Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары



Мазмұны

Кіріспе
3
Негізгі бөлім

1 Электронды оқулықты пайдалану
5
1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары
8
1.2 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы
13
1.3 Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар
15
1.4 Тестке қойылатын талаптар
18
1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар
20
1.6 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар
21
1.7 Электрондық оқулықтың материалдық - техникалық базаға қойылатын талаптар
23
1.8 Электрондық оқулықпен жұмыс істеу тәртіптері
29
1.9 Электрондық оқулықтың құрылымы
32
2 Visual Basic тілінде программалау негіздері
33
2.1 Visual Basic тілінде программалау түсінігі
34
2.2 Интеграциялық құрастыру ортасы
39
2.3 Берілген басқару объектінің құрамы, әдістері және жағдайлары
51
2.4 Data control - объектісінің түсінігі мен оның маңызы
56
3 Программаланған оқытудың негізі
65
3.1Үйренуші бағдарламалардың түрлері
68
3.1.1Ресейлік ғылым және тәжірибедегі программалық оқытудың дамуы
69
3.2 Программалық оқытудың жеткіліксіздігі және артықшылықтары
70
3.3 Delphi де қолданылатын файлдар
72
3.4 Проект құрылымы
74
3.5 VB программалау тіліне құрылған электрондық оқулық
76
Қорытынды
90
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
92
Қосымшалар
70

Кіріспе
Қоғамды ақпараттандыру ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс - әрекеттің интеллектуальды түрлерінің жан - жақты әсер етуі мен ролінің жоғарлауына байланысты обьективті процесс. Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес [2].
Қазақстан Республикасындағы ақпараттандыру жүйесін ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдардын дайындамай жүзеге асыру мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің де ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар. Қазіргі танда Қазақстан Республикасындағы шаруашылықтардың барлығы жаңа ақпараттандырылған инновациялық технологиялармен жұмыс істеуде.
Соңғы бiр екi жыл жаңа программалардың тасқыны көптеген адамдарға кәсiптiк информациялық технологияларды пайдалана бiлудiң аса қажеттiгiн көрсеттi. Бiздiң қоғамымызда болып жатқан өзгерiстер орта бiлiм беру саласының дамуына да өзгерiстер енгiзуге өз ықпалын тигiзбей қалмады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасының Үкiметi техникамен қайта жабдықтауға, жаңа информациялық технологияларды енгiзуге көп көңiл бөлуде [5].
Дипломдық жұмысымның құрылымы:
Кіріспе, теориялық және практикалық бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курс жұмысының мақсаты, өзектілігі және құрылымы берілген. Теориялық бөлімде Электрондық оқулықты пайдалану және оған қойылатын талаптар туралы жалпы түсінік қарастырылған. Сонымен қатар Delphi ортасында және VB программалау тілі бойынша құрылған электрондық оқулық құралының мазмұны көрсетілген. Практикалық бөлімінде Delhpi ортасында және VB программалау тілі пәні бойынша жасалған электрондық оқулық құралына интерактивтілік кіргізу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
oo Электрондық оқулық туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру.
oo Электрондық оқулықты құру технологиясы туралы түсініктерді және VB программалау тілі бойынша электрондық оқулық құру, яғни осы пәнге нтерактивтілік кіргізу.
1 Электронды оқулықты пайдалану
Жаңа ақпараттық технологияларды оқыту үрдісінде қолдану бағыттарының бірі оқытуды жеңілдететін электрондық кітаптар мен әдістемелердің жасалуы. Оқыту үрдісінде электрондық оқулықты пайдаланудағы мақсат пәннің оқу материалын түсіндірудің дидактикалық мүмкіндіктерін жетілдіру болып табылады. Оқытудың компьютерлік технологиясын оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушылардың өзіндік және шығармашылық белсенділігіен дамыта отырып, электрондық оқу көқмегімен олардың өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды. Қазіргі шығарып жатқан электронды оқулықтар дәстүрлі оқулықтардың үлгісі емес, ол кәсіптік оқытудың автоматтандырылған үрдісі болып табылады. Электронды оқулық шығарған өнімнің технологиялық тізбегін анимация арқылы бейнелі түрде қабылдауға мүмкіндік береді. Электронды оқулық мазмұны оқушының интеллектілік қабілетін дамытуға бағытталу қажет және оның мына қасиеттерді қанағаттандыру жеткілікті: жинақтылық, жүйелілік, көркемділік, жылдамдылық. Электронды оқулықтарда материалдар логикалық байланыста модульдермен берілген әрбір модуль мазмұнына және анықтамалық аппаратына сәйкес құрастырылған [21].
Элекронды оқулықтар жаңа ақпараттық технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану мүмкіндігімен ерекшеленеді, яғни, мәтіндік материалға гиперсілтемелер жасауға, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалануға дыбысты қосарлап қамтуға, оқушылардың білім деңгейіне бақылау жасауға жағдай бар. Электронды оқулықтың басты мақсаты оқушылардың білім сапасын артыру, мұғалімдерге ғылыми-әдістемелік көмек көрсету. Электрондық оқулық барысында біз дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттың ортаны едәуір жоғарлатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеміз, яғни, бұл басты ерекшелігі және тиімділігі оқушы мен мұғалім арасындағы байлансы көзбен көру арқылы жүргізіледі. Қазіргі кезде көптеген оқу орындарында компьютер мүмкіндіктерін толық пайдалануға арналған электронды оқулық жасауда және республика көлемінде бұл оқулықтарға конкурс жарияланады. Электронды оқулықтың басты ерекшелігі жаңа компьютерлік технологиялардың барлық жетістіктерін пайдалану, мультимедиалық және басқарылатын анимацияларды пайдалану, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады. Электронды оқулық оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақұылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалардың жиынтығы [13].
Электронды оқулық жай оқулықтарға қарағанда өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда:
- кері байланысты ақпараты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді;
- жай оқулықтағы ақпаратты іздеу мүмкіндіктері біраз уақыт алатын болса, электронды оқулық қажетті материалды тез табуға мүмкіндік береді.
- гипермәтінді түсіндірулерге өту барысында уақытты үнемдеуге көмектеседі.
Электронды оқулықтың ерекшеліктері:
oo оқытуды дараландырады;
oo программалық өнімді қамтиды;
oo тың оқу материалын қамтиды;
oo оқытудың тиімділігін арттырады;
oo оқу әрекетінің өнімділігін артырады,
oo білім алушының оқуға деген қызығушылығын және ынтасын артрады;
oo материалдың ресурстарға кететін шығындарды азайтады;
oo электронды оқулықпен жұмыс істеу сұқбаттық түрде жүргізіледі.
Электрондық оқулық баспасына қойылатын талаптар:
oo титулдық бет;
oo мазмұны;
oo негізгі бөлімі;
oo көмекші құжат және утилиттер.
Титулдық бетте - электронды оқулық құралы туралы мәліметтер беріледі. Электронды оқулықта мәліметке қойылатын талаптар нақты стандарт бөліміне сай келеді. Негізгі бөлімде электронды оқулық құралының мақсаты мен тапсырмасы қамтылған оқу материалының барлық көлемін қамту керек. Соған байланысты қорытынды бақылау тапсырмасы жүргізілу керек. Мұндағы оқу материалына ғылыми терминологияны қолдану қажерт және ол түсінікті нақты толық болып, қарама-қайщылық болуы тиіс.
Утилиттер пайдаланушының тіркеуді қамтамасыз етіп, мазмұнын қарау үшін қажет. Сонымен қатар ағымды, өтпелі, қорытынды тестілеудің өтуін қадағалайды. Көмекшіде электронды оқулық құралын жұмысын басқару туралы ақпарат болуы тиіс. Электронды оқулық жарыққа шығарған кезден бастап қатынас ұйымдастырады. Электронды оқулық мазмұны төмендегідей негізгі бөлімдерден тұрады:
oo теориялық материалдар және оны сабақ өткізу әдістемелерімен
байланыстыру;
oo жаттығулар немесе есептер;
oo бақылауға араналған немесе тест алуға негізделген материалдар;
oo жеке өз бетінше және топпен жаттығуға арналған сабақтарды өткізу
әдістемелері.
Электронды оқулық әрбір адамға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетімен білім алуын қамтасыз етеді және белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік береді. Электронды оқулықтарды оқыту үрдісінде қолдану сапалы білім берудің қазіргі таңда өзекті мәселесі екенін ерекше атауға болады. Оқыту үрдісінде компьютерді қолдануі мақсат емес тек оқыту құралы және бұрынғы оқыту формалары мен әдістерін толықтырады. Оқыту барысында бағдарламаның жабдықтарын тиімдісін, пайдалысын көрсете отырып, мамандарды дайындау сапасын арттырады [21].
1.1 Электронды оқулық құрудың жолдары
Дәстүрлі оқулық баспа негізінде 400 жылдық тарихы бар білім беру үрдісінде өзгеріссіз кітап. Ал электрондық оқулық құрудың алғашқы қадамдары персоналды компьютер шыққаннан бастап-ақ жүргізіле бастады. Бірінші дидактикалық тапсырмаларды жасады. Мысалы, 20 ғасырдың 90 жылдарында мектеп бағдарламасында педагогикалық бағдарламалар өңделді. Модельдік экспериментті, тестілеуді, интерактивті шешім қабылдау т.б. фунуциялары шыңдалды. Ары қарайғы аппараттық және бағдарламалық мүмкіндіктері баспа негізіндегі аналогтік оқулық құру болып табылады. Қазіргі кездегі аппараттық және программалық қамсыздандыру өте үлкен деңгейге жетті. Электрондық оқулық құрудың соңғы жабдықтары: мультимедиа, аудио файл, гипермәтін, интерактивтілік [3].
Мультимедиалық технология ол компьютердің ақпараттық және бағдармалық кешені. Ол ақпараттарды біріктіреді. Әр түрлі формадағы (мәтін, сызба, дыбыс, видео, анимация) интерактивті режимде жұмыс істеуге рұқсат береді. Қарапайым оқулықта ақпарат тек бір мәтінмен сызбада көрсетіледі. Ал электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын пайдалануға болады:
oo электрондық оқулық мәтінінің ашық болуымен, ерекшеленген сызған қаріп түсін, өлшемін әр түрлі альфавит қорымен, математикалық формулаларды арнайы символдармен, пиктограммаларды пайдалана отырып жасауға болады.
oo Графикалық суреттерді құру өте оңайға түседі (суреттер, фотосуреттер, кесте, кез келген түрлі графика, гистограмма).
oo Ақпарат анықталған блогынан бағытталғанда дыбыстық фон немесе дыбыс сигналын пайдалануға болады (суретке, басқару нүктесіне). Автономды немесе интерактивті режимде дыбыстық бейнелерді динамикалық үрдісте беруге болады.
oo Видео бейнелерді көп рет пайдалануға болады. Соның ішінде видеоматериалдарды білім берудегі дайын магниттік тасушыларда немесе фотопленкада болса.
oo Мультимедиалық технология анимацияларды, суреттерді тірілтуге мәтіндерді т.б. оқу объектісін пайдалануға мүмкіндік береді.
WEB-те көріністермен қатар аудиофайлдар мен бейнеклиптер де маңызды роль атқарады. Кез-келген WEB-торап барлық ақпаратты беретін барлық төрт құралын да бір парақта біріктіре алады.
WEB-құралдарымен ұсынылған мультимедиялық мүмкіншіліктерді киностудияларда да үнемі қолданады. Экранда фильмге аннотацияны оқып, жарнаманың плакатын көріп, сонымен қатар актердің кино түсіру барысындағы әңгімесін естіп және тіпті фильмнің үзінділерін қарауға болады. Аудиоклиптер немесе дыбыстық файлдар Web-параққа тағы бір өлшем енгізеді. Ол адамдарға ұсынылған ақпаратты тек көріп қана қоймай, сондай-ақ оны естуге мүмкіндік береді. Музыка Web-парақ үшін тамаша толықтауыш болып табылады, себебі дыбысталған парақты қарау қызықтырақ.
Аудиоклипті Web-параққа енгізу кескінге қарағандағы айырмашалағы - ол дайын файл жүктегенде, яғни ойнатылуында: көріністер мен мәтін бір мезетте жүктелсе, ал аудиоклип олардан бөлек жүктеліп, парақты қарастырып жатқанда ойнатыла береді.
Бұл бөлімде аудио файлдардың әр түрлі форматы туралы және Web-параққа енгізуге болатындай аудиоклиптерді қайдан табуға болатындығы жайлы жазылады.
WAV кеңейткіші ең бірінші Windows - да шығарылатын аудиофайлдар үшін пайдаланылады. Алайда WAV файлдары әртүрлі платформадағы компьютерлерде тыңдауға әрекет жасағанда, проблемалар туындауы мүмкін. Егер біздің WEB-торабымызға қатынаушылар WINDOWS-та жұмыс істейтін болса, WAV файлдар идеалды болып табылады. Бүгінде WAV - файлдары барлық жерде қолданылады.
Мультимедиялық жиынтығына кез-келген адам өзіндік аудиофайлдарын жоғарыдағыдай оңай-ақ жазуға болады. Алдымен дауысты цифрлейтін арзан микрофон (Microsoft Sound System Kit -дыбыс жазатын бағдарламалық жабдықтауы және микрофонын ) сатып алу керек. Аса күрделі клиптерді жазу үшін стереожүйемізді стандартты кабель көмегімен дыбыстық картамен тікелей қосу қажет [15].
Клипті таңдау - WEB-параққа дауыс беру үрдісіндегі ең қиын кезеңі. Бұл бөлімде аудиофайлдарды WEB-параққа орналастырудың бірнеше тәсілдерімен танысамыз.
Аудиоклиптерді енгізу бұл нағыз мультимедиялық үй парағын жасаудағы тек бір ғана қадамы. Келесі қадам - бейнеклиптерді енгізу. Бейнеклиптер - бұл қозғалатын суреттер мен дыбыстарды фильм түрінде үлестіру. Бұл клиптер әр түрлі болады. Ол нағыз фильмдердің үзіндісінен бастап, атақты бір адаммен сұхбатқа дейін. Алайда мүмкін болатын көріністер мен дыбыстардың әртүрлілігі осымен шектелмейді. Аудиоклиптер сияқты, оларды да гипермәтіндік сілтемелер арқылы немесе тікелей параққа енгізу болады. Өкінішке орай, бейнеклиптерді қолдануды күрделендіретін бірқатар кемшіліктері болады. Ең үлкен мәселе ол файл мөлшері. Бейнеклиптер алып өлшемдерге ие. Әдетте 1-2 Мбайт. Әрбір бейнеклип тізбектеліп және бір-бірінен кейін жылдам орындалып отыратын жүздеген көріністерден тұрады. Мысалы, 1 минутқа дейін созылатын бейнеклип 1000 әр түрлі көріністерден тұруы мүмкін 2-мегабайттық файлды максималды файл максималды жылдамдықпен жүктеу 10-20 минут уақыт алады.
Ал WWW-миллиондаған қолданушылары WWW 14,4, тіпті одан да аз жылдамдыққа ие модем пайдаланады. Бұл қолданушылар осындай үлкен файлдың жүктеуін күтетіні белгілі. Алайда кейде бейнеклиптер жұмсаған уақытпен күшке тұрады.
Компьютерде бейнеклиптерді көру үшін сәйкес аппараттық және бағдарламалық жабдықтау қажет. Бұл Windows-та жұмыс істейтін компьютерлер үшін экрандағы қозғалатын фильмдерді қарау үшін қажетті оперативті жады көлемі болу керектігін білдіреді. Сонымен қатар, бізге арнаулы бағдарлама қажет.
Гипермәтін қарапайым мәтіннен айырмашылғы гипермәтін көптеген гиперсілтемелер арқылы байланысқан мәтіннің бөлек-бөлек бөліктері. Төмендегі сызбада мәтін мен гипермәтін құрылымы көрсетілген.
Әрбір түйінде бір немесе бірнеше сілтемелер болуы мүмкін (кілттік сөз, алмасу нүктесі ерекшеленген графикалық элементтер түрінде) олардың көмегімен келесі түріне өтуге болады. Гипер мәтіннің ашық құрылымы келесі мінездемелерге ие бөліктерінің ақпаратты әртүрлі өлшемде бөліктер арасындағы гиперсілтемелер пайдалануға бір бөліктен екіншіге өтуге рұқсат береді. Жүйелік принцип сілтеме құрылымы ретінде жүреді. Гипермәтіннің барлық элементтерін пайдаланушыларға бір мезетте шығуға көмектеседі. Пайдаланушы қатарыннан динамикалық бақылау гипермәтінде қайда беру керектігін шешеді.
Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне енгізу.
Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
HTML тэгтері құжаттың жолдарын туралау, экран фоны мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік беретінін білеміз. Тэгтердің көмегімен мәтін ішіне әртүрлі суреттер енгізіп, олардың айналасына мәтін жазу, сондай-ақ парақтарды безендіруге болады. Сол себепті осы әрекеттерді орындай отырып, мазмұнды, әрі тартымды Web-құжаттарды құруға мүмкіндік бар.
Web - құжаттарды кәдімгі газет-журналдар сияқты оқитын болғандықтан, Web - жарияланымдар деп те атайды.
HTML тэгтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер де құруға арналған арнайы тобы бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз басқа Web - парақтардың желілік адресімен байланысқан мәтіннің немесе суреттік бейненің ерекшеленген бөлігі. (Әдетте гипермәтіндік сілтемелер астын сызу немесе басқа түспен ерекшеленеді).
Интерактивтіліктің үш түрі бар:
1). Реактивті интерактивтілікте оқушылар бағдарламада берілген тапсырмаларда ғана жауап береді. Оқушы еркін өзін қызықтырған тақырыпты аша алады бірақ мазмұнын өзгерте алмайды.мұндай тапсырма оқып жатқан материал бойынша демокстрация немесе бірінші таныстық болуы мүмкін.
2). Нақты интерактивтілік бағдарламаларды оқушылар басқарады. Олар белгіленген тапсырманы бағдарлама тәжірибесімен орындай ма,әлде өз беттерімен орындай ма,өздері шешеді. Берілген тапсырмалар типі гипермәтіндік белгі немесе электрондық анықтама құрылымын таңдайды.(Энцеклапедия берілгендер базасы). Сызықтық емес оқыту моделі пайдалануға өз бетімен оқуға мүмкіндік береді. Әр түрлі білім стратегиясымен қарулануға мүмкіндігі зор. Сызықтық емес оқу моделі қашықтықтан оқытуда тиімді.
3). Өзара интерактивтілік - оқушылар мен бағдарлама бір-бірімен оңай байланысады. Ол үлкен диапозонда бола тұра ақпарат мазмұнына әсер етуге мүмкіндік береді:
- тышқан тетігімен экрандағы объектілерді басқару;
- гиперсілтемелерді пайдаланып иеархиялық новигация жасау;
- анықтамалық, диалогтық функция;
- өте әсерлі, егер ақпаратты таныстыруға икемді болса;
- кері байланыс бағдарлама реакциясы пайдаланушының қимылына баға мен сапа беру , бұл реакция экранға шығады [3].
Электрондық сабақ- көлемі аз немесе практикалық пайдалану маңызына орай одан да кіші құрамды бөліктерге бөлуге келмейтін белгілі бір шағын тақырыпты оқытуға арналған қысқа компьютерлік бағдарлама [21].

1.2 Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы
Электрондық оқулықтың дамуындағы келесі баспалар оның мазмұнының дискретті фрагментерден динамикалық қалыптасуы. Оқулық фрагменттерін оқулық тармақтарының иерархиясына сәйкес бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезеңде бұл пайдаланушыға бірегей сұраныс жасау арқылы кез келген деңгейдегі оны қызықтырған тармақтағы мәтінді алуға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықты жетілдіру жолындағы тағы бір қадам материалды қарапайымдандыру немесе нақты бір тақырыпты оқытуға бағытталған модификацияларын жасауды айтуға болады. Бұл міндет модификацияға алдын - ала беріліп қойған фрагменттерін енгізу арқылы жүзеге асырылады. Ал ендігі ең маңызды қадам материалдардың баяндалу тәртібін ескеретін оқулық фрагменттері арасында ақпараттық байланыс құрылымын жасап, енгізу болып табылады. Әрине, бұларды ашып көрсету әзірлеушіден айтарлықтай уақыт шығынын талап еткенімен электрондық оқулықтың сапасы бұл жағдайларда бір деңгей жоғары тұрады. Бірден алынған құрылымын курсты әзірлеушіге материалдың баяндалу тәртібін бақылауға көмектеседі. Екіншіден оқулық тармақтары арасындағы ақпараттық байланыс құрылымын пайдалану арқасында пайдаланушының қажеттіліктеріне сай модификацияны автоматты қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде оқулықтарға келесі талаптар қойылады:
1. Таңдап алынған курс бойынша ақпарат жақсы құрылымданған және курстың жаңа ұғымдар саны шектеулі аяқталған фрагмент түрінде болу керек;
2. Әр фрагмант ақпаратты тек мәтін түрінде емес, сондай - ақ, аудио және видео түрінде ұсыну керек;
3. Мәтіндік ақпарат тірі дәрістің кейбір бөлігін қайталау мүмкін;
4. Күрделі модельдер мен құрылғылар бейнеленген иллюстрацияларда лездік түсіндірме болу керек. Ол иллюстрацияның жеке элемменттері бойынша (карта, жоспарлар, сызба-нұсқалар, бұйымды құрау сызулары, обьектіні басқару пульттері және т.б.). Курсорды қозғағанда синхронды түрде пайда болып немесе жоғалып отыруы тиіс.
5. Мәтіндік бөлім бөлімі қажетті ақпаратты іздестіруге кететін уақытты азайтуға мүмкіндік беретін көптеген түйіспелі сілтемелер және қуатты іздестіру орталығымен қатар жүру керек;
6. Кәдімгі баяндау кезінде түсіну қиын тармақтар видео ақпарат немесе анимациямен көмкерілуі қажет. Мұндай жағдайда дәстүрлі оқулықпен салыстырғанда пайдаланушының уақыт шығыны 5-10 есе азаяды;
7. Көп жағдайда негізгі, тіпті, оқулықтың мазмұнды бөлігі болып табылытын аудио ақпараттың болуы міндетті.
Оқулықтың теориялық бөлігі үшін жоғарыда айтылғанды былай түсінуге болады:
- барлық материал блоктарға, яғни тараулар мен тармақтарға жіктеледі;
- тармақтардың жалпы менюі басты бетпен шақырылуы мүмкін;
- әр нақты тармаққа тек сол меню арқылы ғана кіруге болады;
- тармақтарда өз кезегінде ондағы тақырыптарға жолдайтын өз менюі болуы керек;
- жекелеген нақты тақырыбы бар бетті тек тармақ менюінен ғана шақыруға болады;
- беттер арасында қозғалу тек оларды біріктіріп тармақ ішінде ғана жүзеге асады;
- оқулықтың әр түрлі беттері арасында түйіспелі навигация тек әдістемелік мақсатқа сәйкес ғана жүргізілуі тиіс (мысалы, анықтама алу үшін, немесе түсіндіріліп отырған материалға қосымша түсінік анықтама беру үшін).
Оқу материалын меңгеру процестерінде оқушылырдың ағымдағы, мысалы, терминология өлшемі бірліктер жөнінен анықтамалық ақпаратты шұғыл алатындай мүмкіндігі болатындығы абзал. Ол үшін белгілі жүйесі бар жекеленген беттер жасап қажетті белгіге оқулықтың кез келген бетінен гиперсілтеме арқылы ауысуды қамтамасыз ету керек. Алғашқы орынға қайтып келу бұл жағдайда браузерді басқару панеліндегі кері кнопкасы арқылы жүзеге асады. Оқушылардың тармақтарын жасау оларды құрылымның ауыстыру және өзгерту үшін арнайы бағдарламаның қамтамасыздандыру әзірленген [14].
Электрондық оқулықтың негізгі функциялары мен мүмкіндіктері:
- оқыту процесінің оптимизиясы мен модернизациясы;
- оқу материалын өз бетінше оқу мүмкіндігі;
- білім беру процесінің көп деңгейлігін вариациялығын, икемділігін, тұлғалық бағдарын қамтамасыз ету;
- оқушының әлеуметтік және кәсіби белсенділігі, матевация деңгейін көтеру;
- дүниетанымын кеңейту;
- танымдық және кәсіби әректтердің модельдерін қалыптастыру;
- оқулықты қашықтан оқыту және өздік жұмыс құралы ретінде қолдану.

1.3 Электронды оқулық мазмұнының толықтылығына қойылатын талаптар
1. Адаптивтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары қарым-қатынас жасау мәнерін, оқушының білім деңгейін және жұмыс істеу қабілетін ескерген жөн. Сонымен қатар оқушының білім деңгейінің жоғарлауына байланысты оқылатын мәселе қиындығының дәрежесінде көтеру керек.
2. Өзектілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары таңдап алынған пән бойынша жетімді формада ең соңғы ақпараттапрдың бар болуын қамтамасыз етуі.
3. Императивтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары білім берудің индуктивті және дедуктивті әдістерін іске асыру алгоритмінен және оқушыдан әр түрлі іс-әрекетті (жазу, сызу, және т.с.с) талап етектін сұрақ жауаптардан құрылуы қажет.
4. Қолданулығы. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары аудиторияның қажеттіліктерін және бар компьютерлер мүмкіндігін максимальды ескеру қажет.
5. Әдістемелігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқытудың тиімді әдістері болу қажет. Олар оқушының меңгергерілген оқу материалын қысқа есте сақтауда ұзақ мерзімге есте сақтауға жібері үшін жасалатын іс-әрекеттері.
6. Көпдеңгейлігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында көмек сыбыр сөздер және әдістемелік нұсқау деңгейлері өзгеріп отыру қаждет. Оқытудың бастапқы кезеңдерінде оның деңгейі жоғары, ал оқушының оқу материалын меңгерунің сәтті болуына байланысты бұл деңгей төмендетілуі керек.
7. Мотивация берушілігі.Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары оқуышының визуальды қызықтыратын ойындармен зертелінетін тапысрмалармен мәселелі есептермен жұмыс істеу әрекетін және бақылау жұмыстарын қадағалау іс-әркеттерін қолдау қажет.
8. Көркемділігі.Электронды оқулық тағайындалуның бдағдарламалық құралдарында оқу материалды есте сақтауға, қорытындылауға мүмкіндік беретін тиімді иллюстрациялар (суреттер, сызбалар, сызулар және басқа да визуальды объектілер) болуы керек.
9. Материалды ұсынудың ғылымилығы. Электронды оқулық тағайындалуның бағдарламалық құралдарында, оқу материалын ұсынуды ғылыми терминология (терминдердің анықтамалары) қолдану қажет.
10. Қайталанбайтындығы. Электронды оқулық тағайындалуның бағдарламалық құралдарында білім берудің алдыңғы деңгейіндегі өткен білімдер болмауы қажет.
11. Бітпейтіндігі. Электронды оқулық тағайындалуның бағдарламалық құралдарында оқушының көңілін аулайтын оқу мақсатқа жету үшін жол беретін, оқу материалы.
12. Сұқрақтардың дұрыс құрылуы. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында сұорақтар дұрыстығын таңдау үшін емес ең алдымен оқушының өз бетімен шешім қабылдау қабілеттілігін жетілдіру үшін қажет.
13. Біртектілігі. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдары оқу материалының біртектес бөлімін басқалардың білім деңгейінің төмендігі үшін ерекшелеу керектігі.
14. Оперативтілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары оқушылардың берген жауаптарының арасында қателіктер болуы мүмкіндігі және оны болдырмау үшін қажетті алдын-ала айтылатын сөздер.
15. Модульдігі.Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдарында материдар модульдерге немесе блоктарға бөліну қажет.
16. Түсініктілігі.Электронды оқулық тағайындалуының құралдарында оқу материалын ұсынуда тілдің лексикалық және синтаксистік жетімділігінің болуы.
17. Тізбектілігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында бір модуль ішіндегі жаңа оқу материалы алдыңғы оқу материалымен логикалық байланыс болу керек.
18. Қолданбалылығы. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралодары оқушыға негізгі түсініктемелерді ұсынғаннан кейін оны практикада қолданулылығын қаматассыз ету керек.
19. Сұрақтардың мазмұндылығы. Электронды оқулық тағайындауының бағдарламалық құралдарында ақпараттың мазмұнын түсінбейінше жауап қайтарылатын сұрақтар болмау керек.
20. Тест жауаптарының өтілген материалға сәйкес жасалынуы. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы барлық жауаптар (дұрыс және қателері) ұсынылған оқу материалына сәйкес жасалынуы қажет.
21. Толықтылығы. Электронда оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында ұсынылағн тақырып немесе пән бойынша оқушыда жалпы көрініс болатындығына қамтамассыз ету қажет.
22. Нақтылылығы. Электронда оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында жаңа ұғымдардың маңыздылығын түсіндірудің нақтылығы.
23. Тиімділігі. Электронды оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары бойынша білім беру процесі және әдістемелік мақсаттарға жетуі [21].

1.4 Тестке қойылатын талаптар
Тест өзін-өзі тексеру сұрақтары және сұрақтар өте жақсы ойластырылған және логикалық ойлануды қажет ететіндей жасалынуы қажет. Тест төмендегдей формалардың біріндей және олардың комбинациясы түрінде құрастырылуы тиіс.
oo жабық ұсынылған жиыннан оқушы бір не бірнеше дұрыс жауапты
таңдайды;
oo ашық, оқушы белгілі бір сандық немесе мәтіндік өрнек түрінде жауапты
енгізеді және өздігінше жауапты ойластырады;
oo сәйкестікке негізделген анықтауға негізделген. Тізімдегі элементтер
жиынынан оқушы дұрыс жауапты көрсетеді.
Тестік тапсырмаларға қойылатын талаптарға сай тестер білім, білік, дағдының шынай объективті бағасын алуға оқытудың жекеше қарқынын анықтауға сондай-ақ білікті маманды дайындаудағы проблемаларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір электронды оқулықтағы тестік тапсырмалар төмендегідей талаптарға сәйкес жасалуы тиіс:
1. өзін-өзі тексеру жүйесіндегі ең маңызды талап тестілік тапсырмалардың өте көп болуымен сипаталады. Бұл сұрақтардың жиынтығы өзінің мазмұны мен бүкіл кітап материалын қамтамасыз ету керек. Сонымен қатар бұл сұрақтар емтиханды тестілеу кезінде де қолданылуы да мүмкін.
2. сұрақтар оқушыға кез келген ретпен берілуі тиіс. Бұл оқушының ретпен дайындалған сұрақтардың механикалық есте сақтау мүмкіндігін жояды.
3. сұрақтар нөмерімен немесе кез келген символдық белгіленулерден басталмау керек. Оқушы әр кез сұрақты оқып, оның мағынасын түсіну керек немесе сұрақты оны берілу ретімен немесе ондағы белгіленген символ бойынша емес сұрақтың мазмұны бойынша есте сақтау қажет.
4. сұрақтардың мүмкін жауаптары да кез келген ретте берілу тиіс.
5. тестерге жауап беруге жұмсалаған уақыт белгілеу керек. Сонымен қатар бұл уақытқа шектеулер қойылу қажет. Уақытты белгілеу сыбыр сөзбен күресудің бір амалы: егер сұрақтар көп болса, онда олардың жауабын іздеуге немесе өте үлкен сыбыр сөз не бүтіндей қағазды кітап қажет. Бірақ жауапты осылай іздеуге өте көп уақыт кетеді және уақыт бойынша жалпы нәтиже керісінше болуы мүмкін. Өзін-өзі тексеруде жақсы нәтижеге жету үшін сұрақтардың жауабы дұрыс қана емес, сонымен қатар жылдам беруде қажет. Сұраққа жауап беру үшін тәжірбие көрсеткендей орташа жеткілікті уақыт 1 минут.
6. сөз бір кітап ішіндегі тестілік жүйесі туралы болып жатқан жоқ, әрбір тақырыпты өткеннен кейін оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруге мүмкіндік беретіндей сұрақтардың барлық жиынтығын тақырып бойынша реттеу емтиханды немесе сынақ жүйесін тұрғызу кезінде аса қажет. Ол кітаптың барлық тақырыптары бойынша сұрақтардың өзін-өзі тексеру жүйесіндегі бар сұрақтармен салыстығанда өте аз мөлшерін қолдануға мүмкіндік береді.
7. тестік жүйеде оқушыға әрбір сұрақ бойынша жауап дұрыстығының деігейінің бағсы кіргізілуі қажет. Бұл талап ылғида оқушылардың наразылығын тудыруда. Олардың пайымдауынша компьютер баға қоймау керек. Машина адам білімінің деңгейін анықтау мүмкін емес және т.с.с.
8. компьютерде тест қолдануда қарапайым болу керек. Экрандағы сұрақтар дизайнермен көрікті түрде істеліну керек. Кез келген жағдайда экранда басқару нүктелері болу керек және сыбыр сөз инструциясы экранда ылғида оларды сұрақтарды көрсетпей тұрып алмай оқушының әрекеті бойынша оған қажет уақытта көрсетілу қажет.
9. тестілік сұрақтар және олардың жауаптарының нұсқаулары бойынша мазмұны түсінікті болу керек жіне бұл қажет тілік өзін- өзі тексеру жүйесінің құраушыларымен ғана емес, сонымен қатар кітаптың мазмұнды бөлімімен және тестік сұрақтарға байланысты болу керек [2].

1.5 Электронды оқулықты көрнекілеуге қойылатын талаптар
Электронды оқулық меңгеруді жеңілдету мақсатында оқу материалын эстетикалық және қолайлы ұсынатындай етіп, өңделу керек. Электронды оқулықтың ақпараттық тығыздығын арттыру үшін мәтін ақпаратын арнайы дидактикалық құралдармен бөліп көрсетуге болады (астын сызу, дыбыстық эффектілер, анимация, түсін өзгерту).
Дисплей экранында орналасқан мәтінді қабылдау процесіне көптеген факторлар әсер етеді:
oo мәтіндік зона ені;
oo мәтінді тегістеу тәсілі;
oo оның экран бетіндегі орналасуы;
oo қаріп өлшемпі, таңбасы;
Техникалық шектеулермен дисплей экранына байланысты мәтінге мынандай талап қойылады:
oo мәтіндік зона ені 540х570 пиксель аралығында болу керек;
oo мәтіндік зона көлденңінен орналасу керек;
oo қаріп өлшемі 12 кем болмауы керек.
Қаріптің түрі өлшемі сияқты мәтіндік сипаттамалар электронды оқулықта берілген ақпараттың оқылу дәрежесіне айтарлықтай әсер ету үлкен топқа қарастыруға болады:
oo Times New Roman (көлбеу қаріпі) типті қаріптер жатады.
oo Arial (көлбеусіз) қаріптер жатады.
Психологтардың пікірінше көлбеу Times New Roman типті қаріптер жеңіл оқылады. Қаріптер туралы жоғарыда айтылғандардың мәтіндік режимде терілетін математикалық немесе басқа формулаларға қатысы жоқ. Web - парақтар жасау кезінде 4 түс қолдану жағымды әсер ететіндігі дәлелдеп отыр. Яғни, оқулықтың Web-дизайнын ойластырмас бұрын алдымен түс гаммасын анықтап алған жөн. Электронды оқулық түстері ақпаратты жалықпай жақсы қабылдауын қамтамасыз етіп, материалдың эстетикалық тұрғыдан кез келген және жеңіл меңгерілуіне септілігін тигізу керек. Қою фонында ашық түсті мәтінді қолдану тек мәтін ашық түспен жазылса ғана дұрыс нәтиже береді. Ол үшін мәтін жуан қаріппен жазылуы тиіс. Мәтіндік ақпараттар көп парақтар фоны ақ болуы тиіс. Ал қазал қаріп тек мәтін атауларын ең маңызды ақпаратты бөліп көрсету үшін ғана қолданылады [13].

1.6 Электронды оқулықты әзірлеушіге қойылатын талаптар
Әзірлеуші өтуге тиіс оқу бағдарламасын толық өзі білуі тиіс және бағдарламаны оқушы тсұранысымен оқытудың арнайы міндеттерімен келістіріп, әзірленетін электронды оқулық көмегімен жеткізгісі келетін оқу мақсатын дәл анықтауы керек. Электронды оқулық әзірлеуші электронды оқулық жасау жобасы сайысының нәтижесі негізінде электронды оқулықты жасау және қолдану класындағы басты мамандардан тұратын авторлық топты жасақтайды. Электронды оқулықты әзірлеуші жеке немесе заңды тұлға болуа мүмкін. Авторлық топ құрамына ғылыми жетекші пән мамандары бағдарламашылар дизайнер және т.б. кіреді [18].
Дизайнды - эрганомикалық талаптар:
1. Ақпараттық тығыздық - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқылатын материалды ерекшеліктерінің арнайы дидактикалық құралдарының болуы.
2. Бейнематериалдардың қажеттілігі - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы бейнематериалдар курс материалдарын меңгеру үшін қажет оқу курсы бойынша дәріс сабақтарынан кәсіптік процестердің демонстрациялануынан құрылуы қажет.
3. Аудиоматериалдардың шектеулігі - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында аудиоматериалдар көлемі, саны шектеулі болуы керек. Себебі, дыбыстық ақпаратты алуында желідегі компьютерлер арасындағы байланыс құралдарының жылдамдығы болып табылады.
4. Графикалық обьектілердің орналасуы - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында графикалық обьектілердің көлемі, саны минималды болуы, ал олардың өлшемдері үлкен болмауы қажет. Себебі, графикалық обьектілер жадыда көп орын алады және олардыңжүктелуі де біршама уақытты талап етеді.
5. Мәтінді бағдарламалы оқытылуы - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында мәтін қәріптің, әріптің кодтауы стандартын қолдану қажет.
6. Түсті ассоциациялардың тұрақтылығы - электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында түстің түрлері тұрақты және түсті спектрге сәйкес болуы қажет.
1.7 Электрондық оқулықтың материалдық - техникалық базаға қойылатын талаптар
Жекелеген HTML файлдардың жалпы өлшемі 50 кбайттан аспауы керек. Мұны интернетпен жұмыс істеу тәжірибесі дәлелдеп отыр. Өлшемі үлкен файл ұзақ жүктеліп, оқушылардың жұмысын күрделендіреді. Сонымен қатар аппараттық қамтамасыздандыру өте маңызды мәселе, электрондық оқулықты әзірлеу және сынақтан өткізетін авторлық ұжымның аппараттық қамсыздандыру компьютерде принтерлерден, ксерокс, сканер, сандық фотоаппарат, сандық видеокамерадан тұруы керек. Бұл айтылғандар төмендегідей қорытынды шығаруға болады:
1. Оқулық гиперсілтеменің жалпы навигация жүйесімен біріктірілген өлшемі шағын файлдар жинағынан құрылуы қажет.
2. HTML файлдарының графикамен қоса алғандағы өлшемі 50 Кбайттан аспауы керек.
3. Электрондық оқулықтың түс палитрасы 250 түстен аспауы керек.
4. Компьютердің такт жиілігі 600 МГерцтен жоғары процессорлармен, 64 МБайттан кем емес жүйелі есте сақтайтын құрылғысы, 10 Гбайттан кем емес қатқыл дискіден жабдықталуы керек. Монитордың жұмыс қабілеті 600-800 dpi, түс палитрасы 16 биттен кем емес, жаңарту жиілігі 85 Герцтен кем емес болуы қажет.
5. Қара, ақ принтердің басу жылдамдығы минутына 12 А4 парағынан кем емес, түсті басылым үшін қабілеті А4 парағы үшін 300 dpi-дан кем емес болуы керек.
6. Ксерокстың басу жылдамдығы минутына 30 dpi-дан кем болмауы керек.
7. Сканердің жұмыс қабілеті 30 dpi-ден кем болмауы керек.
8. Internet Exploler бағдарламасының 5 төмен емес версиясының болуы шарт.
1.8 Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдардың қасиеттер көрсеткіші мен топты анықтау үшін қажетті техникалық талаптар төмендегі кестеде көрсетілген.Кесте 1.

Топ атауы және қасиет көрсеткіші

Түсіндірмелер
1

1.1

1.2

1.3

1.4
Беріктілік көрсеткіштері

Мақсатқа сәйкестігі

Қорғаныштылығы

Жұмыс жасаулылығы

Келістірілетіндігі
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарының көрсетілген мақсаттары мен берілген файлдарды әртүрлі шарттарда орындау қабілетінің функционал-дық сәйкестіктерін сипаттайды.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары техникалық тапсырманың файлды талаптарына және көрсетілген мақсаттаға сәйкес болуы.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарының оқу материалдарына санкционнивті емес жету жолдарын жою мүмкін.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары берілген жұмыс тәртібінде дестабилизациялайтын әсердің жоқ болуы кезінде функционалды болуы.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары және құжаттар бірдей обьектілер, функциялар, анықтамалар және т.с.с. үшін біртектес, бір - біріне қайшы келмейтін мағыналардын тұрады.
2

2.1

2.2
Тиімді көрсеткіштері

Жылдамдығы

Тиімділігі
Оқушылардың оқылатын ақпаратын экономикалық, уақытша және жүйенің басқа ресурстарын еске алумен байланысты талаптарын қанағаттандыру дәрежесін сипаттайды.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін іс - әрекетті уақыт интервалында орындайтын мүмкіндіктерінің болуы.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары жүйенің минималды ресурстарында жұмыс істеу мүмкіндігінің болуы.
3

3.1

3.2

3.3

3.4

3.5
Технологиялық көрсеткіштері

Мобильділі

Өзгергіштігі

Модульдігі

Қайталанушылығы

Құрылымдылығы
Құжаттарда және электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құрал-дарында қателердің жоюдың қарапайым-дылығын қамтамасыз ететін техникалық аспектілерді сипаттайды.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында эксплотация мүмкіндіктерінің жергілікті секілді айтарлықтай қосымша қаржыны қажет етпейтін желілік режимде болуы.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламасына қажет қосымшалар және өзгертулер енгізудің қарапайымдылығын қамтамасыз ету.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарының жинақтауыш құрамында немесе өз бетінше қолданылатын барлық компоненттер болуы міндетті
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында типтік жоба шешімдері немесе компоненттері қолданылуы мүмкін.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары бір-бірімен байланыс файлдарды орындайтын және өз бетімен немесе жинақтауыш құрамында қолданылатын жинақтардан тұруы қажет.
4

4.1

4.2

4.3

4.4

4.5
Қолайлылық көрсеткіштері

Иілгіштігі

Құжаттың жетімділігі

Меңгерулілігі

Құжаттың толықтығы

Орнатқыштығы

Тез меңгерілетін және оқушылардың квалификациясы мен білім беру сипатын еске алумен минималды еңбек етумен электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарының қасиетін сипаттайды.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары оларды әртүрлі деңгейлер мен білім берудің формаларында қолдануға мүмкіндік беруі
Оқушымен өзарабайланысқа қажет электрон-дық оқулық тағайындалуының бағдар-ламалық құралдарындағы құжаттар түсінікті қайшы келмейтін және толық болуы қажет.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы толық және бөлек бөлімдерін функцияларынан логикасын түсінуге себепші болатын түрде көрсету керек.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары құжаттарында барлық фазалардың өмірлік циклдерінің толық түсіндірмелері болуы міндетті.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары қосымша бағдарламалық құралдарды соның ішінде ұлттық қаріптерді қажет етпейтін орнату шылық қарапайым мүмкіншіліктерінің бар болуы.
5

5.1

5.2

5.3

5.4

5.5

5.6

5.7
Интерфейс көрсеткіштері

Гиперсілтемелер

Байланыстылығы

Интерактивтілігі

Навигациялылығы

Контент

Достастығы

Қосымша
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары мен тұтынушылар арасындағы өзара байланыстардың құралдарының әдістерін және формасын сипаттайды.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқушығы қажет емес нұсқаулардан және артық қайталанулардан арылуға мүмкіндік беретін гипермәтінді сілтеменің болуы міндетті.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында меңгерген білімдерімен білім берудің жаңа сатысындағы ұсынатын білім арасында байланыс орна-татын құрылымның болуының қажеттілігі.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары білім берудің мақсатына жету үшін оқушы мен компоненттердің өзара байланыстарының мүмкіндігін көрсетуі тиіс.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында қайталау үшін қажет бағдарламаның гипермәтінді беттерін алдыға немесе кері айналдыруға мүмкіндік болуы.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары барлық оқу құралдарының көлемі немесе құрылымын анықталған негізгі формаларының құрылуы қажет.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдары мен қарым-қатынас оқу материалын қарапайым тілінде және жұмыстың тоқталуын болдырмау үшін арнайы құралдарын тұруы қажет.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқушының анықталған сұрақтары бойынша білінетін толықтығына мүмкіндік беретін нұсқауларының болуы.
6

6.1

6.2

6.3
Автоматтау көрсеткіштері

Білім беруді автомат-тандыру

Аралық бақылауды авто-маттандыру

Тестілеуді автоматтан-дыру
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарының функция-ларының құрылымын оқушылардың онымен өзара байланысу көзқарасын еске алумен қоса білім беру процестерінің әртүрлі функционалық автоматтандыру деңгейі.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында білім беру процесі автоматтандырылған болуы қажет.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында аралық бақылау процесі автоматтандырылған болуы қажет.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарында оқу пәні бойынша кешенді тестілеу процесі автоматтандырылған болуы қажет.
7

7.1

7.2
Стандартты көрсеткіштері

Құжат қағаздарының дұрыстығы

Хаттаудың дұрыстығы
Халықаралық немесе ұлттық стандартқа сәйкестігінің деңгейін сипаттайды.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарындағы құжаттар мемлекеттік стандарқа бірыңғай жүйесі бойынша сәйкестіктің бар болуы.
Электрондық оқулық тағайындалуының бағдарламалық құралдарын хаттау мемлекеттік стандартқа мазмұнына және хатауына қойылатын талаптарға сәйкес жасалуының міндеттілігі.
Кесте 1. Топ атауы және қасиет көрсеткіші

1.8 Электрондық оқулықпен жұмыс істеу тәртіптері
Дәріс кезінде жұмыс істеу тәртібі:
Электрондық оқулықпен дәріс жүргізуде және оны дайындауда демеуді қамтамасыз ететін бағдарлама сәйкес материалды түсінікті және көрнекті баянадауға көмектеседі. Бұдан басқа дәрістік материалдарды дайындау презентациясында дәрісті студенттерге тарату үшін таза күйінде немесе мұғалімнің толықтыруымен пайдаланатын тарату материалдарын басуға арналған үлгісі болуы керек. Материалды автоматты түрде ұсыну тәртібін жеке қарастыруға болады. Мұнда бағдарлама толығымен лекторды ауыстыра алады және оқушылар мазмұндаманы ғана тоқтата алады немесе қажетті фрагментті қайталайды.
Семинар және ағымдағы тестілеу кезінде жұмыс істеу тәртібі:
Компьютерлік технологияның мүмкіндіктері оларды семинар сабақтарында қосымша пайдалануға болады. Әр оқушының жеке жұмысы бағдарламамен бақыланады, ал статистикалық ақпараттар мұғалімде жиналады. Электрондық оқулықтар қосымша құрал болып табылады. Олар мұғалімдерді ауыстырмайды тек қана толықтырады. Осы арқылы мұғалім оқушының шынайы уақыттағы үлгерім мониторингінің құралын алады. Тапсырманың орындалу статистикасы мұғалім экранында жиналады, бұл оқушының тапсырманы орындау жылдамдығының ерекшелігін ескеруге мүмкіндік береді. Компьютерді семинарлық сабақта қолдану тест жүргізуді, оқушының үлгерімі жөнінде ақпаратты жинау мен талдауды біршама жеңілдетеді. Сонымен қоса бағалаудың тармақталған жүйесін қолдануда маңызды болуы мүмкін. Мұнда бірнеше тақырыпқа қатысты тақырыптар әр түрлі бөлімдерге қойылатын бағалар санына сәйкес бағаланады, осы арқылы мұғалім оқушының үлгерімі туралы, материалдардың меңгерілуі туралы толық мәлімет ала алады [18].
Қорытынды тестілеу және емтихан кезіде жұмыс істеу тәртібі:
Өтілген курс бойынша сынақ Электрондық оқулықты қолдана отырып жүргізіледі. Бағдарламамен қамтамасыз ету мамандары оқушылар үлгерімі мәліметтер базасын және тіркеу жүйесін бұзудан қорғауға ерекше назар аудару қажет. Компьютерлік бағдарламаларды мұғалім көмекші ретінде қолдануда тиісті пайдаланған жағдайда топтық сабақты біртіндеп жекешеге айналдыруға мүмкіндік береді. Шынайы уақыт тәртібінде компьютерлер үлкен көлемдегі ақпараттарды жинап, өңдеуге мүмкіндік береді. Компьютермен орындалған алдын-ала талдау мұғалімдерге оқушылардың қайсысының қате жіберіп алғандығын толық түсінбегендігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электронды оқулықтарды құру технологиясы
Электронды оқулықты пайдалану
Электронды оқулықты пайдалану. Электронды оқулық құрудың жолдары туралы
Қазақ этнопедагогикасы пәнінің электронды оқулығын дайындау жайында
«Қан түзуші жүйе» пәні бойынша электронды оқулық дайындау
Электрондық оқыту құралдарын жасау және білім беру жүйесінде пайдалану
Электронды оқулық, ерекшелiктерi және оның оқыту үрдiсiне тигiзетiн пайдасы
Электронды оқулық құрылымы
«Ақпараттық менеджмент және сапалы басқару» пәні бойынша электронды-әдістемелік құралды құрастыру
Оқу курсын құру технологиясы
Пәндер