тұрады. Сонымен қоса
барлық оқушыға бірдей міндетті президенттік тесттен сынақ өткізіледі. Жалпы
президенттік тесттен сынақ өткізу оқу топтарының арасында басталып,
республикалық деңгейге көтеріледі.

1.1. Дене тәрбиесі пәнінің теориялық түсініктемесі
Арнаулы орта білім оқу орындарының оқушылары оқу бітіргенде дене
тәрбиесі пәнінен емтихан тапсыратын болғандықтан, бұл пәннің жалпы
теориялық түсініктемесін білулері керек. Әсіресе, дене тәрбиесі, дене
шынықтыру, дене шынықтыруды жетілдіру, дене шынықтыру дайындығы,
спорт, спортпен шұғылдану, т.б. атаулардың түсініктемесін білу - дене
тәрбиесі пәнінен жалпы мағлұмат береді. Содан кейін ғана дене тәрбиесі пәні
жөнінде жүйелі түрде білім мен біліктілік қалыптасады.
Дене тәрбиесі - оқу пәні денсаулықты сақтау мақсатымен қоса, адамның
бойындағы барлық қасиетін жетілдірудің негізгі құралы болып табылады.
Демек, күнделікті тіршілікте мақсатына тек дені сау адам ғана жетеді, дені
сау адам ғана елінің қамын ойлайды, халына билігін жүргізе алады. Ал дене
жағынан кемістігі бар адам халқына қызмет істей алмайды, еліне билік
жүргізе алмайды.
Себебі, дімкәс адам тек қайтсем денсаулығымды түзеймін деген
қағидамен отырады. Ондай адам халқының қамын ойлап билік жүргізе алмайды.
Мұндай басшылардан халқы жапа шегеді. Осыған ұқсас оқиға бізге тарихтан
белгілі. Орыс философы А. Герцен ауру басшыдан гөрі дені сау қора сыпырушы
қоғамға әлдеқайда көп пайда әкеледі деген. Сондықтан да, денсаулығын
сақтау әр оқушынық жеке басының міндеті болмақ.
Дене тәрбиесі - дене шынықтыру мен спорт атты екі бағыттағы тармақтан
тұрады.
Дене шынықтырудың негізгі мақсаты дене тәрбиесінің бір бұтағы ретінде
жалпы денсаулықты қалыптастыру мақсатын көздейді.
Дене шынықтырудың нақты мақсаты - адам баласының күнделікті
тіршіліктегі қозғалысының пайдасын айқындайды. Ересек адам орта есеппен
тәулігіне міндетті түрде 2 сағат (саналы түрде орындалу керек) қозғалыста
болуы керек. Мысалы үлкен фабрика, зауыттарда әрбір 2 сағат сайын 10-15
минуттік өндірістік гимнастика өткізіледі. Себебі, айталық станокта тұрған
жұмысшы күні бойы бір қалыпта тұрып жұмыс істейді. Сонда, денеге түсетін
жүктеме күш (нагрузка) ұзақ уақыт бойында тек сол жұмыс істеп тұрған мүшеге
түседі де ағзаның басқа мүшелері қозғалыссыз қалады. Демек, қозғалмаған
ағзаның мүшесі уақыт өте келе ауруға шалдығуы мүмкін. Кезіндегі грек ойшылы
Аристотель: Жанды дене қозғалмаса өледі деген. Өзіне жасаған тәжірибесі:
күнде белгілі бір уақыт аралығында бір қолымен батпан көтерген де, сол
мезгілде екінші қолын денесіне байлап қойған. Сонда бір жылда батпан
көтерген қолы қуаттанып жетілген де, жұмыс істемеген қолы солып қалған.
Демек, міне, бүгінгі дене шынықтырудың ең негізгі нақтылы мақсаты
адамның күнделікті 2 сағат бойы қозғалыста болып, дененің, жалпы барлық
мүшесінің бірдей, бір қалыпты да дұрыс дамуына бақылау жасау. Бұл да әр
жеке бастың өзінің міндеті болып табылады. Сондықтан да, дене шынықтыру
жаттығуларымен шұғылдану деген соз - күнделікті тұрақты түрде жалпы дамыту
жаттығуларымен шұғылдану деген сөз. Жалпы дамыту жаттығуларымен
шұғылдануды, яғни, ұзақ өмір сүрейін деген адам жасы ұлғайса да жалғастыра
береді. Негізінде жалпы дамыту жаттығулары әр түрлі аурудан емделу үшін де
қолданылады. Бірақ, бұл жаттығудың ағзаның қай мүшесіне қаншалықты күш
түсіретіндігін білу керек.
Денені шынықтыру жүйесінің негізі - қоршаған ортаны, табиғи денені
дұрыс пайдалана білу. Бұл, табиғи денені пайдалана білу - ғылыми да
білгірлікті талап ететін аса күрделі жүйе. Айталық, күнге қыздырынуды, суға
түсуді, дем алуды пайдаланудың өзіндік қалыптасқан жүйесін білу әркімнің
міндеті.
Бұл жүйе негізінен үш бағытта орындалады.
Біріншісі - біртіндеп орындалу. Мысалы, алғашқы күні суға келіп
түскенде аздап қана қыздырынуға болады. Ұзақ күнге қыздырынып жатып алуға
болмайды, бұл іс ағза үшін аса қауіпті.
Екінші - қоршаған ортаны, табиғи денелерді үнемі үзбей пайдаланып
отыру. Айталық, жаз мезгілінде суды, күнді пайдаланса, қыс мезгілінде таза
ауада серуендеп, шаңғы тебуге болады.
Үшінші - денені шынықтыру жүйесі адамды жалықтырып жіберетіндей,
үнемі бір ғана жаттығумен шұғылданбай жан-жақты даму жүйесі қолданылады.
Тұрақты түрде таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындау, ұйықтар алдында
серуендеу, жұмысына арнайы бір-екі рет далаға шығып дем алу, т.б. жүйелі
жұмыс істеуге болады.
Спорт - дене тәрбиесінің бір бұтағы ретінде қаралады. Біз, жоғарыда дене
шынықтыру - жалпы дамыту жаттығуларымен шұғылдану дедік. Ал спорт сол көп
жаттығудың біреуімен ғана шұғылдану. Мәселен, жалпы дамыту жаттығуларымен
шұғылданған адам аздап та болса жүгіреді, секіреді, тас лақтырады, батпан
(гантель) көтереді, суда жүзеді, т.б.
Демек, спортпен шұғылдану деген сөз, адамның кәсіби мамандығына
айналады. Айталық, бір адам тек футболмен шұғылданады, енді біреулері
волейболмен, баскетболмен айналысады. Спорттық көрсеткіштерге жетеді, содан
кәсібіне айналдырады. Бірақ спортпен шұғылдануға жету үшін ең әуелі жалпы
дамыту жаттығуларымен шұғылдану әркімнің міндеті. Онсыз спорттық жетістікке
жете алмайды. Мәселен, қаншалықты спорттық көрсеткішке жетсе де, үзбей
таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын орындамаса, ол адамнан жоғары дәрежелі
спортшы шықпақ емес.
Жаттығудың жекеленген түрімен, яғни, спортпен шұғылдану үшін адамның
жас ерекшелігі ескеріледі. Спортпен шұғылданып, яғни, жоғары көрсеткішке
жету үшін мүмкіндік болғанша бала жастан бастаған жөн. Себебі, ағзаның
биологиялық құбылысы, әр адамның дене жағынан жетіліп қалыптасуы әр түрлі
болғандықтан, спортпен шұғылдануды әр түрлі жастан бастауға болады. Жүзуді,
гимнастика, акробатика, спорт ойындарымен 7-8 жастан бастаса, жекпе-жекті
10 жастан кейін бастауға болады. Жалпы, спорттың қай түрімен шұғылдану әр
адамның дене құрылысының бітіміне байланысты болады. Олай болатын себебі,
бір ағза бар, дәл қазіргі акселерацияға байланысты биігінен өседі. Бұл дене
әдетте күш-қуат жағынан әлсіздеу келеді. Сондықтан мұндай адамға спорттың
жеңілдеу түрлері десек, мысалы, жүгіру, спорт ойындарымен (футбол,
волейбол, баскетбол, қол добы, т.б.) шұғылдануға болады.
Екінші бір ағза бар, сүйек көлденеңінен өсетін, бірақ бойы аласалау
болады. Бұл дене күш-қуат жағынан мығымдау да қайратты болып келеді. Мұндай
тұлғаға жекпе-жекпен, жүзумен, гимнастика, акробатикамен шұғылдануына
болады. Себебі спорттың бұл түрлері басқаларға қарағанда күш-қуатты керек
етеді.
Спортпен шұғылдану жүйесі кезең-кезеңмен жалғасады. Бұның алғашқы
кезеңі - дене шынықтыру дайындығы. Бұл кезең жаттықтырушылың басшылық
етуімен, спортпен шұғылдануды бастаған кезде алғашқы бірінші жыл және үш
жыл бойына жалғасады. Бұл кезеңде спорттық дәрежеге жету жоқ.
Дене шынықтырудың дайындық кезеңі. Жалпы спортшылардың жоғары
көрсеткішке жетуі негізінен жаттықтырушының қаншалықты білімділігіне және
осы дене шынықтыру дайындық кезеңінен аса мүқият білгірлікпен сауатты түрде
өтуіне байланысты.
Спортпен шұғылданудың екінші кезеңі - спорттық шеберлікті дамыту.
Спортшы дене шынықтыру дайындығы кезеңінен өткеннен кейін, қаншалыңты,
қандай деңгейде дайындығы бар екені анықталғаннан кейін жаттықтырушының
басшылығымен спорт аренасына шыға бастайды. Яғни, әр түрлі деңгейдегі
(өзінің қаншалықты дайындығына байланысты) жарысқа қатыса бастайды.
Осылайша, жоғары дәрежелі спортшылар тобын құрайды.
