КОНЦЕПТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
КОНЦЕПТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУІ Мақалада концеп және оның
қазақ тіл біліміндегі терминологиялық байлансы қарастырылады. Сондай-ақ
ғалымдардың пікірлері басышылыққа алынды. Кілтті сөздері: когнитивті
лингвистика; концепт; лингвомәдениеттану.
Тіл білімінің бір саласы ретінде қарқынды дамып келе жатқан когнитивті
лингвистикада тіл когнитивті механизм ретінде танылады. Когнитивті
лингвистикада адамға тән когнитивті үрдістер мен құрылымдар айқындалады.
Сондықтан да оның зерттеу нысанасына концептілер жатады. Ғалым А. Ислам
Лингвомәдени ізденістерде дүниетанымдық концептілердің өзіндік орны бар.
Орыс тіл білімінде понятие мен концепт терминдерінің ара жігін
айқындаған ғылыми мақалалар аз емес. Ал қазақ тіл білімінде әзірге бұл
термин төңірегінде пікір талас болғанымен, ұғым деп те, концепт термині
түрінде де қалдыруға болады деген ойдамыз. Ал енді концепт дегеніміз, ол
біздің пайымдауымызша, адам санасында тұрған орта, дін, мәдениет, жалпы
айтқанда дүние таным негізінде белгілі бір ұрпақтан – ұрпаққа өзгеріссіз
беріліп отыратын құндылық. Сөйтіп, олар концептілер аймағын құрайды
[Ислам, 2003, б. 2] дейді. Концептілер қай ұлттың мәдениетінде болмасын,
саны жағынан ғалым Ю.С. Степановтың айтуынша, елу шақты [Степанов, 1997].
Концептілер - ұлттық танымның бір көрінісі сондықтан да ғалымның
лингвокогнитивтік моделі болып саналады. Концепт қандайда бір ауқымды
идеяның сан алуан күрделі ұғым түсініктердің суретті сипаттамалары. Оның
мазмұндық құрлымы тіл мен бейнелі ойлау заңдылықтарының сабақтастығынан
туындайды. 1. Концептілік мәнге ие тілдік бірліктердің, концептілердің ішкі
құрылымын мәдени танымдық ақпараттар көзі деуге де болады. Себебі онда
мәдениет қалдыратын іздер - мифтер, архетиптер, салт-дәстүрлер, тарихи
оқиғалар мен материалдық мәдениеттің элементтері көрініс табады [Степанов,
1997]. Белгілі бір концептілердің ұлттық танымдық мәдени ақпараттық ішкі
құрылымының мазмұнын ой елегінен өткізу зат пен құбылысқа атау берудің
тілден тыс себептерін ашып көртсетуді, атауға негіз болған заттың
(құбылыстың) негізгі белгі қасиетін анықтауды басты міндет ететін
[Маслова, 2001, с. 114], лингвистика ғылымындағы номинация теориясымен
өзара сабақтастықта қарастырылады. Дегенменде ой-санада жинақталған
білімнің уақыт талабының еншісі мен ақпарат құрылымының дамуына байланысты
когнитивтік бірлік-концептіні
ұғымнан ажырату, оны бір тұжырымға келтіру зерттеуді талап етеді. Концепт
туралы пікір әр жақты. Олай дейтініміз, жарық көрген материалдарда концепт
туралы бір-біріне жуық, бірақ өзіндік ерекшеліктерімен бірнеше көзқарастар,
ережелер кездеседі. Концепт (от лат. соnceptus - мысль, понятия) смысловое
значение имени (знака) т.е содержание понятия, объем к-рого есть предмет
(денотат) этого имени (напр., смысловое значение имени луна – истесать.
Спутник Земли) [БЭС, 2004, с. 568]. Ұғым қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде: 1. Белгілі бір зат, құбылыс жөніндегі адамның түсінігі, танымы.
Қазақ ұғымында жылқы еті ең жеңіл ет (Қасиманов). 2. Мән, мағына, маңыз.
Ана тілім-ана сүті, жүрегім, Жүрек тынса, тірлікте не ұғым бар? (Әбілев)
[ҚТС, 1986, б. 679]. Бұдан, ұғым құрылымына қарағанда концепт құрылымының
ауқымы кең екенін көреміз. Бұл жерде А. П. Бабушкиннің Қазіргі таңда тілші
ғалымдар ұғым терминін классикалық мәнін қолдана бермейді, оның орынына
концепт деп аталатын ойлау конструктісін қолданғанды жөн көреді
[Бабушкин, 1998, с. 14] десе, В. А. Маслова концепті Ментальные сущности,
которые имеют имя в языке и отражают культурно-национальные представления
человека о мире [Маслова, 2004, с. 56] дейді. Ал, ғалым Ю. С. Степанов
Концепт не только мыслятся, они переживаются. Они – предмет, эмоций,
симпатий и антипатий, а иногда и столкновений [Степанов, 1997, с. 40-41]
деген ой түйеді. Ғалым Е. М. Абақан: Аристотельдің айтып кеткен әлемнің
тілдік бейнесі туралы ойын бүгінде әркім әрқалай ұғынса да, болмыс пен тіл
арасындағы тығыз байланыс бір ауыздан мойындалады. Мұндай байланыс санадағы
көрініс тіл білімінде концепт немесе эйдетикалық белгі (символ) деп те
аталып жүр. Концепт деген терминді алғаш рет діндар-флософ Ансельм (1033-
1109 ж.ж.) қолданған екен. Бұл термин латын тілінде conceptio – 1)
байланыс, жиынтық, жүйе; 2) қойма; 3) заң актілерін тұжырымдау; 4) ұрық
қабылдау; 5) сөйлем. Кең мағынасында бұл сөз – есімнің (белгінің) ұғымдық
мағынасы, яғни
ойдағы ұғым, идея дегенді білдіреді. Лингвистикада концепт термині,
көбіне, грамматикалық немесе семантикалық категория мағынасында жұмысалып
жүр. Концепт (ұғым) сөздің мағынасы ретінде түсініледі. Бірақ ол
жалпылаудың (обстракцияның) ең жоғары деңгейін білдіретін ұғым-концепт емес
– оқиға, процесс, дерек туралы ұғым. Сондықтан, концептуальды талдау
сөздің немесе сөйлемнің контекстке, яғни нақтылы мағынаға қатысы анықталуға
тиіс [Абақан, 1999, б. 45] дей келе, Абстрактылық концептер өте көне
замандарда пайда болып, қазіргі евразиялық тілдердің ажырамай тұрған
кезінде белсенді роль атқарған екен. Протоевразиялық тілдердің өзегін
құрайтын мұндай концептердің тілдердің өзегін құрайтын мұндай концептердің
тілдердің дамуына тікелей әсер болған. Концептерді анықтау протоевразиялық
тілдердің даму тарихын, жалпы тілдің табиғатын тануға мүмкіндік береді.
Тілдің абстрактылық, символдық табиғаты тілдердің генеалогиялық,
типологиялық жүйесін де қайта қарауға негіз бола алады [Абақан, 1999, б.
50], дегенді алға тартады. Ғалым Н. Уәли: Концепт индивид санасында
сәуелеленген сезімдік-заттық образдың (перцевтивті модус) негізінде пайда
болады. Концепт негізінде сезімдік тәжірибе жатады. Сезімдік - заттық образ
(код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні
терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілерімен байи түседі. Осының
нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды, мазмұны кеңи түседі ... Концептінің
жасалуына ұғым емес, заттық образдар (бейнесі) негіз болады. Мысалы, ат
жалын тартып мінді (ержетті) дегенге ат, мін=жал деген (субъект-предикат)
ұғымдар емес, ақиқат өмірден алынған сенсорлық-перцептивті образ негіз
болып тұр, -дей келе, Ұғым мен концептінің мағынасы тепе-тең емес. Ұғым
белгілі бір объектінің танылған аса мәнді белгілерінің жиынтығы болса,
концепт - мазмұн межесі жағынан объект туралы барлық білімнің жиынтығы, ал
тұрпат меже тұрғысынан тілдік бірліктердің (лексикалық, фразеологиялық,
паремеологиялық т.б.), құралдардың жиынтығы болып табылатын ментальды,
ұлттық ерекшеліктерді танытатын құрылым [Уәли, 2004, б. 12-13] дейді.
Демек концептіні жеке тұлғаның санасында сәуелеленген сезімдік-заттық
образдан пайда болады деген ғалым Н. Уәлидің пікірі Ю. С. Степанов
пікірімен біржақты ұштасады. Тілдік бірліктер құралы фразеология туралы А.
Исламда қостайды: Ұлттық реңкті фразеологизмдер – дүниенің тілдік суретін
мейілінше айқын көрсетер тіл қабаты. Фразеологизмдердің образдық негізі ұлт
мәдениетінен, оның дүниетанымы туралы ақпарат берер көзі.
Фразеологизмдердің мәдени коннотациясы, модустік бағалау реңктерін ашу ұлт
өкілдерінің құндылықтар дүниесін айқындауға мүмкіндік береді [Ислам, 2004,
б. 7]. Қазақ тіліндегі концептілерді М. А. Күштаева: концептіні адам дүние
танымындағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивті бірлік
ретінде қарастыра келе, адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері
бейнелеген жеке атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі, концепт терминіне
рухани мәдениеттің тірек сөздер мағынасында ғана түсінбейміз, себебі
тірек сөз концепт сөзіне емес мәдени концепт тіркесіне балама ретінде
қоланылады [Күштаева, 2002, б. 30-31], дегенді айтады. В.А. Маслова
бұлардан үшінші бір топ ұлттық мәдени категорияларды қосымша бөліп
шығарады [ Маслова, 2004, б. 51]. Мәселен қазақтар үшін өмір, өлім, жан,
тән, ар, ұят т.б. ұғымдар концептінің ұлттық мәдени танымдық категориялары
жатады. Қазақ тіліндегі концептінің мән мағынасын айқындауға ой салатын
пікірлеріде баршылық. Мәселен, Г. Смағұлова: ...фразеологизмдердің
мағыналас тізбек құрудағы басты қасиеті – жалпы ұғым, түсінікке бағытталған
тіркестер болатынын ескере келе, мағыналас фразеологизмдердің синонимдік
тізбектерде ұғымды сөзбен жеткізе алмаған жағдайда мағына ортақтығын
танытып тұратын жеке мағыналық ой басым түскен тұрақты тіркес сөз доминант
қызметін атқаратынын айта келе, семантикалық синтагмалық аясында
фразеологизмдер компоненттерінің қосынды мағыналары соңынан тұратын әр сол
мағынаның толық жұмысалуына себеп болатын бір сөз тұруы
шарт. Біз мұндай сөздерді сүйемел сөз деп атаймыз [Смағұлова, 1998, б.
135] дегенді айтады. Зерттеуші С. Жапақов: концепт дегеніміз индивидтің,
тілдік ұжымның лингвистикалық қоғамдастықтың ақиқат туралы білім жүйесі
болып табылады [Жапақов, 2003, б. 47-48] десе, Ш. Елемесова концептілерге
көркем мәтіннің ассоциативті концептілік құрылымы арқылы келе отырып:
Концепт базалық когнитивтік маңыздылық ретінде мәнді пайдаланатын
сөздермен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұрақты сөз тіркестері
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
Қазақ тіл білмінде когнитивтік лингвистикаға қатысты зерттеулер баршылық
«Айналайын» ұғымының ассоциативтік өрісі
Аспан денелерінің концептуалды өрістері
Когнитивті лингвистика – жеке ғылым саласы
Қазіргі қазақ тілінің жаңа бағыттары негізіндегі лингвомәдениеттану мәселесінің зерттелуі
Концепт – когнитивтік лингвистиканың негізгі категориясы
Әдеби мәтінді талдаудың бағыттары
ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер