Қазақстанның аса қорғалатын табиғи қорықтары және территориялары


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:
Қазақстанның аса қорғалатын табиғи қорықтары және территориялары
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
Негізгі бөлім . . . 4
Биосфера . . . 4
Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру . . . 6
Биосфера қорғаудың «қызыл кітабы» . . . 9
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 12
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 13
КІРІСПЕ
Адамзат баласы тіршілік етуінің алғашқы кезеңінен бастап өздерінің күнделікті тіршілік өміріне керекті заттардың бәрін биосфера компоненттерінен жерден, судан, өсімдіктерден, жануарлар дүниесінен, жер қойнауынан алып келгені белгілі.
Биосфера барлық материалдық игіліктердің қайнар көзі. Оның байлықтары (жер, су, ауа, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі) ежелден бері қарай адамзат баласының барлық мұқтаждықтарын өтеп келеді. Биосфераның бар сыйы біздің қоғамымыздың жан-жақты дамуына үлес қосады, тіршіліктің негізгі көзі.
Биосфера - тіршілік тірегі. Ол адамзат және ондағы қоғаммен тығыз байланыста. Биосфера - біздің айналамызды қоршаған орта. Оны адамзат жасаған жоқ, ол адамзат баласын пайда болуынан әлде қайда бұрын жаралған.
Биосфераның компоненттерінің ішінде ең маңыздысы да, құдіреттісі ол- жер. Биосферадағы барлық тіршілік иелері жерден қуат, нәр алатыны рас. Жер - біздің асыраушы анамыз. Адамзат баласы жердің бергенін даяр күйінде пайдаланып қана қоймай, оның келешек ұрпақтарға дейін жерді сақтап, құнарландырып, өңдеп отыруы керек.
Биосфераның көлемімен алғанда құрлық оның әлде қайда аз бөлігін алады, яғни 15 миллион шаршы километрде ғана өңделіп, ауыл шаруашылығы өндірісіне пайдаланады. Осы жерді өңдеп соны игерудің арқасында адамзат өсіп өнуде.
БҰҰ-ң ашық баспа беттерінде жариялаған деректерге қарағанда, Жер бетінде 6 миллиардтан астам адам өмір сүріп отыр. Осыған байланысты азық-түлік өндірісі де арттырылуы керек. Бұл проблема - Жердің беретінін тиімді пайдаланып, оның құнарлығын сақтауда және ұдайы арттырып отыруды қажет етеді.
Осы кезде табиғи байлық қорлары - жер, су, өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесін, пайдалы қазбаларды қорғау керек болып отыр. Оларды қорғау дегеніміз - табиғи байлықтарды ұқыпты, тиімді пайдалану, ұқыпсыздық пен ысырапшылдыққа жол бермеу, табиғи байлықтың болашағын байқау, келешегіне зиян жасамау.
Қазақ мемлекетінде 35 миллион гектар жерді шабындық пен жайылым алып жатады. Бұл зор байлық. Жерімізді барынша күтіп, құнарлығын үнемі арттырып отыру Қазақстан халықтарының ардақты борыштарының бірі.
Қазіргі таңда Қазақстан жерінің алуан түрлілігі - оны қорғап, сақтап қалуды керек етеді. Осыған байланысты жер бетінде тіршілік ететіндердің (өзен-көл, теңіздің экожүйесі, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемі) мүлде жойылып кетуінен қорғау проблемалар алға қойылуда.
Негізгі бөлім
Биосфера
Биосфера - қоғам байлығ ол қашанда жер бетіндегі тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ жерінде тәуелсіз мемлекет орнату оңай шаруа емес екендігін халық сезеді. Мемлекет тәуелсіздігі табиғи ресурстарға тікелей байланысты екенін қазақ елі жақсы біледі. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану ісі мемлекетіміздің дамуының бірінші жағы. Ал биосфера компоненттерін қорғау тәуелсіз мемлекетіміздің дамуының екінші жағы. Осы екі міндетті комплексті түрде шешу нәтижесінде еліміздің бай табиғаты бұрынғыдан да гүлденіп, ол өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы дамыған алдыңғы қатарлы тәуелсіз мемлекетке айналдырып жібереді. Осы кезде жер қойнауынан алуан түрлі қазба байлығы, мұнай, газ өндіріліп сан мыңдаған кәсіпорындардағы қайтадан өрлеу үстінде.
Биосфера қазынасы сарқылматын дүние емес. Оның адам игілігі үшін ұзақ мерзім пайдалану үшін өсіп-өнуі үшін адамның қамқорлығын керек етеді. Айналаны қоршаған орта тазалығы, орман-тоғай, қазба байлықтар, су байлығы, жануар дүниесі мен өсімдіктер әлемі ғалым биологтар назарында тұрған басты мақсаттардың бірі. Табиғи ресурстарды рационалды түрде пайдалану, оны қорғау - өте күрделі мәселе. Ол үшін ең алдымен адам мен биосфера арасындағы өзара қатынасты дұрыс шешу, биосфера байлығын ысырапсыз пайдалануға ат салысу, оның байлығын арттыра түсу ісіне қатысу, күтіп-баптау шараларының дұрыс жолға қойылуы керек етеді. Биосферадағы экологиялық-биологиялық тепе-теңдік бұзылмауы тиіс. Олардың табиғи заңдылықтарын терең білуіміз керек. Бұл міндетті ойдағыдай шешуде табиғи лаборатория-қорықтардың ролі зор. Қорықтарда көп жылдар бойы биосферада өтіп жататын өзгерістерге бақылау жүргізіліп, оның даму заңдылықтары үрдісітердің дамуына келешегіне болжам жасалады (экологиялық мониторинг) .
Онда болатын өзгерістерді зерттеу нәтижесіне қарай алдын-ала шамалауға болады. Сондықтан да қорықтар нағыз табиғи лаборатория болып табылады. Биосфераның қорғауға алынған бұл аймағы ауа-райы, топырағы өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі арасында бірнеше мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан биологиялық-химиялық байланыстарды сақтайды. Қорықтар - биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алған жайылым мен шабындық аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзіндер мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталуы тиіс. Қай заман болмасын, қорынтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан түскен жоқ. Өйткені биосфера байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера компоненттерін қорғау жөніндегі үгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі. Осыған орай қорықтар ұйымдастыру бөлініп Қазақстанның шөл-шөлейтті аймақтарында үйір-үйірімен жайылып жүретін, бірақ кейіннен мүлде азайып кеткен құландарды қорғап қалуда қорықтардың, әсіресе Бадхыз қорығыныңрөлі орасан зор. Сондай-ақ Барса-келмес қорығыда айтарлықтай үлес қосты. Бүгінгі Бахдыз қорығында құландар саны көбейе түсуде, Барса-келмес аралы жойылып кеткеннен кейінондағы құландарды арнаулы ұшақтармен Алтынемел ұлттық биосфера паркіне, Іле өзенінің жағасына әкелінді. Міне, осы жерде олар жылдан-жылға көбейе түсуде.
Қазақстанның бірнеше табиғи-географиялық аймақтары - солтүстігінен-оңтүстігіне қарай орманды-дала, шөлейтті, шөлді өңірлерді қамтиды. Қазақстан жерінде Д. И. Менделеев кестесіндегі химиялық элементтердің бәрі дерлік кездесетін біздің республикамыз табиғи ресурстарға аса бай өлке. жоғары сатыдағы өсімдіктердің 5777 түрі, аңның 150, құстың 480, бауырымен жорғалаушылардың 150, қос мекенділердің 12 түрі тіршілік ететінін айтпай кетуге болмайды. Бұл бекерден-бекер айтылмаған. Бірақ, бұл інжу-маржандар қанша мол болғанымен, ол сарқылмайтын дүние емес. Сондықтан да оны пайдаланумен бірге, ұқыпты түрде қорғап, байлығын молайта беруге барлық мүмкіндікті жасау керек.
Бұл салада ҚР-нда соңғы жылдар ішінде қыруар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп келдік. 1962 жылы ҚазССР Жоғары Советінің биосфераны қорғау заңы шықты. Мұнда табиғи ортаны көркейтудің бірнеше нақты шаралары анық көрсетілген. Олар - қорынтар, парктер, заказниктер мен табиғи ескерткіштерді сақтау ережесі (1969) . Сонымен бірге 1972 жылы ҚазақССР ережесі жарық көрді. Міне, бұл көрсетілген құжаттарда қорықтар мен табиғи ескерткіштерін ұйымдастырудың мақсаты мен міндеттері және биосфераны қорғау тәртібі айқын көрсетілген. ҚР-дағы қорықтардың жұмысын жақсартуына үлкен көңіл бөлінген. Оған бұрыңғы ҚазақССР Министрлер Советінің соңғы жылдары қабылдаған бірнеше арнаулы қаулы-қарарлары дәлел бола алады. 1969 жылғы 9 шілде де «Наурызым мемлекеттік қорығының орманын қалпына келтіру мен өорғау шаралары туралы», 1972 жылғы 2 тамызда «ҚазақССР мемлекеттік қорықтарының қызметін жақсарту шаралары туралы», 1976 жылғы 12 шілдеде «ҚазақССР-інде қорықтар жұмысын жақсарту туралы» қаулылар жарыққа шықты. Бұл шаралардың өлкеміздегі қорықтардың ғылыми-ұйымдастырушылық жұмысын жақсартуды зор маңызды болды. ҚР-ның Қорықтарында қол жеткен табыстары мен жолдары да айқын көрсетілген.
Осы кезде ҚР жерінде (1980 жылғы мәлімет бойынша) 531 мың гектар алқапты алып жатқан 6 қорық (Ақсу-Жабағыны, Алматы, Наурызым, Барсакелмес, Қорғалжын және Марқакөл) көлемі 4288 мың гектар жерге жететін 50-дей аңшылық заказниктер, көлемі 3644 мың гектардай 26 зоологиялық және ботаникалық объектілер, қорғалатын заказниктер және 3 табиғи ескерткіші бар. Олар (Павлодардағы «Гусиный перелет», Шарын бойындағы көне заманнан бері қарай жойылып кетпей өсіп-өніп келе жатқан ағаштар, Іле Алатауындағы шыршалар) . Қорғаула алынған учаскелерде, әсіресе, қорықтарда, бұрын осы аймақте мекендеген, бірақ соңғы жылдары саны азайып кеткен жабайы хайуанаттар мен сирек кездесетін өсімдік түрлері есепке алынған. Мұндай түрлердің, мәселен Шығыс Қазақстанның далалық аймақтарында өсімдіктердің 1600 түрі тек осы аймаққа тән болмағдығы мен сирек кездесетінін айту керек. Ал мұғаджар далалы ауданында 15-ке жуық сирек кездесетін эндемик өсімдіктер, Бетпақдаладағы өсімдіктің 1800 түрінің 15-і, Каспийдің оңтүстік жағалауындағы өсімдіктердің 1800 түрінің 7-і, Алтайда өсімдіктердің 1740 түрі кездессе, оның 18-і, Жоңғар Алатайында 2021 түрі өссе, оның 58-і, Қаратауда 500 түрі өссе, оның 100-і сол аймақтарға тән сирек кездесетін түрлер. Адамның үнемі қамқорлығы мен аялы алақаны болмаса, мұндай бағалы түрлердің биосферадан жойылып кетуі мүмкін екенін естен шығармауымыз қажет. Сондай-ақ қорынтар өзінің табиғи сұлу көрінісі мен онда өсетін ағаш түрлерінің ерекшеліктері мен де құнды. Қорықтардың кейбіреулері ЮНЕСКО-ның жанындағыбиосфераны қорғаудың халықаралық Одағының құрамына Ақсу-жабағалы қорығы кірді. Оларда тек саны азайып кеткен, мүлде жойылып кету қаупі төнген хайуанаттар дүниесі мен аса бағалы өсімдіктер әлемі ғана қамқорлыққа алынып қана қоймай, сонымен бірге ҚР-ң ежелден бері әйгілі болған таңғажайып көрікті орындарының бұрынғы атақ даңқын арттыра беру мақсатында да зор көлемді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
ҚР-ң қорықтарында алдағы уақытта табиғи ресурстарды пайдалану және олардың қайталанбас сұлулығын сақтаудың ғылыми негізін жасау жөніндегі үлкен мақсаттар мен міндеттер тұр. Бұл мақсаттар мен міндеттердің биосфера компоненттерін қорғап, оларды халық шаруашылығына рационалды түрде пайдалану үшін зор маңызы бар. Бұл мақсаттар мен міндеттердің ҚР жағдайында да көкейтесті екендігі аян. Көлемі 2, 7 миллион шаршы километр жерді алып жатқан байтақ өлке өзінің саялы да аялы қалың орман-тоғайы оны мекендеген сан түрлі хайуанаттары, өзендерімен көрікті өлке. ҚР территориясында 34-35 миллион гектар егін егуге, бау-бақша өсіруге жарайтын құнарлы жер бар. 186-187 миллион шабындықтар мен жайылымдықтар, 22 миллион гектар орман (оның 4-5 миллион гектар жері аса бағалы сексеуіл орманы) . Д. И. Менделев кестесінің барлық элементтерін жинақтаған түрлі қазба байлықтардың ірі кен орындары, 11 мың өзен, 7 мыңнан астам көлдер мен су қоймалары бар. Сондай-ақ туған өлкеміз Қазақстан алуан түрлі жан-жануарларға өте бай. Осымен биосферақазыналарын көздің қарашығындай сақтап, қорғауға ҚР-дағы жоғарыда айтылған, Ақсу-Жабағалы, Алматы, Қорғалжын, Наурызым, Марқакөл, Баян-ауыл, Үстірт, Алтын Еміл және т. б. қорықтардың маңызы орасан зор. Ұлан-байтақ Қазақстан мемлекеттіің территорияларында келешекке де осындай табиғи қорықтар-лабораториялар көбейе берсін деген ойдамын.
Қазақстанда жаңа қорықтар ұйымдастыру
Жер көлемі 2754 мың шаршы километр ұлан байтақ жерді алып жатқан ҚР-да небары 10 қорық бар. Бұған сену өте қиын. Сондықтан жаңадан қорықтарды ұйымдастыру қазіргі күні аса маңызды сұрақ болып табылады.
Жер құнарын, орманның әсем келбітін, өзендер мен көлдердің мөлдір сәулетін, аңдар мен құстардың тіршілігін, өсімдіктер әлемін қымбат қазынадай қадірлеп, қастерлеп, аялап сақтайтын қорықтар ҚР-ың орманды-дала, дала, шөл және шөлейтті аймақтарда жоқтың қасы. Алтай, Жоңғар, Қарқаралы тауларында, Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендері жағалауында да қорықтың болмауы жасырын нәрсе емес. Ғалым-биологтардың назарын аударып отырған осы жайт. Өйткені ҚР-да тың және тыңайған жерлерді игеру (1953) мен таулы, шөлді жерлерді мал шаруашылығы үшін кеңінен пайдалануға байланысты қара құйрық, аққұрай, орақтұмсық сияқты хайуанаттармен қатар, гүлтобылғы, қараған, қара қандыағаш, дәрмене бидайықтың біраз түрлерінің қоры күрт төмендеп кеткен. Осындай бағалы жабайы жануарлар мен өсімдіктер түрлерін, түрлі табиғат аймақтарындағы көрік, ландшафтылар келбетін қорғап қалу үшін Қазақстан тәуелсіз мемлекеттінің аймақтарында бірнеше мемлекеттік, тіпті дүние жүзілік маңызы бар қорықтар ұйымдастыру бүгінгі таңда кезек күттірмейтін жайт. Ол туралы бұрынғы ҚазССР ғылым академиясының «Табиғатты қорғау және оның ресурстарын рационалды түрде пайдалану» мәселесімен шұғылданатын ғылыми кеңесінің 1975 жылы болған арнайы отырысында кеңінен талқылағаны туралы қолымызда ғылыми деректер бар.
Бұл отырыста Қазақстанның ірі ғалым-биологтары қорықтар санын көбейту және оларды ұйымдастыру жолдарын ғылыми тұрғыдан егжей-тегжейлі талқылаған болатын. Қазақстанның ғалым-биологтары келешекте ҚР-ң барлық географиялық зоналарын қамтитын 21 қорық ұйымдастыру қажет деген ғылыми қорытындыға келіп жүр. Олардың жер көлемі қазіргі кездегі қорынтардың жер көлемімен есептегенде, 2149 мың гектарға жетуі сөзсіз, яғни республикамыздың жер көлемінің 75% алмақ.
Республикамыздың табиғи ресурстарын өорғайтын жаңа қорықтарды ұйымдастыру үшін алдымен ол маңда арнайы түрде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізуді керек етеді. Қорықтарды ұйымдастыру үшін ғылыми дерек қажет. Табиғи қорықтардың бірін Бетпақ дала шөлді аймағында ұйымдастырған жөн деген ғалымдар бір ауыздан шешімге келді.
Бітпақдала қорығы территориясында Шу өзенінің солтүстігінде жатқан ұсақ тасты шөлді аймақты енгізу жоспарланып отыр. Бетпақдаланың шөлді даласында жусан, баялыш, бұйрығын өссе, ал үстіртті жерлерде қараған, теріскен өседі. өте көне заманның ескерткішіндей болып реликті бұта (спиреантус) көзге шалынады. Ауа-райы өте құбылмалы жазы ыстық, қысы аязды келеді. Жауын-шашын жерге аз түседі. Небары 90-100 мм. Бетпақ дала қорығын тезірек ұйымдастыруды өмірдің өзі асықтырып отыр. Бұл қорықта сүтқоректілердің 40, құстардың 150-200-дей түрі, бауырмен жорғалаушылардың 15-тен астам түрі тіршілік етеді. Міне, осылардың бәрі қорғалуы тиіс.
Екіншісі - далалы аймақ. Оған Жезқазған облысына қарасты Ағадыр селосының батысындағы бұталы дала жатады. Көлемі 40-50 мың гектар болуы мүмкін. Мұндағы қорғалатын негізгі объектілер жұпар, камшат, орман сусары, құр, емен, шегіршін сияқты сирек кездесетін аң, құс, өсімдіктер.
Үшінші - шөлейттіаймақ қорықтары. Бұл қорықтарда ең көлемділері - Үстірттің Батыс тік жарлы қыраттары. Үстірт қорығында кекілік, құлан болса, гепард, бұлдырықтарда көзге жиі-жиі шалына береді. Шөлейтті аймақтық қорықтардың бірі - Андысай қорығы. Оның көлемі 330 мың гектар жерді қамтуы мүмкін. Қорғалатын объектілері арқар, құлан (қайта жерсіндірілген), қара құйрық, киік, жалман, реликті гүлтобылғы, Регель қызғалдағы.
Шөлейтті аймақтық қорық, оған Торғай өзенінің төменгі ағысы, Нұра мен Тәуіп учаскесіндегі көптеген алқаптар кіреді. Жер көлемі шамамен 20-30 мың гектар. Қорғалатын объектілері - ақбөкен, дуадақ, безгелдек, су құстары, бидайықтар өсетін ойлы жерлер.
Алматы облысы, Балхаш ауданындағы күрті өзенінің Ілеге құя берісіндегі тоғайлы алқапта да шамамен алғанда 20-30 мың гектар жер бос жатыр. Ол жерлерге қорық ұйымдастыруға болтаныны анықталып отыр. Іле өзені тоғайлы қорығын ұйымдастыру ғалымдардың ойында. Мұнда мекендейтін жабайы шошқа, тоғай бұғысы, шұбар бұғы, сарғыш күзен, қырғауыл және сирек кездесетін тоғай өсімдіктері қорғалуы тиіс.
Балхаш ауданы территориясында тағы бір қорық ашылмақ, ол - Бақанас сексеуіл қорығы. Мұнда 40-50 мың гектар жер бар. Егер қорық ұйымдастырыла қалған күнде негізгі қорғалатын объектісі сексеуіл, қызылша, жусан, жорға торғай, қарақұрық, құлан секілді басқа да өсімдік, аң, құс болмақ.
Шөлейтті аймақта тағы да бірнеше жерде қорықтар ұйымдастыруға болатынын ғалымдар дәлелдеп отыр. Олар Шарын (Алматы облысы Шарын өзенінің төменгі ағысы), бұл жерде көлемі 20-ң гектар келетін қорық ұйымдастыруға жарайтын ғажап «Жер жаннаты» өлке бар. Свентас (Ақтөбе облысының Шалқар ауданында) 30 мың гектар жер қорық ұйымдастыруға жарайды, Қызылқұм (Қызылода облысының Шиелі және Жаңақорған аудандарының территориясында) көлемі 50-60 мың гектардай жер қорық ұйымдастыруға жарайды. Бұл жерлерде қорғалатын объектілер - шетен реликті орманы, тораңғы тоғайы, сортаңды шөл, хайуаннаттар түрлері - қарақұйрық, дуадақ, жүзгін, сексеуіл және тағы басқа өсімдіктер түрлері.
ҚР алдағы уақытта ұйымдастырылатын қорықтардың бір тобы - тау қорықтары болуы тиіс. Бұл қорықтардың көлемдісі (250 мың гектар) - Жоңғар Алатауы. Басқан өзені, Сарқанд ауданының территориясын қамтиды. Қорғалатын негізгі объектілер - марал, ақтырнақты аю, барыс, тас сусары, қызыл қасқыр (сирек), арқар, таутеке, ұлар, сабыншы, құр, май қарағай, шыршалы ормандар, алый шабындықтары, оларда өсетін сирек кездесетін өсімдіктер түрлері. Ал Сауыр тауларында Шығыс Қазақстан облысы, қорық ұйымдастыратын көлемі 200 мың гектар жерлер кездеседі. Мұнда қорғалатын объектілер өте көп - марал, қоңыр аю, таутеке, тұндра шілі, меңіреу құр, шұбар шіл, тырбақ қайың, жапырақты орман.
Ал Шыңғыстау, Тарбағатай (Шығыс Қазақстан облысы) бұл өңірде қорық ұйымдастыруға келетін көлемі 50-60 мың гектар жер бар. Қорғалатын объектілер - бадам, жабайы алма, бағы, субальпі шабындығындағы кейбір өсімдіктер түрлері.
Зайсан ойпатында да қорық ұйымдастыруға болатын жерлердің бар екенін ғалымдар дәлелдеп отыр. Өйткені бұл өңірде сирек кездесетін хайуанаттардың кейбір өкілдері бар. Олардың ішінде елік, қарақұйрықты жер сіңдіруге болатыны толығымен анықталып отыр. Алакөл көліндегі «реликті шағала» қорғау үшін заказник ұйымдастыру күн тәртібінде тұр.
Биосфера қорғаудың «қызыл кітабы»
Өміріне, экономикалық жағдайына, географиялық орналасуына, тарихи дамуына көз жіберіп қарасақ - адамзат баласы табиғат қойынында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр. Мұндай жақындық оларды табиғатқа етене бауыр, жанашыр етіп жіберген секілді. Халықтың табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтипатын, қадір-қасиетін көрсететін материалдарды тарихтан ғана емес, бүгінгі өмірден, тұрмыстың сан тарауларынан ісдестіруге болады. Қай қазақтың босағасына бас сұқсаңыз оюлы сырмақ, текемет, тұс киіз, немесе айшықты ертоқым, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, не болмаса, өрнекті киім кешектің бір жұрнағын қазірде де кездестіруге болады. Ол көзі қимай сақтаған ескінің қалдығы емес, халықтың санасына терең ұялаған, табиғатына тән көркемдік сезімінің қажетсінуінен туған, болашақ ұрпаққа да сол мән-мағынасымен баратын даңғыл жол екенін көрсетеді.
Биология ғылымдарының біздің заманымыздағы табыстары орасан көп, жоғары түсімді бидайдың, сұлының, арпаның және басқадай ауыл шаруашылық дақылдарының кейбір сорттарынан 90-100 центнердей өнім алынады. Кейінгі кездегі зерттеулердің қорытындыларына қарағанда, осы өсімдіктерден алынатын түсімді одан әрі арттыруға болатыны анықталған. Соңғы 20 жылдар ішінде ет малы 40%-ға, ал ет өндіру 80%-ға артты. Жұмыртқа дайындау жылына 400 миллиардқа жетеді. Бір сиырдан 13 мың литрсүт алуға болатыны тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Жер шарында егін егетін, мал жаятын жайылым, шабындық, орман-тоғайлар түгелімен игерілді. Адам баласының аяғы тимеген жер жоқ. Бәрі де есепте. Қазіргі кезде ғалым-биологтардың назарын мұхиттар мен теңіздер алып отыр. Теңіз бен мұхиттардағы тірі организмдер құрлық пен тұщы сулардағыдан әлдеқайда артық. Тек балықтардың қоры 800-900 миллион тоннадан асады. Судағы балдырлар - азық-түліктің, дәрі-дәрмектің таусылмайтын мол қоры. Соңғы жылдары шығыс елдерінің халықтары мұхиттардың 60-қа жуық әр түрлі балдырларынан тағамдар даярлайды.
Жапонияда арнаулы жерлерде балдыр өсіріледі. Су астындағы бау-бақшаларда да балдырлар өсіріледі. Голландия, Франция, Норвегия, Дания және т. с. с. елдерде балдыр қойларға, ешкілерге, сиырларға, терісі құнды кейбір аңдар мен құстарға беріледі. Тыңайтқыш ретінде де пайдаланылады. Біздің елде де кейінгі кезде балдырлардың бірнеше түрлері өнеркәсіптік жолмн өсіріліп, ауыл шаруашылығы малдарына қосымша азық ретінде беріліп келеді. Балдырлармен қоректенген сиырлардың сүті артып, еті молаятын тәжірибеден көрініп отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz