Агробизнестегі кластер - бәсекеге қабілеттілікті арттыру тәсілі
1.Агробизнестегі кластер - бәсекеге қабілеттілікті арттыру
тәсілі
Әлемдік қауымдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілетін
қамтамасыз ету мәселесі басымды мақсаттардың бірі болып табылады.
Кез-келген мемлекеттің даму деңгейі алдымен халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру қабілетімен, екіншіден, қорғаныс қабілеті мен, ашық
экономика мен жаҺандану жағдайында елдің бәсекеге қабілеттілігімен
анықталады.
Халықтың қажеттілігін қанағаттандыру азық-түлікпен және киім-
кешекпен қамтамасыз етуден басталатындықтан экономиканың аграрлық
секторында бәсекеге қаблеттілікті қамтамасыз ету басымды міндеттердің
бірі. Бәсекеге қабілеттілік жай ғана тауар емес, ғылымды және
капиталды көп қажет ететін сапалы өнім өндірісін жолға қою
керектігін білдірелді.Өйткені әлемдік экономикада бәсекелестік
отандық өндірістің халықаралық стандарттарға сәйкестігін талап
етеді. Ондай сәйкестікті қамтамасыз ету үшін отандық жетістіктер
мен қатар әлемдік озық тәжірибелерді кеңінен пайдалану қажет.
Агробизнестің бәсекеге қабілетін бағалау келесі факторлар
бойынша жүргізіледі:
- Саланың даму қарқыны;
- Ауыл шаруашылық өнімінің нарығындағы қалыптасқан жағдай;
- Өндіріс тиімділігі;
- Еңбек ресурстары;
- Саланы қаржыландыру;
- Мемлекеттік саясат;
- Ауыл шаруашылық саласының сыртқы экономикалық қызметке
қатысуы;
- Сала ішіндегі өзара қатынас;
- Сыртқы факторлардың әсері.
Тұтастай алғанда сала бойынша сандық жағынан өсу байқалғанымен
сапалық өсу жеткіліксіз.
Республикалық кеңесте (31.01.05.) Қазақстан Президенті ауыл
шаруашылығының өркендеуі - халықтың өркендеуі, Отанымыздың өркендеуі
екендігін баса айтып, атқарушы органдардың алдына нақты міндеттер
қойған болатын. Атап айтқанда: "Агроөнеркәсіп кешені мен ауылдық елді
мекендердің дамуын мемлекеттік реттеу туралы" Заң жобасын әзірлеу :
ауыл шаруашылық өнімін өндіру мен өңдеуде кластерлік тәсілді
кеңінен қолдану; ауылдық тауар өндірушілерге ақпараттық -
консультациялық қолдауды күшейту, шетелдік тәжірибелерді игеру, ауыл
шаруашылық құрылымдарының халықаралық стандарттарға көшуін жеделдету;
ауылдың көліктік инфрақұрылымын дамыту; ауыл шаруашылығын несиелеудің
тиімді әдістерін ойластыру; ауыл шаруашылық құрылымдарында тиімді
менеджментті дамыту; ауыл шаруашылық ғылымын басым дамыту; орта және
ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарын дамыту; әлеуметтік инфрақұрылымды
дамыту. Президент сөзімен айтқанда - жаңа велосипед ойлап шығарудың
қажеті жоқ, әлемдік ауыл шаруашылық ғылымындағы жетістікті
Қазақстанда енгізу қажет.
Аталған міндеттердің ішінде кластерлік даму жобасы жаңаша
ойлауды қажет етеді.
Кластер - аяқталған өндірістік цикл, яғни өнімді өндіру ,бөлу,
айырбастау, тұтну және қызмет көрсетумен айалысатын өзара байланысты
субьектілердің шоғырлануы, топтасуы. Бұл - өндіргіш күштерді тиімді
орналастыру мен дамытуға, экономиканың шикізаттық бағытын жоюға
арналған жоба болуы тиіс. Мұндағы ең маңыздысы, аса көңіл бөлуді
қажет ететіні - инновациялық көзқарас. Яғни, агробизнестің бәсекеге
қабілетін қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті өнім өндіруден басталды.
Осы мақсатта өнімділікті арттыру, менеджмент пен маркетинг қызметін
жетілдіру, жаңа техника мен технологияны игеру, ғылыми техникалық
прогресс жетітіктерімен шетелдік озық тәжірибелерді кеңінен меңгеру
ауылдық тауар өндірушілерге аса қажет.
Кластерлік тәсіл ауыл шаруашылығын дамыту үшін жаңа серпіліс
бере алады. Осы бағытта әлемдік тәжірибелерді қолдану мәселесі
Қазақстан Республикасының БЕНЕЛЮКС елдеріндегі елшісі К.Жигаловтың
Нидерланд корльдігінің ауыл шаруашылығы, табиғатты пайдалану және
тамақ сапасын бақылау жөніндегі министрлігінің бас директоры
Р.Беркамппен болған кездесуінде де (23-24.01.05) талқыланған. Онда
ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды тереңдету, аймақтық
әріптестік және елімізде Голландиялық агрокластер тәжірибесін
пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған.
Елімізде кластерлерді алдымен астық, мақта өндірістерінде
дамытуға болады, әрі мұндай тәсілді мал шаруашылығында да сапалы
дайын өнім шығару мақсатында қолдану қажет.
Отандық ауыл шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілетін
арттырудың басты бағыты оның сапасын жақсарту және жаңа технология
негізінде өзіндік құнын төмендету. Қазақстандық өндірушілер Бүкіл
әлемдік сауда ұйымына кіру қарсаңында қатаң бәсекеге дайын болуы
тиіс. Осы салада табысқа қол жеткізілген өзге елдердің
тәжірибесін үйрену және біліктілікті шыңдау қажет.
Кластерлер - бұл инновациялық процестерді ұйымдастырудың жаңа
нысандары. Соңғы жылдары әлемде оған қызығушылық күшейді. Дамыған
елдерден Германия, АҚШ, Жапонияда және Латын Америкасы мен Азияның
дамушы елдерінде кластерлік тәсілдің озық жетістіктері белгілі бола
бастады.
Кластерлік жүйе қағидаларын қолданған елдерде ол аймақтарды
дамытуға әсер еткен .
АҚШ - тың азық - түліктік қауіпсіздігін ірі шаруашылықтар
қамтамасыз етеді. Олардың саны 157 мың, яғни 8 пайызы ғана болса да
АҚШ бойынша жалпы өнімніің 73 пайызын өндіреді. Ірі фермалардың 90
пайызының қызметі пайдалы - рентабельді.
Жалпы алғанда, ірі және орта кәсіпорындардың қалыптасуы ауыл
шаруашылық өнімінің бәсекеге қабілетін 8 - 17 пайызға арттырады.
Тұтастай алғанда сала бойынша сандық жағынан өсу жеткілксіз.
Сондықтан агробизнесті дамытудың барынша тиімді нысаны кластерлік
жүйе екендігін ауылдық тауар өндірушілер арасында кеңінен насихаттау
керек. Агрокластер халықаралық стандарттарға, инновацияларға
негізделген жағдайда ғана тиімді болмақ.
Президентіміздің Қазақстан халқына Жолдауында (18.02.05) атап
көрсеткендей " Ауыл шаруашылық шикізатын өндіру және өңдеу саласында
аграрлық өндірісті кластерлік жүйе негізінде индустрияландыруға
ерекше көңіл бөлу қажет". Сонда ғана Отандық агробизнес ұлттық
экономиканың, әсіресе Қазақстан халқының 44 пайызының әл - ауқатының
артуына жағдай жасай алады, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін
отандық ауыл шаруашылық шикізатымен жабдықтау көлемі мен сапасын
ұлғайтып, экономиканың шикізаттық бағытын жоюға мемлекеттің азық -
түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және
әлемдік экономика талаптарына сай бола алады.
Белгілі американдық ғалым Майкл Портер өзінің "Халықаралық
бәсекелестік" атты кітабында компьютер ғасырының белгісін білдіретін
"кластер" (яғни пакет, шоғыр, бөлшек) деген түсінік енгізді.
Электрондық есептеу машиналарында (ЭЕМ) ақпарат жүйесі құрылатын
сияқты экономикада да ойдағыдай бәсекелесуші фирмалар тобы салалық,
ұлттық, әлемдік нарықтарда бәсекелестік жағдайын дамыта отырып,
ұқсас нұсқадағы құрамалар пайда болады. Бәсекелестік артықшылығы
серпілісінің көрінісі ретінде кластер дүниеге келеді, қалыптасады,
кеңейеді, тереңдейді, бірақ, олардың сондай - ақ тарылыуы да, ыдырауы
да мүмкін.
Ол әрі географиялық, әрі сыртқымен байланыстыбірыңғай ішкі ақпараттық
орта шеңберінде біріккен. Кластердең кеңесі аймақтық басшылықтықосады
және бизнес бойынша үкіметтік кеңеспен (бөліммен) байланысты. Оның
міндеті- таза талдау (аналитикалық). Кластердің құрамындағы ең басты нәрсе-
инновацияны сыртқы ортамен байланыс жасау үшін құрылған өзіндік құн мен
бірыңғай логистикалық терезе тізбегінің барлығына жаю, кеңейту. Мұндай
құрылым трансакциялық шығындарды төмендетуге көмектеседі. Енді жоғарыда
аталған кластердің жалпы құрылымына көңіл бөлейік.
Кластердің жалпы құрылымы
Кластерде бәсекелестік пен кооперацияның күрделі қыйыстыруы
жүргізіледі. Олар әртүрлі жазықтықта орналасқан секілді және бірін-бірі
әсіресе инновациялық процестерде толықтырады. Кластердің ішкі
тұтынуындағы өзара әрекеттесу сыртқылармен бәсекелестікте байланысады, ал
кооперацияда жабдықтаушы құрамын қолдануда және бірыңғай логистикалық
терезені бөлуде байланысады.
Кластер құрудың негізгі алғышарттарының бірі- фирмалардың жеке
әрекет етуге қарағанда бірлескен жағдайда бәсекеге қабілеті жоғары болу
керек.
Майкл Портер ұлттық деңгейде бәсекелестік түрлерін қоғамның
экономикалық дамып жетілуіне қарап анықтайды. Егер бәсекелестік
жағдайын табиғи ресурстар, тек құндық факторлар және сол сияқтылар
айқындаса, онда іс басқа , ал инвестициялық мүдделер шешуші
жағдайға айналса - ол бір басқа, ал енді қозғаушы күш ретінде
жаңалыққа, жаңалық енгізуге деген ынталық болса, онда іс тіпті
басқа.
Кластерлер бәсекелік қабілеттілікті арттырудың құралы екенін
ескере отырып, біздер өз еліміздегі бәсеке жағдайларын анықтаудың
әдістемелік амалы ретінде пайдалану керек екенін ұмытпауға, осы
тұрғыдан келіп, қайда және қандай кластерлер құруымыз ,
қалыптастыруымыз керек екенін анықтауға тиіспіз.
Тағы да бір біз басшылыққа алуға тиіс Майкл Портердің
әдістемелік ұстанымы - ол экономикалық өркендеу көзін не фирма
деңгейінде, не елді тұтас алғандағы деңгейден іздеу дұрыс емес деп
санайды. Жіңішкерек амал ұстаныс іздеу қажет. Нақтырақ айтқанда :
неліктен дәл осы елде тиісті сала халықаралық бәсекелестікте
табысқа қолы жетті? Басқаша айтқанда , неге осы елге негізделген
фирмалар өз саласындағы ең жақсы шетелдік фирмаларға қарағанда
бәсекелестік артықшылықтарды жасай алады және оны қолдан шығармайды?
Мәселен, неліктен Германия типографиялық жабдықтардың, әсем
автомобильдердің және химиялық реактивтердің және толып жатқан
жетекші өндірушілердің базасына айналғанын қалай түсіндіруге болады?
Немесе неліктен кіп - кішкентай Швейцарияда фармацептикалық
өнеркәсіптің, шоколад өндірудің әлемдік жетекшілері шоғырланған ? Неге ,
ауыр жүк машиналарын және тау - кен өнеркәсібі үшін жабдықтар
шығару жөніндегі жетекші фирмалар Швецияны база жасаған ? Неге,
Италяндықтар керамикалық плиткалар, шаңғы ботинкалары, орайтын
жабдықтар мен автоматтандырылған өндірістік жүйелер бойынша өте
күшті болып келеді? Неге, Жапония тұрмысқа қажет электроника , робот,
фото, көшірмелік қондырғылар саласында бірінші орынды мықтап
ұстауда ?
Атап айтқанда, сол елдің фирмалары өз салаында
бәсекелестік артықшылықты қалай жасай алатынының себептерін
түсіну жеке фирманың саясатын жасау кезінде ғана емес, сонымен
бірге , жалпы ұлттық экономикалық міндеттерге жету үшін қажетті
дұрыс амал.
Бәсекеге қабілетті ұлттық салалар бүкіл экономика бойынша
біркелкі таралмаған, бір - біріне бағынышты салалардан тұратын
кластерлерге (шоғырларға) байланыстырылған. Мәселен, Данияда үй үшін
тауарлар өндіретін және денсаулық сақтаумен (фармацептика, витаминдер,
медициналық жабдықтар және т.б.) байланысты бәсекеге қабілетті
салалардың кластерлері бар. Швеция целлюлоза мен қағаз өндіруде
ғана бәсекеге қабілетті болып қоймайды, сондай - ақ, ағаш өңдейтін
жабдықтар, металл қорытатын қазандар, конвейерлік жүйелер, бақылаушы
өлшеуіш құралдар, целлюлоза мен қағаз кептіретін жабдықтар, шығаруда
да бәсекеге қабілетті.
Ірірек елдерде кластерлердің саны көбірек болып келеді,
олардың бар екендері әрқашан айқын көрінеді. Германияда жоғарыда
атап көрсетілген ірі кластерлерден басқа да кластерлер бар және ол
кластерлер келесі салалардан көрінеді: химия өндірісінде,
металлургияда, көлікте және баспада. Осы салалардың әрқайсысында да
ақырғы негізгі өнімді , осы өнімді даярлау үшін қажет жабдықтарды
өндіруде ел табысқа жеткен.
Кластерлердің пайда болу себептері ұлттық артықшылықтардың
себепшілерімен тікелей байланысты және олардың жүйелік сипатының
көрінісі болып табылады. Бір бәсекеге қабілетті сала өзара
нығайтушы қатынастар процесінде екінші салалық бәсекеге қабілеттілігін
жасауға көмектеседі. Мұндай сала көбінесе өзі тауарлар мен
қызметтің аса талапшыл сатып алушы болып келеді. Ондай саланың елде
бар болуы жабдықтаушы саланың бәсекеге қабілеттілігінің өсуін
анықтаушы маңызды факторлар болып табылады. Бәсекеге қабілетті
жабдықтаушылар да елде бәсекеге қабілетті тұтынушы салалардың
дамуына мүмкіндік туғызады. Олар екіншілерін технологиялармен
қамтамасыз етеді, ортақ өндірістік факторлардың дамуын ынталандырады,
жаңа өндірушілерді туындатады. Кластер қалыптасқан кезде оның
құрамындағы барлық өндірістер оның құрамындағы барлық өндірістер
бір - біріне өзара қолдау көрсете бастайды. Тиімділік, пайда
байланысының барлық бағыттары бойынша тарайды. Бір саладағы
белсенді бәсекелестік кластердің басқа салаларына тарайды, соның
арқасында қосылған құн тізбесін өсіре түседі.
Салалардың толып жатқан кластерлерінің болуы - ішкі
бәсекелестер тобы бар жерде факторларды тудыру процесін тездетеді.
Өзара байланысты салалар кластерінің барлық фирмаларды мамнданған,
бірақ та біртектес технологияларға , ақпаратқа, инфрақұрылымға, адам
ресурстарына инвестициялар жасайды, бұл өз кезегінде жаңа
фирмалардың жаппай пайда болуына әкеліп соғады. Кластер тұтас
алғанда ірі капитал жұмсауға және мамндануға мүмкіндік тудырады.
Бәсекеге қабілетті салалар кластерді оның жеке бөліктерінің
жәй ғана қосындысынан үлкен болып шығады. Оның ұлғаю тенденциясы
бар, өйткені , бір бәсекеге қабілетті сала басқасын туындатады.
Мұндай өсудің бағыты кластерлердің құрамына бағынышты және олар
әр елде әртүрлі.
Айқын екі мысал: Жапонияда кластерлердің көлденең бағытта даму
тенденциясы байқалады, өйткені, танылған Жапон компаниялары тектес
салаларға кіруге белсенді түрде тырысады, бұған олардың мақсатының
табиғаты мен ішкі әртарптануға деген бейімділігі мүмкіндік
туғызады. Италияда кластерлер тік бағытта дамуда, өйткені, жаңа
компаниялар бұрынғыдан да көбірек маманданған орындарға қызмет
көрсету үшін бөлініп шығады және жабдықтаумен шұғылдана бастайды.
Кластерлер даму процесінің негізінде сатып алушы салалар
арсында қажеттілік, техника мен технология жөнінде ақпарат алмасу
жатыр. Осындай өзара алмасу жүзеге асырылған кезде және
бәсекелестік қолдау тапқанда бәсекеге қабілеттіліктің өсуі үшін ең
қолайлы жағдай жасалады.
Әртүрлі елдерде, ал елдердің ішінде - әртүрлі салаларда
кластерлердің сипатында және қызметтің тиімділігінде қатты
айырмашылықтар байқалады. Қай жерде ұлттық ерекшеліктер кластер
ішінде өзара алмасуға мүмкіндік тудырса, елдің маңызды артықшылыққа
қолы сол жерде жетті
Ақпараттың жеңілірек қозғалысына сондай - ақ көлденең және тік
байланыстардың мүдделерін үйлестіруге мүмкіндік беретін жағдайлар
кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік беретін жағдайлар
кластерлер арасында өзара алмасуға мүмкіндік тудыратын тетіктер
болып табылады.
2004. Бірге оқу немесе әскерде бірге қызмет атқару
негізінде қалыптасқан жеке қарым - қатынас;
2005. Ақпарат қозғалысын жеңілдететін факторлар:
2006. ғылыми қоғамдастықтарда немесе кәсіби ассоциацияларда
пайда болатын байланыстар;
2007. географиялық жақындастықтан туған байланыс;
2008. салалық ассоциациялар, қызмет көрсетуші кластерлер;
2009. фирмалар арсындағы жанұялық және жанұя төңіріндегі
байланыстар;
2010. өнеркәсіптік топ ішіндегі жалпы меншік;
2011. акционерлік меншіктегі үлестік қатысу;
2012. фирма директорлары арасындағы қарым - қатынастар;
2013. ұлттық патриотизм.
Кластерлердің пайда болуының тәсілдеріндегі ұлттық
айырмашылықтар фирмалардың сол елге тән үлгілерінің әртүрлілігіне
байланысты. Италияда көптеген бәсекеге қабілетті салалар үшін
қозғаушы күш тұтынушылар мен дайын ақырғы өнімге қойылатын талаптың
жоғары деңгейі болып табылады.
Қазақстанда осы уақытқа дейін дамыған кластер болған емес.
Әзірге бары - Қазақстанның 2015 жылға дейін индустриалдық -
инновациялық дамуының стратегиясын жүзеге асыруға байланысты таяу
болашақта бірнеше кластер құру жөніндегі үкіметтің ниеті мен идеясы
ғана. Осы ниеттер жекеменшіктегі бизнес тарапынан қолдау таба ма,
Үкімет пен жеке сектор арасында тиімді қарым - қатынас жөнге келе
ме, мұндай қарым - қатынасқа ғылымды, шығармашылық әлеуетті тартудың
мүмкіндігін бірлесе отырып таба ала ма ?
Қазіргі кездегі Қазақстан өнеркәсібі шикізаттық сипатта болып
отыр, экспорттық тауарлар құрамында бәсекеге қабілетті дайын тауар
жоқ, экспорт арқылы негізінен минералдық өнімдер, өңделмеген немесе
шала өңделген қара және түсті металдар ғана сатылады.
Еліміздің төңірегінде құрылатын кластерлердің құрамында
әртүрлі ұйымдар және мекемелермен қатар Қазақстанның үкіметтік
құрылымдары мен ғылыми күштер де болуға тиіс және олар кластерге
қатысушыларға елеулі түрде өз ықпалын жүргізетіндей ықпалда
болулуары керек. Бұл жерде Даму Банкі, Инвестициялық және
Инновациялық қорлар сияқты Даму институттары деп аталатындардың
қатысуымен ғана шектелуге болмайды. Мұны алғашқы кластерлерді құру
барысында - ақ таяу арада өмірдің өзі көрсететін болады.
Қазақстан таяу болашақта кластерлер үшін құрылыс алаңына
айналады деген үміт бар. Қазақстанда кластерлер экономиканың барлық
салаларында - агроөнеркәсіптік, ағаш өңдеу, отын -
энергетикалық,металлургиялық, химиялық, жалпы машина жасау, құрылыс,
көлік, телекоммуникациялық кешендерде құрылуы және дамуы мүмкін.
2. Ауылшаруашылығын реттеудегі мемлекеттік саясат
Ауыл шаруашылығы экономикасының ең күрделі мәселелерінің бірі – сатып
алынатын және сатылатын тауарларға баға теңгермешілігін(паритетін) сақтау,
яғни, ауыл шаруашылық өнімдері мен осы салаға арналған өнеркәсіп өнімдері
құндарының арасындағы қатынас осы екі саланың да мүддесінен шығу мәселесі.
Халқымыздың тұрмыс деңгейін арттыруда бұл мәселені дұрыс шешудің үлкен
маңызы бар. Бірде-бір дамыған елде егін және мал шаруашылықтары тұтастай
нарықтың ерікті ағысына жіберілмеген.
Кейбір кәсіпкерлер бизнес мемлекеттік реттеуді қабылдамайды деп санайды.
Бірақ, Нобель сыйлығының лауреаты Дж. Стиглердің мемлекеттік реттеу
жөніндегі белгілі зерттеулеріне сүйенетін болсақ, бизнес мемлекеттік
реттеуден мүлдем алшақтамайды, қайта керісінше ол бәсекедегі тәуекелді
істерді мемлекет тарапынан қорғауды талап етеді. Бұл құбылыстар нарықтық
қатынастағы Қазақстанның аграрлық секторына да тән.
Ең алдымен экономикалық реттеуде жер реформасы – мемлекет
деңгейіндегі ұлттық мәселелерді қамтитын аса күрделі процесс. Әлемдік
тәжірибеде жерге шексіз жеке меншіктік құқығын бермей, мемлекет және
қоғамдық мүдделердің артықшылығын қамтамасыз ететін әр түрлі шектеулер бар.
Мұндай құқықты беру – мақсат емес, тек жерді пайдалану тиімділігін арттыру
үшін пайдаланылатын құрал. Ауыл тұрғындарын көп толғандыратын мәселе –
жерге жеке меншік орнатудан гөрі, одан алынатын өз еңбегінен түскен
нәтижеге иелік ету құқығы. Атап айтқанда, кеңінен етек алған бұрынға
тәжірибені, яғни, алдымен ауылдың бар өнімін, пайдасын алып қойып, соңынан
дотация, қарыздарын өтеу түрінде біртіндеп қайтарудан арылу мүмкіндігін
беру қажет.
Ауылшаруашылығында экономикалық қарым-қатынастарды реттеу үшін
залогтық (кепілдікті) сатып алу операциясы бойынша есеп айырысуды енгізу
жөніндегі ұсыныстардың едәуір мәні бар. Бұл жағдайда шикізатты өңдеу, дайын
өнімді алғаннан соң тауар өндірушілерге шикізат құны мен нақтылы төленген
аванс сомасы арасындағы айырмашылықты залогтық баға бойынша төлеу қажет.
Кепілдікті сатып алу операциясын жүзеге асыру үшін дайындаушы және өңдеуші
кәсіпорындарды кепілдікті сатып алу ұйымдары етіп құратын болсақ, нарықтық
баға құрылымын және ауыл шаруашылық тауарын өндірушілерінің табыстылығын
реттеуге жағдай жасалынады.
Мемлекеттік салық саясатында ауыл шауашылығына қатысты жеңілдікпен
салық салу арқылы олардың ынталандырушы функциясын күшейту керек. Салық
салудың негізгі объектісі ретінде жалпы табысты ғана алу тиімді болар еді.
Республика халқын азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізатпен
қамтамасыз ету үшін жыл сайын дайындаушы, өңдеуші, сатушы ұйымдардың және
жеңіл өнеркәсіп орындарының тауар өндірушілер мен форвардты, фъючерстік
контрактілер жасап, кепілдікті сатып алу операцияларын жүзеге асыруы қажет.
Сонда тауар өндірушілералдын ала пайызсыз несие алу мүмкіндігіне ие болады.
Өйткені, форвардтық операциялар – бұл болашақтағы өнімді қазіргі сату
бағасымен контрактілі өткізу де, фъючерстік операциялар – белгілі бір
көлемдегі, саладағы болашақтағы өнімнің контрактісін болашақтағы нарықтық
баға негізінде сату. Алдағы жылдың өнімін сату – бұл пайызсыз несие алумен
қатар, ауыл шаруашылық бағалы қағаздар нарығын құруға, тұрақты сұраныс пен
өнімді кепілдікті өткізуге, сатып алушылардың қаржы қорларын тиімді
жұмсауына және инфлияциялық процестердің төмендеуіне мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің қаржы жағдайына сатылған өнімге
уақтылы есеп айырысудың сақталмауы қатты әсер етеді. Сондықтан өзара есеп
айырысудың бақылау мерзімін бекіту керек.
Қазір лизинг компаниялары лизингтік жолмен қаржыландырылған
техникаларды сақтандырудың тәжірибесін қолға ала бастады. Бұл бірқатар
компанияларда сыннан өтіп үлгерді. Лизинг техникасы ұрланған, өртеніп
кеткен немесе уақытша істен шыққан жағдайда оның шығынын сақтандыру жүйесі
арқылы жабудың теориялық, тәжірибелік мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.
Бірақ сақтандырудың бұл түрі әлі сұранысқа ие болған жоқ. Әрине
шаруалар үшін лизингтің ең қызықты жағы ол –пайыздық өсім. Алдағы
уақытта лизингтік келісімшарттар негізінде лизингтік пайыздың өсімі
төмендету мәселесі тағы туындап отыр, Енді осыған тоқталып кететін
болсақ: Лизингтік келісімшарттар құрылымы жағынан инвестициялық институт
болғандықтан, ол қысқа мерзімді болуы мүмкін емес. Кез келген лизингтік
компанияның несиелендіру мерзімі 3-5 жыл, әрі кетсе 10 жыл болуы мүмкін.
Несиелендіру мерзімі де, оның пайыздық мөлшері де жобаны қаржыландырып
отырған қаржыландыру көзіне, сонан соң жобадағы лизинг мүлігінің өзін-өзі
ақтайтын мерзіміне байланысты. Өзіндік құнын 10-12 айда ақтайтын техниканы
3-5 жылға несиелендіру мүлдем ақылға сыймайды. Нарық саласында жүрген кез
келген компания нарық динамикасының алдын алып жүруі тиіс. Лизингтік
несиенің пайыздық мөлшерін төмендетуге кез келген компания мүдделі.
Көптеген компаниялар өзінің несиелендіруші – құрылтайшы банктерімен қатар
еуропалық Қайта құру және Даму банкінің несие жүйесі арқылы ірі жобаларды
қаржыландыруды қолға ала бастады. Тіпті пессимистік болжамның өзі алдағы 2
жылда лизингтік пайыздар мөлшері айтарлықтай төмендейтінін айтады. Ауыл
шаруашылығы техникаларын лизингтік қаржыландырудың қазіргі мүмкіндіктері
туралы тоқталып кетейін. 2004 жылы елге лизингтік қаржыландыру арқылы
жеткізілетін бірқатар техникалар Үкімет қаулысымен қосымша құн салығынан
босатылған. Кейбір лизинг компаниялары ауылда, жеке меншігінде 5 гектардан
500 гектарға дейін жері бар кәсіпкер-шаруаларды құны 5-50 мың АҚШ доллары
тұратын ауыл шаруашылығы техникасымен лизинг арқылы несиелендіруді бастады.
Енді ауылдағы кәсіпкерлер лизингтік жобамен қаржыландырылған лизинг мүлігін
кепілге қойып, оның бастапқы жарнасын төлеп, қажетті техникаға ие бола
алады.
Ресей, Өзбекстандағыдай өнім арқылы лизингтік несиемен есеп айырысу
үрдісі бізге әлі енгізіле қойған жоқ. Бір айта кетер жайт – лизингтік
несиеге қол қойған шаруа банктердегідей ай сайын емес, жылына бір рет,
өзіне қолайлы мерзімде есеп айырыса алады. Банктер ауыл шаруашылығы үшін
консервативті жүйе болса, лизингтік қаржыландыру құрылымы жағынан ауыл
шаруашылығына жақындау. Банктік несие мен лизингтік несие арасындағы бәсеке
Қазақстанда ғана емес, барлық елде бар. Меніңше, ерте ме, кеш пе, банктер
лизинг компанияларын дербес құрылым ретінде жеке отау етіп бөлек
шығарады. Өйткені лизинг жүргізуге арнай рұқсаты бар кейбір екінші
деңгейдегі банктер әрбір жоба үшін лицензиялап отыруы қажет. Ал бұл міндет
лизинг компаниясының тікелей құзырында болғандықтан, лицензияның қажеті
жоқ, лизинг алу үшін компания көмегіне жүгінген кәсіпкер қалтасынан қосымша
шығын шығармайды. Бұл – екі жақ үшін де уақыт та, қаржы да үнемделеді деген
сөз.
зингтердің ерекшеліктері ең алдымен лизинг техникасының өтімділігінде дер
едім. Егер транспорт немесе жылжымалы мүліктің өтімділігі жоғары болса,
дефольт жағдайында компания өз өнімін қайтарып алып, қайталама нарықта
қайта сата алады.
Айта кету керек, лизинг жобасындағы техникалардың өтімділігі жоғары
болған сайын оның бастапқы жарнасы да қомақты болады. Бұл – компанияның
дефольт жағдайынан өзін-өзі сақтандыруы. Енді мемлекет тарапынан
лизингтің дамуына қосып жатқан үлесі жайлы айтып кетейін.
Мемлекеттің жасап жатқан іс –шаралары өте ауқымды. Бұның дәлелі
ретінде “ҚДБ-Лизинг акционерлік қоғамы Қазақстанның Даму Банкініңеншілес
ұйымы болып табылады және Қазына Тұрақты даму қоры АҚ жүйесіне кіретін
компанияны айтын кетуге болады. Компания Қазақстан Республикасының
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру шеңберінде
Қазақстанның Даму Банкіұсынған инвестициялық жобаларды қаржыландыру
құралдарын кеңейту мақсатында 2005 жылдың 6 қыркүйегінде құрылды.
Өкімет басшылығымен құрылған компания қызметі – Қазақстан
Республикасы кәсіпорындарының негізгі қорларын жаңарту үшін қажетті
жағдайлар туғызу, жаңа өндіріс орындарын құру үшін инвестициялау саясатын
қарқынды дамыту.
Мақсаттары:- лизинг саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты
жетілдіру және оның тиімділігін арттыру;
- өңдеуші өнеркәсіпті, өндіруші және көлік инфрақұрылымын дамыту;
- ел экономикасына сыртқы және ішкі инвестицияларды тарту мен орналастыру
кезінде даму институттарымен өзара бірлесіп жұмыс істеу.
Міндеттері:- инвестициялық жобаларды орташа және ұзақ мерзімді
лизингілік қаржыландыру;- Қазақстан Республикасы экономикасының өндіруші
секторын басқа қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру жолымен
лизингілік қаржыландыруды ынталандыру;- ірі инвестициялық жобаларды іске
асыру үшін лизингілік қаржыландыру механизмін қолдану.- жабдықтардың
жекелеген түрлерінің импортын қосылған құн салығынан босату.
ҚДБ- Лизингтегі лизингілік қаржыландырудың негізгі шарттары:
- Лизингінің ең төменгі сомасы 1 млн. АҚШ доллары
- Лизингінің мерзімі 3 жылдан 20 жылға дейін
- Лизингінің пайыздық ставкасын жобаның тәуекелдік деңгейіне сәйкес
белгілеу
- Инвестициялық басымдықтарға сәйкес болу.
Қалай дегенмен, лизингтік қаржыландыру біздің еліміздің
ауылшаруашылығының “ локомативтерінің” бірі . Сондықтан, лизингтік
қаржыландыруды дамыту біздің міндетіміз.
3. Ауыл шаруашылығын несиелеу жүйесі.
Агроөнеркәсіптік өндірісті қаржымен қамтамасыз етуде несиелік
механизмнің орны бөлек екені мәлім. Соған қарамастан, осы күнге дейін
экономиканың аграрлық секторындағы қаржы-экономикалық қатынас жүйесінде
ауыл шаруашылығын несиелеу өзектілігін жоймай келеді. Ол ғылыми-әдістемелік
тұрғыда негіздеуді және оны ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстарды қарастыруды
талап етеді.
Аграрлық бизнестің шағын субъектілерін кең көлемде қамту және ресурстық
базаны кеңейту үшін банк жүйесінің немесе басқа да ортадағы делдалдық
ұйымдардың (микронесие берушілер, несиелік серіктестіктер, т.б.) ауылдық
несие кооперативтерімен бірлесе әрекет етуі қажет деп ойлаймын.. Бұл
кооператив пайшыларының жәрдем беру жауапкершілігі негізінде несиеге
берілетін қаражатқа шағын және орта кәсіпкерлік пен қосалқы шаруашылық
субъектілерінің қолын жеткізуге жол ашады. Яғни жеке-жеке несие алуға
мүмкіндігі жоқ шағын кәсіпкер өзі секілді өзгелермен бірлесіп, қолдарындағы
дүниесін қосып, кепілдікке қойып, несие алады да, алынған несиені әркім өз
қосқан үлесіне байланысты бөлісетін болады. Яғни бұлар кооператив пайшылары
болып есептеліп, бірлесе әрекет ету арқылы қолы қысқа өнім өндірушілердің
несиеге қаржы алуына жол ашады.
Несие кооперативтерін басқарудың демократиялық формасы, кооператив
мүшелерінің жұмысы нәтижесі үшін бір-біріне жәрдем беру жауапкершілігін
жете сезінуі ауыл шаруашылығы өндірісін тұрақтандыру және меншіктің барлық
түріндегі ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің қаржы жағдайын
жақсартудың негізгі факторының бірі болып табылады. Оған экономикалық және
құқықтық жағдайдың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz