Деретер қорын пайдаланушылары


Жоспары

  1. Кіріспе
  2. Деретер қорын пайдаланушылары
  3. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе.

Пәнді оқытудың мақсаты деректер базасының (ДБ) теориялық негіздерін, деректерге қолданатын операцияларды, оларды өңдеуді және іздеуді ұйымдастыру әдістерін, сонымен қатар суреттейтін тіл құралдары және қимылға келтіру деректердің негізгі модельдерінің принциптерін құру және олардың қазіргі кездегі деректер базасын басқару жүйесінде(ДББЖ) қолдануды үйрену болып табылады

Курсты оқу нәтижесінде: деректер базасы жүйелерін құру принцинтерін, деректерді үхыну модельдерін, оларға қолданатын негізгі операцияларды, деректер базасын жобалау негіздерін білу керек; нақты нысан аймағында ақпараттык модельді жобалау, деректер базасын өңдеу үшін қазіргі кездігі ДББЖ-ны қолдану, лі модельдер көмегімен деректерді көрсетіп жұмыс істей алу керек; ДБ-сын практикалық жобалау және әр түрлі нысан аймақтарында түрлі ақпараттық платформаларда қазіргі кездегі ДББЖ қолданылған ақпараттық қосымшыларды құру дағдысы болуы керек

Ақпарат деп белгiлi бiр нәрсе (адам, жануар, зат) туралы таңбалар мен сигналдар түрiнде берiлетiн мағлұматтарды айтамыз. Кез келген ұйымның тиiмдi қызмет ете алуын қамтамасыздындыратын негiзгi жағдайдың бiрi - ол ақпараттық жүйенiң бар болуы.

Ақпараттық жүйе (АЖ) - қойылған мақсатқа жету жолында ақпаратты сақтау, өңдеу және басқаларға беру үшін пайдаланатын құралдардың, әдістердің және адамдардың өзара байланысты жиыны.

Автоматтандырылған ақпараттық жүйе (ААЖ) -ақпаратты жинауға, сақтауға, іздеуге және сұраным бойынша талап етушіге жеткізуге арналған программалық және техникалық құралдар кешені.

Ақпараттық жүйенi құру процесi келесi кезеңдердi енгiзедi: МҚ жобалау, МҚ жобасының файлын құру, МҚ құру, қосымша мәзiрiн құру, сұраныстарды құру, форма, есеп берудi құру, орындалатын программа ретiнде қосымшаны генерациялау.

Ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне байланысты қолмен, автоматикалық және автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп анықталады.

Ақпаратты қолдану сипаты бойынша ақпараттық-іздеуші жүйелері, ақпараттық-шешуші жүйелер деп топтастырылады. Олардың ішінен екі класты бөлуге болады: басқаратын және кеңес беретін.

Қолдану саласы бойынша ұйымдастырушылық басқарудағы АЖ, технологиялық процестерді (ТП) басқарудың АЖ, автоматтандырылған жобалаудың АЖ, интеграцияланған (корпоративті) АЖ деп топтастырылады.

ААЖ-нiң ақпараттық қамтамасы (information support) - ақпаратты кодтау және топтастырудың бiркелкi жүйесi, көпкөлемдi қолданылатын ақпарат пен құжатты жүйелендiру жиынтығы. Пән саласы деп пайдаланушылардың көзқарасы бойынша ақпараттық жүйеде сақталынып, өңделiнетiн қоршаған әлемдегi объектi, процесс, және құбылыс туралы ақпаратты айтамыз.

Мәліметтерді бiр орталықтан жинау, сақтау, керегiн iздеп табу, жаңарту және шығару үшiн керек программалық тiлтанулық және техникалық құралдар мен мәліметтер жиынтығын мәліметтер банкiсi деп атаймыз.

Қарастырылып отырған технология негiзiнде ААЖ ақпараттық қамтаманың мiндеттерiнiң қажеттiлiк және қиындық деңгейi МҚ-на бiрнеше негiзгi талаптарды анықтайды:

  • пән саласына ақпараттың тепе-тендiгiн;
  • тезәрекеттестiлiгi мен өнiмдiлiгiн;
  • қарапайым және оңай қолдануы;
  • көпшiлiк қолдануы;
  • ақпаратты қорғау;
  • шешiлетiн есептер ортасын кеңейту мүмкiндiгi.

Әрбір қосымшаның монополды файлдарын қамтамасыздандыруымен салыстырғанда мәліметтер банкісіндегі мәліметтермен ортақтастырылған басқарудың бірнеше артықшылықтары бар:

  • сақталған мәліметтердiң артығын қысқарту;
  • сақталған мәліметтердiң қарама-қайшылықтарын алып тастау;
  • мәліметтердi көпаспектiлiк қолдану (алғашқы рет енгiзген кезде) ;
  • комплекстi тиiмдiлеу (түрлі типті, сонын ішінде қарама-қайшы да болып келетін талаптарды «бүтіндей» қанағаттандыру көзқарасы жағынан) ;
  • үлгiқалыптың (стандартизациялау) мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету;
  • мәліметтерге рұқсатты қатынас құру мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету және т. б.
  • Деректерге рұқсатты қатынас құру мүмкiншiлiгiн қамтамасыз ету және т. б.

Сур. 1 ДБ негiзгi компоненттерi:

ЕЖ - есептеуiш жүйесi, ТҚ- техникалық құралдар, ЖПҚ- жалпы программалық қамтамасы, БД - деректер базасы; ДҚБЖ- ДҚбасқару жүйесi БД; ДБӘ - деректер базасының әкiмшiлiгi, және қызметшiлер мен деректер сөздiгi

ДБ негiзгi құрамдас бөлiктерiне тоқталайық.

Дектер сөздiгi - нақты деректер банксiнiң барлық қорлары туралы ақпаратты бiркелкi және ортақтастырылып сақтау үшiн керек.

  • Объект туралы, берiлген ПҚ үшiн олардың қатынасы мен қасиеттерi;
  • ДБ сақталынатын деректер (атауы, мағыналық сипаттауы, құрлымы, байланысы ж„не т. с. с) ;
  • Деректердi ұсынылу мәндердiң мүмкiншiлiгi мен форматы ;
  • Деректердiң пайда болу көздерi;
  • қорғау кодтары мен деректерге пайдаланушылардың қатынас құруын шектеу

Мәліметтер қоры -бiр-бiрiмен байланысқан мәлiметтердi, объектiлердi және МҚБЖ баптау параметрлерiн сақтайтын файлдар.

Мәліметтер қорын басқару жүйелерi (МҚБЖ) - мәліметтер қорымен жұмыс iстеуге арналған, оны басқару мен түрлендiрудi жүзеге асыратын программалар тобы.

Қолданбалы программалар мәліметтер банксiнiң құрамында берiлген форма бойынша шығыс құжаттарды қалыптасуын және есептеуiн, мәліметтердi өндеу үшiн қажет.

Деретер қорын пайдаланушылар

Физикалық жобалаудың логикалық жобалаудан айырмашылығы әрқашанда нақты ДББЖ үшін ДБ өңдеуге бағытталған. Сондықтан, физикалық жобалау процесінің алғашқы қадамы мақсатты ДББЖ-н таңдау болады. Процестің келесі қадамдары, онда қолданатын SQL диалектісі мен қабылданған ережелер мен келісімдерден, таңдап алынған ДББЖ мүмкіншілігіне байланысты болады.

Мақсатты ДББЖ ретінде MS SQL Server 2000 қарастырайық. ERWin ортасында физикалық үлгіге көшу үшін сөйлемдер тақта тізімінен “Phisical” мәнін таңдау керек. ERWin автоматы түрде физикалық - логикалық үлгінің бастапқы өзгертулерін орындайды. Енді осы өзгертулерге қандай әрекеттер кіреді екенін қарастырайық:

  • Мәннің атын өзгерту. Физикалық үлгіле мәндерге ДБ кестесі сәйкес келеді. Логикалық үлгі құрған кезде мәндерге кез-келген ат бере алатынбыз. Бірақ физикалық үлгі деңгейінде кесте аттары мақсатты ДББЖ-де атаулар ережесіне бағыну керек. MS SQL Server 2000-да кесте аттары әріптер, сандар және сызу символдарынан қамтуы мүмкін және ең бірінші символы әріп болу керек. Әріптер латын, сондай-ақ орыс болу мүмкін, бірақ та тек латын әріптерін қолдануды ұсынады. Бұл ұсыныс кейбір жағдайда орыс әріптерімен жазылған аттары бар кестенің қате өңдеуімен байланысты.
  • Атрибуттардың атын өзгерту. Физикалық деңгейде атрибуттарға кесте бағанасы сәйкес келеді. MS SQL Server 2000-да бағана аттарына кесте аттарына сияқты ережелер қолданады.
  • ”Көптен -көпке” байланыс түрін шешу. Егер логикалық жобалау процесінде кейбір мәндер бір бірімен берілген тип байланысымен байланысқан болса, ERWin автоматты түрде оны теңестірілген байланыстарға өзгертеді. Бұл кезде “көптен - көп байланысына қатысатын екі қатынас ата - аналық ролінде ойнайды, ал еншілес ата-аналық қатынастардың алғашқы кілттер құрамына енетін атрибуттардан тұратын жаңа қатынас болады. Басқа атрибуттар онда болмайды. ДБ теориясында мұндай қатынастар байланысқан деп аталады. Физикалық деңгейде қарастырылып отырған мәндер өзара тура байланыспайды, олар автоматты генерацияланған байланысқан қатынас арқылы байланысады.

MS SQL Server 2000 қандай деректер типтері мен шектеулерді қолдануға болатынын қарастырайық.

Символдарды, жолдарды сақтау үшін деректер типі:

  • Char (n), мұнда n - натурал саны. Белгіленген өлшемімен (n символдар) символдық жолды сақтайды. 8кб мәтінге дейін сақтауға мүмкіндік береді.
  • Varchar (n) - ұзындығы n символдан аспайтын айнымалы жолын сақтау үшін қолданылады. Ол да 8 кб мәтін сақтайды.
  • Text - үлкен көлемдегі мәтінді сақтау үшін қолданылады.
  • nChar(n), nVarchar (n), nText - Unicode форматында мәтінді сақтау үшін арналған деректер типі.

Сандық деректер типі:

  • tinyint - бүтін сандар [0, 255. 1 байт беріледі;
  • smallint - бүтін сандар [-32768, 32767] . 2 байт орын беріледі;
  • int - бүтін сандар [-2147483648, 2147483647] . 4 байт беріледі;
  • bigint - бүтін сандар. 8 байт беріледі;
  • real - жылжымалы үтірімен сандар[-3. 4 E38, 3. 4 E38] ;
  • float - жылжымалы үтірімен сандар [-1. 79E308, 1. 79 E308] ;
  • decimal (n, m) -белгіленген үтірмен сандар.
  • smallmoney және money - ақшалық соммаларды сақтау үшін қолданылады.
Күн және уақыт типтері
  • smallDateTime - күн және уақыт мәндерін сақтайды. 01. 01. 1990 - 06. 06. 2079. аралығындағы күндерді қолдануға болады. 4 байт орын алады;
  • DateTime - күн және уақыт мәндерін сақтайды. 01. 01. 1753 - 31. 12. . аралығындағы күндерді қолдануға болады. 8 байт.

Деректер типі бағанада қандай түрдегі ақпарат сақталынатын анықтауға мүмкіндік береді. MS SQL Server 2000-да шектеулер деген жолдар өрісіндегі сақталған мәндерді бақылауға алатын механизм. Шектеулер мынаған бөлінеді:

  • бағана деңгейіндегі шектеулер;
  • кесте деңгейіндегі шектеулер;

Бағана деңгейіндегі шектеулер - нақты бағана өрісінде сақталынатын мәндерді бақылауға мүмкіндік береді.

  • NULL - бос (анықталмаған) мәндерді сақтауға рұқсат етеді.
  • NOT NULL - анықталмаған мәндерді сақтауға рұқсат етпейді.
  • DEFAULT - үнсіз келісім бойынша мәнді беруге мүмкіндік береді. Егер өріске ешқандай мән енгізілмесе, онда үнсіз келісім бойынша мән қойылады.
  • UNIQUE - бағана өрісінде қайталанатын мәндердін жоқ болуын қамтамасыз етеді.
  • PRIMARY KEY -алғашқы кілтті анықтайды.
  • CHECK (logical_expression) - шектеу логикалық шартты (logical_expression) ұсынады, оны орындау кезінде өріске мән қоюға рұқсат етіледі.

Кесте деңгейіндегі шектеулер - егер барлық кестеге таратылатын шектеулер беру керек болса қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтердің ақпараттық модельдері: фактографиялық, реляциялық, иерархиялық, желілік.
Мәліметтер қоры (Ms Access)
Кітапханаға келушілерді электронды журналға тіркеп отыратын арнайы бағдарламалық кешенін жасау
Деректер қорын құру құралдары
Деректер қорын логикалық модельдеу
Клиент - сервер
Мәліметтер қоры және мәліметтер қорын басқару жүйелері
Деректер қорының моделі
Жылжымалы мүлікті бағалау программасын жасақтау
БРИТАН КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИЗАЙНЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz