Тәрбие ұғымының жалпы түсініктемесі
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1. Тәрбие ұғымының жалпы түсініктемесі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .5
0.2. Тәрбие процесінің мәні мағынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
0.3. Тәрбие принциптерінің жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
0.4. Тәрбие технологиясын қолдану жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың түрлі салаларында терең мамандануын ғана емес қоғамда өмір сүріп тіршілік ете білуді талап етеді. Баланың тұлғалық дамуының негізгі параметрлері оның жалпы адамзаттық құндылықтарға бағытталуы, ізгілік, зиялылық, креативтілік, белсенділік, жеке басының намыс сезімі, ой - пікірдегі тәуелсіздік болып табылады. Осы қасиеттердің даму деңгейі тұлғаның әлеуметтік қалыптасу мен әлеуметтік біліктілігінің көрсеткіштері деп қарастыруға болады[1].
Білім беру жүйесінің басты міндеті - жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзат - тық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның кәсіби жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан - жақты қалыптасу, ана тілін, ұлттық салт дәстүрлерді сақтау, ақпараттану, ден - саулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.
Осы сияқты қасиеттерді білім алушылардың бойында қалыптастыру мен дамыту Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің маңызды міндеті ретінде қарастырылады.
Қазақстан Республикасының азаматы ретінде білім алушыларды тәрбиелеудің тұтастығы жөніндегі мемлекет саясатының бағыты Қазақстан Республикасында этномәдени білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында оқушыларға құқықтық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы мемлекеттік жастар саясаты тұжырымдамасында, Қазақстан Республика - сында адамгершілік - жыныстық тәрбие беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасында, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриотизмге тәрбиелеу бағдарламасында атап көрсетілген.[2]
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі Тәрбие тұжырымдамасы (бұдан былай Тұжырымдама) тәрбие саласындағы мемлекеттік жалпы стратегиялық саясаттың мақсаты мен міндетін, тәрбие мазмұнының негізгі бағыттарын және оларды іске асыру шарттарын айқындайтын құжат болып табылады.Тәрбиенің негізі ұрпақтың болашақ өмірге дайындаудан басталады. Қоғамдық құбылыс өрістеген сайын, тәрбиенің мазмұны да өзгере бастайды. Ендеше, адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлірек айтсақ, құл иеленуші дәуірдің аяғына таман тәрбие қоғамдық қызметке айналып, арнайы тәрбиелеуші мекемелер пайда болып, кәсіби мамандықтарға балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Біртіндеп тәрбиенің қоғамдық қызметі өрістеп, тәжірибе жинақтау, оны жүйелеу қажеттілігі туындады.
Зерттеудің мақсаты: Тәрбие жүйесінің толықтай ұғыну арқылы, оқушылардың тәрбиелеу процесін қадағалай білу,оқушының тәрбиесіне жақсы әсер ететін тәрбие әдістерін жүйелеу.
Зерттеудің міндеті:
oo Тәрбие ұғымын анықтау;
oo Тәрбие әдістері ұғымының жіктелуін жүйелеу;
oo Тәрбие принциптерінің тәрбие процесінде қолдану дәрежесін анықтау;
oo Тәрбие технологияларының толықтай қолданылуын зерттеу;
1.1Тәрбие ұғымының жалпы түсініктемесі
ХІІ-ғасырдың басына дейін педагогика филосфияның бір бөлігі ретінде қарастырылды. "Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі" деп аталатын Фрэнсис Бэконның трактаты Жариялануымен қатар, педагогика ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде бөліне бастады. Осы ғасыр кезеңінде педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педгаогі Ян Амос Коменский (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Ал оның теориялық идеялары әлі күнге дейін өзінің маңызын жойған емес. "Ұлы дидактика" - балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалады. "Аналар мектебінде" адамгершілік тәрбиесіне, отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, отбасы тәрбиесінің маңызын анықтайды [4]. Сондай- ақ, педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері: ағылшын педагогі Джон Локк (1632-1704), француз педагогі Жан Жак Руссо (1712-1781), швед педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверг.
Д.Локк тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен мән берді. Баланы "таза тақтамен " теңеді. Ж.Ж.Руссо, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, оның қызығулары мен құмарлықтарын ескеру қажет екендігін айтты. Песталоцци педагогикада алғашқыфлардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. А. Дистерверг өзінің идеяларын прогрестік-демократиялық бағытта өрістете отырып, балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына мән беру, халық мұғалімдерін дайындау мәселелерін көтерді.
ХҮІІІ-ғасырда германияда алғаш мұғалімдер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылды [7].
Педагогика ғылымының ілгерлеуіне өз үлестерін қосқан орыс педагогтары: К.Д.Ушинский (1824-1870) ,Н.И.Пирогов(1810-1881), В.И.Водовозов(1825-1886), А.Ф. Лесгафт(1837-1909), Л.Н. Толстой(1828-1910) және т.б.
Педагогиканың шұғылданатын объектісі - жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықтарды зерттеу және соның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық, әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән мағынасын зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Олар:
a) Жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән-мағнасы мен заңдылықтарын зерттеу;
b) Тәрбиенің мақсатын анықтау;
c) Тәрбиенің мазмұнын белгілеу;
d) Тәрбие тәсілдерін зерттеу.
Педагогиканың ғылым саласы ретінде өрістеуіне себеп болатын - әдіснамалық шарттар.
Ғылым әдіснамасы бұл-табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болатын әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндермесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Негізінен екі әдіснамалық идея бағытының маңызы үлкен. Әдіснамалық алғы шарттарының ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдарлы байланыс сипатында екендігі.
Бұнда-тәрбие қоғамның және оның даму бағытының қажетінен туындайды.
Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы "әлеуметтік" бағдарламаға сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады. Мұнда жеке тұлғаның жандүниелік белсенділігі жоққа шығарылмайды.
К.Д.Ушинский педагогикалық антропология еңбегінде былай деген: "Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе, ол ең алдымен сол адамды жан жақты танып алу тиіс" дейді [5].
1.2Тәрбие процесінің мәні мағынасы
Тәрбие процесі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің кірістіре жүргізілетін тұлғаны қалыптастыру, дамыту процесі.
Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстылығы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Тәрбие процесі көп қырлы. Фархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару алыпты қасиеттерімен сипатталады. Тәрбие процесі мазмұндық және процесуалдық жақтары да жеке анықталады. Оқу пәні мұғалімінің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті - бұлардың бәрі тәрбие процесі болып табылады.Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.
Тәрбие процесі - белгіленген мақсатқа бағытталған тәрбиелеушілер мен тәрбиешілер арасындағы өзара бірлескен әрекет болғандықтан, бұл процесс ең алдымен, мақсат-бағдарлы болып табылады.
Тәрбие процесі көп факторлы процесс. Алдағы көптеген объективті, субъективті фактордың әрекеттері бұл процесті өте күрделі екендігін көрсетеді. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті жағдай білдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты көруге қажеттеседі.Ал объект жағдай мазмұны мен бағыты ұйымдастырылған тәрбие іс-әрекетімен қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болуына тұлға әртүрлі жерлердің ықпалына түседі. Жағымды тәжірибе ғана емес, түзетуді қажет ететін мағынасыз тәжірибені де қамтиды. Тәрбие процестің қиындығы оның өзгермелі, динамикалық, қозғалмалы болуымен ерекшеленеді. Тәрбие процесі үшін тәрбиенің ықпал ету басталғаннан бастап соңғы нәтижелер арасының ара-қашықтығы тәрбие процесінің ұзақтылығымен айқындалады [6].
Тәрбие процесі - үзіліссіз процесс. Мектептік тәрбие процесі - бұл тәрбиеші мен тәрбиешінің өзара жүйесі, үздіксіз әрекеттесу процесі. Тәрбие - тұрақты әдетке айналғанда ғана нәтижеге жетуге болады.
Тәрбие процесі - комплекстік процесс. Тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формалары және әдістерінің бірлігін, яғни бір уақытта өзара әрекеттесуі комплекстік процесс д.а.
Тәрбие процесі - аймақты сипатымен ерекшеленеді. Олар: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешілеуге қарай (кері байланыс).
Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті, өз кезінде, өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Сондықтан, қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы, әрқилы жүйе мен құрылымы біртұтас түзуге байланысты.Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие процесінің талаптары мен құралған келесі жүйелер белгілі:
oo тәрбие міндеті;
oo теория процесінің міндеті;
oo теория процесінің мазмұны;
oo процестің өту жағдайлары;
oo тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы;
oo тәрбие іс-әрекеттерінің қолданылатын әдістері мен формалары;
oo процестің даму кезеңдері: т.б.;
Жас бала - жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді - дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді [10].
Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал. Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым - қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез - құлқын қалыптастыру құралы. Тәрбиелеу - халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл - Фараби).
Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік - жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.
Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процесі [8].
Н.К.Крупская Тәрбие атты мақаласында (1929ж.): Тар мағынада алып қарағанда, тәрбие деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез - құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүйелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы, ал кең мағынасында ... қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді - деп түсіндіреді. Осы жағдайға байланысты К.Д.Ушинский ... мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық ... және оның тілі болады, - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді. Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата - аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.
Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзін қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету. Олай болса тәрбие процесі деп - қоғамның талап - тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл - ойын, сана сезімін, ерік - жігерін, мінез - құлыұ ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып, дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз. Адамды табиғат жаратса да, қоғам әрбір жеке адамның қабілетін дамыту үшін, бәріне бірдей жағдай жасап, ортақ тәрбие беруге тиіс. Кезінде б.э.д.ІVғ. Аристотель тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметінің маңызына айрықша назар айдарып, ... заң шығарушының жастар тәрбиесіне айрықша мән беруі тиістігіне ешкімнің де күмәні болмауы тиіс. Себебі мемлекеттің ең негізгі бір мақсатты, барлық адамдарға бір ғана ортақ тәрбиенің болуы тиіс және онда жеке дара емес, бәріне бірдей ортақ қамқор болуы тиіс. Тәрбиеге қатысты заң болуы тиіс және ол ортақ болуы тиіс деп есептеген. Сондықтан да ол тәрбиені ұлттар мәдениетінің мирасқорлық процесі деп қарастырған [17].
Платон тәрбиешінің әрекетінде кең түрде және қатаң бақылаудың болуы қажет дей отыра, Бізде заңды қорғаушы қырағы болуы тиіс; ол балалардың тәрбиесіне өте қамқор болуы тиіс; олардың мінез - құлқын түзетуі және әркезде оларды заңға сәйкес игілікке бағыттап отыруы тиіс деп есептеген.
Ертедегі Римде ұжымдық оқу б.э.д. ІІІ ғасырда жүргізіле бастаған. Ондағы антикалық педагогиканың теориясы мен практикасының негізін жасаған Квинтиллиан Римде бірінші рет мемлекеттік тұрғыдағы мектептің іргесін қалап, жылма - жыл мемлекеттен сыйақы алып тұрған. Соған сәйкес Римдік қауымдастықта оқытудың мазмұны және оны ұйымдастыру мәселелері ғана талқыланып қоймай, сонымен бірге көбінесе тәрбие әдістеріне де үлкен маңыз беріліп, тәрбиені мемлекеттік басқару әрекетінде маңызды сала ретінде қарастырған.
Қазіргі кезде біздің қоғамда өркениеттілікке бағытталған Білім беру заңы бар. Онда азаматтық қоғам орнатуда өскелең ұрпақтың оқу және тәрбие мәселелерінің сұрыпталған қатаң ғылыми негіздегі тың жүйесі қалыптасқан. Бүгінде оны тәрбие процесінде басшылыққа алу барлық әлеуметтік мекемелерінің міндетті ортақ ісіне айналып отыр.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс. Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат - міндеттері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып, жаңа жағдайға сәйкес жақсарып отырады. Әрине адам жеке тұлға болғанымен, қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Ал қоғам дегеніміз - адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді. Оны тәрбиеші - лердің өз қалауымен анықтауға болмайды. Себебі тәрбие мақсаты қоғамның, мемлекеттің әл - ауқаты және оның саясатымен әрқашан тығыз байланысты болады.
Тәрбие - біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке - дара атқарылмайды, керісінше бір мезгілде, бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып, дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ержеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса, кейінгі уақытта ол өзін - өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады [9].
Екіншіден, тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды. Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез- құлқында дара ерекшеліктері, қабілеттері, дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие - көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата - аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт - бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол - ұстаздар тобы. Оның орталығы - мектеп.
Тәрбие процесін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен тәрбие заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.
Тәрбиенің заңдылықтарына:
1. Баланың үнемі жетілуі, даму жағдайында болуы, бұл - табиғи заңдылық;
2. Баланың өзінің түрлі әрекетінсіз және оның сыртқы орта мен табиғи қарым - қатынасынан тыс тәрбиенің болмауы жағдайы;
3. Тәрбие мен дамудың бірлігі және өзара байланыстылығы;
4. Тәрбие мен өзін - өзі тәрбиелеудің бірлігі және өзара байланыстылығы;
5. Тәрбиеде бірыңғай дайын рецептің болмауы және оны қолдану мүмкін еместігі;
6. Қоғамның үнемі өркендеп дамуы, онда өмір сүріп отырған әрбір жеке адамның күш - қуатымен өмірлік ұстанымына тәуелді екендігінде, сондықтан да тұлға тәрбиесі, бұл заңды құбылыс [9].
1.3Тәрбие принциптерінің жіктелуі
Тәрбие процесінің принциптері - тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне және оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері.Бұнда жалпы және нақты тәрбие принциптері деген ұғымдар бар. Нақты принциптердің өзгешілігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігі және бұл принциптерге қойылатын талаптар:
1.Міндеттілік. Тәрбие принциптері бұл кеңес нұсқау емес, керісінше олардың толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуы талап етіледі. Негізінен тәрбие принциптерін бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбие принциптерінің тиімділігін кемітеді, түп негізін мүлдем өзгертеді.
2.Комплекстілік талап. Тәрбие принциптері комплексті бөлінбеген талаптар түрінде тәрбие принциптерінің барлық кезеңдерінде өзара байланысты түрде қолданылуы қажет.
3.Бір мәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бір мәнді болып келеді. Олардың ешқайсысын ертеңге қалтыруға немесе кезекке қоюға болмайды, яғни қосалқы принциптер болмайды.
Тәрбие принциптері белгілі жүйені құрайды. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады;
a. тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы.
b. тәрбиенің өмірмен еңбекпен байланысы.
c. тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу.
d. тәрбие гумманизацияы
e. тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау.
f. тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.
Тәрбие мемлекеттік құрылыстың, ондағы үкімет билігі мен мекеменің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясатпен ұштасып жатады. Бұл принцип педагог тәрбиелеп жатқан өскелең ұрпақты мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағандықтан тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекетті және қоғамдық мүдделер бір-біріне сай келіп, азаматтардың жеке мүдделерімен келісімді болса, онда жлғарыдағы принцип талаптарды, әлбетте, тәрбие мақсаттарына мен міндеттері құрылымына сәйкестеледі, ол принциптің орындалуын қиындайды [13].
Тәрбиешіде толыұұандды тәрбие үшін нақты деректі материалдар жетісе бермейді. Мектеп - бұл мемлекеттің, қоғамның және тұлғаның білімділік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік мекеме және қоғамдық-мемлекеттік жүйе. Мектеп қоғамдық-мемлекеттік мекеме ретінде тек мемлекет демеуімен ғана өмір сүре алмайды. Ерте ме, кеш пе оған қоғам көмекке келің қажет. Қоғамның мектептен, мектептің қоғамнан бөлініп қалуын, қоғамдық өмірдегі болып жатқан процестерден мектептің ажырауын, кәсіби педагогтардың тар және біржақты жұмыс істеуін болдырмау шаралары қарастырылуы қажет. Педагогтар өздерін тәрбие билігінің жалғыз иегері деп ұғынбай, тәрбие істеріндегі халық өкіліміз деп түсінуі керек.
Мектеп қоғамдық, мемлекеттік мекеме ретінде тек мемлекет демеуімен ғана өмір сүре алмайды, мектеп сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білімдік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік мекеме. Сондықтан педагогтар тәрбие билігінің жалғыз иегері деп ұғынбай, тәрбие ісіндегі халық өкіліміз деп түсіну керек [15].
+ Өмір мектебі ең күшті тәрбие мектебі. Сондықтан тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципі көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиенің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді:
1.Әртүрлі өзгерістері мол қоғамдық және еңбектік өмірмен тәрбиеленушілерді кең және нақтылай таныстыру.
2.Тәрбиеленушілерді өмірлік қатынастарға әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.
+ Дұрыстыққа, яғни өнеге, өмірге арқа сүйеу принциптері қарапайым педагог адамдағы жағымды қасиеттерді анықтауға міндетті және әлі толық қалыптаспаған немесе кері бағыттағы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгейге жеткізуі қажет.
Гумманизация принциптерінің талаптары:
1.Тәрбиеленуші тұлғасына кісілік тұрғысынан қарау.
2.Оның құқықтарымен тәуелсіздігін сыйлау.
3.Тәрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою.
4.Қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде оның ұстанымын құрметтеу, санасу.
5.Адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау.
6.Тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу.
7.Қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы.
8.Тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаулардан бас тарту.
9.Тұлғаның нанымдарына қандай да бір себептерімен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу (ЮНЕСКО "адам құқығы деклорациясының" 1-ші бабы) [11].
Тәрбиелеу процесінде тәрбиеші тәртіптің жеке тұлғамен есептесуі өте маңызды. Бұл тұлғалық сапалық сүйену припципі. Бұнда тәрбиешіден объективтілік жан жақты білім және педагогикалық жоғары шеберлілік.
Бұл принцип ұрпақ тәрбиесіндегі мектеп отбасы және қоғамдық орындар талпыныстарын реттеу принципі деп те аталады.
Тəрбие процесінің принциптері (тəрбие принциптері) бұл тəрбие процесінің мазмұнына, əдістеріне, ұйымдастыру жолдарына қойылатын негізгі талаптарды айғақтайтын жалпы бастау тұжырымдары. Олар тəрбие процесінің анайылығын аңдатып, педагогтарға нақты педагогикалық міндеттерді шешуде бағыт-бағдар береді.Тəрбие процесіне арқау болар принциптер өз алдына жүйеге бірігеді.Осы жүйедегі гуманистік педагогика принциптері келесідей:
- тұлғалық бағыт принципі;
- тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі;
- тəрбиенің өмір, еңбекпен байланыстылық принципі;
- тəрбиеде ұнамды өнегені пайдалану принципі;
- тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі [19].
Тұлғалық бағыт принципі. Тəрбие процесінде тұлғалық бағыт принципі тəрбиеленушілердің жас ерекшеліктері мен даралығын, əсіресе жалпы жəне жеке адами қасиет -- сапалары мен мүмкіндіктерін ескеру негізінде іске асырылады. Адами қасиет сапалар мəні: тұлғаның өмірлік бағыт-бағдары, тіршілік жоспары, құндылықты бағамдары, қалыптасқан жандүниелік ұстамдары, іс-əрекеті мен мінезіндегі басымды сеп-түрткілер. Тұлғаның осы аталған жетекші сапаларынан бөлектене қарастырылатын жас не даралық ерекшеліктер (мінез, темперамент, ерік жəне.т.б.) жоғары дəрежелі кісілік қадір-қасиеттерді қалыптастыруға бағышталған тəрбиені қамтамасыз ете алмайды, жас деңгейін, даралық ерекшеліктерді білу маңызды, солай да болса, жоғарыда аталған сапалардың жетекшілік ролін тану ғана баланың жас мүмкіндіктері мен жеке ептіліктерін дұрыс пайдаланудың көзін ашады.Тұлғалық бағыт принципінің тəрбиеші алдына қоятын талаптары:
1)тəрбиеленушілердің жеке темпераменттік ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін үздіксіз зерттеп, жете білу;
2) тəрбие процесін диагностикалаумен бірге баланың ойлау қабілеті, сеп-түрткілер, ұстанымдары, өмірлік бағыты, өмір мен еңбекке деген көзқарасы, құндылықты бағамдары, тіршілік жоспарлары секілді тұлғалық сапалардың нақты қалыптасу деңгейін түбегейлі тану;
3) əр оқушыны тұлғаның ілгерілей дамуын қамтамасыз етуші күш-қуатына сəйкес əрі біртіндеп күрделеніп баратын тəрбиелік істерге ұдайы қатыстырып бару;
4) мақсатты іске асыруға кедергі болар себептерді өз уақытында анықтау əрі аластау, ал егер бұл мүмкін болмаса, жаңа жағдайлар мен шарттарға тəуелді тəрбие бағытына дер мезетінде өзгерістер енгізу;
5) барынша тұлғаның өз белсенділігін арқау ету;
6) тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен ұштастыру, оқушыға өзіндік тəрбие мақсаттарын, əдістері мен формаларын таңдауға жəрдем беру;
7) оқушыда дербестік, ынталылық, өзіндік іс-əрекет қабілеттерін дамыту, тек басшылықпен шектелмей, табысқа жеткізер іс-əрекеттерді ұтымды ұйымдастыру жəне бағыттай білу [21].
Осы талаптардың бірлікті орындалуы мектеп тəжірибесінде бұрыннан танымал жас ерекшеліктері мен даралық ескеру принциптерінің қарабайырлығын жояды, тəрбиешіні процестің үстірт белгілеріне шегеленбей, тереңде жатқан мəн-мағыналық байланыстарға назар аударуға бағыттайды, осы процесте көрінетін тəрбие заңдылықтары мен себеп-салдарлы қатынастарды тануға жетекшілік етеді [23].
Тəрбиенің жеке тұлғалық жəне қоғамдық бағыттарының бірлігі принципі. Озат ойлы педагогтар тəрбиені өсиет пен өнеге, сендіру жəне зорлау жəрдемімен адамдарды нəзік шақтан іс-əрекетке қосып, игерілген ережелерді тұрмыста қолдануға үйретуші қоғамдық құрылым (Г. Сент-Джон) ретінде таныған. əр дəуірде бұл принцип мəні ауысып барған: бірде жеке тұлғалық бағыт басымдау болып, кейде қоғамдық, мемлекеттік бағыттар жетекшілік еткен. Алайда, тəрбиенің басты міндеті -- адамды белсенді қоғамдық əрі рахат жеке өмірге дайындау -- қай заманда да сақталып қала береді.
Бұл принцип бойынша педагогтың барша қызметі өсіп келе жатқан əулет тəрбиесін мемлекеттің тəрбиелік стратегиясына сəйкес орындауға жəне əлеуметтік үйлесімге келген тұлғаны қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мемлекет қызметіндегі тұлға ретінде тəрбиеші тəрбие саласындағы мемлекеттік тапсырысты орындайды. Егер мемлекет жəне қоғам мүдделері сəйкес келсе, азаматтардың жеке мүдделерімен үйлесімді болса, онда тəрбие принциптері де тəрбие мақсаттары мен міндеттерінің саласында өзіне тиісті орын алады. Ал бұл жағдай керісінше болса, принцип іске аспай қалады, себебі тəрбиешінің тəрбие істері қорына толыққанды тəрбие үшін қажет нақты деректер түспейді.
Бұл принципті іске асыру барысында əсіре ұрандаудан, желікпе үндеулерден, бөспе сөзділіктен аулақ болған абзал, себебі тəрбие ең алдымен құнды əрекет-қылық жəне қарым-қатынас тəжірибесін жинақтауға мүмкіндік беретін пайдалы іс-əрекет, қызмет процесінде жүзеге келеді. Алайда, оқушы араласқан нақты іс-əрекет (ойын, еңбек, қоғамдық істер, оқу, спорттық жəне т.б.) тəрбиелік мəнге ие болуы үшін, оның субъекті -- балада сол əрекетке деген қоғамдық құнды сеп-түрткілерді қалыптастыру қажет. Егер олар жоғары ізгілікті, қоғамдық мəн-мағынасымен елеулі болып келсе, əрекет-қылықтар нəтижесінде орындалатын қызмет те үлкен тəрбиелік ықпалға ие болады. Əр тұлғаның əлеуметтік сапаларын орнықтыруда оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі олардың мақсатты бағытталған сана-сезімін қалыптастыру істерімен ұштасуы қажет. Баланы қандай да іс-əрекетке ойыстыруға қолданылған сөз, ауызекі нұсқау, нақты тұрмыстық пайдалы қызмет пен ұнамды əлеуметтік тəжірибеде өз бекімін табуы тиіс [16].
Тəрбиенің өмір жəне еңбекпен байланыстық принципі. Мектеп үшін емес -- өмір үшін -- ұранымен күтіп алады екен ежелгі Рим мектептері өз оқушыларын. Адамзаттың алғашқы қадамдарының өзінде - ақ адам тəрбиесімен шұғылданған тұлғалар өмір мен тұрмыс практикасынан ажыралған тəрбиенің мағынасыз болатынын түсінген. Адам тұлғасын қалыптастыру оның іс-əрекетімен, қоғамдық жəне еңбектік қатынастарға келуімен тікелей тəуелді байланыста. Адамның ұнамды сапалары еңбекте ғана дамиды: неғұрлым ол ауқымды, мақсатқа орай болса, тұлғаның дамуы мен əлеуметтену деңгейі де жоғары келеді. Осыдан да тəрбиеленушілерді қоғамдық өмірге, əрқилы пайдалы істерге араластырумен оларға болған ұнамды көзқарас пен қарым-қатынастарын қалыптастырып бару міндетті шара. Тең құқықты мүше ретінде еңбек процесіне қатыса отырып, бала адамгершілікке баулынады, рухани жəне тəндік дамуға келеді, еңбектің қоғамдық мəнді сеп-түрткілерін ажырататын болады, өзінің моральдық сапа-қасиеттерін бекітеді, одан əрі жетілдіреді.Тəрбиені өмірмен байланыстыру принципі педагогтардан екі бағытта белсенді қызмет атқаруды талап етеді:
1) тəрбиеленушілерді адамдардың қоғамдық өмірі жəне еңбегімен қолма-қол əрі кең таныстырып, жалпы тұрмыста болып жатқан əлеуметтік өзгерістерді мезетінде түсіндіріп бару;
2) тəрбиеленушілерді шынайы өмір қатынастарына тартып, араластыру, қоғамдық пайдалы іс-əрекеттердің сан-алуан түрлеріне қызығулары мен бейімділіктеріне сəйкес қосып, оның нəтижесінен рахат сезінуге баулу. Аталған принципті іске асыру барысында педагог орындауы тиіс міндеттер төмендегідей:
- қоғам мен адам өміріндегі еңбектің маңызын əр балаға жете түсіндіру;
- материалды жəне рухани дүние өндіруші еңбек адамдарына болған құрметке баулу;
- шаршап-жалықпай еңбектену қабілетін дамыту, қоғам жəне өз мүддесі үшін адал да шығармашылықпен іс қылу ниеттерін өрістете түсу;
- қазіргі заман өндірісінің жалпы негіздері жөніндегі ақпараты жеткізу;
- еңбек аясында өз басы мүдделері мен қоғамдық міндеттерді үйлестіре білуге, қоғам қажеттері мен өз ниеттеріне орай кəсіп таңдауға үйрету;
- қоғамдық игілік жəне табиғат байлықтарына құндылықпен қатынас жасауға баулу;
- қоғамдық мүлікке байланысты ысырапшылдыққа, жауапкерсіздікке, талан-тараждыққа, табиғат байлықтарына болған жыртқыштыққа төзбеушілік сезімін ояту [17].
Тəрбиені өмір жəне еңбекпен ұтымды ұштастыру мақсатында келесі ережелерді ұстанған жөн:
1. Желең сөз емес, оқушылардың нақты əрі қолынан келер ісі пайдалылау. Осыған орай тəрбиеші сабақ жəне сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын талаптар бағдарламасын түзіп, оларды бірізділік принципі негізінде іске асырып баруы шарт.
2. Өз əрекеттерін жанұя талаптарымен үйлестіре отырып, тəрбиеші əр оқушыға оның басты міндеті оқу екенін жете түсіндіруі лазым. Бұған қосымша - үйге жəрдемдесу, əлі жететін басқа да тапсырмаларды орындау.
3. Бала, əдетте, қандай да істі орындауға құштар; енжарлық, селқостық, іссіздік-бала табиғатына жат құбылыстар.
4. Дəрістер мен сыныптан тыс тəрбие жұмыстарында өлкетану материалдарын пайдаланған өте тиімді.
5. Ересектермен қатар еңбекке араласуынан балалар қолға алған жұмыстарды жауапкершілікпен бағамдауға үйренеді, ал бұл олардың азаматтық сапаларының дамуына жəрдем береді.
6. Бала тəрбие процесінде өз еңбегінің басқа адамдарға, қоғамға қажет əрі пайдалы екенін сезінуі тиіс [22].
Тəрбиеде өнеге-үлгіні сүйеніш ету принципі. Егер өз тəрбиеленушісінде педагог тырнақтай да жақсылық нышанын байқап, оны тəрбие процесінде пайдаланатын болса, оның шəкірт жанына жол тауып, тезірек табысқа жетуі сөзсіз. Дана педагогтар тіпті тəрбиесі жетімсіз балалар мінезінен де ұнамды бітістер тауып, оларды тəрбие мақсатына орай басқа да қасиет-сапаларды қалыптастырып, тұрақтандыруға шеберлікпен қолдана алған. Ұнамды үлгі-өнегелерді сүйеніш ету принципінің талаптары қарапайым: педагог баланың ұнамды мінез бітісін табады, оны пайдаланып, басқа, əлі қалыптаспаған не кері кеткен мінез бітістерін дамытады, қажетті деңгейге жетілдіріп, өзге əрекет-қылық сапаларымен үйлестіреді. Баланың ұнамды сапалары (жануарларға мейірім, тума қайырымдылық, ықыластылық, жомарттық жəне.т.б.) келеңсіз қасиеттермен (уəдесіздік, өтірік айту, еріншектік жəне т. б.) бірге жүреді. Бірақ түгелдей бұзық не тума сүйкімді бала болмайды. Адамдағы болымды қасиеттерді молынша көбейтіп, кері сапаларды мүмкіндігінше азайту - тұлғаны ізгілендіру жолындағы тəрбие қолынан келер маңызды міндет. Тəрбиеші қызметі табысты болып, тез əрі ұнамды нəтижеге жетуі үшін, ол келесі ережелерді ұстануы қажет:
1. Тəрбие процесінде дау-дамайға, тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы қайшылыққа, күш жəне көзқарас тайталасына жол бермеу міндетті. Тек қызметтестік, ымырашылдық пен шыдамдылық жəне бала тағдырына мүсіркей араласумен ғана ұнамды нəтижелерге жету мүмкін.
2. Оқушы қылық-əрекетіндегі тек олқылықтар мен кемшіліктерге ғана назар аудара беру қателік. Əрдайым жақсы нышандарды тауып, қолдау шарт, əлбетте, келеңсіз сапаларды түзету қажет. Дегенмен, мүмкін болғанша, алдымен ұнамды қасиеттерді анықтап, қажет болса қалыптастырып, одан əрі оларды жетілдіре түсу тиімді.
3. Педагогикалық тұрғыдан тəрбиеленушілердің ұнамды қызығулары мен бейімділіктеріне (танымдақ,эстетикалық,табиғат жəне жануарларға қайырымдылық жəне т. б) арқа сүйеген тиімділеу, олар жəрдемімен көптеген еңбек, имандылық, эстетикалық тəрбие міндеттерін шешуге болады. Ұнамды үлгі-өнегені пайдалану принципі тəрбие процесінің табиғатына берілген жетекші өзекті таба білуге байланысты. Əр нақты жағдайға орай осы өзекті табу-бала тəрбиесі жолында жанпидалыққа түскен қай педагогтың да қолынан келетін іс.
4. Ұнамды тəрбие аясын (фон) түзу-өнеге пайдалану принципінің жəне бір шарты. Бұл ая құрамы -- тəрбиеленушілердің тіршілік, іс-əрекет ауқымы мен тəрбиелік қатынастар стилі. Байыпты, іскерлік жағдай жасалып, əркім өз ісімен шұғылданып, басқаларға кедергі болмаса, еңбектену мен тынығу жоғары дəрежеде ұйымдастырылса, қабырға да көмектесіп дегендей сергек те сенімді алға ілгерілеу болады. Жұмыс орнының барша қолайлылықтары алдын ала ойластырылып, үйлесімді əрекеттер мен бірдің екіншіге болған қамқорлығы сезілсе, мұның бəрі қызмет бабындағы адамға ұнамды əсер етпей қоймайды.
5. Қателіктерінен үздіксіз кері əсерге ұшыраған бала өзіне, өз күш-қуаты мен мүмкіндіктеріне сенуден қалады. Тəжірибелі педагогтар ғұлама Гомерден қалған Мадақ бар жерде-Жаратқан мен сəби жүреді қанатты ойды ұстанып, балаға деген жылы, қолдау лебізін бір де аямайды, болашақта қолға кіретін жетістіктері үшін де алдын ала мақтауға жомарт келеді. Олар баланың жақсы қылығын күні бұрын жобалап, оның нəтижелі боларына баланы сендіреді, өз шəкірттерін қызметтес жолдасына айналдырып, қателескен жерінде қол ұшын береді [19].
Тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципі. Бұл принциптен туындайтын мақсат-бала тəрбиесіне қатысты ықпалдардың баршасын (жанұя, мектеп, мектептен тыс қоғамдық мекемелер, жалпы қауым) бірлікті іске қосып, тəрбиеленушілерге өзара үйлестіріліп, келісілген талаптар қоюды жүйелеу. Егер мұндай бірлік пен үйлесім болмаса, тəрбие процесінің қатысушылары А.И.Крыловтың кейіпкерлері Шаян, Аққу жəне Шортан секілді əрекеттерін жан-жаққа шашыратып алмауына кім кепіл? Бұдан үлкен зиян көретін алдымен тəрбиеленуші: кімге сеніп, кімге еретінін білмей сарсаң болады, өзіне абырой тұтқан пірлерінің ішінен жөндісін айыра алмай, күйзеліске келеді. Ал мұндай жүктемеден белі қатаймаған баланы құтқару үшін тəрбиелік ықпалдардың бəрін бір арнаға келтіріп, тұлғаға бағытталған күштердің ұнамды əсерін көтеру-тəрбиелік ықпалдар бірлігі принципінің басты талабы.Аталған принципті іске асырудың төменде келтірілген ережелері тəрбиешіге өз қызметінің барша саласында кезігетін жағдайларды ескеруге көмектеседі:
1) Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-достары, төңірегіндегі ересек адамдар, қоғамдық мекемелер мен оқушылар ұжымы жəне т.б. ықпалында қалыптасады. Осы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz