КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ОЙЫНДАРЫ



КОМПЬЮТЕРЛІК ОҚЫТУ ОЙЫНДАРЫ

Ақпараттандыру жағдайында білім беруді, оның ішінде мектепке дейінгі
тәрбие, оқыту мен балаларды дамыту үшін жаңа болашақ ашылады. Осы кездегі
маңызды міндет баланың іс-әрекетінің негізгі түрін ақпараттық-қатынастық
технологиялармен алмастырмай, оларды мектепке дейінгі мекемелерде тәлім-
тәрбие мен білім берудің жалпы жүйесіне енгізу болып саналады.
Мектепке дейінгі білім беру үшін компьютерлік ойындар (КО)
мультимедиалық интерактивтік оқытатын бағдарламалар болып табылады және
баланың танымын, зияттық іс-әрекет тәсілдерін, қоршаған орта картинасының
тұтастығын, құндылық бағыттарын және т. б. дамытуды қалыптастыруды
қамтамасыз ететін баланың біртұтас ақпараттық білім беру ортасын жасауға
бағытталған болады.
Балалар үшін ойын – бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бір ғана
тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршаған табиғат пен
әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлануының өзіндік практикалық формасы
болып табылады.
Оқу процесінде компьютерлік ойындарды дәстүрлі әдістермен және
педагогикалық жаңашылдықпен үйлестіріп жүйелі пайдалану жағдайында
дайындығы әр түрлі деңгейдегі балаларды оқыту тиімділігі артады. Сонда
бірнеше технологияның бірмезгілде әрекет етуінің салдарынан білім беру
нәтижесінің сапасы жақсарады.
Білім берудің жаңа парадигмасының қызмет етуі үшін, білім беру үрдісі
субъектілерінің мобильді инфокоммуникациялық әрекеті ретінде қазақ, орыс
және ағылшын тілдеріне сәйкес, ұлттық стратегиялық ақпараттық-білім беру
қорлары мен әдіснамалық және мазмұндық негізде қамтамасыз ету ретінде білім
беруді ақпараттандырудың стратегиялық бағыты – Мектепке дейінгі мекемелер
үшін компьютерлік оқыту ойындары цифрлық білім беру қорлары индустриясын
дайындау.
Компьютерлік оқыту ойындары ҚР МЖБС Мемлекеттік жалпыға міндетті
стандартының 1.001-2009 мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие беру талаптарын
іске асыруға бағытталған, сонымен бірге:
– мектепке дейінгі жастағы баланың дербес дамуын кешенді қостауды іске
асыру мен сапалы кеңістік құру;
– тіл дамыту мен ана тілі, қарым-қатынас мәдениеті, сауат ашу
негіздерін меңгеруге дайындау;
– мектепке дейінгі балалардың адамның өнегелі мінез-құлқының
үлгісіндегі адамгершілік, құндылық бағдарлары, мінез-құлық қағидасы мен
ережесі, қазақстандық қоғамда туындаған халықтың салт-дәстүрлерін
қалыптастыру;
– Отанға, туған жерге деген сүйіспеншілігін, мемлекеттік рәміздерге
құрметін, қоршаған ортаға, отбасына, әр түрлі ұлт өкілдеріне адамгершілік
қарым-қатынасын тәрбиелеу;
– баланың қоршаған ортаға тұтас бейнесін, өзі туралы, жақын әлеуметтік
орта туралы алғашқы ұғымдарды қалыптастыру;
– баланың эстетикалық сезімдерін, бейнелеу, көркем-тілдік, музыкалық
қызмет және т.б. шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Компьютерлік оқыту ойындары ойлау (классификация, сериация), есту
зейінін дамытуға, кеңістік бағдарын қалыптастыруға, сөздікті белсендіру,
қолдың ұсақ моторикасын дамытуға, көлем туралы, геометриялық фигуралар
туралы ұғымды бекітуге, 10-ға дейін тіке санау дағдысы, цифр мен санның
қатынасына дағдылануды қалыптастыру, спектр түстерінен білімдерін бекіту,
көру жадын, кеңістіктік қиялын, қозғалыс жылдамдығын және т.б. жаттықтыруға
бағдарланады.

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАР

Электрондық мазмұн отандық білім беру жүйесінде маңызды орын алады. Жыл
өткен сайын заманауи оқулық ол – электрондық оқулық екеніне ғалымдар мен
тәжірибелі мұғалімдердің сенімі артып отыр. Жуықта болып өткен қазіргі
заман оқулықтарын дайындау мәселелеріне арналған конференцияда 115
баяндаманың 45-і (40%) электрондық оқулықтар мен олардың білім беру
үрдісіндегі алатын орнына арналды. Электрондық оқулықтар (ЭО) білімнің
пәндік саласында авторлық ұжымдармен, ғалымдармен және тәжірибелі
мұғалімдермен қашықтан өзара әрекеттесу негізінде олардың географиялық
орналасу орындарына тәуелсіз жүзеге асырылатын мектеп оқушыларын
мультимедиалық интерактивтік оқыту процесі ретінде компьютерлік қолданбалы
бағдарламалар болып табылады.
Қазақстан мектептері үшін ЭО-дың өзектілігі, бір жағынан, ауылдық
мектептер санының басым болуына байланысты – 79 %, олардың 71 шағын
комплекті, екінші жағынан, бұл мектептерде таржолақты байланыс желілерінің
басымдылығынан Интернеттің өтімділік қабілеті төмен. Қазақстанда 7620
мемлекеттік мектеп, оның ішінде:
– бастауыш мектептер (1-4 сыныптар) - 1104, оның ішінде шағын
комплектілері - 4303 ;
– негізгі мектептер (оқытудың бастауыш және негізгі сатыларының
оқушылар контингенті бар 1-9 сыныптар) - 1178;
– орта мектептер (оқытудың бастауыш, негізгі және сатыларының оқушылар
контингенті бар 10-11 сыныптар) - 5338.
Екінші жағынан, мектептерде Интернет таржолақты байланыс желілері
басымырақ.
Электрондық оқулықтар негізінде оқыту нәтижелері:
1. Мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру;
2. Білім беру процесінің мазмұны мен құрылымын өзгерту;
3. Ауылдық және шағын комплекті мектеп оқушыларының цифрлық
теңсіздігін жою;
4. мұғалімдердің кәсіптік-әдістемелік біліктілігін арттыру:
– педагогтардың компьютерлік сауаттылық саласында;
– оқу процесінде ЭО-ды пайдалану саласында;
– педагогтардың қашықтан оқыту технологияларын меңгеру саласында;
– ақпараттық-қатынастық және цифрлық мультимедиа технологияларын оқып
білудің педагогикалық мүмкіндіктері саласында.
5. Ақпарқатынастық іс-әрекеттің тәсілдерін меңгеруін сипаттайтын
оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту:
– АҚТ-ның көмегімен оқу ақпаратын іздеу және модельдеу;
– алынған оқу-білімдік ақпараттың құндылығын бағалау;
– оқу мақсаттарында ең маңызды ақпаратты таңдау;
алынған ақпараттың негізінде оқу іс-әрекетін жобалау.



ВИРТУАЛЬДЫҚ ТРЕНАЖЕРЛАР

Кәсіптік білім беру алдына маманның мынадай тұлғалығын қалыптастыру
мақсаты қойылады: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зерттеу объектісі мектеп оқушыларының компьютерлік ойындар тақырбын сабақта меңгере алуы
Жаңа технологияны ағылшын тілі сабағында қолдану
Дамыта оқыту жүйесінің әдістері мен формалары
Ойын баласын оқытудың басты жолы - ойын әдісі
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Бастауыш сыныптардағы ойын түрлерінің жіктелуіне сипаттама
КОМПЬЮТЕРЛІК ОЙЫНДАРДЫ ҚҰРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ
«Информатика сабағында ойын элементтерін пайдалану ерекшеліктері»
Информатика курсында оқушыларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдалану
Қазіргі компьютерлік технологияларды меңгеру жаттықтырушының кәсіби қызметіндегі қажетті компоненті
Пәндер