Спорттық жаттығу - педагогикалық процесс, әркімнің өзінің таңдап
алған жаттығуымен шұғылдануын жетілдіру. Спортпен шұғылданғанда осы жаттығу
жүйесі арқылы спорттық нәтижеге жету, яғни, атақты спортшы атану мақсатын
көздейді.
Спортпен шұғылдану, яғни, жаттығу жүйесі оқу-үйрену арқылы ғана
қалыптасады, біліктілік жетіледі. Сондықтан да спортшы атану, спорттық
жоғары көрсеткіштерге жету, негізінен педагог-жаттықтырушыға байланысты
болады. Демек, ең әуелі жаттықтырушының өзі спорттың осы түрінен мамандығы
және арнаулы білімі болуы керек. Сонда ғана ынтасы бар жас жеткіншектерді
тәрбиелей алады.

1.2. Адам бойындағы қабілетті жетілдіру
1.2.1. Жеке бастың психологиялық қабілетін дамыту

Жеке бастың психологиялық қабілеті - әр адамның тәрбие жүйесінің
негізінде қалыптасады. Яғни, оның өзін қоршаған ортамен қарым-қатынасы,
еңбекке деген қабілеттілігі, жеке адамдармен қарым-қатынас жасаудың негізгі
қағидаларының қалыптасуы, т.б.
Демек, жеке бастың психологиялық қабілетінің дұрыс қалыптасуының
нәтижесінде әр адамның өмірге деген көзқарасы өр түрлі болып қалыптасады.
Жеке адамның бір-бірінен айырмашылығының өзі осында. Әр адамның өмірге
деген көзқарасы, тіршілігінің қалыптасуы, белгілі бір қоғамға сенуі,
мінезінің ерекше қалыптасуы, белгілі бір қоршаған ортадағы орны, тағы да
осылайша жалғаса береді.
Адамның психологиялық қабілеті тіршіліктегі кәсіби мамандығына
байланысты қалыптасып, өзгеріп тұруы мүмкін. Жеке бастың тіршілікте керекті
негізгі қасиеті өзі өмір сүріп жатқан ортамен қарым-қатынасы, яғни,
адамгершілік қасиеті негізінен дене шынықтыру жаттығуларымен щұғылданған
кезде ғана қалыптасады. Бұл қасиеттің қалыптасуы, әсіресе, жарыс кезінде
ерекше байқалады. Себебі, бір ойыншы ойынға барлық ынтасы, күш-жігерімен
командасын жеңіске тартса, екінші біреуі күш-қуатын толық пайдаланбай ынта-
жігерсіз ойнайды. Бірінші кездескен қиыншылыққа төзе алмай, әріптестерінің
талабына көне алмай, бұл ортадан кетуге мәжбүр болады.
Ендеше, белгілі бір ортада психологиялық қабілеттің қалыптасуы, яғни,
адамгершілік қасиеттің қалыптасуына спортпен шұғылдану негізгі рөл
атқарады.
Арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесінің негізгі мақсаты жоғарыда
айтып өткендей, денсаулықты сақтау, жалпы тәрбие көзі ғана емес, адамның
психологиялық тұрғыда тіршілікке деген көзқарасы, ең негізгісі адамның
адами болмысын қалыптастырады. Бұлай болатын себебі спортпен шұғылдану
барысында ұйымшылдыққа, бірлікке тәрбиелейді. Бұл деген сөз адам баласының
өмір сүрудегі негізгі қасиеті.
Қазақ халқында: Бірлік бар жерде тірлік бар деп ұйымшылдыққа
тәрбиелеген. Бұл тәрбие жүйесі ұлттық психологияның өзіндік ерекшелігі.
Бүгінгі бізге жеткен, ата-бабамыздан қалған Жер - көлемі бойынша дүние
жүзінде тоғызыншы орын алады. Ата-бабамыз бұл жерді соғысып жүріп сақтап
қалды.
Спортпен шұғылданамын деп белгілі бір ортаға түскен оқушы студеңт осы
жерде өзінің психологиялық алып-тасудағы қабілетін көрсете білу керек. Бұл
оның белсенділігі, ынтасы, сайып келгенде сол ортаға бейімделуі:
басқалармен қарым-қатынас жасау барысында оларды сыйлау, айтқан ақыл-
кеңестерді тыңдай білу, ең басты қасиет - өзіне-өзі талап қоя білуінде.
Адамның белгілі бір ортаға түскеннен кейін, оның бойындағы қасиетін
оятып, қабілетін жетілдіретін құбылысты мотив деп атайды. Осыдан кейін адам
тіршіліктің белгілі бір бағытына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Колледж студенттеріне салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру аспектілері
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖДЕРДЕ ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮДЕРІСІНДЕ ОҚШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Колледж студенттерін кәсіби әлеуметтендіру
Әлемдік тәжірибедегі білім беру жүйесі
Педагогикалық колледж студенттерінің кәсіптік бейімін анықтау
Колледж оқушыларын оқу жағдайларына бейімдеудің психологиялық - педагогикалық ерекшеліктері
Экономикалық тәрбие ұғымы
Пәндер