КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОПОЛОГИЯСЫ


КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТОПОЛОГИЯСЫ

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕЛІЛЕР

Компьютерлерді жергілікті желіге біріктіру (бірліктен бірнеше жүздіктерге дейін) түрлі типті кабельдер көмегімен, желілік карта немесе желілік адаптер аталатын арнайы құрылғы арқылы жүзеге асады. Адаптер компьютердің аналық тақшасындағы кеңейту слотына қондырылады.

Компьютерлерді қосуға болатын көптеген өдістер бар. Компьютерлердің түрі көбейген сайын әдістері де көбеюде . Әр қосылу - деректер үшін жаңа маршрут. Желі топологиясы - бұл оның геометриялык. пішіні немесе компьютерлердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы. Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру жөне жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар (жұлдызша, сақина және шина) .

«Жұлдызша» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. 39-суретте «Жүлдызша» топологиясы бар желі көрсетілген.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері өр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның

6-сурет «Жұлдызша» топлогиясы бар желі

негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жүлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бүзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе - жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртүтас сақина құраған (міндетті түрде шеңбер емес) желі түйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғывда желінің басына барады. Осывдай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. 40-суретте «Сақина» топологиялы желі мысалы келтірілген

7-сурет «Сақина» топологиясы бар желі

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі - оған барлык. желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері - деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға» тікелей қосылады. Мұндай желінің үлгісі 8-суретте бейнеленген.

8-сурет «Шина» топологиясы бар желі

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытга бірдей жылжиды. Кабель-шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден токтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сакина» желісіндегідей, оның осал түсы - бүкіл желінің деректері өр желілік компьютерден өтеді.

Деректерді беру жылдамдығымен, оның құнына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары (тәсілдері) бар. Ең танымалдары: Еnthernet, АКСNЕТ және ІВМ Token ring.

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТИПТЕРІ

Еnthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Раlо Аltо зерттеу орталығында жасады. Еnthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданылғанда, Еnthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданылған болса, Еnthernet жұлдызша кескінделеді. АRСNЕТ технологиясы Datapoint Согрогаtіоп фирмасында 1968 жылы жасалған. АRСNЕТ технологиясының желісі де, Еnthernet желісі сияқты, екі топология бойынша («жұлдызша» немесе «шина») құрыла алады. Токеп Rіпg «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын ІВМ арнайы құрылысымен (Мulti-stаіоп Ассеss Unit, МАU) орталық хаб ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр

9-сурет Tokin Ring желісі

компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша - қабылдайды. 42-суретте Тоkіп Rіпg-тің ІВМ желісіндегі деректер маршруты көрсетілген.

Осылайша, Tokin Ring желісі сақина секілді дерлік, бірақ жұлдызша сияқты безендірілген.

Жергілікті желіде ақпарат жеткізу жылдамдығы 5-тен 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.

Жергілікті есептеу желілері бірыңғай жөне иерархиялық болып бөлінеді.

Бірыңғай желі - барлық компьютерлері тең құқылы және бірдей қызмет орындайтын жергілікті желі. Олар желіге аз ғана - 10-15-тен көп емес компьютерлер санын біріктіру үшін қолданылады. Бірыңғай желілерде сервер дегеніміз - ресурстары осы сөтте басқа компьютерден де алына беретін компьютер, сервер бір мезгілде клиент те бола алады, яғни өзі ресурстар беретін компьютердің ресурстарын пайдаланады. Жергілікті ресурстың ортаққа айналдырылуы компьютерді пайдаланушымен, ОЖ құралдарымен жасалады. Қажет болған жағдайда ол өзін пайдалануға арналған парольді де белгілейді.

Бірыңғай желілердегі операциялық жүйелер ортақ ақпараттық ресурстардың оқылуын және редакциялануын, «бөтен компьютерден» программаларды қосуға мүмкіндік беретін тікелей басқарудың құралдарын қамтамасыз етеді.

ОЖ Windows 95-те компьютерлік жүйенің желілік мүмкіндіктерін пайдаланатын екі программа бар:

MS Еnthernet программасы - пошталық алмасу программасы, ол хабарлар мен файлдардың нақты пайдаланушыларға (жұмыс станцияларына) немесе топтың барлық пайдаланушыларына жіберілуін қамтамасыз етеді;

S һесdu1е+ программасы әркімнің өз жұмысының кестесін жобалау және кажет болған жағдайда ол жөнінен желідегі жұмыс тобынын басқа пайдаланушыларымен бір пікірге келу. келісу құралы (мысалы. ортақ жиналыстарды, бірлесіп істейтін жұмыстардың жай-жапсарын пысықтау үшін) .

Иерархиялық желілер. Иерархиялык жергілікті желілерде бір немесе бірнеше сервер болады. (43 сур. )

Иерархиялық желілердегі сервер - бөлектенетін ресурстардың тұрақты сақтау қоймасы. Сервердін өзі тек иерархияның одан жоғары деңгейіңдегі сервердің клиенті бола алады. Серверлер әдетте жоғары өнімді компьютерлерден, бәлкім, бірнеше параллельді жұмыс істейтін процессорлардан, үлкен сыйымдылыкты винчестерлерден, жоғары жылдамдықты желілік картадан (100 Мбит/с жөне одан да көп) тұрады.

10-сурет Иерархиялық желі

Серверде ақпаратты ұйымдастыру және сақтау амалын арнайы адам - желінің басщрушысы белгілейді. Бірлесе пайдаланатын ақпараттың сақталуы үшін жауапкершілік те соның мойнында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті жүйелер топологиясы
Жергілікті компьютерлік желі
Локалды желілердің топологиясы
Жергілікті желілер
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
Желіге қойылатын талаптар
Компьютерлік желілер жайында
Сақина топологиясы
Компьютерлік желілер туралы ең негізгі ұғымдар жөнінде қысқаша мәліметтер. Әдістемелік құрал
Автотранспорттық мекемедегі ақпараттық жүйені ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz