Компьютер құрылысы жайлы


Компьютер құрылысы

Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Компью́тер(ағылш. computer- «есептегіш»), ЭЕМ(электрондық есептеуіш машина) - есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтижесін шығару үшін арналғанмашина.

Мазмұны

[жасыру]

1 Дербес аталу себебі2 Компьютер құрылғылары2. 1 Жүйелік блок2. 2 Дисплей2. 3 Пернетақта2. 4 Тінтуір2. 5 Принтер2. 6 Сканер3 Қазіргі заманда3. 1 Электрондық құрылғы3. 2 Электроника4 Сатылау4. 1 1 саты4. 2 2 саты4. 3 3 саты4. 4 4 саты5 Сыртқы сілтемелерДербес аталу себебі[өңдеу]

Дербес компьютердің «дербес» деп аталуының себебі - компьютер тек қана бір адамның жұмыс істеуіне арналған. Яғни бір мезгілде компьютерді бір ғана адам басқарады деген сөз. Бұл компьютерлердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда сипаты мен мүмкіндіктері басқаша болғанымен, осыған ұқсас операцияларды орындай алады. Дербес компьютерлердің үстел үстіне қоятын, портативті және қалтаға салып жүретін түрлері кездеседі. Алдағы уақытта біз үстел үстіне қойылатын (desktop) компьютердерді қарастыратын боламыз. Өйткені дербес компьютердің осы түрі басқаларына қарағанда кең таралған.

Компьютер құрылғылары[өңдеу]

Жүйелік блок

Дисплей

Пернетақта

Тінтуір

Принтер

Сканер

Компьютер- жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Жүйелік блок[өңдеу]

Толық мақаласы:Жүйелік блок

Жүйелік блок- дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша(аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт-диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл-жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тінтуір) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.

Дисплей[өңдеу]

Толық мақаласы:Дисплей

Дисплей (монитор) - компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы. Сыртқы пішіні бойынша дисплей кәдімгі түрлі түсті теледидарға ұқсайды, сондықтан оны жиі телевизиялық техникадағыдай монитор деп те атайды.

Пернетақта[өңдеу]

Толық мақаласы:Пернетақта

Пернетақта- компьютердің жұмысын басқара отырып, қажетті ақпаратты енгізу үшін қолданылатын құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез келген ақпаратты енгізуге мүмкіндік береді. Қазіргі компьютерлердің пернетақтасында 101 немесе 105 перне, ал оң жақ жоғарғы бұрышында жұмыс режимі туралы ақпарат беріп отыратын 3 жарық индикаторы орналасады.

IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө:

IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)

қ•т•ө

IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө: Esc
F1
F2
F3
F4
F5
F6
F7
F8
F9
F10
F11
F12
PrtScSysRq
Scroll Lock
Pause Break
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө:
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө:
Ins
Home
PgUp
NumLk
/
*
-
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө: Del
End
PgDn
7
8
9
+
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө:
4
5
6
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө:
1
2
3
Ent
IBM/(QWERTY/ЙЦУКЕНжаймасы)қ•т•ө:
0
,

Тінтуір[өңдеу]

Толық мақаласы:Тінтуір

Тінтуір- «графикалық» басқару құрылғысы. Тінтуірді кілемшенің үстімен жылжытқанда, экрандағы тінтуірдің нұсқағышы да сонымен қатар қозғалып, қажетті объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Тінтуірдің екі (немесе үш) батырмасының бірін баса отырып объектілермен көптеген операцияларды орындауға болады. Батырмалардың ортасында орналасқан доңғалақшаны айналдырып, экранға тұтасымен сыймай тұрған мәтінді, суретті немесе web-парақты жоғары-төмен жылжытуға болады.

Принтер[өңдеу]

Толық мақаласы:Принтер

Принтер- ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы. Принтердің бірнеше түрі: матрицалық, сия бүріккіш, лазерлік, сублимационалдық, жарық диодты (LED) принтерлер бар.

Сканер[өңдеу]

Толық мақаласы:Сканер

Сканер- қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т. б. ) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.

Қазіргі заманда[өңдеу]

Қазіргі кезде адамзаттың тыныс-тіршілігі электрондық құрылғылардың жұмысына негізделген. Ғылымда, медицинада, техникада, ғарыштануда, т. б. көптеген салаларда кездесетін электрондық аппараттар адам жұмысын күннен-күнге жеңілдетіп, дами түсуде. Қарапайым тұрмыстық тіршілікте де автокөліктермен қатар көптеген жетілдірілген құрылғылар қолданылып келеді: шаңсорғыш, бейнекамера, кір жуатын машина, компьютер, фотоаппарат, т. с. с.

Электрондық құрылғы[өңдеу]

Электрондыққұрылғы - жұмыс жасау негізіне электроника принциптері салынған бұйым және оның құрамдық бөліктері.

Электроника[өңдеу]

Толық мақаласы:Электроника

Электроника- электрондық құрылғыларды жасақтау мен зерттеуді, оларды қолданудың принциптерін зерттеуді қамтитын ғылым саласы. Электрониканың дамуының негізінде электрондық құрылғылардың орындайтын функцияларының үздіксіз күрделіленуі жатыр. Белгілі бір даму этаптарында ескіә құрылғылар көмегімен берілген мінцдеттерді атқару мүмкіндігі жойыла бастайды, мысалы, электрондық лампалар мен дискреттік транзисторлар көмегімен. Сондықтан, элементтік базаның әрі қарай жетілдірілуі қажет болады. Жаңа элементтік база негізіндегі электрондық құрылғыны жасақтаудың негізгі факторлары - сенімділік, гаабариттік өлшемдер, масса, құны мен қуаты.

Тарихи деректерден[өңдеу]

Есептеуіш техникасының пайда болуы, сандарды қосу операциясын машинаның көмегімен орындау идеясынан басталады. Бұл идеяны жүзеге асыруға тырысқаны туралы бізге жеткен алғашқы еңбек Леонардо до Винчиге тиесілі. Оның еңбектерінде санау және сандарды сүйек, тас арқылы есептеулер, есептеу техникасының қажеттігі туралы ойлар кездеседі. Ол бұдан шамамен 1500 жылдай бұрын көп таңбалы сандардың қосындысын табатын құрылғының сұлбасын жасаған. Сауданың дамуы кең таралған римдік жүйедегі сандарды қосудың қиын екенін көрсетті. Сонымен қатар, ежелгі Римде саусақпен санаудан гөрі таспен, сүйекпен санауға көше бастағандықтан, «абак» деген құрал есептеуді жеңілдетті. Олар оны қоладан, піл сүйектері мен түрлі-түсті әйнектерден жасады. Бүгінге дейін «абак» терминінің шығу тарихы белгісіз, алайда ежелгі римдіктер оны calculi немесе abacuil деп атады. Осы атаулардан қазіргі calculatore (калькулятор) шыққаны белгілі. Қытайлықтар біздің эрамыздың VI ғасырында тастарды моншақтарға алмастырды, суаньпань деп аталды. Жапондық абак - соробан ХV-XVI ғасырда пайда болса, Ресейде абак XVI-XVII ғасырда есепшот деген атаумен тарала бастаған. Жас күнінен физикаға құмарлығымен елге танылған француз физигі, математик, инженер Блез Паскаль арифметикалық амалдарды орындайтын механикалық машина құрастырумен 18 жасынан айналыса бастады. Алғашқы жұмыс жасайтын машинаның моделі 1642 жылы дайын болды. Паскаль тынбай жұмыстанып, модельді жетілдіруге тырысты. Сөйтіп, 1645 жылы ғалымның өзі Паскаль дөңгелектері (Паскалево колесо) деп атаған 8-разрядты санау машинасы есептеу қажеттілігін қанағаттандыра бастады. Еуропаның көптеген ғалымдары қосындылағыш машинаны жаңғыртуға тырысты. Немістің ғалымы, математик Готфрид Вильгельм Лейбниц 1673 жылы арифметикалық төрт амалды орындайтын механикалық машинаның бірінші нұсқасын, кейін оны жетілдіріп, 1694 жылы екінші рет, соңғы нұсқаны 1710 жылы ұсынды. Сөйтіп Лейбництің арифмометрі әлемдік есептеу техникасының дамуындағы оңды жаңалық болды.

XIX ғасырдың басында ғылымның даму деңгейінің өсуіне қарай есептеулер күрделене түсті, адамның есептеулеріне көп уақыт қажет болды. Бұл мәселені шешудің жолдарын табуды ойлап, әлемнің белгілі ғалымдары техникалық қажеттілікті қанағаттандыру үшін есептеуіш құралдар құрастырумен айналысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информация, информатика
Аналық тақшаның түрлері
Инновациялық технологиямен оқытудың ерекшеліктері
Теориялық білімді тиісті мамандық қызмет саласындағы кәсіби біліктілігін және оқыту тәжірибесін кеңейту
Биология сабақтарында жаңа форматтағы жеті модульді пайдаланудың тиімді жолдары
Жергілікті компьютерлік желі
Кәсіпорындағы практика жетекшісінің міндеті
Сабақта көрнекі құралдарды пайдалану
Туризм саласының маңызды жетістіктерінің бірі компьютерлендіру болып табылады
Қонақ үйінің жұмысын автоматттандыр
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz