КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР. Оқулық


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 164 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. С. АЯЖАНОВ, С. Б. САТЫМБЕКОВА
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
Оқулық
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі бекіткен
Алматы-2011
ӘОЖ 004. 45(075. 8)
КБЖ 32. 973. 202 я73
А 99
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
ғылыми кеңесі ұсынады
Пікір жазғандар:
экономика ғылымдарының докторы, профессор С . Байзақов ;
педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Серік;
педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент М. М. Көккөз.
С. С. Аяжанов, С. Б. Сатымбекова
А 99 Компьютерлік желілер : Оқулық. Алматы: ЖСШ РПБК «Дәуір», 2011. 219 бет.
ISBN 978-601-217-239-3
Оқулықтың мақсаты - компьютерлік желілерді ұйымдастыру және қызмет көрсетудің негізгі қағидаттарын зерделеу, қазіргі заманғы желілік технологиялармен таныстыру.
Оқулық оқыту жүйесінің кредиттік технологиясына негізделіп жазылып, әрбір тақырыбы дәрістерден, теориялық материалды тереңдете меңгеруіне бағытталған компьютерде орындайтын тәжірибелік жұмыстардан, білім деңгейін бағалауға арналған бақылау сұрақтарынан, тақырып бойынша тест тапсырмаларынан тұрады.
Оқулық жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйелер мамандығының студенттері мен оқытушыларына, сонымен қатар ақпараттық технологияға қызығушылық танытқан көпшілік қауымға арналған.
ӘОЖ 004. 45(075. 8)
КБЖ 32. 973. 202 я73
ISBN 978-601-217-239-3
© С. С. Аяжанов, С. Б. Сатымбекова, 2011
© ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы, 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 4
1-тақырып Пәнге кіріспе . . . 6
2-тақырып Желілердің сыныпталуы . . . 23
3-тақырып Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін ұйымдастыратын базалық модель (OSI моделі) . . . . . . 42
4-тақырып TCP/IP стегі . . . 55
5-тақырып TCP/IP хаттамалары . . . 69
6-тақырып Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары . . . 83
7-тақырып Компьютерлік желілердің аппараттық құралдары Маршруттаушылар, шлюздер . . . 107
8-тақырып Ethernet технологиялары . . . 121
9-тақырып Fast ethernet стандарттары. Gigabit ethernet стандарттары. . 131
10-тақырып Token ring стандарты. FDDI және CDDI стандарты . . . 142
11-тақырып Ауқымды желілердің құрастырылу және қызмет көрсету технологиялары . . . 156
12-тақырып Телефондық желілер және оларды деректерді жіберуде пайдалану. 166
13-тақырып Х. 25 желілері. Frame relay желілері. TDM технологиялары. АТМ желілері . . . 183
14-тақырып Internet желілерін ұйымдастыру . . . 194
15-тақырып Желілік бағдарламалық қамтамасыздандыру . . . 205
КІРІСПЕ
Қоғамды ақпараттандыру үдерісі болашақ мамандардың біліктілік деңгейіне көптеген талаптар қойып отыр. Өйткені экономиканың барлық саласында ақпараттық және коммуникациялық технологиялар белсенді қолданылуда. Қоғамды акпараттандыру дегеніміз - әр түрлі ақпараттық қорларды қалыптастыру мен пайдалану негізінде азаматтардың, мемлекеттік өкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің құқықтарын жүзеге асырып, олардың ақпараттық талаптарын қанағаттандыру үшін тиімді жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық ілгерілеу. Бұл кезде қызмет салаларының барлығында білімді айқын, түбегейлі және дер кезінде барынша толық пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға басты назар аударылады. Көптеген елдер өз ерекшеліктерін ескере отырып, ұлттық ақпараттандыру бағдарламаларын қабылдады.
Ақпараттандырудың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасында біртұтас білім беретін ақпараттық ортаны құру болып табылады. Олай болса, білім беру саласына жаңа ақпараттық технологияны шоғырландыру, Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.
Білім беруді ақпараттандырудың негізгі міндеттері:
- ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
- білім беруді ақпараттандыру бойынша тәжірибелік шараларды анықтап, жүзеге асыру;
- оқу-тәрбие үдерісіне жаңа ақпараттық технологияны енгізуді қамтамасыз ету бойынша ғылыми-ізденушілік және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізу;
- пәндер бойынша жасалатын жалпыға міндетті білім стандарттарының және оқу-әдістемелік кешендерінің мазмұнын ақпараттық технологияны пайдалану мүмкіндіктерімен жетілдіру, білім беруді басқаруда ақпараттық жүйе құру;
- білім беру мекемелерінің қызметкерлері үшін бағдарламалық-техникалық құралдарды қамтамасыз ету және мультимедиялық бағдарламалар, электрондық оқулықтар жасау;
- оқытушыларды жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне еркін пайдалана білуге дайындау және жүйелі түрде біліктіліктерін арттыру.
Білім беру саласын ақпараттандырудың басты мақсаты: жастарды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау, оқыту, тәрбиелеу және басқару үдерістеріне ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу, Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастыру.
Адамзат өркениетінің дамуы тарихындағы ақпаратты өңдеу саласында орын алған елеулі өзгерістер қоғамдық қатынастардың да өзгеруіне себепші болды. Осындай өзгерістер қоғамның жаңа сападағы үлкен мүмкіндіктерге толы кезеңдерін дүниеге әкелді. Ақпараттық өнім беретін өндіріс қоғамды дамытудың қозғаушы күшіне айналды. Ғалымдар осы жаңа қоғамдағы ақпараттандыру үдерісі адамдарға мәліметтердің сенімді көздерін ашып, оларды жалықтыратын бірсарынды еңбек түрлерінен босатып, өндірістік және әлеуметтік аймақтарда ақпараттарды өңдеу ісін жоғары деңгейде автоматтандыруды қамтамасыз етеді деп санайды.
Қазақстан Үкіметінің маңызды кызметі білімге деген сұранысты қамтамасыз ету, ал ең басым міндеті - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытып, оларды жер-жерде енгізу болып табылады. Ол үшін білім беру орындарындағы бұл технологияларды игеруді қолдайтын оқу-әдістемелік құралдар мазмұнды және дидактикалық қағидаларға сәйкес болуы тиіс. Осы көзқарастар ортаға салынып, ұсынылып отырған оқулықта желілік технологияларға сипаттамалар беріледі.
Оқулықта компьютерлік желіні құрастыру шарттары мен жергілікті есептеуіш желіні ұйымдастыру жолдары, халықаралық байланыс моделі, ережелері қарастырылады. Сонымен қатар ауқымды желі және оның қызметтері жайлы да баяндалады.
БІРІНШІ ТАҚЫРЫП.
ПӘНГЕ КІРІСПЕ
Дәрістің мән-мәтіні
Мақсаты: ақпараттық-есептеу желілерінде бөліктелген қорларға ыңғайлы және сенімді қатынауды ұйымдастыру арқылы желіні қолданушыларға әр түрлі ақпараттық есептеу қызметтерін көрсетуді тиімді қамтамасыз ету.
Дәріс жоспары:
- Пәннің зерделейтін тақырыбы және құрылымы.
- Компьютерлік желілердің даму тарихы.
Негізгі түсініктер: компьютерлік желі, ақпараттық-есептеуіш желі, топология, бір рангілі желі, серверге негізделген желі.
Тақырыптың мазмұны. Ақпараттық-есептеу желіcі (АЕЖ) - бұл мәліметтер алмасу арналарымен біріктірілген компьютерлер жүйесі. Соңғы жылдары көптеген желілердің басым қызметтері нақты ақпараттық қызмет көрсетеді. Әсіресе, АЕЖ негізінде құрылған ақпараттық жүйелер мына тапсырмалардың орындалуын тиімді қамтамасыз етеді:
- мәліметтерді сақтау;
- мәліметтерді өңдеу;
- қолданушылардың мәліметтерге қатынауын ұйымдастыру;
- қолданушыларға мәліметтерді және мәліметтерді өңдеу нәтижелерін беру.
Көрсетілген тапсырмаларды орындау тиімділігі:
- желіде бөліктелген аппараттық-бағдарламалық және ақпараттық қорлармен;
- қолданушының осы қорлардың түрлеріне қашықтық (дистанциялық) жолымен;
- бөліктелген мәліметтер қорымен қатар орталықтандырылған мәліметтер қорының бар болу мүмкіндігімен;
- жүйе элементтерінің сақтық қорда сақталуымен қамтамасыз етілетін, оның қызмет ету сенімділігінің жоғары болуымен;
- ең жоғары кезеңдері кезінде жүктемені жедел қайта бөлу мүмкіншілігімен;
- белгілі бір сыныптың тапсырмаларын шешуге желінің бөлек тораптарының мамандандырылуымен;
- желінің бірнеше тораптарының біріккен күштерінің көмегі арқылы қиын тапсырмаларды шешумен;
- клиенттерге жедел түрде қашықтықтан ақпараттық қызмет көрсетуімен қамтамасыз етіледі.
АЕЖ саласының негізгі көрсеткіштері:
1. Орындалатын қызметтердің толықтығы. Желі барлық қорларға қатынау бойынша да, тораптардың біріккен жұмыстары бойынша да, жұмыстың барлық стандарттары мен хаттамаларын жүзеге асыру бойынша да, оған көзделген барлық қызметтердің орындалуын қамтамасыз етуі қажет.
2. Өнімділік - желіні қолданушылардың бірлік уақытында жасалатын сұратуларының орташа саны. Ол жүйені қолданушының сұранысына әрекет ету уақыты. Бұл уақыт үш бөліктен құрылады:
- қолданушыдан желі торабына сұранысты жіберу уақыты;
- осы тораптағы сұраныстың жасалу уақыты;
- қолданушы сұранысына жауап беру уақыты.
3. Әрекет ету уақытының көп бөлігін желідегі ақпаратты жіберу құрайды. Осыдан шығатын қорытынды, желінің маңызды сипаттамасы оның өткізу қабілеті болып табылады. Өткізу қабілеті, уақыт бірлігі ішіндегі желі және оның буыны - сегмент арқылы жіберілген мәліметтер санымен анықталады.
4. Желінің сенімділігі - оның маңызды техникалық сипаттамасы. Сенімділік көбінесе бұзылмай тоқтаусыз жұмыс істеудің орташа уақытымен сипатталады.
5. Желі ақпараттық жүйе болғандықтан, оның өте маңызды тұтынушылық сипаттамасы нәтижеде шыққан ақпараттың анықтылығы болып табылады.
6. Қазіргі кездегі желілер құпия (конфиденциалды) ақпаратпен көп жұмыс істейді, сондықтан желінің маңызды параметрі ондағы ақпараттың қауіпсіздігі болып табылады. Қауіпсіздік - бұл желінің ақпаратты рұқсат етілмеген қорғаудан қорғануды қамтамасыз ету қабілеті.
7. Желінің мөлдірлігі - тағы бір тұтынушылық сипаттама. Мөлдірлік қолданушы үшін желінің ішкі архитектурасы ерекшеліктерінің көрінбейтіндігі: қолданушы оңтайлы жағдайда желінің қорларын өз компьютерінің локалды қорлары сияқты қолдануы қажет.
8. Масштабты өзгерту - желінің өнімділігін төмендетпей оны арттыру мүмкіндігі.
9. Желінің әмбебаптығы - желіге әр түрлі өндірушілердің түрлі техникалық жабдықтар мен ақпараттық қамтамасыз етулерді қосу мүмкіндігі.
Компьютерлік технология эволюциясының логикалық нәтижесі есептеуіш жүйелердің тұжырымдамасы болып табылады. 1950 жылдардағы үлкен компьютерлер өте аз мөлшердегі қолданушыларға арналған. Мұндай компьютерлер пайдаланушының интерактивті жұмысына арналған пакеттік өңдеу тәртібінде қолданылған.
Пакеттік өңдеу жүйелері негізінен қуатты және әмбебап компьютерге жүктелген мэйнфрейм базасында құрылады. Қолданушылар бағдарлама бұйрығын және мәліметтерін құрайтын перфокарталар дайындайды және оларды есептеу орталығына жіберіп отырған. Операторлар бұл картаны компьютерге енгізіп, ал баспаға шығарылған нәтижені қолданушылар келесі күні алып отырған. Пакеттік тәртіп - бұл басқа тәртіптерге қарағанда қолданушының көптеген тапсырмасын бірлік уақытта орындауға мүмкіндік беретін, қолдануға өте тиімді есептеу қуаты.
1960 жылдардың басында процессорлардың арзандауына байланысты, уақытты айыратын интерактивті көптерминалды жүйелер дами бастады. Мұндай жүйелерде компьютер бірнеше қолданушының басқаруына берілді. Әрбір қолданушы өзінің басқаруындағы компьютермен сұхбат жүргізуге көмектесетін термин алып отырды. Бірақ қолданушыға компьютерді қолданып отырған басқа қолданушылардың жұмысын білдіртпеуге, есептеу жүйесі әсерінің уақыты өте аз болады. Терминалдар есептеу орталығының шегінен шығып, барлық кәсіпорындарға тарады. Және есептеу қуаты толық орталықталған болып қалса да, мәліметтерді енгізіп-шығару сияқты кейбір қызметтер анықтала бастады. Мұндай орталықтанған көптерминалды жүйелер локалды (жергілікті) есептеу желісіне сырттай өте ұқсас болады. Бірақ локалды жүйелердің пайда болуы үшін көп уақыт керек. Себебі көптерминалды жүйенің сырт бейнесі анықталған жүйеге ұқсас болса да, онда мәліметті өңдеудің орталықтанған қасиеті әлі де сақталған еді.
Бұл уақытта бір-бірінен едәуір қашық жатқан компьютерді біріктіру қажеттілігі пайда бола бастады. Бұл жүздеген, тіпті мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан терминалдан компьютерге кіру сияқты қарапайым тапсырманы шешуден басталады. Терминалдар компьютермен телефон желісі арқылы модемнің көмегімен байланыс жасады. Мұндай желілер көптеген қолданушыларға супер-ЭЕМ сыныбының бірнеше қуатты компьютерлерінің жеке қорларына кіруге мүмкіндік берді. Содан кейін алшақтанған терминал-компьютер тұрпатты байланысымен бірге, компьютер-компьютер тұрпатты байланыстар кіретін жүйелер пайда болды. Компьютерлер кез келген есептеу желісінің базалық механизмі болып табылады. Мәліметтерді автоматты тәртіпте алу мүмкіндігіне ие болады. Бұл механизмді қолдана отырып, бірінші желіде қазіргі кезде дәстүрлі желі қызметіне айналған электронды пошта, мәліметтер қорының синхрондалуы және файлдарды айырбастау қызметі жасалды.
1970 жылдардың басында компьютерлік компоненттерді өндіру саласында технологиялық өзгерістер пайда болды. Ол үлкен интегралды схемалардың пайда болуымен сипатталды. Олардың салыстырмалы орташа бағасы және жоғарғы функционалды мүмкіндіктері мини-компьютердің құрылуына әкеліп соқты. Мини-компьютерлер технологиялық құрылғылармен басқару тапсырмасын орындайды. Соның негізінде, барлық кәсіпорындар бойынша компьютерлік қорларды анықтау тұжырымдамасы және олардың өзара байланысы үшін керекті бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері пайда болды. Нәтижесінде алғашқы локалды есептеу жүйесі қолданысқа енгізілді. Олардың қазіргі заманғы локалды желіден айырмашылығы көп болды. Біріншіден, өзінің стандартты емес таратылу құрылғысымен ерекшеленді.
Локалды желінің стандартты технологиясын құру. 1980 жылдардың орта шенінде компьютерлерді Ethernet, Arcnet, Token Ring желісіне біріктіру стандартты технологиясы анықталды. Олардың дамуына қуатты серпін берген дербес компьютер болды. Біріншіден, олар желілік бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысы үшін толықтай қуатты болды. Екіншіден, дискілік массивті қымбат перифериялық құрылғыларды айыруды және қиын тапсырмаларды шешу үшін өзінің есептеу қуатын біріктіруді қажет етті. Сондықтан дербес компьютерлер мини-компьютерлер мен мэйнфреймді ығыстырып, клиенттік компьютер ретінде ғана емес, сонымен қатар мәліметтерді өңдеу және сақтау орталығы ретінде де локалды желіні игере бастады.
Бүгінгі таңда локалды желінің кабельдік жүйесінің сапасынан қалыспайтын, жоғары жылдамдықты аумақтық арналар байланысының пайда болуымен, ауқымды және локалды желі арасында айырмашылық күннен күнге азаюда. Ауқымды желіде локалды желі қызметі сияқты қорларға кірудің тиімді және қолайлы қызметі пайда болды. Осындай мысалдар көп мөлшерде өте белгілі Ethernet ауқымды желісінде көрсетіледі. Локалды желі де өзгереді. Компьютерлерді біріктіретін белсенді емес кабельдің орнына көп мөлшерде әртүрлі коммуникациялық құрылғылар - коммутаторлар, маршруттаушылар, шлюздер пайда болды. Осындай құрылғының арқасында өте күрделі құрылымы бар және мыңдаған компьютерді есептейтін үлкен корпоративті желіні құруға мүмкіндік туды.
Локалды және ауқымды желіні бірдей дәрежеде қамтитын тағы бір өте керекті үрдіс пайда болды. Онда бұрынғы есептеуіш желісіне кірмейтін ақпараттар - дауыс, бейнекескіндер, суреттер өңделеді. Бұл коммуникациялық құрылғылардың, желілік операциялық жүйенің және хаттаманың жұмысына өзгеріс енгізуді қажет етті.
Есептеу желілері - бөлінген жүйелердің жеке жағдайлары. Компьютерлік желі бөлінген (немесе орталықсыздандырылған) есептеуіш жүйелеріне жатады. Мәліметтерді өңдеу орталығының бар болуы бөлінген есептеуіш жүйесінің негізгі белгісі болып табылады. Бірақ компьютер желісімен қатар бөлінген жүйеге мультипроцессорлы компьютер және көпмашиналы есептеуіш кешені жатады.
Мультипроцессорлы компьютерде өзінің бағдарламасын басқалардан тәуелсіз орындайтын бірнеше процессорлар бар. Мультипроцессорда процессорлар арасындағы есептеуіш жүктемесін жедел бөлетін барлық процессорға ортақ операциялық жүйе бар. Жекеленген процессорлар арасындағы өзара қатынас жалпы жедел жады арқылы ұйымдастырылады. Барлық процессорлар үшін барлық перифериялық құрылғылар жалпы мультипроцессорлы жүйе болып табылады. Мультипроцессор терминалды орналасуды қолдамайды. Оның барлық блоктары қарапайым компьютердегідей бір немесе бірнеше жақын орналасқан құрылғыда орналасады. Мультипроцессордың негізгі ерекшелігі - бірнеше компьютердің параллель жұмыс жасау барысындағы жоғары өндірушілігі.
Көпмашиналық жүйе - бұл құрамына бірнеше компьютер (әрқайсысы өзінің операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді), сонымен қатар компьютер байланысының бағдарламалық және аппаратттық құралдары кіретін есептеуіш кешені.
Кез келген көпмашиналық жүйенің жұмысы басты екі компонентпен: процессормен байланысты жоғары жылдамдықты механизмммен және қолданушылар мен қосымшалар кешеніне кіретін барлық компьютердің қорларына көрінерлік, қатынауды жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етумен анықталады.
Байланыс құралдарының құрамына, жүйенің реконфигурациясымен және есептеу синхрондалуымен және есептеуді жүктеумен айналысатын бағдарламалық модульдер кіреді. Егер кешен компьютерлерінің біреуінде бұзылудан жұмысы тоқталатын болса, онда оның тапсырмалары автоматты түрде басқа компьютерге ауысады және сонда орындалады. Егер көпмашиналық жүйенің құрамына сыртқы құрылғылардың бірнеше басқарушылары кірсе, онда біреуі жұмысын тоқтатқан кезде басқа басқарушылар автоматты түрде жұмысты жалғастырады. Көпмашиналық жүйенің параллель өңдеу мүмкіндігі мультипроцессорлы жүйемен салыстырғанда шектелген: егер параллель орындалатын тапсырмалар мәліметтер бойынша бір-бірімен тығыз байланысты болса, онда параллельдену тиімділігі күрт төмендейді. Компьютерлер арасындағы қашықтық, дискілік ішкі жүйе мен процессорлы блок арасындағы байланыс ұзақтығымен анықталатын болғандықтан, көпмашиналық кешенде аумақтық бөлектену қамтамасыз етілмейді.
Есептеуіш желілерінде аппаратты және бағдарламалық байланыстар өте әлсіз болып табылады, ал өңделетін блоктардың автономдылығы жоғары дәрежеде көрінеді. Желінің басты элементтері не ортақ жады блогы, не ортақ перифериялық құрылғылары жоқ стандартты компьютерлер болып табылады. Компьютерлер арасындағы байланыс арнайы перифериялық құрылғылардың - желілік адаптердің көмегімен жүзеге асырылады. Әрбір компьютер өзінің операциялық жүйесінің басқаруымен қызмет етеді, ал компьютер желісінің арасындағы жұмысты анықтайтын «ортақ» операциялық жүйе болмайды. Компьютер желісінің арасындағы өзара байланыс желілік адаптер және байланыс арналары арқылы хабарлама жіберу барысында жүреді. Осы хабарламалардың көмегімен бір компьютер басқа компьютердің локалды қорларына қатынауды сұрайды. Мұндай қорларға дискіде сақталатын мәліметтер, сонымен қатар перифериялық құрылғылар - принтерлер, модемдер, факс-ақпараттары және т. б. кіреді. Желіні қолданушылар арасында әрбір компьютердің локалды қорларын бөлу - есептеу желісін құрудың басты мақсаты болып табылады. Желінің барлық қолданушыларына қорларды қол жетерлік болатын компьютерлерге басқа компьютерлерден түсетін сұраныстарды тосу тәртібінде болатын модульдерді қосу қажет. Негізінде мұндай модульдер бағдарламалық серверлер (server) деп аталады. Олардың басты мақсаты - өзінің компьютеріндегі қорларға қатынау үшін сұраныстарға қызмет көрсету болып табылады.
Ақпараттық технология аясында соңғы жылдары компьютерлік желілердің құрылуы мен дамуынан басқа, аса маңызды да белсенді дамитын бағыт болмады деп айтуға болады. Қоғамды ақпараттандыру қарқыны компьютерлік ортада байланыс құралдарын өңдіруден де көрінді. Басқару саласында компьютерлік желілердің кеңінен таралуының мынадай негізгі себептерін атап көрсетуге болады:
- біріншіден, есептеу қуаты бүгінгі күні көптеген тәжірибелік есептерді шешуге мүмкіндік беретін қымбат емес копмьютерлердің таралуы;
- екіншіден, бір ұйымның компьютерлер пайдаланушыларының қажетті өзара ақпаратпен алмасуы, ортақ желілік бағдарламалық, аппараттық-ақпараттық қорларды бірігіп пайдалану және де басқа ұйым немесе мекемелердің есептеу желілерінің қорларына қол жеткізуге ие болу;
- үшіншіден, желіде компьютерді жеңіл әрі тиісті түрде арзан қосуға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық коммуникациялық құралдардың кең көлемде пайда болуы.
Ең қарапайым желі (network) кем дегенде бір-біріне кабель арқылы жалғанған екі компьютерден тұрады. Бұл олардың деректерді бірлесіп қолдануына мүмкіндік береді. Барлық желілер күрделігіне қарамастан, осы қарапайым пікірге негізделеді. Кабель арқылы компьютерлерді біріктіру идеясы коммуникациядағы үлкен жетістік болды. Деректерді бірігіп пайдалану мүмкіндігі болу үшін - тәжірибелік қажеттіліктен компьютерлік желілер туды. Бір-біріне байланыс құралдары арқылы қосылған компьютерлер мен басқа да құрылғылар тобын желі деп атайды. Құрылғылар мен ортақ пайдаланылатын компьютерлер ресурстарын біріктіру тұжырымдамасы желілік әрекеттестік деп аталады. Желідегі пайдаланушылар келесілерді бірігіп қолдана алады:
- деректерді;
- принтерлерді;
- модемдерді;
- факстерді;
- басқа да қондырғыларды.
Компьютерлік желі үш негізгі аппараттық, екі бағдарламалық компоненттерден құрастырылып, компоненттердің өзара келісімді әрекеттесуі арқылы қызмет етеді.
Негізгі аппараттық компоненттер:
- абоненттік жүйелер - компьютерлер (жұмысшы стансалар немесе клиенттер мен серверлер), принтерлер, сканерлер, т. с. с.
- желілік құрал-жабдықтар - желілік адаптерлер, концентраторлар (хаб), көпірлер, маршруттаушылар және т. б. .
- коммуникациялық арналар - кабельдер, қосқыш ұяшықтар, сымсыз технологиялардағы деректер жіберу және қабылдау қондырғылары.
Негізгі желілік бағдарламалық компоненттер:
- желілік операциялық жүйелер - Windows NT, Windows NT Server, Windows for Workgroups, LANtastic, NetWare, Unix, Linux және т. б. .
- желілік бағдарламалық жабдық (желілік қызметтер) - желі клиенті, желілік адаптерлер, хаттамалар, қашықтықтан ену қызметі.
Жергілікті есептеуіш желі - ол желілік операциялық жүйе мен бағдарламалық жабдық арқылы басқарылып, жұмыс жасайтын компьютерлер, байланыс арналары, желілік адаптерлер жиынтығы.
Алғашқы компьютерлік желі 10 компьютерді және бір принтерді біріктіретін 1980 жылдардағы ең әйгілі желі түрі 30 компьютерден, ал кабель ұзындығы 185 метр болған. Сондай-ақ желі бір ғимарат ішінде ғана орналасқан. Кіші фирмалар үшін бұл конфигурация бүгінгі күнге дейін ұтымды болып саналады. Бұл желі жергілікті есептеуіш желі деп аталады (ЖЕЖ, LAN - Local area network) . Алғашқы желі түрлері бөлімшелері әр жерде орналасқан кәсіпорындардың талаптарына сәйкес келмеді. Компьютерлік желінің артықшылығы даусыз болғандықтан және нарықты желілік бағдарламалармен толтыра бастаған соң, бәсекелестікті сақтап қалу үшін корпорациялардың басты мақсаты желіні кеңейту болды. Қазір ЖЕЖ-лер бір-бірімен байланысып (орналасқан жерлері әсер етпейді), ауқымды - ауқымды есептеуіш желіге айналды (АЕЖ, WAN (Wide Area Network) ) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz