КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР ЖАЙЫНДА МАТЕРИАЛДАР


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Ethernet . . . 100-мегабитті технология . . . Желілік технологиялар . . . Интернеттегі жанжал . . . Интражелілер . . . " деген сөздер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Компьютерлерді желілерге біріктіру
Егер сіздердің тек бір дербес компьютеріңіз ғана болса, модеміңіз болмаса, онда компьютерлік желінің ерекшеліктерін түсіне қою қиын. "Қойы жоқтың қорамен ісі жоқ" дегендей көптеген мүмкіндіктер қалтарыста қалады.
Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болып, олардың біріндегі мәліметті екіншісінде беру керек болғанда желілік технология өте қажет-ақ. Желілік технологиялар қаржы мен уақытты үнемдеуге өте үлкен мүмкіндіктер береді. Сондықтан компьютерлік желілерді пайдалану туралы қысқаша мағлұмат берейік.
Жергілікті желілер - бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер (бір бөлмеде немесе бір ғимаратта орналасқан, әйтпесе қатар орналасқан компьютерлер) . Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Ал компьютерлік ауқымды желіге келетін болсақ, онда олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр қүрылықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Әрине мұндай байланыстыру желісін шағын не орташа фирмалар жасай алмайды. Ауқымды желі құру үшін біраз қаражат керек, көптеген телефон каналдары, Жер серіктері арқылы байланысу мүмкіндіктері қажет.
Жергілікті желілерде компьютерлер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді. Гигабиттік жылдамдықтың да ауылы алыс емес. Ал, ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық мұндай жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400 - 57600 биттер аралығында болады.
Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әртүрлі, бүл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады, сондықтан оларды мұқият оқып-үйренуге көңіл бөлғен артық бола қоймас.
Жергілікті желі
Компьютерді (жұмыс станциясын немесе серверді) желіге қосу арнаулы желі адаптері арқылы орындалады. Желі адаптері бөлек сатылады, бірақ кейде компьютер құрамында болуы да мүмкін.
Шиналық топология
Көптеген фирмалар шығарып жататын желі адаптерлерінің толып жатқан түрлері бар. Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді. Қарапайым жергілікті желіде шиналық немесе жұлдыз тәрізді топология болады. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі - кабель үзілсе, желі түгелдей жұмыс істемей қалады. Ал, жұлдыз тәрізді топологияда әрбір компьютер өз кабелімен жеке қоректену блогы бар таратқыш құрылғыға (ол да компьютер) жалғанады. Мұнда бір кабель үзілгенмен, тек бір жұмыс станциясы ғана істен шығады да, желі қалған станциялармен жұмыс істей береді. Шиналық топологияға қарағанда, мүндағы зиян әлденеше рет төмен болады.
Желілер топологиясының бұдан да күрделі варианттары бола береді. Мысалы, желі бірнеше шиналық топология сегменттерінен және бірнеше жүлдыз тәрізді тармақтардан құрылуы мүмкін.
Соңғы кездерде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы - біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен бағасы онша қымбат емес;
- екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.
Жұлдыз бейнелі топология
Радиоторапты желілердің негізгі кемшілігі - олардағы ақпаратты жеткізу жылдамдығының өте төмен деңгейде болуы, ол 10 Мбит/сек мөлшерінея аса алмай келеді. Дегенмен, бұларды жасаушы фирмалар жақында жылдамдықты 30 Мбит/сек шамасына жеткізетінін, тіпті одан да арттыратынын айтып дәлелдеуде.
Қайтсе де, объективті және субъективті шараларды салыстырса, болашақ осы жергілікті радиоторапты желілерді немесе кабельдік желілерге қосымша радиожелілерді кеңінен пайдалануға әкелетіні байқалады.
Объективті себептердің бірсыпырасын айтар болсақ, олар:
- радиожеліні іске қосуға кететін қаражат осы тәрізді кабельдік жергілікті желіні іске қосудан арзан;
- ескі ғимараттарда олардың қабырғаларын тесіп, кабель жүргізу істерін үйымдастыру оңай шаруа емес;
- радиожеліні тарихи бағалы деп есептелетін ғимараттарда іске асыру ыңғайлы, өйткені ондай жерлерде кабель жүргізу үшін тарихи ескерткішті қорғау органдарының келісімі керек;
- кабель жүргізуге мүмкіндік жоқ, ал жергілікті желіні кеңейту керек-ақ.
Субъективті себептерге мыналарды жатқызуға болады: - кабельдік желіге қарағанда қайта қүру оңай іске асады, мысалы жаңа торап қосу, алу, олардың қүрылғыларын орнату жәнг т. с. с;
- жерғілікті радиожеліге уақытша және жылдам қосылуға тиіс жеке пайдаланылатын органайзерлер мен ноутбуктерді қосу
ыңғайлы. Оның устіне, мұндай адамдар нгмесе олардың қосылу нүктелері байланыс жетер аймақта басқалармен кез келген мәлімет алмаса алады.
Жергілікті желілерді пайдаланылатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады:
Біріншісі - арнаулы файл-серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың кұрамындағы бір немесе бірнеше компыотерлерде арнаулы желілік операциялық жүйе (Novell NetWare, IBM Lan Manager) іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету, бірінші кезекте, серверлік дискілерді және желі принтерлерін бөліп беріп отырады.
Мұпда жеке компьютерлер бір-бірімен емес тек файл-сервермен байланысады. Мысалы, олар файл-сервер дискісіне мәліметтер жаза алады немесе басқалар жазған файлдарды оқи алады және де желі принтеріне мәтін басып шығарады. Жұмыс станциялары арасында мәліметтер алмасу (файл-серверді айналып өту), теория түрғысынан мүмін болғанмен, практика жүзінде іске асырылмаған.
Екінші топ - бір рангілік желілер. Мүнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайдаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді, қүрылғыларын да ортақтастыру мүмкіндігі бар. Мүның мысалы ретінде MS Windows for Workgroups немесе Windows 98 желілерін қарастырута болады. Бір рангілік желі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу жиі және үлкен көлемде жүргізілгенде өте ыңғайлы. Бірақ мәліметтер алмасу тек файлдарды алу, берумен шектелмейтіні есте болсын.
Әрбір адам кез келген мәліметгер түрін (объектіні) өз алмасу буферіне (Clipboard) жазып алып, содан кейін желідегі компьютерлердің бәрінің де сол объектімен пайдалануын қамтамасыз ете алады. Міне, мүндағы мәліметтер файлда болмағандықтан, оны жазу, оқу, орын ауыстыру, яғни тасымалдау да кажет емес.
Сонымен бір рангілік желі барлық компьютерлердің бір жоба төңірегінде жүмыс істеуін жүзеге асырып, кез келген форматтағы мәліметтерді жеткізе алады.
Мүның бәрі бір қарағанда күрделі болып көрінуі ықтимал, бірақ әр адамға жеткізу істерінің қалай орындалатынын білудің қажеті жоқ, атқарылытын жүмыстар түгел программалар арқыльі басқарылып, олардың егжей-тегжейі де өзінен-өзі автоматты түрде орындалып жатады. Әр адамға тек желіге қосылғанын, қандай мәліметтерді және қалай пайдалана алатынын білу жеткілікті. Білмесеңіз, желі администра-торынан шмесе осыған жауапты жаннан сүрап білуге болады. Мүндағы әрбір администратор - карапайым компьютер иесі, бірақ кез келген мәліметтер пайдаланушы администратор емес. Әрбір фирмада, қажет болса, көмектесе алатын бір маман болады. Желі администраторының жауапкершілігінен бірсыпыра мағлүмат бере кетелік.
Желі адаптерінің қүны онша қымбат емес. Әдетте жүмыс станциялары үшін жылдамдығы орташа, арзандау желі адаптерлері алынады да, файл-серверлер мен мәліметтер базасын басқаратын серверлер үшін жоғары жылдамдықты, қымбат түратын адаптерлер түрі қолданылады. Қалай десек те, желі күралдарына онша көп қаржы жүмсала қоймайды.
28. 7. Жергілікті және ауқымды желілердің кірігуі
Жергілікті желі мен ауқымды желілерді кіріктіретін программалық жабдықтар бар. Мұндайда жергілікті желінің бір компьютері телефон бағдарлауыш (бірнеше модемі бар) арқылы ауқымды желіге қосылады. Осындай желінің кез келген компьютері телефон бағдарлауыштарында орнатылған модем арқылы ауқымды желімен байланысып жұмыс істей береді. Сонымен, әрбір жұмыс станциясын модем арқылы бөлек телефонға жалғаудың да қажет емес екені осыдан көрініп тұр.
Электрондық пошта
5. 1. Жалпы шолу Электрондық поштамен жұмыс істеу режімдері
Бұл Интернеттің ертерек пайда болған қызмет түрлерінің бірі. Онымен қамтамасыз етуді Интернетте арнаулы пошталық серверлер деп аталатын программа жүргізеді.
Пошталық серверлер клиенттен алынған хабарды адресаттың пошталык серверіне женелтеді. Бұл жерде хабарлар жиналады. Адресат пен оның пошталық серверінің арасында байланыс орнатылған кезде келіп түскен хабарлар автоматты түрде адресаттың компьютеріне жіберіледі.
Басқа да байланыс қызмет түрлері сиякты, электрондық пошта қызметі программалар жұбы мен олардың өзара карым-қатынас хаттамаларының көмегімен жүзеге асырылады. Интернет жағынан программа-сервер, түтынушы жағынан программа-клиент жүмыс атқарады. Электрондық поштаның жүмысы екі колданбалы хаттамаға негізделген. Біреуі шығатын хабарды жіберуге, екіншісі келетін корреспонденцияны кабылдауға пайдаланылады. Сәйкесінше Интернет жағынан электрондық пошта жүмысы екі сервердің көмегімен атқарылады: шығатын хабарлар сервері мен келіп түскен хабарлар сервері. Келіп түскен хабарлар серверін «пошта жәшігі» деп атайды.
Шығарылатын хабар қызметі SMTP хаттамасына негізделген (SMTP -Simple Mail Transfer Protocol - простейший протокол передачи почты) . Келіп түсетін хабар қызметі РОРЗ хаттамасымен жүргізіледі (Post Office Protocol 3- протокол почтового отделения, версия 3) .
Электрандыц поштамеи лсүмыс icinev pemi
Электрондық поштамен жүмыс істеу үшін колданушы келесі амалдарды орындауы кажет:
1) SMTP және РОРЗ хаттамаларын үсынушы кызмет түріне тіркелуі қажет. Тіркелу нәтижесінде клиент SMTP-дің есепке any жазбалары (Учетная запись SMTP) мен РОРЗ есепке алу жазбаларын алады. Бүл жазбаларды интернетке жалғаушы сервис-провайдерлер береді.
2) Өз компыотерінде электрондық поштаның программа-клиентін орнатады.
Интернеткс косылу шебсрі.
3) Пошта клиентін SMTP және РОРЗ жазбаларымен жұмыс істеуге бейімдеп, баптайды.
4) Қолданушы өзі жіберетін хабарды даярлап, қабылдаушының электрондық поштасының адресін енгізіп, жіберу командасын орындауы кажет.
WWW-ге иегізделінген электрондық пошта
SMTP және РОРЗ хаттамаларына негізделінген кәдімгі пошта E-mail деп аталады. Сонымен катар соңғы кезде WWW кызмет түріне негізделген Интернеттің электрондык пошта жүйесі дамып келеді. Интернеттің электрондық поштасы Web-mail деп аталады. Бұл пошта Web-броузерлермен жұмыс істеуді жақсы меңгерген қолданушыға ете қолайлы.
Бұл жеке қызмет түрі емес, жоғарыда біз қарастырған HTTP хаттамасы негізінде WWW қызметінің кұралдарымен жүзеге асырылған
сервис болып есептеледі. Интернет жағынан бұл сервис кәдімгі WeP' серверлермен, ал клиент жағынан кәдімгі Web-броузерлермен жүргізіледі-
Интернеткс косылу шсберінін терезесі.
Web-таіімен жүмыс істеу реті
1) Web-mail электрондық поштасының есепке алу жазбалары Web-сай^ қызмет түрінде дайындалады. Оған қосылу үшін броузердің көмегіме** кәдімгі URL-адресі бойынша өтеді. Тіркелу қайсьгбір Web-бетте HTML-' қалыбын толтыру арқылы жүргізіледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz