СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ



Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ

Статистика -- мақсаты әр түрлі қоғамдық құбылыстарға жататын мәліметтерді жинақтау, реттеу, талдау және салыстыру болып табылатын қоғамдық ғылым.

Статистика термині латын тілінің статус(статус) деген сөзінен шығып, заттың жағдайы, күйі дегенді білдіреді. Бұл сөздің түбірі stato (стато) - мемлекет және statista (статиста) - мемлекет білгірі деген сөздерінен кейінірек статистика сөзі пайда болды. Бұл терминді алғаш неміс ғалымы Г.Ахенваль 1749 жылы мемлекеттану атты кітабын шығарып енгізді. Статистиканың ғылым ретінде қалыптасуы XYII болып табылады. Бірінші деңгей - статистиканың жалпы теориясы. Екінші деңгейде экономикалық және әлеуметтік (әлеуметтік-демографикалық) статистика.

Экономикалық статистика экономика саласындағы құбылыстар мен процестерді зерттейді: салалардың құрылымын, үйлесімін, өзара байланысын және қоғамдық өндірістің элементтерін

Әлеуметтік статистика - адамдардың өмірлік қызметі жағдайын және әлеуметтік қатынастың әр түрлі аспектілерін сипаттайтын барлық әлеуметтік құбылыстар мен процестерді зерттейді.

Үшінші деңгейде салалық статистика: экономикалық статистика салалары: өндіріс, ауылшаруашылығы, құрылыс, байланыс, көлік, табиғи ресурстар статистикасы. Әлеуметтік стаистика салалары: халық, саясат, мәдениет, денсаулық сақтау, ғылым, ағартушылық және т.б. статистикасы.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың қазіргі кездегі қажеттілігін келесідей түсіндіріп өтуге болады. Яғни, статистикалық мәліметтерді тиімді жинақтап, топтарға құрып, жиналған мәліметтер негізінде кесте құру арқылы статистика саласындағы алға қойған міндеттерді айқындауға болады. Елдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан маңызды мәліметтерден нақты деректер алуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халықтың әл-ауқаты, халық саны, қоғамның барлық салаларындағы ағымдағы мәліметтерден хабардар болуы үшін, нақты деректер негізінде арнайы мемлекеттік қорытындыларды жариялау үшін маңыздылығы жоғары болып отыр. Сондықтан Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құру кезінде статистика саласындағы мамандарға мәліметтерді тез әрі сапалы жинақтап, қорытынды шығаруға әрбір Қазақстандық азамат ат салысып, мекемелер, ұйымдардың қолдау көрсетулері маңызды.

Статистикалық мәліметтерді жинақтау - арнайы жүйе бойынша орындалған және қорытынды есептердің көмегімен алғашқы статистикалық материалдардың ғылыми қорытындыламаларын жасау.

Жалпы, топтау келесідей түрлерге жіктеледі: -типтік, (әлеуметтік- экономикалық типі); -құрылымдық (бірыңғай жіктелу құрылымы); -аналитикалық (қоғамдық құбылыстардың ара байланыстығы мен тәуелділігінің алғашқы белгілерінің байланыстығын ашу)

Статистикалық мәліметтерді топтау - алғашқы жинақталған статистикалық мәліметтерді пайдалану негізінде жатыр. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың қорытындысын негізінен статистикалық кесте ретінде береді. Статистикалық мәліметтерге кесте құру - зерттелген қоғамдық құбылыстардың мазмұндамасына сәйкес сандық (цифровой) талдау және арнайы формадағы мәліметтер жинағы ретінде түсіндіріледі. Статистикалық мәліметтерге кесте құру мазмұнына қарай келесідей топтарға бөлінеді: -жай (мұнда тек зерттелетін объектілердің тізімі ғана беріледі); -топтық (мұнда белгілі бір нақты белгілерге қарай жинақталаған мәліметтер топтастырылады.); -күрделі немесе жан-жақты (екі немесе оданда көп белгілеріне қарай топтар туралы мәліметтердің берілуі)

Статистикалық қызмет негізінде деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды камтитын статистикалық ақпаратты өндіру процесі жатыр. Әрбір технологиялық кезеңнің оларды орындауға арналған стандарттарда сипатталған өз ерекшеліктері бар. Статистикалық деректерді өндірудің күрделі әрі ұзақ процесі статистикада бірыңғай ақпараттық жүйе құруды қиындатады. Сондықтан да осы уақытқа дейін ақпараттық технологияларды енгізу жекелеген кезеңдер мен процесстер үшін жүзеге асырылды. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар іс тындырылды: -- барлық зерттеулер үшін деректерді енгізу мен өңдеуге арналған бағдарламалық кешендер бар, статистикалық сыныптамалар мен анықтамалықтар электрондық түрде ұсынылған және уақытылы жаңғыртылып отырады; -- мемлекеттік статистикалық тіркелім жүргізу үшін ақпараттық жүйелер, деректердің серпінділік қатарларының базалары, статистикалық жарияланымдар базалары және басқалары енгізіледі; -- қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, деректерді электрондық почтамен облыстық деңгейден республикалық деңгейге, сондай-ақ аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру жүзеге асырылады; -- статистикалық ақпаратты тарату республикалық және облыстық деңгейлерде Интернет-сайттар, Web порталдар аркылы жүзеге асырылады, ал жергілікті желілер шеңберінде Интернет технологияларын пайдалана отырып деректер алмасу камтамасыз етіледі

Деректерді жинау, топтау, кесте құру Мемлекеттік статистикалық тіркелім және Әлеуметтік статистика үшін жасалатын тіркелім негізінде үйлестіріледі. Барлық кезеңдер мен процестер үшін сыныптамалар мен анықтамалықтардың жалпы базасы құрылады, бұл оларды пайдалануды оңтайландыруға және жүйе ішінде берілетін ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Жүйе шеңберінде деректерді жинаудың, берудің, өңдеудің, сақтаудың және таратудың толассыз технологиясы пайдаланылады. Қызмет көрсету жүйелерін Интернет арқылы енгізу жолымен статистиканың пайдаланушылары мен респонденттері үшін сервис кеңейтіледі және жақсартылады.

Көптеген батыс елдерінде, мысалы, Италияда, ресми статистикалық мәліметтерді мемлекеттік статистика арқылы жинау ұйымдары мен жеке тұлға сұранысымен қаржыландыруы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
Статистикалық мәліметтерді жинақтау
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Статистикалық жинақтау
Статистика пәні, даму процестері және оны зерттеу әдістері
Статистикалық бақылау зерзаты
«Статистика» пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтік статистика көрсеткіштері
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Пәндер