БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ



Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы
Фемида - Оңтүстік Қазақстан колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ ______________
Жұмыстың орындалу бағасы Орындаған: ______________________
___________________________ Жетекшісі: ______________________
_____ ____________20___ж

Комиссия мүшелері:
_____________________________
_____________________________

Шымкент 2018

ЖОСПАР
Кіріспе
І. Негізгі бөлім
1. Ақпараттық коммуникативтік технология
2. Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану
3. Коммуникативтік технологияны математика сабағында қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

БАСТАУЫШ СЫНЫП МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА АКТ-НЫ ҚОЛДАНУ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Ғылым мен техниканың қарқынды дамуы және әлеуметтік экономикалық өзгерістер жас ұрпақты тәрбиелеуге жаңаша көзқараспен қарауды талап етуде. Бұл әрбір адамның психикалық, жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуға мүмкіндік беретін жаңа жағдайлар құруды қажет етеді.
Осыған байланысты қазіргі педагогика ғылымы оқушылардан белгілі бір білім жүйесін терең меңгеруін талап етіп қана қоймастан, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін дамытуды талап етіп отыр.
Мұндай әлеуметтік сұранысты педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету оқу үрдісін компьютерлендіру арқылы шешуге болатындығын мектеп тәжірибесі көрсетуде. Сондықтан да оқыту жүйесін компьютерлендіру қазіргі кезде білім беруді жетілдірудің негізгі бағыттарының біріне айналды.
Оқыту жүйесін компьютерлендіруді жедел қарқынмен жүзеге асыру мынадай қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешумен ұштасады:
1. Ғылыми -- техникалық және өндірістік -- технологиялық мәселелерді шешуге қабілетті, шаруашылықтың кез келген саласында күрделі компьютерлік техниканы пайдаланып қызмет істей алатын білімді және кәсіптік деңгейі жоғары мамандарға деген сұранысты қанағаттандыру.
2. Білім беру жүйесінің деңгейі мен арнайы кәсіби мамандық берілуіне тәуелсіз ақпарат құралдары мен компьютерлік техниканы сапалы түрде пайдалана алатын оқушыларды дайындаудың жалпылық сипатта болуын қамтамасыз ету.
3. Оқу-тәрбие үрдісінің сапасын жетілдіру, оны басқару тиімділігін арттыру, оқу-педагогикалық зерттеу жұмыстарын жандандыру мен оның нәтижелерін педагогикалық практикаға енгізуге байланысты білім беру жүйесінің ішкі сұранысының артуы.
1. Ақпараттық коммуникативтік технология
Қазіргі кездегі оқу жүйесінде компьютерлік техника негізінен төрт бағытта:
1) компьютерлік техника ақпараттануды оқып үйрену құралы;
2) компьютер -- оқыту құралы;
3) компьютер -- педагогикалық басқару жүйесінің бір саласы;
4) компьютер -- ғылыми зерттеу және педагогикалық іс-әрекеттің құрамды бөлігі ретінде пайдаланылуда.
Компьютерді оқу құрал-жабдығы ретінде пайдалану зерттеулерінде, көрнекіліктің тиімділігін арттыру, дерексіз математикалық ұғымдарды меңгеруді жеңілдету, оқу іс- әрекеттерін жекелендіру арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру т.б. мәселелерді нәтижелі шешуге болатындығы көрсетілген.
Компьютерлік техниканы оқу құрал-жабдықтар кешеніндегі басты буынның бірі ретінде қарастырып зерттеу мектепте білім беру педагогикасы мен әдістемесінің теориялық негіздерін дамыту және мұғалімдердің практикалық іс-әрекетіндегі маңызды әлеуметтік- педагогикалық мәнге ие болатын негізгі бір мәселе болып табылады.
Бастауыш мектептегі оқу-құрал жабдықтар кешеніне дербес компьютерді кірістіру мәселесінің маңызы да ерекше. Оның өзіндік себебі де жеткілікті. Қазіргі кезде балалардың көпшілігі ерте бастан-ақ компьтерлік ойын ойнап, микропроцессорлы электронды ойыншықтармен етене таныса бастайды. Сондықтан бастауыш мектепте компьютерлік техника оқу құрал жабдықтар кешенінің бірі ретінде пайдалану мүмкіндіктерін қарастыру кезінде балалардың өмірлік тәжірибесін, олардың даму ерекшеліктерінің психологиялық, педагогикалық заңдылықтарын ескере отырып оны байыта түсу, оқыту кезеңдерінің сабақтастығын қамтамасыз ету шарттарын зерттеудің маңыздылығы арта түседі.
Зерттеудің мақсаты: компьютерді бастауыш сыныпта математиканы оқытуда оқыту құралы ретінде пайдаланудың тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін теориялық тұрғыдан анықтау және оны пайдалану әдістемесін мазмұндау.
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі кезде еліміздің білім беру саласының алдына қойып отырған бірінші кезектегі міндеттері ұлттың бәсекелестік қабілеттерін арттыру және әлемдік білім кеңістігіне толығымен ену, сол сияқты білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеру үшін білім беру үдерісіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың жетістіктерін енгізу, электрондық оқулықтар мен мультимедиялық бағдарламаларды тиімді және кеңінен қолдану, елдегі ақпараттық инфрақұрылымды әлемдік білім берумен ықпалдастыру, білім беру ұйымдарының байланыстарын нығайту болып табылады. Сонымен бірге ақпараттық технологиялардың аса жоғары қарқынмен дамуы мұғалімнің кәсіби іс-әрекетін өзгертуді, яғни, мұғалімдердің өз қызметінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдана білуге дайындығы мәселесін алға қойып отыр.
Еліміздің білім беру саласында жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы және оларды даярлаудағы кәсіптік, әрі ақпараттық білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің талапқа сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және педагогтардың кәсіби даярлығын білім беру стандарттарына, білім мазмұнына сай жетілдіру көкейкесті мәселе болып отыр. Осы бағытта Қазақстандық білім беру жүйесінде енгізіліп жатырған тың идеялар мен жасалып жатырған ауқымды жұмыстар дәлел болып отыр.
2. Ақпараттану технологиясының даму тарихы және компьютерді оқыту құралы ретінде пайдалану
Ақпараттық- коммуникациялық технологияны сабақта қолданудағы мақсаты: Ақпараттық- коммуникациялық технологиясын тиімді пайдалана отырып,
* балалардың танымдық, қызығушылық қабілеттерін дамыту;
* ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту, айналадағы дүние туралы көзқарастарын қалыптастыру.
Жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологиялар ұғымының пайда болуы білім беру саласында компьютердің қолданыла бастауымен тығыз байланысты.
Ақпараттық технология дегеніміз - білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алуға беру үрдісі. Бұл үрдісті іске асыруға, яғни инновациялық білім беру құралдарына: аудио-видео құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, компьютер-мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады. Сондықтан да қазіргі таңда көптеген интерактивтік бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, қолданыс табуда.
АКТ-ны пайдалануда сабақтың мынадай ерекшеліктері бар:
* Мұғалім оқушыға сұрақ қойып, тез арада оқушы оған жауап береді;
* Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексереді;
* Оқушының компьютермен жұмыс барысында пайда болған қиындықтарды уақытында шешуге болады;
* Кейбір амалдарды оқушы өз бетінше орындайды, компьютерде жұмыс істеуді үйренеді;
* Сыныптағы оқушылардың барлығынан жауап алуға болады және алған білімдерін практикамен ұштастырады;
* Білімі төмен оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
* АКТ-ны сабақта пайдаланудың оқушы үшін тиімділігі:
* Оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді;
* Ақыл-ойын дамытады;
* Шығармашылық белсенділігін арттырады;
* Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
* Тіл байлығын жетілдіреді;
* Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.
АКТ ны қолдану 1-4сыныптарда аса өзекті болып саналады. Бастауыш сынып оқушыларында негізгі ойлау әрекеті -көрнекілік-образды. Сондықтан, оларды оқытуда көптеген сапалы иллюстрацияларды қолдануда АКТ-ның үлесі зор. Тақырып мазмұнын игеруде тек көру емес, сонымен бірге есту, іс-әрекет орындау, эмоция мен қиял да қосылады.
Бастауыш сыныптарды оқытуда ақпараттық технологияларды қолданудың мүмкіндіктері өте мол. Мәселен, 3-4 сыныптарда әдебиеттік оқу пәні бойынша оқушыларға әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, мазмұнын меңгертіп,тапсырмаларды орындатамын. Әрі қарай оқушы автордың өмірбаяны туралы мәліметтерді интернеттен іздеп, тауып, жинақтап өз білімдерін толықтырады. Үй тапсырмасы ретінде шығармашылыққа қабілетті балаларға, сол әңгіме немесе шығармаға байланысты презентация жасап әкеліп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сыныпқа көрсетуге тапсырмалар беріп отырамын. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.
Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Әрі мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдастыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді. Компьютерлік технологиялар- біздің келешегіміз. Ол баланың интеллектуалдық дамуына, ойлау процестерін арттыруға, ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіншіліктеріне зор ықпал етеді. Бірақ, тек компьютерге жүгінуге , оны білім алудың жалғыз арнасына айналдыруға болмайды. Айналадағы қоршаған ортаны тануда кітап оқу, бақылау және ең маңыздысы жанды қарым-қатынас екенін ұмытпағанымыз жөн.
Ақпараттық-компьютерлік технологияларды (бұдан әрі - АКТ) пайдалану мұғалім үшін оқытуда жаңа мүмкіндіктерді ашады: Балалардың белсенділігін ынталандыратын сабақтың ерекше ахуалы құрылады. Қарапайым классикалық сабақ шеңберінен тыс, қандай да бір ерекше нәрсені үнемі күту. Оқушылар сабақ элементтерін құруға қатысады, бұл оқу үрдісіне қызығушылықты дамытуға септігін тигізеді. Сабақ материалын игеру деңгейі артады. Auto Play, Activstudio Professional және басқа да бағдарламалық өнімдерді қолдана отырып мультимедиялық тұсаукесерлерді пайдалану оқушыларға өздерінің дүниетанымын кеңейтуге, талдай ойлауды дамытуға және бұрын алған білімдерді тереңдетуге мүмкіндік береді. Онлайн-тесттер оқушылар алған білімдерге, икемдерге және машықтарға мұғалімнің мониторинг жүргізуін жеңілдетеді. Білім беруде заманауи технологияларды қолдану оқушылардың оқу құзыреттілігін қалыптастыруға, тұлғаның дамуына оңтайлы жағдайлар жасайды және заманауи қоғамның барлық талаптарына сай келеді.
Оқыту барысында АКТ-ны пайдалану бағыттары:
Компьютерлік технологиялар оқытудың мықты құралы ретінде пайдаланылады, ол оқушылардың оқу-танымдық құзыреттілік деңгейін едәуір арттыра алады. Заманауи ақпараттар ағынын қайта өңдеуге, ой елегінен өткізуге, бағалауға, оны түрлі практикалық мақсаттар үшін пайдалануға және басқаруға мүмкіндік беретін оқушылардың ақпараттық сауаттылығы қалыптасады. Қолдануы қарапайым және ерекше дайындықты қажет етпейтін мұғалімге арналған электрондық құралдар бар, бірақ дайын материалды пайдалану және оған толықтай тәуелді болу әрдайым ыңғайлы емес. Оқушылардың ерекшеліктерін, қажетті жабдықтың бар-жоғы мен сабақтың ерекшелігін көрсететін түрлі сыртқы факторларды ескерген жөн. Power Point тұсаукесері. Суреттік және мәтіндік материалды көрсету үшін сабақтарда пайдаланады.
Оң факторлары:
* білетін адамға бағдарламада жұмыс істеу оңай;
* суреттік және мәтіндік материалды көрсету үшін өте қажет;
* сабақта оқығанды қайталауға және бекітуге ыңғайлы;
* кез-келген компьютерде және тек мультмедиялық тақтаны ғана пайдаланбай көрсетуге болады.
Кемшіліктері:
* жұмыс барысында түзету күрделілігі;
* оқушылар тек баспа мәтінмен жұмыс істейді;
* оқушылармен жаппай жұмыс істеуге арналған.
Кез-келген сабақтарда сараланған көзқарас болуы керек, ал бұл жағдайда ол қиын.
АКТ сабақтың негізгі элементі емес, қосымша- көмекші элементі түрінде болуы тиіс. Төменгі сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, АКТ- ны қолдану жұмысы нақты сабақтың қай бөлімінде, қалай қолданылатыны ойластырылған және уақыт мөлшері ескерілген болуы тиіс. АКТ - ны қолдану арқылы өткізілетін сабақтарда баланың денсаулығын сақтауға аса назар аудару қажет. Сабақ жоспарына сергіту сәтін, динамикалық үзіліс, көзге арналған жаттығулар, денсаулық сақтау технологияларын міндетті түрде енгізу керек. Бастауыш сыныпта ақпартты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігі әсіресе Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізінде сауат ашу пәнінде аудио тыңдалым, математика, дүниетану мен жаңадан енген жаратылыстану пәндері үшін қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мен тест жұмыстарын орындау барысында оқушылар уақытын үнемдеуге өте тиімді. Көркем еңбек пәні сабақтарында оқушылардың жұмыс жасауына өте тиімді әртүрлі бейнедегі суреттерді,графиктік сызбаларды бояй отырып та басып бере алады және уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді.
АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана бермейді бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн.
Ақпараттандыру ғасырында, ақпараттық қоғамда, білім беруді ақпараттандыру жағдайында кез келген педагогтың ақпараттық-коммуникациялық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет. Бұл қажеттілікті шешу үшін біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнын жаңа форматқа көшіру мүмкіндігі туындайды. Біліктілікті арттыру жүйесінің мазмұнын жасауда оқыту үдерісіне АКТ-ны қолдану бойынша американдық психолог Блум таксономиясы(1956) мен Дж.Дьюидің Белсенді оқыту (2000) және Кембридж университетінің ғалымдарының ұсынған сандық сауаттылықты қалыптастыру идеялары негізге алынды. Осы аталған мәселелердің негізі оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған.
3. Коммуникативтік технологияны математика сабағында қолдану.
Жаңа формация мұғаліміне қойылып отырған талаптардың бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияны кеңінен меңгеру. Яғни, басты мақсат - қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп,пайдалана білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Менің оқушыларым АКТ-ны жақсы меңгерген, сондықтан онымен жұмыс жасау маған жеңіл болды, бірақ мектепте интернет жүйесі, интерактивті тақта болмағандықтан, оқушыларға компьютер арқылы дайын бейне фильмдер мен слайдтар көрсетуге қолданды. Бұлда оқушыларды ынталандырып, қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарының бірі. Жаңа сабағын батамас бұрын АКТ-ны пайдалана отырып жұмбақ жасырдым. Оның шешуі арқылы жаңа сабақтың тақырыбы анықталды. Компьютер арқылы Ертегілер түрлері туралы слайд көрсетілді. Соны мен қатар АКТ-ны сергіту сәті кезінде өте сәтті пйдаланды. Оқушылар музыканың ырғағымен көңілді би-қозғалысын жасады.
АКТ міндеті - оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру, ізденімпаздыққа баулу. АКТ оқу үдерісінде компьютерлерді пайдалануға, модельдеуге, слайдтар мен презентацияларды жасауға, электрондық оқулықтар мен интерактивтік тақтаны қолдануға, интернетпен, аудио және видео материалдармен, байланыс құралдарымен (ұялы телефон) жұмыс жасауға негізделеді.
Қазіргі жағдайда оқушылар АKТ кәсіби деңгейде еркін пайдалана алатындай деңгейге жететіндігі тәжірибе барысында айқындалды. Сабақ соңында оқушылар жеке компьютерлерге отырып жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін тексеру мақсатында Тест жүйесін (TMS) жүргізу технологиясымен тақырып бойынша дайындалған тестерге жауап беру арқылы әрқайсысы жеке электрондық білім сапасының мүмкіндіктерін анықтады. Бұл оқушылардың білімін бағалауға мүмкіндік беріп, бағалар қорын көбейтуге ықпал етеді. Оқушылардың үлкен ізденіспен жұмыс жасауына жағдай туғызды. Электрондық оқулықтардың оқу үрдісінде маңызы зор. Электрондық оқулықтартарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып, логикалық ойлау жүйесін қалыптастырып шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жасауға себепкер болады.
Математика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологиялар жүйелі түрде қолданылып отырды. Оқушылар мұғаліммен , электрондық почта көмегімен мұғалім мен оқушы арасында өз бетінше орындалған материалдарды тексеруге жіберу мен түсінбеген сұрақтарын сұрап алуға мүмкіндік туғызылды.
Біріншіден, бұл мұғалімнің жұмысын жеңілдетті.
Екіншіден, оқушы мен мұғалім арасындағы субъект-субъектілік қарым-қатынасты қалыптастырды.
Үшіншіден, оқушылардың пәнеге деген қызығушылығын тудырды. Яғни, сабақтың басым бөлігінде мұғалім оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін, сыни тұрғыдан ойлаудың стратегияларын, АКТ пайдалану арқылы оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізуге көп мүмкіндік туғызылды.
Атақты педагог-ғалым В.А.Сухомлинский Мұғалімдік мамандық -- бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер- ол даналықты жүрекпен ұға білу болып табылады-деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе, Ы.Алтынсарин Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім мектептің жүрегі" деген екен. Демек, қазір оқу үрдісі алдындағы басты міндеттерді шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Мұғалімнің ұстаздық тұлғасын өз дәрежесінде қалыптастыру үшін төмендегідей міндет артады.
Біріншіден білім беру сапасын жүйелі арттыру тәсілдерін меңгерту.
Екіншіден, үнемі өзгеріс үстіндегі күрделі өмірде белсенді әрекетке дайын оқушы дайындаудың сапасын арттыру мен оның мәдениет деңгейін көтеру.
Сабақ мұғалімнің шығармашылық еңбегінің нәтижесі. Оның өз мәнінде өтуі мұғалімнің біліміне, ұйымдастыру қабілетіне, шеберлігіне байланысты. Оқушылардың білімін байыту олардың пәнге деген сүйіспеншілігін тудыру, дұрыс ұйымдастырылған жұмыстарға тікелей байланысты екені белгілі.
Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамда сапалы және терең білімнің, іскерліктің болуын қамтиды. Жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Сондықтан да оқу процесінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістермен мақсатты және жүйелі түрде оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, әр адамның бойындағы туғаннан пайда болған интуициясын әрі қарай дамытуға ықпал ету, оқушының табиғи қасиеттерін білім деңгейін тереңдету үшін оқытуды жоспарлы түрде ұйымдастыру, өз бетінше білім алу дағдыларының дамуына негізін салу болып табылады. Білімге деген ынтасын, қызығушылығын, тұрақтылығын қалыптастыру жолдарын әр түрлі тапсырмаларды орындату арқылы бағалап отыру қажет.
Оқушылардың өз бетінше ойлай білу есеп шығару мен оның сан қилы жолын іздестіру, олардың шығармашылық қабілетінің дамуының бір әдісі.
Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты оның пәнге деген қызығушылығын арттыру. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді.
Қызығушылық туғызудың тәсілдері өте көп. Олар: сабақ барысында қолданылатын дидақтикалық ойындар, математикалық сайыстар, эстафеталар, олимпиадалар, тіпті жақсы дайындықпен өткізген сабақтар.
Дұрыс ұйымдастырылған сабақ оқушының ой-өрісін кеңейтеді, өзіне деген сенімін күшейтеді.
Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады. Оның қолданылуы нәтижелі болуы үшін бағдарламалық құралдар толық түрде мұғалімнің және оқушының алдына қойған мақсатына жетуін және шығару жолдарын қамтамасыз етуі керек. Компьютерді пайдалану оқушыны шапшаңдыққа, тапқырлыққа үйретеді. Әр оқушы өзі еңбек етеді. Оқушы мен оқытушы арасында ақпараттық мәдениет қалыптасады. Сонымен қатар оқушының психикасы мен ойлау қаблетіне де игі әсер етеді.
Қазіргі таңда көптеген оқу орындарында интерактивті тақталар жүйесі жұмыс істейді. Бұл кешен білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық технология құрал ретінде бастауыш сыныптарда математиканы оқыту
Бастауыш мектепте математика пәнін оқыту процесі
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту процесінде компьютерлік технологияларды қолданудың дидактикалық шарттары
Арифметикалық және геометриялық прогрессиялар
Математика сабағында көрнекі және АКТ құралдары қолдану
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Жаңартылған оқу бағдарламасының тиімділігі
Жаңартылған білім мазмұнының ерекшеліктері
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
АКТ технологияларын оқу сабақтарында қолдану жолдары
Пәндер