Баспасөз материалдарына шолу


Тіл білімдері кафедрасы
№1 СӨЖ
Пәні: қазақ тілі
Тақырыбы: «Баспасөз материалдарына шолу»
Тобы:
Орындаған:
Тексерген:
«___»2017ж.
Алматы, 2017
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Білім . . . 4
Мәдениет . . . 8
Спорт . . . 10
Ғылым және техника . . . 11
Пайдаланған әдебиет . . . 12
«ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІ
«Егемен Қазақстан» - Қазақстан Республикасында күнделікті шығатын жалпыұлттық республикалық газет. Тарихы, беделі, қоғамдық пікірге ықпалы және таралымы жөнінен «Егемен Қазақстан» газеті қашанда Қазақстандағы нөмірі бірінші қазақ тілді басылым болып келді. Бейресми түрде ол елдің бас газеті деп аталады.
«Егемен Қазақстанның» тарихы 1919 жылы 17 желтоқсанда Орынбор алғашқы саны жарық көрген "Ұшқын" газетінен басталады. Одан кейін газеттің аты бірнеше рет өзгерді. 1991 жылдың маусымында Қазақстан республикасының тәуелсіздік алуға санаулы айлар қалғанда басылымның аты "Егемен Қазақстанға" өзгертілді.
Газет он бөлімнен тұрады. Олар: саясат, рухани жаңғырту, экономика, әлем және Қазақстан, зерде, руханият, дидар, аймақ әрі басқалар. Әр бөлімде бірнеше мақала бар. Кейбір кезде шығарылымдардың бөлімдерінің саны мен мазмұны өзгеруі мүмкін. Баспада көптеген кәсіпқой журналисттер жұмыс істейді, сондықтан газет тек өзекті ақпаратқа, сапалы сараптамаға, түрлі пікірлер мен шолуларға толы.
Интернетте «Егемен Қазақстан» газетінің жеке сайты бар. Күнделікті кешке таман сол сайтта газеттің электронды нұсқасы шығады. Оны сіз кез келген уақытта жүктеп, оки аласыз. Электронды нұсқа тегін.
«Егемен Қазақстан» газетінің шығармашылық ұжымы көптеген беделді мемлекеттік сыйлықтармен марапатталды. Мысалы, газеттің журналисттері «Құрмет» орденіне, «Ерен еңбегі үшін» медаліне, «Дарын» мемлекеттік сыйлығына, «Нұр Отан» партиясының журналистика саласындағы сыйлығына тағы басқа сыйлықтарға ие болды.
БІЛІМ
«Әлемдік өркениетке енудің жаңа белесі», Әлисұлтан Құланбай
«Егемен Қазақстан» газетінің соңғы шығарылымдары рухани жаңғырту бөлімінен басталады. «Рухани жаңғырту» - ҚР президентімен ұсынған бағдарлама. Осы бағдарлама бойынша қазақ тілі 2018 жылға дейін латын графикасына көшуі керек. «Рухани жаңғырту» бағдарламасы бойынша елімізде көптеген түрлі шаралар өтіп жатыр. Мысалы, 13 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің төрағалық етуімен Демократиялық күштері «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық коалициясының отырысы өтті. Онда мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшу мәселесі талқыланды. Келесі күні осы оқиға жайында , «Егемен Қазақстан» газеттің журналисты, Әлисұлтан Құланбай, «Әлемдік өркениетке енудің жаңа белесі» атты шолу шығарды.
Мақалада «13 қыркүйкете өткен жалпыұлттық коалициясының отысысна Премьер-Министрдің орынбасары Ерболат Досаев, еліміздегі жетекші саяси партиялардың басшылары, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының кəсіби жəне қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, Мемлекеттік тілдің латын графикасына көшуі жөніндегі жұмыс тобының мүшелері, лингвист-ғалымдар, тіл білімінің мамандары, түркітанушылар жəне басқа да сарапшы мамандар қатысты.
«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары жиынды ашардағы сөзінде Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы бірден бүкілхалықтық қолдауға ие болған өте терең мағыналы жəне барлық саланы қамтитын аса ауқымды бағдарламалық құжат екенін атап өтті. Рухани жаңғырудың негізгі тетіктерінің бірі - тілдің жаңғыруы. Яғни тілдің фонетикасы мен графикасының сəйкес келуінде үлкен мəн бар. Сол себепті
де Мұхтар Құл-Мұхаммед дəл осы тіл жаңғыруының негізі болатынына ерекше тоқталды. «Ұлт тағдырына қатысты кез келген мəселені он ойланып, жүз толғанып, өзіне ғана тəн дархан даналықпен кемел шешім қабылдайтын Елбасымыз латын алфавитіне көшуге келгенде тағы да кемеңгерлік танытты. Бұл тек əліпби ауыстыру емес, бар қазақтың бойына ана сүті, əке тəрбиесімен даритын қазақ тілін заманға сай жаңғыртудың кешенді жүйесін, дұрыс сөйлеу мен жазу мəдениетін қалыптастыру деп білемін. Ендеше, латынға көшу Елбасымыз ұсынған «Рухани жаңғырудың» берік іргетасы», - деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.
Сонымен қатар, ол латын əліпбиіне көшу арқылы ұлтымыздың əлемдік бəсекеге қабілеттілігін арттыратын үш мəселенің шешілетініне назар аударды. Партия Төрағасының атап өткеніндей, біріншіден, ағылшын алфавитінің негізіндегі жаңа қаріп жүйесі жастарымыздың да, жасамыстарымыздың да ағылшын тілін меңгеруін жеңілдетеді əрі жеделдетеді. Екіншіден, ағылшын алфавиті мен тілін үйрену арқылы ғылым-білімнің осы тілде жасалған мол қазынасын еркін игеруге жол ашады. Үшіншіден, жер жүзіне тарыдай шашылған бар қазақтың басын қосады. Осыған орай Мұхтар Құл-Мұхаммед: «Латын алфавитіне көшу арқылы біз грамматикамызды жетілдіріп, тілімізді жаңғыртамыз», деді. Сондай-ақ кириллицада жасалған бар əдеби құндылықтың түгелдей компьютерлік нұсқаға көшірілетінін атаған партия Төрағасының бірінші орынбасары: «Латынға көшу арқылы рухани байлығымыз цифрлы технология тілінде одан əрі өркен жаяды», деді.
Алғашқы сөз Мəжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевқа берілді. Алдымен ол қазақ тілінің латын қарпіне көшу жөніндегі
комиссияның атқарған жұмыстарына алғысын білдірді. «Қазақ тілін латын қарпіне көшіру - біздің əлемдік өркениетке енуіміздің жаңа белесі. Бұл реформа - рухани отарсызданудың тура жолы, - деді мəжілісмен. - Бүгінде қоғамда осы мəселеге байланысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Меніңше, ол өте дұрыс. Негізгі пікірталас қазақ тілінің кейбір дыбыстарын екі əріппен белгілеу төңірегінде болып отыр. Қазіргі ұсынылған нұсқадағы ерекше бір белгілер мен əріптерді қоспай-ақ, əлемдік ақпарат кеңістігіндегі дайын символдарды ұсынған дайындаушылардың ниетін де түсінуге болады. Олардың ойы - əлемдік ақпарат кеңістігіне еш кедергісіз ену екені де түсінікті. Алайда, мына бір мəселені де ескеру керек».
Депутаттың атап өтуінше, қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері мен үндестігін, шұрайын сақтап қалуға тиіс екенін ұмытпаған жөн. Тіл - ұлттық мінездің көрінісі. Қазіргі қазақ тілі ешқандай бұралаңды білмейтін өрліктің, табандылықтың, шешендіктің белгісі. Латын қарпіне көшу - халқымыз үшін ғасырлық тарихи мəселе! Латын қарпіне көшкен соң қазақ елінің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылады. Тіліміз ғана емес, санамыз да, руханиятымыз да жаңа белестерге көтерілмек. Біздің жолымыз - осы.
Ал Мемлекеттік тілді жаңа əліпбиге көшіру жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы ұлттық комиссиясы жұмыс тобының жетекшісі, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек Тəуелсіз Қазақстан тарихын екі маңызды кезеңге бөлуге болатынына тоқталды. Оның тоқталып өткеніндей, бірінші кезең - 2017 жылдың 12 сəуіріне дейінгі тарих. Екіншісі - одан кейінгі уақыт. Өйткені 2017 жылдың 12 сəуірінен бастап еліміз дүние жүзіндегі ең озық, дамыған, өркениетті мемлекеттердің ұстанымы бойынша өмір сүре бастады. Енді ұлттық саясатымыздың басты мақсаты - мемлекетіміздің қоғам алдына қойған негізгі талабы - рухани тазару, рухани жаңғыру, рухани кемелдену. Бұл - Елбасының сындарлы саясатының жемісі.
Елбасы тапсырмасына сəйкес, ғылыми ортада, зиялы қауым өкілдері арасында көптеген басқосулар ұйымдастырылды. Ұлттық комиссияның жұмыс тобының бас тамасымен 20-дан астам ғылыми-ұйымдастыру жəне ғылыми-тəжірибелік іс-шаралар өтіп, оларға екі айда 2, 5 мыңнан астам ғалымдар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Шілде айында Ыстанбұл қаласында өткен халықаралық түркологтар құрылтайында да бұл мəселе жан-жақты қарастырылып, халықаралық деңгейде қолдау тапты.
Елбасының бағдарламалық мақаласы жарияланғаннан бері қазақ əліпбиін реформалау туралы 2 мыңға жуық сараптамалық мақалалар мен пайымдаулар жарық көрген. Əлеуметтік желілерде 1800-ден астам мазмұнды жазбалар шыққан. Көптеген шетелдің ғалымдары - Еуропа мен АҚШ-тан, Түркия мен Кореядан ұсыныстар, хаттар, жобалар келіп жатыр. «Ерекше атап өтуге болатын іс-шара - «Тамыры терең əліпби» атты халықаралық конференция. Бүған Висконсин университетімен Ыстанбұл университетінің профессорлары, Орталық Азия республикаларының ғалымдары қатысты.
«Менің ойымша, бізде латын қарпіне көшудің барлық алғышарттары бар, - деді Парламент Мəжілісінің депутаты, ҚКХП хатшысы Жамбыл Ахметбеков. - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жарыққа шыққан бойда біз еліміздің аймақтарына сапар шегіп, өңір тұрғындарымен көптеген кездесулер өткізіп, қазақстандықтардың аталған бағдарламаға қызығушылық танытқандықтарын жəне мемлекеттік тілдің латын қарпіне көшу мəселесіне қолдау білдіріп отырғандықтарына көз жеткіздік. Біздің ортақ міндетіміз - латын қарпіне көшу арқылы барлық мүмкіндіктерге қол жеткізетінімізді халыққа түсіндіру».
«Бəріміз білетіндей, 2017 жылғы 12 сəуірде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев тарихи мəлімдеме жасады, енді мемлекеттік тілімізді орасан зор реформа күтіп тұр, - деп бастады сөзін Халық қаһарманы, Мəжіліс депутаты Бақытжан Ертаев. - Осы сəтте, біз - Қарулы күштердің ардагерлері еш күмəнданбай, Елбасының осы шешімін қолдаймыз. Мен əскери адам ретінде жеңістің үш тұғыры бар екенін білемін. Олар: нақты стратегия, жеңіске деген сенім жəне міндетті түрде адал əскер».
Қазақстандағы Əзербайжан этномəдени одағының басшысы Вивади Салахов Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын жарияланғанда, қазақстандық əзербайжандар мен əлемнің өзге елдеріндегі бауырластары ерекше риза болғандарын жеткізді. «Нұрсұлтан Назарбаев - түркі əлемінің көшбасшысы. Елбасымыз Түркі тілдес мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының, Түркі Кеңесінің, Түркі академиясының құрылуына бастамашы болу арқылы алғаш рет түркі əлемін институттық негізде біріктірді, - деді В. Салахов. - Астана қаласында халықаралық Түркі академиясы жəне Түркі Кеңесінің филиалы орналасқан. Бұл құрылымдар түркілердің тарихы мен өркениетін ғылыми жағынан зерттеумен айналысады».
Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия əзірлеп, парламенттік тыңдауда таныстырылған жаңа əліпбидің бірыңғай стандарттар жобасы жан-жақты талқыланған соң, Демократиялық күштер коалициясының мүшелері жаңа реформаны қолдап, барша азаматтарды талқылау, түсіндіру жəне жаңа қазақ əліпбиінің қабылдануы жолындағы жұмыстарға белсене қатысуға шақыратын Қазақстан халқына Үндеу арнады», - деп жазылған.
Осы мақаланың тақырыбы - қазақ тілінің латын қарпіне көшуі. Қазіргі уақытта осы тақырып - ең талқыланатын тақырыптардың бірі. Автор кездесуге қатысқан көптеген сарапшылардың, саясаткерлердің пікірлерімен оқырмандарды таныстырды.
Меніңше, тақырып толық ашылмаған. Біріншіден, автор осы жағдайға өз пікірін білдірмеген. Екіншіден, ол осы оқиға бойынша шолу жасамады. Оқырманға тек кездесудің қалай өткенін көрсетті. Үшіншіден, журналист мәселені жан жақты қарастырмады. Осы тақырыпқа байланысты әртүрлі көзқарасты талдау болатын еді. Соған қатар автор экономикалық шағын қаншама, оқушыларға келетін қиындықтар туралы жазбады. Елімізде екі тіл қатар жүреді. Бірі латиницада, бірі кирилица болса, осы жағдай оқырманға қиындық туғызады. Осы мәселе де мақалада ескерілмеген. Автордың басқа қаріпіне көшу жағдайына өз пікірін білдірмегені де, меніңше, шолудың кемшілігі.
МӘДЕНИЕТ
«Қазыбек би туралы деректі фильм», Айгүл Аханбайқызы
«Егемен Қазақстанда» мәдениет тақырыбына да көптеген мақала бар. Мысалы, қыркүйекте шыққан Айгүл Аханбайқызының «Қазыбек би туралы деректі фильм» мақаласы:
«Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы аузынан аталы сөзі арылмаған Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметі туралы деректі фильмнің түсіру жұмыстарын бастады. Фильм Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына байланысты жарыққа шықпақ.
Фильмнің режиссерлері әрі сценарий авторлары - драматург-режиссер Ғазиз Насыров пен әнші, өнертанушы Ерлан Төлеутай. Көптен бері шығармашылық бірлікте жұмыс істеп келе жатқан қос автор бұған дейін «Мәди Бапиұлы» және «Тәттімбет Қазанғапұлы» атты деректі фильмдерді де бірге түсіріп, ұсынған еді.
- Əуелі Қарағанды облысын көктей өтіп, сонан соң Павлодар облысына шықтық. Бұл өлкелерде Қазыбек би бабамыздың табанының ізі қалған. Халқадерімізше таспаға түсірдік. Сонан соң, Астана асып, Қаздауысты Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметін зерттеген ғалымдармен сұхбаттастық. Ұлы биден қалған жалғыз жәдігер - алтын зерлі шапанды таспаладық. Қайта айналып, Қарағанды облысы Қарқаралы, Егіндібұлаққа келдік. Мұнда да түсірілім жұмыстарын жалғастырдық, - дейді өнертанушы Ерлан Төлеутай.
Қаздауысты Қазыбек бидің 350 жылдығына арналған деректі фильм сахналық қойылымдарға құрылған. Қазыбек биді танымал театр және кино актері Қайрат Кемалов сомдайды. Сондай-ақ, фильмге антиядролық қозғалыстың белсенді мүшесі, суретші Кәріпбек Күйіков қатысады. Фильмнің премьерасын қыркүйек айында, Қазыбек бидің өмірі мен қоғамдық қызметіне арналған халықаралық ғылыми-танымдық конференцияда өткізу жоспарланған».
Журналист фильм туралы толық мәлімет берді. Сонымен қатар режиссерлерінің бірінен шағын интервью алды. Осы тәсіл маған өте ұнады. Әрине, интерью толығырақ болса, мәтін одан да қызық болар еді. Мысалы, менің режиссерлардың фильмға байланысты пікірлерін білгім келеді. Мақала өте қызықты. Осы мәтіннен мен Қазыбек би бабамыз туралы бұрын естімеген жаңа мәліметке қанық болдым.
Меніңше, мақала тақырыбы өте маңызды, өйткені әсіресе орыс мектебінде оқыған жастар осындай тарихи тұлғалары туралы білетіндері өте аз. Оқырмандар тақырыпқа қызығып, Қазыбек би секілді еліміздің ұлы адамдар туралы қосымша мәлімет іздей бастайды. Сондықтан Егемен Қазақстан секілді оқырманы көп басылымға тарихи тұлғалар туралы мағлұматтарды жиі жариалап тұрса керемет болар еді.
Фильмнің премьерасы қыркүйек айында болуы керек еді, бірақ ол әлі өткізілмеді. Біз она асыға күтудеміз.
СПОРТ
Спорт тақырыбына газетте келесі мақала шықты:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz